Қазақстан Республикасы баспа өнімдері саласында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың даму жағдайы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

2. Қазақстан Республикасы баспа өнімдері саласында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың даму жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы баспа өнімдері саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасында баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындар кәсіпкерліктің дамуы мен oрнығуы прoцестерімен қoсарлас, нарықтық түрлендірулер мен жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу жөніндегі өткізілген рефoрмаларға сәйкес құрыла бастады. Баспа өнімдері нарығын құру барысында нарықтық қатынастар субъектілері жағынан тұтынушылық сұранысты қамтамасыз ету негізгі міндет бoлды.

Қазақстан Республикасы баспа өнімдері нарығын құрудың бастапқы кезеңінде oның ұйымдық және экoнoмикалық негіздерін құру мен дамыту бірқалыпты бoлмады.

Баспалардың еркін нарыққа ауысуына байланысты туған түрлі жағдайларға қарай, әр өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, баспа өніміне деген қоғамдық сұраныстарды ескере отырып, олардың экономикалық көрсеткіштерін талдау қажет болды. Осылайша баспа өнімдерінің нарықтық құрылымын талдау, оның бағасы мен өзіндік құнын, қажетті баспа-полиграфиялық материалдардың бағасын зерттеп, талдап отыру қажеттілігі туды.

Жаңа нарықтық қағидалары мен шаруашылық жүргізу механизмдері баспа өнімін өндіруші кәсіпoрындардан мына сияқты мәселелерді oрындауды қажет етті:

- баспа өнімдері нарығында сұранысты өз бетімен жoспарлау мен бoлжау;

- нарықтық oртаның маркетингтік зерттеулерін өткізу;

- тактикалық және стратегиялық жoспарларды, бoлжауларды жасау;

- қысқа мерзімді және oрта мерзімді бизнес-жoспарларды жасау;

- тиімді менеджмент жүйесін құру.

Басқа өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда баспа саласы бір өнімді ұзақ уақыт бойы шығара бермейді, сондықтан бұл салада жаңа бағытқа мамандану және өнімді түрлендіріп отыру қажет.

Тәжірибеде баспа саласында кең ассортиментте өнім шығаратын кәсіпорындар жоқтың қасы деп айтуға болады, әдетте, баспа кәсіпорындары бір немесе бірнеше өнім түрі бойынша негізгі тақырыптық бағыттармен жұмыс істейді. Тіпті, ірі баспа кәсіпорындары да белгілі бір бағытта (экономика, заң саласы, маркетинг, менеджмент, медицина, әдебиет) өнім ұсынумен ғана шектеледі. Соның негізінде кәсіпорынның белгілі бір имиджі қалыптасады.

Қазақстандағы баспа кәсіпорындары шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Болжамдарға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда баспа өнімдері саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар санымен (1998 жылы 1700-ден аса кәсіпорын лицензия алған, оның 900-ға жуығы кітап шығарады) бұл нарықтағы бәсекелестік арта түсетіні анық. Осыған орай, ұсақ кәсіпорындарды жабу, ұқсас өнімдер шығаратын кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық жағынан біріктіру (холдингтер, акционерлік қоғамдар) жұмыстарын жүргізуге болады. Алайда бұл процесстер көп уақыт пен қаражатты қажет етеді. Сондықтан баспа өнімдері саласындағы сатып алушы үшін бәсекелестік күрестің артуы кәсіпорындардың нарықта өз өнімдерін дұрыс жайғастыра білуін талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы баспа өнімдерінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етуде. Қазақстанда аудио және электронды кітап басылымдары дамып келеді. 204 жылы Кітап Палатасына баспа өнімдерінің қалыптасқан түрлерімен (кітаптар, кітапшалар, ноталық басылымдар және т. б. ) қатар 24 аудиокітап, оның ішінде 12 аталым балаларға арналған ертегі, 4 оқулық, 8 көркем әдебиет және 42 электронды кітап, оның ішінде 29 мерзімді басылым, 13 оқу әдебиеті келіп түскен.

1. 02. 15 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында жалпы таралымы 142, 4 млн дананы құрайтын және 2176, 4 млн баспа таңбасы көлеміндегі 20218 баспа өнімі шығарылған. Қазақстан Республикасында 2009-2015 жылдар аралығында баспа өнімдерін шығару динамикасы 12-кестеде көрсетілген.

Кесте 12

Қазақстан Республикасында 2009-2015 жылдар аралығында баспа өнімдерін шығару динамикасы

Көрсеткіш
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
Көрсеткіш: Баспа өнімі
2009: 17050
2010: 14716
2011: 15017
2012: 16390
2013: 16623
2014: 18237
2015: 20433
Көрсеткіш: Өткен жылмен салыстырғанда % бойынша өсімі
2009: -
2010: -15, 7
2011: 1, 05
2012: 4, 7
2013: 10, 6
2014: 7, 77
2015: 11, 6
Көрсеткіш: Таралымы (млн. дана)
2009: 814, 9
2010: 656, 9
2011: 474, 9
2012: 297, 3
2013: 238, 0
2014: 211, 4
2015: 194, 2
Көрсеткіш: Өткен жылмен салыстырғанда % бойынша төмендеуі
2009: -
2010: 19, 4
2011: 27, 6
2012: 37, 4
2013: 20, 1
2014: 11, 3
2015: 8, 1

Ескерту:[28] әдебиет көзінен алынған.

Баспа өнімдері санының өсуі шығарылатын баспа өнімдері таралымының төмендеу қарқынына да әсер етеді. 2015 жылы баспа өнімдерінің таралымының жалпы жиынтығы өткен жылмен салыстырғанда 8, 1%-ға төмендеген. Алдағы уақытта да осындай құбылыс байқалуы мүмкін. Алайда баспа өнімдері нарығын зерттеу нәтижесіне сәйкес, таралым көлемінің өсуі әлеуметтік-экономикалық белсенділіктің артуы мен тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің өсуі кезінде ғана жүзеге асады.

2015 жылы баспа саласындағы негізгі өзгерістердің бірі барлық тақырыптар бойынша баспа өнімдері санының өсуі болып табылады. Ең көп баспа өнімі саяси және әлеуметтік-экономикалық тақырыпта - 4930, одан кейін көркем әдебиет (балалар әдебиетін қосқанда) саласында - 4297, техникалық тақырыпта - 3650, жаратылыстану ғылымы бағытында - 1838 баспа өнімі шығарылған. Әлеуметтік маңызы бар басылымдар саны біршама өскен. Сондай-ақ 2015 жылы ғылыми басылымдар саны 12%-ға (2014 жылы 3000, 2015 жылы 3355 ) өскен. Қазақстандағы баспа өнімдері саласындағы мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасы баспа жүйесіндегі жағымды өзгерістермен байланысты [28] .

Қазақстан Республикасы баспа саласында орта және ұсақ кәсіпорындар үлесінің артуы байқалады. Бұл саладағы кәсіпорындардың жұмыс істеу қарқыны да әр түрлі болып келеді. Жеке меншік кәсіпорындардың арасында мемлекеттік баспа кәсіпорындарымен лайықты бәсекелес бола алатын ірі кәсіпорындар саны да өсіп келеді. Республиканың баспа жүйесінде автормен жұмыстан бастап баспа өнімін оқырманға жеткізуге дейінгі қызметтердің өндірістік тізбегін жүзеге асыратын ірі баспа ұйымдары ерекше орынға ие. Олар баспаның да, полиграфияның және кітап саудасы ұйымдарының да қызметін қатар атқарады. Мысалы, «Атамұра» корпорациясы, «Алматыкітап баспасы» ЖШС-ны атауға болады. Бұл баспалардың республика бойынша дербес кітап тарату жүйесі бар. Осының негізінде Қазақстан Республикасының баспа саласы үнемі даму үстінде деп айтуға болады. Қазақстан Республикасы баспа саласындағы кәсіпорындардың жалпы саны - 3317. Соның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі -кестеде көрсетілген.

Кесте 13

Қ. Р. баспа саласындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі

2011
2012
2013
2014
2015
: Қазақстан Республикасы
2011: 2826
2012: 3320
2013: 3303
2014:
2015: 3417
: Заңды тұлғалар
2011: 2004
2012: 2519
2013: 2329
2014: 2376
2015: 2218
: Жеке кәсіпкерлер
2011: 822
2012: 901
2013: 974
2014: 957
2015: 1199

Ескертпе:[29] әдебиет көзінен алынған.

2015 жылы нарықтағы баспа кәсіпорындарының қатарына жаңа 850 кәсіпорын қосылды. Баспа жүйесінің кеңеюі меншік түріндегі мемлекеттік емес құрылымдардың есебінен жүргізіліп отыр. Мемлекеттік және мемлекеттік емес баспа кәсіпорындарының баспа өнімін шығару бойынша жұмыс көрсеткіштерінің қатынасы 31, 3%/68, 7%-ды, ал таралымы бойынша - 20, 8%/79, 2%-ды құрайды. 1991 жылы баспа саласындағы мемлекеттік құрылымдардың үлесі 87, 5%-ды құраған болатын. Бұл Қазақстан Республикасының баспа саласындағы құрылымдық өзгерістерді білдіреді.

Сурет 14 . Меншік түрі бойынша Қазақстандағы баспа кәсіпорындары [30]

Қазақстанның қазіргі кездегі баспа жүйесінің дамуында Алматы және Астана қалаларынің баспа ісіндегі белсенділігі анық байқалады (Сурет 14) .

2016 жылы Алматы қаласында орналасқан 40 баспа саласындағы кәсіпорындарының қызметкерлерінен сұрау жүргізілген болатын. Сұрау нәтижесінде Қазақстандағы баспа саласындағы дамуындағы келесідей беталыс анықталды:

Сурет 15. Қазақстан Республикасындағы баспа кәсіпорындарының қалалар бойынша орнласуы.

Ескертпе: [30] әдебиет негізінде автормен жасалған.

  1. 2017 жылы шығаруға жоспарланатын баспа өнімінің көлемі.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 77%-ы Қазақстан баспа нарығында 2016 жылы шығатын жаңа өнімдердің жалпы саны 2015 жылмен салыстырғанда азаяды, ал 9%-ы бұрынғы қалпында қалады, 5%-ы өнім ассортименті кеңейеді деп есептесе, қалған 9%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналған. Ал кәсіпорындардың алдағы жылға қатысты өз жоспарларына қатысты келетін болсақ, респонденттердің 31%-ы шығарылатын өнім көлемін өсіретіндігін, 41%-ы өнім көлемін бұрынғы деңгейде қалдыратындығын, 14%-ы өнімді қысқартатындығын айтса, қалған 14%-ы бұл сұрақ әлі шешілмегендігін айтты.

Сурет 16. 2017 жылы шығаруға жоспарланатын баспа өнімінің саны бойынша респондент жауаптары

Ескертпе: [30] әдебиет негізінде автормен жасалған.

2. Қазақстандағы баспа өнімдерінің бағасы. Респонденттердің 82%-ы 2017 жылға қарай баспа өнімдерінің бағасы өседі деп есептесе, 18%-ы баға деңгейі баспа өнімдерін өндірушілерге байланысты деп жауап берді.

Жоғарыда көрсетілген сауалнама нәтижесі бойынша мынадай қорытындыға келуге болады: баспа саласындағы кәсіпорындар үлкен көлемде өнім шығарудан гөрі, өзінің мақсатты нарығын анықтап, аз таралымда өнімдер шығару арқылы сол нарық бөлігін игеруді жөн деп санайды.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасында баспа өнімдері саласы тиімді бизнес саласы болып табылады. Нарық заңына сәйкес, түрлі салада, түрлі тақырыптарда баспа өнімдерін шығаратын баспа саласындағы кәсіпорындар нарықтағы өз орнын алуға ұмтылуда. Баспа өнімдері нарығында ірі және ұсақ кәсіпорындар ұсынатын біртектес басылымдар санының көп болуы баспа кәсіпорындарының арасында сатып алушы үшін бәсекелестік күрестің дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Баспа өнімі нарығындағы бәсекелестік деңгейі 5 негізгі бәсекелестік күштің негізінде анықталады, олардың жиынтық әсері салада табысқа жету мүмкіндігін анықтайды. 5 негізгі бәсекелестік күшке мыналар жатады:

- нарыққа жаңа қатысушылардың ену қаупі;

- алмастырушы тауарлардың пайда болу қаупі;

- нарықтағы сатып алушылар позициясының күшеюі;

- нарықтағы жабдықтаушылар позициясының күшеюі;

- саладағы өндірушілер арасындағы бәсеке.

Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар әсер ететін нақты факторларын анықтау керек. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мынадай бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі, өндірілетін өнімдердің түрлері, нарықтың сыйымдылығы, нарыққа кіру жеңілдігі, осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары, саланың бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің бәсеке қабілеттілігі [31] .

Қазақстандағы баспа өнімдері саласындағы бәсекелестік сипатына тоқталатын болсақ, қазіргі жағдайда бұл нарықта таза бәсекелестік орын алып отыр.

Қазақстан Республикасындағы баспа өнімдері саласы кәсіпорындарының тән сипаттамалардың бірі - баспа кәсіпорындары қызметінің аумақ бойынша шектелуі. Баспа өнімінің белгілі бір аумақта ғана өткізілуі тираж санының аздығымен, оны таратудың экономикалық жағынан қиындығымен және кәсіпорынның бәсекелестікке дайын болмауымен түсіндіріледі. Мұндай кәсіпорындар нарықта маркетингтік зерттеулер жүргізе отырып, жаңа нарықтарға шығуға ұмтылуы тиіс. Кәсіпорынның көлеміне, қызметіне, мүмкіндіктеріне байланысты әр түрлі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Кәсіби тұрғыда жүргізілген маркетингтік зерттеулер кәсіпорынға өзінің нарықтық мүмкіндіктерін әділдікпен бағалауға және қойған мақсатына ең аз тәуекелмен жетуге болатын бағыттарын таңдауға мүмкіндік береді. Баспа өнімдері саласында нарықты зерттеу арқылы нарық жағдайы, нарық сыйымдылығы, нарықтағы бәсекелестердің мүмкіндіктері анықталып, кәсіпорынның алдағы уақыттағы маркетингтік бағдарламасы жасалады.

Баспа саласындағы кәсіпорындардың нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін қажет шарттардың бірі - тауар саясатын дұрыс ұйымдастыра білу. Кәсіпорынның тауарлық саясатының маңызды сатысы статистикалық есеп жүргізіп отыру болып табылады. Қазақстанның баспа кәсіпорындарының көпшілігінде статистикалық есептің дұрыс жүргізілмеуі бір жағынан, баспа нарығының тауарлармен толығып кетуін тудырса, екінші жағынан, тұтынушылардың қажеттілігі толықтай қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Көптеген кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына баспа өніміне лицензияның болмауы, авторлық қаламақыны төлеуден жалтаруы салдарынан ережеге сай баспа өнімінің нұсқасын және тираж санын жібермейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы - Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статитикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық болып саналады [28] .

Баспа өнімдерінің шығатын уақыты, орны, таралым саны туралы толық ақпараттың Кітап палатасына жіберілмеуі кәсіпорындардың бірдей өнім шығаруына және жасанды бәсекелестіктің артуына әкеледі.

Қазіргі баспа нарығындағы баспа өнімдерінің бағасына тоқталатын болсақ, баспа өнімінің бағасы екі бағытта дамуда: таралым саны аз болғанымен, сапалы, ұзақ мерзім пайдаланылатын баспа өнімдерінің бағасы өсуде, ал бір рет пайдаланылатын баспа өнімдерінің бағасының өсуі байқалмайды.

Кәсіпорындардың маркетингтік құралдарының бірі - өнім бағасының тұтынушы үшін тиімді болуы. Қазақстанның баспа саласындағы кәсіпорындардың өнімдерінің бағасы аумақ бойынша ерекшеленеді.

Кесте 14

Баспа кәсіпорындары өнімінің аумақ бойынша бағалары

Газеттің орташа бағасы (тг)
Журналдың орташа бағасы (тг)
Кітаптың орташа бағасы (тг)
: Батыс Қазақстан облысы
Газеттің орташа бағасы (тг): 100
Журналдың орташа бағасы (тг): 220
Кітаптың орташа бағасы (тг): 900
: Шығыс Қазақстан облысы
Газеттің орташа бағасы (тг): 90
Журналдың орташа бағасы (тг): 200
Кітаптың орташа бағасы (тг): 700
: Оңтүстік Қазақстан облысы
Газеттің орташа бағасы (тг): 80
Журналдың орташа бағасы (тг): 180
Кітаптың орташа бағасы (тг): 900
: Алматы қаласы
Газеттің орташа бағасы (тг): 120
Журналдың орташа бағасы (тг): 250
Кітаптың орташа бағасы (тг): 1100
: Астана қаласы
Газеттің орташа бағасы (тг): 100
Журналдың орташа бағасы (тг): 230
Кітаптың орташа бағасы (тг): 1200

Ескертпе: [30] әдебиет көзінен алынған.

Алматы және Астана қалаларындағы баспа өнімдерінің бағасы басқа аумақтарға қарағанда салыстырмалы түрде қымбат болып келеді. Бұл кәсіпорындардың баға белгілеуіне әсер ететін бірнеше факторларға байланысты болып келеді.

Баспа өнімінің өзіндік құны айтарлықтай дәрежеде баспа өнімінің таралым санына байланысты. Өнімді өндіруге кеткен шығындар баспа өнімінің таралым санына бөлінеді. Шетелдік баспа кәсіпорындарының өткізу нарықтары өте ауқымды болып келеді, сондықтан олардың баспа өнімдерінің таралым саны ондаған миллионға жетеді де, сәйкесінше өнімнің өзіндік құны төмен болады.

Баспа өнімдеріне баға белгілеу келесі келесі түрде жүргізіледі:

  • біріншіден, кәсіпорынның алатын пайдасы бекітіледі;
  • екіншіден, кәсіпорынның өнімге кеткен шығындарын ескере отырып, өнімнің өзіндік құны белгіленеді;
  • үшіншіден, есептелген бағаны нарықтық бағамен теңестіреді.

Өз өнімдеріне баға белгілей отырып, кәсіпорын өнімнің тұтынушыға жеткізуді жүзеге асыратын әрбір өткізу арнасы өнімнің бастапқы бағасына өз бағасын қосып отыратынын ескеруі қажет.

Баспа кәсіпорының өткізу жүйесінің жақсы дамығандығының көрсеткіші ретінде ел аумағы бойынша баспа өнімдерін сату нүктелерінің болуын, өнімді сату сапасының жоғары болуын, өнім ассортименінің кең болуын айтуға болады.

Қазіргі уақытта баспа өнімін өткізу жүйесіне байланысты Қазақстанда бірқатар мәселелер байқалады. Киоск желісі бойынша баспа өнімін сатуда мемлекеттік органдар тарапынан түрлі реттеулер жүргізіліп отырады. Оған мемлекеттік лицензияны алу және ұзарту, объектіні орналастыру ережесіне байланысты рұқсат алу, жалға алу шығындары, салық төлеу және т. б. жатады.

Дәстүрлі көтерме сауда нарықтағы өзгерістерге - ірі бөлшек сауда желілері көтерме сауданың негізгі сатып алушылары болып табылатын ұсақ саудагерлерді нарықтан ығыстыруына байланысты дағдарыстық жағдайда қалып қоюда.

Көтерме сауданың инвестициялық тартымдылығы мен тиімділігін жоғалта бастауының негізгі себебі - көптеген баспа кәсіпорындарының көтерме саудамен айналыстан компаниялардың қызметінен бас тартып, бөлшек сауда желілерімен тікелей байланыс орнатуы болып табылады. Екінші себеп, баспа өнімдері бағасының арзандауы болып табылады. Сәйкесінше, кәсіпорын пайдасының төмендеуі өткізу жүйесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта нарықта қалыптасқан жағдайға сәйкес, дистрибуторлардың маржиналдық табысының мөлшері де азайып отыр.

Қазақстан Республикасы баспа өнімдері саласындағы санаулы кәсіпорындардың ғана филиалдық желісі бар. Филиалдық желі арқылы өнімді тұтынушыға барынша жақын орналастыруға мүмкіндік туады, бұл өз кезегінде, көтерме-бөлшек сауда фирмаларының сауда үстемелері қосылмай, өнім бағасының арзан болуына жол ашады.

Өнімді тарату нүктелерін таңдау барлық негізгі факторларды ескере отырып жүргізіледі: басылым тақырыбы, баспа өнімінің шығу жиілігі, өнімнің мақсатты аудиториясы. Қазақстан Республикасы баспа кәсіпорындары баспа өнімдерін таратуда келесі тәртіп бойынша жұмыс істейді:

1. Барлық сауда нүктелерінің тапсырысын жүйелі түрде талдау;

2. Баспа өнімі таралымын тарату, өткен басылым сандарынан қалған тауарларды жинау;

3. Фирмалармен және дүкендермен келісімшарт жасасу;

4. Көрмелерге қатысу жұмыстарымен айналысу;

5. Қолма-қол ақшаларды жинау, қолма-қолсыз ақшаның түсуін бақылап отыру.

6. Қайтарылған тауарларды баспа кәсіпорындарына жіберу.

Баспа өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату газет-журнал, кітап сияқты баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады. Баспа өнімдері нарығындағы бөлшек сауданың негізгі кемшілігі - баспа өнімін сатудан түсетін пайда көлемінің аздығы. Бұл баспа өнімдерін таратумен айналысатын фирмалар санының азаюына және бөлшек сауда нүктелерінің санының азаюына әсер етіп отыр.

Қазақстан Республикасында баспа өнімдері саласында бөлшек сауданы дамуы үшін қажет алғышарттар:

• «есіктен-есікке» қағидасы бойынша жұмыс істейтін өнімді жеткізу қызметін ұсыну;

• сенімді тасымалдау қызметтерін ұсыну;

• ұсынылатын қызметтердің тиімділігін үнемі бақылап отыру;

• қосымша қызметтер ұсыну;

• бәсекелестік тарифтік саясат;

• жеткілікті жұмыс тәжірибесінің болуы;

• аймақтарда филиалдық желінің болуы;

• филиалдық желісі бар еншілес компаниялардың болуы.

Қазақстандағы баспа кәсіпорындары баспа өнімдерін жылжытуда қолданатын негізгі жылжыту әдістері мыналар:

- ішкі жарнама;

- сыртқы жарнама;

- PR-шаралары;

- өткізуді ынталандыру;

Баспа кәсіпорындары қолданатын жылжыту арналарын 2 түрге бөлуге болады: көп шығынды және аз шығынды.

Көп шығынды әдістерге жатады:

- теледидар жарнамасы;

- радио жарнамасы;

- сыртқы маңдайшалар ілу;

- презентациялар, жарнамалық акциялар жүргізу;

- презентацияға шақырулар жасау;

- журналдарға жарнамалық-ақпараттық сипаттағы мақалалар шығару.

Аз шығынды әдістерге жатады:

- ғимарат сыртына баннерлер іліп қою;

- есік алдында компания, компания өнімдері жайлы ақпарат іліп қою;

- жарнамалық парақшалар, буклеттер, флайерлер, визиткалық карточкалар жасау;

- көліктердегі жарнама.

Қазіргі нарықты экономика жағдайында Қазақстандағы баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындар өз өнімдерін өткізуде көптеген жылжыту түрлерін қолдануда. Алайда баспа кәсіпорындары үшін ең тиімді әдіс - жарнама болып табылады.

Жарнама сату көлемін жоғарылатып, тауардың өмірлік циклына әсер етеді. Егер баспа кәсіпорыны өз бәсекелестерінен баспа ісінің сапасы жөнінен ерекшеленетін болса, жарнамалық хабарландыруда тауарға емес, баспа ісінің сапалылығына назар аударылады.

Баспа кәсіпорындарының жарнамалық ақпаратты таратудың негізгі құралдары: радио, теледидар, газет, журнал, почта арқылы жарнама, интернет жарнамасы, баспалық жарнама. Сондай-ақ кәсіпорындар сыртқы жарнаманы да тиімді қолданады. Сыртқы жарнамаға қала көшелеріндегі барлық жарнамалар жатады.

Баспа саласында қолданылатын негізгі жарнама түрлерінің сипаттамалары -кестеде көрсетілген.

Кесте 15

Баспа өнімдерін жарнамалау түрлерінің сипаттамалары

Артықшылықтары
Кемшіліктері
Тиімсіз жағы
Тиімділі жағы
: Теледидар және радио жарнамасы
Артықшылықтары: ауқымды аудиторияны қамтуы
Кемшіліктері: хабарламаның тез әсер етіп, тез бәсеңдеуі
Тиімсіз жағы: Жарнамалық роликтер бағасы қымбатқа түседі
Тиімділі жағы: Баспа кәсіпорындары қызметкерлерінің теледидар бағдарламаларына қатысуы
: Газет және журнал беттеріндегі жарнама
Артықшылықтары: теледидар және радио жарнамасына қарағанда ұзақ мерзімге жарайды
Кемшіліктері: тиімді әсер беретін баспа түрін таңдау қиындығы
Тиімсіз жағы: мәтінде тұтынушыларға түсініксіз арнайы терминдерді қолдану
Тиімділі жағы: баспа түрін дұрыс таңдай отырып, ағартушылық бағыттағы мақалалар жазу
: Интернеттегі жарнама
Артықшылықтары: интернеттегі жарнаманың жарамдылық мерзімі жоқ, тиімді жасалған жарнама біраз уақытқа жарайды және бағасы жағынан арзан
Кемшіліктері: жарнаманың тұтынушыларға әсер еткенімен, нәтижесінде көп тұтынушыны тартпайды
Тиімсіз жағы: кәсіпорын сайтын жылжыту жұмыстарын дұрыс жүргізбеу
Тиімділі жағы: Интернет жарнаманы тек кәсіпорын сайтына ғана емес, кең аудиториясы бар сайттарға орналастырып отыру
: Сыртқы жарнама
Артықшылықтары: кәсіпорын жайлы тұрақты түрде еске салып отырады
Кемшіліктері: бағасы жағынан қымбат түседі
Тиімсіз жағы: жарнама жазуының ұсақ түрде жазылуы тұтынушылардың оны оқуын қиындатады
Тиімділі жағы: сыртқы жарнаманың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді түрін қатар қолданып отыру
: баспалық жарнама (парақшалар, буклеттер, флайерлер, шақыртулар, визиткалар)
Артықшылықтары: жарнаманың арзан түріне жатады
Кемшіліктері: нәтиже беруі төмен деңгейде
Тиімсіз жағы: почталық жәшіктерге таратылады
Тиімділі жағы: сауда орталықтарында, бизнес орталықтарда тарату

Ескертпе:[32] әдебиет негізінде автормен құрастырылған.

Баспа саласында қолданылатын жарнама түрлерінің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, баспа кәсіпорындары өзіне қолайлы жарнама түрлерін қолданады.

Қазақстандық баспа кәсіпорындарының қай жарнама түрін көп қолданатынын 17-суреттен көруге болады.

Сурет 17. Қазақстан баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындардағы жарнама түрлерін қолдануы (2015 жылғы мәліметтер бойынша) [28]

Баспа кәсіпорындары саласында жарнама қолдануда газет жарнамасы ең көп қолданылатын жарнама түрі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Ауыл шаруашылығы саласы
Кәсіпoрындағы мaркетингтік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
ПКФ ҮРКЕР – КОСМЕТИКС МАРКЕТИНГПЕН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортименті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz