Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі туралы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі

Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс

Тексерген: Кенжалиев З. Ж.

Алматы 2017ж.

Жоспары:

1. КІРІСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығарудығы институты ретінде. Парламенттің даму кезеңдері;

2. 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары;

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармағымен Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алған. 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды қамтиды. Ол қатынастардың дамуы, өзгеріп отыруы немесе тежелуі көбінесе заң шығару қызметінің табыстылығына байланысты. Заң шығармашылығының табыстылығы деп құқықтық реттелуге зәру, объективтік түрде себептелген қоғамдық қатынастардың дер кезінде, халық пен мемлекеттің мүддесіне сай заңи реттелуін, заң шығару процесінде кемістіктер мен кемшін тұстардың болмауын және тиісті қызметтің нәтижесі болып табылатын заңның қоғамның алға қарай қарқынды дамуына, мемлекетіміздің өркениетінің өсуіне қатысты қозғаушы бөлшек ретінде тұрақты қызмет етуін ұғынуымызға болады. Өйткені, заң шығармашылық мемлекеттік тәуелсіздік рухында, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, экономиканы дамыту мүддесінде заңдарды шығаруға арналған. Өз кезегінде, мұндай заңдар қоғамда, мемлекетте заңдылық пен конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Демек, қоғамдық дамудың біршама жетістіктері қоғамдық қатынастарды заңи реттеу арқылы мүмкін болады деп есептейміз. Заң шығару процесінің мұндай маңызы әр уақыттағы ғалымдар арасында тиісті мәселеге қатысты зор қызығушылықтар мен орасан талпыныстар тудырып отыр.

Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Оның жаңалығы мен құндылығы қаралатын мәселенің маңыздылығында, Қазақстан Республикасының Парламентімен тиімді заң шығармашылығының қажеттігі мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, мазмұндауда, сондай-ақ жұмыста баяндалған қорытындылар мен ережелерде байқалады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Парламентімен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы мен заң шығармашылығының процесі табылады.

2. 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығарудығы институты ретінде. Парламенттің даму кезеңдері;

Мемлекетте болып жатқан өзгерістер заңи ғылымнан мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген. Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.

ҚР Парламентінің заңдар шығаруы заң шығармашылығының күнделікті қолданылатын жолы. Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т. б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.

Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Құрамы бойынша бір емес, екі палаталы Парламенттің қажеттілігі алдымен мына жағдайлармен түсіндірілетіндігін көрсетеді саяси қайраткер Ө. Байгелді: "Қазір Қазақстан ұзақ мерзімге пайдалануға есептелген жақсы ойластырылған, сараланған заңдарды қажет етуде. Осы уақытқад дейін қабылданған заңдардың көбі уақытша, өтпелі сипатта болды, ал қазір өзінің саясаты мен идеологиясын ұзақ мерзімге анықтаған ел үшін берік зандылық базасы қажет. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.

Екі палаталы жүйенің еліміздің негізгі заңында бекітіліп, қызмет етуі демократияландырумен қатар неғұрлым сапалы заң шығармашылық процесс үшін де жағдай жасады. Тек осы екі палаталы Парламенттік жүйе ғана заң жобаларын мұқият, жан-жақты талқылап, сапасы жоғары заңдар шығаруға, мемлекеттік мүдделерді негізге ала отырып, түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұлай дейтін себебіміз, Мәжіліспен қабылданған заң жобаларының Сенатқа соғуы оның Сенатта қайта тексеруден өтуіндей күйде болады. Өйткені, Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобасын міндетті түрде мақұлдамай, оны мәні бойынша, жаңа көзқараспен қарайды. Бұл айтқандарымыз, Парламенттің екі палаталы құрамының заңның сапалы болуына жасайтын бірінші алғышарты. Қазақстанның қос палаталы Парламентінің құрылу заңдылығына сәйкес Сенат әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерінен түрады. Бұл - қабылданар заңның тек мемлекеттің жалпы мүдделерін ғана емес, сондай-ақ бір мезетте жергілікті мүдделерді де ескеруінің кепілі.

Екінші сайланған Парламент өз қызметін 1999 жылдың 1 желтоқсанынан бастады. Бұл Парламент негізгі заңымызға енгізілген өзгертулерге сәйкес Палаталарының өкілеттік мерзімі ұзартылған, жаңа сайлау ережелеріне сәйкес құрылған орган болды. Парламент депутаттарының құрамына төрт саяси партияның өкілдері енді. Парламент осы уақытқа дейін қабылдаған 300-ге тарта заңдардың ішінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, Әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы Кодекс т. б. маңызды актілер барын айта кеткен жөн болар. Бұл заңдардың кейбірінің қабылданылуы жеңіл, жылдам болса, келесі бірі - ұзақ уақытқа созылып, кідіріп барып қабылданды. Мұның дәлелі ретінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңды келтіруге болады. 1999 жылдың аяғынан қызмет ете бастаған Парламент жұмысының мұндай көрсеткіші - халықтың күткен біраз үмітінің ақтала басталғанының және қазіргі Парламенттің жемісті нәтижелерінің көрнекі дәлелі.

2. 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасында заң шығармашылығының жоғары дәрежеде тиімді болуы - мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, біртүтастығын нығайтып, құқықтық мемлекет ретінде қарқынды түрде қалыптасуына зандылық негіз жасайды. Алайда, Республикамыздың қазіргі заңдылық базасы әлі де тиісті талаптарға сай емес. Біраз заңдар қабылданар - қабылданбастан ескіріп, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етіп, күшін жойып жатқан жағдайлар бар. Ал, бұл фактілер - заңның сапасының төмендігі, олай болса, заң шығармашылығының тиімділігінің тиісті, қажетті деңгейде болмауы. Әрине, оның да себептері бар. Мысалы, заң шығарудың әлі де тарихи қалыптасқан және дамыған елдердің Парламенттері қолданатын жетік демократиялық нысандардың, жолдардың болмауы, заң шығармашылығына әртүрлі әлеуметтік-саяси күштердің әсер ету мүмкіншілігін, яғни заңды лоббизмнің құқықтық негізінің жасалмауы, заң шығармашылығы процесін тиісті деңгейде қаржылық қамтамасыз ете алмаушылық, мемлекеттік тіл ретінде белгіленген қазақ тілінің әлі де қажеттілігі мен қоғамдағы рөлінің танылмауы, сондай-ақ, заң шығарушылардың жеткіліксіз кәсіби даярлығы және т. б. Парламенттің заң шығармашылығы қызметінің рөлін көтеру көптеген ғалымдар мен мемлекет алдында тұрған өзекті мәселе. Ол жөнінде ой-пікірлер айтылып, түрлі шаралар өткізілуде. Заң шығармашылығы қызметінің тиімділігі мәселесіне қатысты көзқарастарды зерттеу - оның тиімділігін көтеруге жағдай жасайтын шарттардың бар екендігі туралы мәліметтерге қол жеткізеді. Мысалы, з. ғ. к. Ж. М. Башарова өз еңбегінде заң шығармашылығы қызметінің тиімділігін көтерудің мынадай жолдарын ұсынады:

1. Заң жобаларын жан-жақты, мұқият дайындау және оларды комитеттердің, комиссиялардың отырыстарында мұқият қарау;

2. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің пленарлық отырысында зандар жобаларын жан - жақты белсенді талқылау;

3. Казақстан Республикасы Парламентінің актілерін жүзеге асыру үшін күшті бақылауды ұйымдастыру;

4. Құқықтық актілерді орындамағаны үшін тиісті мемлекеттік-құқықтық актілерде Парламентпен белгіленген мемлекеттік-құқықтық жауаптылықты бекіту.

Заң шығармашылығының нәтижелерін экономикадан және адамдардың күнделікті өмірінен, қоғамның әлеуметтік және рухани салаларынан, халықаралық қатынастардан және өмірдің өзге салаларынан, сондай-ақ бүкіл қоғамның, әрбір адамның да заң шығармашылығының тиімділігіне қатысты өз пікірінен байқауға болады. Осылардың негізінде заң шығармашылығының тиімділігін бағалауға, талдауға қол жеткізу мүмкін. Ал, тиісті қызметті бағалау - қажетті құбылыс. Заң шығармашылығының тиімділігі мен өнімділігін заң шығару процесінде қабылданған заңның өмірде жүзеге асуының шынайы нәтижелерімен бағалауға болады. Заң шығармашылығының тиімділігін бағалаудың мақсаты - заңдар шығару арқылы қоғамның, оның мүшелерінің мүдделерін, сұраныстарын шынайы қанағаттандыру дәрежесін танып-білу. Бүгінде заң шығарудың тиімділігін бағалайтын келесідей амалдарды көруге болады:

Заң шығармашылығының тиімділігінің дәрежесін тиісті қызметке қатысатын субъектілердің есептерінен көруге болады. Олар: Үкімет мүшелерінің палата алдында беретін есептері, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, депутаттардың өз сайлаушылары алдында есеп беруі, оларды Парламент қызметі туралы ұдайы хабардар етіп отыруы.

Заң шығармашылығының тиімділігін бағалаудың маңызды құралы болып әркезде де қоғамдық пікір табылады. Қоғамдық пікір заң шығармашылығы туралы көптеген адамдардың көзқарастары, пайымдаулары, санасы мен ерік-жігері негізінде қалыптасады. Ол тұрақты түрде заң шығармашылығының нәтижелерін азаматтардың, қоғамның мүдделерімен, қажеттіктерімен шамалап, салыстырып, ара қатынасын белгілеп отырады.

Заң шығармашылығына қатысты біраз бағалау жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарының (радио, баспасөз, теледидар) дербес және тәуелсіз болғаны керек. Өйткені, олар өз мәні бойынша өмірдің шындығы үшін күресетін, көзқарастары, талдаулары мен бағалаулары объективті болатын құралдар. Бұқаралық ақпарат құралдары заң шығармашылығының тиімділігін объективті түрде бағалауы үшін олар жеке әлеуметтік, саяси топтардың емес, жалпы қоғамның ойлауын көрсетіп отырулары тиіс.

Заң шығармашылығы қай кезде де тиімді, пайдалы болуы үшін әрқашанда заң шығармашылығы қызметінің жағдайын таддап және бағалап, тиісінше заң шығармашылығының тиімділігінің алғышарттарын анықтап отыру қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның және біраз шетелдік заң шығармашылығын, олардың адамдардың еріктерімен байланыстығын зерттеп біз заң шығармашылығы өмірде болып жатқан түрлі процестерден, өмірлік зандылықтардан туындайды, олармен байланыста болады әрі ол қоғамдық процестер заң шығармашылығына белгілі бір шектеулер қояды деген ғылыми пікірлерді басшылыққа ала отырып тиімді заң шығармашылығын қалыптастыру үшін ол қоғамдық процестердің мазмұнын ашу керек деген түйінге келдік. Парламенттің заң шығару қызметі өмірде болып жатқан, тарихи қалыптасқан, әлеуметтік, экономикалық, саяси процестерден туындайды, олармен өзара байланыста болады. Бұл жағдайлардың бірі адамдардың еркінен тыс, тарихи қалыптасса, келесі бірі сананың шегінде болады. Объективтік негіздер мен субъективтік факторлар қандай да бір заңның шығарылуына қозғау салады, заңның мазмұнын қалыптастыруға ықпал етеді. Қоғамдық қатынастарды кұқықтық реттеудің тиімді, қажетті деңгейде болуы объективтік зандылықтарды тану жөніндегі субъективтік қызметтің дұрыс жүргізілуіне байланысты. Объективтік негіздерді тану, оларды талдау арқылы болашақ заңдылыққа қаншалықты әсер ететінін байқау білу заң шығармашылығының тиімді болуының бір шарты. Сол себепті де ғылым заң шығармашылығының объективтік негіздерін танудың ең бір жетік жолдарын анықтауы, оның нәтижелерін тиімді үйлестіруі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Конституцияда Парламент екі палатадан
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz