Байланыс жүйелері


Жоспары.

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

  1. Байланыс жүйелерінің классификациясы.
  2. Байланыс жүйелеріндегі сигналдарының берілу жолдары.
  3. Екі жақты байланыс.
  4. Байланыс жүйесіндегі коммутациялық құрылғылар.
  5. Көп ретті координатты желілер.
  6. АТС жүйесіндегі жаңа коммутациялық элементтер.
  7. Байланысты қамтамасыз етуші кабельдердің түрлері.

2. Есептеу және өлшеу бөлімі.

2. 1 Асимметрияны өлшеу.

2. 2 Желілердің ақаулықтарының ұзындығын өлшеу және есептеу әдісі.

2. 3 Үзілген кабельдердің орнын анықтау және сиымдылығын есептеу.

2. 4 Сигналдарды өлшеудің импульсті әдісі.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Байланыс- информацияның қашықтыққа таралу үрдісі. Байланыстың қарапайым түрлері ерте заманнан келе жатыр. Мысалы ерте заманда адамдар бір біріне табиғи құбылыстар арқылы сигнал беріп отырған. 19 ғасырдың ортасына дейін энергиясын күннен алатын оптикалық аппараттар байланыс жүргізү үшін қолданылған. 1876 жылы Америка ғалымы Г. Беллом дүниежүзіндегі алғашқы электромагнитті, стерженді байланыс құралы микрофонды ойлап тапты. Қазіргі кездегі микрофондардың құрылымы еш өзгермеген ал 1885 жылы совет ғалымы П. М. Голубитский осы микрофондар негізінде телефондық аппараттар жасап, орталық байланыс жүйесін қалыптастырды.

19 ғасырдың аяғы байланыс техникасындағы үлкен жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. 1895 жылғы 7-ші мамырдағы физика және химия ғалымдарының конференциясында орыс ғалымы А. С. Попов дүние жүзіндегі алғашқы радио қабылдағыштың макетін ұсынды. Поповтың осы Құрылғысының көмегімен телеграфия және телефониядағы баәйланысты кез-келген жерге байланыс желісіз, яғни кабельдерсіз жеткізу мүмкін болды. Қазіргі күндері жер шарынан бірнеше мың қашықтықтағы ғарыш кемелерімен байланыс осы радио принципке байланысты. Біздің көрі еліміз Ресейде алғашқы телефондық станциялар 1880 жылы орнатылған. 2-ші Дүние Жүзілік Соғыс кезінде телефондық байланыс көптеген зияндар шегілді. Соғыстан кейін АТС- 47машинасы жасалып, телефондық байланыс жүйесінің жағдайы жақсартылды. Кез- келген информациялардың түрлерін тарату үшін Ортақ автоматтандырылған байланыс желісі ұйымдастырылады. Бұл жүйеге қарапайым телефондық аппараттардан бастап электрондық есептеуіш машиналарды қосуға болады.

Байланыс жүйесіндегі сигналдар екі түрлі жолмен берілуі мүмкін: кабелдік және спутниктік байланыс. Байланыс желісі негізінен екі немесе одан да көп обьектілердің арасында информация алмасуды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Байланыстың түрлері оларлың қолданылуы, оларды таратушы құралдар туралы осы жұмыстың келесі бөлімдерінде толығырақ айтылады.

1. Негізгі бөлім

  1. Байланыс жүйесінің классификациясы.

Байланыстың бірнеше түрі бар: қарапайым байланыс, электро байланыс, радио байланыс. Қарапайым байланыс деп- күнделікті адамдар арасындағы информация алмасу процесіен айтамыз. Бұл жерде информация таратушы мен қабылдаушы элементтер ретінде адамның мүшелері саналады, яғни құлақ, тіл, көз. Информация дегеніміз бір сөзбен айтқанда хабарлама таратушы сигналдар жиынтығы. Электро байланыс электр энергиясын өндіретін, тасмалдайтын және тарататын қондырғылардан тұратын ірі және күрделі құрылым болып табылады. Оған электр станциялары, қосалқы станциялары, электр желілерін жатқызуға болады. Электр байланыс дербес электр станциялардан немесе энергетикалық жүйелерден жүзеге асырылады. Бірақ энергетикалық жүйелерде электр энергиясының сапасы жоғары, яғни кернеуі мен жиілігі тұрақтандырылған, өзіндік құны төмен және кернеуі мен жиілігі тұрақтандырылған болғандықтан орталықтандырылған жабдықтау тиімді болып табылады. Электрмен орталықтан жабдықтау деп жұмыс режимдері тұтынушыларды электрмен жабдықтауды айтады. Энергетикалық жүйеге бірнеше аймақтың электр станциялары кіруі мүмкін. Электр станциясы деп электр энергиясын немесе жылу энергиясын өндіруге арналған кәсіпорынды айтады. Қосалқы станция деп электро энергиясын таратуға арналған қондырғылар жиынтығын айтады.

Электр сигналдарын тасмалдауға арналған құрылғыны электр желісі деп атайды. Жалпы алғанда электробайланыста электр сигналын алысқа тасмалдау әр түрлі электр желілерінен тұрады. Электроэнергиясын тарату радиялдық және магистралдық деп аталатын сұлбалар бойынша орындалады.

Егер электр қабылдағыштың әр қайсысы электр стансасынан немесе лаустансадан жеке электр желілері арқылы қоректендірілсе, онда мұндай электр тарату сұлбасын радиалдық сұлба деп атайды. Егер бірнеше электр қабылдағыш бір ортақ желіден қоректендірілсе, онда мұндай электр тарату сұлбасын магистралдық деп атайды.

Электр тораптары сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы электр торабы электр энергиясын электр стансасынан немесе лаустансадан кәсіпорынға, өндіріс орнына жеткізуге арналған. Ал ішкі электр торабы арқылы электр энергиясы кәсәпорынның, өндіріс орнының цехтарындағы қабылдағыштарда таратылады.

Электр желілері кернеулері бойынша 1000В- ке дейін- төмен воьтті және 1000В- тен жоғары- жоғары вольтті болып бөлінеді. Электр желілері ауада және жерасты арқылы тартылады. Ауада тартылған желілерді әуелік электр желілері деп атайды. Әуелік желілердің негізгі элементтеріне сымдар, оқшаулатқыштар, желілік арматура, тіректер және найзағайдан сақтайтын арқансымдар жатады. Желілік сымдарды әдетте аллюминимен оның қоспаларынан жасалады. Желілік сымдар оқшаулатқыштар арқылы тіректерге ілінеді. Тіректер ағаштан, бетоннан немесе металдан жасалып, аралық, бұрыштық, тармақтаушы, бір ілмелі, екі ілмелі деп аталады. Жерасты арқылы таратылатын желілерде әдетте кабель қолданылады. Кабель ток өткізгіш тарамдардан, оларды бір- бірінен оқшаулайтын әртүрлі оқшаулардан, қорғаныш қабықшадан және механикалық зақымданудан сақтайтын сауыттардан тұрады. Кабельдер әдетте бір, екі, үш және төрт тарамды, ал басқару және бақылау тізбектерінде қолданылатын кабельдер көп тарамды болады.

Радио байланыс екі немесе одан да көп абоненттер арасында информация алмастырады. Байланыс жүйесіндегі бұл байланыстың түрі екі түрге бөлінеді: коммутацияланатын және коммутацияланбайтын. Коммутациялық байланыс желісі деп абоненттің сұранысы арқылы берілетін информациялар тізбегін айтады. Коммутацияланбаған байланыс желісі деп абоненттер арасындағы тұрақты әрі үзіліссіз берілетін информацияны айтады. Телефондық желілер коммутацияланған байланыс жүйесі болып табылады. Телефондық желілер құрамына: коммутациялық құралдар, азаматтық ғимараттар, абоненттік құрылғылар аспаптары кіреді. Сонымен қатар қолданылуына қарай байланыс желілері бірінші және екінші ретті желілер болып бөлінеді. Бірінші ретті желілерге магистралды байланыс (кабельді, радиорелелі, спутникті) желілері жатады. Екінші ретті желілерге басқа байланыс желілердің барлығы жатады.

Телефондық желілер өз ішінде: қалалық, ауылдық, зоналық және қалааралық желілер болып бөлінеді.

Қалалық телефондық желі (ГТС) (Городская телефонная сеть) - қала және қалаға жақын аудандардың территориясындағы байланысты орнату үшін қызмет етеді.

Ауылдық телефондық желі (СТС) (Сельская телефонная сеть) - ауылдық аймақты байланыспен қамтамасыз етеді.

Ғимараттық телефондық желі (УТС) (Учрежденческая телефонная сеть) - белгілі бір кәсіпорынның, ұжымның ішкі байланысын қамтамасыз етеді.

Телефондық желілердің осы үш түрі «жергілікті телефондық желілер» деген ортақ атқа ие.

Зоналық телефордық желі (ЗТС) (Зоновая телефонная сеть) - Белгілі бір территорияның жеті таңбалы нөмірленген барлық абоненттерді өзара қосады. Мысалы бірнеше облыстардың телефондық желілері бір зонаға немесе бір облыстың телефондық желілері бірнеше зонаға бөлінуі мүмкін. Зоналық желіге бірнеше ауылдық телефондық желілер СТС, бірнеше қалалық телефорнық желілер ГТС кіруі мүмкін. Ауылдық телефондық желілердің территориялық аумағы қалалық телефондық желілірдің аумағына қарағанда ауқымдырақ. Бірақ СТС- тің тығыздығы ГТС- тің тығыздығына қарағанда мәні азырақ. Сондықтан ауылдық аймақтардағы АТС (Автоматты телефондық станция) сыйымдылығы қалалыққа қарағанда төменірек болады. Ауылдық аймақтың аудандық орталығында орталық телефондық станция орнатылған ЦС (Центральная станция) . Бұл станция осы ауылдық аймақтарды басқа қалалармен байланыстыру қызметін атқарады. 1- суретте зоналық және ауылдық телефондық желілердің құрылымдық схемасы көрсетілген.

Қалааралық телефондық желі (МТС) (Междугородная телефонная сеть) - Әртүрлі зонадағы абоненттерді байланыстыру қызметін атқарады.

1-сурет.

  1. Байланыс жүйелеріндегі сигналдардың берілу жолдары.

Байланыс жүйелерінде сигналдар бірнеше жолмен беріледі. Сигнал дегеніміз қандай да бір нәрсе туралы информация алу процессі. Қазігі күндері қарапайым сигналдармен қатар электр және радио сигналдарын қолданамыз. Қарапайым сигналдарға ешқандай құрылғысыз таралатын сигналдар жатады. Мысалы: сөйлесу, тыңдау, әңгіме айту, болып жатқан құбылыстарды тіккелей бақылау. Осы қарапайым сигналдарды белгілі бір электрлік құралдар арқылы электр сигналдарына айналдыруға болады. Қарапайым дыбысты микрофон арқылы электр сигналына айналдыруға болады. Айналада болып жатқан құбылысты бейнетаспа арқылы электр синалдарына айналдырады. Бұл жағдайда қарапайым сигналдың серпінді толқындары электрлік құралдардың көмегімен электромагниттік толқындар түрінде таралады. Электромагниттік толқындар деп электромагниттік тербелістердің кеңістікте жарық жылдамдығымен бірдей жылдамдықпен таралуын айтамыз. Ал электромагниттік тербелістер дегеніміз- ток күшінің, кернеудің, зарядтың периодты қозғалысы. Бір сөзбен айтқанда қазіргі таңда адам өмірін электрсигналдарысыз елестету мүмкін емес.

Ішкі жиілікпен сырқы жиілік сәйкес келгенде болатын құбылыс резонанс құбылысы деп аталады. Осы резонанс құбылысы радио техникада радиосигнал тарату үшін қолданылады. Мысалы, радио қабылдағыштан радио сигналдар алу үшін, оны белгілі бір күйге келтіреміз, яғни біз ондағы конденсатор сиымылығын және қабылдағыш контурының меншікті тербелісінің жиілігін өзгертеміз. Станциялар мен радиоқабылдағыштардың жиіліктері сәкес келгенде, резонанс пайда болады: радиоқабылдағыштағы ток максимумға жетіп, радиостнция сигналың қаттылығы ең үлкен мәнге жетеді. Осы кезде радиоқабылдағыштан қажетті сигналды аламыз. Бұл құбылыс антенна деп аталатын электромагнитті толқындар шығаратын айнымалы тогы бар өткізгіш арқылы жүзеге асырылады. Егер хабарлаушы антеннадан шамалы ара қашықтыта екінші өткізгішті қойса, онда оны қабылдаушы антенна деп айтуға болады. Қабылдаушы антеннаға жеткен электромагнитті толқындар мұдағы еркін электрондары қозғалысқа келтіреді, және онда хабарлаушы антеннадағы токтың жиілігіндей жиілікпен өзгеретін айнымалы ток пайда болады. Радио байланыстың жұмысы осы ақпараттарды электромагнитті толқындардың көмегімен тарату және қабылдау қасиетіне негізделеді. 2-суретте радиобайланыстың бір жақты сызбасы келтірілген. Хабарлаушы станция жоғары жиілікті электромагниттік тербелістер тудырады. Антеннаның көмегімен кеңістікке синалдар таратылады. Қабылдағыш радиостанция антеннадан синал қабылдайды .

2- сурет.

Радиобайланыстың бір жақты сызбасы.

Механикалық толқындарға қарағанда электромагниттік толқындардың айырмашылығыоның әртүрлі ортада ғана емес вакуумда да тарайтындығында. Электромагнитті толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде оның периоды, жиілігі өзгермей, тек қана жылдамдығы мен толқын ұзындығы өзгереді.

Телефондық байланыс екі жақты әңгімелесді қашықтықтан жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл байланыс мына режимге жұмыс атқарады: дыбыстық тербелістердің электр тогының тербелістеріне айналып қабылдаушыға жеткеннен кейін қайтадан дыбыстық тербеліске айналады. Мұндайтүрлендірулерді жүргізу ушін телефондық таратудың тракты қажет етіледі. Телефон байланыс трактының құрамына: түзеткіштер, телефондық аппараттар, байланыс каналдары және коммутациялық қондырғылар кіреді. 3-суретте телефондық байланыстың трактысының схемасы көрсетілген.

3-сурет.

1. 3. Екі жақты байланыс.

Қажет болған жадайда байланыс құрылғылары екі жақты байланыс үшін қолданылуы мүмкін. Осы мақсатпен байланыс құрылғысына абоненттік нөмір беріледі. Кез-келген екі телефондық аппараттар арасындағы қосылу (ТА) телефондық коммутациялық нүктеде- телефондық станцияда жүзеге асырылады. Екі аппараттың арасындағы байланыс, телефонистканың көмегімен іске асырылса, онда байланыс жеке басқару телефондық станциясында жүзеге асыралады. Мұндағы байланыс орнату құралын- телефондық коммутатор деп атайды. Екі аппарат арасындағы байланыс автоматикалық прибордың көмегімен орнатылса, онда байланыс автоматты телефондық станция арқылы орнатылады. Қоректену көзіне қарай телефондық станциялар жергілікті және орталық станцияларға бөлінеді

Қазіргі ғылыми прогрестің дамуы кезінде, екі жақты байланыс тек қана абоненттік телефондық аппаратттар, телефондық байланыспен ғана емес, спутниктік, радиобайланыстың көмегімен де жүзеге асып отыр. Мысалы күнделікті пайдаланылып жүрген ұялы телефондардың екі жақты байланысын алуға болады. Қазіргі таңда тіпті бұл байланыс бір мезгілде бір емес бірнеше байланыс орнатуды қамтамасыз етіп отыр. Бұл телефондардың жұмысы операциялық системаға негізделген. Осы системаада орнатылған арнайы программалар арқылы телефон байланысқа түседі. Құрамындағы микросхема жартылай өткізгішті материаалдардан жасалған. Осы микросхема телефонның операциялық жадысы болып табылады. Телефонда терілген команда спутниктік сигналдар, электромагниттік толқындар сияқты автоматтық есептеуііш машинасына, яғни компьтерлерге беріліп, машинада орнатылған программма бойынша ол бірден түскен сигналды түрлендіріп, екі немесе оданда көп абонентті бір-бірімен байланыстырады. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзілік байланысты ғаламтор басқарып отыр. Ғаламтор спутниктік байланыс арқылы ақылы негізде жер шарының кез-келген бұрышынан өзіңе қажетті информация алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары ғаламтордың адам өміріндегі байланыстың ең тиімді түрі болып отыр

1. 4. Байланыс жүйесіндегі коммутациялық элементтер.

Коммутатаордың құрылымы абоненттік приборлардан, шнурлы құрылғылардан және телефонстканың жұмыс орнынан тұрады. Абоненттік құралдарға коммутаторлы ұяшықтар, реле және сигналды лампалар кіреді. Шнурлы құрылғылар- бұл байланыстырушы аппарат деп айтуға болады. Осы шнурдың еөмегімен телефонист өзінің сөйлесу құралын шақырушы абоненттің желісіне қосады. Сөйлесу аяқталғаннан кейін оеленің көмегімен телефон аппараттары желіден босатылады. Ал, сигналдық лампалар шақырылушы абонентке сигнал келіп түскенін көрсетеді. Жұмыс орнының құрамына: телефонисттің сөйлесу құралы, қоңырау шақырушы құралдар, сигнализация шамдары және қосқыш пернелер кіреді.

Коммутациялық ұяшық. Коммутаторда кез-келген абоненттік желі ұящықпен аяқталады. Бұл ұяшық бір-бірінен изоляцияланған контактілі пружинадан тұрады. Контактілі пружиналар қоладан жасалады, ал контактінің өзі күмістен жасалған Штепсель және шнур.

Штепсель және шнур көмегімен сөйлесу аппараттары абоненттік желілерге қосылады. Бұл құрылғылар екі немесе үш сымды болад

Шақыру кілттері. Шақыру кілттері аты айтып тұрғандай шақырылушы абонентке сигнал жіберу үшін қолданылады. Шақырушы кілттер кез-келген шнурлы коммутатордың құрамында болады.

Сигналды шам. Шақырушы және жауап берілмеуші сигналдарды қабылдау үшін сигналды лампалар қолданылады. Сигналды шам ішінде вольфрам өткізгіші бар шыны баллонннан тұрады. Бұл шамдардың жұмыс ісиеу кернеуінің шамасы 12, 24, 48, 60 В болуы мүмкін

Зуммер. Зуммер абонентке жіьберілетін тұрақты токты айнымалы токка түрлендіру үшін қолданылатын құрылғы зуммер деп аталады.

1. 5. Көп ретті координатты желілер.

Көп ретті координатты желілер (МКС) негізгі коммутациялық механизм болып табылады. 10-сурет.

10-сурет. МКС-тің схемасы.

АТС координатының жүйесінде конструкциясы әр түрлі МКС-тер қолданылады. МКС-тің негізгі құрылымдық элементі ретінде вертикальды блоктар саналады. Бұл вертикальды блоктардың саны МКС-тің типіне байланысты. Вертикальды блок бірнеше контактілі пружиналы релелерден тұрады. Мұндағы контактілі пружиналардың вертикальды блогы МКС- тің контактілі өрісін түзеді. МКС-тің жұмыс істеу принципін түсіну үшін 11- суретті пайдалану қажет.

11- сурет. МКС-тің жұмыс істеу принципінің схемасы.

1. 6. АТС жүйесіндегі жаңа коммутациялық элементтер.

Соңғы жылдары бүкіл дүниежүзінде АТС жүйесінде жаңа элементтер қолданылуда, себебі байланыс техникасының дамуына байланысты, жаңа тиімді коммутациялық аппараттар орнату керек болды. Қазіргі жаңа жүйелі АТС-терді электромеханикалық, механикаэлектрлік, квазиэлектронды, электронды деп бірнеше түрге бөлуге болады. АТС-тің электромеханикалық жүйесі электромеханикалық коммутациялық элементтерден ( іздегіштерден, коп ретті координатты жалғағыштардан, электромагниттік релелер) тұрады. Электромеханикалық жүйелі комутация әлі де даму үстінде. Мысалы, АҚШ, Франция, Япония сияқты дамыған мемлекеттерде координаттық желілерді миниатюрланған түрлері қолданылады. Швецияда кодпен басқарылатын жаңа коммутациялық жүйе қолданылады. Германияда шапшаң қозғалатын реле қолданылады. Келесі суретте қосымша аппараттардың жұмыс істеу принципі көрсетілген.

12-сурет. Қосымша аппараттың жұмыс істтеу принципі.

Магнитоэлектрлік жүйелерде сөйлесу тракты электрмеханикалық коммутациялық элементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Механикаэлектрондық АТС- телефондық коммутациядағы дамыған кезең деп айтуға болады. Бірақ бұл жүйенің де кемшіліктері бар. Жұмыс атқару кезінде уақытты көп алады, ашық контактілердің болуы, электроэнергияны көп шығындауы, көлемінің өте үлкендігі, клииаттық жағдайларға байланысты болуы. Сондықтан қазіргі таңда магнитоэлектрлік жүйелер байланыс техникасында кеңінен қолданылмайды.

Квазиэлектронды жүйелердесөйлесу тактісі арнайы коммутациялық элементтердің көмегімен жүзеге асады. Бұл элементтердің параметрлері электронды элементтерге ұқсаса келеді. Мұндай коммутациялық элементтерге электромеханикалық герконды релені жатқызуға болады. Бұл құрылғының басқару жүйесі толығымен электрондалған. Электрнды жүйелерде элементтер контактісіз жасалған. Қазіргі күнде квази электронды және электронды жүйелер орталық басқару программасымен жұмыс істейді. Мұндай программалы басқару телефонды коммутацияның экономикалық жағынан тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде импульсты- кодты программа жиірек қолданылады. Бұл жүйе интегралдық желілерді коммутациялау үшін қолданылады. Бұл жүйеде информация екілік сандар, яғни кодтар арқылы таратылады. Соңғы жылдары телефондық желілердің сыйымдылығы артып келеді. Қазіргі кезде бір минуттың ішіндежеліде бірден бірнеше мың адам кез-келген байланыс түрі арқылы информация алмаса алады. Қазіргі тастатуралы аппараттар, құрылғылар байланыс желісінде болатын қателіктерді азайтып отыр.

13- суретте электрлік схеманың блогі көрсетілген.

13-сурет. Электрлік схема блогі.

Қазіргі таңда АТС-тердің бағасы төмендеп отыр, себебі басқарушы құрылғылардың жұыс істеу режимі шапшаңдалып отырғандықтан, бұл құрылғы жұмыс күшін аз қажет етеді. Себебі қазіргі цифорлық құрылғылардың құрамындағы элементтер микросхемаға алмастырылып отырғандықтан, АТС-тердің салмағы жеңілденіп, олармен жұмыс атқару толығымен автоматтандырылған .

Сонымен, қазіргі коммутациялық құрылғылар экономикалық жағынан тиімді, жұмыс істеу принципі сенімді, сыртқы күшті қажет етпейтін түрге келіп отыр. Сонымен кез-келген коммутациялық техника жаңа шығарылған коммутациялық элементтрінің көмегімен жұмыс атқарады. Қазіргі күндері ең тиімді элементтер ретінде герконды реле мен ферридтерді атап өтуге болады. Герконды реле электромеханикалық коммутациялық құралдарды шаң-тозаңнан сақтайды.

Феррид- бұл да коммутациялық элемент, негізінен бұл элемент магниттен жасалған. Бірақ герконды релеге қарағанда ферридтердің жұмыс атқару шапшаңдығы жоғарырақ, яғни тиімдірек.

  1. Байланысты қамтамасыз етуші кабельдердің конструкциясы.

Кабель сыртынан қорғағыш қабатпен қабталған изоляцияланған өткізгіш сымдардың жиынтығынан тұрады. Кабельдердің өткізгіш сымдары ретінде 0, 32; 0, 4; 0, 5; 0, 4; 0, 8; 1, 2 мм мыс сымнан тұрады. Бірақ мыс өткізгіштің орнына алюиний өткізгішті де қолдануға болады. Бірақ мұндай өткізгіш сымдардан тұратын кабельдер сапасы жағынан мыс өткізгішті кабельдерден тұрады. Ең қарапайым, яғни телефон кабельдері үшін полиэтиленді өте жұқа қағаз қабықша қолданылады. Кабельдің кейбір типтері үшін кордель деп аталатын жіптер қолданылады. Изоляцияланған материал ретінде полиэтиленді қағаз пайдаланылғпн кезде кабельде кейбір кемшіліктер болады: мұндай қағаздар суды, буды тез қабылдайды да изоляциялық материал өзінің қасиетін жоғалтады. Ал егер изоляцияланған материа пластмассадан тұратн болса, онда бұл жақсы изолятор болып табылады.

Кабельдердің көптеген маркалары белгілі. Әр кабельдің өзінің шартты белгіленуі болады. Бұл шартты белгілер бірнеше әріптер жиынтығынан тұрады. Бұл әріптердің өз мағынасы болады. Егер кабельдердің құрамындағы изоляцияланған сымдар жұп негізінде оралған болса, онда бұл кабельдің сыртқы қабатында-Т әрпі жазылады. Ал егер сымдар жұлдызша түрінде оралған болса -ТЗ - деп белгіленеді. Енер кабельдердің сыртқы қабаты қосымша материлиен қапталмаса, онда мұндай кабельдер жалаңаш кабельдер деп аталады да- Г-әріпімен белгіленеді. Сонымен кабельдің сыртқы қабатындағы әріптер сымдардың орналасуын сипаттайтын болса, кабель қабатындағы сандар кабельдің сыйымдылығын, сымдардың диаметрін, ондағы сымдардың саныны көрсетеді. Мысалы: ТГ=100Х2Х0, 5 деген шартты белгінің мағынасы: жұпты оралу, кабельдің сыртқы қосымша қабаты жоқ, сыйымдылығы 100 жұп, сымдардың диаметрі 0, 5 мм Екінші мысал: ТЗБ=7Х0, 8: кабель сымдары жұлдызша түрінде оралған, Б- сақтандырылған, сыйымдылығы 7 жұлдызшалы оралу, сымдардың диаметрі 0, 8 мм.

ТГ маркалы кабельдері мыс өткізгішті сымдардан жасалған. Мұндай кабельдер әр түрлі сыйымдылықты болып жасалады. Мұндай маркалы кабельдердің ең көп сыйымдылығы ТГ-1200 жұпқа тең. Мұндай кабельдердің сымдарының артық саны болады, егер сымдар жарамсыз болып қалған жағдайда қолдану үшін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі
Жылжымалы радиобайланыс жүйелері
Байланыс желілеріндегі сигнал беру жүйелері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗДЕРІ туралы
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
Радиобайланыс регламенті
Спутниктік байланыс
Радиобайланыс регламенті Радио байланыс түсінігі және тарихы
Радиорелелік байланыс жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz