Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында» романындағы монолог пен портреттің көркемдік қызметі
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғ.Мүсіреповтің сырбаз суреткерлігі
2.1. Дәуір үні . суреткер сыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.17
2.2. «Жат қолында» романындағы портрет пен монологтың көркемдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.40
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41.42
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43.44

Қазақ әдебиетіндегі «алыптар тобы» санатындағы қаламгерлердің бірі Ғ.Мүсірепов – өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Ғ.Мүсірепов қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Мүсірепов қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.
Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығы қазақ әдебиеттануында кең тұрғыда қарастырылғанын айтуымыз керек. Қ.Құттыбаев, М.Бекбергенов, Ж.Молдағалиев, А.Оспанов жазушы прозасын арнайы нысана етсе, Н.Ғабдуллин қаламгер драматургиясын талдады. Х.Әдібаев көлемді монографиялық еңбек жазса, С.Әшімханова жазушының шығармашылығы жайлы орыс тілінде докторлық диссертация қорғады. Монографиялық очерк авторлары А.Нұрқатов, Т.Ахтанов, С.Сейітов, С.Жұмабеков суреткердің шығармашылық тұлғасын оқушы қауымға тұтас таныстыру мақсатын орындап шыққан.
Бұдан басқа қазақ прозасы, қазақ романдары туралы жазылған М.Қаратаев, Т.Нұртазин, М.Базарбаев, Р.Бердібай, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали, М.Атым, Б,Майтанов, Ж.Дәдебаев, А.Тұрбеков, Б.Шалабаев еңбектерінде Ғ.Мүсірепов романдары, прозасы әдеби даму арқауында сөз болады.
Осы орайда белгілі ғалым М.Серғалиевтің мына сөзін келтіруді жөн көрдік: «Ғ.Мүсіреповтің көркемдік мектебінен өтпеген кейінгі буын өкілдері кемде-кем. Оның прозасынан, драмалық шығармаларынан үзінді оқыған артистер немесе көркем өнерпаздар жазушының сұлу сөздеріне, адам мінезі мен қылығын дәл бейнелейтін сөз орамдарына өздері де сүйсініп, өзгелерді де таңдандырып отырады» [2,3].
Ал заңғар жазушының драматургия саласындағы ерен еңбегін бағалаушы аса көрнекті ғалым Н.Ғабдуллин былай дейді: «Ғабит аға сөз өнеріне келгенде, өзіне де, өзгеге де қатал талаппен қарайтын талғампаз жазушы. Шығарманы жазардан бұрын, оның бүкіл жүйесін, оқиғалар желісін, образдардың даму жолын – бәрін асықпай ұзақ ойланады. Бұл ойлануы бірнеше күн емес, тіпті, бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Бірақ ойлануы ұзақ болғанмен, тез жазады... Шығарманы қаламмен емес, кәдуілгі қара қарындашпен жазады. Өзіне ұнамаған сөйлемді, сөзді сызып тастап, үстінен түзетпейді, өшіргішпен ұқыптап өшіреді. Сондықтан шығарма жазған қағазының беттері , ешқандай қол тимеген, түзеу жасалмаған сияқтанып, тап-таза боп тұрады» [4,4].
Жұмыстың өзектілігі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы сан алуан, әр жанрда. Жазушы сөз қолдану, сөз саптау ерекшелігі, шығарма сюжетін шебер үйлестіре, жымдастыра білуі – «Жат қолында» романындағы адам болмыс-бітімін суреттеу пен кейіпкердің ішкі сезім тебіренісін беру құралдарын көркемдік тұрғысынан талдау, сараптау жұмыстың өзектілігі болып табылады.

1. Мүсірепов Ғ. Жат қолында. Роман. – Алматы: Жазушы, 1984.– 464 б.
2. Серғалиев М. Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті. Зерттеу. – Астана: 2003. – 112 б.
3. Ысмағұлов Ж. Ғ.Мүсірепов туралы тоғыз толғам. – Алматы: ЖШС «Қазақстан», – 2002. – 208 б.
4. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург: монография. – Алматы: Өнер, 1982. – 192 б.
5. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы, 1996, 320 б.
6. Ибраева А. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман-дилогиясының шығармашылық тарихы. ф.ғ.к. дәреж алу үшін жазылған диссер. автореф. – Алматы, 2003. – 25 б.
7. Жұмабек С. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. Т.2. – 320 б.
8. Бекбергенов М. Ғабит Мүсіреповттің прозасы. – Алматы: Рауан, 1990.–151 б.
9. Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов – Алматы: Мектеп, 1989. – 120 б.
10. Құлыбекова Ж.С. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке, «Жат қолында» романдары: аударылуы, әдеби сында бағалануы.ф.ғ.к. дәреж алу үшін жазылған диссер. автореф. – Астана, 2004. – 34 б.
11. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: «Фолиант», 2004. –304 б.
12. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. – Алматы: санат, 2000 – 240 б.
13. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. – Қарағанды: «Арко» ЖШС, 2004. – 332 б.
14. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 576 б.
15. Сәрсеке М. Мен білетін Ер Ғабең. // Ақиқат. – 2002 – №1 33-39 б.
16. Досанов С. Үш үзік сыр.// Қазақ әдебиеті. – 2004. – 27 тамыз. 4-5 б.
17. Айжақсина Н. Көркем сөздің зергері.// Қазақ тілі мен әдебиеті. –2008.– №8 – 58-62 б.
18. Әбдешев З. Көз көріп, құлақ естіген.// Жұлдыз. – 2010 – №11 – 133-141 б.
19. Бітібаева Қ. Ғ. Мүсірепов шығармашылығы.// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1996. –№1 – 62-68 б.
20. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
21. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
22. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім,1998.–224 б.
23. Т.Кәкішев. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 448 б.
24. Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 367 б.
25. Ахтанов Т. Көкейкесті. Әдебиет туралы ойлар. – Алматы, 1980.
26. Бердібаев Р. Әдебиет және өмір. – Алматы, 1973.
27. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы, 1981.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың Жат қолында романындағы монолог пен
портреттің көркемдік қызметі
ЖОСПАР
І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғ.Мүсіреповтің сырбаз суреткерлігі
2.1. Дәуір үні – суреткер
сыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-
17
2.2. Жат қолында романындағы портрет пен монологтың көркемдік қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .18-40
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .41-42
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 43-44
КІРІСПЕ
Қазақ әдебиетіндегі алыптар тобы санатындағы қаламгерлердің бірі
Ғ.Мүсірепов – өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы
қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да
назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың
ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі,
идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Ғ.Мүсірепов
қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең
де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Мүсірепов
қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-
қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр
туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.
Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығы қазақ әдебиеттануында кең тұрғыда
қарастырылғанын айтуымыз керек. Қ.Құттыбаев, М.Бекбергенов,
Ж.Молдағалиев, А.Оспанов жазушы прозасын арнайы нысана етсе, Н.Ғабдуллин
қаламгер драматургиясын талдады. Х.Әдібаев көлемді монографиялық еңбек
жазса, С.Әшімханова жазушының шығармашылығы жайлы орыс тілінде докторлық
диссертация қорғады. Монографиялық очерк авторлары А.Нұрқатов, Т.Ахтанов,
С.Сейітов, С.Жұмабеков суреткердің шығармашылық тұлғасын оқушы қауымға
тұтас таныстыру мақсатын орындап шыққан.
Бұдан басқа қазақ прозасы, қазақ романдары туралы жазылған М.Қаратаев,
Т.Нұртазин, М.Базарбаев, Р.Бердібай, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали,
М.Атым, Б,Майтанов, Ж.Дәдебаев, А.Тұрбеков, Б.Шалабаев еңбектерінде
Ғ.Мүсірепов романдары, прозасы әдеби даму арқауында сөз болады.
Осы орайда белгілі ғалым М.Серғалиевтің мына сөзін келтіруді жөн
көрдік: Ғ.Мүсіреповтің көркемдік мектебінен өтпеген кейінгі буын өкілдері
кемде-кем. Оның прозасынан, драмалық шығармаларынан үзінді оқыған артистер
немесе көркем өнерпаздар жазушының сұлу сөздеріне, адам мінезі мен қылығын
дәл бейнелейтін сөз орамдарына өздері де сүйсініп, өзгелерді де
таңдандырып отырады [2,3].
Ал заңғар жазушының драматургия саласындағы ерен еңбегін бағалаушы
аса көрнекті ғалым Н.Ғабдуллин былай дейді: Ғабит аға сөз өнеріне
келгенде, өзіне де, өзгеге де қатал талаппен қарайтын талғампаз жазушы.
Шығарманы жазардан бұрын, оның бүкіл жүйесін, оқиғалар желісін,
образдардың даму жолын – бәрін асықпай ұзақ ойланады. Бұл ойлануы
бірнеше күн емес, тіпті, бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Бірақ
ойлануы ұзақ болғанмен, тез жазады... Шығарманы қаламмен емес, кәдуілгі
қара қарындашпен жазады. Өзіне ұнамаған сөйлемді, сөзді сызып тастап,
үстінен түзетпейді, өшіргішпен ұқыптап өшіреді. Сондықтан шығарма жазған
қағазының беттері , ешқандай қол тимеген, түзеу жасалмаған сияқтанып, тап-
таза боп тұрады [4,4].
Жұмыстың өзектілігі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы сан алуан, әр жанрда.
Жазушы сөз қолдану, сөз саптау ерекшелігі, шығарма сюжетін шебер
үйлестіре, жымдастыра білуі – Жат қолында романындағы адам болмыс-
бітімін суреттеу пен кейіпкердің ішкі сезім тебіренісін беру
құралдарын көркемдік тұрғысынан талдау, сараптау жұмыстың
өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың нысаны. Ғабит Мүсіреповтің Жат қолында романынының көркемдік
ерекшелігі. Оның ішінде, нақтырақ айтсақ, портрет пен монологтың әдеби-
көркемдік қызметі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Басты мақсатымыз – қазақ әдебиетіндегі
алыптар шоғырының бірі – Ғ. Мүсірепов қаламынан туған Жат қолында
романын жазу барысындағы ұстанған идеялық бағыт-бағдарды саралап, оны
жүзеге асырудағы қаламгердің көркемдік-тілдік шеберлігін айқындау.
Романның әдебиет тарихындағы маңызын саралау;
Осы мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер туындады:
– Ғ.Мүсірепов шығармашылығына толық шолу жасау;
– Жазушы жайлы жазылған зерттеу жұмыстарын салыстыру;
– Роман мәтінінен портрет пен монологқа картотека жасап, көркемдік
қызметін анықтау;
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей екі тармаққа жіктелген
негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Ғ.Мүсіреповтің сырбаз суреткерлігі
2.1. Дәуір үні – суреткер сыры
Ұлттық әдебиетімізде тарихи тақырыпты арқау ету кеңінен қанат жайған
келелі дәстүр десе де болғандай. Жалпы, тарихи тақырып – көркем әдебиеттің
басты нысаналарының бірі болды. Тарихты көркем әдебиетте бейнелеудің әлем
әдебиетіндегі тамаша үлгілерін еске ала отырып, бізде, яғни, қазақ
әдебиетіндегі бірегей үлгі ретінде ұлы жазушы М.Әуезовтің Абай жолы
романын айта аламыз. Әдебиеттанушы ғалым Б.Майтанов М.Әуезов пен Ғ.
Мүсіреповтің романдарын талдай отырып, мынадай тұжырымға келеді:
М.Әуезов Абай өміріне байланысты ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы
тіршілікті романтикалық реализм дәстүріне сай бейнелесе, Ғ.Мүсірепов
осы даланың екінші бір өлкесіндегі тіршілікті эпика-драмалық пафос
ауқымында өрнектейді [5,101].
Көркем шығарманың негізгі өзегі – өмір шындығы.Жазушы өмір шындығының
ішінен өзіне қажеттісін сұрыптап алады да, көркемдік шындыққа сәйкес
өрістетеді, шешім табады. Өмір шындығын эстетикалық тұрғыда шебер көрсете
алған шығарма толыққанды, терең мазмұнды деңгейі биік болмақ. Осы
талап тұрғысынан алып қарағанда Жат қолында романын жазу барысында
суреткер көптеген тарихи фактілерді зерттеп, салыстыра келе, жинақтау
арқылы тамаша, кесек туындыны дүниеге әкелгенін көреміз. Зерттеуші
А.Ибраева ... жазушы көптеген материалдарды қарастыра жүріп, алғашқы
айтар ойына сәл басқаша өң беріп, еңбек адамдарының бүгіні мен ертеңін
сабақтастыра көрсеткенді жөн көреді [6,16], – деп көрсетеді.
Жан-жақты талаптарға жауап беретін халықтық туындыны дүниеге әкелу –
хас шебердің қолынан ғана келетін іс. Жат қолында романын жазу
барысындағы жазушы ізденіс-жетістігін жас зерттеуші Құлыбекова Мүсірепов
сөзімен мына жолдарда байқатады: Спасск заводының құрылған жері –
Көкөзектің қабағында Ушаков болып тұрдым, бірде кіреші Ыбырай болып
тұрдым, кейде жұмысшы болып тұрдым. Бір өндірістің өзін әр мамандықтың,
әркімнің көзімен қарап, сол адамның тілегімен шұғылданбасаң, өндірісті
түгел көре алмайды екенсің. Не нәрсені болмасын кейіпкердің көзімен
қарамасаң, оның орнына өзіңді қоймасаң, көп нәрсе ішін алдырмай кетеді
[10,9]. Осыдан болар ішкі тебіреніс-толқуларды, ішкі ойды жеткізудегі
қаламгер шеберлігі аса биік.
Айтылған ойларды ескере отырып қаламгердің сіңірген еңбегі мен
жүріп өткен сара жолына тоқталайық.
Туған халқының мерейі үшін тұла бойындағы өнер-дарыны мен қайрат-
жігерін ірікпей жұмсаған адамды халық ұлым деп ұлы жүрегінің мейіріне
бөлейді; азаматым деп ардақ тұтады. Ал енді сол жайсаң жан өмір жалауын
әрдайым жықпай көтеріп, күндердің күнінде ақыл мен парасаттың асқар
биігіне көтерілген кезде, кемеңгерлік кемеліне келіп, байсалды байып
тапқан шақта, дана халық оның алдында баладай кішірейіп, ел ағасы деген
атағына үлкен басын еңкейте иеді [3,3].
Сондай ел ағаларының бірі ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса
көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол мұра қалдырды.
Көзінің тірісінде дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық
шеберлігімен халқының зор құрметіне бөленген болатын. Жазушының шын өмірі
өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады. Сөз зергері атанған
Ғ.Мүсіреповтің інжу-маржандай құлпырған көркем шығармалары қазір де
оқырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде; өмірдің
құпияларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда [11,227], – дейді
белгілі сыншы ғалым Д.Ысқақұлы.
Мүсірепов ең алдымен, жазушы. Оның қаламынан шыққан Оянған өлке,
Жат қолында, Қазақ солдаты, Ұлпан, Кездеспей кеткен бір бейне, ана
тақырыбына жазған әңгімелері – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған
асыл дүниелер. Жазушы шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі,
арман-аңсары кемел көркемдікпен шебер бейнеленді; сөз өнерінің асқан
шебері ретінде академик-жазушы атанды.
Сонымен қатар Ғ.Мүсірепов – дарынды драматург. Күні бүгінге дейін
қазақ театрларының сахнасынан түспей келе жатқан Қозы Көрпеш – Баян
сұлу, Ақан сері – Ақтоқты сияқты пьесалары қазақ драматургиясының
классикалық үлгілерінен саналады. Амангелді , Болашаққа аманат та
тарихи қайраткерлерді көркем сомдай білген кесек туындылардың қатарында.
Ғ.Мүсірепов – алмастай өткір алымды сыншы. Жиырмасыншы ғасырдағы
қазақ әдебиетінде Ғабең білдірмеген жазушы, елеулі мәселе жоқ десе де
болғандай. Оның басты сын-зерттеу еңбектері Суреткер парызы, Заман және
әдебиет, Күнделік, т.б. жинақтарында топталған.
Ғ. Мүсірепов – шебер аудармашы да. Ол М.Горькийдің, М.Шолоховтың,
О.Генридің, А.Островскийдің, В.Шекспирдің, Мольердің, т.б. шығармаларын
қазақ тілінде сөйлетті.
Ғ. Мүсірепов – көркем очерктің майталманы. Жазушы – Аттың сыны,
Жапон әсерлері, Кездесулер сияқты тамаша очерктердің авторы.
Ғ.Мүсірепов – киносценарист. Ол Амангелді (Б.Майлин мен В. Ивановпен
бірге), Қыз Жібек кинофильмдерінің сценариін жазған.
Ең бастысы, ол – еліне абыройлы азамат болды, қазақ халқының жарқын
болашағы үшін әдебиет майданында аянбай күресіп, сөз өнерінен биік рухани
мұнара тұрғызған абзал азамат.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Махмұтұлы
Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл
ауданында туылған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан ол он төрт жасында
Омбыдағы екі кластық орыс мектебіне оқуға түседі. Осы мектепте оған
белгілі педагог, жазушы Бекет Өтетілеуов орыс тілі мен әдебиетінен дәріс
береді. Болашақ жазушының әдебиеттің жолына түсуіне бұл жағдай
айтарлықтай ықпал жасайды. Бұл турасында жазушы кейіннен Бекет менің
қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тарта бастады деп
жазды. Екі кластық орыс мектебін бітірген соң ол Б.Өтетілеуовтің тікелей
көмегімен Пресногорьковтағы жоғары бастауыш мектепте білімін
жалғастырады. Осында жүргенде орыс, батыс, әдебиеттеріне зер сала
танысады. Жоғары бастауыш мектепті 1921 жылы бітіреді.
Төңкерістен кейінгі қазақ даласындағы әлеуметтік өмір дүмпулі
болатын. Ғ.Мүсірепов ел ішіндегі саяси науқандарға араласып кетеді;
мектепті бірге бітірген жиырма шақты бала Ақмола облысының оңтүстік
партизандарының группасы деген отрядқа келіп қосылып, ақ қазақтарға
қарсы күреседі. Содан кейін ауылда әскери комиссар, аудандық милиция
бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Сол кезде елге танымал
Мұқановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне
(раб.фак) оқуға түседі. 1923-26 жылдары раб.факта әдебиетке бет бұрады.
Едіге деген қысқа әңгімесі 1925 жылы Еңбекші қазақ газетінің бетінде
жарық көреді. Жұмысшылар факультетін бітірген соң ол Омбы қаласындағы
ауылшаруашылық академиясында бір жыл (1926) оқиды. Мұнда жүргенде де
әдебиетпен айналысуын тоқтатпады.
1927-1928 жылдары Шортандыдағы (Щучье) орман шаруашылығы
техникумында оқытушылық қызмет істейді. 1928-1938 жылдар аралығында кеңес,
партия, баспа орындарында әртүрлі қызметтер атқарады: Қазақстан
баспасының директоры; Қазақ АССР оқу халық комиссариаты өнер секторының
меңгерушісі (1933); Қазақ әдебиеті, Социалистік Қазақстан газеттерінің
бас редакторы (1934-1935); БК (б)П Қазақстан өлкелік Комитетінің баспасөз
бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1936); Қазақстан Орталық партия
Комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі(1937).
1938 жылдан 1955 жылға дейін қаламгер бірыңғай жазушылықпен
шұғылданады. 1955-1966 жылдарда Ара журналының бас редакторы,
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1966
жылдан өмірінің соңына дейін тек шығармашылықпен айналысты.
Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ ССР Жоғары Советтерінің
депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Қазақ ССР
Ғылым Академиясының академигі, КСРО және Қазақстан жазушылар одақтары
басқармаларының хатшысы, Азия-Африка елдерімен достық-ынтымақ жөніндегі
советтік комитеттің мүшесі ретінде қыруар қоғамдық жұмыстар атқарды.
Қазақ әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі үшін көптеген ордендермен,
медальдармен марапатталып, әдеби, ғылыми сыйлықтардың иегері атанды.
Ғ.Мүсіреповтің тырнақалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ
даласында болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан. Ол
шығармалардың қатарына Тулаған толқында, Қос шалқар, Алғашқы
адымдар, Талпақ танау, Шұғыла әңгімелерін жатқызуға болады.
Жазушының проза саласындағы елеулі табысына Қазақ солдаты
романын атаған жөн. Роман Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Шығарманың
композициялық түзілімі қазақ солдаты Қайроштың басынан кешкендерін
көркем баяндау арқылы құрылған. Ендігі кезекте, 1953 жылы жарыққа шыққан
Оянған өлке романы. Бұл роман жазушының ғана емес, кеңестік дәуірдегі
бүкіл қазақ әдебиетінің де үздік туындыларының бірінен саналады.
Алағашында қазақ тарихының өтпелі тұтас бір дәуірін суреттеуге
жоспарланған роман-эпопеяның екінші кітабы Жат қолында араға отыз жыл
уақыт салып 1984 жылы жарияланды. Зерттеуші Жұмағали Ысмағұлов роман-
дилогия жайлы былай дейді: ... Оянған өлке мен Жат қолынданың дүниеге
келу мерзімдерінің арасындағы алшақтық отыз жылға созылып еді. Бірінші
кітаптың жалғасы болатыны жөнінде хабардар оқырман, қаншама асыға
күткенімен, оны ұсына қоюға жазушы асыққан жоқ және қашан жарық көретіні,
не себептен кешігіп жатқаны жайында да жұртшылыққа ләм-мим деген емес.
Сонымен, екінші кітап сексенінші жылдардың бас кезінде, жазушы өмірінің
соңғы кезеңінде дүниеге келді. Сөйтіп, бұл екінші жағынан, Мүсірепов
шығармашылығының ең соңғы туындысы, яғни оның жазушылық жолының ең ақырғы
нүктесі болып қалды [3,69]. Көріп тұрғанымыздай қазақ халқының тарихына
қатысты тың мәлімет жинап, оны саяси идеологияға қарамастан барынша
шынайы жеткізуге тырысқан қаламгер Жат қолында романын жазу үшін көп
жылдар толғанған.
Қос романда он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ даласында болып өткен ұлы өзгерістер
шынайы көрініс тапқан. Оқиғалар Қарағанды өңірінде өріс алады. Өткен
ғасырдың соңғы ширегінде Қарағандыда алғашқы өндіріс орындарының пайда
болуы, соның нәтижесінде қазақ даласының дәстүрлі тіршілігіне ене
бастаған жаңалықтар, феодалдық құрылыстың ыдырап, капиталистік қарым-
қатынастардың өмірден орын алуы көрініс тапқан. Мыңдап жылқы айдаған дала
шонжары Жұманның бар малы бір жұтта қырылып қалады. Сол сияқты бар,
бірақ өмірдегі өзгерістерге орай әрекеттер жасай білетін Игіліктер өз
биліктерін жоғалтпайды. Бұрын ауыл-ауыл болып, көшіп-қонып жүретін ел енді
көмір кенінің ашылуына байланысты кәсіпке байланып, отырықшылана
бастайды. Байлықтың жаңа көздерінің ашылып, өндіріс орындарының салынуы
бұрын бірыңғай мал шаруашылығымен айналысқан елдің тұрмыс-тіршілігіне,
сана-сезіміне көп өзгерістер әкеледі. Дүние қуған Рязанов, Ушаков сияқты
орыс алпауыттары Қарағанды кенін игере бастайды. Рязановтар Майқұдық
басында кен орындарын сатып алғандағы жағдайды көріп ел тарапынан бой
көрсеткен жалғыз адам Игілік болған. Ол – бір жағынан, өз пайдасын жұрттан
бұрын ойлайтын әккі есепқор болса, екінші жағынан, қанша дегенмен, қанына
тартатын осы елдің бас көтерер тұлғалы адамы. Бәрібір қазынаға кетіп бара
жатқан соң, иесіз демесін, босқа кетпесін деген ойдың жетегіндегі естияр
ел ағасы.
Романда қазақ ауылының өткен ғасырдағы тұрмыс-тіршілігі, салт-
санасы, әдет-ғұрпы, әлеуметтік жай-күйі қатпар-қатпар көріністерімен
көркем көз тартады. Жер дауы, ел дауы байлардың арасындағы бақталастық,
ескі ауылдың келеңсіз көріністері, сән-салтанаты жарасқан ауыл көші, ұзақ
таңға ұласқан сауық-сайрандар асқан білгірлікпен, нәзік бояуларымен, бар
қырымен, сырымен көз алдыңызға келеді. Өмірдегі бейнелеудегі шынайылық,
кейіпкерлердің жан-дүниесіне дейін жарқырап сомдалуы, детальдарының
дәлдігі, композициялық құрылымының шымырлығы, шұрайлылығы, Оянған
өлкені қазақ романдарының ең таңдаулыларының қатарына қояды.
Жат қолында – Оянған өлкенің тікелей жалғасы іспеттес. Романда
Клод Карно, Нельсон Фелль, фон Штейн тәрізді шетелдік алпауыттардың
қарамағына көшкен Қарағанды өндіріс орнының жиырмасыншы ғасырдың бас
кезіндегі жай-күйі суреттеледі. Алғашқы кітапта баяндалған негізгі
оқиғалар жалғасын тауып, Қазан төңкерісіне ұласады. Оянған өлкеде
Қарағанды, Нілді, Ақбұйрат секілді кеніштерде өндіріс орындарының бой
көтеріп, онда Ресейден келген жұмысшыларымен бірге еңбек етіп, қалыптаса
бастаған қазақ жұмыскерлері көрінсе, Жат қолында романында өз болашағы
күресіп, оң-солын ажыратып алатын жастарды бейнелеуге едәуір орын
берілген.
Романда тұтасқан қалың қауым – шахтерлер ауылы пайда болады. Күні
кеше аштықтан, жұттан қашып келген кедейлер қазір тепсе темір үзетін,
бұлшық еттері бұлтиған көміршілер, қорыту пешінің ыстығына қақталған мыс
қайнатушылар, тағы да басқа маман жұмысшыларға айналды. Бір кезде Жұман,
Игілік байлардың жалшылығында ақысыз-пұлсыз салпақтап, солардың намысы
үшін барымтаға бас тіккен қос балуан Бұланбай мен Сүгірәлі, солардың
үзеңгілес жолдастары Байшегір мен Алшағыр, ұста Баянды мен балғашы Жабай –
әрқайсысы бір топ шәкіртке ұстаз болады. Әрқайсысы бір-бір әулеттің
үйелменді ұрпағын тәрбиелеп отырған орнықты отағасылар, әрбіреуінің
бойында кешегі ауылдан алып келген қазақы мінез-машықтары да баршылық.
Маңайдағы мал баққан әлі де көшпелі күйдегі ауылдар мен орныққан
отырықшы жұмыскер қауымды байланыстырып, біріне-бірін жақындастырып
отырған сенімді дәнекер сияқты болып көрінеді. Жұмыскер қауымды осы
жолдан тайдырмай, өздеріне мықты таяныш, сенімді серік болып жүрген,
ауылдың ақ жаулығын салып келіп, енді қымызын жаңаша сапыратын, самаурынын
жаңаша қайнататын Көпей мен Наргөз, Нәзира мен Назыкеш сияқты шешелер мен
жеңгелер өз алдына романның шырайын келтірген.
Романдағы әсіресе көзге түсетін жаңашыл топ – әуелі ауылдағы
бастауыш мектепті, сонсоң Ақмоладағы тау-кен техникумын бітіріп, біразы
әрі қарай оқуға кеткен, ал біразы өндіріске келіп, жемісті жұмыс атқарып
жүрген Нартай мен Әлішер, Жәния мен Нұрила, Жомарт пен Қарлығаш, ерке
мінезді Гүлбәден сияқты жаңа заманның жас өркен түлектері.
Жазушы уақыт мөлшерінен ілгерілеп кетпей, кешегісі мен бүгінгісін
қоса көрсете отырып, осы жайларды екінші кітаптың алғашқы бөлімінде
ерекше сүйініш сезімімен сүйсіне суреттейді. Сонымен бірге осы
көріністердің барлығы жиналып келгенде, төніп келе жатқан қауіптің –
шетелдік құбыжықтардың алдына тосқауыл болардай немесе соларға бір елеулі
қарсылық көрсетердей айбын ретінде көрінеді.
Әлбетте, кен көздерінің шетелдіктерге сатылуы жайындағы сыбысқа
мүдделі жақтар арасында әрқилы көзқарас бары да автор назарынан тыс қала
алмайды. Сондай мүдделілердің бірі бұл кеніштерге ертеден бауыр басып
қалған Ушаков екені белгілі. Өзі компаниядан қуылып, акциялары сатылып
кеткеннен кейін, есеп-қисабын дұрыстап, біржола көшіп кету үшін бұл араға
қайта оралған ол өзінің ізінше бір кездегі француз президентінің
баласы, кенші-инженер Клод Эрнст Карно мен Рязановтың адвокаты фон-Штейннің
келе қалғанынан анық секем алған. Сондағы Ушаковтың жан күйі өзінше ауыр.
Бұл жағдайды романда былайша суреттейді. Ушаков жұмысына қайта отыра
алмады.Әлдене алыстан елес беріп, туған елінің байлығы талан-таражға
түсетін лебі келетін сияқтанады. Талау-талау! деп айғайлағысы келді...
Кімге айғайлайды? Рязановқа ма? Мыналарды шақырып отырған соның өзі емес
пе екен? Қазақтарға ма? Қазақта не күш бар? Патшаға ма? Алтайдағы алтын-
күміс кендерін ағылшындарға сатып отырған патшаның өзі емес пе? Енді
кімге, енді кімге айғайларсың? Гамлетке ме? Гамлетке айғайламасаң басқа
ешкім жоқ. Рязанов ұзамай құлайды. Мына келген жер дүниенің тазғыр мойын
қара құстары мен құзғындары өлімтік иісін сезініп айналып жүр. Қазақ
жерінде ортақтас болам деген он шақты кен байлықтары бар еді. Қош
болыңдар! Бәрің де кетесіңдер жат қолында! [1,23]. Жан ашуындай қатты
күйзеліс үстінде ол шынын да айтып қалған.
Оның күңіреніп тұрғаны – жатқа кетіп бара жатқан қазақтың жері үшін
емес, өзі әлі де пайда көрермін деп үміттеніп жүрген кен байлықтары үшін
екен. Тумағанның түбі шикі деген осы болса керек.
Әр нәрсені алыстан болжап, тереңіне қапысыз көз жеткізе білетін
Игілік ойы басқаша. Ішкі күйініші де, далғарған күйзелісі де шынайы:
Қазақ жері қазынанікі деген заң барын білетін. Ішке орнаған бір тас
кірнесі осы болатын. Енді сол жер жат елге сатылатын болса, еліңді бірге
сатқаның емес пе? Жерінен айрылған ел қандай ел болмақ? Әлде өз зығырданы
аз болғандай, ақ патшамыз қазақ даласына қосалқы қожа қоймақ па? Мына
кісі (Ушаков) қазақ елінің осындай қайғы-зарына ортақтасып отырған жоқ,
бос жатқан байлықтан айрылып қалғанына күйініп отыр. Жерің мен елің бірге
сатылайын деп отырғанда біз қайтуымыз керек... [1,32]. Бұл шын
мәнісіндегі жан күйзелісі. Игіліктің бұдан кейінгі іс-әрекеті де осыған
сәйкес, тікелей осы көңіл-күйінен туындайды. Игілік өмір бойы жанын
салып келген дүние-малдан енді біржола баз кешіп, безіп шыққандай. Ол
алдына салып мың-мыңдап бағып отырған малдан құтылмақ. Сол оймен қалың
жылқысын төртке бөліп, балаларына енші етіп береді. Кейінгі шешімі –
кіреден құтылып, өндіріс шаруасынан біржола арылып шықпақ болады.
Қызылжарда ашық сауда өткен кезде өз малының құны шамалы екеніне көзі
жетіп, пайданың көзі өндірісте ғой деп, Қарағандыдағы барлық кірені өз
қолына түсіріп алуды ойлап та қойған. Ол үшін сатылатын жылқы санын да
есептеп, шотқа қағады.
Енді сол райынан қайтып, қолындағы барлық тасымал малын, арба-
шанасымен, сайманымен, жол бойындағы қора-қопсылы бекеттерімен қоса
компанияға сатып жібереді. Және қулық ойлап келген Сикорский мен Жұмабек
төреге құндап, көтеріңкі бағамен сатады. Игіліктің бұдан кейінгі тындырған
үлкен бір жұмысы – үлкен баласы Ордабайды орнына түсіртіп, Кенжеғараны
болыс сайлатты. Малын төртке бөліп, балаларына енші бергендегі бір үлес
Кенжеғараға ұйғарылған. Оны балам деп ашық түрде жариялаудың бір белгісі
де осы болатын. Кенжеғара болса еншісіне тиген малдан бас тартады. Әке
орнында жүрген Күреңкөз қожаның құнынан бас тартқанда-ақ ол өзінің кім
екенін ел-жұртқа анық танытқандай еді. Бұл жолы да сол бетінен қайтқан
жоқ. Маған мал керегі жоқ, – деп бірден кесіп айтты. Өз болмысының өзге
бір қырын осы жерде және танытты. Өзіне тиер үлес Игілік әкесінің
есігінде өмір бойы жалшылықта жүріп, ақы алмаған Бұланбай, Жабай, Сейіт
сияқты жалшы-малшылардың тірісіне ақы, өлісіне құн ретінде қайтарылсын
деген ұсыныс айтты. Игілік те мұны қостай кетіп: артығымен қайтар, үстіне
тағы мал қосамын, – деді.
Ал болыстықтан Кенжеғара бас тартқан жоқ. Оның да жөні бар еді.
Омбыдан семинария бітіріп келгенде, әрі қарай оқытпай, осында алып
қалған Игіліктің өзі болатын. Соған бұл алғашында іштей наразы да болып
жүріп, қаладан қол үзіп кетеді, ауылға жұғыса алмайды. Жұмыскерлер
қауымымен де сыйыса алмастай көрінеді өз көзіне. Сөйтіп, өзінің кім
екенін біле алмай далғарып та қалған. Сейіттің өлімі үстінде, тағы басқа
жерлерде ол жұмысшылар ортасын дұрыстап анық танығандай болады: өзінің
байқағандарын барлап қараса, жұмыскерлер деген бір жаңа жұрт екен. Ақ
жарқын, ақ көңіл, ашық жүзді еркектер Қарағандыға жиналған екен, – деп
бірде үйдегі шешесіне айта келген бар. Біріне-бірі жау емес, біріне-
бірі күрегімен де, білегімен де қолқабыс тигізіп отырған қарапайым
қауымға көзін үйретіп, көңілін ортақтастыруға пейіл білдірген. Болыс
лауазымындағы болашағын ойлағанда, көңіліне бірінші түйгені мынау еді:
Игілік жолы маған жол емес, мен ол сүрлеумен жүре алмаймын. Олай бола
қалсам, азғындағаным болар еді... Менің ел қамы дейтінім – біреуді
бұғаудан босатып, біреуді бұғаулау ғана болмас. Мен анайы болса да алғыр,
зейінді елдің ой-санасын оятуым керек. Елдің нағыз қамы осы екенін
ұғындыра алмасам, ел басқаруға жоламауым керек. Жоқ, нар тәуекел! [1,53].
Болыстыққа бекігеннің ертеңіне Кенжеғара Қарағандының басқарушысы
көмір инженері Некрасовтың кеңсесіне келген. Қазақ даласының досы деп
естігендіктен сыр аша сөйлесіп, бірсыпыра мәселелер төңірегінде ашық
пікір алысуға келіп еді. Ол ойы орнынан шықты да, жас болыс өз
көңіліндегі толғандырып жүрген жәйттің бәрін жайып салады. Қарағанды
өңіріндегі өндірістердің бәрі бүгін болмаса ертең жат қолында кетуге
тұрғаны даусыз ғой. Сонда сіздердің бұл күнге дейінгі жөн-жосықтарыңыз
өзгермей қала берсе, сол шет елден келетіндер қазақ жұмыскерлерін меңіреу-
мылқау мал екен деп ойламас па?.. Келе жатқандар дүниелік көлемдегі
нағыз қанды ауыз отаршылдар. Кедей қазақ, амалы жоқ, оларға да жалданады.
Жаңа қоныстанып жатқан орыс крестьяндары да жалданады. Бұлар да тәуелділік
езіп тастаған момын жұрт. Осылардың бәріне жанашырлық керек. Жат қолында
адамды мал ретінде өткізе салсаңыздар, мұны мен елімізге көрсеткен
қорлық көремін [1,80]. Осылай ашынып айтқаннан кейін Некрасов тарапынан
мақұлдау тапқан Кенжеғара жалпы ел жайы мен жұмысшылардың хал-ахуалын
егжей-тегжейлі талдауға көшкен. Болыс көлемінде бір мың үш жүз шамасында
үй бар екен. Соларда қазір жұмыс күші ретінде бас көтерер адам саны тіпті
аз қалыпты. Соңғы жиырма жылдың ішінде Қарағанды мен Ақбұйратқа төрт мың
екі жүз алпыс адам алынған да, содан қазір өндірісте қалғаны мыңнан аз-
ақ артатын көрінеді. Өлгендері өлген, қалғандары – ақсақ-тоқсақ, шолақ-
шойнақ, жарымжан көксау. Осылардың обалы кімнің мойнында? Барлық
жағдайды ескере отырып, Кенжеғара жұмысшылардың еңбек, тұрмыс
жағдайларындағы ең зәру, ең көкейкесті мәселелерді бір талқылап алу
үшін ауылнайлар мен өндіріс басшыларының бас қосқан мәжілісін шақыртады.
Ондағы алдымен ауызға алынған мәселе өндіріске ауылдан адам тартудың
тәртібі мен шақырылған қазақ жұмысшыларының кейінгі тағдыры жайлы
еді. Ауылнайлар арқылы тексере келгенде, қабылданды деген алты жүз
адамның аты-жөні бар да, кейінгі тіршіліктері мүлде дерексіз болып
шықты. Сөйтсе, бұл жұмысты ұйымдастырып келген бұрынғы болыс Ордабай мен
подрядшы Жұмабек төре, өндіріс бақылаушысы Сикорский үшеуі бірігіп,
келмеген алты жүз адамға жалған тізім жасап, мың сегіз жүз сом ақша
алған да, өзара бөлісіп, өз қалталарына салған. Жиналыста ұйымдасқан
жемқорлығы үшін аталған үш кісінің ісін сотқа беруге бір ауыздан
ұйғарым жасалды. Осы жерде романдағы осы оқиғаның бүгінгі күннің өзекті
мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлыққа тікелей қатыстылығын айта кеткен
жөн.
Одан кейінгі сөз болған мәселе жұмысшылардың жалақысы, жұмысқа
жаңадан қабылданған адамдарды орналастыру жайы туралы да егжей-
тегжейлі әңгіме болды. Солардың бәрін қорыта келгендегі Кенжеғараның
түйіндеп айтқаны мынадай еді: – Бұдан былай Қарағанды мен Ақбұйратқа
жұмысшы керек болса, болыстан сұрайтын болады. Болыс ауылнайларына
тапсырады. Тиісті ақшасын да ауылнайлар өз қорына алады. Жетім-жесір
қалған үйдің жалғыз еркегіне тимеңіздер... [1,123].
Өндіріс саласындағы жағдай бірсыдырғы анықталғаннан кейін
Кенжеғара өзіне қарасты он екі ауылнайды ертіп, ер аралауға шығып еді.
Мұндағы жағдай шахтадағы шаң қапқан шаруалардың күйінен де төмен екені
анықталды. Бір кезде Қарағанды мен Ақбұйрат елдің жоқ-жітіктерінің күн
көрісіне үлкен тыныс сияқты көрініп еді. Енді қараса, ел тұрмысы
бұрынғыдан да күйзеле түсіпті. Бес үй кездессе, екеуінде еркек жоқ,
біреуінде бір көксау шал бар. Тұрмыс азғанда, неше түрлі жолсыздықтар
белең алатыны белгілі. Ел арасында ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық
көбейген. Жер дауы, жесір дауы дегендер көлденеңдеп жүргізбейді. Осы
көріністерден Кенжеғара, әрине, өте ауыр әсер алды, қатты ойға қалады.
Бірақ еңсесін түсірмей, кедей ауылдарға қандай да бір көмек көрсетудің
жолдарын қарастырады. Алдымен қасындағы ауылнайларға қатаң тапсырма
берді: он күннің ішінде жұтап, жүдеп отырған үйлерге қарасыңдар;
үйлерін, қора-қопсыларын жөндетіп беріңдер; малдарына шөп, өздеріне отын-
су тасытыңдар; оларды ел-жұрт болып қамқорлыққа алыңдар деп тапсырды.
Осы жайлардың бәрін баяндап, азық-түлік, киім-кешек, т.б. жөнінен көмек
көрсетуді сұрап, ояз бастығына хат жазды. Қарағанды басынан
шахтерлердің өз күшімен, өндіріс басқармаларының қолқабысымен елді мекен
салуын қолға алғызады. Қажетті құрылыс материалдарын тасып алуға
өндіріс басқармалары көмектесті. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде кәдімгідей
қала үлгісінде бөренеден қидырып, саманнан соқтырып, үлгі жобамен
салдырған, орыс поселкелеріндегідей еңселі шатыр төбелі үйлер көше-
көшенің бойымен қатар түзеген қалашық пайда болды. Ел адамдары алғашында
Бұланбай қаласы деп көтермелеп, кейін Бұланбай ауылы деген атты
біржола иемденген шахтерлер мекені дүниеге осылай келіп еді. Кенжеғара
болыс кеңсесін де осы жерге әкеліп орналастырады. Ушаков көшерде Игілік
сатып алып, бұған берген жеті бөлмелі ағаш үйді көшіріп әкеліп, мектеп
ашты. Ояз басқармасына барып, басқа болыс бас тартқан тағы бір
мектептің қаражаты мен тиісті керек-жарағын сұрап алып және бір мектеп
ашатын болды.
Романдағы оқиғалар ары қарай былайша өрбиді. Күндердің күнінде
Рязанов өліпті деген хабар да жетті. Оның артында қалған шашыранды көп
мұрасын жинастыра алмай, жинастырып болғаннан кейін өзара бөлісе алмай,
мұрагерлері ұзақ-ұзақ дауласа, қайта-қайта соттасып, бір мәміленің
айналасына тоқтасқан да, ақыры компанияны сатып алған. Оны сатып
алушылар бұдан үш жыл бұрын осында келіп кеткен француз президентінің
мұрагері Клод Эрнст Карно мен ағылшынның көкжал кәсіпкері Нельсон Фелль
еді. Осы аралықта Рязановтың мұрагерлері өзара таласып компанияны
сатудың реті келмей жатқанда, иесіз өндірістерге жабылып қалу қаупі
төнген. Кенжеғара кеніштердегі соңғы жылдары жүргізілген әртүрлі
дайындық осы жолдағы ықтимал жөнсіздіктер мен зорлық-зомбылықтарға қарсы
тұрудың амалы екенін еске салды. Бірақ жаңа отаршылдардың тегеуріні
бұлар ойлағаннан өзгеше, одан әлдеқайда күшті болып шықты. Кенжеғара жаңа
қожайындардың кеңсесіне алғаш рет кіре бергенде, маңдайшадағы жазуды
көріп, жүрегі солқ ете түсті. Тегіс жерде келе жатып сүрініп кеткен.
Қарағанды өндірістерінің жатқа сатылатынын қашаннан бері біліп жүрсе де,
сатылып кеткенін көзімен көргенде біздің Қарағанды дейтін сезімнің
осы арада өліп кеткенін көргендей болды. Бұдан үш жыл бұрын саяхатшы
ретінде келіп кеткенде де, бұл жолы алғаш кездескенде де ақ жарқын, ақ
көңіл, жайдары көрінген француз жігіті Карноның сол жадағай қалпы екен
де, мұндағы барлық билік компанияның бірінші басшысы ағылшын кәсіпкері
Нельсон Фелльдің қолында екен. Кенжеғара ол бір көргенде-ақ мейлінше
менмен, томырық мінезді төрешіл, қатыгез адам екенін бірден танытты.
Арада аз күн өткеннен кейін ояз бастығы Кенжеғараны шақыртып алып,
екі түрлі хабар айтты. Бұланбай ауылы Қарағанды жеріне салынған екен, сол
дереу көшірілуі керек. Ол жер баяғыда сатылған елу шақырымның сыртында
екенін айтқан Кенжеғараға ояз Рязанов өлерінің алдында жең ұшынан
жалғастырып, қырық шақырым жер қостырғанын хабарлайды. Оған қоса ояз
бастығы Кенжеғараға өз орнын босатуын өтінді. Бастық босаттым деп
бұйрық шығарып, көшірмесін шұғыл түрде генерал-губернаторға жөнелтуі
керек екен. Бұл бұйрық та табан жолда орындалды. Бұл сияқты шұғылдықтың
арғы төркінінде компанияның еркін жұмыс істеуін көздеген генерал-
губернатордың жарлығы ғана емес одан да жоғарыда патша айналасындағы
әкімдердің нұсқауы жатқан-ды. Бұл өзі әрлей келгенде орыс патшалығының
ағылшын үкіметіне тәуелділігінен туып отырған жағдай болатын.
Сондықтан Ресей жеріне келген ағылшын алпауыттары нағыз ағылшынша
қимылдауға ерікті болды. Ал сол ағылшындықтың шынайы бетпердесін автор
былайша сипаттайды: Бұл кезде Англия – жер жүзіндегі ең бай, ең үлкен
империя. Қырық бес миллион халқы бар аз ғана ел үш жүз миллион халқы
бар елдерді басып ап, бағындырып үйренген ел. Басып алған елдердің
халықтарын адам қатарында санаған да емес. Әсіресе, азиалықтар мен
африкалықтар құл орнына сатуға, сатып алуға ғана жарайды.Ақысыз, пұлсыз
қара жұмысқа салуға жарайды. Өлсе құны төленбейді...Олар – құлдар. Адам
мен маймылдың аралығындағы жабайылар. Нельсон Фелль сол ағылшындықтардың
төл перзенті, сол империя байларының бірі болғандықтан, өзі сатып алған
қазақ жерінде өз әмірін жүргізуге әбден хақылы еді. Соған сәйкес оның
өзіндік моралі [1,298].
– Мен үшін өте қызықты жер, өте қызықты халық, – дейді Фелль мырза.
– Бүгінгі дүниеде ең қызықты жер деп ең пайдасы мол жерді, жұмыскер
күші тегін жатқан елді айту керек! Топырағының төрттен бірі – мыс басып
жатқан жер. Өз еліңдегі бір жұмыскердің жалақысына төрт жұмыскер
жалдауға болатын ел. Жұмақ емес пе! Нельсон Фелль үшін Ақбұйрат, Нілді,
Қарағанды деген өндіріс орындары – шексіз байлықтың алтын қақпасы!
Менің қызығым – пайда молдығында. Сол жетеді маған. Пайда молдығын
қызықтай алмау – ол да анайылықтың бір түрі [1,298].
Жаңа қожалардың компанияның ішкі өмірі жайлы үш жылға арнап
мызғымастай қылып жасаған режимі де осы моральды жүзеге асыруға толық
мүмкіндік туғызатын еді. Компания жұмысшыларына төленетін жалақы Орал-
Сібір өңіріндегі орыс өндірістерінде белгіленген жалақыдан жоғары
болмасын деп көрсетілді. Ал кем болып жатса, ол үшін ешкім жазаламайтыны
өзінен-өзі түсінікті еді. Жұмыскерлерге жалақы мөлшеріне қарай керек-
жарағы несиеге ақшасыз беріліп тұрады деген тәртіп оларды борышқа
батырып, азғантай жалақысының өзінен қағудың зымияндық әдісі екен. Оның
зардабын халық кейін мықтап тұрып тартқан болатын. Шетелдік қожайындар
өздері жасаған ішкі ережеге сәйкес қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Олар ең
алдымен үш өндірістің басшыларын өзгертіп, олардың орнына өндірістен
хабары жоқ үш ағылшынды әкеліп қойды. Қастарына орыс мамандарынан көмекші
қосты. Орталықтағы кеңсе үйлерінің есігі таңертең қызметкерлер келгеннен
кейін тарс бекітіліп жабылатын болды. Бастықтың кабинетіне ешкім
жіберілмейді. Арыз-шағыммен келген жұрт орыс көмекшінің терезесіндегі
желдеткіш тесіктен ғана сөйлеседі. Сөйлескендегі бар еститіні – жоқ!
деген жалғыз сөз болады. Соған қарамастан, бұл жерге арыз айта келген
адамдардың тізбегі күні бойы бір үзілмейді және ешқайсысы ешқандай
нәтижелі жауап ала алмайды.
Осындай тығырыққа қамалған өмір өз бетімен жүріп жатты. Оның
алғашқы құрбандығына Бұланбай ауылы шалынып еді. Одан кейінгі кезек
мектептерге келді. Болыс орталығындағы жеті бөлмелі мектеп үйі бұзылып,
бастықтардың тұрғын мекені ретінде орталыққа көшірілді. Сонсоң Игілік
қыстағындағы он екі бөлмелі интернатты мектеп заңсыз деп танылып, ол да
бұзыла бастады. Міне осы тұста жаңа отаршылар күтпеген оқиға болды:
әлдеқайдан аңызақ жел айдап әкелген өрт жайрап жатқан ағаш үйді бір
демнің арасында жайпады да кетті.
Романда қазақтың жері мен елі тек кен қазу жұмысында ғана емес,
бүкіл болмысымен, өмір-тұрмысымен, ой-тұлғасымен тұтас көрінеді.
Қазақ жеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістер, қозғалыстар, жаңалық
нышандары, қазақ жұмысшы табының қалыптасуы, оның сана-сезімінің өсуі –
роман қойған басты-басты мәселелер, әрі түбегейлі шешілген мәселелер.
Романның композициясы да анық. Бірінші бөлім – Қарағанды, Ақбұйрат,
Нілді кендерінің жат қолына өту алдындағы жайы – пролог болса (Игілік,
Ушаков, Рязанов күндері біткен), екінші бөлім – бұл өлкенің жат қолына –
ағылшын, француз, неміс концессионерлерінің қолына өтіп, жаңа тәртіп
орнағанын баяндайды, үшінші бөлімде – ескі өмірдің іргесі сөгіліп,
патшаның құлауы, жат жерліктердің қара машинамен қара ешкіні баса-маса
қашуы суреттеледі. Бұл сол ескі заманның ақыры – эпилогы сипатты.
Бұланбай, Сүгірәлі, Байжан, сияқты жаны таза, намысты жігіттердің
әділеттік жолындағы күрескерлік жолындағы жолын енді Кенжеғара секілді
көзі ашық сауатты азаматтар жалғастырады. Кенжеғара – романның орталық
кейіпкері. Суреткер халқына адал қызмет етуді өмірінің мәні деп білген
сауатты, күрескер азаматтың бейнесін жан-жақты сомдауға біршама күш
салып, ол мақсаттың үдесінен шыға алған. Кенжеғара жалғыз емес, оның
қатарында Жабай, Нартай, Әлішер, Зуев секілді сайдың тасындай, халқы үшін
қандай қиындықтар болса да көтеруге әзір сақа жігіттер бар. Сондай-ақ
романда баршылықта барынша шалқып дәурен құрып жатқан дала байларымен
бірге бірде бар, бірде жоқ тіршілік кешіп жатқанымен де болашаққа
деген сенімі мол ауылдың адал жанды азаматтарының тұрмыс-тіршілігі,
болмыс-пішімі нанымды қалыпта суреттеледі. Ресейде басталған Қазан
төңкерісінің топалаңы қазақ даласына да әсерін тигізбей қоймайды. Онсыз
да өздерін аяусыз қанауға ұшыратқан жат жұрттық келімсектерге қарсы
ұйымдасып күресе бастаған жұмысшылар оларды қуып, жеңіске жетеді. Жат
қолында романында баяндалған оқиғалар желісі кеңес өкіметінің орнауымен
аяқталады. Сөйтіп, қарапайым халықтың бақытты өмір жолындағы күресі
мақсатына жеткендей де болады.
Жаңа өмір нышандарының ескі қоғам қойнауында пайда бола бастауын
көрсету үшін Ғ. Мүсірепов ұлттық характер проблемасына көбірек ден
қойған. Кейде бір характердің өзінде қаншама қайшылық кездеседі. Мінсіз
соғылған образдың бірі – Байжан қазақы мінезге бай. Қолы ашық, ақ
жүректі, ер кісі. Сонымен бірге аңқау, бөспелігі де бар. Ұлық алдында
жақсы атты көрінгісі келетін қышымасы ұстап, орыс достары алдында кінәлі
де болып қалады. Артынан ол өз атесін мойындап, оны жуып-шаятын іс сітеп,
жанындай көретін арын аман сақтап қалады. Ал бейғамдығы, қамсыздығы үшін
автор оны зілсіз қалжыңмен қағытып қойып отырады.
Автор үшін ұлттық характер – тарихи категория, уақытына қарай
өзгеріп, жаңарып отыратын, бұлжымайтын, қатып-семіп қалған нәрсе емес.
Романның ең маңызды көркемдік ерекшеліктерінің бірі – таптық
сананың тууын, халықтар достығы қалай қалыптаса бастағандығын көрсете
білуі халықтар достығы қалай қалыптаса бастағандығын көрсете білуі
деуге болады. Мұны да ол көбінесе орыс-қазақ одағы өкілдерінің
мінездерінен іздеп таба білген. Жазушы қазақ халқының басқа ұлт
өкілдеріне жатсына қарамайтын қонақжай, меймандос мінезін мақтаныш етсе,
орыстардың еңбекқорлығына, ұстамдылығына сүйсінеді.

Әдебиеттің басты мұраттарының бірі – адам баласының рухани
әлеміндегі жарасымдылықты қалыптастыру, өмірде адамзатқа ортақ
ізгіліктердің негізгі ұстанымдарын дәріптеу және бүкіл адам баласын
адамгершілік жолындағы іс-әрекетке үндеу. Бұл мақсатқа жету үшін
қаламгер адам болмысына үңілтеді. Өзі суреттеп отырған оқиғаны да,
көріністі де, ой-сезімді де адам төңірегінен өрбітеді. Себебі өнер
атаулының, оның ішінде әдебиеттің де нысаны – адам. Мақсаты – адам
игілігіне қызмет ету. Өмір шындығын, оқиғалар мен құбылыстарды,
баршаға ортақ ой-сезімдерді жекелеген адамдар мен оқиғалар арқылы
жинақтап, бейнелі түрде көрсету – өнерге тән қасиет. Демек, әдебиеттегі
өмір қаламгердің ой сүзгісінен екшеліп шыққан көркемдік әлемі болады
да, соған орай әдебиеттегі адам көркем бейне болып шығады.
Қалай болғанда да, әдебиеттің ең басты өлшемі күні бүгінге дейін
көркемдік болып келгені де, алдағы күндерде де солай болып келгені
де, алдағы күндерде де солай болып қалай берері анық.
Көркемдік – шығармашылық еңбек нәтижелерінің өнер саласына тән
екендігін анықтайтын шарттардың үйлесімділігі.
Көркемдік қуаты көркем туындыдағы шығармашылық ізденістердің
оқырманға әсер еткендігі арқылы анықталады. Оқырманға әсер ету
жолдары, яғни көркемдік шарттары көптеп саналады. Солардың арасында ең
қарапайым, әрі ең бастысы – көркемдік шындық. Көркемдік шындық –
қаламгерлердің шығармашылық көрігінде қорытылып, сұрыпталып барып,
әдеби туындыда көркем суретке айналған өмір шындығының бейнелі
көрінісі. Көркемдік шындық жазушының өмірлік шындыққа деген өзіндік
көзқарасынан, қарым-қатынасынан өрбиді. Шынайы өмірде әрбір адам қандай
маңызға ие болса, көркемдік әлемінде көркем бейне де сондай роль
атқарады.
Көркемдік шындық көркем образ арқылы жасалады. Ендеше, көркем
образ дегеніміздің өзі не? Ол қалай жасалады?
Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ – өмірлік шындықты игеру мен
қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше
тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем
шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен
әдеби қаһарманды, образ деп атаймыз. Көркем образ – өте күрделі ұғым.
Біз қарастырып отырған Жат қолында романының басты көркемдік образы –
Кенжеғара болып табылады. Сол себепті де шығармада Кенжеғараның
монологы арқылы авторлық пайымдау жеткізіліп отырады.
Өмір құбылыстарының көркем шығармада бейнелену ерекшеліктері –
көркемдік әдіс, яғни көркемдік ұғымы арқылы жеткізіледі. Автордың дүниені
қабылдауы мен ішкі пайымдауы, одан туындайтын эстетикалық көзқарасы,
қорытынды тұжырымы шығармада көркемдік әдіс арқылы танылады. Көркем
шығарманың қай саласында болмасын бір дәуірде, бір кезеңде өмір сүріп
келе жатқан жазушылар мен өнер адамдарының болмысты ұғындыруы,
көтерген тақырыбы, суреттеу ерекшеліктері және идеялық тұрғыдан өзара
үндес келуі немесе біріне-бірі ұқсамауы әдеби процесті анықтау мақсатында
белгілі бір әдеби ағым, бағыт, сарын ретінде жалпылама саралауға
негіз болуы мүмкін. Көркемдік ұғымы – көркемдік деталь арқылы айқындала
түседі. Көркемдік деталь – мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік,
сөз болып отырған нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай
көзге түсе бермейтін өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен
туындайды, сондықтан ол өмір құбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін
сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет-сипатты дәл тауып,
бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-
келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың
сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер
немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр
түрлі бояу-нақыштар – міне, осылардың қай-қайсысын да көркемдік деталь
ретінде алып қарауға болады. Мұхтар Әуезов Абай жолы роман-эпопеясында
жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қоладынатын
портреттік деталь – қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы
әсерлі елестетуі. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап,
тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады.
Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол
басып барады. Өзгеше ыстық, қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де,
білінбей кетті. Түн тыныштығын ұрлап кеткендей жұтып кетті. Шолпының
әдемі сылдыры жас қыздың қимыл-қозғалысының, жүрісінің бір ажырамас
белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сәттері
суреттелгенде-ақ біздің көңілімізге берік ұялайды. Шолпының дыбыстық
әсері жас қыздың қимыл-қозғалысының ерекше келісті сәнділігін көзге
елестетеді. Бұл көркемдік тәсілдің айрықша ұтымдылығы – аз сөзбен көп
мағына беріп, өмір құбылысын ықшамды, орамды түрде, ұтымды бейнелеуге
ұмтылуда. Айталық, адамның мінезін, қимыл-әрекетін суреттегенде, бірнеше
дөп басып көрсетілген сипат-өзгешелік арқылы оның бейне-тұлғасын көзге
тұтас күйінде айқын елестетуге мүмкіндік туады. Не нәрсе суреттеліп,
қандай жағдай баяндалса да, бүтінді жеке бір бөлшегі арқылы, тұтас
құбылысты кейбір дара сипаттары арқылы немесе адамның іс-әрекетін,
жүріс-тұрысын бір-екі қимыл-қозғалысы арқылы әсерлі көрсету – міне,
көркемдік деталь қолданудағы жазушының шеберлігі осыдан жақсы
аңғарылады.
Өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын
ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. Мұның ғылыми-теориялық ойлау
жүйесінен өзгешелігі бар. Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні – дүниені
көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады.
Образдық-сезімділік тұрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-
тұрмыс мәнін бағалау, көңіл-күй құбылыстары және қиял ырқымен жүзеге
асатын суретті, бейнелі ұғымдар синтезі көркемдік ойлаудың ерекшелігі
болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсенділігі, эстетикалық
сезімінің кемелділігі, сергектігі, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық,
тұтанғыштық қасиеттер көркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады.
Эстетикалық талғам, қиыннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz