Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару



1.КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мемлекеттік салық қызметі;
2.2. Қазақстан Республикасының Салық Комитеті;
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің салық комитеті;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
Жалпы барлық мемлекеттік мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының өсуі салық қызметі жмысының сапалылығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен ортақтасуы қажет.
Мемлекеттің салықтық қызметі Қазақстан Республикасының салык жүйесі аукымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салыктық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салыктык міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жүмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ак олардың балансты болуын) қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.
1. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы».Салық Кодексі, 1 қаңтар 2004ж.
2. А.Д. Байдүйсенов. «Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер»
Қаржы-қаражат, 2003ж №4.
3. Ы. Дулатов. «Мемлекеттің салық саясаты». Заң газеті 2001 жыл 3
қараша.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович

Алматы 2017ж.

МАЗМҰНЫ:
1.КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мемлекеттік салық қызметі;
2.2. Қазақстан Республикасының Салық Комитеті;
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің салық комитеті;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
Жалпы барлық мемлекеттік мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының өсуі салық қызметі жмысының сапалылығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен ортақтасуы қажет.
Мемлекеттің салықтық қызметі Қазақстан Республикасының салык жүйесі аукымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салыктық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салыктык міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жүмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ак олардың балансты болуын) қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.
Салықтар мемлекеттік кірістін. (бюджеттін.) ең мол түсім көздері болғандыктан олар қандай болмасын мемлекетгің өсіп-еркендеуінің материалдык негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет максатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту аркылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте мемлекеттік салықтық кызмет аясы қоғамнын, әлеуметтік-экономикалык инфракұрылымын кұруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттің салықтык қызметі:
1) Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен езге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салык, жүйесі мен салықтык кұрылымдарды калыптастыру және олардын тиісінше жүмыс істеулерін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалык аясын салықтық реттеу женіндегі мемлекеттін, біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының кызметі ретінде;
2) барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару сондай-ақ занда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-кимыддары мағынасында сипатталады.
Салықтық кызмет өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық катынастардың жүйесінен тұрады. ЖоғарыдаІ айтқандай, мемлекет тиісті зандар мен баска нормативтік-кұкықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жургізеді.

2.1. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ;
Қазақстан Республикасындағы салық салу айқындылығы нақтылы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттемелердің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамалық актілерде белгілеу мүм- кіндігін білдіреді.
Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі өзінің құрылу және жұмыс істеу негізіндегі экономикалық-құқықтық принциптерінде көзделген әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарға орай салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мем- лекеттік бюджет шығысының әлеуметтік бағдарына байланысты бөледі. Осындай мән-жайлар тұрғысынан салық жүйесіндегі іс-қимылдарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, орталықта және жергілікті аумақтарда жүргізілетін салықтық әкімшілендірудің негізгі бағыттары, республикалық және жергілікті фисқалдық мүдделерді нақтыландыруға қажетті ақпараттар базасы, мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарын тендестірудің кешенді принциптері айқындалады.
Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Мемлекеттің салық саясаты салық жүйесінің салықтық механизмі арқылы іске асырылады. Салықтық механизмді қалыптастыру барысында заңды және жеке тұлғалар салықтарының аралық қатынасы, салықтық міндеттемелердің туындауын негіздейтін өндіріс пен үй шаруашылығының базистік көрсеткіштері және әрбір базистік көрсеткіштен алынатын салықтың ставкалары сияқты басты мәселелер шешіледі.
Мемлекеттің салықтық қызметі Қазақстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән-жайларды (салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген заңды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фисқалдық және реттеуші функциялардың өзара іс- әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын) қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызмегі болып табылады.
Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп- өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық кызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттін қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфра құрылымын құруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттін салықтық қызметі:
1) Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніңдегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;
2) барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ заңда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына бай- ланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніңдегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаттары:
1) салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін ұтымды белгілеу;
2) салықтардың көмегімен республикалық бюджет кірісіне ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік-эконмикалық, әкімшілік-саяси және мәдени дамудың мемлекеттік бағдарла- маларын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
3) мемлекеттің салық жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
4) өндіріс аясын және өндірістік қатынастарды тиісінше салықтық-құқықтық реттеуді камтамасыз ету;
5) шаруашылық субъектілерінің халық тұтынатын тауарларды шығаруға және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді экономикалық қызметтерін салықтық ынталандыру;
6) салық органдары қызметтерінің рентабельділігін арттыру, құқықтық негіздерін, әлеуметтік жағдайлары мен материалдық базасын жетілдіру түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздеріне салықтық қызметтің жалпы бастамаларын, принциптерін, міндеттері мен мақсатын, салықтар мен салық жүйесінің құрылымын, салық салу процесіндегі фисқалдық және реттеуші функциялардың балансты жұмыс істеуін, сондай-ақ салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормалар жатады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салықтардың эконмикалық мән-жайын білдіретін фисқалдық, қайта бөлу, бақылау және реттеуші функциялары да өз рөлдерін атқарады.
Мемлекет атынан жүзеге асырылатын салықтық (салықтық - бюджеттік) қызметтек құқықтық негіздерге сүйене отырып ат- қарылады. Салықтық қызметтің құқықтық негіздеріне, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы қаржылық, салықтық заңнама мен басқада нормативтік құқықтық актілер жатады.
Сапықтық қызметті жүзеге асыру барысында салық органдары алған: салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы; жекетұлғаларды қоспағанда, салық жылында салық төлеуші бюджетке төлеген салық және басқа да міндетті төлемдер сомалары туралы; салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына, салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға берілетін; Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдарының арасында өзара ынтымактастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға ұсынылатын мәліметтерден басқа, салық төлеуші туралы кез келген мәліметтер салық кұпиясы болып табылады.
Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды. Заңда көзделген жағдайларды есептемегенде, салық органдары мен олардың лауазымды адамдары салық құпиясын жарияламауға тиіс.
Салық органдарының лауазымды адамдарының салық органдарыңдағы қызметі кезеңінде де, өзі жұмыстан босағаннан кейін де салық құпиясы болып табылатын деректерді жариялауға құқығы жоқ.
Салық органдары бюджетке түсетін түсімдерді есепке алуды, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын салық төлеушінің жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
:: Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есептеу бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.
Жеке шоттарды жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне кою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, сондай-ақ олар өкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалып, қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін Салық кодексінің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органыңа беріледі.
Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуге - салық төлеуші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу жатады.
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі - тұлғаны салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай нөмір болып табылады.
Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде - салықтар мен бюджетке төленегін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылау мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпарат
Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару. Салық комитетінің құқықтық мәртебесі. Салық органдар қызметкерілірінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі туралы
Қазақстандағы инновациялық қызмет
Мемлекеттің қаржылық қызметінің түсінігі
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері, мемлекеттің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктері және мемлекеттің осы саладағы саясатының бағыттары
Мемлекеттің салықтық құрылысы
Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің салықтық қызмет
Пәндер