«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»



Жоспар


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
2.1.2 Көлемді. жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7.8
2.2 .Ветеринариялық.санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу. ... ... ... ... ... ... 8.10
2.3.Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, құс азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... 10.11
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.14
2.5 Үйректі күтіп.бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық. гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... . 15.28
2.6 Құс шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақттаудағы профилактикалық, санитариялық.гигиеналық шараларын белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.30
2.7 Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған
ветеринариялық.санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31.32
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
4. Қолданылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де, құнарлы азықтармен (ет, жұмыртқа) қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп – ұстау жағдайына сезімталдығын сипаттайды. Сондықтан, олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп- бағуды, азықтандыруды санитариялық гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Курстық жұмыста құстарды бағып – күту жүйелері, жасына және пайдалану жағына байланысты азықтандыру, қора- жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық – санитариялық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал — жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

• Альпейсов Ш.А., Құс өсіру. Алматы. 2001 г.
• Таңатаров А.Б., Әлпеисов Ш.А., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы 2005.
• Таңатаров А.Б., Байбарақов Е.Б. Құс шаруашылығы және құс жұмыртқасы мен етін өндіру технологиясы, Алматы, 1992.
• Таңатаров А.Б., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы, 2008ж.
• Фисинин В.И., Тардатьян Г.А. Промышленное птицеводство. - М., Агропромиздат. - 1985.
• Ж.Б.Мырзабеков,П.Ш.Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена»
• Ғаламтор беттері
• Гершун В.И. , Туякова Р.К. “Ветеринарная гигиена”, 2005.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. Үйректерді күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған :5В120100-Ветеринариялық медицина
мамандығының 3 курс 30-топ студенті Ж.
Тексерген : в.ғ.к., аға оқытушы Барахов.Б.Б

Алматы 2013

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
2.2 .Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу. ... ... ... ... ... ... 8-10
2.3.Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, құс азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... 10-11
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-14
2.5 Үйректі күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық- гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... . 15-28
2.6 Құс шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақттаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-30
2.7 Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған
ветеринариялық-санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-32
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
4. Қолданылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Кіріспе
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де, құнарлы азықтармен (ет, жұмыртқа) қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп - ұстау жағдайына сезімталдығын сипаттайды. Сондықтан, олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп- бағуды, азықтандыруды санитариялық гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Курстық жұмыста құстарды бағып - күту жүйелері, жасына және пайдалану жағына байланысты азықтандыру, қора- жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық - санитариялық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал -- жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.

РЕФЕРАТ
Жұмыс: беттен , 6-кестеден , 8- суреттен тұрады.
Түйінді сөздер
Ветеринариялық гигиена (жануарлар гигиенасы) - мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Адаптация - организмнің ортаға бейімделуі. Жерсіну - мал организімінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына бейімделу процесі. Дезинфекция - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдер жоюға, малдың арасында індет ауруларының болдырмау шараларына бағытталған іс- әрекеттердің бірлестігі. Дезинсекция - ауру тарататын буынаяқты насекомдарды құрту әдісі. Дератизация - жұқпалы ауру таратып, экономикалық зиян келтіруге байланысты кеміргіш жәндіктерді құртудың шаралар жүйесі. Рацион - малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері. Концентрат - құрамында қоректік заттардыц мөлшері жоғары болатын жем шөп. Дистрофия - организмде зат алмасудың бұзылу салдарынан мүшелер құрлысының және қызметінің бұзылып өзгеруі. Профилактика - жануарларды аурудан қорғау жэне аурудың адамға таралуынан сақтау үшін атқарылатын арнайы шаралар жүйесі. Токсин - организмді улап әсер ететін зиянды зат. Санитария (лат.sanitas - денсаулық)- жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шара.

