Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру


бағдарламалары бойынша оқу, білім процестері жүргізіледі. Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау. Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға, белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады. Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі -білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының мемлекеттік - қоғамдық формаға біртіндеп ауысуы, мұндай басқарымның мəні- білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүдделерін үйлестіре жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш- қуат жұмсау қажеттігі.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі білім беру жүйесінің ел экономикасын дамытудағы рөлінің басымдылығы.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы аймақтарының білім беру саласы бойынша өзекті мәселелері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатта төмендегідей міндеттер қарастырылды:
- мемлекеттік саясат және оны жүзеге асыру бағыттары;
- мемлекеттік саясаттың бағыты ретіндегі білім беру жүйесі;
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ел экономикасына ықпалы;
- Қазақстан Республикасы аймақтарының білім беру саласы бойынша даму мәселелері.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы, шетелдік және отандық экономист ғалымдардың пікірі, Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің мәліметтері қолданылды.
1 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мемлекеттік саясат және оны жүзеге асыру бағыттары
«Мемлекеттік саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықша аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Мемлекеттік саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені мемлекеттік саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде мемлекеттік саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
Мемлекеттік саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Мемлекеттік саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады[3] .
Мемлекеттік саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке тұлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М. Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер- тұлғаның үш түрін көрсетеді(сурет 1) .
Сурет 1. Саясаттың түрлері
Жоғарыдағы көрсетілген суретті талдайтын болсақ, «жағдайға байланысты, кездейсоқ» саясат дегеніміз- саяси қатысудың түрі. Бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың мазмұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады.
«Қосымша» саясат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзеге асырылады. Саясатпен «қосымша» айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді.
«Кәсіби» саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады[4] .
Мемлекеттік саясаттың мақсаты - саяси қызметтің тиімділігін айқындаушы маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізу бейнесі. Мақсат үш негізгі бөліктен тұрады(сурет 2) .
Сурет 2. Саяси мақсат бөліктері
Жоғарыдағы суретті талдайтын болсақ, мақсат нақты саяси қызметтің бастауы емес, оның орталығы. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен мұқтаждықтарына сәйкес болашақ әлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастырады.
Ал енді мемлекеттік саясаттағы стратегия мен тактикаға келетін болсақ, ол саяси үрдісті жоспарлау мен басқару деңгейлері. Стратегия қозғалыстың жалпы мақсаты, оған қол жеткізетін қағидаттары мен тәсілдері ретінде қалыптасады. Ол идеологиялық теориялар, манифест, саяси партиялар бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Тактика - стратегиялық үрдісті кезеңдер мен дәуірлерге бөлу. Тактика қадамдары стратегиялық мақсатқа сай келуі керек[5] .
Қызмет мақсаты мен оған жету жолы, құралдары арасында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Саяси тарихта бұл қарама- қайшылықты шешудің бірнеше тәсілдері ұсынылған. Мысалы, Н. Макиавеллидің «мақсат құралды ақтайды», «ең бастысы- мақсат, ал қозғалыс түк те емес» деген сияқты танымал тезистері бар[6] .
Мемлекеттік саясаттағы субъект және объектісіне тоқтала кетсек, саясат субъектілері- іс-әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.
Яғни, мемлекеттік саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Мемлекеттік саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат- мүдделері және т. б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Мемлекеттік саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бұл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
Мемлекеттік саясат заңдылықтарына тоқтала кетсек, мемлекеттік саясат заңдылықтары әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін анықтайды. Мемлекеттік саясат заңдылықтары көптеген адамдардың мінез-құлқынан көрінеді, сондықтан мемлекеттік саясат заңдары үрдіс ретінде әрекет етеді. Мемлекеттік саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі.
Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол мемлекеттік саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді.
Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде[7] .
Қазіргі қоғамдық өмірде «мемлекеттік саясат» термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т. б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау және түйістірумен, сонымен қатар оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.
Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгі гректік қалаларының саяси өмірінің және осы қаланың азаматтары - ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған.
Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқару үрдісінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып табылады.
Демек, мемлекеттік саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі - саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Мемлекеттік саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты өмір сүріп отырған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, мемлекеттік саясаттың белгілі бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Мемлекеттік саясаттың күрделілігі мен қайшылығы - оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен бейморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы - осынау сипаттардың бәрі мемлекеттік саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді.
Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, мемлекеттік саясаттың элементтері болып табылады.
Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің мемлекеттік саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді[3] .
Мемлекеттік саясат субъектілері болып мыналар табылады(сурет 3) .
Сурет 3. Мемлекеттік саясат субъектілері
Жоғарыдағы суреттен байқап отырғанымыздай, мемлекеттік саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда) ; өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да мемлекеттік саясат - көп түрлі субъектілер кешені[7] .
Мемлекеттік саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, М. Вебер былай деп жазады: « . . . саясат ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды». Бұл сөйлемдегі « . . . дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды» деген соңғы сөйлемге аса назар аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы «дербестік» саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды[8] .
Қорыта айтқанда, мемлекеттік саясат адамдардың мінез - құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар кешені. Билік мемлекеттік саясаттың негізі, өзегі және құралы. Мемлекеттік саясат билік арқылы ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар мемлекеттік саясат қоғамның саяси саласындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.
- Мемлеттік саясаттың әдіс-тәсілдері мен қызметтері
Мемлекеттік саясат жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды.
Әлбетте, мемлекеттік саясаттың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси үрдістер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас мемлекеттік саясатқа тар мағынасында қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы мемлекеттік саясатты ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік әдіс-тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды- бихевиористер дейді. Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т. с. с нақтылы ғылымдарға теңейді.
Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, мемлекеттік саясатты теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудың, дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, «еркіндік», «теңдік», «әділеттік», «егемендік», «демократия» және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Мемлекеттік саясатты зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары мемлекеттік саясаттың мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты(сурет 4) [7] .
Сурет 4. Мемлекеттік саясат бөлімдері
Жоғарыдағы суретті талдай кетсек, мемлекеттік саясат- саяси теориялар олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметінен, саяси институттар конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеуден, партиялар мен қоғамдық ұйымдардан, қоғамдық пікірден, халықаралық саясат халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқықтан тұрады.
Мемлекеттік саясат қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды[9] .
Қорыта келгенде, мемлекеттік саясат дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Мемлекеттік саясат саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға келесілер жатады(сурет 5) .
Сурет 5. Мемлекеттік саясат әдістері
Жоғарыдағы суретке тоқтала кетсек, салыстырмалы әдіс дегеніміз әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Әлеуметтік әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп- білуге болады дейді.
Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық- материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде мемлекеттік саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады[10] .
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты мемлекеттік саясаттың да өзіндік ұғымдары бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, философия, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл ұғымдарды өз пәніне сәйкес қолданады[3] .
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады. Олар келесідей(сурет 6) .
Сурет 6. Мемлекеттік саясатты мемлекеттік реттеу әдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz