Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі

Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс

Тексерген: Кенжалиев З. Ж.

Алматы 2017ж.

Жоспары:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығарудығы институты ретінде. Парламенттің даму кезеңдері;

2. 2 . Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары;

2. 3. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары;

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармағымен Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алған. 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды қамтиды. Ол қатынастардың дамуы, өзгеріп отыруы немесе тежелуі көбінесе заң шығару қызметінің табыстылығына байланысты. Заң шығармашылығының табыстылығы деп құқықтық реттелуге зәру, объективтік түрде себептелген қоғамдық қатынастардың дер кезінде, халық пен мемлекеттің мүддесіне сай заңи реттелуін, заң шығару процесінде кемістіктер мен кемшін тұстардың болмауын және тиісті қызметтің нәтижесі болып табылатын заңның қоғамның алға қарай қарқынды дамуына, мемлекетіміздің өркениетінің өсуіне қатысты қозғаушы бөлшек ретінде тұрақты қызмет етуін ұғынуымызға болады. Өйткені, заң шығармашылық мемлекеттік тәуелсіздік рухында, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, экономиканы дамыту мүддесінде заңдарды шығаруға арналған. Өз кезегінде, мұндай заңдар қоғамда, мемлекетте заңдылық пен конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Демек, қоғамдық дамудың біршама жетістіктері қоғамдық қатынастарды заңи реттеу арқылы мүмкін болады деп есептейміз. Заң шығару процесінің мұндай маңызы әр уақыттағы ғалымдар арасында тиісті мәселеге қатысты зор қызығушылықтар мен орасан талпыныстар тудырып отыр.

Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Оның жаңалығы мен құндылығы қаралатын мәселенің маңыздылығында, Қазақстан Республикасының Парламентімен тиімді заң шығармашылығының қажеттігі мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, мазмұндауда, сондай-ақ жұмыста баяндалған қорытындылар мен ережелерде байқалады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Парламентімен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы мен заң шығармашылығының процесі табылады.

2. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығарудығы институты ретінде. Парламенттің даму кезеңдері;

Мемлекетте болып жатқан өзгерістер заңи ғылымнан мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген. Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.

ҚР Парламентінің заңдар шығаруы заң шығармашылығының күнделікті қолданылатын жолы. Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т. б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.

Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Құрамы бойынша бір емес, екі палаталы Парламенттің қажеттілігі алдымен мына жағдайлармен түсіндірілетіндігін көрсетеді саяси қайраткер Ө. Байгелді: "Қазір Қазақстан ұзақ мерзімге пайдалануға есептелген жақсы ойластырылған, сараланған заңдарды қажет етуде. Осы уақытқад дейін қабылданған заңдардың көбі уақытша, өтпелі сипатта болды, ал қазір өзінің саясаты мен идеологиясын ұзақ мерзімге анықтаған ел үшін берік зандылық базасы қажет. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.

Екі палаталы жүйенің еліміздің негізгі заңында бекітіліп, қызмет етуі демократияландырумен қатар неғұрлым сапалы заң шығармашылық процесс үшін де жағдай жасады. Тек осы екі палаталы Парламенттік жүйе ғана заң жобаларын мұқият, жан-жақты талқылап, сапасы жоғары заңдар шығаруға, мемлекеттік мүдделерді негізге ала отырып, түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұлай дейтін себебіміз, Мәжіліспен қабылданған заң жобаларының Сенатқа соғуы оның Сенатта қайта тексеруден өтуіндей күйде болады. Өйткені, Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобасын міндетті түрде мақұлдамай, оны мәні бойынша, жаңа көзқараспен қарайды. Бұл айтқандарымыз, Парламенттің екі палаталы құрамының заңның сапалы болуына жасайтын бірінші алғышарты. Қазақстанның қос палаталы Парламентінің құрылу заңдылығына сәйкес Сенат әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерінен түрады. Бұл - қабылданар заңның тек мемлекеттің жалпы мүдделерін ғана емес, сондай-ақ бір мезетте жергілікті мүдделерді де ескеруінің кепілі.

Екінші сайланған Парламент өз қызметін 1999 жылдың 1 желтоқсанынан бастады. Бұл Парламент негізгі заңымызға енгізілген өзгертулерге сәйкес Палаталарының өкілеттік мерзімі ұзартылған, жаңа сайлау ережелеріне сәйкес құрылған орган болды. Парламент депутаттарының құрамына төрт саяси партияның өкілдері енді. Парламент осы уақытқа дейін қабылдаған 300-ге тарта заңдардың ішінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, Әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы Кодекс т. б. маңызды актілер барын айта кеткен жөн болар. Бұл заңдардың кейбірінің қабылданылуы жеңіл, жылдам болса, келесі бірі - ұзақ уақытқа созылып, кідіріп барып қабылданды. Мұның дәлелі ретінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңды келтіруге болады. 1999 жылдың аяғынан қызмет ете бастаған Парламент жұмысының мұндай көрсеткіші - халықтың күткен біраз үмітінің ақтала басталғанының және қазіргі Парламенттің жемісті нәтижелерінің көрнекі дәлелі.

2. 2. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары

Елдің серпінді даму кезеңіне шығу үшін біз пайда болған оңды нышандарды бекітіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуалды біржола тұрақтандыруға тиіспіз. Мұны Парламенттің негізгі саяси міндеті деп қараған жөн. Бұл оны қабылдайтын заң актілерінде дәйекті түрде жүзеге асырылуы керек.

Біздің мемлекетімізде шынайы демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты болып зандылық актілерін дайындау, қабылдау және әрекетке енгізудің тиімді тетіктерін терең теоретикалық әзірлеу мен тәжірибелік қолдану болып табылады. Заң және оны жасаумен байланысты қызмет әрқашанда қоғам дамуының барлық кезеңдерінде басты назарда болуы қажет.

Кез келген дамыған елдерде заңдар сол елдің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан да зандарды дұрыс қолдану үшін, тәжірибелік қызметте олармен дұрыс басшылық жасау үшін олардың қалай әзірленіп, қабылданатынын, күшіне енуі мен өз күшін қалай жоятынын, заң шығармашылығы мен заңдарды жүзеге асырудың заңдық техникасы қандай екенін білу қажет және де көптеген нормативтік актілерден қажетті заңды қалай табу керек екенін, сондай-ақ оны дұрыс түсіну мен дұрыс қолдануды ұғыну қажет.

Заңдар күрделі қызмет нәтижесінде дүниеге келеді және әрекеттегі зандылыққа қосылады. Ол күрделі қызмет жалпы түрде заң шығармашылығы деп аталады. Заң шығармашылығы - бұл құқық құру процесін аяқтайтын, нәтижесінде заңдар заңи күшке ие болатын және әрекет етуге кірісетін құзыретті органдардың қызметі.

Заң шығармашылығы - бұл өте күрделі процесс. Ол заң актісінің сапалы және мұқият дайындалуы үшін, қажетті құжаттар жинау үшін, социологиялық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін, қабылданатын заң актісінің болашақтағы тиімділігін жоспарлауды талдау үшін қажетті жағдайлардың жасалуын талап етеді. Заң шығармашылығы әртүрлі сала мамандарының ұжымдық шығармашылығының жемісі болып табылатын күрделі де көп еңбекті керек ететін процесс.

Ю. В. Мальцев заң шығармашылығына мынадай анықтама береді: "заң шығармашылығы - бұл алдымен танылғанды тұжырымдау жөніндегі, фактілік қоғамдық қатынастардың прогрессивті дамуын бір арнаға бағыттау жөніндегі қызмет".

Заң - заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі, жемісі болып табылады. Заңдар қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын кдмтамасыз ете отырып, қоғамның дұрыс дамуына, дұрыс қызмет етуіне жағдай жасайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына себеп болады. Яғни, қоғамдық дамудың, қатынастардың барлық жақтарына әсер етеді. Заң шығармашылығы тиісті мамандардың бір тобының ұжымдық іс-әрекетімен жүзеге асырылады. Заң шығармашылығы да қоғамдағы кез-келген құқықтық құбылыстар секілді белгілі бір қажеттіктің, мұқтаждықтың салдары. Заң шығармашылығына деген қажеттіліктерді көптеген факторлар туындайды. Өйткені, заң шығармашылығы саяси, экономикалық, құқықтық, идеологиялық және т. б. факторлардың әсерінде болатын шығармашылық қызмет.

Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда бекітілмеген. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңда олардың біразы көрініс тапқан, ашып айтсақ заң актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау, заң жобаларын әзірлеу (дайындау), жобаны мүдделі органдармен және ұйымдармен келістіру. Заң жобасын Мәжіліске енгізгенге дейінгі әрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше көрсетуге кедергі болмайды. Заң актісін Парламентте қарау және қабылдауға дейінгі кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын әрекеттерден кем соқпайды және күрделі әрекеттерді камтиды. Себебі, дәл осы кезеңдерде болашақта заң нысанын алатын құқықтық реттелудің пәні анықталады, тиісті шығармашылық қызметтің жемісі болып табылатын - заңның мәтіні жасалады, реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі, анықталған қатынасты құқықтық реттеудің ең орынды жетік жолдары анықталады. Нақ осы кезеңде заңның сапасы қалыптасады. Сонымен қатар, жобаны дайындау барысында жоғарыда аталғандардан басқа да мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:

- әлем елдерінің Конституцияларын, заңдылық актілерін, кажетті құжаттарды жинау;

- оларды түбегейлі түсіну, зерттеу;

- тиісті заң жобасына қатысты сәйкес баптарды талдау, байланысын анықтау;

- заң жобасын құрастыру және оны мамандар мен сарапшыларға беру;

- тиісті мамандардың қорытындылары мен қоғам мүшелерінің мүдделерін ескеру.

Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ, заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.

Заң шығару процесінің сатыларын анықтауға байланысты өзгешелік Қазақстан ғылымында да кездесіп отырады. Тиісті мәселеге қатысты өзгеше пікірді қазақстандық ғалым С. К. Амандықованың еңбектерінен байқаймыз. Ол заң шығару процедураларын келесідей бес сатыға тиянақтайды «Заң шығарушылық процесінің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процесі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Заң шығарушылық процестің екінші сатысы заң жобасын алдын-ала талқылаудан өткізу. Үшінші саты - заң жобасын Мәжіліс отырыстарында талқылау. Төртінші саты - заң жобасын Сенатта қарау. Бесінші саты - заңдарға Президенттің қол қоюы және олардың жариялануы».

«ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 3-тарауының мазмұны мен құрылымы қос палаталы Парламенттің заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуте болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1. заң шығару бастамашылығы;

2. заң жобасын Мәжілісте қарау;

3. заң жобасын Сенатта қарау;

4. қол қою жәнезаңды жариялау.

ҚР Парламентінің күрделі заң шығару қызметін осындай бес сатыға тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары -процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі. Заң шығару процесінің белгілі бір сатысының аяқталуы нормативтік актіні жасау жөніндегі жұмыстың жаңа бір дербес сатыға өткендігін куәландырады. Әрбір жаңа сатыда жасалып жатқан актінің жаңа сапасы пайда болады.

Заң шығару процесінің сатыларына жеке-жеке тоқталмас бұрын, заң шығару процесінің өзге жағын ашып қарауды жөн көріп отырмыз. Конституцияның 49-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53-бапта (4-тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсініктері мен шектері тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты мәселелер. Заң шығару процесінің Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды.

Республика заң актілеріне сәйкес қазақстандық заң шығару процесі екі түрде жүзеге асырылады: Мәжіліс - Сенат - бірінен соң екіншісі кезектілікпен қарау арқылы заң шығару және палаталардың бірлескен отырысында заң шығару. Конституцияның54-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды. Ал, 53-баптың 1-тармағы Палаталардың бірлескен отырысында Парламент ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін, конституциялық заңдар қабылдайтынын, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін белгілейді. Сондай-ақ, палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің қабылдаған заңына Президенттің салған ветосы талқыланады (53-бап 3-тармақ) және Үкіметке сенім білдірілген жағдайда Үкімет енгізген заң жобасы қабылданады.

Заңдарды палаталардың кезектілікпен немесе бірлескен отырыста қарап, қабылдауы байланысты болатын заңды фактілер болып 1995ж. ҚР Конституциясында анықталған адамдар мен органдардың өздеріне тән заң шығару бастамашылығы құқығын пайдалануы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектісінің Парламент қарауға міндетті заң жобасын және Парламенттің өзге заң актісінің мәтінін ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы Мәжілісте ғана жүзеге асырылады және оған ие субъектілердің екі түрін көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент депутаттары.

2. 3. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасында заң шығармашылығының жоғары дәрежеде тиімді болуы - мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, біртүтастығын нығайтып, құқықтық мемлекет ретінде қарқынды түрде қалыптасуына зандылық негіз жасайды. Алайда, Республикамыздың қазіргі заңдылық базасы әлі де тиісті талаптарға сай емес. Біраз заңдар қабылданар - қабылданбастан ескіріп, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етіп, күшін жойып жатқан жағдайлар бар. Ал, бұл фактілер - заңның сапасының төмендігі, олай болса, заң шығармашылығының тиімділігінің тиісті, қажетті деңгейде болмауы. Әрине, оның да себептері бар. Мысалы, заң шығарудың әлі де тарихи қалыптасқан және дамыған елдердің Парламенттері қолданатын жетік демократиялық нысандардың, жолдардың болмауы, заң шығармашылығына әртүрлі әлеуметтік-саяси күштердің әсер ету мүмкіншілігін, яғни заңды лоббизмнің құқықтық негізінің жасалмауы, заң шығармашылығы процесін тиісті деңгейде қаржылық қамтамасыз ете алмаушылық, мемлекеттік тіл ретінде белгіленген қазақ тілінің әлі де қажеттілігі мен қоғамдағы рөлінің танылмауы, сондай-ақ, заң шығарушылардың жеткіліксіз кәсіби даярлығы және т. б. Парламенттің заң шығармашылығы қызметінің рөлін көтеру көптеген ғалымдар мен мемлекет алдында тұрған өзекті мәселе. Ол жөнінде ой-пікірлер айтылып, түрлі шаралар өткізілуде. Заң шығармашылығы қызметінің тиімділігі мәселесіне қатысты көзқарастарды зерттеу - оның тиімділігін көтеруге жағдай жасайтын шарттардың бар екендігі туралы мәліметтерге қол жеткізеді. Мысалы, з. ғ. к. Ж. М. Башарова өз еңбегінде заң шығармашылығы қызметінің тиімділігін көтерудің мынадай жолдарын ұсынады:

1. Заң жобаларын жан-жақты, мұқият дайындау және оларды комитеттердің, комиссиялардың отырыстарында мұқият қарау;

2. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің пленарлық отырысында зандар жобаларын жан - жақты белсенді талқылау;

3. Казақстан Республикасы Парламентінің актілерін жүзеге асыру үшін күшті бақылауды ұйымдастыру;

4. Құқықтық актілерді орындамағаны үшін тиісті мемлекеттік-құқықтық актілерде Парламентпен белгіленген мемлекеттік-құқықтық жауаптылықты бекіту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі туралы
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Конституцияда Парламент екі палатадан
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz