Жер-су қатынастарын реттеу



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Су қатынастарын құқықтық реттеу;
2.2. Суды пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
2.3. Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу негіздері;
2.4. Суды құқықтық қорғау;
2.5. Су заңдарын бұзған үшін жауапкершілік;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сулар дегеніміз – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері – су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.
Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:
- су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
- су қатынастарын реттеу;
- тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;
- су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;
- су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.
Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады.
1.Қазақстан Республикасының су кодексі. 9.06.2003 ж.
2.«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысы
3.«Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрі жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 6.02.2004 ж. №144

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы: Жер-су қатынастарын реттеу

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Агыбаев Арыкбай Нусупалиевич

Алматы 2017ж.

Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Су қатынастарын құқықтық реттеу;
2.2. Суды пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
2.3. Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу негіздері;
2.4. Суды құқықтық қорғау;
2.5. Су заңдарын бұзған үшін жауапкершілік;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Сулар дегеніміз - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері - су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.
Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:
- су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
- су қатынастарын реттеу;
- тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;
- су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;
- су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.
Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады.

2.1. Су қатынастарын құқықтық реттеу;
Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Су объектілеріне мемлекеттік меншік құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінің күші болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Су объектілері, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.
Су объектілеріне мыналар жатады:
1. Жер үсті су объектілері.
2. Жер асты су объектілері.
3. Қазақстан Республикасының теңіз сулары.
4. Трансшекаралық сулар.
Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері:
1. Қысқа мерзімді пайдалану;
2. Ұзақ мерзімді пайдалану.
Қысқа мерзімді пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге, ұзақ мерзімді пайдалану құқығы 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге табысталады.
Су объектілері пайдалануына берілген жеке және заңды тұлғалар су объектілерін пайдалану құқықтарына билік ете алмайды.
Судың жай - күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануға беру тек мемлекеттік қабылдау актісінің немесе қабылдау комиссиясының аталған объектіні (объектілерді) пай - далануға беруді қабылдап алған актісі болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Судың жай - күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік және қабылдау комиссияларының жұмысына міндетті түрде жергілікті атқарушы уәкі - летті органның, бассейінді су шаруашылығы басқармасының, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласын - дағы уәкілетті органның, және қоршаған ортаны қорғау саласын - дағы уәкілетті органның, өкілдері қатысады.
Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру мен жұмыс істеу, сондай-ақ осыған қажетті құжаттар тізімі мен рәсімдеудің тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.
Су объектілері, су қорғау аумақтары мен белдеулерде құрылыс және өзге де жұмыстар жүргізу ережелері жергілікті атқару - шы уәкілетті органның, бассейінді су шаруашылығы басқармасының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық уәкілетті органмен және халықтың санитарлық - эпидемиологиялық сала - уаттылығы саласындағы тиісті аймақтардағы атқарушы орган - мен, сондай-ақ су объектілеріндегі кеме жолдарында жоспарланған жүмыстар саласындағы су көлігі органдарымен келісілуі қажет.
Су объектілеріндегі жұмыстар кезінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін техника мен технологиялар пайдаланылуы тиіс.
Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс, ұқғыма қазу, жарылыс және басқа да жұмыстар барысында жергілікті ат - қарушы органдар белгілеген сол аймақ пен белдеулерді пайдала - ну режимі сақталуы жүргізіледі.
Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс және өзге де жұмыстар жүргізу тәртібін мәмілелеу процесі тиісті мемлекеттік органдар тарапынан өтініш берушінің қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күндік мерзімде іске асады.
Су объектілері мен Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс жұмыстарын орындау кезінде құрылыс салуға бөлінген жерді қайта өңдеу, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ор - таны сауықтыру жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.
Су объектілері арқылы коммуникациялар салу жобалары тасқын сулар өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерін алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.
Теніздегі мұнай операцияларымен байланысты жұмыстар белгілі тәртіппен бекітілген, теңіз ластануының алдын алуға арналған арнайы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмыстар осы аумақтарды қорғау мен пайдалану режимін ұстану арқылы және бекітілген арнайы экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Су қорғауды қамтамасыз ету мақсатында су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін құрылыстарды пайдалануға тыйым салынады. Мыналарды: судың зиянды әсерін, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жанғыртылып жатқан объектілерді:
балық қорғау құрылғыларынсыз су тарту және ағызу құрылыстарын;
тазарту құрылыстары мен санитарлық қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді;
жерді су басуды, топан су басуды, олардын. батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген іс - шараларды жүргізуге дейін суару, суландыру және құрғату жүйелерін, су қоймаларын, бөгеттерді, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
санитарлық қорғау аймақтарын және су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстары жай - күйінің көрсеткіштерін қадағалау пунктерін белгілемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
Су объектілері жай - күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай ағынды сулармен суару объектілерін пайдалануға беруге рұқсат етілмейді.
Су шаруашылығы объектілерін - жерді қайта өндеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал суқоймаларында - олардың табанын су басуға әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмай пайда - лануға беруге рұқсат етілмейді.
Су объектілерінің жай - күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешімдер Қазақстан Республикасыньщ заңдарында көзделген тәртіппен қабылданады (ҚР СК 88-бабы).
Сарқынды суды жер үсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызуға қоршаған ортаға эмиссияға тиісті экологиялық рұқсат бар болған кезде ғана жол беріледі.
Бұл ретте, сарқынды суды жер үсті су объектілеріне ағызып жіберуге - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, сарқынды суды жер қойнауына ағызып жіберуге Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол беріледі.
Су объектілерін қорғау:
- Су объектілерін пайдаланудың кез келген түрін жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектілерді қорғау жөнінде ортақ талаптар қою;
- шаруашылық қызметінің жекелеген түрлеріне арнайы талап - тар қою;
- жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз технологиялар енгізе отырып, су қорғау іс - шараларын жетілдіру және қолдану;
- су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу;
- су объектілерін пайдалану мен қорғауды бақылаудық мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргізу;
- су объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес су объектілерін сақтау олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнінде тұрақты даму қағидасымен үйлесімді шаралар қолданады.
Қызметі су объектілерінің жай - күйіне әсер ететін жеке және занды тұлғалар ұйымдастырушылық, технологиялық, орман мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық - эпидемиологиялық іс-шараларды және су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін басқа да іс-шараларды жүргізуге міндетті (ҚР СК 112-бабы).
Есептеу әдісімен табиғи су объектілеріне төгілетін ластаушы заттардың нормативтері анықталады. Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 мамырындағы бұйрығымен ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес белгіленген.
Су қатынастарын құқықтық реттеу, Су қорының түсінігі және құрамы, суға меншік құқығы Су қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде - Жер биосферасының компоненті, жердегі өмірдің табиғи негізі, барлық тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесінің өмір сүруін қамтамасыз етеді, адамдардың өмір сүру негізі, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салауаттылығының негізі болып табылады. Сулар шектеулі қалпына келтіретін, бірақ зиян шеккіш табиғи ресурс, сондықтан да экологиялық заңдар оларды ұтымды пайдалану мен жан-жақты қорғаумен айналысады. Осыған орай мемлекетімізде ҚР Үкіметі 21.01.2002 жылы Қазақстан Республикасының экономиканың су секторын және су шаруашылығы саясатын дамытудың тұжырымдамасын бекіту туралы қаулысын қабылдады. Ондағы қойылып отырған мақсат - еліміздің су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану мәселелерін шешудің неггізгі жолдарын анықтау. Су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi - Су объектiлерi болып табылады. Қоршаған ортада орналасқан химиялық құрамды сулар және су объектілерінен алынған суларға қатысты қатынастар экологиялық заңдармен емес, ҚР-ның азаматтық және өзге де заңдардың салаларымен реттеледі. Су қатынастарын реттеуші заңдар ҚР Конститутциясына негізделіп, ҚР Су кодексінен (9.07.2003 ж.); Мемлекеттiк су кадастрын жүргізу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378 қаулысы; Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргізу, суды мемлекеттiк есепке алу және оны пайдалану ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 85 қаулысы; Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 84 Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы қаулысы; Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерiн бекiту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 18 Бұйрығынан тұрады. ҚР Су кодексінің 5-бабы бойынша, шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi. Су объектiлерi:
1) жер үстi су объектiлерi;
2) жер асты су объектiлерi;
3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;
4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
1) ортақ (жалпы) пайдаланудағы су объектiлерi;
2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.
2.2. Суды пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
Су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану. Су пайдалану құқығы - су объектілерін пайдаланудың жағдайлары мен тәртібін, суды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Су пайдалану құқығының субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар бола аладлы. Объектісі - су объектілері немесе олардың бір бөлігі болады. Су заңдары суды пайдалану құқығын бірнеше түрге жіктейді. Су пайдалану ортақ (жалпы), арнайы, оқшау, бiрлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлiнедi. Ортақ (жалпы) су пайдалану құқығы азамат үшiн ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Мысалы: техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде; күшті су тасқыны қаупін туғызатын су объектілерінен басқа, жалпы демалу, туризм және спорттық нысандарды қайта қалпына келтіру мақсаттарында; кеме қатынасы, оның ішінде кіші судаларда жүзу; малды суару үшін. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсат талап етiлмейдi. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап туындайды. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды: суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды; жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын; ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды; бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын); гидравликалық электр станцияларын; сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын; суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін; жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын; ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар); шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын; су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды; өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды; көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды; судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады. Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн. Ортақ (жалпы) су пайдалану тұрақты болып табылады.

2.3. Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу негіздері;
Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері ҚР Су кодексінің 71-72-баптарында бекітілген. Су пайдаланушылардың:
1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;
4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Су пайдаланушылар:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға; 2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
3) белгiленген су пайдалану лимиттерi мен режимдерiн сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға;
6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
7) арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;
8) белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға; 10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолдануға;
11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жәнежер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуге;
14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талабын сақтауға;
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында жер құқықтық қатынастарын реттеу тарихы
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Жер құқығының мәні
ҚР – сы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Пәндер