Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі



Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстан Республикасының Президенті;
2.2. Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.
ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар. қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Қ. Р. П-н конституцияға сәйкес (41-бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41-бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды (42-бап). Қ. Р. П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайындайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ. Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе қызметінен кетірілген, не қайтыс болған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50%-ынан астамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ. Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ. Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауапкершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ. Р. П-нің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай-ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ. Р. П. құзыреті ҚР Конституциясының 44, 45-баптарында белгіленген.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциясы. – Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-1 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2002. - 52 б.
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы.16.10.1995ж./ СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.
3. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - Астана: Фолиант, 2000. - 176 б.
4. Қазақстан Республикасының Президентi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі;

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Кенжалиев З.Ж.

Алматы 2017ж.

Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстан Республикасының Президенті;
2.2. Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.
ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар. қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Қ. Р. П-н конституцияға сәйкес (41-бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41-бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды (42-бап). Қ. Р. П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайындайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ. Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе қызметінен кетірілген, не қайтыс болған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50%-ынан астамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ. Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ. Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауапкершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ. Р. П-нің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай-ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ. Р. П. құзыреті ҚР Конституциясының 44, 45-баптарында белгіленген. Қ. Р. П. Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген сәттен бастап өз өкілеттігін атқаруға кіріседі және бұл өкілеттік жаңадан сайланған Қ. Р. П-нің қызметіне кіріскен кезінен бастап, сондай-ақ, қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда, не науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі анықталған жағдайда, не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Мұндай жағдайда Президент өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына, оның бұл өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Парламент Мәжілісінің төрағасына, оның да өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Республика Премьер-Министріне көшеді. Президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтеруге құқығы жоқ. Қ. Р. П. өзінің міндеттерін атқаруы кезінде мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады және осы іс-әрекеті үшін оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттары санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Тағылған айыпты тексеру ісін Сенат ұйымдастырады және тексеру нәтижелері Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғ. сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған кезден бастап 2 ай мерзімде түпкілікті шешім қабылданбаса, Президентке тағылған айыптың күші жойылады. Кезектен тыс сайланған Қ. Р. П-нің өкілеттігі кезекті Президент сайлауында сайланған Қ. Р. П. қызметіне кіріскенге дейін жалғастырылады. Бұл сайлау кезектен тыс сайлаудан кейін 7 жыл өткен соң, желтоқсанның алғашқы он күнінде өткізілуге тиіс.

2.1. Қазақстан Республикасының Президенті;
Қазақстанда Президент қызметі тұңғыш рет 1990 ж. 24 сәуірде Жоғ. Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғ. Кеңес 6 жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. ҚР-ның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Конституцияға 1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Мемлекет басшысы ретіндегі Қ. Р. П-нің өкілеттігін былайша топтастыруға болады: Ел Парламентінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған Заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Үкіметке сенімсіздік білдірілгенде, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беруден Парламент қатарынан екі рет бас тартқанда, Парламент Палаталарының арасында немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан саяси дағдарыс туғанда Парламентті тарата алады.
Ел Үкіметінің қызметімен байланысты құқықтары мен міндеттері: Парламенттің келісімімен Үкімет басшысын - Республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет құрамына кірмейтін орт. атқарушы органдарын белгілейді, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстар, респ. маңызы бар қалалар әкімдері мен Астана әкімі актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Үкімет басшысының ұсынуымен Республиканың мемл. бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Өз бастамасы бойынша да, Үкіметтің мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да Үкіметтің өкілеттігін тоқтату не оның орнынан түсуі туралы шешім қабылдайды және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатады; Парламенттің келісімімен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасын, сондай-ақ, Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік к-тінің төрағасын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қорғаныс пен сыртқы қарым-қатынастар саласындағы құқықтары мен міндеттері: Президент ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; Жоғарғы қолбасшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әскери доктринаны бекітеді; Қауіпсіздік Кеңесін құрады және оны басқарады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында не оның жекелеген аумағында әскери жағдай енгізеді; ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды; Сыртқы саясатқа басшылықты жүзеге асырады және халықар. қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді; келіссөздер жүргізіп, ҚР-ның халықар. қатынастарын бекіту грамоталарына қол қояды, шет мемлекеттердің елде тіркелген дипломат. және өзге өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Президенттің Конституцияда бекітілген басқа да өкілеттіктері бар: Президент өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, нормативке сай мазмұнда да, бейнормативтік мазмұнда да жарлықтар және құқықты қолдану құжаттары болып табылатын өкімдер шығарады; Сондай-ақ, Конституцияның 54-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен, бір жылдан аспайтын мерзімге Заң шығару өкілеттігін беруі мүмкін, сонда Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес, Президент Заң күші бар Жарлықтар шығарады.
2000 ж. 27 маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында Елбасының өмірлік мәртебесін анықтаған "Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы" ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды.
1. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.
3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.
Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президентi заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын шығарады.
Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.
Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.
Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады.
Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру туралы шешiм Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн. Тағылған айыпты тексерудi Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелерi Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Парламент Палаталары бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау Республика Президентiне қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына себепшi болған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2.2. Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі;
Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
1. Республика Президентi:
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы президентiнiң актілері мен жарлықтары
Республика Президенті
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
ҚР Президенті
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Қазақстан Республикасының парламенті
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Пәндер