Интернет құрылымы және қызметі


КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, экономиканың, жалпы халық шаруашылығы сапаларының зор қарқынмен дамуын есептеу машиналарсыз кљзге елестету қиын. Қажетті есептеу жұмыстарын тез әрі мінсіз орындап отыру үшін күнделікті түсіп жатқан ұлан-ғайыр информациялардың біраз бөлігін пайдалану керек. Ал жоспарлау кезінде бір ғана есептің толып жатқан түрлерін, варианттарын қарастыратып, солардың ішінен ең тиімді дегенін таңдап алуға тура келеді, бұл оңай жұмыс емес.

Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған осыдан жиырма бес жыл бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып табылады. ARPANET-тің дамуы мен қатар басқа да желілер жетіліп отыр. 1973 жылы ARPA агенттігі өзінің DARPA aтымен Internetting Project программасын жасай бастады. Оның мақсаты - информацияны таратудың әр түрлі әдістерін қолдананатын желілерді біріктіруді анықтау болды.

Сөйтіп Internet тек желі ғана емес, ол желілердің желісі. Internet көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниеге ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде орналасқан. Internet -тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (дәлірек айтқанда, әркім одан файлдар алып, мәліметтер қоймасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға рұқсат алады) . Мұның өзі Internet - ке қосылған басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуға мүмкіндік бар. Бұл күндері біздің елімізде компьютерлік техника мен бірге жаңа информациялық технологиялар оқу процессіне табанды түрде енгізілуде, олардың әртүрлі пәндерді оқыту барысындағы және ғылыми жобалар мен жазбаларды орындауға пайдалану қажеттілігі айқындала түсуде. Сондықтан информациялық технологияларды үйрену жұмысын, оның ішінде компьютерлік телекоммуникацияны аса жоғары сапалы деңгейде ұйымдастыру қажет екені көрінеді. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану алыстағы компьютер мен диалогтық режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.

Internet жүйесіне саяхат жасай отыра, Web беттерінің әртүрлілігіне назар аударамыз. Кейбірлері ұсқынсыз, ешбір тартымсыз, сәйкесінше болмайтын нәрселермен толтырылған. Сондай және басқа беттерді жасайтын Web -дизайнерлер немесе Web -шеберлер болып табылады. Жақсы Web - дизайн оны жасайтын адам қаншалықты интелектуалды тәртіпті соған байланысты болады. Web беттерінде қолданылған мүмкіншіліктерді бізде қолдана аламыз.

Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі Web бетін кез-келген қолданушы құрастыра алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Бұрын арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана Web беттерімен жұмыс істей алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді. Internet -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе - күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. Адамдар интернет технологияларын пайдалана отырып, осы мәліметтер арқылы тығыз байланыста болады. Пайдаланушыларға өте тиімді графика және анимациялармен жеңіл көркемделінген Web - беттерін тез ендіріп, Web - браузер терезесінде дұрыс көрсетілуі тиіс. Мен өзімнің дипломдық жобасында Web-беттерін құрастыруда, нені түсініп білуім қажет екендігін талап қылдым, Web-беттеріне байланысты қандай программалар тиімді екенін және оны қалай тиімді пайдалануы керектігін түсіндім.

Ұсынылып отырған түлектік жұмыста Web- парақтарды құруға қолданылатын негізгі HTML -гиперсілтемелер тілі мен JavaScript тілінің негізгі құрылымы қарастырылған. Дипломдық жоба жеке тақырыпшаларға бөлінген, әрбір лабораториялық жұмыстың мақсаты анықталып, негізгі ұғымдары берілген.

Сонымен өз жұмысымда Web-бетін HTML және JavaScript тілін пайдаланып қалай құру керектігін қарастырдым. Бұл негізінде бізге Web - беттерінің құрылымдарымен танысуға және оның дұрыс көрнекілігімен қолдануына мүмкіндік береді.

HTML - ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ТІЛІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Internet - кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір - бірімен TCP/IP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) - мәліметтерді алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге бөлетін желіаралық хаттама.

TCP (Transmisson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін атқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Интернет желісінің құрылымы

Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен тұйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір - бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет.

Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, (газет, журналдар), жарнамалар, т. с. с. мәліметтер сақталады.

Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (IP - адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машиналар мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.

Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютерлер телефонмен қалай қосылады деген мәселелрге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasanq, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. с. с. мекемелер жұмыс істейді.

Internet - те қызмет көрсету провайдері - ISP / Internet Service Provider/, Internet - пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ақпартты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына - ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос - Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютерлер /клиент/ арасындағы байланыс болуы үшін, жіберленген ақпарат жолдағы он шақты серверлермен өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансастлантик кабелімен АҚШ - қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью - Йоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын - ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат десдесін алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы «жақындау» орналасқан севрерге жібереді. «

Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында рнайы ақпараттық- программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттаушылар /маршрутизаторлар/ деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізулуге тиіс керекті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос - Анджелеске жылдам жетеді.

Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық құрал қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Модемді қосуға арналған COM PORTболуы тиіс.

Модем дегеніміз - провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін, оның мәліметтерді қабылдау жөнелту жылдамдығы /бит/с немесе кбит/с -бс, кб/с/ саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сытрқы болып екіге бөлінеді.

World Wide Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі - бұл Internet - тің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wide Web - Internet -тегі барлық құжаттар және мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Internet - тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін» (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың «HTML» (hypertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне «сілтеу» бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді (кеңістіктегі) нақты бейнелер т. с. с. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web - тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтермен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық «өрмек» деп айтса да болады. Web - тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген бұрышында орналаса береді. Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resourse Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады.

Көру жабдықтары

Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator программалық жабдықтары осы топқа жатады, оларды - броузер деп атайды. Internet Explorer мен Netscape Navigator Web-құжаттарын көру, олардың бірінен біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Көрсеткіш программаның негізгі қызметі - Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL - адрестерімен анықталады.

URL - адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол - желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL - адрестерінің жазылуынан мысал келтірейік.

http://www. soccer. ru/ dinamo/rus/index. html

мұндағы

http - протокол, яғни хаттама

www. soccer. ru - адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:

www - компьютердің (сервердің) аты;

soccer. ru - доменнің аты;

dynamo/rus - сервердегі каталог аты;

index. html- Web-парақтары файлының аты;

Домен - бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары (ресурстары) тобы.

Іздеу серверлері

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін жиі жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады? Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың және парақтардың адрестері сақталады.

Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search engines) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Мысалы, сервер каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер деген атаулар болмаса, қаржы ұғымының екінші деңгейінде - Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде - банктар ұлттық жеке меншіктегі акционерлік т. б. топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындай отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.

Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналарына мыналарды жатқызуға болады. Alta, Vista, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, InfoSeek, HotBox, Excite.

Мысалы, бізге қашықтан оқыту жөнінде құжаттар керек болсын делік. Ол үшін Rambler іздеу машинасын пайдаланайық та, адрестік өріске оның алдын алаанықталған мынадай адресін енгізейік: www. rambler. ru. Іздеу машинасы терезесінің сұраныс қатарына (строка запроса) мынадай өзекті сөздерді (ключевые слова) - «қашықтан» + «оқыту» («дистанционное» + «образование») енгіземіз де, іздеу батырмасын шертеміз. Сонан кейін іздеу машинасы өз базасынан көрсетілген өзекті сөздер кездесетін құжаттарды іріктеп таба бастайды. Сұранысты одан әрі айқындай түсу мақсатында тағы да бір немесе бірнеше сөз енгізуге болады. Өзекті сөздер көп болған сайын іздеу де сапалы бола бастайды. Егер қос тырнақшаға алынған құрама сөздер енгізсек, онда машина сол сөздер кездесетін құжаттарды тауып береді. Мысалы «Ресейдегі қашықтан оқыту» сөздерін енгіздік делік. Rambler құрамында осы сөздер бар көптеген құжаттарды тауып береді, Красноярск, Томск, Новосибирск унверситеттерінде қашықтан оқыту жүйелері бар екенін көреміз. Кейбір қызықты сайттар адрестері қосымша беттерде келтірілген. Ондай адрестер «Интернеттегі сарғыш парақтар» («Желтые страницы Интернет») кітабында толық жазылады.

E-mail

E-mail немесе электрондық почта - нақты абоненттерге желі арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәсілі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.

Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек, әйтпесе хабарлама алғанда оның: «Кімнен» («ОТ:» (from:) ) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі.

HTML ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Web-топтардағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне (ASCII-файл) енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнелейді.

Гипермәтін - бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу деген мағынаны білдіреді. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Ал гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек, не ENTER пернесін бассақ, онда онымен байланысты құжатты оқи аламыз.

Сонымен, HTML тілі мәтіндерді осылайша байланыстыра отырып белгілеу мүмкіндігін береді.

HTML элементтерін мына 3 категорияға топтауға болады:

  • Тақырыптық элементтер, яғни HEAD («шапка», тақырып атауы) элементінде қолданылатын элементтер және оған құжаттар туралы ақпарат жатады: TITLE
  • Құжат құрылымын зерттейтін элементтер, мысалы, құжаттарды бөліктерге немесе параграфтарға (азат жолдарға) бөлу элементтері: H1, H2, H3, H4, H5, H6 және P, UL, OL, DL, PRE, CENTER, FORM, HR, TABLE
  • Мәтіндік Элементтер. Мәтіндік элементтер құрамына:
  • Мәтінді өрнектеу белгілері: EM, STRONG
  • Қаріп өлшемдері: TT, I, B, U, STRIKE, BIG, SMALL, SUB, SUP
  • Арнаулы элементтер: A, FONT, BR

HTML тілінің атқаратын қызметі

Web беттері экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері (Internet Explorer) бар болса, 2-ші бір тұтынушы компьютері тек LINUX жүйесінде жұмыс істейтін броузерді (Netscape Navigator) пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болуы мүмкін. Ал, 3-ші компьютердегі Web беттерінің мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программамен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болиайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер- программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуға ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін. HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы HTML 4. 0 нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.

Web беттерін құру негіздері

Көптеген өңдеушілер Web беттерін құру үшін мәтіндік редакторды және процессорды қолданады. Сол көптеген редактордың ішінен Windows-ге арналған Блокнотты айтуға болады. Web беттерін құру үшін, алдымен керекті мәтінді енгізу керек. Оны редактор және процессор тәсілімен форматтауға болмайды. Кейін бұған HTML-дағы дескрипторды қолданамыз. Web бетке мәтінді жазып болған соң, оны мәтіндік құжат түрінде сақтау керек. Web сайтындағы белгілі беттердегі файлдар index. html атауымен беріледі. HTML-да көптеген негізгі дескрипторлар бар, солар әр түрлі Web беттердегі мәтінде жазылуы тиіс. Әрбір Web беттерін құрған кезде <html> дескрипторы міндетті түрде болуы керек. Бұл дескриптор мәтіннің ең басында және ең соңында орналастырылады. Осы дескриптордан кейін әдетте <head> дескрипторы тұрады, ол мәтіннің бар болуын көрсетіп, беттің атын береді. <head> дескрипторынан кейін <title> дескрипторы жазылады. Ол беттің атын белгілеу үшін қолданылады. Басқаша айтқанда әрбір беттің мәтінінің атын береді және де беттің аты әдетте Броузер терезесінде көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
“Бәйтерек” фото салонының Web сайтын құру
Ашық жүйелердің өзара қарым-қатынастың эталондық моделі
Сан жүйесінің аты
Іnternet желісі құрылымы
Интернет туралы ұғым
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz