Анықтауыш оның жасалу жолдары



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сөйлем мүшелері, тұрлаусыз мүшелер жайлы жалпы түсінік...6
2.2. Анықтауыш оның жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуын, қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс. Ол үшін әрине, тіл заңдылықтарын сақтай отырып сауатты сөйлеу міндет болмақ. Сол себепті де тіл ғылымындағы синтаксис саласының көтерер жүгі ауыр.
Синтаксис саласы қазақ тіл ғылымында 1923 жылдан зерттеле бастады. Ахмет Байтұрсыновтың синтаксис туралы арнайы ойлары «Тіл-құрал» еңбегінің ІІІ бөліміне арқау болған. Онда сөйлем жүйесі мен түрлері мәселесі көтерілді. Еңбек екі бөлімнен және «Жазу қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі» бөлімі, сондай-ақ сөйлем түрлерін айыруға керекті сөйлемдік мысалдардан тұрады. Еңбектің бірінші бөлімінде, ең алдымен, сөйлем мүшелері сөз болады. Ғалым сөйлем мүшелерін түркі тілінде тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінетіндігін алғаш болып айтқан. Олардың әрқайсысындағы ерекшеліктер де жіті талданған. А.Байтұрсынов бастауышты алдымен бас мүше, сөйлемдегі негізгі қазық, сөйлем иесі ретінде таниды. Оның ішкі және сыртқы белгілерін айта келіп, әр сөз табынан жасалуын ішкі, ал сұрауларға жауап беруін сыртқы белгісі деп ұғады. Осы негізде бастауыш жасалуының түбін зат есімнен іздеп, одан басқа сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай, тіпті сөйлемнің де бастауыш болуын алғаш көрсете білді.
Автор сонымен қатар баяндауышты баяншы мүше деп берді. Еңбекте баяндауыштың етістік, сын есім, сан есім, зат есім, есімдік , одағай, бүтін сөйлемдерден де жасалатыны көрсетілген. Сонымен қатар ғалым күрделі баяндауыштың бірінші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік (есімше, көсемше түрінде) екінші сыңарларының көмекші етістік болатынын дұрыс көрсеткен.
Ахмет Байтұрсынов анықтауыштың сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік (есімше) сөздерден жасалатындығын көрсетеді. Автор алушы сөзін де есімшеге жатқызады. Ғалым ілік жалғаулы сөздің анықтауыштық қызметін, жалғаулық, одағай, бүтін сөйлемнің де анықтауыш болуын сөз ете келе қандай? не? неше? нешінші? кімнің? не етуші? не еткен? Сұрақтарын алға тартады [6,16].
1. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985.
2. Грамматика русского языка. т.І. 1952.
3. Н.А. Баскаков «Ногайский язык и его диалекты», 1941.
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет.
5. С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.
6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
8. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі.– Алмаыт, 1948.
9. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. – Алматы, 1963
10. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Санат,1999.
11. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1983.
12. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, 1994.
13. Сайрамбаев Т. Синтаксис мәселелері. Алматы, 2008.
14. Нұрғалиева М. Сөздердің синтаксистік байланысы. // Ақиқат. – 2011. –№3 -91-92 б.
15. Серғалиев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы, 2006.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Анықтауыш оның жасалу жолдары

050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытудың түрі: сыртқы

Тексерген: ф.ғ.к. Қияқова Р.Ж.
Орындаған:

Көкшетау – 2011

ЖОСПАР

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Сөйлем мүшелері, тұрлаусыз мүшелер жайлы жалпы түсінік...6
2.2. Анықтауыш оның жасалуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...22

КІРІСПЕ

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуын, қарым-қатынас
жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін
негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе
білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында
қалыптастыруы тиіс. Ол үшін әрине, тіл заңдылықтарын сақтай отырып
сауатты сөйлеу міндет болмақ. Сол себепті де тіл ғылымындағы синтаксис
саласының көтерер жүгі ауыр.
Синтаксис саласы қазақ тіл ғылымында 1923 жылдан зерттеле бастады.
Ахмет Байтұрсыновтың синтаксис туралы арнайы ойлары Тіл-құрал
еңбегінің ІІІ бөліміне арқау болған. Онда сөйлем жүйесі мен түрлері
мәселесі көтерілді. Еңбек екі бөлімнен және Жазу қосымша белгілері мен
тыныс белгілерінің жалпы ережесі бөлімі, сондай-ақ сөйлем түрлерін
айыруға керекті сөйлемдік мысалдардан тұрады. Еңбектің бірінші
бөлімінде, ең алдымен, сөйлем мүшелері сөз болады. Ғалым сөйлем мүшелерін
түркі тілінде тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінетіндігін алғаш болып айтқан.
Олардың әрқайсысындағы ерекшеліктер де жіті талданған. А.Байтұрсынов
бастауышты алдымен бас мүше, сөйлемдегі негізгі қазық, сөйлем иесі
ретінде таниды. Оның ішкі және сыртқы белгілерін айта келіп, әр сөз
табынан жасалуын ішкі, ал сұрауларға жауап беруін сыртқы белгісі деп
ұғады. Осы негізде бастауыш жасалуының түбін зат есімнен іздеп, одан
басқа сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, демеу,
жалғаулық, одағай, тіпті сөйлемнің де бастауыш болуын алғаш көрсете
білді.
Автор сонымен қатар баяндауышты баяншы мүше деп берді. Еңбекте
баяндауыштың етістік, сын есім, сан есім, зат есім, есімдік , одағай,
бүтін сөйлемдерден де жасалатыны көрсетілген. Сонымен қатар ғалым
күрделі баяндауыштың бірінші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік (есімше, көсемше түрінде) екінші сыңарларының көмекші
етістік болатынын дұрыс көрсеткен.
Ахмет Байтұрсынов анықтауыштың сын есім, зат есім, сан есім,
есімдік, етістік (есімше) сөздерден жасалатындығын көрсетеді. Автор алушы
сөзін де есімшеге жатқызады. Ғалым ілік жалғаулы сөздің анықтауыштық
қызметін, жалғаулық, одағай, бүтін сөйлемнің де анықтауыш болуын сөз ете
келе қандай? не? неше? нешінші? кімнің? не етуші? не еткен? Сұрақтарын
алға тартады [6,16].
Келесі кезекте қазақ ғылымына елеулі еңбек сіңірген Қ.Жұбановтың
пікірлері. Ғалымның синтаксис туралы негізгі ойлары Қазақ тілі
грамматикасы еңбегінде. Синтаксисті қоспа деп атап, оның обьектісін
сөйлем деп тапқан. Еңбекте сөйлеу, сөз бен ой, сөйлем сияқты бөлімдер
өзіндік ерекшеліктерімен көрінген. Онда сөйлемдегі мақсаттасудың екінші
біреуге өзінің ойын білдіру – десе, ой деген адамның өзі жайлы,
болмаса, төңіректегілер жайлы білгені, ал сөз деген – сол білген
нәрселердің аты [7,65].
Қ.Жұбанов ойынша бастауыш пен баяндауыш – негізгі мүше. Ал
басқа сөйлем мүшелері не бастауышқа, не баяндауышқа қатысты. Мысалы:
Жылы-жылы жел соқты, жылғалардан су ақты. Осы сөйлемдегі жылы-жылы сөзі
бастауышқа, жылғалардан баяндауышқа қатысты. Бұл мүшелер –
айқындауыштар, басқаша айтсақ, тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің айқындауыш
мүшелеір анықтауыш пен толықтауыш арқылы тиянақталған. Ғалым жалғаулы
болса толықтауышқа, жалғаусыз болса анықтауышқа телиді.
Автор еңбегінде анықтауышқа мол орын берілген. Біріншіден, тіркес
тарихы ашылған. Екіншіден, байланысу амалына (орын тәртібі) көп көңіл
бөлінген: үй сөзіне биік және тас анықтауыштарының қайсысы бұрын, қайсысы
соң тұру керек деген мәселе шешілген. Олар биік тас үй түрінде, ал
сан есім тіркескенде екі тас үй болып айтылады.
Синтаксис саласын зерттеуге айтарлықтай қомақты үлес қосқан
ғалымдардың бірі – Нығмет Сауранбаев. Ғалым сөйлемдегі тұрлаулы
мүшелердің айтылу-айтылмауына, бар-жоқтығына қарай толымды, толымсыз,
жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер деп саралаған. Осы кезекте сөйлем
мүшелерінің ішінде анықтауышты қабыспалы, матаулы деп топтауы және
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? сұраулары негізінде жасалуы
қазіргі күні қолдауын тапты [8,89]. Сын есім, сан есім, есімдіктен
жасалуын көрсеткен ғалым зат есім, сын есімдердің -дайдей, -тайтей түрі
есіммен тіркескенде ғана анықтауыш, ал етістікпен тіркескен кезде
пысықтауыш болуын дұрыс көрсетеді. Н.Сауранбаев пікірінше, айқындауыш
мүше де көбіне зат есім, есімшеден, тұйық райдан, көсемшенің -ғалы
және үстеуден болған мүшені айқындайды. Сонымен қатар айқындауыштың өзі
анықтайтын сөзімен тұлғалас келеді деген пікірі де дұрыс. Автор
айқындауыштың бір-ақ түрін беріп, оның екі түрлі тыныс белгісін
көрсетеді. Біріншіден, айқындауыштар екі жағынан үтірмен және
айқындаушы мүше жалпы есімнен болса, жақшаға алынады.
Жұмыстың нысаны – тұрлаусыз сөйлем мүшесі анықтауыш және оның
жасалуындағы ерекшеліктер.
Жасалуы мен түрлері айтарлықтай көп тұрлаусыз сөйлем мүшесі –
анықтауышты бүгінгі күн талабына сай терең зерттеу тақырыптың
өзектілігін айқындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі
мақсаты:

– қазақ тіліндегі тұрлаусыз сөйлем мүшесі анықтауыштың жасалуын
казіргі қазақ тіліндегі деректер негізінде зерттеп, синтаксис
жүйесінен алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау;

Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешуге ұмтылыс
жасалды:

– анықтауыш жайлы қазақ тіл білімінде қалыптасқан жалпы
мәліметтерді толықтай қамту;
– айқындауыш, сапалық анықтауыш ұғымдарына түсінік беру;

2.1. Сөйлем мүшелері, тұрлаусыз мүшелер жайлы жалпы түсінік

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі
мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем
ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа
жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.
Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және
тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал
анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін
білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз
топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді.
Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге
бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз (Ғ. Мұстафин).
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім,
етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
Баяндауыш – сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-
әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2
жақта) түрде қиыса байланыса қолданылатын тұрлаулы мүше.
Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде
сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін
баяндауыштан анықтауға болады.
Толықтауыш – сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде
тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде?
кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?
Анықтауыш – сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған
мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік – қатыстың жағынан анықтап
тұратын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша?
неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап
береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге
бөлінеді.
Пысықтауыш – сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын,
мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім
үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет?
деген сұрақтарға жауап береді.
Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс,
жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан
есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз
бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге,
қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын
септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін
атқарады.
Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді.
а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы?
ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін?
б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін?
в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды
айқындайтын тұрлаусыз мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш,
пысықтауыш.
Бұларды тұрлаусыз мүшелер дейтін себебіміз не? Сөзінде тиянақ жоқ
кісіні сөзінің тұрлауы жоқ деп те атаймыз. Осындағы тұрлау сөзі
тиянақ, береке, пәтуа деген ұғымдарды білдіреді. Тұрлаусыз деген
сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне тануымыз ол мүшелердің сөйлемді тиянақты
етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында, бастауыш пен баяндауыш
сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында,
бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас арқауы болса,
тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына
топтанып, алдымен оларды және бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады.
Мысалы: Көк жүзінің шарбы бұлты әлдеқайда тарап жоқ болып жатыр (Б.
Майлин). Бұл сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер бастауышқа және баяндауышқа
қатысты болып тұр: көк жүзінің шарбы деген сөздер (анықтауыштар) бұлты
деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды; ал әлдеқайда (пысықтауыщ)
сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды.
Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып...
қарауытқандай сай болды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер:
біреуі (бастауыш), сай болды (баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер –
анықтауыш пен пысықтауыштар. Олар тұрлаулы мүшелерді және бірін-бірі
анықтап, пысықтап тұр: арықтардың – анықтауыш, бастауышты анықтайды,
тарамданған – ол да анықтауыш, арықтардың деген анықтауышты анықтайды,
қолдың саласындай – пысықтауыш, ол тарамданған деген анықтауышты
пысықтайды.
Осылардай тұрлаулы мүшелердің ғана емес, тұрлаусыз мүшелердің
де: анықтауыштың – анықтауышы, пысықтауышы, толықтауышы; толықтауыштың –
анықтауышы, пысықтауышы; пысықтауыштың – толықтауышы, пысықтауышы болуы
мүмкін.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айырудың ғылыми
тірегі әлсіз болады. Дұрысында, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне қатысты
мәселе сөз тіркесі жайындағы іліммен тығыз баланысты қаралуға тиіс.
Сонда өзара тіркескен сөздер тобының қандай қарым-қатынасты
білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз. Сол ізбен
зат есімдер мен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі тұлғадағы
сөздердің бәрі – анықтауыш, етістікпен және кейбір есімдермен
обьектілік қатынаста тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік
қызметі толықтауыш болады. Сондай-ақ етістіктерге , кейде кейбір
есімдерге қатысты болып, мезгіл, мекен, амал т.б. мағыналарда
жұмсалатын сөздер, қандай тұлғада болмасын, пысықтауыш қызметінде
жұмсалады.
Сөздер байланысының негізінде өрбіген жеке сөйлем құрылысындағы
ұйымдастырушы тілдік бірліктер – синтаксистік қатынас деп аталады.
Сөйлем ішіндегі синтаксистік қатынастардың екі типі бар. Біріншісі –
предикаттық қатынас. Бұл сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың өзаралық
қатынасы, сөйлем құрылысының ең басты тәсілі, сөйлемнің лексика-
грамматикалық негізін құрайтын сөздердің болуы [1,12].
Басқаша айтқанда, сөйлемдегі негізгі мүшелердің орайласа
байланысуынан туындаған нәтиже: Бұл пойыздың Шу мен Мойынқұм өлкесіне
таяп қалғанының хабары еді (Ш.Айтматов). Сөйлемдегі бұл мен хабары еді
сөзтұлғаларының қатынасы осыдан өрбіген.
Предикаттық қатынас құрмаластық құрам мен мәтіндік құрылымға да
тән. Мұндайда қатынас түрінің әр синтаксистік компонент бойынан, мәтін
үшін әр сөйлемдік тұлға бойынан табылатынын ескерген жөн: Жауап бар да,
айтуға аузы барар емес. Арқа тұстан әлден уақытта таң сібірлеп, маңай
тұманнан арыла бастады (Д.Досжанов).
Екіншісі – предикаттық емес қатынас. Предикаттық емес қатынастың
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық түрлері кездеседі. Мұндай
қатынас түрлерін сөйлем мүшелері түрлерінен ажырата қарау қажет. Бір
жағынан олардың өзіндік жақындықтары да бар. Аталымдары жақын, тіпті
бірдей талдауға да көне береді. Мәселен, сөйлем мүшесінде болатын екі
жақты қатынас (анықтаушы мен анықталушы, пысықтаушы мен пысықталушы)
синтаксистік қатынасқа да тән. Бірақ синтаксистік қатынас сөздер
тіркесімі мен сөйлемнің ерекшеліктеріне негізделеді. Сондықтан да
–тық қосымшасымен айтылса керек. Ал сөйлем мүшелері тек сөйлемнің
ерекшелігінен өрбиді.
Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде
қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Сөйлемнің ішіндегі
анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт сөздерінің жұмсалуын
жатқызар едік.

2.2. Анықтауыш, оның жасалуы

Есім сөздермен анықтауыштық қатынаста тіркесіп, олардың сөйлемде
әр түрлі сынын,түр-түсін, мекенін, санын, көлем-мөлшерін т.б. сапалық
сипаттарын білдіріп тұратын сөздер анықтауыштар деп аталады.
Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі сыны, белгісі болып
келетіндіктен сөйлемге көрік беріп, оны әсерлі етіп тұрады. Олар тілдің әр
түрлі көркемдеу құралы ретінде өнімді қолданылып, көркем әдебиеттерде
ойды көрікті, бояулы берудегі стильдік әдістің ең бір икемді түрі
болады. Бұлардың стильдік қолданылуы әсіресе, поэтикалық тілде көп те,
мәні зор.
Мысалы: Бетін оюлап сырлаған жималы дөңгелек үстелдер екі-үш жерден
құрылып, астау-астау аппақ ыстық бауырсақтар шашылып, табақ-табақ сары
май, суық еттіктен жаңа әкелген шыртылдақ май, құрт, ірімшік, туралған
тоңжелін қазы, қарта қойылды.
Жазушы сын есімдерден, зат есімдерден болған анықтауыштарды эпитет
түрінде қолданып, өте әсерлі етіп, аттың сынын берген, стильдік фигура
жасаған.
Анықтауыш терең ой, нәзік сезім, көңіл-күйді береді, айтайын деген
ойдан барынша алшақ заттарды қарама-қарсы қойып, басқа бір зат не
құбылысты көзге елестетуге де анықтауыштар икемді стильдік құрал бола
алады:
Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа
есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.
Сөйлемде бастауыш, толықтауыш, т.б. қызметтерде жұмсалатын әр заттың
өзіне тән, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты басқа
заттардан сондай сапаларына қарай айырып танимыз.
Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер
көбіне анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады; олар заттың түсі, түр-
тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын
сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген – жалпылауыш
зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара, имек, қисық, қайқы
бас тәрізді көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі
бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген
ойымызды айқындай түседі. Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер – сын есім мен
зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Бұйра толқын ойнақшып
тұр. Жасыл жапырақ сыбдыр қағады. Сөйлемдердегі анықтауыштар мен
анықтауыш сөздер де сын есім мен зат есімдерден құралған.
Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат
есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар
(анықтауыш пен анықталатын сөздер) фразалық (ритмикалық) бір екпінге
бағынып, екпін жағынан бір түйдек (комплекс) болып тұрады. Мысалы, семіз
қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай
қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат
есімдерге жалғанады.
Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы
мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел
сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте
көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асау
терек, алтын күн, жазық дала, жұмсақ жел т.б.
Бұл сияқты эпитеттердің поэтикалық тілде көркемдік мәні зор.
Жалпы ереже бойынша анықтауыштар зат есімдерден болған мүшені
анықтайды. Кейде ол зат есім орнына жұмсалған есімді, сан есімді де
анықтауы мүмкін:
Асқар мен Ержан далаға шықса... көзілдірікті, қылышты біреу арбадан
түсіп жатыр екен (С.Мұқанов). Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы
тұр екен.
Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. Сондай
құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі
анықтауыш деп үшке бөлеміз.
Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да әр
түрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге
болады: 1) сапалық анықтауыш; 2) меншікті анықтауыш.
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау
тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады; меншік анықтауышқа
ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады.
Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысады;
меншікті анықтауыштар матаса байланысады.
Сын есімдерден болған анықтауыштар.
Атрибуттық қатынаста жұмсалатын сөздердің негізгі түрі – сын
есімдерден болған анықтауыштар. Сын есім өздеріне тән қасиеттерімен
байланысты заттың сапалық белгілерін, я тікелей, я ол заттың басқа
затқа қатысы арқылы білдіреді [2,28]. Сын есімнің негізі оның сапаны
білдіретіндігінен я затқа тән сапа болатындығынан көбінесе анықтауыш
қызметінде жұмсалады.
Сын есімдерден болған анықтауыштар сөйлемде заттардың әр алуан
сапасын, қасиетін көрсетеді:
Батысқа қарай... жүйрік поезд жол тартқан. Мынау ақ шаш пен бурыл
мұрт қап-қара болып қайта түлейді. Домаланып тау өзені тулап жатты,
лықсытып көк толқынды аспанға атып.
Басқа сөз таптарынан жұрнақтар жалғанып жасалған туынды сын есімдер
де, анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, анықтайтын сөздерімен әрі
мағыналық, әрі синтаксистік байланыста болады. Олар да анықтайтын
сөздерінің алдында тұрып, негізгі сын есімдердей қабыса байланысады:
Жалынды жүректен шыққан сөз бақытты жандардың жанарында от ойнатып,
көңілдерін көк аспанға шалқытқан сияқты.
Анау қалың бидайықты балғын көлдер менен тоғайлар, ақ жоңышқалы
судыр, миялы талды шұңқырлар мен мамықты көлдер, шортандар мен жайындардың
ғана несібесі болғаны несі?
Қобдидай жаңа үйлер, тартқан сымдай көшелер көрінеді.
Туынды сын есімдерден болған анықтауыштардың синтаксистік байланысы
зат есімнің түбір күйінде анықтауыш болуынан әлдеқайда босаң болады.
Оны мына жайттан байқаймыз: алтын сағат, тас жол сықылды анықтауыштық
топтың ортасына басқа сөз кірістіріп, оларды әрлі-берлі ауыстыруға
болмайды. Ал туынды сын есімдерден болған анықтауыштар мен анықталатын
сөздің арасында басқа сөздер, көбінесе басқа анықтауыштар, бола береді.
Мысалы, кең алқапты жазық дала; бұлтсыз ашық аспан.

Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерден болған анықтауыштар

Заттың сандық, өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де
анықтауыш қызметінде негізгі және туынды түбір тұлғасында жұмсалады.
Грамматикалық өзгерістер ондай анықтауышы бар сөз тіркесінің анықтайтын
сөзінде болады [3,106].
Бірінші байлық – денсаулық, екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлем синтаксисі
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Анықтауышты жайылма сөйлемдер
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Пәндер