Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІ
1.1 Наурызым қорығың аумағының физико.географиялық сипаттамасы ... ...
1.2 Наурызым қорығының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Наурызым қорығы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Наурызым қорығының негізгі ғылыми.зерттеу жұмысы 184 бет 6 исследование
2.2 Наурызым қорығының ғаламдық маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Наурызым қорығының табиғат қорғау іс.шаралары (112 бет)
2.4 Наурызым қорығының басқаруындағы қорғалымдар 123бет
3 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ 139бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Қорықтың беделін бекітуге арналған экологиялық ағартушылық 139бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Наурызым қорығында экологиялық туризм бағытын дамыту 148 бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мәселенің өзектілігі:Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі –қорықтар ұймдастыру.Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы,ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар сақталады.Мемлекеттік табиғи қорық қоры-қоршаған ортаның табиғи эталондар,реликтілері,ғылыми зерттеулерге,ағарту білім беру ісіне,туризмге және рекрецияға арналған нысандары ретінде экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды,мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Жұмыстың басты мақсаты:Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын,мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау,табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады.Дегенмен,республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында.Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорықжұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы-1 610 973 га.Бұлар,әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз.Адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде ,қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс.Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндеті
Қорықтарды-адам қолы тимеген, жабайы табиғат үлгісі-табиғи лаборотория деп те атауға болады.Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
1.1 Наурызым қорығың аумағының физико-географиялық сипаттамасы ... ...
1.2 Наурызым қорығының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Наурызым қорығы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2 НАУРЫЗЫМ қорығының ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру
2.1 Наурызым қорығының негізгі ғылыми-зерттеу жұмысы 184 бет 6 исследование
2.2 Наурызым қорығының ғаламдық маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Наурызым қорығының табиғат қорғау іс-шаралары (112 бет)
2.4 Наурызым қорығының басқаруындағы қорғалымдар 123бет
3 Наурызым қорығының экологиялық ағартушылық қызметтері 139бет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Қорықтың беделін бекітуге арналған экологиялық ағартушылық 139бет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Наурызым қорығында экологиялық туризм бағытын дамыту 148 бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі:Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі - қорықтар ұймдастыру.Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа пайдалы,ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар сақталады.Мемлекеттік табиғи қорық қоры-қоршаған ортаның табиғи эталондар,реликтілері,ғылыми зерттеулерге,ағарту білім беру ісіне,туризмге және рекрецияға арналған нысандары ретінде экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды,мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Жұмыстың басты мақсаты:Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын,мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау,табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады.Дегенмен,республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар үлесі жөнінен 13-ші орында.Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорықжұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы-1 610 973 га.Бұлар,әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз.Адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде ,қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс.Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндеті
Қорықтарды-адам қолы тимеген, жабайы табиғат үлгісі-табиғи лаборотория деп те атауға болады.Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары - солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - Жер жанатты деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіліп келген.1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
1969 жылғы 9 шілдеде Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы, 1972 ж 2 тамызда Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы, 1976 ж 12 шілдеде Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы Гусиный перелет , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбейе берсе екен деген ойдамыз.Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.
Қорықтар-бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң- құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады.
1-БӨЛІМ. наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Наурызым мемлекеттік қорығы Еуразияның ең көне қорықтарының бірі. Қорық Қостанай облысындағы Наурызым және Семиозер ауданының территориясында 1934 жылы құрылған. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Қазіргі ең басты мақсаты Солтүстік Қазақстан даласының сирек кездесетін,өзгеше табиғи кешендерді,өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтап қалу болып табылады. Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар еді. Міне,осы қорық болып аталған қырық жылдан астам уақыттың ішінде Наурызым көлдері,ормандары талай өзгерістерді бастан кешірді. 1951 жылы ол жабылып,оның базасында орман шаруашылығы құрылды. 1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп,орман-аңшылық шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 қазан айынан бастап ол қайтадан Нарызым мемлекеттік қорығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы қорықтар және аң шаруашылығы Бас басқармасының қарамағынан алынып,орман шаруашылығы мемлекеттік Комитетінің қарамағына берілді. Қазір ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына бағынады. Әрине,мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай із қалдырды,қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып,Наурызымның сирек кездесетін жасыл қарағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің суы өте төмендеп кетті.2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Наурызым қорығын "Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері"номенациясы құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды.
Атап өткендей,ұйымдастырылған кезде қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар болса,қазір 191,4 мың гектар ғана,яғни үш жарым есе кеміген.Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады. Онда Терсек,Сыпсың және Наурызым орман алқаптары мен Жаркөл,Ақсуат,Сарымойын көлдері бар.Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5мың гектар тың жазық дала кіреді.Осы алшақ орман алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген. Сыпсың мен Терсек қарағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса,Наурызым қарағайының батыс бөлігі Бесағаш және Ақсуат маңындағы қарағайлар Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің бір-бірінен ара қашықтығы 20-дан 80 километрге дейін жетеді. Қорық аумағындағы орманды алқаптар-аңдар мен құстар тіршілік ететін,қоныстайтын және паналайтын өте қолайлы мекендер.Қорықта өсімдіктің 961 түрлері,39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Негізі қорықтар-шаруашылыққа пайдаланудан алынған,әртүрлі географиялық аймақтарда орналасқан,табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процесстердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі.Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері,орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістер,хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар,сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып,қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.Қорық территориясының климаты,топырағы,өсімдіктер дүниесі мен басқа да байлықтары көп жылдар бойы терең ғылыми зерттеуден өтеді,онымен көршілес шаруашылықа пайдаланылған территориялардағы өзгерістерді ескере отырып,табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдаланудың тиімді жолы анықталады.
1.1.Наурызым қорығы аумағының физико-географиялық сипаттамасы.
Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпатында орналасқан.Мамандардың,ғалымдардың айтуы бойынща,бұдан 20 мың жылдай бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе,оның тастай суы "Торғай қақпасымен"жылжып Арал теңізіне құйыла берген.Ғасырлар бойы мұз терістікке шегіне берді,сонымен қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң құрғап,климаты жылына бастады.Сөйтіп,қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Әйтсе де,әлі де болса,мұз су Торғай ойпатымен ағып жатты да,ол сол маңайдағы суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіне жағдай туғызды. Ал мұз әбден еріп біткен кезде бұл тіршілік иелері құрғақ климат жағдайына бейімделе бастады.Табиғаттың қайталанбас көрінісі осылайша туды-жартылай шөлейтте Сибирь орманының аралдары сақталып қалды.
Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
Қорық аумағы үш телімнен тұрады - Науырзым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп. Қазіргі кезде Наурызым қорығының үстіңгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғары әртүрлі жануарлар әлемі,ала-құла,топырақ су жамылғысы қалыптасады.Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Наурызым бор 10 мың гектар алқапта орналасқан.Бордың сиретілген саябақ қарағайлары,толып жатқан қоқыстар азайтылып,қайың және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастыралады.Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады.Орман шыбындыққа ашық-сары түс адонистер,ал саз телімдерінде иіліп тұрған қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады.Мамыр айының басында әдемі Шренк қызғалдағы шығады,ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады,спера,ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды.Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастырылады.
Қорық аумағында Ақсуат және Сарымойын деген екі көл жүйесі бар. Осы екі көлді бөліп тұратын су бөлімі жоқ,бірақ сонғы 40 жылда осы екі көл жүйесінде су ауысу байқалмаған. Аксуат көл жүйесіне Наурызым-Қарасу өзені құяды. Өзеннің ұзындығы 100 километрден асады.
1.2.Наурызым қорығының табиғи жағдайы
Наурызым қорығы Торғай үстіртінің ортасында орналасқан орман сілемдері және көл жүйесі бар далалы аймақ. Қорық аумағының климатына келетін болсақ климаты шұғыл-континентті,жазы-құрғақ,ыстық , қысы керісінше суық ызғарлы болып келеді. Жазғы және қысқы, күндізгі және түнгі температуралары бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Наурызым қорығының күн радиациясының тармақ жиынтығының көлемі 100-140 ккалсм2 шамасында ауытқып отырады. Қаңтар айының орташа температурасы -180С, шілде айының орташа температурасы +24,40С. Ауаның абсолюттік максимум температурасы +420С,ал абсолюттік минимум -450С. Жылдық орташа температура +2,40С.Көктем мен күз айлары 30 күннен аспайды. Көктемнің ортакүндік температурасы 00С, сәуір айының бірінші декадасында ауысады. Күзде 00С қазан айының соңғы декадасында ауысады.Күн сәулесі жарығының ұзақтығы 2000-2400 жылсағ.,жаз айларына максимум сәйкес келеді. Қысқа қарай жылу тармағы азая бастайды,себебі арктикалық суық массалардың басып кіруінен және Сібір антициклонының қалыптасуынан. Сібір антициклонынан тау сілемдері 500С с.е сәйкес келеді,сондықтан Қостанай облысында суық мезгілдерде желдің бағыты оңтүстік және оңтүстік батыстан болады. желдің қатты,басым болуы тән. Желдің орташа жылдамдығы 4-6 мс. Қостанай облысына желдің қатты,басым болуы тән. Көктем айы қысқа мерзімді және қатқақ аязды болып келеді. Жазда ауа райы ашық,айрықша ыстық болады. Ең жылы ай - шілде айы,бірақ сонда да ол айда ауа температурасы +2-30с-қа деәін түсуі мүмкін.
Торғай ойпатының өн бойында сонау Арал теңізінен бастап тайгаға дейін созылып жатқан ірілі-ұсақты көлдер тізбегі де ғажайып сұлулық құрайды. Шөл және шөлейт аймақтары су құстары таптырмайтын мекен. Наурызым-Торғай көлдері жоғарыда аталған құстар ұшып өтер,ұя салар дүние жүзінде бірден-бір маңызды мекен.
Орман алқабы негізінен қайыңнан тұрады. Оның шет жағасында далалы жерде өсетін бұталар кездеседі. Бұта мен ағаштардың аралықтарындағы аралдарда көбіне құм селеу немесе құм бетеге кездесетін құмды дала орналасқан. Сыпсыңның шоқ-шоқ қайың орманының көбірек бөлігі құмды ойпатының табанындағы ылғалды жерде немесе оның беткейінде кездеседі. Бұл аймақтар ақ қайыңның өсуіне өте қолайлы.Терсек қарағайлы орманы жеке-жеке шоғырланып тұрады. Бұлардың аралығындағы учаскелерде дала өсімдіктері өседі.Терсектің орманды аралдарының орталық бөлігін қолдан отырғызылған қарағайлар алып жатыр. Шоқ қарағайдың шетінде қайың,көктерек және тобылғы өседі. Ал қарағайдың неғұрлым қуаңшылық учаскесінде қына да кездеседі. Сыпсың мен Терсек орманы-орман құстары мен аңдары қоныстанатын және паналайтын қолайлы аймақ. Наурызым ормандары-тек табиғат ескерткіші ғана емес,ол бұл үшін ылғал қорын жинушы да болады. Бұл орман бүкіл аудан климатына әсер етеді.
1.3.Наурызым қорығының флорасы мен фаунасы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктің 687 түрі бар. Соның ішінде ең көп тарағаны:алабұта,зиягүл,қияқөлең,қа лампыр,арша т.б. Қорықта осы өсімдіктердің 12 түрі қызыл кітапқа енгізілген бұл бәйшешек,жауқазын,қосгүлді қызғалдақ,жатаған қызғалдақ, шренк қызғалдағы,құндызшөп,қау,мұғалжар ақжапырақ,фишер құссүттіген,қаттыжапырақ шисабақ. Сонымен қатар шипалы дәрі-дәрмек өсімдіктер де бар. Олар дәрілік түймедағы,таңқурай,жолжелкен,итмұры н,қаражеміс,қылша,қалақай,бақажапыр ақ.
Наурызым қорығы өзінің қарағайлы орман ағаштарымен ерекше көзге түседі. Мұнда Наурызым-қарағайлы, Тірсек-қарағайы және Сыпсын-қарағайы деген үш экологиялық жүйе бар. Осы қарауытқан қарағайлы тоғай арасында ақ қайың,қотыр қайың,қызыл қайың,үлпек қайың,имек қайың,ақ терек және көк теректерде араласып өсіп жатыр. Қазіргі кезде қорықтың орман көлемі 17662 гектары түгел орманды алқап аталғанымен,оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр. Онда қарағай 934,қайың 805,көктерек 1034 га жерге орналасқан. Атап өткендей,қорықтың жері үш оқшау орман учаскелерін тұрады. Бұлардың арасындағы көлемдірегі-Наурызым қарағайы. Бұл қарағайлы алқап Сарымойын және Ақсуат көлдері атырабында батыстан шығысқа қарай 20 километрге созылып жатыр,ені 10 километрдей. Топырағы құмайтты. Орманды-дала өсімдіктері өседі. Наурызым қарағайлы орманы-Қазақстанның жазықтық бөлігінің ең оңтүстігінде орналасқан. Ол-ерте дүниенің жұрнағы. Мұнда қарағай,аққайың,көктерек,қызыл тобылдығы,тал,мойыл,папоротник өседі. Қалыңда-қоян,елік,құр еркін жайылады. Орманмен қанаттас бетегелі-жусанды,бозды шексіз дала жатады. Мұнда суыр,зорман,күзен,дуадақ,безгелдек, аққоян,қосаяқ, Сибирь елігі,аққұр сияқты кейбір бағалы және өте сирек кездесетін аңдар мен құстар мекендейді. Мойыл мен жиде ағаштарын көруге болады. Сондай-ақ өсімдіктердің бірнеше жүздеген түрі өседі.
Енді қорық алқабында және оның төңірегіндегі аудандарда өсетін негізгі ағаштарға қысқаша сипаттама беріп өтейік. Қарағай-биіктігі 20-40 метрге дейін жететін мәңгі жасыл ағаш. Ауа ылғалдылығына аса зәру емес. Құрғақ континентті климатқа,ауа райына төзімді. Топырақта аса талғамайды. Негізгі тамырлары тереңге бойлап,жанама тамырлары кейде 15 метрге дейін жетеді,соның арқасында ылғалды тереңнен де,жан-жағынан да пайдаланады. Қарағай қуаңшылыққа,суыққа төзімді,жарықта жақсы өседі. 350-500 жыл өмір сүреді. Діңі сапалы. Қарағай орманы көбінесе құрғақ құмды жерде өсетін қалың тоғай. Ол осыдан мыңдаған жыл бұрын, мұз дәуірінде пайда болған. Қарағайдың бағалы құрылыс материал алынаты мәлім. Қылқанның шипалық қасиеті бар. Қайың-биіктігі 20 мертге жететін ағаш,кейде өскен жерінің жағдайына қарай бұта болып та келеді. Ол көбінесе шілік және ылғалды жерлерде кездеседі. Топырақты көп талғамайды,ылғалды жерді,күн сәулесін сүйеді,суыққа шыдамды. Қайың 150 жылдай тіршілік етеді. Сүрегі өте пайдалы. Жапырағы мен бүрінен дәрі дайындалады.Көктерек-биіктігі 35 метр,диаметрі 1 метрге дейін баратын ағаш. Өзен алқаптары мен ормандарда кездеседі. Тамыры өте жақсы өрбиді. Тез өседі. 15-20 жылдық діңінің биіктігі 10-15 метрге жетеді. 80-100 жасқа жеткенде шіріп,құлай бастайды. Сүйегі жеңіл,жұмсақ,сондықтан да көктеректің сүйегі қағаз өнеркісібінде және жасанды жібек алу үшін қолданылады.
Науырзым қорығындағы жоғары өсімдіктер (мүк пен қынадан басқа) әлемінде 687 түр бар. Олар 301 текке соның ішінде 75 тұқымдастарға бөлінеді. Науырзым қорығы құрғақ дала (селеу - бетегелі дала) аймағында орналасқан. Топырақтың механикалық құрамының әртүрлілігіне байланысты шағын аймақта айқындау қауымдастығын байқауға болады, дала өсімдіктері бірнеше формацияларға жатады. Дала қауымдастығының түрлері үстіртпен батыстағы және шығыс учаскелердегі орынға ие болады, оның бөктері Торғай жырасының жазық баурайларындағы терраса борттармен ұштасып жатыр.
Ақ селеу формациясы - бөктерлерде және батыс платосы учаскесінің қонырқай-сарғыш ауыр- сазды карбонатты топырақтарымен кең таралған. Бұл Евразияның батыс бөлігіндегі далалық аймақтарындағы бірден-бір мінезді формациясы (Карамышев и Рачковская, 1973), қорық аумағындағы өсімдік даласының ксерофильді формациясы болып табылады. Өсімдіктің жобалау жабыны 70-80 %, шабындықтың орташа биіктігі - 20 см, түрлік құрамы өте нашар (16-20 түрі 100 м²).
Қызылжусанды формация - батыс және шығыс бөктерлеріндегі құмай топырақты немесе жеңілсазды алаңды алып жатыр, Торғай қойнауындағы бұтақты жерлерде жеке көрініс табады (Воронов, 1954). Формацияның жеке құрамына кіретін, ассоциациялық құрам түрі едәуір әр түрлі; 100 м 2 алаңдарда 30 дан 50ге дейін дала өсімдіктерінің түрлері және шалғын - далалық түрлері саналады. Жоболық жабыны 60-90%.
Құмды жусанды формация - топырақтары жеңіл механикалық құрамының бөктерлерінде және Торғай қойнауының терассаларында бейімделген, (Тірсек) батыс платосының террасалық ойығында жеке көрініс болып кездеседі. Бұл дала өсімдіктер формациясы қорық аумағында жақсы сақталып және кеңге таралған. Жоболық жабыны 40-60%, өлі жабыны жақсы көрсетілген, түрдің қанықтығы 40-46 түрі 100 м² құрайды.
Тырса формациясы - жеке көрініс түрінде топырақтың жеңіл механикалық құрамы болып, өсімдік жабындарының бұзылуымен сыналған участкелерде кездеседі (бұрынғы мал баққан орындар, қыстаулар, жолдар және өртке қарсы жасалған белдіктер).
Бетегелі формациясы - Торғай қойнауының түбіндегі кешенді өсімдіктер құрамындағы жеке көрініс ретінде кездеседі. Жалпы жобалық жабыны 50-70%, 100 м² 10- нан 25 түрге дейін келеді.
Көктем мезгілінде дала өте сұлу. Сәуірдің аяғында гүлдейтін құндызшөп көп жердерде түк кілемге ұқсас, орман шалғындарында ашық-сары түсті жанаргүл , ал сазды жерлерде жатаған және қосгүлді қызғалдақтар гүлдейді. Мамыр басында керемет Шренк қызғалдағы пайда болады, ойпаттарда нәзік-қызғыл түсті дала бадамы, құртқашаш гүл ашады. Айдың айғында көктеген қау шашақтарының қүмістей түсі дамылсыз толқыған көлдің суретін елестетеді.
Маусым айында қауырсынды құс бетегенің, дала атқонағының, жабайы айлауықтың, таспалардың, түйнекті әремнің гүлденген дәнділердің бояу аспектісі түрлі түсті болады.
Науырзым қорығы Қазақстандағы экожүйедегі эталонды құрғақдалалық участкесінің көрнектілігін сақтайтын жалғыз мекен. Орал-Торғай аймағының экожүйесі қайталанбайтын, Еуразия далалық аймағының басқа жерлерінде кездеспейтін теңдесі жоқ ерекше флоралық композиция.
Шренка қыздалдағы Ресей және Украинаның оңтүстік аймағында, Кавказда, Қырымнан Шығыс Сібірге дейін және Қазақстанның солтүстік аудандарында көптеп тараған. Зерттеу аймағы: барлық шалғынды аймақтарда, әсіресе селеулі далаларда, топырақты сазды және сортаң жерлерде белгіленген.
Қаттыжапырақты шисабақ - Қазақстаннан тысқары Орталық Поволжье және оңтүстік Оралда кездеседі. Қазақстанда Жалпы Сыртының және Оралдың тау сілімдерінде кең тараған. Науырзым қорығында дәнді-алуан шөпті топтама Ескі Науырзым кардонынан солтүстіктегі 3 км тұзды жиекте табылған. (Заугольникова, Воронова, Пугачев, 1975).Тасты даладағы қырат бөктерлерінде өседі.
Мұғалжар ақжапырағы - өте сирек кездесетін, Қазақстанның эндем түрі. Ақтөбе облысы (Мұғалжар), Қостанай облысындағы Науырзым қорығының селеулі-бетегелі даласында Торғай қыратының бөктерлі етегінде кездеседі. (Заугольникова, Воронов, Пугачев, 1975). Ұсақ тасты топырақты далада өседі. Маусым, шілде айларында гүлдеп, тамызда тұқым шашады.
Қауырсынды бетеге - сирек кездесетін, ал Науырзым қорығында эндем түр болып есептеледі. Орталық Европаның (Швецияның оңтүстігінен солтүстігіне дейін, шығыс Францияның солтүстігінен батысына дейін жетеді), шыығыс Европаның (орманды дала және Ресей мен Украинаның далалық аймағы), Жер орта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, Сібір, шығыс Сібір (Даурия, Селенги бассейні ), Оңтүстік Қазақстан) аймақтарында тараған. Қазақстанның далалық аймағында кездеседі. Наурырзым қорығындағы далалық құмды топырақта және қарағайлы селдір тоғайларда кездеседі. Саздақ топырақты шалғынды далада, құрғақ жерлерде, құмды топырақта, қайыңдар және қарағайлы селдір тоғайларда өседі.
Таспа қау - таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр. Орталық Европада, Шығыс Европада (орманды-дала және далалы аймақ Ресей және Украинада), Жерорта теңізі (Италия, Балкан), Кавказ, кіші Азия, солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің оңтүстігінде кеңінен тараған. Біздің өңірде Қазақстанның далалық аймағының оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ал, Науырзым қорығының оңтүстік бөлігінен табуға болады. Шалғынды далаларда, орманды алаңдарда, бұталар арасында, тау белдеулерінен тасты бөктерлерге дейін өседі.
Волж Адонисі - Қорықтағы эндем сирек кездесетін түр. Ресейдің Европалық бөлігінде, солтүстік Кавказда, Қырымда және солтүстік Қазақстанда, оңтүстік Сібірде таралған. Алтайда және солтүстік Қазақстанда кездеседі. Далаларда, шалғындарда, шоқтылардың баурайларында, орман шеттерінде өседі.
Биберштейн қызғалдағы - Науырзым қорығында эндем түр болым есептеледі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстан аймағында таралған. Қазақстанның - шығыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz