Баяндауыштың жасалу жолдары
«Баяндауыш-сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан ол үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған»-дейді Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы .Ол кісі есім баяндауыштың сөйлемдегі негізгі грамматикалық тұлғасы-жіктік жалғауы. Қазақ тіл білімінде баяндауыштық тұлғатуралы аз сөз бопжүрген жоқ.Ғалымдар баяндауыштың тұлға ретінде түбір тұлға ,жіктік,тәуелдік,көптік,кейбір септік жалғауларын, -нікі,-дікі,-тікі, көсемше,есімше,шартты райтұлғаларын көрсетеді.Аталған тұлғалардын сөйлем баяндауышы құрамынан табылатыны ешқандай дау туғызбаса керек,алайда обьектіге алынып отырған сөзге предикаттық,баяндауыштық сипат беруде бұл тұлғалардың атқарар жүгі әр түрлі. Түбір және атау тұлғасын баяндауыштық тұлға деп танушылар оны жіктік жалғаудың III жақтық нөлдік формасымен шатастырады. Шындығында түбір, атау тұлғалары сырт формасы жағынан аталған тұлғаменұқсас болғанмен, беретін мағыналарымүлде басқа.
-НІКІ,-ДІКІ,-ТІКІ қосымшалы сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар. Аталған құранды жұрнақтын ілік септігінен қалыптасқандығы ғалымдар дұрыс көрсеткенімен,оның құрамындағы –кі афиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірлердің /бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе,енді бірі онымен тек омонимдес, мағынасы басқа қосымша деп таниды/ болуы оны синтаксистік қызметі жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді.Осыған орай, қазақ тіл білімінде кейбір ғалымдар мұны таза баяндауыштық тұлға деп таныса, екінші тобы бұл тұлғадағы сөздердің түрленіп, сөйлемнің өзге де мүшесінің қызметін атқаратынын көрсетеді.Расында да,тіліміздегі –нікі,-дікі,-тікі қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап баяндауыш, септік жалғауында тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері көрсетіп тұр.Сондай-ақ тілімізде осы жұрнақтың жіктеліп келіп қолданылуы үлгісінің барлығы/Мен сізді ңауылдікімін,Сен біз-дікі-сін,Ол ме-нікі/Оның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.[1;5]

1. Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар, Автореферат Алматы, 1994 ж
2. Рақыш Әмір,Жанар Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, Санат 2007
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992 ж
4. Т.СайранбаевТ. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы,Қазақ университеті 1991 ж
5. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Астана, «Ер-Дәулет» 2007 ж

1. Баяндауыш жайлы тіл біліміндегі пікірлер
Баяндауыш-сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан ол үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған-дейді Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы .Ол кісі есім баяндауыштың сөйлемдегі негізгі грамматикалық тұлғасы-жіктік жалғауы. Қазақ тіл білімінде баяндауыштық тұлғатуралы аз сөз бопжүрген жоқ.Ғалымдар баяндауыштың тұлға ретінде түбір тұлға ,жіктік,тәуелдік,көптік,кейбір септік жалғауларын, -нікі,-дікі,-тікі, көсемше,есімше,шартты райтұлғаларын көрсетеді.Аталған тұлғалардын сөйлем баяндауышы құрамынан табылатыны ешқандай дау туғызбаса керек,алайда обьектіге алынып отырған сөзге предикаттық,баяндауыштық сипат беруде бұл тұлғалардың атқарар жүгі әр түрлі. Түбір және атау тұлғасын баяндауыштық тұлға деп танушылар оны жіктік жалғаудың III жақтық нөлдік формасымен шатастырады. Шындығында түбір, атау тұлғалары сырт формасы жағынан аталған тұлғаменұқсас болғанмен, беретін мағыналарымүлде басқа.
-НІКІ,-ДІКІ,-ТІКІ қосымшалы сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар. Аталған құранды жұрнақтын ілік септігінен қалыптасқандығы ғалымдар дұрыс көрсеткенімен,оның құрамындағы - кі афиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірлердің бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе,енді бірі онымен тек омонимдес, мағынасы басқа қосымша деп таниды болуы оны синтаксистік қызметі жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді.Осыған орай, қазақ тіл білімінде кейбір ғалымдар мұны таза баяндауыштық тұлға деп таныса, екінші тобы бұл тұлғадағы сөздердің түрленіп, сөйлемнің өзге де мүшесінің қызметін атқаратынын көрсетеді.Расында да,тіліміздегі - нікі,-дікі,-тікі қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап баяндауыш, септік жалғауында тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері көрсетіп тұр.Сондай-ақ тілімізде осы жұрнақтың жіктеліп келіп қолданылуы үлгісінің барлығыМен сізді ңауылдікімін,Сен біз-дікі-сін,Ол ме-нікіОның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.[1;5]
Ал Рақыш Әмір мен Жанар Әмірова Жай сөйлем синтаксисі атты оқулығында Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейді -деген қағиданы ұстанады [2;5]
Ғалым баяндауыштарды мынадай мағыналық топтарға бөледі:
1) Шақ мағыналы баяндауыштар
2) Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар
3) Іс-әрекеттің, қимылдың қалпын білдіріп атайтын баяндауыштар
4) Іс-әрекетті, қимылды мақсат, қалау, тілек ету тұрғысынан атайтын баяндауыштар
5) Ұсыну, міндеттеу мағынасындағы баяндауыштар
6) Модальдық баяндауыштар
7) Іс-әрекетті жасанды ретінде көрсетуге арналған баяндауыштар
8) Іс-әрекетті болжау сипатын атайтын баяндауыштар
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер қазақ тіл білімінде көп. Ал енді А.Байтұрсынұлының баяндауыш туралы пікірлеріне тоқталыпкетсек, Тіл тағлымы атты еңбегінде баяндауышқа мынандай түсінік береді: Әуелі баяндауыш болады етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. Адам айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш болатын қай сөз екенінін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық. Баяндауыш болмақ керек қандай сөздер?
-Жоғарыда айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек. Олай болса, алынған сөйлемдердің ішіндегі бастауышты тауып, сонан соң ол бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсететін сөзді табу керек.
Бірінші сөйлем: Қой үрікті. He үрікті? - қой. Бастауыш қой деген сөз болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін, амалын көрсетіп түр. Екінші сөйлем:
Ит үрді. He үрді? - ит. Бастауыш ит деген сөз болып шықты. Үрді деген сөз иттің не істегенін - амалын көрсетіп түр. Үшінші сөйлем: Адам айқайлады.
Кім айқайлады? - адам. Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз адамның не істегенін - амалын көрсетіп тұр.
Сөйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын көрсетуші
үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі -- не етпек?, не қылмақ?, кәйтпек? , не болмақ?, нешік?, немене?, қалай?, кімдікі?, ненікі?, қайсы? негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады. Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұрауларына жауап берер екенін қарайық, 1-інші сөйлем: Қой үрікті. Қой не етті? -- үрікті. 2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит қайтті? -- үрді. 3- інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды? -- айқайлады.
Мұнда не етті?, қайтті? деген баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған тағы сол үрікті, үрді, айқайлады деген сөз адамның не істегенін -- амалын көрсетіп тұр.
Сөйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе екінші сөзбен айтқанда баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Ішкі, тысқы белгісі бірдей болған соң, баяндауыш болып тұрған сөздер -үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер - етістіктер. Етістіктің есімше мен көсемше түрлері де баяндауыш болады. Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:
1) Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысың. Мұнда сөйлеушімін, тыңдаушысың деген сөздер мен, сен жайын баяндап тұр ( бұл -- баяндауыштың ішкі белгісі). Мен немене? -- сөйлеушімін. Сен немене? - тыңдаушысың ( бұл -баяндауыштың тысқы белгісі).
2) Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда өзгерген,күшейген деген сөздер заман мен білім жайын айтып бірінің өзгергендігін екіншісінің күшейгендігін баяндап тұр. ( Бұл -- ішкі белгісімен қарағандағысы ). Заман не еткен? - өзгерген.
Білім не еткен? -- күшейген. ( Бұл -- тысқы белгісі ) .
3) Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (бұл -- ішкі белгілері). Біреу не беретін -- беретін.Біреу не ететін -- алатын. ( Бұл -- тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:
1)Бала жылай берген. Кім жылай берген? -- бала (бастауыш) Бала не қылған? -- жылай берген (баяндауыш).
2) Оспан оқып жүрген. Кім оқып жүрген? -- Оспан (бастауыш). Оспан не қылған? -- оқып жүрген (баяндауыш).
3) Асан айтқан екен. Кім айтқан екен? -- Асан (бастауыш). Асан не қылған екен? -- айтқан екен (баяндауыш).
Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар:
1)Ат тулай берді. Не тулай берді? -- ат (бастауыш). Ат не қылды? -- тулай берді (баяндауыш).
2) Әлжан алып берді. Кім алып берді? - Әлжан (бастауыш). Әлжан не қылды? -- алып берді (баяндауыш).
3) Тауық ұша алмайды. Не ұша алмайды? -- тауық (бастауыш).Тауық не ете алмайды? -- ұша алмайды (баяндауыш).
4)Ақын айта беріпті. Кім айта беріпті? -- ақын (бастауыш),айта беріпті (баяндауыш).
Екінші - баяндауыш болатын сын есім. Қыс жақсы. Мал семіз. Ел тоқ. Не жақсы? - қыс. Не семіз? -- мал. Кім тоқ? -- ел -- бастауыштар, баяндауыш болатын сөз, әуелі, ішкі белгісімен келу үшін бастауыш атаған нәрсенің, яғни қыстың, малдың баяндауыштың тысқа белгісі болған сұрауларға жауап беру керек. Қалай болар екен, қарайық:
1-ші сөйлем: Қыс жақсы. Қыс қалай?-жақсы.
2-ші сөйлем : Мал семіз. Мал қалай?-семіз.
3-ші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай?-тоқ.
Мұнда жақсы, семіз, тоқ деген сөздер қыстың малдың, елдің жай-күйін көрсетіп тұр.Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады. Жақсы, семіз, тоқ деген сөздер сын есімдер.
Үшінші-баяндауыш болады зат есім. Мысалы: Ат-көлік. Атшы-кісі. Қамшы -қару, не көлік?-ат. Кім кісі?-атшы. Не қару? -- қамшы. Ат, атшы, қамшы бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек. Ат немене? -- көлік. Атшы немене? -- кісі. Қамшы немене? -- қару. Көлік, кісі, қару деген сөздер аттың, атшының, қамшының немене болатын болмысын айтып тұр. Сонықтан бұлар баяндауыштың ішкі белгісіне тура келеді.
Көлік, кісі, қару деген сөздер немене? деген баяндауыштың сұрауына да жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісіне тура келгені, баяндауыштың, ішкі ,тысқы белгісіне бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болмақ.
Көлік, кісі, қару -- зат есімдер.
Төртінші -- бастауыш болатын сан есім. Мысалы: Ер кезегі үш. Не үш? -- ер кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.
Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек. Ер кезегі немене? -- үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене болатынын айтып тұр. Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөз баяндауыш болмақ (ішкі белгісі бойынша).
Үш деген сөз немене? деген баяндауыштың сұрауына жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісінің де осы сөзден табылғанын көрсетеді. Ішкі-тысқы белгісі келгені үш деген сөз баяндауыш болғанын көрсетеді. Үш деген сөз сан есім.
Бесінші -- баяндауыш болатын есімдік. Мысалы: Медеуі -- мен, Омары -- ол, Өтегені - өзі. Мен кім? -- Медеуі. Ол кім? -- Омары. Өзі кім? - Өтегені. Медеуі, Омары, Өтегені деген сөздер бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі бұларға тиіс.
Медеуі қайсы? -- мен. Омары қайсы? -- ол. Өтегені қайсы? - өзі. Мен, ол, өзі деген сөздер Медеуінің, Омарының, Өтегенінің кім болатындығын айтып тұр. Болмысын
айтып тұрған соң, бұл сөздер баяндауыш болмақ.Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер қайсы? деген баяндауыш сұрауына жауап беріп тұр.
Ішкі-тысқы белгісі бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болады. Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер.
Алтыншы - етістікпен қосыла одағай және басқа сөздер баяндауыш болады. Мысалы: Мылтық тарс етті. От жылт етті. Күн жаз болды. Ет аз болды. Беретіні бес екен. Не тарс етті? -- мылтық. Не жылт етті? -- от. Не жаз болды? -- күн. Не аз болды? -- ет. Бес несі екен? -- беретіні.
Мылтық: от, күн, ет, беретіні деген сөздер -- бастауыштар.
Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі оларға керек. Мылтық не етті? -- тарс етті, от не етті? -- жылт етті. Күн қайтты? -- жаз болды, ет қайтты? -- аз болды. Беретіні не екен? -- бес екен. Тарс етті, жылт етті, жаз болды, аз болды, бес екен деген сөздер мылтықтың, оттың, күннің, еттің, беретінінің амалдарын, жайларын, болмыстарын айтып отыр. Онымен тұрмай жаңа да баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан ол сөздер баяндауыш болады. Тарс етті дегенде, тарс -- одағай, етті -- етістік. Жылт етті дегенде, жылт -- одағай, етті -- етістік. Жаз болды дегенде жаз -- зат есім, болды -- етістік. Бес екен дегенде, бес -- сан есім, екен -- етістік.Бұл мысалдардан байқағанымыз етістікпен тіркескен сөздер баяндауыш қызметінде қолданылған. Осындай екі сөзден, үш сөзден, әйтеуір, бір емес, бірнеше сөзден құралған баяндауыш қосарлы немесе күрделі деп аталатыны жоғарыда айтылған.
Жетінші-баяндауыш болады-бүтін сөйлем. Мысалы: Білемін деген (бастауыш). Білемін деген немене?-білемін (баяндауыш). Бұл тысқы белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық: мұнда не жайынан айтылып тұр? -- білемін дегеннің жайынан.
Бұл айтылған мысалда бастауыш та, баяндауыш та бүтін сөйлемнен болған. Баяндауыш бастауышқа жақтарымен ғана жанасып, қиындасады. Мысалы; мен кітап оқыдым, сен жазу жаздың. Ол шай қайнатты. Мұнда әр жақ өз жағымен жанасып, қиындасып тұр.
Мен кітап оқыды, сен жазу жазды, ол шай қайнаттым, шай қайнаттың деп айтылмайды. Сөйлем ішіндегі сөздер қиындаспай кетеді. Мұндай әр жақ өз жағымен жанасу жалғыз етістіктен болған баяндауышта емес, басқа сөз таптарынан болған баяндауышта да бар.
Мысалы; мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз жассыз, басқалары жаңа солай. Бірақ да, де демеуліктер қосылғанда, бұл ымыра бұзылып, да айтылады.
Мысалы; мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз де жас, сіз де жас, олар да жас деп айтуға да болады.
Етістіктен болған баяндауыштардағы ымыра да, де демеулер қосылса да бұзылмайды.
Баяндауыш жекелік, көптік жүзінен де ымыраласады. Бірақ ол ымырасы толық емес, тұрақты емес. Мысалы; мен барамын, сен барасың, ол барады, біз барамыз, сіз барасыз немесе сендер барасыңдар. Олар барады (барадылар орныны барады болып тұр). Мен саумын, сен саусың, ол сау, біз саумыз, сіз саусыз немесе сендер саусыңдар, олар сау (саулар орнына сау ғана болып тұр). Мұнан не көрініп тұр? Жекелік, көптік жүзінен бірінші жақтарында баяндауыш бастауышпен ымыраласып, үшінші жаққа келгенде, көпше айтылмай, ымырадан шығып кететіні көрініп тұр.
Сөйтіп, баяндауыш бастауышпен жеке айтылғанда, үш жағымен ымыраласып, көпше айтылғанда, үшінші жағымен ымыраласпайтын болып шығады.[3;10]
Х. Басымов: Баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді - дейді [4;11].
І.Бәйтенов: а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен кейін тұрған сөзді баяндауыш - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш дейміз, б) бастауыштың күйін,
жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз баяндауыш болады,- деп көрсетеді.
С. Аманжолов: Бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз десе, М.Балақаев: Бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем сөйлем мүшесі-дейді.[4;11]
Ал Х.Арғынов болса: "Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді",-деп тұжырымдайды
Р.Әміров: "Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі"-десе, М.Серғалиев: "Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі,"- деген ұстанымды басшылыққа алады. Ал, Ә.Нұрмаханова: "Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түскен, оның қимылын, іс-әрекетін, күйін білдіреді,"- дейді.
Сол сияқты кейбір түркітанушы ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н.К. Дыренкова: "Баяндауыш бастауыштың әрекетін, амалын білдіретін сөйлем мүшесі,"десе, Н.А.Кононов: "Баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі"-деген анықтама береді. Ал, А.Жапаров:"сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл-әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі,"-деген тұжырым жасаған.[4;11]
Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да анықтамаларды келтіруге болады болады. Біз енді осы анықтамаларда көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударайық:
Анықтамаларды топтастыра отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады, Олар:
1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтап тұратындығы;
3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді дегенді әр зерттеуші,әр бағытта, әр аспектіде қарастырады: а) ісін, қимылын; ә) оған қоса жайын-күйін, заттың сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс-әрекеттің сапасын; в) қасиетін, г) амалын, д) кім екенгдігін, белгісі мен сапаны білдіреді
4. Баяндауыштың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі;
5. Предикативтілік білдіруі;
6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;
7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;
Бастауыштың сөйлемдегі негізгі ойға ие екендігіне дау болмаса керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты болуы оның негізгі қасиеті . Сондықтан бастауышқа баяндауышты бағынышты деген пікір-дұрыс пікір.
Баяндауышсыз жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құралмаса керек. Баяндауыш қай сөз табынан болмасын бәрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан қандай тұлғада, қай орында келуіне қарамастан басты тұлға. Дегенмен, сөйлемді тиянақтау жағынан баяндауыш басқа сөйлем мүшелерінен жеке дараланады.
Баяндауыш бастауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі қасиетін көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін жинақтай келгенде, баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін көрсетеді деп білеміз.
Әрине, баяндауыштың, бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалатындығы да айқындай түссе керек Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.
Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс-әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы ісін, қимылын, іс-әрекетін деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге келеміз. Баяндауышқа байланысты анықтамада жайын, күйін, т.б., сөздерді қолдану мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т.б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.
Сын есім, сан есімдерге қатысты сындық, сапалық қасиетін, санын, мөлшерін, сапа-ретін сияқты сөздердің ішінен сапасын, санын деп қана айтып, нақтылы көрсету орынды сияқты.
Осы ережелердегі амалын, мезгілін деген сөздер туралы ойлану керек. Сөйлемде қай сөз табы амалды білдіріп, баяндауыш бола алатынын нақтылап айту дәлеллді пікір емес. Амалды білдіру қимылға қатысты сөздерде ғана болуы тиіс емес пе? Олай болса, бұл мағыналық сөздер де баяндауыш болуы туралы айту әзірге дұрыс емес
Ал мезгілді білдіру арқылы баяндауыш болу үстеу, сөз табына ғана байланысты.Әрине, зат есімдер де септеліп келіп те мезгілді білдіреді. Мысалы; Жасымда ғылым бар деп ескермедім дегендегі, жасымдағысы мезгілді білдіріп, пысықтауыш болып тұрғанымен, тұлғалардың ондай мағыналарда баяндауыш болуы әзірше қалыптаса қойған жоқ сияқты. Сонда мезгілдік мағынаны білдіретін үстеуден басқа сөздер баяндауыш болып кетуі қиын. Баяндауыш бастауыштың мезгілін білдіруі тек үстеуге қатысты деп ойлайтын боламыз. Бірақ жоғарыда айтылғандай, үстеулердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы қазіргі әдеби тілде соңғы кездің жемісі деп білеміз.
Кейбір ережелерде ғана бастауыштың баяндауышпен жақ, жекеше, көпше түрде қиысуы да сөзге тиек болады. Негізінде барлық тілде де бастауыш пен баяндауыш айтылуы тиіс. Әр түрлі болғанымен, алайда олар үшін бұл қасиет негізгі мәселе. Дегенмен, бастауыш пен баяндауыштың бұл ерекшелігін ереже құрамында қараудың мына жайттарда байланысты демекпіз.
Бұл біріншіден, тек бастауышқа ғана қатысты емес, екі бас мүшенің бірлігі негізінде ғана арнайы сөз болуы керек. Осы себепті де екі сөйлем мүшесін толық өтіп болғаннан кейін бастауыш пен баяндауыштың байланысы дейтін өз алдына арнайы тақырыпты барлық әдебиеттен орын алуы да оны дәлелдесе керек.
Сол сияқты кейбір анықтамаларда баяндауыш екі құрамды болатындығы да айтылып отырады.Анықтаманың ішінде ол мәселені айтпағанның өзінде де сөйлемнің тұрлаулы немесе екі құрамды деп айту олар үшін негізгі қасиеті емес пе ? Ол үшін ережені күрделендірудің онша реті келіп тұрған жоқ. Осыған қоса предикативтілік және сөйлемнің бас мүшесі туралы да осыны айтуға болады. Сонымен баяндауышқа берілген анықтама нендей нәрселерді қамту керек деген мәселе төңірегінде былай деп айтуға болатын сияқты. Біріншіден, баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі; екіншіден, сөйлемді біршама тиянақтап тұруы; сөйлемді сөйлем етудегі баяндауыштың қызметі ерекше аталуы; үшіншіден, баяндауыш бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім , не екенін, заттық қасиеті, мекені, сапасы , саны т.б. қасиеттерін айқындауы.
Сонымен, баяндауыш дегеніміз бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс-әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, сандық қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
Әрбір сөйлем мүшесіне тән өзіндік қасиеттері бар. Баяндауышқа да қатысты негізгі мәселелер-баяндауыштық сұраулар, баяндауыштық тұлға, баяндауыштың жасалуы мен түрлері, т.б. Енді олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
I.2 Баяндауыштың сұраулары. Баяндауыштың негізі бір мәселесі оның сұраулары. Баяндауыштың сұраулары туралы зерттеу барысында мынаны байқадым дейді,- Т.Сайрамбаев, біріншіден, А.Н.Кононов, Н.К Дмитриев, сол сияқты қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар Н.Сауранбаев, Р.Әміров, А.Нұрмахановалардың еңбектерінде жалпы баяндауыштың сұраулары сөз болмайды. Екіншіден, баяндауыштың сұрауларын жан-жақты көрсете алмайды.
Соған қарамастан қазақ тіл біліміндегі баяндауыштың сұрауларының берілу дәрежесін көрсетуге болады. [4;14]
А.Байтұрсынов: не етпек? не қылмақ? қай етпек? Не болмақ? Нешік? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?
С.Аманжолов: Не қылдың? Кім? Не ? қандай? Нендей? Қанша?
Неше? Не еткен? Не қылған? Қайда? Неде?
Х.Арғынов: Не істеді? Не болды? Не етеді? Қайтеді? Кім? Не? Қанша? Қайда? Қашан?
М.Серғалиев: Қайтті? Не қылды? Не қылады? Не қылмақ? Не қылам? Не етеміз? Не істейміз? Неше? Қанша? Қаншасы? Кімі? Несі?
Ғ.Әбуханов: Не қылды? Не істеді? Не қылады? Қандай? Қанша? Неше? Нешінші? Кім? Не?
Міне, осы сұрақтардың өзінен бірнеше құбылысты байқауға болады, біріншіден, етістікті әрі есімді баяндауыштың сұраулары түгел емес.[4;15]
Екіншіден, бір сұраудың бірнеше нұсқасын беріп, сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық сұраулар әуелі тілдік жағынан келе бермейді (қай етпек?). Төртіншіден, тәуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы түрі алынады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді. Бесіншіден, сұраулардың көбіне дара түрі сөз болады да, көптік жағы ескеріле бермейді. Алтыншыдан, септік жалғауларының ішінде тек жатыс септігі ғана ескерілген. Жалпы, сұрауларды морфологиялық, синтаксистік те жағынан қарастыру орынды сияқты.
Морфологиялық еңбектердегі есімдер тобына жататын сөз таптарының сұраулар құрамына қарай дара болып келеді. Сол дара сұраулар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тән болып келсе, ал етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз таптарына екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы күрделі болып, етістіктің не қылды? Не істеді? т.б. сұраулары етістіктің түрлі тұлғаларында келе беретіні айқын. Сонда ондай күрделі сұраулардың бірінші сыңарлары көбіне не? Есімдігі болып қана келетін сияқты да, екінші сыңарларының ең негізгі істеді етістігі болып табылады. Сонда етістіктің сұраулары әрі есімнің де, әрі етістіктің де элементтері арқылы құралады.
Сонымен морфологиялық сұраулар құрамына қарай дара да, күрделі де бола береді екен.
А.Байтұрсынов баяндауыштық сұраулардың құрамында не есімдігімен бірге қай есімдігіне е көмекші етістігінің де қосақталуын бірге алап, ол көмекші етістіктің есімше тұлғасы арқылы қай етпек? деген сұрауды бір қосып көрсетеді. Әрине, бұл сұрау соңғы кезде онша қолдау таппағанын көреміз.
Сұраулардың осы сияқты құрамды түрлері синтаксисте де қолданылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда синтаксисте қолданылуында өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арада біз тек етістіктердің немесе синтаксистік баяндауыштың сұрауларын ғана арнайы сөз етпекпіз.
Жалпы алғанда, етістіктің де, баяндауыштың да сұраулары бір екендігі айқын. Мұндай құбылыстың тек қазақ тілінде ғана емес, орыс т.б. тілдерде де осы іспетті, бірақ баяндауыштың сұраулары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы кейбір ойларды ортаға салуды жөн көрдік. Орыс тілінде баяндауыштық сұраулардың ең негізгісі ретінде қарастыратыны что делает? сұрауы. Орыс тіліндегі что делает? сұрауын Л.Д. Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті қалыпқа ие болған деп берсе, А.И. Зарецкий ондай сұраулар есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған, сондықтан да оларды етістікті есімдік немесе местоимение - глагол деп өзінше атауды ұсынады
I.3. Баяндауыштың жасалу жолдары, түрлері. Барлық түркітану және қазақ тіл білімінде арнайы түрде сөз болатын негізгі мәселе- баяндауыштың жасалу жолдары. Баяндауыштың ережесі, тұлғалы, сұраулы, т.б. мәселелерінің барлығы, негізінде, жасалу жолдарымен тығыз байланысты. Сондықтан оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz