Windows операциялық жүйесіне жалпы сипаттама. World Wіbe Web және HTML тілі



2. Windows графикалық жүйе болып табылады.
1.1.1 WINDOWS операциялық жүйесіне жалпы сипаттама
1.2 Бағдарламалау тіліне сипаттама
1.2.1 World Wіbe Web және HTML тіліне кіріспе
1.2.2 HTML командаларымен WEB сайт құжаты құрылымын сипаттау
1.2.3 HTML тәгтарының типтері
1.2.4 Тәг атрибуттары
1.2.5 HTML тілінде гипермәтіндер құру, графикалық файлдарға сілтеме
1.2.6 HTML деректер түрлерінің құрылымы, параметрлері
1.2.7 HTML тілінде WEB сайт анимацияларын құру
1.2.8 HTML тілінде WEB сайт мәтініне кестелер кірістіру
1981 IBM/PC компьютерлері үшін MS-DOS 1.0 операциялық жүйесі диск, құрылғыларының жұмысын басқарады (ақпаратты тасымалдау сыйымдылығы 180 байт) негізінен онда диаметрі 5,25 дюйм болатын шегіне магниттік дискілер пайдаланылады.
1982 POS 1,1 0. және екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдаланылады (ақпаратты тасымалдау сыйымдылығы 360 кбайт).

1983 IBM IPCIXT компьютерлері үшін MS DOS 2,0 пайда болды. Олар өлшемі 10 мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады. Онда алғаш рет файлдың құрылыммен жұмыс жасау процесі енгізіледі.
1984 MS DOS операциялық жүйесі пайда болды, өлшемі 20 мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 файлға тең. Иілгіш дисктер жұмысы басқарылды.
1986 MS DOS 3.2. операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймға тең иілгіш дисктер (сыйымдылығы 20 кбайт) жұмысы басқарылды.
1987 MS DOS 3.3. операциялық жүйесі пайда болды. Диаметрі 3,5 дюймға тең иілгіш дисктер (сыйымдылығы 1,44 мбайт) жұмысы басқарылды.
1988 MS DOS 4,0. операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 32 мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.
1989 MS DOS 4,01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шықты.
1991 MS DOS 5,0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1мбайтқа тең оперативтік жады пайдалануға мүмкіндік туды.
1993 MS DOS 6,0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда CD ROM дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.
1995 Microsoft Windows - 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда болды.
1998 Бүкіл әлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows-98 операциялық жүйесі пайда болды.
2000 Microsoft Windows-2000 және Windows Millennium (үлкен желілер үшін) операциялық жүйесі пайда болды.
Операциялық жүйе компьютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшiн қажет. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, демек, Операциялык жүйе - бұл компьютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе пайдаланушымен диалог жасай алады, орындалатын басқа программадарды iске қосады, компьютердiң ресурстарын бiледi.

1981 IBMPC компьютерлері үшін MS-DOS 1.0 операциялық жүйесі диск,
құрылғыларының жұмысын басқарады (ақпаратты тасымалдау
сыйымдылығы 180 байт) негізінен онда диаметрі 5,25 дюйм болатын шегіне
магниттік дискілер пайдаланылады.
1982 POS 1,1 0. және екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдаланылады
(ақпаратты тасымалдау сыйымдылығы 360 кбайт).

1983 IBM IPCIXT компьютерлері үшін MS DOS 2,0 пайда болды. Олар өлшемі 10
мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады. Онда алғаш рет
файлдың құрылыммен жұмыс жасау процесі енгізіледі.
1984 MS DOS операциялық жүйесі пайда болды, өлшемі 20 мбайтқа дейінгі қатты
дискілер мен диаметрі 5,25 файлға тең. Иілгіш дисктер жұмысы
басқарылды.
1986 MS DOS 3.2. операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймға
тең иілгіш дисктер (сыйымдылығы 20 кбайт) жұмысы басқарылды.
1987 MS DOS 3.3. операциялық жүйесі пайда болды. Диаметрі 3,5 дюймға тең
иілгіш дисктер (сыйымдылығы 1,44 мбайт) жұмысы басқарылды.
1988 MS DOS 4,0. операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 32 мбайттан
жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.
1989 MS DOS 4,01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шықты.
1991 MS DOS 5,0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1мбайтқа тең
оперативтік жады пайдалануға мүмкіндік туды.
1993 MS DOS 6,0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда CD ROM дискі
құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.
1995 Microsoft Windows - 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда
болды.
1998 Бүкіл әлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows-
98 операциялық жүйесі пайда болды.
2000 Microsoft Windows-2000 және Windows Millennium (үлкен желілер үшін)
операциялық жүйесі пайда болды.
Операциялық жүйе компьютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және
программалық жасауының жұмысын басқару үшiн қажет. Ол компьютер мен адамның
арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, демек, Операциялык жүйе - бұл
компьютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық құрылғыларының
жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе пайдаланушымен диалог жасай алады, орындалатын басқа
программадарды iске қосады, компьютердiң ресурстарын бiледi.
Операциялық жүйе адам мен компьютердiң электрондық құрауыштар және
қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның
программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және
олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған
қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп
беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның
операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Дербес компьютерді, демек, олардың Операциялық жүйесін дүние жүзінде
жүздеген миллион адам қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесін
білу-қазіргі қоғамда телефон соғу және теледидар қосу, анықтамалықтар мен
сөздіктерді, пошта және банк қызметін пайдалана білу сияқты қажеттілік
болып келеді.
Қазіргі операциялық жүйелер - жылдар бойы жүздеген, мыңдаған
жасаушылар құратын күрделі бағдарламалық кешендер. Операциялық жүйенің
сипаттамалары қалың томдарға әрең сыяды, ал оны толық оқып үйрену жылдарға
созылуы мүмкін. Операциялық жүйені жетік қолдану үшін көп білудің қажеті
жоқ, жұмыс істеудің жалпы принципі мен негізі операцияларды орындау
әдістерін білу жеткілікті. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің
практикалық дағдыларын меңгермей тұрып, онымен жұмыс істеу мүмкін емес,
жалпы принциптерін білмей, жүйені тиімді қолдануды үйрену және қазіргі
дербес компьютерді пайдалануда кездесетін проблемаларды шешу де мүмкін
емес.
Көптеген операцияларды орындағанда ОЖ бізді қызықтырмайтын, мысалы,
оқитын бастиекті белгілі секторға орнату, нақтылы бір жолдағы ақпаратты
шығарып оқу, дискіден бос орын табу және сонда файл жазу сияқты әрекеттер
қалай орындалатынын көрсетпейді. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас
жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс
маңызды.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері
бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, операциялық жүйелер: бір міндетті және
көп міндетті қатар атқаратын; бір адам пайдаланылатын және бірнеше адам
пайдаланылатын.
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық емес графикалық көп
терезелі интерфейсі болуы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек
бір ғана іспен шұғылдануға, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік
береді.
Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір
бағдарламаны және фондық деп аталатын режимде көмекші тағы бір бағдарламаны
іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторы,
ал фондық режимде басу бағдарламасын іске қосуға болады.
Көп міндетті жүйелер бірнеше бағдарламаны қатар іске қосуға мүмкіндік
береді.
Бұл бағдарламалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді.
Мысалы, бір бағдарлама адам мен шахмат ойнағанда, басқасы басқа
компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бірміндетті жүйелер қарапайым, жинағы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс
істей береді, жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе
алмайды, сондықтан да біртіндеп ығыстырылуда.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір
ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады
және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа қатынас жасай алады.
Бiрнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбiр пайдаланушы өз ақпаратына пароль
енгiзiп, тек жеке өзi ғана аша алатын ақпаратына қатынас жасай алады.
Құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске
қосылған арнайы бағдарлама болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз
терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс
істей алады.
Терминал компьютерден бірнеше метр немесе бірнеше мың километр
қашықтықта болуы мүмкін. Егер мекеменің компьютерінде бірнеше адам
пайдаланатын операциялық жүйелер мен бірнеше модемдер орнатылған болса,
онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің
дербес (үстелдік немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде
пайдаланып, қызмет орнында отырғандай жұмыс істей алады. Терминал негізгі
компьютермен дүниежүзілік компьютерлік желі Internet арқылы да байланысуы
мүмкін.
Бұдан жиырма жыл бұрын адамның Операциялық жүйемен қарым-қатынасы
командалық режимде жүретін: жүйенің шақыруына жауап ретінде қолданушы
команда теретін, сонда ғана жүйе оны орындайтын, мұндай командалық жолдарды
қатесіз енгізілуді талап етілетін. Соңғы жылдары графикалык көптерезелі
интерфейс шын мәнінде компьютермен жұмыс істеудің стандартына айналды.
Мұнда қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде
енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с.
таңдалады. Әсіресе бұл көптерезелі интерфейс бірнеше бағдарламамен бір
мезгілде жұмыс істегенде қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде
жұмыс істейді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының мейлінше қарапайым,
бірміндетті, бір адам пайдаланатын командалық интерфейсі бар MS-DOS
операциялық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең
қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті еді.
Бүгінгі күні дербес компьютерлердің қуаты соншалықты күшті
болғандықтан, оларға қазіргі заманғы көптерезелі графикалық интерфейсі бар
қуатты, көпміндетті операциялық жүйені орнату мүмкін болды және бүгінгі
күнгі талапты қанағаттандырып отыр.
Қазіргі кезде дербес компьютердің операциялық жүйесінің екі типі кең
таралған. Бірінші типінде Microsoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows
95 пен Windows NT жатады.
Windows 95 және Windows NT операциялық жүйелері көпміндетті және
олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.
Өз тарихында Microsoft компаниясы алдымен Windows NT жүйесін жасады.
Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға
жеткіліксіз болып шықты. Компьютердің қуатына лайықталып шектелген жүйенің
қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең
таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы
интерфейстерімен салыстырғанда, айталықтай тиімді болып табылады.
Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:
1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.
Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кезде кез келген
операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы
бағдарламаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару -
мұның барлығын Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғанан кейін-ақ
кері қайтаруға болады.
Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің
негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатын барлығы не
таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі)
операция болып табылады.
Барлық сервистік және қолданбалы бағдарламалары үшін терезелер
құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік
программаларға арналған менюдің құрылымы, сондай-ақ тышқанның көмегімен
орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша
орындалған.
2. Windows графикалық жүйе болып табылады.
MS DOS-тағыдай, пайдаланушыға командаларды мәтіндік жолдар түрінде
пернетақтадан енгізудің қажеті жоқ. Тек экранға мұқият қарап, ұсынылған
жиыннан маусты пайдаланып, оны қажет командаға орналастырып немесе сәйкес
батырманы шертіп, қажет операцияны таңдау керек.
Windows жүйесімен Unix типті операциялық жүйелер бәсекелесе алады.
Unix типті операциялық жүйелер
Unix - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам
пайдаланатын операциялық жүйе.
Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бұрын жоғары сенімділікті талап ететін
міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін жасалған.
Windows пен Unix типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердің көп
тірлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді
американдық Apple компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген
Rank Xerox компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті
алғашқы рет іске асырғандығында болып отыр.

1.1.1 WINDOWS операциялық жүйесіне жалпы сипаттама

Қазіргі кездегі операциялық жүйелердің ішіндегі ең көп тарағаны-
Microsoft фирмасының Windows операциялық жүйесі. Енді осы операциялық
жүйемен танысатын уақыт келді.
Бұл бағдарлама компьютер іске қосылғанда автоматты түрде
жіберілетіндей етіп орналастырылады. Бағдарлама жіберілгеннен кейін біздің
алдымызда төмендегі экран ашылады.
Бұл Windows - тың Жұмыс үстелі ( Рабочий стол). Оның үстінде кәдімгі
жұмыс қажетті нәрселер жату керек ( артық нәрселер жұмысқа тек кедергі
жасайды). Солай Жұмыс үстелінде әр түрлі белгілер орналасады. Әр белгі не
бағдарламаны, не буманы, не деректер файлын белгілейді. Пуск (Іске қосу)
батырмасына көңіл аударыңдар. Бұл өте қажетті батырма. Бұл батырманы
шертсеңдер Бас меню ( Главное меню) ашылады, келешектегі жұмыстардың
көпшілігі осы Бас менюден басталады.
Пуск батырмасы Есептер панелінде ( Панель задач) орналасқан. Есептер
панелінде жұмыстағы бағдарламалар мен құжаттардың батырмалары бейнеленеді.
Міне, Windows - тың негізгі компьютері осылар:
- белгілер қойылған Жұмыс үстелі;
- өзінің Бас меню Пуск батырмасы;
- батырмаларымен немесе оларсыз Есептер панелі.
Жұмыс үстелі, белгілер, батырмалар - мұның бәрі Windows обьектілері.
Негізгі обьект-терезе. Windows сөзінің өзі терезелер деп аударылады.
Windows-та барлық іс- әрекет үш түрлі терезеде өтеді:
- бума терезелері;
- қосымшалар терезелері;
- диалогтық терезелер.
Бумалар терезелерінде сол бумаға орналасқан файлдар мен бумалардың
белгілері бейнеленген. Қосымшалар терезелерінде Windows - тың басқаруымен
бағдарламалар жұмыс істейді. Диалогтық терезелері Windows жүйесінің
қандай да бір жұмыстарын баптау қажет болғанда ашылады. Мысалы,
компьютер жұмысын аяқтауда Завершение работы Windows (Windows жұмысын
аяқтау ) диалогтық терезесі ашылады.
Ол үшін Пуск батырмасын шертіп, ашылған Бас менюден Звершение работы
пунктін таңдап аламыз. Ашылған диалогтық терезеде Выключить компьютер
(компьютерді өшіру ) пунктін таңдап, OK батырмасын басу қажет.
Әрбір буманың немесе қосымшаның ашылған терезесінде тақырыптық жол
бар, онда бума мен қосымшаның аты және меню жолы орналасқан. Меню әдісі
пайдаланушының ЭЕМ - мен қатынасын жеңілдету үшін ойластырылған.
Пайдаланушы компьютер ұсынған қажетті әрекетті менюден таңдау арқылы өз
мақсатына жетті. Меню жолы әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ іс жүзінде барлық
қосымшалар мен бумаларда меню жолында Файл, Правка (Түзету), Вид ( Түр) ,
Справка (Анықтама) пунктілері орналасқан.
Файл пункті негізінен қосымша терезелерінде бұрыннан бар файлды ашу,
жаңа файлды құру, құрылған файлдарды сақтау үшін пайдаланылады.
Правка ( Түзету) пункті мәтін үзінділерімен, суреттермен еркшелеу

(выделить), қиып алу (вырезать), көшіріп алу (скопировать), кірістіру
(вставить), табу (найти), ауыстыру (заменить) сияқты әрекеттерді орындау
үшін пайдаланады.
Вид (Түр) пункті негізінен бумалар терезелерінде пайдаланылады. Ол
терезеде информация орналасу тәсілдерін анықтайтын менюді ашады.
Справка (Анықтама) пункті бумалар және қосымшалармен жұмыс істеу
барысында сұрақтарға жауап беретін анықтама жүйесін ашады.
Меню жолынан төмен, әдетте, менюдің кейбір командаларының батырмалары
орналасқан құралдар панелі (панель инструментов) болады. Терезенің оң жақ
жоғарғы бұрышында үш тамаша батырма орналасқан:
Олардың сол жақ шеткісі терезені Есептер панеліне батырма түріне жиыру
үшін, ортаңғы батырма терезені экранның көлеміне дейін
үлкейтуге арналған. Бұл уақытта батырмасы мына түрді қабылдайды. Егер
оған шертсек терезе бұрынғы көлеміне келеді.
Windows оперциялық жүйесінің ерекшелігі құрамында стандартты деп
аталатын бағдарламалардың болуында. Олар: Калькулятор, Блокнот, Paint
графикалық редакторы, Развлечения (Көңіл-күй көтеру) және т.б
бағдарламалар. Олар, әдетте, Бас меню -ден жіберіледі: Пуск - Бағдарлама -
Стандартные - Калькулятор. Windows операциялық жүйесінің тағы да бір
ерекшелігі - көптеген әрекеттерді бірнеше әдіспен орындау мүмкіндіктері
бар.
1.2 Бағдарламалау тіліне сипаттама

1.2.1 World Wіbe Web және HTML тіліне кіріспе

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында
мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды.
Бұл хаттама HTTP(Hyper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау
хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің
кеңейтілген желілері болып табылатын.

Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіbe Web қызмет бабы (WWW
немесе Web) пайда болады. Бұл файлдың басым көпшілігі WEB - парақтар
түрінде HTML(Hyper Text Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі)
тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР
серверлерінде (Web - тораптарында ) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың
көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web - парақтар
мазмұны әр-түрлі бола береді және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ
олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады.
Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі)
HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіbe Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web -
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану
жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіbe Web жүйесінің негізі бола
отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіbe Web сөзі қазақ
тілінде кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады HTML тілінің
мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы
код , яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет,
дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын
немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде
қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі
көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты
осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп
аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда
белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады., егер курсорды сол сөзге
жеткізіп тышқанды шертсек (Enter-пернесін бассақ), онда сонымен байланысты
(ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі
басқа парақтарда немесе WEB жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып,
бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін
мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуда қамтамасыз ететін өз
заңдылықтары мен ережелері бар.

1.2.2 HTML командаларымен WEB сайт құжаты құрылымын сипаттау

HTML тілінің бастапқы мәтіндерді белгілейтін командалары тәг (tag)
деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг “кіші” ()
символдарынан басталады да, “үлкен” () символымен аяқталады. Осындай қос
символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан
соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
TCP модулін қолдану кезіндегі хаттамалар стектері
Internet-тің қызмет баптары
Техно- Астана интернет-дүкенін жобалау
Нәзік және пикшрленген WEB - беттерін құру
Электрондық оқытушы құралдар құру
Сайттың деректер қорының схемасы
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
Мәліметтер базасын құру жолдары
Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру
Пәндер