Салық өндірісін жүргізу, салықтық рәсімдер жән салық саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Салық өндірісін жүргізу, салықтық рәсімдер жән салық саясаты
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович
Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Салық өндірісін жүргізу, салықтық рәсімдер жән салық саясаты;
2. 2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі элементтерінің
бірі салық саясаты болып табылады. Салық саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік бюджеттің шығындар бөлігінің көлемін және қүрылымын анықтайды, салықтарды, олардың ставкаларын, жеңілдіктерді нақтылайды және белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, тиімсіздерін алып тастайды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді.
Мемлекет тиімді салық саясатын жүргізбей әрекет ете алмайды Қазақастан Республикасында тиімді салық саясатының дамуы мемлекетіміздің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан, мемлекет өз бюджетін барынша көп толтыруға тырысады.
Мемлекеттің салық саясатын жүргізуге қатысуы салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық базасы сияқты салық қүралдары көмегімен жүзеге асады. Мемлекет жүргізген салық саясатының нәтижелеріне экономикалық саясатқа қандай өзгерістер енгізу қажеттілігі тәуелді болады.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты түбегейлі нарықтық өзгерістердің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Күнен күнге салық саясаты мәселелері айқын көрінерліктей саяси әлеуметтік сипатқа ие. Осы салық саясаты мәселелерін өз уақытында және дүрыс шешу саяси түрақтылықтың сақталуына, мемелекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің тереңдей түсуіне әсер етеді.
Салық саясатына республика халқының әл-ауқатын көтеру перспективасы, өтпелі кезең қиындықтарымен байланысты қандай
да бір жағдайларды болдырмау жағдайын қалыптастыру байланысты болады. Осы айтылғандардың барлығы салық саясатының қазіргі танда да, бүрын да актуалды екенін ку әл андырады.
Салық саясатының мақсаты мемлекеттік кіріс бөлігін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатын жетілдіру бағыттарына жататындар:
- салық кодексін әділділік, тұрақтылық. жасау.
- Республикада салық саясаты қоғамның экономикалық дамудеңгейіне және онда қалыптасатын экономикалық қатынастарсипатына. Елдің даму стратегиясына сай келу.
- салық саясатының негізгі міндеттері, яғни инфляциямен жәнеөндіріс құлдырауымен күресу .
- негізі салық жүйесінің реттеушілік қызметінің басымдылығыболуы. Жаңа салық жүйесі және оны жүзеге асыру механизмісалық саясатын білдіруі, тиіс.
- жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді теңестірудіқамтамасыз етуі тиіс. Жаңа салық саясатын жүзеге асырудыңнегізгі құралы отандық өндірісті, отандық тұтынушыларды жан-жақты қолдау, өндіріс көлемін арттыруды ынталандыру, Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімінің бәсеке қабілеттілігінкөтеруі тиіс.
Салық саясатының негізгі міндеттері нарықтық экономиканың әлеуметтік зияндылығын жеңу болып табылады.
2. 1. Салық өндірісін жүргізу, салықтық рәсімдер жән салық саясаты
Салық саясаты - билік және басқару органдарының ғылыми негізделген және экономикалық негізделген тактикалық және стратегиялық құқықтық әрекеттерінің жиынтығы ретінде ұдайы өндіріс қажеттіліктерін және қоғамдық байлықты қамтамасыз етеді. Салық саясатын жүргізгенде бастапқы қондырма болып тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету ғана емес, сонымен қатар салық салу әсерімен қалыптасқан шаруашылық экономикалық қатынасты жан-жақты бағалау саналады. Осыған байланысты салық саясатын салықтық зандарда жазылғандарды орындау ғана емес, оны жетілдіру деп түсінеміз.
Салық саясатының міндеттеріне төмендегілер жатады:
- мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- салалық және аймақтық шеңберде экономиканы реттеу үшінжағдай жасау;
- халық табыстары деңгейінде теңсіздікті реттеу;
- экономикалық заңдарға сөйкестілік;
- нарықтық реформалар мен жеделдетуге ықпал ететін шешімдердісалықтық қолдау;
- салық салу базасын және қаржылық ресурстар құрамын, құрылымын, жүмылдыру көздерін өсудің мүмкін резервтерінанықтау;
- қаржылық ресурстар көлемі белгіленеді, мемлекет пеншаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарыарасындағы оңтайлы және тендестірілген ;
- экономиканы қайта құрылымдау әдістерін ынталандыру онысауықтыру, тұрақтандырудың басымды бағытына сәйкес
нормативтік актілер нысанында мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырудың салық механизмін жасау.
Салықтар - бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде алынатын қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Салықтардың бірінші функциясы - фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауар-ақщалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.
Салықтардың екінші маңызды функциясы - қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді.
Салықтардың үшінші функциясы - реттеушілік. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Реттеушілік функциясы салық механизмі арқылы іске асырылады. Осы функциясымен реттеуші тұтқалар арқылы ел экономикасына ықпал жасалады. Реттеуші тұтқаларға мыналар жатады:
- салық түрлері;
- салық преференциялары;
- салық санкциясы;
- салық мөлшерлемесі;
- салық салу әдістері.
Сонымен бірге бүл тұжырымдаманы жалпылама колдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т. б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде кандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.
Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қа-жетті шығыстардан төленетін салық пен ең кажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бүл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.
Салықты уақытысында төлеу міндет болып саналады. Себебі уақытысында төленген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады. Сонымен қатар уақытылы және толық төленген салық арқылы өз уақытысында зейнетақының, әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, студенттердің жәрдемақыларын алатынын ескеруіміз қажет.
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зом-былықты жоқ етті, бұл үдеріске регламенттеуді енгізді және А. Смитке «…салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың ны-шаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды:
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) «деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыс-тарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді;
ә) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді колдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы- алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, қызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашқақтау қажет. Әлеуметтік саясатты, денсаулық пен мәдениетті дамытуды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды салықтардың мөлшерлемелерімен айла-шарғы жасау жолымен алуға болмайды. Салық төлеушілердің жекелеген топтары тарапынан қысымға саяси билік берілмеуі тиіс. Бұл қағидат сондай-ақ рыноктық экономика тұрғысынан да маңызды. Нағыз бағаларсыз рынок болмайды. Беталды салықтық жеңілдіктер бағалар жүйесінде көрінеді және әрбір өнімнің нақтылы бағасы туралы анық түсінік бермейді.
5. Салық салудың экономикалық қолайлылығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады. Салық заңнамасының ережелері осы ҚР-ның Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
Салық салу міндеттілігісалық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетті толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындау міндеттілігін айқындайды. Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндеттіболып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығысалық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін салық заңнамасында белгілеуді білдіреді.
Салық салудың әділдігі принципі:
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғайболып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерресми басылымдарда міндетті түрде жариялануғажатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуыболып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, арнаулы қорларға төленетін жарналар мен аударымдар, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнынан, пайдадан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелетін бюджеттен тыс қорлар жатады.
Салық жүйесінің біртұтастығы принципі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі еліміздің бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады
2. 2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтық жүйе - қазіргі кездегі салықтардың ставкасы, төлеушілері, салық салу объектілері тәртібі, шарты, төлем мерзімі, есептелу әдістемесі, сонымен қатар әкімшілік жағдайлардың заңды белгіленген тізімі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz