Кейінгі орта ғасырлардағы Англия



Экономикалық дамуы
XVI ғасыр . XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси дамуы
Пайдаланған әдебиет
Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Ол жерлер жеке меншік қой жайылымдарына айналды. Бұрын сыртқа қойдың жүні шығарылса, XVI ғасырға қарай шет елдерге шұға шығарылды.
Шұға тоқу ісінің өркендеуі мануфактураның дамуымен байланысты болды. Ол мата, жібек, тау-кен өндірісінде, металл өңдеуде кең өріс алды. Қоғамдык еңбек бөлінісі дамып, ұлттық рынок қалыптасты.
Шұғаға деген сұраныстың өсуі ауыл шаруашылығындағы төңкеріске әкеліп соқты. Халықтың арасынан шыққан іскер де пысық тобы, байлар қауымдық жерлермен ғана шектелмей, жекелеген шаруаларды да жерлерінен айыра бастады. Жерсіз қалған шаруалар қалаға ағылды. Жұмысқа орналаса алмағандары қайыршыларға айналды.
Король Генрих III Тюдор (1509-1547) қайыршылық пен қаңғыбастыққа қарсы жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша қайыршылар қандай да болмасын жұмысқа орналасуы тиіс болды, әйтпесе жекелеген отбасыларына малайлыққа берілді.
Бұл аталған шаралардың бәрі Англияда Еуропаның басқа елдеріне қарағанда капиталистік қатынастардың тез дамуына себеп болды. Капиталистік қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуі, отар басып алу да үлес қосты.
Ирландияны жаулап алу жүйелі жүргізілді. 1607 жылы Америка құрлығындағы Виргинияда Англияның ең алғашқы отарының негізі қаланды. Теңіз саудасында үстемдікке жету үшін флот ұлғайды, Испаниямен соғысты. 1588 жылы Англия флоты Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» талқандады.
[өңдеу] XVI ғасыр - XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси дамуы
1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII Генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын арнаулы палата құрды.
1535-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін куғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мария өлгеннен кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің ең басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік әнұраны қабылданып, алғаш рет орындалды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Бүлікшіл ақсүйектердің қарсылықтарын түншықтырды, сауданың өріс алуын қолдады. Отандық өндірістің өркендеуін колдап, басқа елдерден әкелінетін даяр бұйымдарға жоғары баж салығын орнатты. Тюдорлар шикізат пен азық-түлік экспортына (шетелге тауар шығару) тыйым салды. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық экспансиясы (таралу, кеңею) күшейді.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар біртеірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары калыптасты. Ағылшын буржуазиялық революциясы 1640 жылы басталды. Ол адамзат тарихының жаңа кезеңіне жол ашты.[1]
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кейінгі орта ғасырлардағы Англия

[өңдеу] Экономикалық дамуы

Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен
жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Ол жерлер жеке
меншік қой жайылымдарына айналды. Бұрын сыртқа қойдың жүні шығарылса, XVI
ғасырға қарай шет елдерге шұға шығарылды.
Шұға тоқу ісінің өркендеуі мануфактураның дамуымен байланысты болды. Ол
мата, жібек, тау-кен өндірісінде, металл өңдеуде кең өріс алды. Қоғамдык
еңбек бөлінісі дамып, ұлттық рынок қалыптасты.
Шұғаға деген сұраныстың өсуі ауыл шаруашылығындағы төңкеріске әкеліп соқты.
Халықтың арасынан шыққан іскер де пысық тобы, байлар қауымдық жерлермен
ғана шектелмей, жекелеген шаруаларды да жерлерінен айыра бастады. Жерсіз
қалған шаруалар қалаға ағылды. Жұмысқа орналаса алмағандары қайыршыларға
айналды.
Король Генрих III Тюдор (1509-1547) қайыршылық пен қаңғыбастыққа қарсы
жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша қайыршылар қандай да болмасын жұмысқа
орналасуы тиіс болды, әйтпесе жекелеген отбасыларына малайлыққа берілді.
Бұл аталған шаралардың бәрі Англияда Еуропаның басқа елдеріне қарағанда
капиталистік қатынастардың тез дамуына себеп болды. Капиталистік
қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуі, отар басып алу да үлес
қосты.
Ирландияны жаулап алу жүйелі жүргізілді. 1607 жылы Америка құрлығындағы
Виргинияда Англияның ең алғашқы отарының негізі қаланды. Теңіз саудасында
үстемдікке жету үшін флот ұлғайды, Испаниямен соғысты. 1588 жылы Англия
флоты Испанияның Жеңілмейтін армадасын талқандады.

[өңдеу] XVI ғасыр - XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси
дамуы

1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер
биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды.
VIII Генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті.
Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын
арнаулы палата құрды.
1535-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация
қайраткерін куғынға салғаны үшін оған жұрт Қанішер деген жанама ат берді.
Мария өлгеннен кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-
1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу
ұлттық деп танылып, абсолютизмнің ең басты тірегіне айналды. 1607 жылы
Англияның мемлекеттік әнұраны қабылданып, алғаш рет орындалды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Бүлікшіл
ақсүйектердің қарсылықтарын түншықтырды, сауданың өріс алуын қолдады.
Отандық өндірістің өркендеуін колдап, басқа елдерден әкелінетін даяр
бұйымдарға жоғары баж салығын орнатты. Тюдорлар шикізат пен азық-түлік
экспортына (шетелге тауар шығару) тыйым салды. Тюдорлардың тұсында
ағылшындардың отарлық экспансиясы (таралу, кеңею) күшейді.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII
ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы
қатарға шығуын қамтамасыз етті.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды.
1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста
абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі
кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар біртеірте жалдамалы
жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және
идеологиялық алғышарттары калыптасты. Ағылшын буржуазиялық революциясы 1640
жылы басталды. Ол адамзат тарихының жаңа кезеңіне жол ашты.[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

1. ↑ Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN
9965-34-625-9
Ағылшын абсолютизмі
Скачать 30.12.2009
, 12:03
                                                           Кіріспе
 
   Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған
абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі.
Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай
дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның
барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері
мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің
нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан
кейін абсолютистік режимнің ыдырауын  атап көрсету және білу маңызды.
Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр
түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне
жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын
абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік
мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа
өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
   XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән
болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан
Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру
маңызды болды.
    Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының 
мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді.
Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі
басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес 
тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар  ағылшын
абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге
ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны
дағдарысқа ұшыратты.
      Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның  болуымен сипатталынды –
Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және
Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
    Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және
тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын
қояды.
    Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің
орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу,
Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия
жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
   Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің
экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін
күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған
осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп
қарастырдым:
 -  Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының
ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел
мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
!--[if !supportLists]---         Тюдорлар абсолютизмінің саясатын
жан-жақты зерттеу  !--[endif]--
!--[if !supportLists]---         Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті
монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін
анықтау!--[endif]--
!--[if !supportLists]---         Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз
болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын,
парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету!--[endif]--
!--[if !supportLists]---         Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының
себебін, нәтижесін саралау!--[endif]--
    Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының
төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік
береді.
1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
         Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық
принциптер басшылыққа алынды.
!--[if !supportLists]---         абсолютті монархияның орнауының
алғышарттары, себептері, салдары болатындығы және оның тарихи дамуының
ықпалында болатын тарихи принцип!--[endif]--
!--[if !supportLists]---         қандай да болмасын монархтың
экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының халықаралық факторларға
тікелей тәуелділігі!--[endif]--
       Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың
халықаралық  қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның
тарихында алған  мән маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік
тәсілдерінің ішінде пайдалы болған контенті ретінде алдым.
  Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға
объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру
үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі
авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: В.М. Лавровский, В.И.Ленин.
Лавровский өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын
буржуазиялық революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін
көрсетіп, оның халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің
дағдарысының өрістеуін баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі
парламент пен король арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің
себебін атап, және оған қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы
қарастырған 1.
   Қосымша дерек ретінде, В.И. Лениннің кітабында патшалық монархияның
таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және
тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және
монархияның жоғарғы таптарды билеуі деген абсолютизмге берген
түсініктемесінің маңыздылығы зор болды 2.
   Жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерді Ұлыбританияда билік
еткен әулиеттердің, яғни Тюдорлар мен Стюарттардың абсолютті монархиясына
және олардың саясатының салыстырмалы түрде жазған авторлардың еңбегіне
қатысты  топтастырдым.
1) Абсолютизмнің орнауына өзінің үлесін қосқан Генрих VII, одан кейін
дамытқан Генрих VIII және жалпы Тюдорлардың саясаты Ю.М. Сапрыкиннің, 
В.В. Штокмардың, Е.Б. Черняктың, Ф.Бэконның еңбектерінде қарастырылған.
Ю.М. Сапрыкин өзінің кітабында Англияның Мария Тюдор кезіндегі
контрреформациясы, Тюдорлардың 16ғ. анабаптизммен күресі туралы, жалпы
Ұлыбританияның абсолютизм кезіндегі және ол дағдарысқа түскендегі
жағдайды талдап, осыған байланысты туралы нақты фактілер жинағын берген
3. Ал, В.В. Штокмар өз еңбектерінде 16ғ. 2-ші жартысындағы ағылшын
абсолютизмінің экономикалық саясатының өркендеуінің себептерін атап,
Елизавета Тюдордың аграрлы шаралары жайлы мәліметтерді баяндаған 4. 
 2) Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясының
қоғамның жағдайын анықтап, Англияның ішкі-сыртқы саясатына баға беріп,
парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсете алған
авторларға С.Д. Сказкинді, Е.Б. Чернякты, А.Н. Савинді жатқызуға болады.
Негізінен, С.Д. Сказкин өз еңбегінде  Ұлыбританияның 17ғ. революция
алдындағы жағдайын сипаттап, сондағы Яков I-ші кезіндегі парламент пен
король арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуын анықтап, Карл I-ң
Петиция о праве деген петициядан бас тартуы туралы нақты мәліметтер
ұсынған 5. Ал, Е.Б. Черняк болса, өз кітабында ағылшын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Ортағасырлық Еуропадағы балалық шақ
Жалпы тарихтан дәрістер
Пәндер