Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру



1. Кіріспе.
2. Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты.
3. Сабақтың сәтті өтуін қамтамасыз ету жолдары.
4. Дамыта оқыту технологиясының құрылымы мен мақсаты.
5. Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі.
6. Проблемалық оқыту технологиясының басты принципі.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында болашақ қоғам мүшелері - жастар туралы айта келіп, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады» дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының осы сөздері бүгінгі әлемдік ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың қандай дайындықпен бару керектігін айтады.
Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін және ғаламдық деңгейде ойлай білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға алған жалпы білімдері тірек бола алады.
1. 12 жылдық білім. Журнал. 2006 ж. №8.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Әдістемелік журналдар:
«Қазақ тілі мен әдебиеті». 2009 ж. №3., 2010 ж. №№3,8.
4. Қазақ тілі әдістемесі. №9-10, №11-12. 2010 жыл. Алматы қ.
5. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» . Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын
көтеру.

Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты.
3. Сабақтың сәтті өтуін қамтамасыз ету жолдары.
4. Дамыта оқыту технологиясының құрылымы мен мақсаты.
5. Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі.
6. Проблемалық оқыту технологиясының басты принципі.

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса
мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру
барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық
әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар
аударылуда.
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиясында болашақ қоғам
мүшелері - жастар туралы айта келіп, Біздің балаларымыз білігі жоғары
жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері,
мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері және
спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін
өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады дегені
бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының
осы сөздері бүгінгі әлемдік ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың
қандай дайындықпен бару керектігін айтады.
Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда
адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі
етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана
ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа
деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл
қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың
бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім
көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы
іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың
ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет
болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін
әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін
ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге
котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған
жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз
мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін және ғаламдық деңгейде ойлай
білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа
тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты
ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың
әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім
стандартында Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай
білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету талабы қойылып отыр.
Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға
алған жалпы білімдері тірек бола алады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту
туралы тұжырымдамасының басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің
негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің
және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың
жолдарын көрсетуге арналып отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық
жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім
алып жатқан жас ұрпақ алдында Қазақстан – 2030 бағдарламасында
көрсетілген Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші
мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы
өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік
жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны
сөзсіз... Барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап,
біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін,
оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет, - деп
Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде айтқан еді.
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық
жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан
туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат мазмұн форма әдіс
оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып
үйрену меңгеру өмірге ендіру
дамыту болып өзгерген.
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның
тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін
қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан
болашаққа нақты ұсыныс керек.
Ақын қоғам қайраткері М.Жұмабаев Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы
туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры, келешегі, мектептің қандай
негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебіміздің саулық, өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізін құра
білмесек, келешегіміз күңгірт деген еді. Осы бір ұлағатты ой шәкірттерге
білім берудің бүгінгі күн талабына сай келетіні даусыз.
Болашақ Қазақ мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай
деуге негізі, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да,
дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен
тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге
тәрбиеленіп өсуі қажет.
Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс
мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан
сабақтарды жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Қалай да оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, ынтасын ояту керек.
Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір
сарындылық оқу - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан
сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілмен
өткізу болып есептеледі.
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,
осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.
Қызығу - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның
белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетіне қуаттандыратын
психикалық ерекшелік деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова,
С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін
іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен
шүғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.
Елбасының білім және ғылым қызметркелерінің II съезінде Болашақта
еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет өте ауыр деген сөздері әрбір мұғалімнің жолбасшысы болу
керек деп ойлаймын.
Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз
ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы ұстанымдардың орындалуы үшін әр
мұғалім өзі мен оқушының терең дәрежеде екенін естен шығармай, оны жеке
тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп
жетілдіруі қажет. Үйреншікті, дайын әдіс-тәсілдер бүгін баланы
қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс
ендіруді мақсат етіп кою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау,
жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін,
жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі
қажеттілік.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал
білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.

Сабақтың сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады?

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ - оқу
үрдісіндегі шешуші буын, күрделі еңбекті ізденуді талап ететін іс, сан
алуан қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.
Оқу үрдісін талапқа сай жүргізуде мұғалім - басты тұлға. Сондықтан
да шығар қазіргі сабақ қандай болу керек, оның қандай жақтары
жеткіліксіз, қай саласына көп мән бөлу керек, күнделікті сабақтың
сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады деген сан алуан сұрақтар
әрқайсымызды толғандырып жүргені сөзсіз.
Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының сабаққа
деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім
беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне,
тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал
үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл –
күйіне де байланысты .
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан
көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.
Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.
Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары
нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған
сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала
білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа
сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды
пайдалану.
Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық
ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту
әдіс-тәсілдерінің бәріне де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең
тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді,
үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану - cабақтың сәтті өтуінің кепілі.

1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін
іздеуге әрекет жасау керек.
2. Білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық
ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып
жаңашылдыққа талпыну қажет.
3. Мұғалім күнділекті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек.
Өйткені, сабақ - мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты
тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын
жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.

Оқу үрдісінде оқыту әдістерін тиімді қолдану

Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының
тәсіл-амалдары — деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: белгілі бір
мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және
іс-әрекет.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқыту үрдісінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты
білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының
біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.
Алтынсаринның пікірін келтірейік: Мұғалім балалармен істес болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға
дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан ықыласпен, қарапайым тілмен
түсіндіру керек.

Жаңашыл әдіс-тәсілдер

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып
жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық
әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап
етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі —
маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаеваның,
Қ.Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбек пен
Қ.Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде
оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Инновация ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ.
Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек
инновация — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже.
Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен
жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі
категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы
ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет
бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану,
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ
уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс,
жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
I кезең - оқып үйрену; II кезең — меңгеру; III кезең — өмірге ендіру;
IV кезең - дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу
үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын
болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-
әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда
ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім
стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы
оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу,
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Өйткені оқыту — тәрбиенің негізі.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі
(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту
(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және
тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып
қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап
оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту — күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Дамыта оқыту технологиясының құрылымы.

Кіріспе кезең Негізгі кезең Қорытынды кезең -
мұғалім
Ой тастау Бағыт қолдану Тапсырма таңдауын
бағалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер