Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
1.лекция: Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Жоспары:
1. Криминологияның ұғымы, пәні, міндеттері
2. Криминологияның пән аралық байланысы
3. Криминология курсының жүйесі
4. Криминология әдістері мен методологиясы
2.лекция: Қылмыстылық
Жоспары:
1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері
2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері
3. Қылмыстылық латенттілігі
4. Қазақстандағы қылмыстылықтың жағдайы
3.лекция: Қылмыстылықтың себептері
Жоспары:
1. Қылмыстылық себептерінің ұғымы
2. Қылмыстылықтың себептерімен жағдайларын топтастыру
3. Қылмыстылықтың әр түрлі әлеуметтік себептерінің кешендік сипаты мен өзара ықпалы
4.лекция: Қылмыскердің тұлғасы
Жоспары:
1. Қылмыскердің жеке тұлғасына жалпы түсінік
2. Қылмыскердің жеке тұлғасының құрылымы
3. Қылмыскер тұлғасының типологиясы.
5.лекция: Криминологиядағы виктимология
1.Виктимологияның түсінігі, пәні
2. Виктимдік классификациясы
3. Криминологиядағы виктимділіктің алдын алу
6.лекция: Қылмыстылықтың алдын алу
Жоспары:
1. Қылмыстылықтың күрес жүргізудіңі негізгі бағыттары
2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі
3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері
4. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері.
7.лекция: Криминологиялық болжау
Жоспары:
1. Криминологиялық болжаудың түсінігі
2. Болжаудың түрлері.
8 . лекция: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оның алдын алу
Жоспары:
1. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминологиялық сипаттамасы
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының себептері мен жағдайлары
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу
9.лекция: Зорлықшыл қылмыстылық пен бұзақылық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы
Жоспары:
1. Зорлықшыл қылмыстылық пен бұзақылық қылмысының жалпы криминологиялық сипаты
2. Зорлықшыл қылмыстылық пен бұзақылық қылмысының себептері мен жағдайлары
3. Зорлықшыл қылмыстылық пен бұзақылықтың алдын алу
10. лекция : Экономика саласындағы қылмыстылық және оның алдын алу
Жоспары:
1. Экономикалық қылмыстылықтың криминологиялық сипаты
2. Экономикалық қылмыстылықтың жасалу себебі мен жағдайлары
3. Экономикалық қылмыстылықтың алдын алу
11. лекция: Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың криминологиялық сипаты
Жоспары:
1. Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының түсінігі мен криминологиялық сипаты
2. Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлық қылмысының себептері мен жағдайлары
3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу

1. Криминологияның ұғымы, пәні. Криминология - салааралық ғылым. Сол себепті оның анықтамасын
бір сөйлеммен айтып шыққанда түсініксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да криминолгияның қандай
ғылым саласын екендігін білу үшін ол туралы жалпы картинаны қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені зерттейтіндігін, яғни пәнін анықтау ләзім. Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша ''crіmen-қылмыс’’ және грекше ‘’logos-ілім’’. Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық-атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі -қылмыс сияқты боп көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес.Криминологияның ең басты мәселесі, жүрегі - қылмыстылық. Жұрт қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал.Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылық – қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адамәрекетінің бір түрі ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылыққылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың санннан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетті түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті. Мысалға, ешкім де сиырды бар болғаны он сегіз триллион клетканың жиынтығы деп айта алмайды. Иә ол сырттай қарағанда он сегіз триллион клетканың* жиынтығы, бірақ сіз әр жерден дәл сондай он сегіз триллион сиыр клетекасын жинағанмен,бәрібір ол сиыр болмайды (әрі кетсе ‘’соғым’’ болуы мүмкін). Яғни, жеке клеткада жоқ қасиеттер сиырда, яғни организмде бар. Клетка өзі сиырсияқты бұзауын іздемейді, шөп жемейді т.б. дегендей. Дәл осындай ойды тамшы мен теңіз туралы да айтуға болады. Жоғарыдағы сияқты бір-екі немесе жүз тамшы әлі теңіз емес, басқаша айтқанда әлі де теңіздік қасиеттерге ие емес (флора мен фаунаның, кеменің жүруі, шулау, толқын тудыру). Яғни қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының ғылымдары қылмысты әр түрлі қырынан келіп қарастыруға тырысса, криминология ол мәселелерді емес, қылмыстылық атты құбылысты зерттейді. Бұл криминологияпәнінің алғашқы компоненті. Криминологияға қылмыстылықты зерттеп қоя салу мақсұт емес. Әрбір зерттеудің түбінде қоғамға келетін пайда болу керек. Оның екінші айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Осы себептерді анықтау нәтижесінде ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдардың ешқайсысы да қылмыстылықтың себептеріне қол салмайды, тек әр қырынан тиіп-қашып жанап өтеді. Мысалға, қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыс құрамыныңбелгілерін анықтау үшін жеке сол қылмыстың себептері дәлелдеу пәніне кіреді және олардың алдын алу үшін сот жеке қаулы да шығара алады. Ал кең көлемде, құлашты кеңге сілтей отырып, жан-жақты әр түрлі көзқарастырды жинақтай отырып, қылмыстылықтың себептерінің жүйесін қалыптастыру криминологияның еншісінде. Осы сияқты, криминология жалпы қылмыстылықтың себептерін ғана емес, сонымен қоса, жеке қылмыстардың себептерін де зерттейді. Ал жеке қылмыс пен қылмыстылықтың айырмашылығын жоғарыда сөз еттік. Криминология мәселелерінен қалам тартқан авторлар осы екі компонентті екі бөліп қарастыруды жөн көреді. Демек, криминолгия пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Бірақ бұл да қылмыстылық атты жағымсыз құбылыстың пайда болатын қайнар көзін толық ашпайды.

1. Рогов И.И. и др. Криминология: Учебник. Алматы, 2006
2. Жадбаев С.Х. Криминология: Учебник. Алматы, 2002
3. Нуртаев Р.Т. Борьба с неосторожными видами преступлений. Проблемы эффективности. Алма-Ата, 1990
4. Ильхамов А.Н. Борьба органов внутренних дел с неосторожными преступлениями. Ташкент, 1990.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
15. Лекция тезистері
1-лекция: Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Жоспары:
1. Криминологияның ұғымы, пәні, міндеттері
2. Криминологияның пән аралық байланысы
3. Криминология курсының жүйесі
4. Криминология әдістері мен методологиясы
Әдебиеттер:
1. Аванасев Г.А. Криминология и социальная профилактика. М.,
1980. Гл.1-6.
2. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970.
3. Иванов Л.О., Ильина Л.В. Пути и судьбы отечественной криминологии. М.,
1991.
4. Карпец И.И. Соотношение криминологии, уголовного и
исправительного -трудового права. Советское государство и
право, 1981, №4, с.71-79.
5. Ной И.С. Методологические проблемы советской криминологии.
Саратов, 1976.
6. Стучков Н.А. Введение в криминологию. Л., 1977, гл.1.
1. Криминологияның ұғымы, пәні. Криминология - салааралық ғылым. Сол
себепті оның анықтамасын
бір сөйлеммен айтып шыққанда түсініксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да
криминолгияның қандай
ғылым саласын екендігін білу үшін ол туралы жалпы картинаны
қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені зерттейтіндігін, яғни пәнін
анықтау ләзім. Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша
''crіmen-қылмыс’’ және грекше ‘’logos-ілім’’. Демек, қылмыс туралы ілім
болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын
әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын
ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс
жүргізу құқығының де, қылмыстық-атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты
құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы
және қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс
философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары
бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы
әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады.
Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі -қылмыс сияқты боп
көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес.Криминологияның ең басты мәселесі,
жүрегі - қылмыстылық. Жұрт қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы
әбден ықтимал.Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те
түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылық – қылмыстардың жиынтығы,
бірақ ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адамәрекетінің бір түрі
ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылыққылмыстардың жиынтығынан
тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың
санннан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он
қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін
міндетті түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті. Мысалға, ешкім де
сиырды бар болғаны он сегіз триллион клетканың жиынтығы деп айта алмайды.
Иә ол сырттай қарағанда он сегіз триллион клетканың* жиынтығы, бірақ сіз әр
жерден дәл сондай он сегіз триллион сиыр клетекасын жинағанмен,бәрібір ол
сиыр болмайды (әрі кетсе ‘’соғым’’ болуы мүмкін). Яғни, жеке клеткада жоқ
қасиеттер сиырда, яғни организмде бар. Клетка өзі сиырсияқты бұзауын
іздемейді, шөп жемейді т.б. дегендей. Дәл осындай ойды тамшы мен теңіз
туралы да айтуға болады. Жоғарыдағы сияқты бір-екі немесе жүз тамшы әлі
теңіз емес, басқаша айтқанда әлі де теңіздік қасиеттерге ие емес (флора мен
фаунаның, кеменің жүруі, шулау, толқын тудыру). Яғни қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының ғылымдары қылмысты
әр түрлі қырынан келіп қарастыруға тырысса, криминология ол мәселелерді
емес, қылмыстылық атты құбылысты зерттейді. Бұл криминологияпәнінің алғашқы
компоненті. Криминологияға қылмыстылықты зерттеп қоя салу мақсұт емес.
Әрбір зерттеудің түбінде қоғамға келетін пайда болу керек. Оның екінші
айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Осы себептерді анықтау
нәтижесінде ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жоғарыда аталып
өткен ғылымдардың ешқайсысы да қылмыстылықтың себептеріне қол салмайды, тек
әр қырынан тиіп-қашып жанап өтеді. Мысалға, қылмыстық іс жүргізу құқығында
қылмыс құрамыныңбелгілерін анықтау үшін жеке сол қылмыстың себептері
дәлелдеу пәніне кіреді және олардың алдын алу үшін сот жеке қаулы да шығара
алады. Ал кең көлемде, құлашты кеңге сілтей отырып, жан-жақты әр түрлі
көзқарастырды жинақтай отырып, қылмыстылықтың себептерінің жүйесін
қалыптастыру криминологияның еншісінде. Осы сияқты, криминология жалпы
қылмыстылықтың себептерін ғана емес, сонымен қоса, жеке қылмыстардың
себептерін де зерттейді. Ал жеке қылмыс пен қылмыстылықтың айырмашылығын
жоғарыда сөз еттік. Криминология мәселелерінен қалам тартқан авторлар осы
екі компонентті екі бөліп қарастыруды жөн көреді. Демек, криминолгия
пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен
жағдайлары. Бірақ бұл да қылмыстылық атты жағымсыз құбылыстың пайда болатын
қайнар көзін толық ашпайды. Себеп өзі секіріп қылмыс жасамайды және мынау
қылмыстылықтың себебі деп маңдайына басылған фактор болмайды, ол жәй
қарапайым өмірде орын алып жүрген мән-жайлар, оларды қылмыстылық себебіне
айналдыратын адамдардың өздері. Олар осы жағдайларды өз санасында қорыту,
бағалау арқылы, өн бойынан сүзіп өткізгеннен кейін ғана олар себепке
айналады, бірақ біреу үшін қылмыс жасауға жеткілікті себеп болып табылатын
фактор екінші біреу үшін себеп емес, керісінше, жігерді қайраушы жағдай
болуы мүмкін. Мысалға, жеңіл ойға бой алдыратын адам үшін жұмыссыздық атты
фактор қылмыс жасау үшін жеткілікті себеп болса, келесі біреу оны
‘’құдайдың жіберген сынағы’’ деп бағалайды. Сондықтан, қылмыстылықтың пайда
болатын бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге де жағдайларды бағалайтын
қылмыс жасаушы адамның да жеке қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы
зор. Сонымен, криминологияның пәнін құрайтын келесі, төртінші компонент -
қылмыскердің тұлғасы. Осыған дейін криминология әжептәуір нәрселерді
зерттеп тастаған сияқты, бірақ қылмыстылықтың пайда болуына әсер ететін
тағы бір жай бар, ол - жәбірленушінің мінез-құлқы. Кейде жәбірленушілердің
өздері қылмыс құрбаны болуға тікелей үлес қосады, не болмаса, тікелей оны
ұғынбаса да жанама түрде себепкер болады. Айталық, толық таныс емес,
кездейсоқ адамдарды үйге әкеліп спирттік ішімдік ішеді, не болмаса ұрыс-
керіс үстінде ‘’Қане, ұршы мені, ұра алмайсың, еркек емессің’’ деген сияқты
сөздермен қайрайды. Егер де болашақ жәбірленушілер өздері үлес қоспағанда,
не себепкер болатын жайлардың алдын алып жүргенде әлде қалай болар еді.
Сондықтан, криминология жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын
зерттеуді өз мойнына алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның
зерттеу пәніне кірмейді (қылмыстық іс жүргізу оларды тек қорғауды жүзеге
асырады). Бірақ криминологияның шаруасы мұнымен де түгесіліп қалмайды.
Өйткені, қылмыстылық пен оның себеп-жағдайларын анықтағаннан жарытып пайда
келмейді. Осы ғылымның және оның ғана емес, барлық қылмыстық-құқықтық
циклдегі құқық салаларының басты мақсаты - қылмыстылықты болдырмау, яғни
оның алдын алу. Қылмыстық құқықтық бағыттағы құқық салалары мен олардың
ғылымының да қоғам үшін керегі - қылмыстылықтың алдын алу үшін
күресетіндігінде. Осы жерде ‘’Өз өзіне қарсы шығатын екі-ақ ғылым бар’’ деп
те қалжыңдауға болады, яғни бірі - медицина, екіншісі - қылмыстық-құқықтық
циклдегі ғылымдар. Қалжыңдап айтқанда, медик сырқат болмас үшін күреседі,
бірақ сырқат жоқ болса, дәрігерге жұмыс та жоқ, дәл сол сияқты, қылмыспен
күресетін мамандар қылмыс болмасын дейді, болмаса, оларға да жұмыс жоқ.
Әрине, мұның тек қалжың екенін ұмытпаған жөн, әйтпесе, қатты жұмыс істеп
кетсек, жұмыссыз қалады екенбіз деп ойлауға әсте болмайды. Қорыта айтқанда,
криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент -
қылмыстылықтың алдын алу. Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір
әрекеттер жасалуы керек. Соның бірі - қылмыстылықты болжау. Мысалға, А.
пункітінен Б. пункітіне бір машина шықты деп есептейік және оған жететін
бес жол бар. Осы автокөлікті жылжып келе жатқан қылмыстылық деп
есептесеңіз, оны тоқтату - оның алдын алу. Тоқтату үшін, әлбетте, оның қай
жолмен жүретіндігін білу керек, әйтпесе, бос әуре болады, барлық жолдарды
‘’мемлекет’’ жауып тастай алмайды. Қай жолмен жүретіндігін білу дегеніміз -
оны болжау. Демек, криминогияның пәнін криминологиялық болжау да құрайды.
Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:
1) қылмыстылық;
2) қылмыстылықтың себептері;
3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;
4) қылмыскердің тұлғасы;
5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;
6) қылмыстылықтың алдын алу;
7) криминологиялық болжау.
Кейбір авторлар, осы тізімге тағы бір компонентті қосады, ол -
криминологиялық зерттеулердің әдістері.Басқа бір авторлар оған қарсы
шығады. Қосқысы келетіндер өз ұмтылысын криминология ғылымының сан салалы
болғандықтан, онда өз қанынан өзгенің қаны көп екендігін ескеріп, оның
әдістері де сан қилы болып келетіндігімен түсіндіреді. Сол себептен, жан
жақтан құралған ғылыми тәсілдерді (социологиялық, статистикалық,
психологиялық, биологиялық, математикалық т.б.) бір жерге біріктіру де
аталған ғылым пәніне ену қажет деп есептейді. Ал оған қарсы шығатындар кез
келген ғылымның пәні ‘’нені зерттейді?’’ дегенді білдірсе, оның әдістері
‘’қалай зерттейді?’’ дегенді білдіреді дейді, яғни ‘’нені зерттейдіге’’
‘’қалай зерттейдіні’’ қосу орынсыз деп санайды олар.
Криминологияның түсінігі. Жоғарыда тізімі келтірілген криминология
пәнінің компоненттері қолдана отырып, оның түсінігін беру - анықтама
берудің ең оңай жолы, яғни криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның
себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің
мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың
алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым. Не болмаса, ғалымдардың
бір шоғыры осылардың бәрін тізбектеп жатпай қысқартылған да анықтама
береді, олардың айтуынша криминология - қылмыстылықты, оның себептерін және
қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықтың алдын алуды зерттейтін салааралық
ғылым саласы. Олар жоғарыда айтылған компоненттерді жоққа шығармайды, бар
болғаны оларды ірілендіріп біріктіреді, яғни қылмыстылықтың себептерін,
жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, сондай-ақ жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасын қылмыстылықтың себептеріне шоғырландырса, қылмыстылықтың
алдын алу мен болжауды бір деп қарастырады. Криминология ғылымын басқа
қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы
ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты
өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз
құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру,
маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда)
әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты -
әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы
криминолгия үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға
қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны
ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын
жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.
Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі
міндетін атауға болады: 1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті.
Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау
2. Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері
туралы негізді ұсыныстар жасау.
3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді,
сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.
2. Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы. Криминология таза
ғылым саласы. Бірақ Н.Ф.Кузнецова оны ‘’әлеуметтік-құқықтық салааралық
ғылым және заңдардың кешендік саласы’’бір деп те есептейді. Бірақ заңдардың
кешендік саласы екендігімен келісе қою қиын. Заңдардың саласы болған соң ол
да құқық жүйесіне ену керек. Осы жерде криминологияның сабақтас құқық
салаларымен арақатынасын қарастыру барысында құқықтық өзі де үш түрлі
мағынада түсінілетіндігін ескерген жөн. Әйтпесе, криминология мен қылмыстық
құқықтың құқық саласы ретіндегі мағынасы қиюласпайды. Осы жерден-ақ ашып
алайық. Себебі, студенттер кез келген құқық саласынан оқу пәнін бастағанда,
оқытушы оның үш түрлі мағынасын, атап айтқанда, құқықтың саласы ретінде,
оқу пәні ретінде және ғылым саласы ретінде түсінілетіндігін айта отырып,
осы үшеуін бір бірімен шатыстырып алмауды сұрайды. Мысалға, қылмыстық
құқықты алайық. Қылмыстық құқық құқық саласы ретінде бар болғаны мемлекет
пен қылмыс жасаушы тұлғаны арасында қылмыс жасау сәтінде пайда болған
қылмысқа қатысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол сияқты
өзге құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастардың
кейбірін қорғайтын және өзге ешқандай да құқық саласымен реттелмеген, тек
мораль, этика т.б. әлеуметтік институттармен реттелген кейбір қоғамдық
қатынастарды қорғайтын нормалардың жиынтығы. Ал ғылым ретінде осы нормалар
туралы, олардың практикада қолданылуы туралы (құқық ретінде оның практикада
жұмысы жоқ), тарихы мен оларды жетілдіру туралы және осындай нормалардың
шет елде қолдану практикасы туралы көзқарастардың, жүйеленген идеялардың
жиынтығы (нақтылау үшін оны қылмыстық құқықтың ғылымы деп те атайды). Ал
оқу пәні ретінде қылмыстық құқық ғылыми көзқарастарды қолдана отырып,
қылмыстық құқықты құрайтын нормалардың мәнін ашады. Демек, криминологияның
осындай құқық салаларымен арақатынасын анықтағанда олардың ғылымы алынуы
керек, себебі криминологияның өзі де таза күйіндегі ғылым. Бірақ сол құқық
салалырының ғылымы аспаннан түскен жоқ сол нормалар туралы, ал нормалар
болса ғылымына тікелей бағынышты: тиісті механизмдерден өтсе, ғылымының
айтқаны құқық саласында жүзеге асады.
Қылмыстық құқық және криминология. Қылмыстық құқық бар болғаны жасалған
нақты қылмыстың мәселелерімен, атап айтқанда қылмыстық жауаптылық
мәселесімен айналысады. Ал криминология оның түбіріне бойлайды: қылмыстық
құқық үшін бар болғаны қылмыстың үш сатысы қажет болса, криминология үшін
оның қылмысқа дайындалудан бұрынғы этаптары да маңызды (мотивацияның
қалыптасуы, мотивацияға дейінгі жолдар - мұқтаждық, өмірлік жоспар, мүдде,
мүмкіндік т.б.); қылмыстық құқық үшін қылмыстың жалпы субъектісінің бар
болғаны үш белгісі маңызды болса (адам болуы, жасқа толуы және есі дұрыс
болуы), ал криминология үшін оның туылған сәтінен бастап барлық факторлары
мен қасиеттері маңызды (тәрбие жағдайы, психологиясы, барлық демографиялық
белгілері т.б.). Қылмыстық құқықта қылмыстылықтың алдын алу үшін жалпы және
арнай ескертулер, кей жағдайда жауаптылықтан босататын марапаттаушы
нормалар турасынан ғана қарастырса, криминология қылмыстылықтың алдын
алудың кешенді шараларын жасайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминология. Қылмыстық іс жүргізу
құқығы қылмыстық процестің міндеттерін орындауға, яғни қылмысты тез және
толық ашуға, қылмыс жасаған тұлғаны әшкерелеуге, оны қылмыстық жауаптылыққа
тартуға және қылмыстылықтың алдын алуға байланысты туындаған қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Криминология таза күйіндегі
процессуалдық мәселелермен, яғни айтылған міндеттерді орындау кезінде құқық
қорғау органдары мен өзге тұлғалардың (керек кезінде ғана) арасындағы
қатынастарды реттеумен айналыспайды. Бірақ қылмыстылықпен күресті тиімді
жолға қою үшін қылмыстық процесс ғылымына криминология ұсыныс айта алады.
Тек олардың қабысатын жері қылмыстылықтың алдын алу міндеті, бірақ бұл
жерде де қылмыстық іс жүргізу құқығы өзіне бұйырған қылмыстық қудалау
органдарының ісіне қатыстысымен ғана шектеліп қалады, ал криминологиялық
шаралардың ауқымды екенін жоғарыда сөз еттік.
Қылмыстық-атқару құқықығы және криминология. Алғашқысы тек қылмыстық
жазалардың орындалу мәселесімен ғана айналысады. Алдын алу бәріне тән
болғандықтан, әсіресе, рецидивистік қылмыстылықтың алдын алу мақсатында екі
ғылым бірігіп жұмыс жасай алады.
Статистика және криминология. Статистика құбылыстардың сапалық жағын
есекере отырып, сандық мәселесімен айналысатындықтан, осы құбылыстардың
ішінде қылмыстылық та бар. Сол себепті криминология да статистиканың
көмегіне жүгіне алады. Статистиканың қылмысқа қатысты бөлігінің нәтижелері
криминологиялық зерттеулер жүргізуде көптеп қолданылады, бірақ статистика
(оның қылмыстылыққа қатысты бөлігін қоса алғанда) өзі криминологияның алға
қойған міндеттерін қоймайды.
Психология және криминология. Психология тек психикалық құбылыстарды
қандай да бір бағытқа, мақсатқа бейімдемей зерттесе, криминология оның
нәтижелерін қылмыстылықтың себептерін анықтау мен күресуде қолдану үшін
пайдаланады. Психологиялық дәрежеде зерттелген қылмыстылық мәселелерін
микрокриминология деп те атайды.
Социология және криминология. Оның мәселесі де психология немесе
статистика сияқты шешіледі. Социология әлеуметтік құбылыстарды зерттейді,
сол себептен социологиялық деңгейде қылмыстылық мәселесі зерттелсе, оны
макрокриминология деп те атаушылар бар. Жалпы алғанда, айта кету керек,
криминологияның қандай ғылымның ағымы екендігінде де әлем доктринасында
бірізділік жоқ. Мысалға, оны англосаксондық жүйе - социологияның саласы
десе, континентальдық доктрина - қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының
арасындағы сала деп есептейді. Соның ішінде, Италия - биологияға басымдық
берсе (оның тарихи қалыптасқан себептері де бар), Франция - клиникалық
жағына басымдық (психологиялық және психиатриялық аномалиямен
байланыстырады) береді, ал Германия- биологиялық және социологиялықтың
бәсекесі деп есептеп, соңғысына көбірек бүйрегі бұрады. Біздің қазақстандық
доктрина криминологияның салааралық ғылым екендігін мойындай отырып, құқық
салаларына жақын болуын қалайды. 2002 жылы Санкт-Петербург қаласында ТМД
елдерінің криминологтарының конференциясы өтті (Қазақстаннан өкіл - проф.
Е.Қайыржанов). Онда криминология ғылымындағы өзекті мәселелер мен әр түрлі
жаңашыл көзқарастар талқыға ұсынылған. Соның бірі -криминологияны қылмыстық-
құқықтық циклдағы салалардың методологиясы, үйлестірушісі ретінде
қарастыру.
3. Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы емес. Бірақ құқық
салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол - жалпы және ерекше бөлімдерден
тұру. Криминологияның жалпы бөлімі (немесе жалпы криминология) жоғарыда
аталған өз пәнін (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама
қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме
қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты
қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған білімдер нақты
қолданылады. Мысалға, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы алынып, тек
қана соның деңгейі, қарқындылығы, динамикасы (жалпы бөлімде барлық
қылмыстылықтың осындай көрсеткіштері зерттеледі), тек қана соның себептері
(жалпы бөлімде барлық қылмыстылықтікі), тек қана кәмелетке толмағандардың
жасаған қылмысын жәбір шегетіндердің мінез-құлқы мен тұлғасы, тек қана
кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасы, тек қана осы қылмыстылықтың
түрінің алдын алу мен болжау сөз болады. Дәл осы сияқты әйелдердің
қылмыстылығы, рецидивистік қылмыстылық, кеден қылмыстылығы, коррупциялық
қылмыстылық т.б. жөнінде де осылай айтуға болады.
4. Криминологияның әдістері мен методологиясы. Криминологиядағы жалпы
ғылымдық әдістер. Соңғы уақытта терминжасамға байланысты пайдасы шамалы бір
үрдіс қалыптасты – ол барлық терминдерді бір шыбықтың астына алып
қазақтандыру. Осының нәтижесінде жаңадан ‘’әдістеме’’, ‘’әдіснама’’,
‘’тәсілдеме’’ деген тәрізді терминдер қолданыста жүр. Олар методика,
методология терминдерін тәржімалауға тырысқан. Бірақ бұл қолдауға тұрарлық
іс емес. Енді осы ұғымдардың арқатынасына келейік. Әдіс - ол белгілі бір
нәтижеге жетудің жолы болса, методика - ол осындай әдістердің жиынтығы, ал
методология - әдіс туралы ілім болып табылады. Криминологияда қолданатын
әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы ғылымдық және арнайы ғылымдық деп
жіктеуге болады. Соның ішінде жалпы ғылымдық әдістерді оның табиғатына
қарамастан барлық ғылымдар қолданады. Олар:
- абстрактіліктен нақтыға өту. Бұл әдіс, ең алдымен, бұған дейінгі
қылмыстылық, оның детерминанттары мен жасалған шаралардың тиімділігі туралы
жеткен нәтижелерге көз жүгіртуді, және, одан кейін, ол жеткен нәтижелердің
де жеткіліксіз екендігін білу мен қылмыстылықтың, оның детерминанттарының
қозғалып бара жатқан ашық жүйе екендігін үнемі есте ұстауды білдіреді. Әл-
Фарабидың сөзімен айтқанда, құбылысты неғұрлым жақсы танып, оған жақындаған
сайын ол да соншалықты одан қашады.
- гипотеза. Бұл әдіс бұған дейін алынған эмпирикалық мәліметтерді есепке
ала отырып, жөн-жосықсыз зерттеу жүргізбей, зерттеуді мақсатты жүргізуге
жәрдемдеседі.
- жүйелік-құрылымдық талдау. Кез келген құбылысты құрылымдық элементтерге
бөліп және олардың өзара ықпалын зерттеуді білдіреді.Қылмыстылықтың
құрылымын немесе оның детерминанттарын топтастырғанда оны аңғаруға болады.
Сол сияқты қылмыстылықтың өзі де қоғам деп аталатын үлкен жүйенің элементі.
- тарихи әдіс. Неғұрлым ұзақ мерзімді алып зерттеуді көрсетеді.
- салыстыру. Әр түрлі елдердегі осы құбылыстың зерттелуін
салыстыруды мегзейді . Криминологияда қолданылатын әдістерді реактивтік
және реактивтік емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші мен зерттелушінің
тікелей байланысқа түспей-ақ зерттеу жүргізу әдісін білдірсе (мысалға,
қылмыстық материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші мен
зерттелушің түйісуі нәтижесінде мәлімет жинауды көрсетеді (мысалға, сұхбат
алу, анкета жинау т.б.).
Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер. Криминологиялық
зерттеулер жүргізген кезде көп қолднылатын әдістердің бірі - нақты
социологиялық әдістер. Олардың мынандай түрлері бар: 1) құжаттарды талдау
әдісі. Бұл әдіске латенттік қылмыстылықты зерттеу жөнінде әңгіме қозғағанда
аздап жанап өттік. Бұл құжаттар, әдетте, осы зерттеліп отырған мәселеге
орай емес, мүлде басқа себеппен жиналған, бірақ криминологиялық зерттеу
жүргізу үшін оларды қолдануға болады. Мысалға, азаматтық-құқықтық
құжаттарды талдау арқылы (қорлауға байланысты моральдық шығынды өтету
туралы талаптар) шағымданбай қалған қылмыстардың мөлшерлі санын анықтау.
2) Байқау. Оның үш түрі бар: а) сырттай байқау, яғни байқаудың қарапайым
түрі: мысалға, қарапайым зерттеушінің әрекеті; ә) іштей байқау, мысалға,
кеден қылмыстылығын байқау үшін кеден органдарына жұмысқа орналасу; б)
қатысушы-байқаушы, яғни қылмыстық мінез-құлықты байқап қана қоймай, оның
кейінгі бағытына байқаушының да ықпал етуі: мысалға, сол кедендегі
контрабандамен айналысатын қылмыстық ұйымға мүше болып кіру. Соңғысы,
қаншалықты криминология ғылымына пайдалы әрі тиімді зерттеу болса да
байқаушы-қатысушының жасаған қылмыстары үшін құқық қылмыстық жауаптылықтан
босатпайды.
3) әлеуметтік эксперимент. Ол әдіске сәйкес ұсынылған гипотезаларды
қорытындылай келе эксперимент жасалып, оған дейінгі және одан кейінгі
нәтижелер салыстырылады. Егер тиімді болса, практикаға енгізіледі. Мысалға,
қылмыскердің түзелуі мен рецидивистік қылмыстылықтың алдын алуда тиімді
болып есептелетін қоныс-колониялар ең алдымен осындай әлеуметтік
эксперимент есебінде сынақтан өткен.
4) Сауалнама (опрос): а) Қарапайым сауалнама. Оның да екі түрі бар: а)
іштей (сұхбаттасу) және сырттай (анкета жүргізу). Анкетаның өзі де
анонимдік немесе қарапайым бола алады. Осы жерде, сұхбаттасу мен
әңгімелесудің айырмасын білген жөн. Сұхбаттасу кезінде тек қана
корреспондент пен респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар болса,
әңгімелесуде әңгіменің еркін өрбуіне екі тарап та үлес қосады. Әдетте,
әңгіме жүргізуші-зерттеуші өзінің мақсаттары туралы жасырады, тіпті, әңгіме
барысы үшін және оппонеттің жанына үңілу үшін ойдан шығарылған оқиғаларды
айтуға шейін барады. Осы сауалнамада маңызды нәрсе болып сұрақтарды құру
мен сұраунама техникасы табылады. Сұрақтарды құрастыруға байланысты кейбір
мынандай талаптары бар:
1) сұрақ нақты, қысқа, түсінікті және қарапайым болуға тиісті;
2) сұрақ жауапта ескерілуге тиісті уақытты, орынды және контексті
көрсетуі тиіс;
3) көпмағыналы сөздерді қолданбаған абзал;
4) бақылаушы, нақтылаушы сұрақтар негізгі сұрақтан кейін іле-
шала қойылмауы тиіс;
5) сұрақ болып қалуы мүмкін балама жауаптырды көрсетуі тиіс
(терістуші, жақтаушы т.б.);
6) жауапты нақтылау керек болғанда сұраққа кішкене алғысөз
келтіруге болады;
7) сұрақты түзу мен оның мағынасы сұралушылардың тәжірибесі
мен қызмет салсын ескеруі қажет;
қиын сұрақтар мен сұралушыны толғандыратын сұрақтар анкетаның
басында қойылмауы керек.
ә) Социометриялық сауалнама. Социометрия сөзі латынша socіum (жолдас,
қатысушы) және metrum (өлшеу) деген екі сөзден шыққан.Ол -сол индивидуумның
бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін топтарымен әлеуметтік-эмоционалдық
байланысын сапалы талдауға арналған техникалық амалдар мен процедуралардың
жүйесі, яғни өзге ‘’жолдас’’ топ мүшелерімен арақатынасты қарапайым жолмен
анықтау. Криминологияда социометрия сирек қолданылса да, жанұялық
криминология деп аталып жүрген криминологияның ерекше бөліміндегі жанұя
саласындағы қылмыстылықты зерттеу мен алдын алуда таптырмайтын құрал.
б) Сарапшылық бағалау әдісі. Бұл әдіс сарапшылардың пікіріне сүйеніп
қортында жасау болып табылады. Кез келген маманның емес, осы аумақта
тұратын және ондағы криминогендік жағдайды білетін мамандардың пікірі
жиналады. Сарапшылардың саны зерттеудің маңызына байланысты. Сарапшылардың
арасында сұраунама жүргізу топтық та, жеке-дара да; іште де, сырттай да;
ауызша да, жазбаша да; жалпы да, жеке де мәселелер бойынша болуы мүмкін.
Олардың пікірін жинай отырып, кесіп айтылған, жалпы жұрт пікірінен қия
кететін гипотезалар алынып тасталады да, жалпы, ортақ бір қорытынды
шығарылады. Эксперттік бағалау әдісінің тек субъективтік пікірге ғана
сүйнетіндігінен өз кемшіліктері болғанмен де, кейбір криминологияны
толғандыратын мәселелерді осы әдісті қолданбай зерттеу мүмкін емес.
Нақты статистикалық әдістердің ішінде криминология көп арқа сүйейтіні
- ол байқау, бірақ ол социологиялық емес, статистикалық байқау. Байқаудың
өзі статистикалық зерттеулердің бірінші сатысы екендігі анық. Статистика да
құбылыстардың сапалық жағын есепке ала отырып, сандық жағын зерттейді және
оның заңдылығын анықтауға тырысады. Заңдылықтар статистикалық қана емес,
динамикалық та бола алады. Екеуінің айырмашылығы сонда - динамикалық
заңдылықты жаратылыстану ғылымдары бойынша жалғыз ғана зерттеу объектісін
алып анықтауға болады. Мысалға, тарақанның көбею инстинкті бар екендігін
жүздеген-мыңдаған тарақанды зерттемей-ақ, бір-екі, ары кеткенде оншақты
мұртты қоңызды зерттеп-ақ анықтауға болады. Ал статистикалық заңдылықты тек
қана массаны, зерттеу объектісін жаппай алып қана анықтауға болады.
Статистикалық заңдылығын анықтауға жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық.
Бірді екілі қылмыстың себебін ғана анықтап, оларды барлық қылмыстырға
таңуға әсте болмайды. Сондықтан да қылмыстылық деп аталатын салыстырмалы
жаппай құбылыстың көріністерін неғұрлым кеңірек, көбірек алып қарастыруға
тырысу керек. Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік
қылмыстардың да бар екенін ескеру керек. Статистикалық байқаудағы жиынтық
бірлігінің толықтығаны қарай оны: жаппай байқау және іріктеп байқау деп
бөлуге болады. Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті
байқау (барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым бөлігін назарға алу); ә)
монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін
талдау); б) таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың
объективтік заңдылығын анықтау үшін жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ
алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне қарамай алынуы керек.
Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда
жасаған қылмыстарына бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші
бел буды делік. Ол үшін рецидивистердің зерттелетін бөлігі кездейсоқ алынуы
керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау
жүргізіп, тек қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді
ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың
объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі
болып қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей
алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы.
Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық
‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па
еді?!! Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай түрлерін
ажыратады: қарапайым, кездейсоқ, жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы,
аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б. Осы жерде заңдылықты
көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік ұғымына назар сала кеткен жөн.
Репрезентативтілік дегеніміз – басты жиынтықтың параметрлерін таңдаулы
жиынтықтың көрсете алу қабілеті. Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған
қылмыстарға қатысты үш жүз қылмыстық істі зерттеп, кәмелетке
толмағандарсанының шамамен 14%-нде қылмыстық жолға түсуіне жолдас-жоралары
ықпал еткен деген заңдылығын шығарамыз. Бірақ бұл Қазақстанда жасалған үш
жүз кәмелетке толмаған адамның қылмысы ғана. Ал шын мәнінде жылына он
мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де осы жыл сайын
жасалатын кәмелетке толмағандардың қылмысын тіркеп, олардың сеьептерін
бірден есепке алатындай құрал табылса және осы құралымыздың өзі шыныда да
олардың 13,4%-нде олардың қылмыс жасауына жолдас-жоралары итермелейді деп
анықтаса заңдалығын, онда расында да жоғарыда кездейсоқ таңдалып алынған үш
жүз қылмыстық істің репрезентативтілігі бар. Егер де мүлде жақындамайтын
заңдылық анықталса, керісінше, зерттелген материалдардың
репрезентативтілігі жоқ болып шығады.
2-лекция: Қылмыстылық
Жоспары:
1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері
2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері
3. Қылмыстылық латенттілігі
4. Қазақстандағы қылмыстылықтың жағдайы
Әдебиеттер:
1. Антонян Ю.М, Бородин С.В. Преступность и психические аномалии.
М. 1977.
2. Бейсенов Б.С. Алкоголизм: уголовно-правовые и криминологические
проблемы. М. 1981.
3. Вицин С.В. Системный подход и преступность. М. 1980.
4. Горяинов К.К., Исиченко .П., Кондратюк Л.В. Латентная
преступность. М., 1994.
5. Джекебаев У.С. Преступность как криминологическая проблема.
Алма-Ата, 1974.
6. Изменения преступности и проблемы охраны правопорядка. М.,
1994.
7. Коган В.М. Социальные свойства преступности. М., 1977.
8. Кузнецова Н.Ф. Преступление и преступность. М., 1969.
9. Латентная преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993.
10. Лунеев В.В. Преступность ХХ века. Мировой криминологический
анализ. М. 1997 г.
11. Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в
Республике Казахстан. Алматы 1999
12. Преступность и правонарушение в СССР. М., 1990.
13. Яковлев А.М. Преступность и социальная психология. М., 1971.
1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық - бұл
салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық- құқықтық
сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған
қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай
анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы
анықтаманың мұрты қисайған жоқ.Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда
айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады,
ол -қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді
мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір
организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші,
қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты
екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей
болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян. Мысалға,
тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та
2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше Адам
қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен
алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады:
оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай
болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек
белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау
эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып
шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны
бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады. -
тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі
өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер
басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-
сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс
болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса
сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол
дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі
құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа
елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады. Жоғарыдағы белгімен
сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі.
Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың
жиынтығынан тұрады, ал әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа
сүйене отырып Тани аламыз. Оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген
құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге
болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде түсініксіз, себебі
Адам ата - Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ даласында қанша қылмыс
болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы қылмыстылық десек те Әлемнің
түкпір-түкпірінде қанша қылмыс болғанын білмейміз. Оның әлеуметтік құбылыс
екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.
Оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін,
өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ
олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана
себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды
ортақ деп айтуға әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың,
көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады?
Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та (антогонистік
қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар
қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте шындық. Қылмыстылық қоғамның төл
баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы бағытталған сырқаты. Осы жерде
қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. Кері
байланыс дегеніміз қандай да бір құбылыстың, процестің нәтитжесі сол
құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткенде орын алатын байланыс
түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым түрде былай түсіндіруге болады.
Сөйлеп тұрған (қызмет) шешен оның тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын
(нәтиже) байқайды. Олардың ұйып тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан
да әсерлі сөйлеуіне (қызметке) ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам
шашына ақ түскендігін байқайды. Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген
уайымынан да шашы ағарады. Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1)
туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының
нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады
(Қғ2), соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2),
осылай жалғасып кете береді.
2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері
бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.
Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан
Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56
164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150
790 болған.
Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады.
Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты
және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге
қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:
Кф = қылмыс фактілерінің саны х 10 000 (масса) халық саны
Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін
көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті,
яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек, Кф = 206
006 х 10 000 (масса) = 121, 18 17 000 000 яғни 1993 жылы әрбір он мың
халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс
жасалды, яғни Кф = 135 151 х 10 000 (масса) = 96, 53 14 000 000 демек, 2002
жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген. Ал 2003 жылғы ахуал
одан өзгеше: Кф = 118 485 х 10 000 (масса) = 84, 63 14 000 000 Бұл 1993
жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге
көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен
дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002
жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны
демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент
шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық
жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт
жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін
себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе
(өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады),
соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік
асқынғандығын көрсетеді. Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты.
Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады,
бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады.
Мысалға, Кт = қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса) халық саны
Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді
дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс
жасаған дегенді білдіреді.
Қылмыстылықтың құрылымы - бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт
аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің
үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де
формуласы бар: Ққ = Қт х 100 Қб Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың
құрылымы; Қт- нақты қылмыстылықтың түрі; Қб - барлық қылмыстылық саны; ал
100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш. Мысалға, 1999 жылы ауыр және
аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және
орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5%
(ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы -
53% те 47%; 2002 жылы - 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық
қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлессалмағы артқан. Не
болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы – 2531 болса, пайдақорлық-зорлықшыл
қылмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тонау, қарақшылық) - 13285, ал
Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге
қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ.
Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).
Заңдылық, сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес
салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде
көрсетілген қылмыстардың соңғы бес жылдағы үлес салмағы мен олардың
өзгеруін былайша көрсетуге болады (2-суретті қараңыз):
Қылмыстылықтың динамикасы - белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың
деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға
байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады: 1) ағымдағы талдау - 1 жылға
жүргізілетін есеп; 2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға,
онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау; 3) қылмыстылықтың
мерзімдік өзгерістерін талдау. Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен
жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері
бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис)
жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп
жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі ''+'' таңбасы
қойыла отырып жазылады, ал керісінше болса ''-'' таңбасы қойыла отырып
жазылады. Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл
әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл
алынып отырады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990
жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы
әдіс) салыстырып шығайық.
Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы -бір жылдың ғана
емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері
алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол
көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың
орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы
қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жлдығын алып көрелік (3-суретті
қараңыз).
3. Қылмыстылық латенттілігі. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әртүрлі
себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тысқалған қылмыстардың
жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді.
Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп
жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады.
Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да
қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге
болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі
(латенттік) көлемді болып келеді. Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің
жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша
оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт
жасау 1100; қарапайым ұрлық - 120; ірі мөлшердегі ұрлық - 18; тонау -
15; алаяқтық - 120 т.б.
Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған
(жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау
органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге
‘’садақа’’ деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына
хабарланғанмен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған
қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс
істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін,
жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою,
қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы
соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар
күштеп төмен басады (4-суретті қараңыз). Кейбір авторлар үшінші бір
латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады - ол дәлелденбей қалуына байланысты
қысқартылған істер. Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір
зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік
қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау органдарына
хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде де зерттеуден тыс
қалғанында. Оның назардан тыс қалуы қылмыстылықтың жалпы картинасын
бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз,
алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың
кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз.
Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді. Осы жерде латенттік
қылмыстылықтың жағымсыз салдарын айта кетейік, ол:
- қылмыстылықтың шын мәніндегі мөлшері, деңгейі, құрылымы, динамикасы,
әкелген зияны туралы пікірді бұрмалайды;
- қылмыстылықты болжаудың дұрыстық деңгейін төмендетеді, қылмыстылықпен
күресудің бағытын анықтауда қиындық туғызады;
- жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы туралы принципті
жүзеге асыруға кедергі келтіреді;
- құқық қорғау органдарының беделін түсіреді;
- қылмыстылықтың, әсіресе, рецидивтік қылмыстылықтың өсуіне сеп болады;
- азаматтардың қылмыстылықпен күресудегі белсенділігін бәсеңдетеді. Жасалып
жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға қабілетті. Латенттілік
деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:
1. Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау,
ауыр дене жарақатын салу т.б.);
2. Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);
3. Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз
аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру). Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке
ие болуы оларды жасаушы мен жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың
ауырлық деңгейіне байланысты. Жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz