Киіз үй құрылысы



1. Киіз үй құрылысы.
2. Шаңырақ
3. Екі қақпалы есік
4. Есiк пен төр
5. Бақан, адалбақан
6. Өрнекті жалпақ тоқыма таспа
7. Киіз үйдің ішкі жасауы
8. Сандық
9. Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!
10. Қазан.ошақ
11. Табалдырықты баспа!
12. Киiз үйге байланысты қарғыстар
Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.
Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.
Киіз үй жиналмалы және жазылмалы ағаш қаңқадан, киіз жабындардан және үйдің барлық бөліктерін бекітетін таңғыш шалмалар мен бау-басқұрлардан, арқандардан құралады. Ағаш қаңқасы төрт бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің шеңберлі қабырғасын түзететін ажырамалы буындар; уық – күмбез сырғауылдары; шаңырақ – күмбез төбесіндегі шеңбер; қос жармалы есік.
Шаңырақ
Шаңырақ – дөңгелек құрсаудан және айқыш-ұйқыш иілген жуан талдан (күлдіреуіш) құралады. Киіз үй күмбезінің құрылымы шаңырақ арқылы біріктірілген. Түскен қардың салмағы елеулі болған кезде уықтар үлкен киіз үйдің шаңырағына 2 тонна шамасында қысымдық күш түсіреді. Сондықтан шаңырақ киіз үй қаңқасының басқа бөліктері сияқты талдан емес, далада өсетін ағаштардың ішіндегі ең қатты әрі берігі – қайыннан жасалады.
Екі қақпалы есік
Керегенің екі қанатының ортасына ең алдымен жарма ағаш есік жақтауы орнатылады (оның тағы бір атауы – сықырлауық). Есік жақтауларының өлшемдері киіз үйдің мөлшеріне және керегенің жазулы торларының биіктігіне байланысты болады. Есіктің биіктігі 140 см мен 175 см аралығында, ені – 70 см мен 100 см аралығында. Киіз үйдің жарма есігі ішке қарай ашылады.
Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.
Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Киіз үй құрылысы.
Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын
басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше
қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ
мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ
үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.
Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен
орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын
жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ
ғасырға дейін қолданыста болды.
Киіз үй жиналмалы және жазылмалы ағаш қаңқадан, киіз жабындардан және
үйдің барлық бөліктерін бекітетін таңғыш шалмалар мен бау-басқұрлардан,
арқандардан құралады. Ағаш қаңқасы төрт бөліктен тұрады: кереге – киіз
үйдің шеңберлі қабырғасын түзететін ажырамалы буындар; уық – күмбез
сырғауылдары; шаңырақ – күмбез төбесіндегі шеңбер; қос жармалы есік. 
Шаңырақ
Шаңырақ – дөңгелек құрсаудан және айқыш-ұйқыш иілген жуан талдан
(күлдіреуіш) құралады. Киіз үй күмбезінің құрылымы шаңырақ арқылы
біріктірілген. Түскен қардың салмағы елеулі болған кезде уықтар үлкен киіз
үйдің шаңырағына 2 тонна шамасында қысымдық күш түсіреді. Сондықтан шаңырақ
киіз үй қаңқасының басқа бөліктері сияқты талдан емес, далада өсетін
ағаштардың ішіндегі ең қатты әрі берігі – қайыннан жасалады. 
Екі қақпалы есік
Керегенің екі қанатының ортасына ең алдымен жарма ағаш есік жақтауы
орнатылады (оның тағы бір атауы – сықырлауық). Есік жақтауларының өлшемдері
киіз үйдің мөлшеріне және керегенің жазулы торларының биіктігіне байланысты
болады. Есіктің биіктігі 140 см мен 175 см аралығында, ені – 70 см мен 100
см аралығында. Киіз үйдің жарма есігі ішке қарай ашылады. 
Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге
бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер
ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам
малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.
Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi.
Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде
отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.
Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы төр сөзiнiң мемлекет мағынасында
қолданылғанынан байқауға болады.
Қазақта: Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы
төрiмiз деген сөз бар.
Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi —
кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi.
Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған
бiр сөз — Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi.
Бақан, адалбақан
Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi
тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол
жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса,
адалбақанға екi табан жақындайды.
Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi
дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем
мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам —
адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны
күйзелгенде Төрiмнен көрiм жақын деп қиналатыны да бар.
Өрнекті жалпақ тоқыма таспа
Ағаш қаңқаның бөлшектері жүннен есілген немесе арнайы тоқылған бау-
басқұр және таңғышпен байланады. Арнайы есілген немесе тоқылған жалпақтау
жіппен есік пен кереге сағанағы, сондай-ақ екі керегенің қоспасы таңылады.
Өрнекті жалпақ тоқыма таспа (басқұр) кереге басын сырт жақтан, айнала
күмбез сырғауылдары (уық) бекітілген соң құрсаулап ұстап тұрады. 
Ши
Киіз жабын төрт бөліктен тұрады. Киіз үйдің төрт бұрышты үш немесе төрт
бөлігі (туырлық) кереге мен күмбездің төменгі бөлігін жауып тұрады, кереге
мен туырлық арасына ши (шым ши) ұсталады. Трапеция пішінді екі киіз (үзік)
күмбезді жауып тұрады. Шаршы етіп қиылған киіз бөлігі (түндік) киіз үйдің
төбедегі терезесіне жабылады; оның үш бұрышындағы бауды белдеуге байлап,
бір бауын төбедегі саңылауды ашуға болатындай етіп бос қалдырады. Ол жерден
киіз үй ішіне жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ою ойған сызу да сызады
Киіз үйдің жасау-жиһазы
ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІШҢ ДАМУЫ
Желі - керегені құрайтын ағаш
Қазақ киіз үйі
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Әлемдегі ерекше отельдер
XV-XVIIIғғ. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті
Киіз үй мәдениетінің тарихы
Киіз үй
Пәндер