Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3
І. Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісіне жалпы сипаттама
1. 1 Кітапханалар жүйесі . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі қызметі мен ұйымдастырылуының басты принциптері . . . 15
ІІ. Кітапхана қызметін заман талабына сай бейімдеу
2. 1 Ақпараттық-электрондық ресурстар және кітапхана қызметін автоматтандыру . . . 25
2. 2 Кітапхана мамандары. Халықаралық тәжірибе алмасу . . . 33
2. 3 Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы . . . 43
2. 4 Қазақстан кітапханаларында іске асқан жаңа жобалар мен бағдарламалар. . 46
Қорытынды . . . 59 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша . . . 65
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Бұл жолдауда мемлекетте бар барлық салаларды бәсекеге қабілетін көтеруге баса назар аударылған. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетін дамытудағы негізгі фактор - инновация.
Инновация деп кең мағынада жаңа технологияларды, өнім түрлерін және қызметті, әкімшілік, коммерциялық, қаржылық, өндіріс өнімдерін кіріс түсіретіндей етіп қолдану. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты cалауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы - кітапхaна.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасында 10 мыңдай кітапхана есепке aлынған, оның екі жүз миллион қорын 8 миллиондай оқырман пайдаланады. Олар әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға бағынысты, соған орай кітапхананың мұқтаждықтарын қаржыландыруда немесе құрылтайшылардың көмегін алуда да олар бірқалыпты деңгейде бола алмайды.
Кітапханалардың оңтайлы жұмыс істеуіне қолғабыс ету жағы да төмен. Сондықтан олардың даму дәрежесі де бірдей емес, әсіресе автоматтандыру мен жаңа технологияларды өндіріске ендіру бөлігі бойынша. Уақыт талабына сай жаңаша қызмет көрсетуді қатаң түрдегі қаржыландыру мәселесіне байланысты кейіндеп қалып отыp.
ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстантану» кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де маңызы зор. ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі туралы В. З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстары қаралған. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына арналған оқу құралында 1945-1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген. Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.
Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор, көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.
ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға бастады. Мысалы, Ү. Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілгенp[12, 45] .
Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу құралын жазған Д. А. Атабаев, Ә. Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады. Қазақстандағы мәдени революция идеологиясы тұжырымдамасы 20-30 жж мәдениеті баспа ісі, ғылым және ғылыми қоғамдар тарихы бойынша қорғалған соңғы жылдардағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қатарына Қ. Ә Ахметов., А. Т Қапаева., С. Р Рахимжанова, Д. А. Атабаев, Е. Д. Қасымов, А. Т. Селкебаева т. б. ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады.
Қазақстан кітапханаларының алдына қойған мақсаты қазіргі компьютерлік технологияларды, телекоммуникация құралдарын, халықаралық Интернет желісін қолдана отырып Қазақстанның және шет елдердің интеграциялық әлеуетіне кітапхананы пайдаланушылардың еркін де тең құқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қызмет етудің негізі мыналар:
- алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен, қазақстандық мемлекеттік ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру; халықаралық бағдарламалар мен форумдарға қатысып тұру;
- республикада біртұтас ақпарат кеңістігін құруға жәрдемдесу;
- шалғай жерлердегі пайдаланушыларға қажетті мәтіндер көшірмесін жедел алу үшін электрондық жолмен құжаттар жеткізу (ЭҚЖ) қызметін құру;
- баспагерлік қызмет; Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің кәсіби жағынан дамуына қолғабыс ету.
Осылайша жоғарыда аталған барлық факторлар аталмыш зерттеу жұмысының өзектілігін айқындап отыр.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасы кітапханаларының бүгінгі күйін, жағдайын қарастыру; заман талабына сай өзіндік даму жолын іздестіру;
Зерттеудің міндеттері:
- еліміздегі көпшілік кітапханалар жайлы ақпаратты толық жинау; кітапханалардың заманауи жабдықталуына, халықаралық қатынастарына, артықшылықтарына ғылыми талдау жасау; кітапханалардың деңгейін диагностикалық әдістер арқылы анықтау; Қазақстан Республикасы кітапханаларын даму жолдарын анықтау, Қазақстан Республикасы кітапхана ісінің жетілдірілуін анықтау.
Зерттеу нысаны: еліміздегі көпшілік кітапханалар.
Зерттеу пәні: көпшілік кітапханалардың бүгінгі таңдағы жағдайы.
Ғылыми болжам: егер - кітапхана ісіне Мемлекет тарапынан көп қаржы бөлінсе, егер біз қоғамның кітапқа деген қызығушылығын қайта арттыра алатын болсақ, егер кітапханалардың заман талабына сай құрал-жабдығы айтарлықтай мол болса, кітапханалардың қызметі әлдеқайда тиімді болар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: зерттеу жұмысына байланысты теориялық материалдар жүйеленді, статистикалық мәліметтер сараланып толықтырылды, әдебиеттерге талдау, саралау жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеуде пайдаланылған әдістер (талдау, синтез) кітапханашылар қауымына, кітапхана ісін зерттеушілерге көмекші құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерін кітапхана ісі мамандығын оқытатын жоғары оқу орындарында қолдануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Қазақстан Республикасының кітапханаларын толықтай қарастыру, зерттеп-саралау осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан зерттеу жұмысында теориялық мәліметтерді саралай отыра, тәжірбиелік көрсеткіштер арқылы бұл үдерістің тиімді жолдарын табу ұсынылды; Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің ғылыми негіздемесі әлсіз, алайда кейбір мамандар бұл мәселемен айналысады.
Тәжірибелік база: Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы (Астана қаласы) .
Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І. Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісіне жалпы сипаттама
1. 1 Кітапханалар жүйесі
Қазақстанның қазіргі заманғы кезеңінде кітапханалар елдің ақпараттық инфроқұрылымының негізі құрамы болып табылады және ақпараттық, білім, мәдени және әлеуметтік үлкен қызметтерді орындайды. Саланың дамуы және қордаланып қалған мәселелер туралы өз сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Д. Құрманғалиева айтып өтті. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің көпшілік кітапханалар жүйесінің желісі 4136, екі мың он бірінші жылмен салыстырғанда өсу 26 кітапхананы құрады [10, 123] .
. Анағұрлым кең және тармақталған кітапханалар желісі ауылдық жерлерде орналасқан - 3352 кітапхана. Жыл сайын кітапхана қорлары бюджеттік қаржы есебінен, мемлекеттік тапсырыс, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар әдебиетпен толықтырылады.
Жаңа технологияларды енгізу кітапхана ісінің сапасын көтеруге, оқырмандарға қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік берді. Алайда барша кітапханалар компьютерлермен жабдықталмаған, көпшілігі Интернетке шыға алмайды. Қорлардың толықтырылуы көңіл көншітпейді, Қазақстанда шығатын әрбір кітап пен әрбір мерзімдік басылымның тегін данасын міндетті түрде алу туралы ҚР «Мәдениет туралы» заңының нормасы үнемі сақтала бермейді.
Бүгін әсіресе жас, жоғары білікті кітапхана кадрларының жетіспеушілігі мәселесі өткір тұр. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасын ары қарай жаңғырту айрықша назар аударуды талап етеді.
01. 01. екі мың тоғызыншы жыл ж. берілген облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың есебі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінде 4 004 көпшілік кітапхана 70 219, 7 мың дана кітап қорымен 4 158, 9 мың оқырманға кітапханалық қызмет көрсетті. Оқырмандардың 33, 8%-ын балалар, 30, 0%-ын жасөспірімдер құрады. Оларға есепті жылы 88 848, 4 мың дана дәстүрлі және электрондық басылымдар берілді.
Республика тұрғындарына ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, Ж. Жабаев атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы, сонымен қатар 40 облыстық, 163 аудандық, 3 212 ауылдық, 316 қалалық, 257 балалар, 8 жасөспірімдер, 8 зағип және нашар көретін азаматтарға арналған, 3 дербес кітапханалар, 7 кітапхана-клуб кітапханалық қызмет көрсетті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (ОКЖ) 171-ді құрады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі көпшілік кітапханалар саны жыл сайын 100-ге артып отырған болса, осы жылы 183-ке артты.
ҚР Ұлттық кітапханасы екі мың сегізінші жыл жылы Мәдениет және ақпарат министрлі-гі жүйесіндегі кітапханалардың екі мың жетінші жыл жылы атқарған қызметіне талдау жасап, облыс әкімдеріне кітапханалардың жағдайы туралы мәліметтерді жіберді. Ұлттық кітапхананың жасаған талдауы бойынша Облыс әкімдері көпшілік кітапханалар жүйесін дамыту мәселерін алқа мәжілістерінде, мәслихат қарауында қарап, кітапханалар жүйелерін ретке келтіру барысында облыс көлемінде (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл) кітапханалар ашты. Мысалы: екі мың сегізінші жыл жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық алқа мәжілісінде кітапханалар жүйесінің жұмысы қаралып, «Облыс кітапханаларын дамыту» бағдарламасы қабылданды.
Нәтижесінде Алматы облысында 78 кітапхана ашылып, мемлекеттік көпшілік кітапханалар саны 214-ке жетті. Сол сияқты Шығыс Қазақстанда - 16, Ақтөбе облысында - 13, Қарағанды облысында - 12, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында - 11, Жамбыл облысында - 10, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 6, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында - 3, Маңғыстау облысында - 2 кітапханаға көбейді [126, 42] .
№ 1 кесте Облыстар бойынша мемлекеттік көпшілік кітапханалардың жалпы саны
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы екі мың сегізінші жыл жылы мәслихат шешімімен облыстық мәртебеге ие болды.
Қарағанды облысында мемлекеттік кітапханалардың қызметі мәслихат сессиясында, әкімнің алқа мәжілісінде тыңдалды. Балқаш ОКЖ директоры Л. В. Власова қалалық әкімшілік отырысында «Новые технологии в обслуживании пользователей в свете требований Закона «О культуре», мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісінде «Реализация городской программы развития учреждений культуры в библиотеках ЦБС» тақырыптарында кітапханалар мәселесін көтерді. Соның нәтижесінде жылдық бюджет 74, 0 миллион теңгеден астам қаржыны құрады, оның ішінде қор толықтыруға 13, 0 миллион теңге берілді.
Мемлекеттік көпшілік кітапханаларды дамыту, кітапхана жүйесін тиімді түрде ретке келтіру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, халық саны аз елді мекендердің тұрғындарын стационарлық қызметтен тыс (жылжымалы кітапханалар мен кітапхана пункттері және т. б. ) кітапханалық қызметпен қамту жұмыстары жалғастырылуда.
Батыс Қазақстан облысында «Облыстық 2003-2010 жылдары ауылдық аймақтық мәдениетті дамыту» бағдарламасының кітапхана тораптарын дамыту тармағына сәйкес аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативті жоспары бойынша Жаңақала ауданының Айтпай, Плантация ауылдарында, Бөкейорда ауданының Мақар ауылында кітапханалар ашылса, Тасқара ауданында тұрғындар санының стандартқа сай келмеуіне байланысты аудан әкімінің екі мың сегізінші жыл жылдың 29 тамыздағы №225 шешімімен Беленький ауылдық кітапханасы жабылды. Сондай-ақ, Зеленов ауданындағы Белоглинка ауылындағы кітапхана тұрғындар санының азаюына байланысты аудан әкімінің шешімімен осы округке қарасты тұрғындар саны көп, бұрын кітапханасы болмаған Колесов ауылына ауыстырылды.
Ақмола облысында 6 кітапхана ашылып, 3 кітапхана жабылды. Целиноград ауданы әкімінің екі мың сегізінші жыл жылгы №75 қаулысына сәйкес әрқайсысында 1600 тұрғыны бар Максимовка және Софиевка кітапханалары, Есіл ауданы әкімшілігінің № А 11/202, № А 8/169 қаулысына сәйкес Қаракөл және Ковыльное ауылдарының кітапханалары, Малтабар ауылындағы кітапхана, Көкшетау қалалық кітапхана жүйесінің филиалы ашылып, жұмыстары жаңғыртылды. Жарқайың ауданы әкімшілігінің екі мың сегізінші жыл жылғы 4 наурызындағы № А-3161 қаулысына сәйкес Западный, Кен, Жаңадала елді мекендеріндегі ауылдық кітапханалар жабылды.
Қостанай облысында Қарабалық аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 03. 01. екі мың сегізінші жыл ж. №2 бұйрығына сәйкес бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қарауында болып келген 9 кітапхана ауылдық кітапхана мәртебесіне ие болып, Қарабалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қабылданды.
Орта есеппен шаққанда республика бойынша әрбір 3, 9 мың тұрғынға бір көпшілік кітапханадан келеді. Батыс Қазақстан облысында -1, 5 мың тұрғынға, Ақмола облысында - 1, 9 мың тұрғынға, Солтүстік Қазақстанда -2, 1 мың тұрғынға бір кітапхана қызметі ұсынылған (№ 2 кесте) .
№2 кесте Бір көпшілік кітапханаға шаққандағы тұрғындардың орташа саны (мың адам)
Қостанай облысында әр 2, 3 мың тұрғынға, Павлодар облысында 2, 8 мың тұрғынға, Атырау облысында 3, 5 мың тұрғынға, Қызылорда облысында әрбір 3, 7 мың тұрғынға, Қарағанды 3, 5 мың тұрғынға, Жамбыл облысында әрбір 3, 7 мың тұрғынға, Шығыс Қазақстан облысында 4, 7 мың тұрғынға бір көпшілік кітапханадан келсе, Оңтүстік Қазақстан облысында 5, 6 мың, Маңғыстау 6, 5 мың, Алматы облысында 7, 7 мың тұрғынға бір көпшілік кітапханадан келеді. Әлі де осы облыстардағы кітапханалар жүйесі дамытуды қажет етеді.
екі мың сегізінші жыл жылы Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кітапханалар жүйесін тарату жұмыстары жүргізілді, 14 орталықтандырылған жүйенің 13 ОКЖ-сі таратылды. Ауыл кітапханалары ауыл әкімшілігінің құзырына берілді. Осыған байланысты орталық аудандық кітапханалар қызметінде келесі функциялар сақталды:
- аудандық кітапханалардағы кітап қорын орталықтандырып, толықтыру;
- ауыл кітапханаларының кітап қорына түскен құжаттарды өңдеу, есебін жасау, анықтамалық-библиографиялық аппаратқа енгізу және оны толықтырып отыру, қордан құжаттарды шығару жұмыстары;
- ауыл кітапханаларының қызметіне әдістемелік көмек көрсету, жиынтық есеп, жоспарларын уақытылы жүргізіп отыру.
Ауыл кітапханашыларының еңбек ақысын белгілеуге, тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны жақсартып нығайтуға, кітап қорын толықтыруға, құралдармен жабдықтауға ауыл әкімдеріне өкілеттік міндеттер жүктелді. Ауыл әкімшілігі мен Орталық аудандық кітапхана директорының арасындағы байланыс үзілмей, кітапханашыларды жұмысқа қабылдау тәртібі ауыл әкімшілігі және аудандық кітапхана директорының келісімімен жүзеге асырылады.
Республикадағы мемлекеттік қалалық кітапханалар торабы жетілдіруді қажет етеді. Қалалық кітапханалар торабының қызметі - әрбір ықшам аудан халқына қызмет көрсететін кітапханалар жүйесін ретке келтіру, үйлесімді қызмет көрсету және т. б. Мысалы, Алматы қаласы мен облысындағы қалалар (Есік, Талғар, Қаскелең), Қарағанды және т. б. облыстардағы қала тұрғындары кітапханалық қызметпен қамтылмаған. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Теміртау қаласында кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көптеген мәселелер туындауда (жүйеде 7 кітапхана бар) . Кітапханалардың басым бөлігі қаланың шығыс жағына шоғырландырылып, кітапханалық жүйе біркелкі орналаспаған. Қаланың ықшам аудандарында кітапханалық жүйелер нашар орналасқан. Ал 9-шы ықшам ауданда тұрғындарға кітапханалық қызмет мүлдем көрсетілмейді. Мемлекеттік көпшілік кітапханаларды ашу нормативтеріне сәйкес тұрғындар санын ескерсек, тағы 10 мемлекеттік кітапхана немесе кітапхана пункттерін ашуды қажет етеді.
Стационарлық қызметтен тыс кітапханалық қызмет көрсету жұмыстары облыстар көлемінде әртүрлі деңгейде. Дегенмен де, тұрғындары аз қоныстанған елді мекендерді кітапханалық қызметпен қамту жұмысы біртіндеп жақсарып келеді. Республика бойынша 1 054 кітапхана пункттері, 681 жылжымалы кітапханалар қызмет етеді, соның ішінде ауылдық жерлерде 862 кітапхана пункттері мен жылжымалы кітапханалар қызмет көрсетіп отыр.
Кітапхана пункттері - Ақмолада - 216, Оңтүстік Қазақстанда - 192, Батыс Қазақстанда - 188, Павлодарда - 166, Шығыс Қазақстанда - 76, Қостанайда - 68, Алматы - 52, Ақтөбеде - 29, Қызылорда - 27, Солтүстік Қазақстанда - 23, Маңғыстауда - 16, Атырауда - 1. Ал, жылжымалы кітапханалардың ең көбі Қарағанды облысында - 410. Батыс Қазақстан - 97, Атырауда - 86, Солтүстік Қазақстанда - 63, Қостанайда - 17, Ақтөбеде - 8. Олар тұрғылықты жерлердегі медицина, білім, мемлекеттік мекемелер, коғамдық ұйымдар қызметкерлерінің жұмыс орындарына, кейбір кітапханалары жоқ, тұрғындары аз елді мекендерге қызмет көрсетуде.
Ауылдық кітапханалар
Республика бойынша 4 004 көпшілік кітапхананың 3 212-сі (80, 2 %) ауылдық кітапханалар, соның ішінде 7 кітапхана-клуб, 8 ауылдық балалар кітапханасы бар. екі мың жетінші жыл жылмен салыстырғанда ауылдық кітапханалар саны 173-ке артты. Бір кітапханаға шаққанда ауыл тұрғындарының республика бойынша орташа саны 2, 3 мың адам (№ 3 кесте) .
Ауылдық кітапхана
лар саны
ДЫҚ
кітап хана-клуб
ауыл тұрғындарының орташа саны
(мың адам)
№3 кесте Бір кітапханаға шаққандағы ауыл тұрғындарының республика бойынша орташа саны (мың адам)
Екі мың жетінші жыл-екі мың сегізінші жылдардың бірінші қазанына дейінгі Қазақстан Республикасындағы ауыл халқының саны // Ауыл дамуының мониторингі екі мың сегізінші жыл жылғы қаңтар-қыркүйек. 2 бөлім. - Астана, екі мың сегізінші жыл. - 12 б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz