Салықтың түрлері және жіктелуі. Заңды тұлғаларға салынатың салық



1.КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Салық оның түрлері және түсінігі;
2.2. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер;
2.3. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады. Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпіз.
Мемлекеттік билік барлық уақытта өз құрамын құрайтын құралдарға мұқтаж болды, алайда оны өзіне тарту тәсілдері халық дамуының деңгейіне және жағдайына байланысты ауысып отыр.
Бірақ, салықтың нағыз дамуының қайна көзі – еркін қалалар, яғни алғашқы буржуаздық мемлекеттер болды. Дәл сол уақытта салық жүйесінің негізгі пішімі қалыптаса бастады, ол: халыққа қажетті жеке меншік принципіне шек қою түріндегі салық, салықтың өзеріктілігі, ақша түріндегі салық және салықты төлеу үшін мүлікті тартып алуға тиым салынуы, жиналған құралдарға немесе қорларды бөлудегі мемлекеттік бақылау.
Қаржының екі негізгі бернесі де (функциясы) осы еркін қалаларда қалыптасты:
1. Мемлекеттік билікті, оның барлық құрамдас атрибуттарымен: басқару аппаратымен, сот, полиция, әскер және тағы басқа жүйелерімен қамтамасыз ету;
2. жалпы мемлекеттік шаруашылық қажеттіліктерді қаржыландыру (коммуналдық шаруашылық, жолдар, байланыс құралдары, одан кейін энергетика, орталық банк, білім, денсаулық сақтандыру жүйесі және тағы басқалары).
Жаңа стратегияның даму барысында әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада оларға үшінші берне қосылды – табысты орнықтыру, міндетті салымдардың арқасында пайда болған бернелерінің құрылуы және кәсіпорын жүйесінің күштілігі әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырумен көрінеді.
Осылайша, қазіргі кездегі салық жүйесі – ол демократиялық қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты қолданудың негізгі принципі айқындалады – қоғамның дамуына және оның мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен, тура осындай әдістеме Тәуелсіз Қазақстанның орнау жотасында осы жылдары өзінің 15 жылдығын тойлап отыр.
Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерекелік жиынында айтқандай: «Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына өз үлесін қосты».
1. ҚР кодексі: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. // Бухгалтер бюлетені, 2001 ж, 29 шілде, №27,1-139б.;
2. Байдусенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелері: салық жүйесі // Қаржы – қаражат, 2001ж №4, 32-36б.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Салықтың түрлері және жіктелуі. Заңды тұлғаларға салынатың салық

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович

Алматы 2017ж.

МАЗМҰНЫ:
1.КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Салық оның түрлері және түсінігі;
2.2. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер;
2.3. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады. Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі - жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр - танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпіз.
Мемлекеттік билік барлық уақытта өз құрамын құрайтын құралдарға мұқтаж болды, алайда оны өзіне тарту тәсілдері халық дамуының деңгейіне және жағдайына байланысты ауысып отыр.
Бірақ, салықтың нағыз дамуының қайна көзі - еркін қалалар, яғни алғашқы буржуаздық мемлекеттер болды. Дәл сол уақытта салық жүйесінің негізгі пішімі қалыптаса бастады, ол: халыққа қажетті жеке меншік принципіне шек қою түріндегі салық, салықтың өзеріктілігі, ақша түріндегі салық және салықты төлеу үшін мүлікті тартып алуға тиым салынуы, жиналған құралдарға немесе қорларды бөлудегі мемлекеттік бақылау.
Қаржының екі негізгі бернесі де (функциясы) осы еркін қалаларда қалыптасты:
1. Мемлекеттік билікті, оның барлық құрамдас атрибуттарымен: басқару аппаратымен, сот, полиция, әскер және тағы басқа жүйелерімен қамтамасыз ету;
2. жалпы мемлекеттік шаруашылық қажеттіліктерді қаржыландыру (коммуналдық шаруашылық, жолдар, байланыс құралдары, одан кейін энергетика, орталық банк, білім, денсаулық сақтандыру жүйесі және тағы басқалары).
Жаңа стратегияның даму барысында әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада оларға үшінші берне қосылды - табысты орнықтыру, міндетті салымдардың арқасында пайда болған бернелерінің құрылуы және кәсіпорын жүйесінің күштілігі әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырумен көрінеді.
Осылайша, қазіргі кездегі салық жүйесі - ол демократиялық қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты қолданудың негізгі принципі айқындалады - қоғамның дамуына және оның мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен, тура осындай әдістеме Тәуелсіз Қазақстанның орнау жотасында осы жылдары өзінің 15 жылдығын тойлап отыр.
Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерекелік жиынында айтқандай: Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына өз үлесін қосты.
Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші жылында-ақ, 1991 жылы, салыққа байланысты жаңа Заң қабылдады. 1995 жылы көп жағдайда нарықтық экономика сұранысының дамуына жауап беретін жаңа Заң қабылданды - Салық Кодексі. Бұл заңды Қазақстан экономикасының өсуіне соңғы 3 жылда елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады, себебі ол объективті экономика заідарында құрылды, әлемдік экономика ғылымдарының классиктерімен осы тұжырымдаулар дәлелденген, мысалы Адам Смит.
А.Смитпен шығарылған шарттар мен тезистер салық салудағы сұрақтарында, өзінің күшін қазіргі уақыттағы мемлекеттік политикада ең маңызды, сұрақтарды туғызып отыр. Сайлау қарсаңындағы саяси партия бағдарламаларында және ереуіл қозғалыстарында салық реформалары елеулі орын алып отыр. Қазіргі кездегі Қазақстанда салық - мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге, едәуір дәрежеде 2002 жылы қаңтардың 1 жұлдызында өз күшіне енген жаңа Салық туралы Заң кқмектеседі.
Дүниежүзілік және меншікті еліктеуге тұрарлық тәжірибе салық проблемаларын шешуге, оны ұйымдастыруға және жүргізуге теңдестіру салық саясаты, экономиканы өрістетуге және қоғамның дәулеттігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Сол себепті, оны зерттеу айрықша қызық және Қазақстан Республикасындағы осы күнгі саясат пен экономикалық ахуалды зерттеуде өте құнды болып табылады.

2.1. Салық оның түрлері және түсінігі
Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.
Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші - заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік
(жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.).
Табыс көзі - есебін салық төленетін табыс.
Салық ставкасы - салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.
Прапорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогресивтік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкас өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік - табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:
Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;
Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;
Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;
Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау;
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.
Бұған кіретіндер:
1. Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетін артырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.
2. Салық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).
Салық көзі - бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.
Салық мөлшері - салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.
Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады ( мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.
Жанама салқтардың негізгі түрлері:
Үстеме құнға салынған салы акциздер ( тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).
Мұрагерлік салық.
Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірбиесіне сүйенсек салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізінен табыс салығы адамдардың және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогресивтік салық салу және үстем құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс деп және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивдуалдық табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын салым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады. Бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалынады. Түпкі есеп салықтың бір түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдің салық жүйелерінің орталық ұқсастықтары болады, сонымен бірге салық жүйелерінің көбіне серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне түседі деп есептелетіндіктен табыс салығы серіктестікке, оның мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасының төменде тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша әділетті салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогресивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.
Көп елдерде бұл тікелей прогресивтік салық болып табылады. Осы салық копарация (фирма) заңды тұлға болса ғана алынады.
Копаративтік салық фирмалардың салық төлемдерінің басым көбін құрайды.Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндарды алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивидент түрінде акционерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елдер әр түрлі жүреді.Алынған дивиденттер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады. Бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша акционерлердің табысына айналған бөлінетін пайда деп оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдерінің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі қосылған құнға салынатын салық Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн салық төлеушілеріне олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыларға жылжып отыратын тауарлардың бағасына қосады.
Қосымша құн салығы тауарлармен қызметтер сататын фирмаларға салынатын тауар құнының 5%-дан 38% көлемінде салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды және кәсіпкерлікті қолда ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады, олардың маңыздысына инвистициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады.
Мән жағынан инвистициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвистициялық салық немесе салық енгізуді талап етеді.
Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.
Жеңілдетілген амортизацияның мәніне келсек, ол мынада. Негізгі капиталдың нарықты тозуынан елеулі артық масштабқа амортизация жасауға үкімет рұқсат береді.
Мән жағынан қарағанда бұл кәсәпкерлерге берлген салық салынатын пайданың сомасын азайтады. Негізгі капиталдың айналымын жеделдетеді.
Қазақстанда салық республикалық және жергілікті деп екі топқа бөлінеді:
Республикалық - бұл міндетті. Төлем сомасы тең үлесі республикалық бюджетке және салық төлеуші қала немесе аудан бюджетіне түседі.
Жергілікті - салықтың мөлшері жергілікті үкіметтің шешімінен анықталады.
2.2. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер.
Мемлекеттің қандай да болмасын салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады.
Біріншісі - фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата оймайды, себебі кез келген мемелекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің мейлін мелекеттің немесе кәсіпкердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Бәрімізге белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтінің жақтарын байқауға болады. Негізінен салықтардың реттеушілік ролі мынандай шарттарға жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық элементтері және салықтың жіктелуі
Меншік туралы салық
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Салық жүйесін ұйымдастыру
Салық қызметі
Корпорациялық табыс салығы туралы
«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( syllabus)
Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер
Пәндер