Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Сөздер мен сөйлемдер құрылысы - адамның дүниетану жетістігі».

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. 1. Тіл біліміндегі танымдық бағыт . . . 6

1. 2. Қазақ тілтаным ғылымының даму парадигмасы

1. 2. 1. Қазақ тілтану парадигмасында адамның дүниетанымы жөніндегі ой-пікірлер . . . 13

1. 2. 2. Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасында сөздер мен сөйлемдер құрылысының қарастырылуы . . . 19

1. 2. 3 Тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы сөздер мен сөйлемдер құрылысының адамның дүниетанымына ықпал етуі жайлы . . . 25

1. 2. 4. Тілтанымдық этюдтер парадигмасы . . . 27

1. 2. 5. Қазіргі когнитивтік парадигмалар . . . 29

2. 1. Когнитивизм ұғымы, сипаттама . . . 33

2. 2. Ой мен тіл тұтастығы . . . 38

2. . Ой жетістігінің биік үлгісі - халық даналығы . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымы іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, тілдік құбылыстары айқындалып, дамуда, толығуда. Сондай сараланған, жалпы тіл білімінде үлкен талас пен талқы тудырып жүрген салалардың бірі - когнитивтік лингвистика.

Қазақ тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік белгілерін сұрыптау, өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың әрі көкейтесті проблемалар қойып отыр. Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу - барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру - барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың көкейтесті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.

Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі.

Бүгінгі таңда когнитивті лингвистиканың теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттеліп, айқындалуда. Жұмыс барысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары мен жаңалықтарының көрсеткіші ретінде қазақтың А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Р. Сыздық, Қ. Өмірәлиев, Е. Жанпейісов, Н. Уәли, А. Әділова т. б. сынды ғалымдарының, шетелдік ғалымдардан В. А. Маслова, Ю. Н. Караулов, И. Гальперин т. б. сынды ғалымдар еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, қазақ топырағындағы когнитивті лингистиканың тіл біліміндегі орнын, мән-маңызын ашуда, зерттеп-зерделеп, жүйелеуде Э. Д. Сүлейменова, Н. Ж. Шаймерденова, Г. Г. Гиздатов, Ж. Манкеева, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Б. Хасанов, Б. Қасым, А. Ислам еңбектерінің маңызы зор екені баса айтылды.

Кейінгі жылдары жарық көріп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлі де зерттей түсуді қажет ететін тұстары бар екендігін көрсетіп отыр. Сондай мәселелердің бірі - тіл мен таным арақатынасы, тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, когнитивтік парадигма, теориялық тұжырым. Аталмыш мәселелерді айқындаудың теориялық та, практикалық та маңызы зор.

Оған қоса адамның қоршаған ортаны, дүниені тануының, жадылауының коды саналатын сөздер мен сөйлемдер құрылысы тілтанымның басты нысаны саналады. Жеке тұлғаның танымы көптің көкейіндегіні жеткізіп жатса, халықтық дүниетанымның көрсеткішіне айналары сөзсіз. Оған халық даналығы - мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен шешендік сөз үлгілері айқын дәлел. Осыған орай сөздер мен сөйлемдер құрылысындағы астарлы ойдың адамның дүниетаным жетістігі екенін дәлелдеу - диплом жұмысының өзектілігіне айналды.

Жұмыстың нысаны. Сөздер мен сөйлемдер құрылысы, адам дүниетанымы, тіл мен танымның арақатынасындағы ерекшелік, халық даналығындағы сөз маржандары.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:

  • Сөздер мен сөйлемдер - адам санасының жемісі, адам тәжірбиесінің қорытындысы, дүниетанымының жетістігі екенін дәлелдеу;

Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалды:

  • Жалпы тіл біліміндегі тілтанымға қатысты зерттеулерге шолу жасау; Қазіргі қазақ тіліндегі танымдық бағыттың бастау арналарын анықтау; Ой, сана, тіл тұтастығына тоқталып, ғылыми айғақ келтіру; Мақал-мәтелдердегі, тұрақты тіркестердегі, шешендік сөз үлгілеріндегі халық дүниетанымының көрінісін зерттеп-зерделеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Когнитивтік лингвистика саласында сөз бен сөйлем құрылысының танымдық тұрғыдан зерттеп зерделену мәселесінің қозғалуы - аталмыш жұмыстың ғылыми жаңалығына айғақ бола алады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тіліндегі паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі тұрмыстың мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде қарастырылған тұжырымдар тіл білімі, этнолингвистика, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1. 1. Тіл біліміндегі танымдық бағыт

Тіл білімінің қайсыбір дәуірінде зерттеу нысаны болып келе жатса да күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған тақырыптың бірі - тілдің ақиқат дүниені танытуы. Таныту тікелей ой арқылы жүзеге асады. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде көрініс табатын болғандықтан, адамның өзін қоршаған дүниені тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселе ғылымда алдыңғы мәселелер қатарында.

Ал адамзаттың тіршілігі - мәдениеттің әлемі. Тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады, өйткені ол әлемнің бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке. Дегенмен тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани алмаймыз. Шын мәнінде, нақтылы әлем бейсаналы түрде тілдік нормалар негізінде жасалады. Адамның қандай да бір құбылысты әрқалай көруі, естуі, қабылдауы тілдік нормалардың өз көрінісінің формасына сай болуымен байланысты.

Дүниені танудың тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы көрсеткіштерді тіл, мәдениет, өркениет ұғымдарының өзара байланысы тұрғысында қарау қажет.

Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т. б санадағы тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі, яғни «дүниенің тілдік бейнесі». Осыған байланысты профессор А. Салқынбай: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл - адамзат танымының феномені. Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» [23, 126] - дейді. Демек, қандай да болмасын, заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану, немесе анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып оны сөзбен бекітеді.

Тілді танымдық тұрғыдан зерттеуге баса назар аударатын ғылымды когнитивтік лингвистика деп атайды.

Когнитивті ғылым ақпарат білім құрылымы, ақпаратты өңдеу және есте сақтау, қажет мәліметті сыртқа шығару, ақпаратты адам санасы мен тілдік формада жеткізуді ақпарат теориясынан қабылдап алады. Ғылымның бұл саласы адам санасы қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәлімет білім болып қалыптасады, ментальды кеңістік қалай пайда болады деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Когнитивті ғылым термині 70-жылдардың орта шенінен бастап адамның ақпаратты қабылдау, жинақтау, қолдану үдерістерін зерттейтін саланы белгілеу мақсатында қолданыла бастады. Сонымен, когнитология тек қана пәнаралық емес, адамның когнитивті үдерістерін зерттеу барысында математика, философия, лингвистика, психология, ақпарат теориясын т. б. біріктіретін синтетикалық ғылым болып табылады.

Мысалға, когнитивті психология тіл біліміндегі психологизм жөніндегі А. А. Потебня, Г. Штейнталь, В. Вундт XIX ғасырдың өзінде-ақ өз пікірлерін айтқан болатын. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан когнитивті модельдерді қабылдайды.

Шынында да, тілдің қызметі психологиялық механизмдерге негізделеді, өйткені тіл адамның дүниемен байланысуының көрсеткіштік тәжірибесінің жинақталу және сақталуындағы маңызды бөлшек болып табылады. Ал кез келген тәжірибенің негізін қабылдау мен есте сақтау процестері құрайтындықтан, тану мен тілді зерттеу барысында психологияда зерттелетін перцептивті (өзара байланыс) үдерістердің ерекшеліктерін ескермеу мүмкін емес.

Лингвистика өзінің даму жолында 3 рет, яғни XIX ғасырдың 80-жылдары (младограмматизм), XX ғасырдың орта шенінде (психолингвистиканың пайда болуы), XX ғасырдың 80-жылдары ( когнитивті лингвистиканың пайда болуы) психологиямен байланысқа түскені белгілі.

Кейбір зерттеушілер когнитивті лингвистиканы «аса тереңдіктегі семантика» деп анықтап, семантикалық идеялардың табиғи дамуы ретінде қарастырады.

Тілдік семантика категориясында олар дүниені адам тануының қабылдауының нәтижесі ретінде қабылданатын жалпы түсіндірмелі категориялар деп түсінеді. Алайда бұл анықтамамен шектелу мүмкін емес, өйткені когнитивті лингвистика зерттеулерінің кейбір нәтижелері тек қана тілдің семантикасына қатысты емес. Мысалы, когнитивті лингвистикада қарастырылған прототип түсінігі фонологияда да, морфологияда да, диалектологияда да пайдаланылады.

Когнитивті лингвистиканың белгілі зерттеушілері - Н. Д. Арутюнова, А. Вежбицкая, Ю. С. Степанов, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия және т. б. семантиканы зерттеуден бастаған.

Жоғарыда аталған үш саладан басқа когнитивті лингвистиканың қалыптасуына ықпал еткен, универсалды екенін жақсы түсінуге мүмкіндік беретін лингвистикалық типология және этнолингвистика, тілді адам миының ментальды танымының негізі ретінде зерттейтін нейролингвистика , тілді меңгеру мен пайдаланудың жалпыадамзаттық механизмдерін зерттейтін психолингвистика , концептердің пайда болу және қызмет ету барысында мәдениеттің рөлін анықтауға мүмкіндік беретін мәдениеттану сияқты ғылымдарды қарастырған жөн.

Когнитивті лингвистиканың негізінде адамның жүріс-тұрысы мен қызметі оның білімімен анықталады, ал оның тілдік іс-қимылы тілдік біліммен анықталады деген қағида жатыр.

Когнитивті лингвистиканың мынадай қалыптасу кезеңдерін белгілеуге болады:

Когнитивті лингвистика ең алғаш қалыптасқан Америкада тіл білімінің бұл саласын «когнитивті грамматика» деп атаған, өйткені ағылшын тілді лингвистикада грамматика термині кең мағынада қолданылады.

«Когнитивті грамматика» термині алғаш рет 1975 жылы Дж. Лакофф пен Г. Томпсонның «Когнитивті грамматикамен таныстырамыз» атты мақаласында қолданылған болатын. 1987 жылы Р. Лангакердің «Когнитивті грамматика негіздері» атты еңбегінің бірінші томы (екінші томы -1991) және осы салаға байланысты Дж. Лакоффтың «Әйелдер, от және қауіпті заттар», М. Джонсонның «Ой үстіндегі тән» атты еңбектері жарық көрді.

XX ғасырдың 80-жылдары когнитивті грамматиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан Л. Талмидің, Ч. Филлмордың, У. Чейфтің мақалаларын атауға болады.

XX ғасырдың 90-жылдарына дейін шетелдік когнитивті лингвистика бір -бірімен аз байланысты немесе мүлде байланысы жоқ жеке зерттеу бағдарламаларының жиынтығын құрады. Олардың қатарында Дж. Лакоффтың, Р. Лангакердің, Т. Ван Дейктің (Нидерланд), Дж. Хэйманның (Канада) және т. б. бағдарламаларын атауға болады.

90-жылдардың орта шенінде Еуропада когнитивті лингвистикадан алғашқы оқулықтар басылып шықты: Ф. Унгерер және Х. Шмидт «Когнитивті лингвистикаға кіріспе» (1996), Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздері» (1997) .

Ресейде когнитивті лингвистика өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап дами бастады. Алғаш рет когнитивті грамматикадан В. И. Герасимовтың шолуы шықты (1985) . Когнитивті лингвистиканың Ресейде қалыптасуына мына басылымдар ықпал етті: Т. Виноградтың «Табиғи тілді түсінетін бағдарлама» (1976) және Р. Шенктің әріптестерімен бірігіп шығарған «Концептуалды ақпараттың өңделуі» (1980), сонымен қатар «Шетел лингвистикасындағы жаңалық» атты еңбектің XІІ томы.

1988 жылы Кеңес Одағында когнитивті лингвистика мәселелеріне арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалық» сериясының XXІІІ томы, ал 1995 жылы

« Тіл және интеллект» атты аударма жинағы шықты.

Ресей когнитивистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар қатарында мына ғалымдарды атауға болады: Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, Ю. С. Степанов, И. А. Стернин, В. Н. Телия және т. б. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде тілдегі «адам факторы», сонымен қатар лингвистиканың философиямен, психологиямен тығыз байланысы үнемі назарларында болған. Е. С. Кубрякова, Б. А. Серебренников, А. А. Уфимцова т. б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, ғаламның ғылыми бейнесін құруға ойлаудың түрлі типтері бейвербалды түрлері де қатысады.

Орыс ғалымы Е. С. Кубрякова «Язык и знание» еңбегінде ғылыми білімнің когнитивтік парадигмасын зерделеп, тіл білімінде когнитивтік тіл біліміне қатысты жазылған еңбектерді шола отырып, әсіресе Америкалық генеративті әмбебаптық грамматиканың негізін салушы Н. Хомскийдің когнитивтік теория туралы айтқан қисындарын, оған байланысты жазылған әртүрлі ғылыми пікірлерді саралай келіп, мынадай тұжырым жасайды: «Язык выявляет, объективирует то, как увиден и понят мир человеческим разумом, как он преломлен и категоризован сознанием. Каждая языковая единица и особенно каждая языковая категория могут рассматриваться как проявление указанных выше когнитивных процессов и в качестве специфических их результатов» [32, 45] .

Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар турасында ғалым В. В. Воробьев тұжырым жасайды.

Ғалым когнитивтік жүйенің әмбебап сипатта болатындығын, оның көлемі мен тұтастығындағы айырмашылық түрлі ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне байланысты екендігін, лексикалық жүйе ұлттық сипатта болатынын, түрлі тілдердің лексикалық жүйесі арасындағы айырмашылық, алдымен ішкі бөліктерге бөлінуіне байланысты екендігін баса айтқан.

Сонымен қатар, В. Воробьев функционалдық айырмашылықтарға келген кезде, когнитивтік жүйе тану процесі мен еңбек әрекетіне бағытталғанда, лексикалық жүйе коммуникацияға бағытталатындығын да атайды.

Оған қоса тілші-ғалым: «Генетикалық тұрғыдан когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге қарағанда алғашқы болып табылады және табиғатынан консервативтік саналатын лексикалық жүйеге қарағанда тезірек қарқынды жетіліп, дамып отырады (Генетикалық тұрғыдан қарағанда терминологиялық жүйе лексикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Бірақ даму тұрғысынан когнитивтік жүйенің құрамдас бір бөлшегі деп қабылдауға болады) »[28, 32] - деп ой түйеді;

Когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге және жалпы тілдік жүйеге қарағанда толығырақ, байырақ болып көрінеді, лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады (Терминологиялық жүйе терминдік қоры жағынан лексикалық жүйе секілді когнитивтік жүйенің бір бөлігі болып саналады) .

В. Воробьевтің пікірі бойынша: «Когнитивтік жүйе арқылы адам дүниені танып, өз қозқарасын лексикалық жүйенің көмегімен суреттей алады. Дүниенің әлдебір тұрақты ұлттық моделін айқындау үшін, ұлттық өмір элементтерінің өзара қарым-қатынасын, құрылысын білуге тырысу қажет» [28, 32] .

Зерттеуші С. Г. Воркачаевтың тіл мен таным, тіл мен ойлау мәселесі жөнінде мынадай пікірі бар: «Тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі».

Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы XX ғасырдың I жартысынан басталған, ғылыми негізі сұрыпталған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бір жүйеге түскен ілімдер қатарына жататындықтан, «тілтану» ұғымының қалыптасуы негіздерін зерттеу жаңа лингвистикалық ізденістерге жол ашады. Қазақ тіл біліміндегі танымдық қағидалардың ерекшелігін сөздің халық санасында бейнелі қабылдануы, адамның сан алуан шығармашылық қабілеті, сөз мағынасының қолданылу шеңбері, тілдік құралдардың құрылымдық табиғаты, тіл тарихының өнегелі сипаты, қоршаған әлем мен ұлттық мәдени дәстүрдің, қоғамдық даму мен психологиялық қалыптасудың тілдік амалдар арқылы суреттелуі секілді мәселелердің шешім табуымен байланыстыру қазақ тіл білімінің өзіндік қалыптасуы мен даму табиғатын, концептологиялық әрі когнитивтік негіздерін жүйелеуде маңызды роль атқарады.

Тіл туралы ғылымның тарихи қалыптасуы мен теориялық дамуы алуан түрлі ұғымдардың да лингвистика шеңберінде қолданыс тапты. Өзге ғылымдармен тығыз байланыс құрай отырып, тіл білімі пәлсапалық, қоғамдық, психологиялық терминдерді тілдік ізденістерге арқау етіп, ғасырлар тоғысында жаңа міндеттер шешу мүмкіндігіне ие болды, соның арқасында қазір лингвистика пәнаралық шекараларды жаңаша белгілеумен қатар, ғылыми тұтасудың да өзгеше үрдісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл процестердің астарында «адамзат болмысын» ерекше қабылдау, «қоғамдық қатынастарды» жан -жақты түсіну, «ғылыми зерттеу мүмкіндіктерін» жаңа бағытқа жұмылдыру әрекеттері байқалады. Бүгінгі күні көкейкесті ұғымдар қатарын толықтырған «тілдік парадигма» тіркесі де сол байланыстар тізбегінен орын алуда.

«Парадигма» - салыстырмалы түрде тек кейінгі жылдары ғана қажеттілік тудырған түсініктердің бірі. «Парадигма» «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман, герман топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада қолданылмаған. Ол алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген.

Белгілі ғалым Т. Кун парадигманы барлығы қолдап белгілі бір уақыт аралығында ғылыми қауымға алдына қойылар міндеттер мен оларды шешу жолдарының моделін ұсынатын ғылыми жетістіктерді атады» [6, 10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Математикалық логиканың элементтері
Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz