Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Көкшетау 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ақын мұраларының зерттелу жаЙы

  1. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүр . . . 7
  2. Ақан серінің шыққан тегі, өскен ортасы . . . 11
  3. Ақан серінің махаббат лирикасы . . . 16

ІІ. Ақан серінің шығармашылық мұрасы

  1. Ақан туындыларындағы тақырып пен идея тұтастығы . . . 23
  2. Ақан сері лирикасының көркемдік ерекшелігі . . . 32

Қорытынды . . . 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі - ән-әуез, музыка өнеріне ерекше мән берген дана халық. Дана дейтін себебіміз әуездің жағымды ырғағы адам бойындағы табиғи күш-қуаттың молаюына, толығып отыруына, қайрат пен жігердің өмірсүйгіштік ыңғайға бейімделуіне қозғаушы күш болатынына көзі жеткен. Әуезді тек думаншыл-сауықшыл, салдық-серілік мақсатқа пайдаланбаған. Әуездің философиялық маңызын түсіне отырып, өнер арқылы өткендегі ізгілікті, жақсы мұрағаттарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастыруға айрықша көңіл бөлінген. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүрдің зерттелмеген тұстары ұшан теңіз. Ақан сері - адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі. «Өлді деуге сия ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп, хакім Абай айтқандай, Ақан сері - жүрегі қазақ деп соққан әрбір Алаш ұрпағының жадында мәңгі қалатын тау тұлға, сөнбес сәуле еді.

Жастайынан табиғатына жақын ән өнерін өзіне серік етіп, жеті қазынасын түгендеген сегіз қырлы сері Ақан алдында тұман торлаған болашақ күтіп тұрғанын білмеген. Бірінен соң бірі шыр айналдырған қайғының орнын немен толтырарын білмеген Ақан сері - қаламынан сая іздеп, өз қайғысын өлеңдерімен бөліскен қаншама ән қалдырды. Оның әрқайсысының бір-бір дастандық оқиғалы сыры бар.

Ақанның серілік құрып, бақытты жастық өмір сүрсе де, сол заманның дерті - өмірдің теңсіздік, отаршылдық, әйел басындағы ауыртпашылық теңсіздігі сынды өзекті мәселелер Ақанды бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, достық пен махаббат Ақан сері әндерінің басты тақырыптары болды. Ал, Бәтима, Ұрқия, Ақтоқты ғашықтары Ақанның махаббат лирикасына толы әндерінің жарық көруіне себеп болған жандар. Бағына бұйырмаса да Ақтоқтыға «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» атты әндерін арнаған.

Қазақ дейтін халықтың қасиетті өнерінің алтын діңгегіндей ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы абай бастаған мол шоғырының қатарындағы жарық жұлдыздардың бірі - Ақан (Ақжігіт) Қорамсаұлы .

Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері дарқан, -

деп қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіров жырлағанындай, қазақ даласындағы сал-серілік дәстүрдің аса ірі өкілдерінің бірі, тамаша талғам иесі, қасірет пен қуанышқа толы тағдыр иесі Ақан сері Қорамсаұлының махаббат лирикасы мен Ақанның ардақты тұлпары Құлагер жүйріктің өліміне байланысты туған жырларды сараптау, өз шамамызша талдау мақсаты алға қойылды.

Ғылыми жұмысты тиянақты да тұжырымды жазу үшін Ақан сері өмірі мен шығармашылығына арналып бұрынғы-соңды жазылған мақалалар мен пікірлердің бірсыпырасы қарастырылып, ой сүзгісінен өткізілді.

Ақан серінің өмірі жайлы айтылған, баспа бетін көрген, зерттелінген дерек көздері аса мол болғанымен олардың бір ізділіктен өте аулақ екендігіне зерттеу барысында көз жеткізілді . Осы мәселеге қалам тартқан қаламгерлердің өзі бірсыпыра санды құрайды. Ақан сері бейнесін қарасөз жанрында келістіре сомдаған Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы мен Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» драмасын, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмаларын айтпағанда ақын өміріне арналып бір көркемфильм, бір бейнефильм, бірнеше поэма, әр жылдары ірілі-ұсақты ақындардың сан ондаған өлеңдері арналған екен. Күні бүгін арналуда және қазақ деген халық барда, қазақ рухы барда талай-талай шығармалар мен зерттеу еңбектер туа бермек.

Әйгілі сыршыл лирик ақын Мағжан Жұмабаев «Ақан сері» атты көлемді танымдық деректі мақала жазса, әр жылдары Ілия Жақанов, Кәкімбек Салықов, Естай Мырзахметов, Жұмабай Есекеев, Қадіржан Абуев, Төлеген Қажыбаев, Серік Ақсұңқарұлы қатарлы көптеген қаламгерлер мен тарихшылар, өнертанушы-сазгерлер Ақан сері өмірінің белгісіз де дүдәмал тұстарын айқындауда өзіндік еңбегін сіңіргенін айта кеткен жөн.

Қазақтың әдеби мұрасын қажымай-талмай зерттеген әдебиет танушы-ғалым М. Ж. Көпеев аз сөзбен ғана: «Ақан сері - өз заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» - деп ақынның болмысын сипаттайды.

Белгілі ғалым Қанипаш Мәдібай ақын шығармашылығы туралы былай дейді: «Екіұдай ойда жүріп Ақан ақыры өнерді, серілік жолды таңдады. Діндарлардан көңілі қалғанымен ақынның иманы жүрегінде, бісмілләсі ауызында қалды. Бойындағы жеті өнері құсбегі, саятшы, атбегі, аңшы, ақындығы және әншілігімен қатар өзге тілдердің де әндеріне шебер Ақаңа сері деген атау тегін берілмесе керек» [32, 1] .

Ал өз өңірімізден шыққан филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов болса: «Ақанның азан шақырып қойылған аты Ақжігіт. Атына заты сай жігіттің жаны да пәк еді. Ақжігіт еркелеткен еліне өзінен де бек сенетін. Осы бір балалық аңғалдығы күндердің күнінде опық жегізетінін ол тіпті ойламады да. Ол өзіне жат заманда, жанын түсінбейтін қоғамда дүниеге келгенін ел теріс айналғанда барып түсінді»[17, 15] .

Профессор Шаяхмет Имашұлы: «Орда бұзар отызында қат-қабат қайғыға ұшыраған Ақанға әкесінен қалған дәулет те, серілік кұрып жүрген дәурені де жолдас болмай, мылқау баласы Ыбанмен ел-жұрттан аластатылады. Дала безіп, ғұмырының соңына дейін өмірдің ашы дәмін татып, 70 жасында дүниеден өтеді. Оның қазасы саз әлемінің, сазарған сары даланың, қалың қазақтың орны толмас өкінішіне айналды».

Әнші-домбырашы Махмұт Тобажанұлы Ақан серінің шығармашылығының құдіреттілігін танытатын мына сөздерді айтқан:
«Ақан серінің әнін айту үшін үлкен құдірет керек. Мысалы, Ақанның «Құлагерін» алып қарасаң, Құлагерді Жүсекеңнен кейін айтқан адам бар ма негізінде? Одан кейін айтқан Қайрат, одан кейін айтқан Жәнібек, міне, олардың өзі сол әннің өзін соны жеткізу үшін көп дайындалды. Ол үшін құдірет керек . . . Құлагердің өлімі Ақанның тұла бойын мұздатты. Ер қанаты қайырылды. Мұндай озбырлық пен қиянатқа адам баласынан өзге ешбір тіршілік иесінің дәті бармайтынын Ақжігіт тағы бір түсінді» .

Ақан сері ұлт тарихындағы ұлы мақтанышымыз. Жасыл жайлауын сахна төріне балаған Ақан өмірі мен туындылары Сәкеннің «Көкшетауы», Ілиястың «Құлагері», Мүсіреповтің ескішіл күштерге, дінге қарсы күресті суреттеген «Ақан сері - Ақтоты» трагедиясының жарық көруіне түрткі болды.
Ақан әндерін ұлықтап, нақышына келтіріп айтып жүрген дәстүрлі ән өнерінің шебер орындаушылары Ә. Қашаубаев, Ж. Елебеков, М. Ержанов, К. Лекеров, Қ. Бабақов, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосыновтар болды. Ақан әндерін тамылжыта орындап жүрген кейінгі жастарымыз да аз емес. Осы ретте жігіттер квартетінің орындауындағы «Балқадиша» әніне түсірілген әнбаянды айтуға болады. Айта кетерлігі бұл жерде бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін жанарымен ғана жеткізген Ақан мен Балқадишаның қимай қоштасқанда шығарылған Балқадиша әніне қалың малдың құрбаны болған Ақтоқты тағдыры баяндалады. Сондай-ақ, әндегі «Күйеуің 85 те шал Қадиша» деген жолдар ақындарымыздың туған жер, махаббатты жырлаған әндеріне қырғидай тиген кеңестік идеология тұсында ревизияланатын болғандықтан, әдейі бұрмаланып, әзілдеп шығаруға мұқтаждықтан қосылған еді.

Өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен үзеңгілес болған Ақан кейінгіге сегіз қырлы серілікті мирастап кетті. Қазақтың сал-серілері деген бұлар синкретті өнердің иесі. Ал, енді дәл қазір өйтіп айту қиын. Әрине, білімділер бар. Бірақ, Ақан серіше, Ақан сері сияқты, Ақан серілер олар енді бөлек. Оны айту қиын, Ақан сері болу қиын.

Ақан оймен уланды. Оның трагедиясы қазақты қазаққа жау еткен кездердің, айқын мысалы іспетті. Бетке ұстар, ақындарды жанды жерінен жаралау арқылы түбіне жеткен заман еді ол. Ақанды қорлап, ақыры өлтіру үшін оның өлеңдерінің жарық көруіне кедергі болып, жанына серік еткен жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазысына қастық қылу олардың ойлап тапқан амалы болды
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Себебі, көптеген қолжазбалар бүгінге жетпеген. Қолда бар туындылар Сәкен Жүнісовтың Ақан сері романы, Серік Тұрғынбекұлының «Ақан сері - Балқадиша» атты дастаны. Ғабит Мүсіреповтың пьесасы және Ақан сері фильмі.

Тақырыбы: Ақан серінің шығармашылық мұрасы.

Зерттеудің мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаянын жан-жақты талдау, таныту;

Зерттеудің міндеті:

  • Сал-серілік дәстүр, өнер ұғымдарына қатысты деректерді зерделеу;

- Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүрге шолу жасау;

  • Ақынның бастан кешкен оқиғаларының шығармашылығындағы көрінісіне кеңінен тоқталу; Ақан сері Қорамсаұлының сөз саптау шеберлігін анықтау;

Зерттеу нысаны: Ақан сері мұралары, ақынның шығармашылығы туралы деректер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиеттануында Ақан серінің шығармашылығы Әлкей Марғұлан, Есмағамбет Ысмаилов, Қажым Жұмалиев, Айқын Нұрқатов, Серік Негимов еңбектерінде біршама зерттелген. Алайда ақынның шығармашылығы заман талабына сай зерттеуді қажет етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүр осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан зерттеу жұмысында мәліметтерді, деректерді саралай отыра, бұл үдерістің тиімді жолдарын табу көзделеді;

Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеп саралау, мәтін анализы.

  1. Ақын мұраларының зерттелу жайы

1. 1. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүр

Әр ғасыр өз заманына үн қатар асыл ұлдарын тудырады десек, табиғаты тамылжыған көрікті Көкшеде бір кезде өмір сүріп, айдай әлемге әйгілі болған төрт бұлбұл, төрт дүлділдің есімдері тілімізге оралады.

Елдерін араласаң өскен, өнген,

Суретті көркем түрлі көп ескі өлең,

Кең көкірек, керней дауыс, ақын әнші,

Келеді жігіттері боп өскелең.

Іс қылған адамының денесі ірік,

Жігерлі, ер көңілді, еті тірік,

Ақын да, палуан да, әнші де көп,

Дей алмас көрген адам мұны өтірік.

Ерлер бар-бітістері жасыл, құрыш,

Ерлер бар-айтса қайтпас, алмас қылыш,

Ақын бар-алмас садақ тілдерінен . . . [14, 66] .

Кейде бал ағызады кейде бұрыш, - деп атақты Сәкен Сейфуллин тамсана жырлағанындай Көкше өңірі қашан да өнерпазға кенде болмаған.

Туған елін әнімен аялап, жырымен желпіндіре «Аққуға он екі звот әнін қосқан» Біржан сал, «бір бойында мың өнер» деп тұстастарын таңқалған Сырымбеттің сыршыл серісі Ақан, бұла күш, балуандық пен өлең-әнді тең ұстаған Балуан Шолақ, «Гәккуін қайтқан қаздай қаңқылдата» бел-белеске әнін жеткізген Үкілі Ыбырай аталарын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Бүгінгі қазағының рухы қанында ойнаған әрбір қазақ баласы осы алып бабаларының жарқын жолдарын ұстанып, мирасқорлары болуға талпынады. Аруақты аталарының жырларын жаттап, жадында сақтап, әндерін айтып, күйлерін шертеді қай-қайда да.

Дархан дарындардың есімдерін мақтанышпен ауызға ала отырып, олардың жарқын бейнелерін әркім көз алдына келтіреді. Арқалы аталарымыздың өмірі-тіршілігінің қатпарлары қалың тарих, жазылып бітпейтін жыр-дастан, замандардан-замандарға ұласар ғұмырнама, ұлы мұра, өркенді өнердің биік бәйтерегі, саялы шынары.

ХІХ ғасыр - Алаш тарихында ерекше із қалдырған, қазақ халқына зиялылар мен қайраткерлері келуімен ерекшеленеді. Солардың ішінде ер жігітке тән мінез бен болмыс, серіліктің саф үлгісін қалыптастырып кеткен өңір - Көкше өңірі. Көкше өңіріндегі әншілік-ақындық дәстүрдің зерттелмеген тұстары ұшан теңіз.

Ақмола облысының мәдени мұрасы өте бай. XIX ғасырдың атақты музыканты, сал серісі Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай туған өлке. Балуан Шолақ Жетiсуда туғанымен, Көкшетауда ер жеттi. Жаңадан ашылатын білім ордасының негізгі мақсаты арқа өңірінің музыкалық дәстүрін жалғастыру болып табылады.

Әйгілі қазақ ақыны, сазгер Біржан Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор.

Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған. Әндерінде Көкшетауды тілге тиек ететін тұстары да кездеседі. Мысалы, «Жанбота» әтті әнінде "Жанбота, осы ма еді өлген жерім? Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" деп келетін өлең жолдары.

Асқан талантының арқасында Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Біржанның шәкірттері.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны болған.

Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады.

Көкшетау өңірінен шыққан әйгілі төрт әнші-композитордың бірі - Үкілі Ыбырай. Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді.

Көкшенің кең табиғатын тебіренткен келесі өнер иесі Ақан серінің өмірі - ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық өмір. Ақан ең алдымен өз кезінде де, өзінен кейін де жұртшылықтың назарын өзінің әнімен, өлеңімен аударды. Жас кезінен-ақ нәзік лирикалы, жан тербеткен үні мен сазы тыңдаушыларын сұқтандырса, өсе келе сол сазына сәйкес, өзі ән шығаратын композитор болды. «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», «Көкжендет», «Маңмаңкер», «Құлагер» т. б. оның тамаша әндерін білмейтін, сүйсіне тыңдамайтын адам жоқ.

Сал-серілік дәстүрге қатысты қазіргі кезеңде де ғылыми еңбектер жарық көруде. Ғалым Серік Негимов философиялық кеңістікте зерттеген еңбегінде 19 ғасырдағы сал-серілердің өнеріне тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу қорытындысында Арыстанбай Тобылбайұлын, Құлтума Өтемісұлы, Ыбырай Сандыбайұлын, Шашубай Қошқарбайұлын, Доскей Әлімбайұлын, Кенішбай Жұбандықұлын, Қалқа Жапсарбайұлын, Майасар Жапақұлын, Тайжан Қалмағанбетұлын, Болман Қожабайұлын, Ғазиз Файзоллаұлын, Шәкен Отызбайұлын, Иса Байзақұлын, Ақан сері, Мәди Бапиұлын, Сегіз сері, Біржан сал, Естай Беркімбайұлын сал-серілер сипатына қосады. Мұнымен бірге Сәкен Сейфуллиннің, Әлкей Марғұланның, Қабиболла Сыдықұлының ғылыми зерттеулеріндегі сал-серілер туралы ой-пікірлерін жариялайды. Барлық айтылған пайымдарды түйіндесек, төмендегідей түзілім шығады:

1. Серілер әнші, домбырашы, ойыншы, тапқыр, палуан жігіттерді ертеді. Бәріне киімді бірыңғай әсем енгізеді. Ерекшеліктері: үкі, асыл киім, астында бүгінген әсем басқан сәйгүлік.

2. Басқаға жұмбақ өмір секілді көрінуі.

3. Сал-серінің ерекшелігі - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беруі.

4. Байсалды да сазды болып келуі.

5. Сал, серілерде ақындықпен қатар әншілік, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерінің қатар келуі.

Жыршылардың өзін де сал-серілер тобына жатқызуға болатыны бұл еңбекте анық байқалады. Бұл еңбектің бүгінгі жастарға бірер білім мазмұнына қызмет көрсетер тұсы айрықша. Оның басты себебі біздер сал-сері дегенде тек Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және т. б. бірегей адамдардың келбеті есімізге түседі де Арыстанбай Тобылбайұлын тек Ш. Уәлихановқа бірнеше жырды шертіп беруші тұлға ретінде қабылдап келдік. Мектеп оқушылары мәдени мұраның осы бір тұсын терең білуге Арыстанбай Тобылбайұлының өнер шеберлігіне ден қоятыны сөзсіз. С. Негимов 5 сағат бойы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын тәмамдай алмағанын деректемелі тұрғыда дәлелдейді. Бұдан мектеп оқушыларының назарына серіліктің ауқымы кең, күш-қуаты мол екені ілігері даусыз. Басқа сал-серілердей Арыстанбайдың да ғұмырнамасы өлеңдеріне арқау болғаны мектеп оқушыларына өмірді мәнді сүруге бағдар жасайтын нысан демекпіз.

Ақан сері жайлы нақты деректер берген аламдардың да есімін атай кеткен жөн болмақ. Әр жылдары Ақан өмірінен деректер жинаған зерттеушілерге Үкілі ЬІбырайдың туған жиені Тырбидың Молдахметі, ақын-әнші Шәкен Отызбаев, «Ақан сері» атты кітап жазып, ақын туралы әңгіме-естелігін талай естіп, қасында бірер мәрте серік болған Хамит Тілеубайұлы, немерелес інілері Ешмұқанбет Нұрпейісов, Қасым Жандосов, ғасырға жуық жасаған Шәрия әже, «Үш тотының» ең кішісі Үрім апа, ұзын мұрт Хамзаның бәйбішесі қатарлы тұрғылас жандардың естеліктерінің орны бөлек.

«Қазақ өнерінің алтын ғасыры» атанған XIX ғасырда қазақ даласында да талай асқақ әнші, арқалы ақын, құдіретті күйші, не бір асқан дарын, топжарған таланттарды өмірге келтіріп, есімдерін дүние жүзіне мәшһүр еткен. Сол ұлы шоғырдың алдыңғы легінде әрқашан өнер шеруін бастап, ұрпақтарын дегдар өнердің қасиетті шыңына шақырып Арқаның ардагері Ақан сері тұрар болар. Ол өнердің өміршең, әннің асқақ, күйдің құдіретті, өлеңнің өрісті, жыр-дастаның жан тебірентер келісті келгенін қалайды.

Тағы да үздік шыққан содан бері,

Зарланған «сырлы мінез Ақан сері,

Зарлы әнмен, көркем күймен, сырлы өлеңмен,

Шарықтап өрлеп көкке шыққан шері.

Әнінен исінген жұрт таң болатын,

«Түскен деп әнін тыңдап көктен пері».

Жатқа алып қыз бозбала құмарланып,

Жайылған Сарыарқаға «Құлагері»

Құбылған, әні көркем гауһар түрлі,

Күйлеген нәзік сезім, «жұмбақ жырлы»,

Махаббат қасіретін күй ғып шеркен,

Әндері өлеңдері нәзік сырлы . . .

Ия, Сәкендей дара ақын өзінің «Көкшетау» поэмасында Ақан сері туралы осылай деп тебірене жырлаған [14, 67] .

1. 2 Ақанның шыққан тегі мен өскен ортасы

Ақан сері өмірі мен шығармасы туралы әр тұста әркімдер жазып, бірін бірі толықтырумен келеді. Ақынның өмірінен көрі шығармаларының (ақындық және композиторлық) ғылыми зерттелуі қырық жылдың бойында недәуір кең қамтылып, терең тексеріле бастады, әдебиет тарихына қосылған. Әдебиетші ғалымдар Есмағамбет Ысмаилов («Әдебиет және искусство» журналының 1941 жылғы 2-санында «Ақан сері» атты көлемді мақала бастырған), Ахмет Жұбанов (композиторлар туралы 1942 жылы шығарған кітабында), Қажым Жұмалиев (Қазақ әдебиеті) оқу құралы ІІ бөлім, 1940 жылы шыққан), Айқын Нұрқатов («Қазақ әдебиетінің тарихы» ІІ том, 1961 жылы шыққан), тағы басқа әдебиетшілер көп еңбек сіңірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал және оның ақындық айналасы
Мағжан публист, аудармашы
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Үкілі Ыбырай туралы
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Қазақ халық музыкасы
Нұржан наушабаевтың бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі және өмірбаяны
Балуан Шолақ тарихи деректерде
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz