Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІІ. Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1.2 Көлемді . жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2. тауықты күтіп . бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық .гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3. Ветеринариялық . санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4. тауықты азықтандыру және тауық азығына қойылатын санитариялық .гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық . гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу ... ... ... ..21
2.6. Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналған ветеринариялық .санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
V. Тәжірибелік ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
I Кіріспе

Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде құс шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдардың 99 пайызының, ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81 пайызының өз дербес шаруашылығы бар. Осыған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке деген қажеттілігінің 80 пайызын, жұмырқаға деген қажеттілігінің 95 пайызын, жүннің қажеттілігіне 82 пайызын. Орта есеппен алғанда бұл көрсеткіштер дербес шаруашылық иесінің жылдық табысының 75 пайызын құрайды екен. Осыдан-ақ дербес шаруашылық маңызының золағына әбден көз жеткізуге болады. Оның сыртында әрбір дербес шаруашылық иесі түтінінің экономикасына тигізетін пайдасы тағы бар. Мәселен 4-5 адамнан тұратын бір түтін жылына 220-240 жұмыртқа табатын 6-10 тауықұстаса медициналық мөлшер бойынша қажет жұмыртқамен, ал 40-50 балапан шығаратын үйрек немесе 20-30 балапан шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық құс етімен қамтамасыз етіледі.
Бұл күндері ауылдық жерде тұратын әрбір түтіннің құстардың әр түрлі тұқымдарын өсіруге мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық хақылы.
Дербес шаруашылықта құстарды өсіру, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған, осы мәселелермен қатар қойды сою, оның терісін тұздау, қойды қырқу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік зоогигиеналық шараларға да қанығады. Сонымен бірге мал өнімдерін дайындалатын қазақтың дәстүрлі және қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да оқырманның кәдісіне жарар деген ойдамыз.
Құстардың тұқымдары өте көп жерге тарап, кез-келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдары жоқ емес, соның ең бастысы құстардың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай құс қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайлымы шөлайт жерлерде де, жазы ыстық жерлерде өсе береді. Оған құстың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең негізгісі – түрлі жайлым отын өте жақсы пайдаланатындығы мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта әр-бір адам құсл шаруашылығын аша алады. Бұл күндері құс шаруашылығын ұлғаюту көзделіп отыр, бұл үшін қазіргі кезде елімізде ауылды жерлерде құс базалары ашылуда. Құс шаруашылығын да біріншіден құстың жақсы тұқымдарын көбеитуде, одан кейін оның жұмыртқасына және т.б. шаруашылығы ұлғаюда. Бұның арқасында ауыл адамдарының тұрмыс жағдайы жақсарып келеді және жұмыспен қамтамасыз етілуде.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1) Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена» Алматы 2005
2) Ш.Ә. Әлпиісов, Қ.П. Тәжиев «Құс өсіру» Алматы 2002
3) А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпиісов, С.Т. Дабжанова «Құс шаруашылығы» Адматы 2005
4) Н. Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру» Аламаты 2005
5) Кузнецов А.Ф.,Демчук М.В. Гигиена сельскохозяйственных животных. М.В. Агропромиздат, 1992
Гершун В.И. , Туякова Р.К «Ветеринарная гигиена», 2005
6) Данилова А.К. и др. Гигиена сельскохозяйственных жывотных,М., 1980
7) Ж.Б. Мырзабеков «Жалпы зоогигиена» 2003, 2005
8) www.google.kz
9) Храбутовский И.Ф. и др. «Практикум по зоогигиене», 1984
10) Sharua.kz

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті Ветеринариялық-сани тариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Тақырыбы: Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары

Орындаған: Шайхысыламова П.
Тексерген: Құдайбергенова Ж.



Алматы, 2016 жыл
Курстық жұмыстың жоспары
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІІ. Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1.2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2. тауықты күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық - гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4. тауықты азықтандыру және тауық азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.5. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу ... ... ... ..21
2.6. Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
V. Тәжірибелік ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

I Кіріспе

Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде құс шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдардың 99 пайызының, ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81 пайызының өз дербес шаруашылығы бар. Осыған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке деген қажеттілігінің 80 пайызын, жұмырқаға деген қажеттілігінің 95 пайызын, жүннің қажеттілігіне 82 пайызын. Орта есеппен алғанда бұл көрсеткіштер дербес шаруашылық иесінің жылдық табысының 75 пайызын құрайды екен. Осыдан-ақ дербес шаруашылық маңызының золағына әбден көз жеткізуге болады. Оның сыртында әрбір дербес шаруашылық иесі түтінінің экономикасына тигізетін пайдасы тағы бар. Мәселен 4-5 адамнан тұратын бір түтін жылына 220-240 жұмыртқа табатын 6-10 тауықұстаса медициналық мөлшер бойынша қажет жұмыртқамен, ал 40-50 балапан шығаратын үйрек немесе 20-30 балапан шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық құс етімен қамтамасыз етіледі.
Бұл күндері ауылдық жерде тұратын әрбір түтіннің құстардың әр түрлі тұқымдарын өсіруге мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық хақылы.
Дербес шаруашылықта құстарды өсіру, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған, осы мәселелермен қатар қойды сою, оның терісін тұздау, қойды қырқу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік зоогигиеналық шараларға да қанығады. Сонымен бірге мал өнімдерін дайындалатын қазақтың дәстүрлі және қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да оқырманның кәдісіне жарар деген ойдамыз.
Құстардың тұқымдары өте көп жерге тарап, кез-келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдары жоқ емес, соның ең бастысы құстардың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай құс қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайлымы шөлайт жерлерде де, жазы ыстық жерлерде өсе береді. Оған құстың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең негізгісі - түрлі жайлым отын өте жақсы пайдаланатындығы мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта әр-бір адам құсл шаруашылығын аша алады. Бұл күндері құс шаруашылығын ұлғаюту көзделіп отыр, бұл үшін қазіргі кезде елімізде ауылды жерлерде құс базалары ашылуда. Құс шаруашылығын да біріншіден құстың жақсы тұқымдарын көбеитуде, одан кейін оның жұмыртқасына және т.б. шаруашылығы ұлғаюда. Бұның арқасында ауыл адамдарының тұрмыс жағдайы жақсарып келеді және жұмыспен қамтамасыз етілуде.

II Әдебиетке шолу

Тауықтар -- тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 - 2,2, қоразы 2,5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 - 2,8 және 3,4 - 3,8; етті тұқымы 3 - 3,5 және 3,8 - 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1,5 - 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.
Қан айналымы
Құстардың қан айналымы қосмекенділер мен жорғалаушылардан күрделі. Жүрегі төрт бөліктен : екі құлақша және екі қарыншадан құралып, оң және сол жақ жартыларға бөлінеді. Жүректегі салатамыр және көктамыр қаны бірімен-бірі араласпайтындықтан, бүкіл ағзаға тек оттегіне қаныққан қан таралады.
Құстың денесіндегі қан екі шеңбер бойынша айналады, олар үлкен және кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасынан шыққан салатамырдағы қан бүкіл денені аралап, денедегі жасушаларға оттегін береді, көмірқышқыл газға қанығып, оң жақ құлақшаға оралады. Бұл- үлкен қанайналым шеңбері. Оң жақ құлақшадағы көктамыр қаны оң жақ қарыншаға өтіп, өкпеге барады , құрамындағы көмірқышқыл газды өкпеде қалдырып, өкпедегі оттегімен қаныққан соң сол жақ құдақшаға құяды. Бұл- кіші қанайналым шеңбері. Құстың жүрегі қуатты жұмыс істейтіндіктен, қан тамырларды бойлай шапшаң ағып, ағзаға қажетті мөлшерде оттегі мен қорек жеткізеді. Сондықтан құс денесіндегі температура тұрақты (40-45 градус) болады.

Ақ тауық
Үлкенаяқты тауықтар, қоқсық тауықтары (лат. Megapodiidae) - тауық тәрізділер тұқымдасы. Ұзындығы 25-65 см. 7 туысы 12 түрі белгілі Шығыс Индонезия, Полинезия, Жаңа Гвинея және Австралияда таралған. Тропиктік ормандармен және бұташілікті мекендейді. Жұмыртқаларын баспайды. Кейбір түрлері тасбақа тәрізді жұмыртқаларын су жағасындағы құмға көмеді және олар күн сәулесінің әсерімен дамиды; басқалары жанартау маңындағы жылы құмды пайдаланады; үшіншілері шұңкыр қазып оның ішін шіріген жапырақтармен толтырып үстіне жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын құммен жабады да еркегі оның температурасын күнделікті бақылап құмды ашып немесе толтырып жауып ұяның температурасын реттеп отырады. Бұл ұялардан қауырсынданған өз бетімен өмір сүре алатын балапандар шығады. 1 түрі және 2 түр тармағы ХТҚО Қызыл кітабына енгізілді.

Улкенаяқты тауықтар

ІІІ. Негізгі бөлім

2.1.1 Жобалық тапсырма - жобаға талаппен негізігі міндеттер көрсетілетін жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп - бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық - гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық - санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер.
Тауық қораларын салуға таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын ен нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айнала ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмауы тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк - желек отырғызуға жарамды болу керек.
Тауықтардың қораларын салуға таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Құс шаруашылығы кәсіпорындарын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аударған жөн. Жер көлемін айқындау құс фермасының кеңейтілуін және оның құс азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі.
Ветеринариялық - санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап - ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
2.1.2 Тауық қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек күркетауықтарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікте орналастырылады. Күркетауық балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған күркетауық балапандары үшін 12х12 мм, ал 45 күн толған күркетауық балапандары үшін 15х15 мм.
Тауық қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астауымен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны күркетауық балапандарының азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте күркетауық қораларына арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді таратып беретін құрал, науалы суат, ұяларды және күркетауық өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, күркетауық саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар.
Тауық қораларына жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болады.

Құстарды еденге орналастыру нормасы

Құстың түрі мен жас тобы
1м[2] еденге келетін құс басы
Ет бағыттағы тауықтар
4,0 - 5,0
Күркетауық
1,5 - 2,0
Үйректер
2,5 - 3,0
Қаздар
1,0 - 1,5
Бройлер балапандар ()
18
Күркетауық балапандар ()
5
Үйрек балапандары ()
18
Қаз балапандары
8

2.2. Тауық шаруашылығының негізгі өнімі - күркетауық еті. Күрке тауық І категориялы ұшаларының бұлшық еттері жақсы дамыған болады. Кеуде бұлшық еттерінің жан-жақтары томпақ болып көрінеді. Төс сүйегі сәл білініп тұрады. Күркетауық балапанының тер асты майы құрсақ және арқа бөліктерінде жолақ тәрізді жабылады.
Күрке тауық ІІ категориялы ұшаларының бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, төс сүйегі жақсы білініп тұрады. Арқа және құрсақ бөліктерінде аздаған майдың жиналған аймақтары кездеседі. Бұлшық ет өте жақсы дамаған жағдайда тер асты майлар болмауы мүмкін.Сонымен қатар ІІ категориялы ұшаларға тер асты майы жоқ, бірақ бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған тауық пен күрке тауық ұшалары жатады.
Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4 - 5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.
Төсеніш қора ішінде санитариялық - гигиеналық жағдайды жақсартады, күркетауықтардың және балапандарының астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырулардан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойын атартып алады және қауырсындарын ластамайды , жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болу қажет. Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы мен темпиратура көрсеткіштері тікелей төсеніш жағдайына байланысты.
Төсеніш ылғалдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат көрсеткіштерін бірқалыпта ұстау қажет.
Балапан басатын күркетауықтарды төсеніште немесе торлы батареяда ұстайды. Торлы еденде оларды 14 аптадан артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште - 1 - 17 аптада 3 - 4 басм2 18 - 30 аптада 2 - 3басм2 ; торда - 1 - 8 аптада 20басм2 : 9 - 14 аптада 8 - 9 басм2
Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді. Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайды. Балапандарды торлы батареяда ұстағанда қора - жай сиымдылығы 2 - 3 есеге, балапандардың тірі салмағы 7 - 11 пайызға артады, ал азық шығыны 11,2-15,2 пайызға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1 пайызға төмендейді. Бірақ торда ұстаудың нәтижесінде көп жағдайда балападардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.
Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі темпиратураға өте сезімтал келеді. Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын - ала жылытылған қора - жайға орналастырады. Алғашқы 5 аптада ауа темпиратурасын брудерде 37 - 21˚С, ал қорада 30-19˚С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 16˚С - қа төмендетеді.
Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады, бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет. Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды, кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады, ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді. 30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейін жарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады. Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50 лк, 4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30 лк, ал одан ары қарай 15 лк болады.
Балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін 3 - 3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады. Тауықтарды торда бағып - күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке - жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялар мен жабдықталады. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем - шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық беретін астаулар аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған. Күркетауық қоралар пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады. Ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды тордарда бағып - күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.[9] Қорадағы микроклиматтың құсорганизміне әсері темпиратураның, ауауның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай - ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай - ақ қораларды күркетауықтардың жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қаматамасыз етуі керек.

Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің тауықтардың өнімділік сапасының әсері

Бағу әдістері
Ауа темппературасы, ˚С
Салыстырмалы ылғалдылығы, пайыз
Зиянды газдардың ауада болуы, мгм[3]
Бір басқа шаққандағы жұмыртқа беруі
Өлім-жітім, пайыз

NH3
Шаң

Қалың төсеніште
Бір ярусты батареяларда
(АПЛ)
16

17
75

73
36

9
7

3
242

262
13

5

Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелердің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты. Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін аммиак мөлшерінің көбеюі). Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу - тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарық пен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгіде жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

Тауық қораларындағы жарықтылық нормасы

Қоралар
Табиғи жарықтылық нормасы
Құстарды орналастыру зонасындағы жасанды жарықтылық, лк

Табиғи жарықтылық коэффициенті (КЕО), пайыз
Жарықтылық коэффициенті (ЖК)
Газозарядты лампалар кезінде
Қыздырылатын лампалар кезінде
Ересек күркетауықтар үшін

Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)
0,7
1:10 - 1:12
75
30
Торда ұстап баққанда (азықтандыру бойынша)
0,7
1:10
70
30
Балапандарды бағу үшін
1,0
1:8 - 1:10
Диапазонда
75
Инкубаторлық залдар
0,8 - 1,0
1:15 - 1:20
75
30

Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Күркетауықтарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15 - 20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4 - 5 Вт есебімен алынады. Тауық қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Тауық қораға арналған іргетас
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар
Балапандарды бағып – күту әдістері
Қабандар (шошқа)
Пәндер