Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Ветеринария» факультеті

«Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шараларытақырыбында жазылған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: 5B120200 Ветеринариялық-санитария мамандығының 3курс

311 топстуденті Әлдибай Назерке

Тексерген:Құдайбергенова

Алматы 2015ж

Курстық жұмыстың жоспары

1. Кіріспе 3 бет

2. Негізгі бөлім 4 бет

2. 1. Жоба тапсырмасын жасау 4-6 бет

2. 2. Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі ғимарат көлемі 7 бет

2. 3. Ауылшаруашлық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу 8-12 бет

2. 4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу 12-13бет

2. 5. Малды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу 13-14 бет

2. 6. Мал шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтпаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу . 14-16 бет

3. Қортынды . 17-18 бет

4. Қолданылған әдебиеттер . 19 бет

5. Қосымша 20-25 бет

Курстық жұмыс 25 беттен, 4суреттен, 4 кестеден тұрады.

Түйін сөздер:

Дербес жоба, экспериментальдық жоба, типтік жоба, дезинфекция, бруцеллез, листериоз, аусыл, тринхиллез т. б.

1 КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі - жеткілікті азық-түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнңғ бірінші дәрежелі міндеті болып саналады. Республикада азық-түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық етің 13%-ы шошқа етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) - 50%-ға дейін жетеді.

Шошқа еті мен майының жоғарғы тағамдық қасиеттері дүние жүзінің көптеген елдерінде оны пайдаланудың артуына басты себеп болып отыр. Мысалы, Данияның ет балансында шошқа етінің үлесі 69, Германияда - 65, 9, Польшада - 60, 5% құрайды.

Өзінің жоғары өсімталдылығы, құрсақта даму кезеңінің қысқа болуы, тез жетілгіштігі, азықты өнімімен өтеу қабілетінің жоғарлылығы мен сойыс өнімдерінің жоғарғы шығымдылығы сияқты құнды биологиялық ерекшеліктері шошқа шаруашылығын дүние жүзінде халықты етпен қамтамасыз ету проблемасын шешуде алдыңғы қытырға шығарды. Қазақстанда шошқа шаруашылығымен негізінен 15 облыс айналысады. Өсірілетін 13 тұқымның ішінде ең көп (93%) үлес ірі ақ тұқымға тиеді, ал отандық селекционерлер шығарған жетісу тұқымы - 4, 5, ақсайдың қара-ала шошқасының тұқыдық тобы - 0, 7 % құрайды.

Қалған тұқымдарыдың саны аз және олар негізінен өндірістік будандастыруда пайдаланылады. Әлемдік шошқа шаруашылығын жетілдірудегі негізгі жол - толыққанды азықтандыруға байланысты шаруашылықтың интенсивті технологияларын үйрену, жануарлардың жас ерекшеліктеріне қарай топтастырып өсірудегі қолайлы шарттарын пайдалану және де шаруашылықта жоғары өнім беретін тұқымдар мен түрлерін өсіруболыып табылады.

Шошқа шаруашылығында мегежіндердің саны өте маңызды роль атқарады. Сол себепті де мегежіндерді өсірудегі гигиеналық талаптарға аса мән беру қажет. Мегежін өсіретін қора-жайлардығы микрооклиматтың нормадан ауытқуы олардың жыныстық функциясына бірден әсер ететін неше түрлі этиологиялық аурулар тудыруы мүмкін. Гигиеналық талаптарға сай емес, қолайсыз жағдайларда мегежіндердің өмірлері қысқарып, ары қарай пайдалануға жарамсыз болып қалады

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Жоба тапсырмасын жасау

Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарын өз қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны жасау ең алдымен тапсырыс берушінің өсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобаға ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға шаруашылықтың басшылары мен мамандары қатысады. Жобалау - құрылыс салудың алғашқы да мағызды кезеңі. Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы.

Дербес жоба - айрықша сирек объектілер үшін жасалынады. Ол көбінесе экспериментальдық болып келеді. Оны ғимаратты немесе кешенді құбылыстарды тек 1-ақ рет салу үшін қолданылады. Жобалау жер бетінің жағдайына, орнына, климатына, геологиялық, гидрологиялық және т. б. нақты жағдайларға қарай жүргізіледі.

Экспериментальдық жоба - тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады. Оның зерттеу негіздерінде: жануарлардың күтіп бағудың жаңа технелогиясы, өндірістік процессерді механикаландыру мен автоматтандырудың айрықша жүйесі, құрылыстық жаңа шешімдер және т. б.

Қайта қолданылатын жобалар барынша сәтті жасалған дербес жобаларды қайтадан қолдану керек болған кезде пайдаланылады.

Типтік жоба - біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған. Олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағынан көп қолдануға болатын жобалық шешім. Типтік жоба құрылыс -монтаж жұмыстарының құнын төмендету есебінен құрылыс алу құнын күрт қысқартуға мүмкәндәк береді. Жұмысшы жобаны типтік жоба бойынша салынатын кәсіпорын нысандарына жасайды. Оған мыналар қажет: жалпы түсіеіктемелік жазба, құрылысты ұйымдастыру, сметалық құжат, жұмыс жобасының паспорты, жұмысшы құжаттары.

Сақтық ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және салу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:

  • Құрылысты техника экономикалық тұрғыдан негіздегенде;
  • Құрылысқа жер таңдағанда;
  • Жобаларға ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан сараптағанда;
  • Құрылыс кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың сақталуына жүргізгенде;
  • Қораны жобалау негізінде жобалық тапсырмадан басталады.

Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті - аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу, қадағалау әрі диагностикалық зерттеулерд і жүргізу болып табылады.

Ветеринариялық нысандарға жататындар:

  • Ветеринариялық емхана;
  • Ветеринариялық пункт;
  • Ветеринариялық лаборотория;
  • Изолятор;
  • Карантиндік орын;
  • Көң сақтағыштар;
  • Жабық көң сақтағыш;
  • Жер бетіндегі көң сақтағыштар.

Санитариялық-гигиеналық нормалары

1-кесте

Ауа температурасы, о С
14-16
Ауа температурасы,оС: Қатысты ылғалдылық, %
14-16: 60-85
Ауа температурасы,оС: Ауа ауысуы, м­ 3 /ч на 1ц тірілей салмағы
14-16: 35-60
Ауа температурасы,оС: Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
14-16: 0. 3-1. 0
Ауа температурасы,оС: Көмірқышқыл газы, %
14-16: 0. 2
Ауа температурасы,оС: Аммиак, мг/м 3
14-16: 20
Ауа температурасы,оС: Сероводород, мг\м 3
14-16: 10
Ауа температурасы,оС: Микробная обсемененность, тыс. мк. тел\м 3
14-16: До 100
Ауа температурасы,оС: Световой коэффициент
14-16: 1/10-1/12
Ауа температурасы,оС: Коэффициент естественной освещенности
14-16: 1. 2
Ауа температурасы,оС: Удельная мощность ламп, Вт\м 2
14-16: 4. 0-5. 0
Ауа температурасы,оС: Еден ауданы м 2 /гол.
14-16: 1. 9
Ауа температурасы,оС: Азықтандыру фронты, м
14-16: 0. 4-0. 5
Ауа температурасы,оС: Допустимый уровень шума, дБ
14-16: 70
Ауа температурасы,оС: Қиды шығару тәулігіне 1бас /кг
14-16: 6
Ауа температурасы,оС: Қи сақтау орнының ауданы 1 басқа, м 2
14-16: 0. 4
Ауа температурасы,оС: Судың тәуліктік қолданылуы, л
14-16: 25

2. 2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі

Мегежін қорасы негізінде буаздық кезеңі өтетін және торайлардың алғашқы айларында ұстауға арналады. Қораны арнайы жеке станоктармен жабдықтайды. Енелеріне және торайларға арналған бөлімдері болады. Бұл станоктар мегежіндердің жас торайларды басып кетпеу үшін жасалған. Станоктарда шошқаларға арналған дем алатын және торайларды азықтандыру үшін бокстар бар. Дем алуға арналған бөлімнің үстіне ультрофиолетті және инфрақызылды шамдарды іледі, олар жылытуға көмектеседі. Станоктың түрі мен құрылысы ұрғашы шошқалардың ұстауына, бағуына байланысты болады. Гигиеналық талаптарға үш бөлімнен тұратын станоктар жауап береді. Олар мегежіндерді қозғалтпай ұстап тұру үшін, дем алу үшін, торайларды ұстап емізу үшін. Станоктың алдыңғы жағында темірден жасалған азықтандыратын науа болады. Ал бокста торайларды азықтандыру үшін екі науа болады: құрғақ азыққа арналған және азықтарға арналған. Суға арнылған науада соратын және кесе сияқты автоматты су іштіргіштері болады.

Станок ішіндегі қоршаулар конструкциясы торайлау кезінде мегежінді бекіту қарастырады, торйлардың бос өтуін қамтамасыз етіп, мегежіннің торайларды жылыту, емізу орындарына өтуін шектейді.

2 - кесте

2. 3 Ауылшаруашлық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

Азықтандыру нормасы мегежіннің жасына, салмағына, физиологиялық ахуалы мен қоңдылығына сәйкес анықталады. (1-кесте) . Буаздық мерзімінің аяғына оның азыққа деген мұқтаждығы 15-20%-ке артады. Бұл желінген азықтың құрғақ затын молайту арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп 114 күнде бір мегежіннен әр біреуінің салмағы 1, 2-1, 3 кг тартатын 10-12 торай алынады.

Қысыр мегежінге күйін келтіріп, көп торай табатындай жағдай туғызады: ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда оның азықтандыру деңгейі 25-30%-ке жағаралатылады. Арық мегежіннің қоңын жақсарту үшін қосылатын салмақтың әр килограмына шағып, азықтандыру деңгейін 4 азық өлшеміне, яғни 44, 2 МДж алмасу энергиясна ұлғайтылады. Бірақ тым семіздіктің де ұрықтануға кері әсер ететінін ескеру керек.

Әрбір 100 кг салмағына шағып, ересек мегежінге әр килограмында 1, 05 азық өлшемі, яғни 11, 6 МДж алмасу энергиясы бар 1, 5-1, 8 кг, ал өсу тоқтамаған 2 жасқа дейінгісіне 1, 8-2, 4 кг құрғақ зат беріледі. Құрғақ заттағы энергия деңгейі шикі клетчаткамен реттестіріледі. Қысыр мегежін рационының құрғақ затында оның көлемі 12%-ке, ал торайын емізіп жүоген мегежін рационында 7-8 %-ке дейін төмендетіледі.

Буаз мегежіннің энергетикалық алмасуы жалпы алғанда 25-45%-ке өседі. Ұрықтың өсіп дамуна органикалық және минералдық заттар жұмсалып (10-12 бас торай дамыса 1, 5-1, 7 кг ақзат, 150-160 г кальций, 80-85 г фосфор), мегежін денесінде бұлардың қоры 1, 5-2 есе өседі, сөйтіп дұрыс азықтандырылған ересек мегежіннің салмағы 35-40 кг, жас мегежіндікі 50-55 кг ауырлайды.

Торайын емізіп жүрген мегежіннің әрбәр 100 кг салмағына 0, 33-0, 38 азық өлшемі беріледі. Рацион құрғақ затының әрбір килограмында 1, 3 азық өлшемі, яғни 14, 4 МДж алмасу энергиясы 186 г шикі, 145 г қорытылатын протеин, 8 г лизин, 4, 8 г метионин мен цистин, 9, 3 г кальций, 7, 6 г фосфор болуға тиіс. 1 кг сүтпен бірге 300-350 г ақзат сыртқа шығарылады, сондықтан мегежін рационын құнарлы протеинмен қамтамасыз ету керек. Әрбір азық өлшемінде орны толмас амин қышқылдарына бай 110-112 г қорытылатын протеин болуы керек. Күнделікті сүтімен (6 кг) бірге 13 г кальций, 7 г фосфор сыртқа шығарылатындықтан мегежін рационының минералдық құнарлылығы да жоғары болуы шарт.

Мегежін рационы шамамен 2-4 кг жем қоспасынан (0, 1-0, 3 кг бұршақ ұнтағы, 0, 3-0, 5 кг күнбағыс шроты, 0, 1-0, 2 кг балық ұны, 1-2 кг жүгері, арпа, бидай, сұлы жармасы, бидай кебегі), 1-1, 5 кг көк сүттен, 0, 5-0, 7 кг шөп ұнынан, азықтандыру типіне сәйкес 4-5 кг буланған картоптан, 2-3 кг қызылшадан, 4-5 кг құрама сүрлемнен, 30-60 г преципитаттан, 15-30 г ас тұзынан, 30-50 г премикстен тұрады. Жазда шөп ұны мен тамыр түйнек жемістілер орнына 5-7 кг бұршақ тұқымдастар көгі беріледі. Рациондағы қоректік заттар мөлшері 2-кестедегідей болуы керек.

Торйлануына бірнеше күг қалғанда рацион көлемін жартылай азайтып, торйлаған мегежінге алғашқы күні жылы су ішкізіп, ертеңіне оған 0, 5-0, 6 кг сұлы, арпа ұнтағы мен кебек, шрот араластырып береді. Толық көлемді рационға 5-6 күнде көшіреді. Тәулігіне мегежін басына 8-10 л су береді. [1]

Азықтың санитариялық сапасын жақсарту

Азықтың санитариялық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. Өңдеудің ең қаарапайым түрі жем-шөпті дайындау барысында кептіру (консервілеу), яғни қоректің қоректік заттарын бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем-шөпті сақтауға негізінен кептіру мен анаэробтық жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады.

Кейбір шаруашылықтарда мал азығының сапасын жоғары сақтау үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын, аскорбин бензол қышқылдары, геницианвиолит, фармольдигит және т. б. ерітінділерді жиі қолданып келеді. Әр консервантты таңдағанда саңырау құлақтардың түрінің өсіп-өнуіне жол бермейтін өасиеттерін еске алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты өңдеу нәтижесі мүлдем аз немесе тиіміз болуы ықтимал.

3 кесте

Мегежін азықтандыру нормасы

Көрсеткіш
Тірілей салмағы, кг

Қысыр кезінде

140-160 180-200

Буаз кезінде

140-160 180-200

Торайларын емізетін кезінде

140-160 180-200

Көрсеткіш: Азық өлшемі
Тірілей салмағы, кг: 2, 8
3, 2
2, 2/2, 7
2, 6/3, 1
6, 3
6, 8
Көрсеткіш: Алмасу энергиясы, МДж
Тірілей салмағы, кг: 31, 1
35, 5
2, 4/29, 8
28, 7/34, 2
69, 8
75, 3
Көрсеткіш: Құрғақ зат, кг
Тірілей салмағы, кг: 2, 67
3, 06
2, 1/2, 6
2, 47/2, 95
4, 85
5, 23
Көрсеткіш: Шикі протеин, г
Тірілей салмағы, кг: 374
426
294/360
346/413
902
973
Көрсеткіш: Қорытылатын протеин, г
Тірілей салмағы, кг: 280
320
220/270
260/310
703
758
Көрсеткіш: Лизин, г
Тірілей салмағы, кг: 16
18, 3
12, 6/15, 41
4, 8/17, 7
38, 9
41, 8
Көрсеткіш: Метионин+цистин, г
Тірілей салмағы, кг: 9, 6
11, 0
7, 6/9, 2
8, 9/10, 6
23, 3
25, 1
Көрсеткіш: Шикі клетчатка, г
Тірілей салмағы, кг: 310
354
294/198
346/342
340
366
Көрсеткіш: Ас тұзы, г
Тірілей салмағы, кг: 15
18
12/15
14/17
28
30
Көрсеткіш: Кальций, г
Тірілей салмағы, кг: 23
26
18/22
21/26
45
49
Көрсеткіш: Фосфор, г
Тірілей салмағы, кг: 19
22
15/18
18/21
37
40
Көрсеткіш: Темір, мг
Тірілей салмағы, кг: 216
247
170/268
250/239
563
607
Көрсеткіш: Мыс, мг
Тірілей салмағы, кг: 45
52
63/44
42/50
82
89
Көрсеткіш: Мырыш, мг
Тірілей салмағы, кг: 232
265
183/224
215/257
422
455
Көрсеткіш: Марганец, мг
Тірілей салмағы, кг: 125
143
99/121
116/139
228
246
Көрсеткіш: Кобальт, мг
Тірілей салмағы, кг: 5
5
4/4
4/5
8
89
Көрсеткіш: Йод, мг
Тірілей салмағы, кг: 0, 9
1
0, 7/0, 9
0, 8/1
1, 7
1, 8
Көрсеткіш: Каротин, мг
Тірілей салмағы, кг: 31
35
24/30
28/34
56
60
Көрсеткіш: А-витамині, мың ХӨ
Тірілей салмағы, кг: 15, 5
17, 5
12/15
14/17
28
30
Көрсеткіш: Д-витамині, мың ХӨ
Тірілей салмағы, кг: 1, 5
1, 7
1, 2/1, 5
1, 4/1, 7
2, 8
3
Көрсеткіш: Е-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 109
125
86/105
101/121
199
214
Көрсеткіш: В1-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 7
8
5/7
6/8
13
14
Көрсеткіш: В2-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 19
21
15/18
17/20
34
37
Көрсеткіш: В3-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 61
70
48/59
57/68
112
120
Көрсеткіш: В4-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 3, 1
3, 5
2, 4/3
2, 8/3, 9
5, 6
6
Көрсеткіш: В5-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 216
247
170/208
200/239
392
424
Көрсеткіш: В12-витамині, мг
Тірілей салмағы, кг: 77
88
61/75
72/86
140
152

4-кесте Мегежін азығындағы қоректік заттар мөлшері

Көрсеткіш
Ылғалдылығы 14% азықта:
Құрғақ затта:

Қысыр

және буаз

мегежінге

Торайын емізетін мегежінге
Қысыр және буаз мегежінге
Торайын емізетін мегежінге
Көрсеткіш: Азық өлшемі
Ылғалдылығы 14% азықта:: 0, 9
Құрғақ затта:: 1, 12
1, 05
1, 3
Көрсеткіш: Алмасу энергиясы, МДж
Ылғалдылығы 14% азықта:: 10
Құрғақ затта:: 12, 4
11, 6
14, 3
Көрсеткіш: Шикі протеин, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 120
Құрғақ затта:: 160
140
186
Көрсеткіш: Қорытылатын протеин, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 90
Құрғақ затта:: 125
105
145
Көрсеткіш: Лизин, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 5, 2
Құрғақ затта:: 6, 9
6, 0
8, 0
Көрсеткіш: Метионин+цистин, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 3, 1
Құрғақ затта:: 4, 1
3, 6
4, 8
Көрсеткіш: Шикі клетчатка, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 120
Құрғақ затта:: 60
140
70
Көрсеткіш: Ас тұзы, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 5
Құрғақ затта:: 5
5, 8
5, 8
Көрсеткіш: Кальций, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 7, 5
Құрғақ затта:: 8
8, 7
9, 3
Көрсеткіш: Фосфор, г
Ылғалдылығы 14% азықта:: 6, 2
Құрғақ затта:: 6, 5
7, 2
7, 6
Көрсеткіш: Темір, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 70
Құрғақ затта:: 100
81
116
Көрсеткіш: Мыс, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 15
Құрғақ затта:: 15
17
17
Көрсеткіш: Мырыш, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 75
Құрғақ затта:: 75
87
87
Көрсеткіш: Марганец, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 40
Құрғақ затта:: 40
47
47
Көрсеткіш: Кобальт, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 1, 5
Құрғақ затта:: 1, 5
1, 7
1, 7
Көрсеткіш: Йод, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 0, 3
Құрғақ затта:: 0, 3
0, 35
0, 35
Көрсеткіш: Каротин, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 10
Құрғақ затта:: 10
11, 6
11, 6
Көрсеткіш: А-витамині, мың ХӨ
Ылғалдылығы 14% азықта:: 5
Құрғақ затта:: 5
5, 8
5, 8
Көрсеткіш: Д-витамині, мың ХӨ
Ылғалдылығы 14% азықта:: 0, 5
Құрғақ затта:: 0, 5
0, 6
0, 6
Көрсеткіш: Е-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 35
Құрғақ затта:: 35
41
41
Көрсеткіш: В1-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 22
Құрғақ затта:: 2, 2
2, 6
2, 7
Көрсеткіш: В2-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 20
Құрғақ затта:: 20
23
23
Көрсеткіш: В3-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 6
Құрғақ затта:: 6
7
7
Көрсеткіш: В4-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 1
Құрғақ затта:: 1
11, 6
1, 6
Көрсеткіш: В5-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 70
Құрғақ затта:: 70
81
81
Көрсеткіш: В12-витамині, мг
Ылғалдылығы 14% азықта:: 25
Құрғақ затта:: 25
29
29

Азық дайындайтын құралдарға қойылатын талаптар:

Мал азығына арналып дайындалған жемшөпті азықтандыруға, яғни малға жеткізуге алдын-ала дайындап, жетілуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады.

Азық цехы ішінде желдеткіш, конализация болуы керек және өте жақсы жарықтандырылғаны абзал. Сондайақ шешінетін орын, ыстық және суық су, міндетті түрде халаттар, фартуктар, қолғаптар және жұмысшыларға арналған аяқ киімдер болғаны жөн.

2. 4 Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу

Мал жайылымында немесе лагерьлерде бағылғанда белгілі бір орында мал суғару пунктерінде суғарылады. Ауру малды ашық су көздерінен суғаруға болмайды. Өйткені, су ластанады, тіпті суға ауру қоздырғыштарының түсуі де мүмкін. Жабысқақ топырақты су көздерінің жағасына тас, құм, қиыршық тас төселеді. Олар жалпақ, мейлінше ұзын болуы қажет. Мал суды кешіп, былғамас үшін суғару орындары арнаулы қоршаумен қоршалады. Бұл мал су ішетін орындарда судың тереңдігі кемінде 20 см болуы керек.

Жайылымда суғару пунктерінің алаңдары м мөлшерінде салынып, темір бетон плиталары немесе үлкен қай тастар төселіп тасталады. Астаулар темір бетоннан, кірпіштен, тастан, темірден, ағаштан, сондайақ үнемі тазартып және дезинфекциялап тұруға мүмкіндік беретін беті тегіс басұа дазаттан жасалуы тиіс.

Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар

Санитариялық бақылауға алудың негізгі мал фермаларын сумен қамтамасыз ететін барлық су көздерін есепке алуы мен паспорттаудан тұрады. Су көздерінің ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылау мынандай жайыттар жатады:

  • Оның ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылау және судың органикалық және тағы басқа қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын алу мақсаты мен күзеттер ұйымдастыру;
  • Су сапасын санитариялық-лабороториялық бақылау және маусымымен топырақ жағдайына сәйкес су сапасының тұрақтылығына есеп жүргізу;
  • Антропогенді судың ластану көрсеткіштеріне судың тотығуы, аммоний тұздары азоты мен альбуминоидты азоттың сондайақ нитриттер мен нитраттар азотының, полифосфаттардың және т. б. шоғырлануы жатады.

Суды зарарсыздандыруды физикалық жылу, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс, радиоактивті сәулелендіру және химиялық қышқылдар, асыл темірлердің иондары, озон, хлор, тотықтырғыштар әдістерімен жүргізіледі.

Құрал-саймандарды дезинфекциялау:

Мал суғаруға қажетті құрал саймандар дезинфекцияланып, жуылып отырады. Ол үшін гипохлоридтің 1%ерітіндісі пайдаланылады. Бұл ерітіндіні дайындау шін он литр жылы (30-40 c) суға бір килограмм хлорлы әк салынып, әлсін әлсін араластыра отырып бір тәулік ұсталады. Әбден тұнған таза ерітінді (10%) басқа таза ыдысқа құйылып алынады. Дайындалған ерітінді таза шыны немесе жабық ыдыста ақталады.

2. 5 Малды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық- гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу.

Оптималды микроклимат шошқалардың ауруларының алдын алу үшін ең басты мәселе. Жоғарға немесе тқменгі температурада шошқа ағзаларының резистенттілігін төмендетеді, салмақтарын азайтады, көптеген ауруларды тудырып, шошқа шығымына алып келеді. Мегежіндер үшін екі түрлі температуралық режим қолданылады: торайлар үшін, мегежіндер үшін. Торйлар үшін жасына қарай 22-30С, ал мегежіндер үшін 16-18С . жоғары температурада мегежіндердің сүттілігі төмендейді.

Шошқа шаруашылығында көбінесе сәулелі жылыту мен еден арқылы жылыту қолданылады. Станоктағы жылынған еденнің көлемі 1, 0-1, 5 м 2 , жоғарғы жағында температура 30 о С ал төменгі жағында 22 о С. Төмендеген сайын азая береді.

Жоғарғы ылғалдылық 80-100% және төменгі температура 1-8 о С болғанда шошқаның өсуі . 9-28% ға азаяды. Азық көлемі көп мөлшерде жұмсалады. 6-12 түрлі азық 1 килограмға кетеді. Егер ауада зиянды газдар мен микроорганизмдер көп болса, шошқаларда стресс пайда болады. Аммиактың 33-36 мг/м з мөлшері тәуліктік өсу мөлшерін 7, 7-10, 2% ға төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабандар (шошқа)
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Күркетауық балапандар
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz