Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы»

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ . . . 4-7

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Күләш Ахметова поэзиясындағы бейнелілік сипаттары

2. 1. Ақындық өнер - авторлық көзқарас . . . 8-29

2. 2. К. Ахметова шығармашылығының көркемдік қырлары . . . 30-40

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40-43

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 44-45

КІРІСПЕ

Еліміздегі демократиялық жаңарулар қоғамдық өмірмен бірге мәдени-рухани салалардан да жіті танылады. Ұлт тәуелсіздігі руханият әлеміне де кең жол, жаңа өрістер ашты. Алаштың арыстары ақталып (Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы т. б. ), олардың шығармашылық мұралары жан-жақты зерттеліп келеді. Қазақ тарихындағы «ақтаңдақ беттер» мен ұлт мұраты жолында қуғын-сүргінге ұшырағандардың (М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов т. б. ) мұра-мирастары, халық әдебиетінің қымбат қазыналары, ең негізгісі ұлт тарихы мен тағылымына қатысты әдеби-тарихи, мәдени жәдігерлер қайта қалпына келтіріліп, қалың көпке ұсыныла бастады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұрынғы-соңғы тарихи-әдеби жәдігерлеріміздің қайта қаралып, жаңа уақыт бедері тұрғысынан зерттеу мен зерделенуі көңіл қуантатын құбылыстардың қатарына жатады.

Қазақ сөз өнері жаңа уақыт талаптары тұрғысынан қарастырылып, жанрлық - көркемдік мәселелері, кейіпкерлер жүйесі, тіл бедері мен стильдік сипаттары соны қырларынан көрініс берді. Ұлт мұраты, көркемдік құндылықтар, руханият әлемі, жекелеген қаламгерлер шығармашылығы тәуелсіздік тағылымдары негізінде кеңінен қарастырылуда.

Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр-өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары (Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т. б. ) көркемдік-рухани мәселелерді, адам мен оның еңбегін, өмір-тұрмысын тереңнен толғады. Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік бел-белестерге көтерген - С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бактыгереева, Н. Оразалин, О. Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубай, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенүлы, т. б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюциялары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында: - Мен өз жүрегімді жырлау арқылы қазақты жырладым [14, 8], - деген өлең-өнердің өз өкілі - Күләш Ахметова да бар.

Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген, адамдық, ізгілік иірімдерін нәзік лиризммен, терең тебіреністі толғамдармен еркін жырлаған - К. Ахметова уақыт талаптарын жіті зерделеді. Қайсыбір тақырыпты да тереңнен толғап, ақыл-парасат нұрын, көңіл күнделігін, жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. «Өзінің заманына ешуақытта ақындардың көңілі толған емес. Бірақ, мен осы заманды жанымдай жақсы көремін . . . Қоғаммен біте қайнасқанда ғана ақын өлеңінің өрісі кеңеймек» [14, 8] деп шер тарқатады бірде ақын. Өлең өрімі, өрнектері арқылы уақыт алға тартқан келелі мәселелерді, тәуелсіздік талаптарын жүректен қозғады. Атамекен мұратын, ел-жер тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізді. Оған мысал елдікті мұрат еткен төмендегі шумақтар

Қазақты жамандама, қазақ бала!

Халық қой қазақ деген аз-ақ қана!

Мәңгілік

Ай астында

Жер үстінде

Қазақтың жанашыры қазақ қана[14, 9] !

Енді бірде ақын былайша тебіренеді:

Сен - қазақсың!

Қазақ едің туғанда!

Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,

Ата жұрттан, Ана тілден айырылма,

Төбеңде Күн,

Төменде Жер тұрғанда [18, 3] !

К. Ахметованың ақындық өнері - талант қуатымен, көркемдік нәрімен, сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен даралана түседі. Мұны ізденіс іздері де, қолтаңба мәнері де бедерлей түседі. Зерттеу мұраттарының арналы ағысы да, өзекті һәм ұтымды қырлары да осы тұстан айқын аңғарылады. К. Ахметова туралы азды-көпті пікір айтқандардың қатарына мыналар жатады: Ж. Дәдебаев, Ә. Кекілбаев, т. б.

Жалпы алғанда, поэзия өнері, поэзия ұғымы қазақ әдебиеттануында барынша зерттелген сала. Осы орайда, ұлттық поэзияның арғы-бергі тарихы зерттеу мен зерделену тұрғысынан биік белестерге көтерілді. Ақындық өнердің тарихы мен табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тақырыптық-эстетикалық нысанасы - А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов, Т. Әбдірахманова, Қ. П. Жүсіп, Р. Нұрғали, С. Негимов, т. б. ізденіс, еңбектерінен кең орын алды. Сондай-ақ, Ж. Дәдебаев, Қ. Ергөбек, С. Жұмабек, Б. Майтанов, Б. Кәрібаева, Б. Сарбалаев, Ә. Бөпежанова, Р. Тұрысбек, Б. Кәрібозұлы, Е. Тілешев т. б. зерттеулерінде кеңінен қарастырылды.

Ақын К. Ахметова шығармашылығындағы басты тақырыптар - атамекен, ел-жер мұраттары, достық пен жастық жырлары көркемдік-рухани мұраттар тұрғысынан кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап-талғамдарына жауап беріп келеді. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан жаңа уақыт бедері, тәуелсіздік талаптары кеңінен көрініс береді. Әсіресе, ұлт мұраты, демократия тағылымы, адам мен оның еңбегін аялау мен бағалау сипаттары айқын. Кезең көріністері, мезгіл әуендері де нанымды өріс алады.

Жұмыстың өзектілігі. ХХ-ғасырдағы қазақ поэзиясына жаңашыл серпінмен келген ақын қыздардың алдыңғы қатарында тұрған Күләш Ахметова поэзиясы қарымды зерттеуді, жіті бақылауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш жұмыстың өзектілігі туындайды.

Жұмыстың нысаны. К. Ахметова шығармашылығы, автор туындыларындағы бейнелілік, сыршылдық қырлары.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Күләш Ахметованың ақындық әлемін өлеңдері арқылы қарастыру болып табылады. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену, ізденіс арналарына назар аудару, тақырыпты меңгеру, образды ашу, көркемдік амал-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру.

Ақын ерекшеліктерінің басты сипаттары: тақырыпты терең зерттеп-зерделеуі, өзі танып-білетін мәселе төңірегінде кең көлемді талдау-саралау мүмкіндіктері, ой-сөз жүйесіндегі айқындық, дүниетаным арналарының кеңдігі, көзқарас эволюциясы т. б. жан-жақты назар аудару.

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:

- К. Ахметованың өмірі мен шығармашылық өмірбаянын жаңа уақыт талаптары тұрғысынан зерттеу мен зерделеу;

- К. Ахметованың ақындық өнерін тақырып табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тіл-стиль сипаттары аясында қарастыру;

- ақын лирикасындағы атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен саралау;

- ақын шығармашылығындағы ізденіс мұраттарын, көркемдік таным арналарын зерделеу;

- ақын өлеңдеріндегі адам әлемі мен еңбегіне, дала дидарына, табиғат көріністеріне мән беру;

- ақын туындыларындағы-ұлт мақтаныштары: қоғам қайраткерлері,
мәдениет қызметкерлері, ағарту саласымен ауыл
еңбеккерлерінің жастар өмірінің ұнамды тұстарының бейнелену
ерекшеліктеріне, көркемдік мұраттарына назар аудару;

- ақын поэзиясын зерттеу негізінде шығармашылық процесс табиғатын ашу, өлең-өнердің сырлы да сыршыл сипаттарына ден қою, ақын мұраты мен көзқарас, қолтаңба табиғатына мән беру.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей екі тармаққа жіктелген негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Күләш Ахметова поэзиясындағы бейнелілік сипаттары

2. 1. Ақындық өнер - авторлық көзқарас

Ақындық өнер - киелі де қасиетті, құдіретті де қымбат қазыналарымыздың қатарына жатады. Әріден ой өрбітсек, Аристотель әдебиет әлемін, болмыс-бітімін тамыршыдай тап басып көрсетсе [1, 60-62], ғалым А. Потебня поэзия табиғатын, ақындық қуат пен ойлау жүйесін, образдылықка тән белгі-ерекшеліктерді айрықша бағалайды. Ой-сөз жүйесіне, тілдік құбылыстарға зор маңыз береді. Сөз сипаты туралы: «біріншісі - мән-мазмұны, екіншісі - ішкі құрылысы, үшіншісі -дыбыстық жағы, естілуі», -деп жазады [2, 55] .

Ақындық өнер, оның табиғаты мен қуаты, көркемдік-эстетикалық мәні, тілдік-стильдік сипаттары туралы Аристотель, Лукреций, Гораций, Н. Буало, А. Минтурио, Т. Тассо, М. Опиц, Б. Шидфар, Ф. Сидин, Г. Л. Абрамович, Л. Тимофеев, М. Бахтин, Д. С. Лихачев, Г. Н. Поспелов, Б. Г. Томашевский т. б. құнды көзқарастары, маңызды ой-пікірлері бар. Сондай-ақ, В. Гегель, Ю. Борев, В. Виноградов, А. Квятковский, О. Лармин, Г. Поспелов, Л. Тимофеев, М. Храпченко т. б. өлең сөздің табиғаты мен көркемдік қуатын, эстетикалық мәнін жоғары бағалады.

Қазақ ғалымдары, атап айтқанда А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Қаратаев, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Т. Қожакеев, М. Базарбаев, М. Дүйсенов, Ә. Нарымбетов, Р. Нұрғали, Т. Әбдірахманова, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, А. Егеубаев, С. Негимов, А. Қыраубаева, Ө. Күмісбаев, Қ. П. Жүсіп, А. Еспенбетов, Қ. Юсупов, У. Қалижан, Қ. Ергөбек, Т. Жұртбай, Б. Әбдіғазиев, Қ. Алпысбаев, Б. Кәрібозұлы, Б. Кәрібаева, А. Жақсылықов, Н. Қуанышбеков, А. Ісмақова, Т. Тебегенов, Ж. Тілепов, Р. Тұрысбек, М. Үмбетаев, Б. Ыбырайым, М. Хамзин, Т. Шапай, А. Шәріп, Б. Омаров, т. б. ізденістері мен мұраттары, зерттеу еңбектерінен ақындық өнердің табиғаты мен тарихы, мақсат-мұраттары, көркемдік пен шеберлік, образдар жүйесі мен гармониялык келісімдер, тақырыптык-идеялық мәселелер мен эстетикалық-шешендік сипаттар туралы ойлар мен толғаныстар көптеп кездеседі. Ақындық өнер мен көркемдік қабылдау, оның өзіндік өзгешеліктері де кең көлемде сөз етіледі. Өлең - өнердің өріс-өресі, ондағы көркемдік мұраттар, сыр-сезім сипаттары да кең орын алады .

Қазақ сөз өнері, соның ішінде поэзияның ақын-жыраулар мұрасында көрініс табуы, көркемдік-эстетикалық ойлау жүйелерінде орын алуы, ұлттық өлеңнің әлеуметтік мәні мен дүниетаным ерекшеліктері, сөздердің поэзиялық қолданысы, мәні мен мағынасы, айшық-нақыштары, ақындар әлеміндегі бейнелі сөздер табиғаты, фольклорлық мұралардағы рухани-дүниетанымдық ерекшеліктер, сөз бен образдың этнографиялық, тарихи, әдеби негіздері зерттеу еңбектерінен кең орын алды [3, 12] .

Осы орайда, әрине қазақ әдебиеттану ғылымының көш басында тұрған А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты сөз өнері табиғаты мен тарихын кең көлемде карастырған зерттеу еңбегінің маңызы зор.

Ұстаз-ғалым осы еңбегінің екі бөлімінде сөз өнерінің арғы-бергі тарихынан сыр тартумен бірге ұлттық әдебиеттану ғылымының ұғым-түсініктерін, көркемдік-эстетикалык жүйесін, өнер мұраты мен оның ішкі иірім-сырларын кеңінен сөз етеді. Ақындық мұрат, көркемдік қуат хақында маңызды ойлар айтады.

Өнер мұраты - халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіреді. Оның ішінде, әдебиет - халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Оның ішінде поэзиялық шығарманың халық жадында сақталып санаға сіңуі аса зор. Осы орайда поэзия ұғымына түсінік беріп көрейікші.

Поэзия (грек. poiesis, poieo - жасаймын, тудырамын) - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады[40, 432] .

Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік мұраты мен бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.

Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері. Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып, одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағылымдық тұстары да мол.

Бұл ретте, әрине, аға буын өкілдері - Ә. Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т. б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың адамзаттық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ә. Нілібаев, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, Е. Раушанов, И. Сапарбай, И. Ғайып, С. Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т. б. өмір мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.

Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты тұлғалардың бірі - Күләш Ахметова.

К. Ахметованың ақындығы алыптар тобының асылы мен асқары, «кәдімгі Сәбит Мұқанов» назарына ілігеді. С. Мұқанов «Балауса өлең өрісі» атты жас авторлар шығармашылығы туралы мақаласында - К. Кененбаев, Х. Балшабеков, Х. Алпысбаев, А. Жылқышиев, С. Оспанов, И. Дүйсебаев, Т. Қажыбаев, С. Буратаева, М. Нұрқанов т. б. бірге К. Ахметованың жауқазын жырларына да арнайы тоқталады. Ізденіс мұраттарын, көзқарас эволюциясын, ондағы сыр-сезімді, көркемдік өрнектерді, өлеңдегі өмірін тап басып көрсетеді.

Ақындық өнер мен көркемдік қабылдау мұраты өмір тәжірибесімен, уақыт бедерінен де із береді. Мұны К. Ахметова поэзиясының бел-белестерінен жіті көруге болады. Айталық, К. Ахметованың алғашқы өлеңдерінде («Атамекен», «Ақпан ай», «Жол», «Қысқы бақта», «Оқырманмен әңгіме», «Көктем де келді», «Ыстық жаз», «Таңертең», «Түнде» т. б. ) ізденіс іздері; адам мен оның еңбегіне құрмет, өмірге құштарлық, игілік пен ізгілік қасиеттері, жыл мезгілдері мен табиғат тамашалары т. б. кең орын алған.

Ақынның аталған өлеңдерінде адам әлемінің иірім-сырлары, өмірдің нұрлы да жарқын сипаттары, еңбек мұраты мен ізгілік, инабат табиғаты т. б. әр алуан ізденіс, салыстыру мен суреттеулер арқылы беріледі. Мұның бәрінен де адалдық пен әділеттілік салтанаты, өмірдің өршіл сипаты, жасампаздық сырлары, еңбек қуанышы кеңінен көрініс береді.

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасының Талас ауданының Киров ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін бітірген. 1973 жылы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған. «Қазақстан пионері» газетінде, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет атқарды. Алғашқы жыр жинағы «Ақ гүлім менің» 1975 ж. жарық көрген. Кейін «Сен жанымда жүрсең» (1977), «Жапырақ - жаздың жүрегі» (1979), «Мейірім» (1981), «Бұлақтағы жұлдыздар» (1982), «Арғымақтар даласы» (1981), «Наурыз нұры» (1991), «Махаббат жылы» (1980), «Ләйлектер қайтып келгенде» (1985), «Жасыл жағалау», «Күн шыққанда күліп оян» (1996), т. б. жыр жинақтары оқырмандардың сүйікті кітаптарына айналды. Ақынның өлеңдері орыс, украин және бірнеше түркі тілдеріне аударылған. Әлем әдебиетінен А. Межиров, А. Ахматова, С. Нерис, Н. Ислам, Э. Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне аударған. «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақынға 1978 жылы Қазақстан Комсомолы сыйлығы берілген. Оған қоса «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Осынша мол дүние жазған ақынның шығармашылық қарымы зор.

Ақын жайлы кеше ғана ақтық сапарына аттанып кеткен халқымыздың ардақты ақыны Қадыр Мырза Әлі былай дейді: «Жеке адам - қоғамның қолтығының градуснигі. Ал ақын - өз заманының сейсмикалық аппараты.

Кем болды қуаныштар үлесімде,

Құлазытқан күндерім әлі есімде.

Көзім жеткен биікке өзім жетпей,

Жүрегімнің жылаған кезі есімде.

Өзі ғана білетін, басқалар сезе бермейтін мұң. Өлең екеуі ғана түсінетін сыр» [17, 6] .

Мәди Қайыңбаев ақын жайлы мынадай пікір білдіреді: «Мен Күләш Ахметованың өлеңдерін оқыған сайын оның оп-оңай жазыла салмағанын, ол ғасырлар қойнауынан жеткендердің нәтижесі екенін, қан мен жасқа суарылғанын түсінемін» [15, 7] .

Қазақ прозасының шебері үркердей жарқыраған Әбіш Кекілбаев болса Күләш Ахметова жайлы мынадай жүрекжарды тілегін білдіреді: «Күләш жыр тұлпарының тізгінін тежеген емес . . . Оның өмірі де, өнері де - өлең. Ол өлеңсіз өмір сүре алмайды. Өлең оның бүкіл болмыс тіршілігіне айналып кеткен.

Өзің барда ел жүгін көтеремін,

Жүрегімді түсініп өтер елім.

Бір көмекке зәру боп жатқандарға,

«Жедел жәрдем» сияқты жет өлеңім [13, 14] !

К. Ахметова лирикасының табиғатынан ұлттың болмыс бедері, қазақ тілінің өлең-жыр болып төгілген әрі мен нәрі, шұрайы мен шырайы қиял қанатымен қанаттанып, құштарлық, өнерге сүйіспеншілік сезімдері сырлы да нәрлі түрде өріс алады. Адам өмірін үлгі ету, еңбек мұраттарын бағалау, келешекке үміт арту айқын аңғарылады. Кеше-бүгін байланысы берік те тағылымды. Мәселен, «Мен туған үй» өлеңінде:

Түрлі достар үйімізде бар біздің,

Тоғысатын шоғырындай жұлдыздың.

Балалайка тартып анам, ал әкем

Әнін салып отыратын қырғыздың [4, 10] .

- деп балалық балдәуренін сағынышпен еске алу арқылы алтын тамыр - ауылға, кеше-бүгінге барлау-байлам жасайды. Ақын үйді - Отан бейнесінде алып, содан нәр-қуат алған адамдар әлемін, еңбек тынысын еркін де көркем, серпінді суреттейді. Ата-анаға құрмет, досқа беріктік сынды сезім, сырлардан да табиғилық, тазалық танылады.

К. Ахметова поэзиясындағы сыр мен сезім шындығы, тұтастығы - тақырыптық-идеялық сипаттарынан, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерінен, тілдік-стильдік қырларынан танылар еді. Бұл тұста, әрине, ақын өмір шындығын көркемдік шешімге айналдырар тұста, тақырып табиғатына айрықша мән береді. Ақын кез-келген тақырыпты талғаусыз толғап, қиыннан қиыстырып жаза бермегені айқын аңғарылады. Бұл ретте, әрине, өзі көрген, көңіл сеніп, жүрекке берік ұялаған жайларды ғана тереңнен толғап, шынайы жырлайды. Өзін толғандырған тақырып табиғатына еркін еніп, оны әр қырынан танып, қалың көпке ізденіс-көркемдігімен, шеберлік пен шешендікке сай соны бейне, ұтымды қырларымен жеткізу - К. Ахметова ақындығының басты белгілерінің бірі.

Академик З. Қабдолов: «Лириканы тақырыбына карай топтап талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе: әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» десе [20, 326], профессор Ж. Дәдебаев: «Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани білу керек» деп нақты ой білдіреді [21, 151] .

К. Ахметова поэзиясының басты тақырыптары - ел мен жер тағдыры, адам мен оның еңбегі, елдік пен ерлік, уақыт пен кеңістік, дала мен қала, жыл мезгілдері, ғашықтық ғаламаттары т. б. болып табылады.

Асылы, К. Ахметова лирикасындағы ізденіс арналары - ауқымды да ағысты, тақырыптары - іргелі де мәнді, көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ақиқатты ту ету, шынайы шындыққа табан тіреу айқын байқалса, мазмұн-құрылымынан - ұлт пен ұрпақ мұратына адалдық, ел мен жерге берілгендік, адамдық істі ардақтау, кісілік пен кішілікке ден қою, тарих пен танымға, дәстүр мен дінге, діл мен тілге т. б. көркем де кемел, шебер де шешен жырлайтыны айқын танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Қазіргі қазақ поэзиясы және ұлттық болмыс
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Бір көзімен немересін күзетіп, Бір көзімен жұртты аңдиды сұр кемпір
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz