Сматр – теледидар және оқыту үрдісі



І.КІРІСПЕ
I.I. Смарт оқытудың негізгі ұғымдары
I.II. Смарт оқытуға арналған жабдықтар (техникалық, программалық)
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II.I. Смарт технологиясын оқытудың жаңа әдістері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру үдерісінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етеді. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін дамыту, жетілдіру - адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда білім берудің екі аспектісі рухани-адамгершілік біліммен қатар интеллектуалды білімді құстың қос қанатындай оқушыларға білім беру негізінде олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып саналады.
Тұлғаның бойындағы барлық интеллектуалды қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін оған әсер ететін факторларды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті дамытудың маңызды факторларының бірі - білім беру жүйесіндегі технологиялар.
Жаңа білім ортасы білім берудің жаңа мазмұнынан, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жаңа технологиялары мен теориялық ойлауға қабілетті және өз бетінше жетілуге ұмтылған шығармашылық зерттеу қызметіне дайын оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбиелік үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларынан тұрады. Осы салада басты рөлді тек қана оқу үдерісі емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен жабдықталған білім беру ұйымдарының жүйесі мен ақпараттық-коммуникациялық құралдардың қолданылуы маңызды.
Қазіргі таңда оқу үдерісін ақпараттық-коммуникациялық құралдарсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту белсенді болып келеді. Мобильдік құрылғылар, интернет желілері өмір сүрудің де қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттыруда. Адам үйде отырып-ақ, белгілі бір кәсіппен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып, дамып, электронды оқыту, электронды денсаулық сақтау, электронды ғылым т.б. ұғымдармен сөздік қор толықты. Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар – «Smart», «Smart education», «Smart learning» ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. «Smart education» немесе «Smart learning» ұғымдары көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолданылуда. «Smart education» ұғымының мағынасы қандай? Сөздің түбірі «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»«Айқын», 2005 жылғы 19 ақпан.
2. Пірәлиев С.Ж., Даутов С.Б., Симтиков Ж.Қ. «Елбасы және отандық білім жүйесі»Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат», 2011 жыл.
3. Использование интерактивных досок по предметам [Электронный ресурс]. URL:http://www.smartboard.ru/ view.pl?mid=1131617522
4. Құлқараев А. ««E-learning» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері./ /Электрондық мектеп. — №2 — 2013.
5.http://partavl.ru/interwrite_board
6.http://www.classic-s.ru/?id_razd=28
7.http://www.m-port.ru/catalog-documents/interaktivnaja-doska-sproektorom.html
8.http://lj.mhi.edu.mhost.ru/news/719-interaktivnaja-doska-instrument sovremennogo.html
9. http://gomulina.narod.ru/Interactiv_Board.doc

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сматр - теледидар және оқыту үрдісі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017 жыл
МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ
I.I. Смарт оқытудың негізгі ұғымдары
I.II. Смарт оқытуға арналған жабдықтар (техникалық, программалық)
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II.I. Смарт технологиясын оқытудың жаңа әдістері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І.КІРІСПЕ
I.I. Смарт оқытудың негізгі ұғымдары
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру үдерісінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етеді. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін дамыту, жетілдіру - адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда білім берудің екі аспектісі рухани-адамгершілік біліммен қатар интеллектуалды білімді құстың қос қанатындай оқушыларға білім беру негізінде олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып саналады.
Тұлғаның бойындағы барлық интеллектуалды қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін оған әсер ететін факторларды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті дамытудың маңызды факторларының бірі - білім беру жүйесіндегі технологиялар.
Жаңа білім ортасы білім берудің жаңа мазмұнынан, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жаңа технологиялары мен теориялық ойлауға қабілетті және өз бетінше жетілуге ұмтылған шығармашылық зерттеу қызметіне дайын оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбиелік үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларынан тұрады. Осы салада басты рөлді тек қана оқу үдерісі емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен жабдықталған білім беру ұйымдарының жүйесі мен ақпараттық-коммуникациялық құралдардың қолданылуы маңызды.
Қазіргі таңда оқу үдерісін ақпараттық-коммуникациялық құралдарсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту белсенді болып келеді. Мобильдік құрылғылар, интернет желілері өмір сүрудің де қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттыруда. Адам үйде отырып-ақ, белгілі бір кәсіппен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып, дамып, электронды оқыту, электронды денсаулық сақтау, электронды ғылым т.б. ұғымдармен сөздік қор толықты. Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education, Smart learning ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education немесе Smart learning ұғымдары көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолданылуда. Smart education ұғымының мағынасы қандай? Сөздің түбірі smart сөзі ағылшын тілінен аударғанда зерек, ақылды дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде - ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең көлемде жауап беру үшін білім беру жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды. Бұл бағыттарды үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде, яғни өткен шақта студент үшін жалғыз білім көзі оқытушының өзі болып, оқытушының кеңесімен студент жаңа білімдерді аудиторияда немесе әр түрлі оқулықтар көзінен ала алатын болды. Екінші кезең, яғни қазіргі кезде білім тек оқытушыдан студентке беріліп қана қоймай, студенттен студентке де беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде білім беру технологияларын жетік меңгеріп, оқытушылар білімді аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады. Ал келешекте студент үшін негізгі білім көзі интернет болады, технологиялар тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді құруға бағытталады.
Осы орайда Smart оқыту жүйесі қандай нәтиже немесе мүмкіндік тудырады? деген сұрақ туындайды. Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың, өскелең ұрпақтың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке көшуге мүмкіндік береді. Smart оқыту мақсатқа және үздік нәтижеге талпынуды болжайды. Мақсатты дұрыс қоя білу - бұл жетістіктің жартысы. Smart - мақсаты да осындай, әр әрпі, сөзі бір бағытты көрсетеді:
S - Self Directed (өзін-өзі оқытуға бағдарланған)
M - Motived - (белсенді танымдық іс-әрекетті негіздейді)
A - Adaptive - (білім беру субъектісіне бейімделген)
R - Resourse Free - (білім беру ресурстарына еркін қолжетімділігі бар)
T - Technology Embedded - (технологиялармен қамтамасыз етіледі)
Smart education - бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған білім беру ұйымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі, яғни, бұл контентті бірлесіп құру және оны пайдалану, бірлесіп оқыту деген мағынаны білдіреді. Жаңа Smart-қоғамның моделі деген бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Сонымен қатар Smart education немесе ақылды оқыту - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні - білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, жетелі оқытудың мақсаты - білім беру үдерісін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту үдерісін тиімді ету. Мұндай тұрғыда оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады.
Smart оқыту - білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart оқытуға назарын аударды. Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертуде. SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің көптеген елдері кеңінен қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз грифельді тақталар, күшейткіш аудиожүйелер т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. SMART education-нің негізгі идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектісін жетілдіру болып табылады. Мұндай стратегия АҚШ, Корея, Жапон және Еуропа елдері үшін эталонға айналды. Ал Корея елінде инновациялық білім беру технологиялары 1996 жылдан беру белсенді дамып келеді.
Smart оқытуды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге болады:
:: Барлық білім беру ұйымдарын SMART құрылғылармен қамтамасыз ету;
:: SMART құрылғылармен жұмыстануға оқытушының, мұғалімнің арнайы дайындығы және оны меңгеруі;
:: Осы бағыттағы бағдарламаларды толық іске асыру.
Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет - сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту.
Smart оқытудың келеңсіз жақтары да бар, дегенмен, білім берудің екі аспектісі рухани-адамгершілік және интеллектуалды білімдерді өскелең ұрпаққа құстың қос қанатындай бірдей бере отырып, оқушылардың интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін де түсіну керек.

I.II. Смарт оқытуға арналған жабдықтар (техникалық, программалық)
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты - әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.
Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету - білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.
Білім беру - инновацияны ендіру үшін қолайлы кеңістік. Бүгінде біз ағарту саласының отандық жүйесі өз дамуының кезекті кезеңіне енуінің куәсі болып отырмыз. Салаларды жаңарту халықаралық тәжірибе мен қазақстандық білім берудің дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып жүргізілуде.Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деген байламы білім беру саласына зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі таңда Қазақстан білім - ғылым - инновация сияқты үштік басқаратын постиндустриялық әлемге бет алған кезде білім мен кәсібилік үшінші мыңжылдыққа рұқсаттама болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты жаңғырту үдерісі білім беру жүйесінде жалғасын тауып, ол нарықтың нақты қажеттіліктері мен әртараптандырылған экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.
Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қатынастық технологиялардың тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық және энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.
Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту - E-learning, SMART технологиясы ұғымы соңғы жылдарда пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына SMART қоғам қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі кезде SMART технологиясын өндірушілер - АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. E-Learning электронды оқыту бағдарламасы мен SMART технологиясы жөнінде толығырақ тоқталып өтсек. Әлемдік қоғамдастыққа сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпараттық-қатынастық кеңістікке кірігу - әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі - E-Learning электронды оқыту бағдарламасы. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды білім беру әдісін пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай, олардың саны 90 пайызға дейін жетеді, - деп мәлімдеген болатын. Дамыған елдерде кеңінен тараған E-learning электронды оқыту жүйесі елімізде білім беруді дамытуды жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Елімізде электронды оқыту жүйесін енгізу екі кезеңмен жүзеге аспақшы. Оның бірі 2011-2015, ал екіншісі 2016-2020 жылдарды қамтиды. Сәйкесінше, бастапқы кезең бойынша білім беру мекемелерінің 50 пайызы, екінші кезеңде 90 пайызы электронды түрге көшпек. Осы жүйемен жұмыс жасауға мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арнайы дайындықтан өткізілуде. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелілігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында.
Электронды оқыту E-Learning жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. Атап айтсақ:
- оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы;
- оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі;
- оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері;
- жоғары сап.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, Е-learning жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мәселен, Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Францияда балабақшадан бастап үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибеге әбден сіңісіп кеткен.
E-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) - электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу, виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі болып табылады. E-learning - бұл оқу және оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасын электрондық құралдармен қолданып, компьютер, ұялы телефон, коммуникатор, білімді басқару жүйесі (LMS) және интерактивті оқыту платформасына негізделген сабақ берулерден құралады. Ал, жалпылама ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: E-learning - ғаламтор және мультимедиа көмегімен оқыту дегенді білдіреді екен.
Электрондық оқыту - E-learning технологиясы арқылы білім алушы оқу орнында өзіне қолайлы уақыт мезгілінде электрондық оқу материалдарын алып, дәріс берушімен қашықтықтан виртуальды түрде қарым-қатынас жасай отырып, өз білім қорын жинақтап, жетілдіре алады. Яғни, электрондық оқыту (E-learning) жүйесінің негізгі артықшылықтарын былайша атап көрсетелік:
- қолайлы уақыт пен орын;
- қашықтықтан білім алуды жүзеге асырады;
- үздік білім ресурстарына қолжетімділік;
- денсаулығы шектеулі білім алушылардың білім алу мүмкіндігі;
- оқытушымен үздіксіз қарым-қатынас;
- білім алудың қолайлы күнтізбесі.
E-learning - білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отырған жүйе. Электрондық оқыту білім беру процесін инновациялық жаңарту механизмі ретінде енгізілген. Сонымен электронды оқыту біріншіден, білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.Электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
- Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
- Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с.)
- Электрондық оқулықтар ішкі жүйесі - E-Book;
- Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;
- Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;
- Тест басқарудың ішкі жүйесі - TMS;
- Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;
- Мониторинг және талдау ішкі жүйесі;
- Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Орта білім беру саласында да электрондық оқыту жүйесі көптеген мүмкіндіктер береді. Таратып айтсақ, мектептер мен колледждер қажетті инфрақұрылыммен, жүйелі мағына жағынан мектеп және техникалық, кәсіптік білім беру пәндері бойынша цифрлық білім беру ресурстарымен жабдықталуда, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады. Сонымен қатар, оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал, мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.
SMART EDUCATION тұжырымдамасына тоқталып өтсек, SMART EDUCATION тұжырымдамасының негізі - барлық білім беру үдерісінің кешенді модернизациясы мен осы үдерісте пайдаланатын әдістері және технологиялары болып табылады. SMART тұжырымдамасы білім беру бағытында жаңа технологияның пайда болуына өз септігін тигізеді, атап айтқанда ақылды тақта, ақылды экрандар, интернетке әр жерден кіру сияқты және әр технологиялар контентті жаңаша жасау үрдісін, оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады.
SMART сөзі ағылшын тілінен аударғанда Ақылды дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, Ақылды мақсаттарға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S (Specific) - мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
М (Measurable) - мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А (Achievable) - мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R (Relevant) - мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
Т (Time-limited) - мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.Қорытындылай келе, қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы - электронды жүйемен оқыту.
Жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың кешенді үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы - инновация көрсеткіштері. Осы талаптарға отандық білім жүйесінің сай келуі, соңғы болып жатқан өзгерістерге, өскелең сұраныстарына үлгеру басты талапқа айналып отыр.Қай елдің болсын, заман ыңғайына қарай экономикалық-қоғамдық қатынастарының барлық саласы өзгеріп, дамыған сайын білім беру жүйесі де өзгеше мән-мазмұнға ие болып, сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық.
Бүгінде әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Smart технологиясының кешенді дамуы - Smart-қалалардың негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде Smart-Қазақстанды құраймыз деген үлкен мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз.
Бүгінгі таңда электрондық оқыту - бұл объективтік заңдылық. Атап айтқанда, электрондық оқыту ақпараттық қоғам мұхитында жаңа түрленуді және еркін азаматтың тұлғалығын қалыптастырудың қуатты факторы бола алады. Электронды оқыту жүйесінің арқасында кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың сапалы білім алуына оң нәтиже береді. Заман талабына сәйкес электронды оқыту жүйесін ұтымды және өз дәрежесінде қолдана білуі қажет. Инновациялық ақпараттық-білімдік орта ретінде электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Электронды оқыту жүйесі - көрнекілік, жүйелілік, біртұтастық, ұғынымдылық сияқты дидактикалық қағидаларды, тәрбиелейтін оқытуды жаңа деңгейде іске асыру үшін мұғалімге де, оқушыға да жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; танымдық іс-әрекет кезеңдерін, оқытуды дараландыруды, оқушылардың құлшынысын арттыруды, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты, педагог кадрларды қайта дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін, мұғалімнің шығармашылық өсуін және т.б. іске асыруды қамтамасыз етеді.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II.I. Смарт технологиясын оқытудың жаңа әдістері
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру, оның қабілеттерін, ең алдымен интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып саналады.
Жеке тұлғаның интеллектуалдық қабілетін жан-жақты дамыту үшін оған әсер ететін факторларды, алғышарттарды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
Қашықтықтан оқыту – оқытудың заманауи форматы
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Қашықтан оқыту артықшылығы
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Пәндер