2.Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау

Құс шаруашылығында қора -- жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар.
Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып - күтетін цех, жаз айларында бағып - күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшікті және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогрессті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материалдардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45 - 60 күн болған балапандарға күн шуақ немесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады,ал туғанына 25күн болған үйрек балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек үйректер мен тауықтарға 2 м2 есебімен, ересек күрке тауыққа 3 м2 есебімен жасалады. Балапандар мен ересек құстарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажетгігін 3-3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады.Құстарды торда бағып-күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.Жұмыртқалайтын мекиендерді торда бағып-күту үшін өнеркәсіп орны арнайы батарея комплексін әзірлеп шығарады. Бұл батареялардың көлем мөлшері торлардың типі мен конструкциясына байланысты. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем-шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлар қабат-қабат орналастырылады. Торлы батареялар ұзыннан-ұзақ немесе қосарлап, жарыстыра орналастырылады. Бұлардың арасынан жүріп өтетін жолдың ені 0,8 м-ден кем болмайды. Әр жастағы балапандар тобы бір-бірінен оңаша торлы батареяларда бағып күтіледі. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық берілетін астаулар, аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған.Етке арнап өсірілетін 1 күннен 70 күнге дейінгі балапандарды батареялы торларда 20 балапаннан, яғни еденнің 1 м2 көлеміне 12 балапан орналастыру есебімен, серуенге шығатын алаңы жоқ қорада бағып күтеді. Секцияларды жем салатын оттықпен, су беретін науамен жеткілікті етіп жабдықтайды. Сонымен қатар мұндай балапандарды еденге төсеніш пайдаланып өсіру тиімді деп танылуда.
Құс қоралары пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады, ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды торларда бағып - күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.Құс қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаның мөлшері құстың тірідей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м3 болуы тиіс, ал ересек құстарға -- 1 м3, ет үшін бордақыланатын балапандарға -- 5 м3 жазда, қыста -- 1,5 -- 2 м3 көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өтпе жел болмауы тиіс. Жылытылатын құс қораларында отжағылатын қондырғылардың дұрыс-бұрыстығын бақылап, балапандарды уландыратын иісті газды болдырмайтын желдеткіш жүйесінің жұмысты жақсы атқару жағын бақылап отырған жөн. Механикалық желдеткіш балапандарды торда бағып -- күтетін қораларға, инкубаторлардағы күс соятын цехтарға, сондай-ақ құс еденде бағып күтілетін қораларға орнатылады.
2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі.
Еден жағдайында күтіп -- баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады.Құс қораларының едені тақтайдан салынады ,түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12х12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15х15мм. Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Жас үйректерді арнайы бетондалған, көлемі 18x200 м бөлетін бордақылау алаңқайларында ұстаған тиімді. Себебі 5 басм тығыздықпен орналастырғанда 18 мың үйрекке дейін азықтандыруға болады. Бұл кезде өнімнің өзіндік құны 20-30 пайызға төмендейді. Тауықтарға арналған торлы қоршаумен қоршалды, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады, ал күркетауықтар үшін 2,2 - 2,5 м, қаздар мен олардың балапандары үшін 0,8 - 1 м, үйректер және олардың балапандары үшін 0,5 -- 0,6 м, ал балапандарға 1,5 -1,6 м, күркетауықтар балапандарына 1,6 - 1,8 м етіп жасалады.

2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға мыналар жатады: санитариялық өткізгіш, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санитариялық-сою пункті. Санитариялық өткізгіш - санблоктан және дезблоктан тұрады, 400 бас ірі қара малдан көп кешендерде салынады. Санитраиялық өткізгіш кешен кіреберісінде әкімшілік ғимаратта немесе бөлек ғимаратта орнатылады. Санитариялық блокта қызметшілерді және келушілерді санитариялық өңдейді, қызметшілердің арнайы киімдерін дезинфекциялайды, кептіреді. Дезинфекциялық блокта көліктерді дезинфекциялайды. Дезблокта дезинфекциялық қондырғы және көліктің дөңгелектерін дезинфекциялайтын дезванна болады. Ваннаның ұзындығы 9 метрден, ені 3-4 метр, ал дезинфекциялық ерітіндінің тереңдігі 0,25 метрден кем болмау керек.

:: Санитариялық - сою пункті сою бөлімінен ( сою бөлмесі, салқындату камерасы, ұшаларды уақытша салқындату камерасы, тері шикізаттарын уақытоша сақтау бөлмелері) және өтелдеу бөлімінен ( өлекселерді соятын және өтелдейтін ) тұрады. Санитариялық - сою пункті мал басы 800-ден асатын кешендерде салынады.
Жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған пункт профилактикалық және ветеринариялық-сангитариялық шараларды жүргізуге арналған.
Бұл бөлме көлемі бір өндірістік топтағы сиыр санына байланысты болады. Бір мал басына 1,8 шаршы метрден келеді.

:: Карантиндік бөлімде - кешенге келіп түсетін жануарларды қабылдап, ветеринариялық - санитариялық өңдейді, диагностикалық шаралар жүргізеді. Каранитндік бөлменің көлемі ол жерде малды 30 күн ұсталатыны ескеріле отырып кешенге келіп түсетін мал басы санына байланысты алынады. Карантин ғимараты басқа мал шаруашылығы нысандарынан кем дегенде 100 м қашықтықта орналасуы кереек. Карантиндік ғимараттар қабырғамен қоршалады, кіргізу және шығару дезөткелдері болуы керек.

Дезөткел - фермаға кіріп-шығатын көліктің дөңгелектерін дезинфекциялау үшін қажет. Дезөткелді шаруашылық кіреберісіне орналастырады.

:: Дезтөсеніш - мұны қора алдына қызметшілер аяқ-киімін дезинфекциялау үшін төсеп қояды, әрбір қора алдында орналастырылады.
Қиды және саңғырықты сақтау технологияларына қойылатын ветернариялық - санитариялық талаптар.
Көңді өңдеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізіледі.
Қою және сұйық көңді дала аймағына тасу техникалық немесе санитариялық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа сақтайды.
Көң сақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көңді шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге, малды ұстау әдістерге және т.б. байланысты.
Құс шаруашылығының қасында ашық далада 50 мың тоннаға дейін құстың саңғырығы жиналған. Жауын-шашынмен араласқан саңғырық жер асты сулары арқылы үлкен алқаптарға таралып, экологиялық қауіп төндіруде.
oo Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жасау үшін сақталады. Оның бірнеше түрлері болады: жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апандардағы, сонымен қатар ашық және жабық түрлері болады.
oo Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қаматамасыз етілуі тиіс. Сұйық қи үшін тереңдігі 2-5 м, ал қою ки үшін 1,5-2 м болу керек. Жер бетіндегі көңсақтағыш жан жағы 1,6 м бетондалып қоршалған алаңқай.
oo Қою көңді сақтаудың екі әдісі бар: анаэробтық әдіс - анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу проценсі жүріп, температура 25- 30 градусқа дейцін көтеріледі. Ал, аэробты - ааэробты әдісте аэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп, ондағы температура 65-70 градусқа дейін жетеді.

2.3 Ауылшаруашылық құстарын азықтандыру және құс азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, құс азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу.
Азықтың санитариялық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. өңдеудің қарапайым түрі шөпті дайындау барысында кептіру, консервілеу, ол қоректік заттардың бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған. Кейде мал азығының сапасын жақсарту үшін оларды химиялық жолмен консервілейді. Ол үшін пропион қышқылы, сірке суы, аскорбин және бензол қышқылдарын және т.б. заттарды қолдануға болады. Сонымен қатар азықтың санитариялық сапасын жақсарту мақсатында термиялық әдісте жиі қолданылады.
Азықтандыру нормасы, рационы, азықтандыру түрі және тәртібі, олардың өзара байланысы. Жоғары құнарлы құрама жемді, концентрат құрама жемді, белокты-витаминдік қоспаларды және премикстерді пайдалану. Құс күтіп-бағуды жеделдету, оның азықтандыру тәртібіне тигізетін әсері. Үйректерді еркін азықтандыру - олардың шамадан тыс семіруіне және ерте жыныстық жетілуіне әкеп соғады, соның салдарына жас үйректер көп уақытқа дейін ұсақ жұмыртқалар туады және бауырдың майлану ауруларына ұшырайды.
Үйірде қауырсындары түскен үйректердің кездесуі рационда құрамында күкірті бар амин қышқылдарының жетіспеуін көрсетеді. Мұндай жағдайда рационға қауырсын ұнын немесе синтетикалық амин қышқылдарын (метионин, цистин) қосқан жөн.
Үш апталық жасынан бастап, үйректерге арнайы астауларға салып қиыршық тас береді (көлемі 3-5 мм). Ересек үйректердің рационында қиыршық тастардың жетіспеуі азық сіңімділігін 5-10 пайызға азайтады.
Қиыршық тасты құммен ауыстыруға болмайды, себебі құм асқорыту жодарын бітеп, құсты өлімге ұшыратады.
Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

2.3.1сурет

2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу.
Құстың денсаулығына судың физикалық жағдайы, оның химиялық құрамы, микробпен ластануы және т.б. көрсеткіштер әсер етеді.
Сапасы төмен (мөлдір емес, бөгде иісі мен дәмі бар) жылымшы сумен малды суарғанда асқазан - ішек жолдары бездерінің сөл бөлу қасиеті төмендейді.
Құс организміне нитраттар мен нитриттер кері әсер тигізеді, олар аминдермен қосылыс түзе отырып организмге өте қауіпті нитрозаминдер ( белсенді канцерогендер) түзеді.
Салқын сумен суарғанда организм салқындайды, ас қорыту қызметі нашарлайды, буаз малдарда іш тастау болуы мүмкін.
20ºС температурадағы жылы сумен суарғанда суыққа төзімділігі төмендейді, мал аурушаң келеді. Ересек малдар үшін судың температурасы 10 - 12 ºС, буаз малдар үшін 12 - 15 ºС, ал төлдер үшін 15 - 30ºС болу керек.
Судың құрамына оның пайда болу жағдайлары, техногендік және антропогендік факторлар әсер етеді.
Су қалдығының негізгі бөлігін сульфаттар және хлоридтер алады (хлоридтер - 350 мгл, сульфаттар - 500 мгл).
Құрамында минералды заттар тым көп болса, организмде су-тұз тепе-теңдігі бұзылады, ұлпалардың гидрофильдік қасиеті артады, диурез төмендейді, іш өтеді, зәр жолдарында тас пайда болады.
Суда минералды зат алмасуға қатыса отырып, организмде зат алмасудың катализаторы болып табылатын 65-ке жуық микроэлементтер табылған. Олар аз немесе көп болғанда патология дамиды (флюроз, зоб және т.б.).
Суға малды уландыратын улы заттар (дезинфектанттар, пестицидтер) түсуі мүмкін.
Су арқылы кейбір вирустық, инфекциялық және инвазиялық аурулар жұғуы мүмкін ( сібір жарасы, эмкар, бруцеллез, туляремия, пастереллез, сальмонеллез, маңқа, аусыл, оба, лептоспироз, көптеген паразитарлы аурулар).
Судағы микроорганизмдердің тіршілік ету ұзақтығы оның температурасына, құрамындағы органикалық заттардың және еріген компоненттердің химиялық құрамына байланысты (ішек таяқшасы 21-183 тәулік, паратиф А қоздырушысы 3-88 тәулік өмір сүреді).
Судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін судың ластануының жанама бактериологиялық көрсеткіштерін қолданады - коли-титр, коли-индекс, микроб саны.
Су сонымен қатар инвазиялық бастаудың тасымалдаушысы немесе инвазиялық ауруларды тудыратын қоздырушыларының аралық иесінің тіршілік ету ортасы болуы мүмкін (фасциолез, кокцидиа, малярия, диктиокаулез және т.б.).
Малды суаратын су құрамы және сапасы бойынша Сан ПиН қарастырылған барлық санитариялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болуы керек. Қазақстанда стандарт жоқ, алайда, ауыз суға қойылатын Сан ПиН бар "Санитарно - эпидемиологические требования к качеству воды централизованного водопровода".
Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі дегеніміз - оның микробиологиялық және паразитологиялық нормативтерге сай болуы (кесте).
Химиялық құрамына байланысты судың қауіпсіздігін мына нормативтерге байланысты анықтайды:
1) жалпы көрсеткіштер, табиғи суларда жиі кездесетін химиялық заттардың болуы, сонымен қатар әлемге тараған антропогенді заттардың болуы (кесте).
2) суды өңдегенде пайда болатын немесе оған түсетін зиянды химиялық заттар.
3) адамның тіршілік ету салдарынан су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар.

2.4.1-сурет

2.4. 2- сурет

2.5. Үйректі күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу.
Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалык қосталардың ықпалы аркылы байкалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болу үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшандығының, ауа құрамының зоогагаеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бір қалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.
Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмір-қышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауга әкеліп соғады.
Құс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен, құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек. Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Үйрек балапандарын азықтандыру
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Қаз қораларына қойылатын талаптар
Қабандар (шошқа)
Күркетауық балапандар
Балапандарды бағып – күту әдістері
Пәндер