Кенесары көтерілісінің жанышталуы



1 КӨТЕРІЛІС АҚМОЛАНЫ ӨРТЕП ЖІБЕРУДЕН БАСТАЛДЫ
2 КЕНЕСАРЫ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ЖАНЫШТАЛУЫ
3 КЕНЕСАРЫ БАСЫНЫҢ ӘРІ.БЕРІ ДОПША ДОМАЛАУЫ
4 ХАНДЫ САТЫП КЕТКЕНДЕР ОРЫС БИЛІГІНЕН ТАҒЫ СЫЙЛЫҚ АЛМАҚШЫ БОЛҒАН
5 КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫН КУНСТКАМЕРАДАН ІЗДЕУДЕ
6 ХАННЫҢ БАСЫН ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТТАРЫ ДА ІЗДЕУДЕ
7 ХАННЫҢ БАСЫ ОМБЫҒА ЖЕТІП ЖОҒАЛАДЫ
Қазақстанда соңғы қазақ ханы - Кенесарының басы Санкт-Петербургте сақталған болуы керек деген пікір қалыптасқан. Ал тарихи деректер ханның басы 1847 жылы Омбыға жеткізілгенін айғақтайды.
КӨТЕРІЛІС АҚМОЛАНЫ ӨРТЕП ЖІБЕРУДЕН БАСТАЛДЫ
Кенесары орыс отаршылдығына қарсы әскери қимылды сұлтан кезінде-ақ бастаған. 1838 жылдың көктемі Кенесары жасағының Ақмола бекінісін қоршауға алып, өртеп жіберуімен тарих жадында қалған. Бұл оның азат ету қозғалысының басы еді. Ақмола бекінісінің орнында бүгінде Астана, Қазақстанның елордасы орналасқан.
Бүгіндері Астанада Есіл өзенінің жағасында ХІХ ғасырдың ортасындағы тәуелсіздікті көздеген ең ірі қазақ көтерілісінің жетекшісі Кенесарының ескерткіші тұр. Кенесары ханның ескерткіш мүсіні қазаққа тәуелсіздік бұйырып, өз билігін өзі жүргізген кезде, 2001 жылы орнатылды.
Алайда, бұл өзімен өзі тұрған күйде аса маңызды емес. Үстіміздегі жылдың қазанында қазақ билігінің Астанадағы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке тұрғызбақ болған ескерткіштерді далаға қалдырғаны белгілі болды. Соңғы хан Кенесарының мұрасын сақтау мәселесінде де Қазақстан билігінің қайшылығы мен салғырттығы байқалады.
Қазақтың үш жүзінің өкілдері 1841 жылғы 7 қыркүйекте Кенесарыны хан сайлаған. Қазақ хандығы де-юре жолыменен қалпына келтірілген. Кенесары өзін «қазақ жерлерін түгендеушімін» – Абылай ханның уағындағы Қазақ хандығы аумағының тұтастығын қалпына келтірушімін деп жариялап, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауды мақсат етті.
Қазақстанның ресми тарихнамасында сипатталғаны секілді, Кенесары тарих сахнасына өзінің атасы хан Абылайдың ісін жалғастырушы ретінде шықты. Бірақ, Кенесары заманында қаптап келген орыстың отарлаушы әскері Қазақстанның саяси дербестігін сақтап отырған үш ауданының тәуелсіздігіне қауіп төндіріп тұрған еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда соңғы қазақ ханы - Кенесарының басы Санкт-Петербургте
сақталған болуы керек деген пікір қалыптасқан. Ал тарихи деректер ханның
басы 1847 жылы Омбыға жеткізілгенін айғақтайды. 
КӨТЕРІЛІС АҚМОЛАНЫ ӨРТЕП ЖІБЕРУДЕН БАСТАЛДЫ 
Кенесары орыс отаршылдығына қарсы әскери қимылды сұлтан кезінде-ақ
бастаған. 1838 жылдың көктемі Кенесары жасағының Ақмола бекінісін қоршауға
алып, өртеп жіберуімен тарих жадында қалған. Бұл оның азат ету қозғалысының
басы еді. Ақмола бекінісінің орнында бүгінде Астана, Қазақстанның елордасы
орналасқан.
Бүгіндері Астанада Есіл өзенінің жағасында ХІХ ғасырдың ортасындағы
тәуелсіздікті көздеген ең ірі қазақ көтерілісінің жетекшісі Кенесарының
ескерткіші тұр. Кенесары ханның ескерткіш мүсіні қазаққа тәуелсіздік
бұйырып, өз билігін өзі жүргізген кезде, 2001 жылы орнатылды.
Алайда, бұл өзімен өзі тұрған күйде аса маңызды емес. Үстіміздегі
жылдың қазанында қазақ билігінің Астанадағы қазақ хандары Керей мен
Жәнібекке тұрғызбақ болған ескерткіштерді далаға қалдырғаны белгілі болды.
Соңғы хан Кенесарының мұрасын сақтау мәселесінде де Қазақстан билігінің
қайшылығы мен салғырттығы байқалады.
Қазақтың үш жүзінің өкілдері 1841 жылғы 7 қыркүйекте Кенесарыны хан
сайлаған. Қазақ хандығы де-юре жолыменен қалпына келтірілген. Кенесары өзін
қазақ жерлерін түгендеушімін – Абылай ханның уағындағы Қазақ хандығы
аумағының тұтастығын қалпына келтірушімін деп жариялап, Ресей құрамына
кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауды мақсат етті.
Қазақстанның ресми тарихнамасында сипатталғаны секілді, Кенесары тарих
сахнасына өзінің атасы хан Абылайдың ісін жалғастырушы ретінде шықты.
Бірақ, Кенесары заманында қаптап келген орыстың отарлаушы әскері
Қазақстанның саяси дербестігін сақтап отырған үш ауданының тәуелсіздігіне
қауіп төндіріп тұрған еді.
КЕНЕСАРЫ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ЖАНЫШТАЛУЫ 
Отарлаушы орыс билігі Кенесары қозғалысының маңыздылығы мен
ауқымдылығын мойындады. Мәселен, 1903 жылы Санкт- Петербургте шыққан
Россия. Полное географическое описание нашего отечества атты
анықтамалықтың 17-інші томында былай делінеді:
Абылай ханның немересі Кенесары Қасымов өзінің белгілі атасының халық
аузындағы даңқынан атағын асырып, наразы жұрттан бірнеше мың жасақ жиды
және өзін қырғыз халқының жоғалған айбынын қалпына келтірушімін деп
жариялап, байрағының астына бүкіл қырғыз халқын жинамақшы болды. (1925
жылға дейін ресми құжаттар мен баспасөзде қазіргі қырғыздар қара қырғыз,
ал, қазақтар қырғыз деп аталған.)
Үш жүз қазақтарының бодандыққа қарсы күреске белсенді қатысуы патшаны
қатты алаңдатты. Көтеріліске қарсы ірі ауқымда күрес жүргізуге шешім
қабылданды. Бір мемлекетте екі патша болмайды деген қарарға қол қойған
орыс императоры Николай бірінші 1843 жылдың 27 маусымында Кенесарыға қарсы
кең ауқымды әскери жорық жасауға пәрмен етті.
Бүлікшілерге қарсы отарлаушы армияның тұрақты жасақтарының жекелеген
топтары, сол замандағы ең озық қарумен қаруланған бөлімдері ғана емес,
сонымен бірге А. Жантөрин, Б. Айшуақов секілді сұлтандар бастаған қазақ
атты әскері жіберілді.
Алайда, әскерінің саны 20 мыңға дейін барған Кенесары хан жеңілісті
тұрақты патша әскерінен тапқан жоқ. Орталық Азия халықтарының жадында терең
із қалдырған осынау көтерілістің басшысы қырғыздармен тосыннан болған ішкі
шайқаста мерт болды.
Хан Кенесарыны өз адамдарының сатқындығы орға жықты. Кенесары хан 1847
жылдың сәуірінде қырғыздардың тұтқынына түсіп, солардың кекті қолынан қаза
тапты. Біреулер ханның денесі бөлшектеніп, әртарапқа лақтырылды десе, енді
біреулер қырғыз топырағына жерленген дейді.
Қырғыз тарихшыларының мәліметі бойынша, Кенесары Жамбы ауылында жазаға
жығылған, бұл қазіргі Қырғызстанның Майтөбе-Кекілік-Сеңгір аймағы. Ал,
Кенесарының басы нешетүрлі аңызға негіз болып, әлі күнге бүгінгі Ресейде
маңып жүр.
КЕНЕСАРЫ БАСЫНЫҢ ӘРІ-БЕРІ ДОПША ДОМАЛАУЫ 
Кенесары ханның кесілген басы жеңістің дәлелі ретінде Омбыға, патша
басшылығына жеткізілгені белгілі. Бізге мұны растайтын жаңа деректер
табудың да сәті түсті. Мұны ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық көсемі
Әлихан Бөкейхан Сұлтан Кенесары Қасымовқа байланысты тарихи материалдар
атты 1923 жылы Ташкентте жарық көрген кітапшасында растайды. Ол мақаласын
К. Степняк деген атпен жариялаған, бұл – Әлихан Бөкейханның көптеген
бүркеншік есімдерінің бірі.
Аутор Кенесарының соңғы қасіретті күндері туралы әңгіменің 1845-1846
жылғы оқиғалардың қатысушысы, әңгімені жеткізу сәтінде 85 жастағы қара
қырғыз Қалиғұлла Әлібековтың айтуынан жазып алынғанын ескертеді.
Сол куәгердің айтуынша, Кенесарының кесілген басына иелік етуші қырғыз
манабы Жантай Қарабековке бүлікші ханның басын орысқа тарту ет деп ақыл
берген қазақ ру басыларының бірі Сыпатай мен Рүстем сұлтан болыпты.
Дәл осы екі адамның сатқындығынан Кенесарының шағын қолы қоршауға
түсіп, Кенесары ханды қырғыздардың тұтқындағаны тарихи шындық. Қырғыздармен
шешуші шайқасқа түсер алдында Сыпатай мен Рүстем бірнеше мыңдық атты
әскерін ұрыс даласынан алып кеткен.
ХАНДЫ САТЫП КЕТКЕНДЕР ОРЫС БИЛІГІНЕН ТАҒЫ СЫЙЛЫҚ АЛМАҚШЫ БОЛҒАН
Сол кезде ...орыс генерал-губернаторы, князь Горчаков та сұлтан
Кенесары Қасымовтың қазасын естиді. Бұған риза болған князь Горчаков қырғыз
(қазақ) Шоншар және тілмәш Бектайыр мен Әлім арқылы Сұлтан Кенесарыны
жеңген негізгі адамдарды марапаттау үшін өзіне шақырады..., – делінеді
Сұлтан Кенесары Қасымовқа қатысты тарихи материалдар атты еңбекте.
Сол кітапшада орыс генерал-губернаторының Кенесары ханның басын
сұрағаны жайында бір де бір сөз жоқ. Дей тұрғанмен, ханның басы князь
Горчаковтың қолына түспей тұрып, қазақ руының көсемі Сыпатай мен Рүстем
сұлтанға, Алматыға жеткізілген, бұларға манап Жантай Қарабеков Қапал ауданы
қазақтарының тұтқынынан тағы бір қырғыз манабын босатуға жәрдем сұрап
келген болатын.
Содан соң Кенесарының басы орыс патшасының Қапалдағы өкіліне берілген.
Ал, Кенесары сұлтанды жеңген басты жеңімпаздар Қапалға барудан жалтарып,
ол жаққа өз өкілдерін жіберген, манап Жантай Қарабеков Қалиғұлла
Әлібековты жіберген, қазақтан Сыпатай мен Рүстемнің өздері барған.
Ол екеуі Кенесарының өліміне, сонымен бірге бүкіл қазақтың ұлт-азаттық
көтерілісін жеңіліске әкеп соққан, тағы орыстың бүкіл Орталық Азияны, сол
баяғы қырғызды да отарлауының жылдамдауына себеп болған сатқындықтары үшін
өкінуден, шамасы, әлі алыс болған.
Ол ол ма, Қалиғұлла Әлібековтың айтуынша, князь Горчаков екеуінің
қайсысы Кенесары өлімінің негізгі себепшісі екенін білгісі келгенде
Сыпатай мен Рүстем дауласып қалған. Ақыр соңында патшалық күміс медаль
Кенесары ханның жазаға жығылуы кезінде басының кесілгені туралы айтып
берген Қалиғұлла Әлібековқа бұйырған.
Генерал-губернатор, князь Горчаков қол қойған июля 15 дня 1847 года,
город Омск деп көрсетілген куәлікте:
Құрметті қырғыз Қалиғұлла Әлібековке. Бүлікші Кенесары Қасымовқа қарсы
күресте көрсеткен Сіздің ерекше батылдығыңыз бен үлгі етерлік жігеріңіз
үшін марапаттау ниетіменен, аса мәртебелі император берген биік
құзыретпенен мен Сізге мойынға тағып жүруге, Георгийлік лентадағы күміс
медаль табыстаймын... деп жазылған.
КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫН КУНСТКАМЕРАДАН ІЗДЕУДЕ 
Оқта-текте Санкт-Петербургке ғылыми және іздеу экспедициялары жіберіліп
қояды. Қазақстанда әлі күнге Кенесары ханның басы петрлік Кунсткамерада,
немесе қазіргі ресми атауымен айтқанда, Ресей Ғылым академиясының Санкт-
Петербургтегі Петр Біріншінің атындағы Антропология және этнография
мұражайында (Кунсткамерада) сақтаулы деген таңылмалы пікір айтылып келеді.
Кенесарының қалдықтары Эрмитажда деген де пікір бар. Бұл күнде осы
ойдың қашан және кімнен шыққанын анықтау мүмкін емес. Дей тұрғанмен,
қазақстандық ынталылар әлі күнге Ресейдің солтүстік астанасына сапар
шегуде. Бірақ, ол жақта қазақтың соңғы ханының бас сүйегі жоқ. Азаттық
радиосы журналисінің зерттеулері де соны көрсетті.
Ефим Резван, Ресей Ғылым академиясының Антропология және этнография
мұражайы (АЭМ) директорының орынбасары. Петербор, қыркүйек, 2009 ж.
Қашан және қалайша Кенесары ханның басы Кунсткамераға, ол былай тұрсын,
Эрмитажға тап болуы мүмкін, бұл жөнінде әлі күнге бір де бір тарихи құжат
не мәлімет жоқ. Сол себепті хан басының тұрған орны туралы пікір тарихи
деректен гөрі Кунсткамераның имиджіне байланысты туындаған жорамалға
көбірек ұқсайды. Кунсткамераның сол бір ерекше ролі жайында Ресей Ғылым
академиясының Антропология және этнография ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
Ермұхан Бекмаханов
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Дулат ТҰРАНТЕГІ
Кенесары хан
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Кенесары көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Пәндер