X-XV ғ. феодалдық Корея
КІРІСПЕ 3
I.ТАРАУ. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КОРЕЙ ТАРИХЫ.
1.1 Коре мемлекетінің құрылуы 4.6
1.2 Корё мемлекетінің әлеуметтік.экономикалық дамуы 6.9
1.3 Кореяда моңғолдар билігінің орнауы және құлауы 10.11
1.4 Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі 12.13
II.ТАРАУ. КОРЕ ДИНАСТИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ КОРЕЯ МӘДЕНИЕТІ.
2.1 Коре мемлекеті кезіндегі ғылыми.техникалық жетістіктер 14.16
2.2 Коре мемлекетінде тарихи шығармалар, әдебиет және білім алу 17.19
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

Жұмыстың өзектілігі: Жарты арал тұрғындарының, яғни Коре мемлекетінің негізгі қоғамдық өмірде саяси дамуы өте күрделі мемлекеттердің бірі. Мұндағы жұмыстың негізгі өзектілігі осы мемлекет жағдайы, көптеген соғыстарды жүргізе отырып, көптеген қиыншылық кезеңдерді бастан өткере білген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттың мықтылығын баяндау.
Жұмыстың мақсаты: Орта ғасырдағы Корей жарты аралындағы Коре мемлекетінің тарих сахнасында алатын орны ерекше, сондықтан осы мемлекет тарихын оқып үйрету ең басты мақсат.
Жұмыстың міндеті:
1) Ортағасырдағы Коре мемлекет тарихын оқып үйрену;
2) Халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталу;
3) Мәдениеті мен өркениетін баяндау;
Жұмыстың хронологиясы:
Жұмыстың құрылымы: «Х-ХҮ.ғ. Коре мемлекеті» өзіндік жұмысы кіріспе, екі үлкен тараудан оның өзі алты тақырыпшалардан және де қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
ІХ ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар Х ғасырдың басында тыйылып, жарты аралда мемлекеттік бірлік орнай бастады. Үш мемлекетті біріктіруді 918 жылы «Екінші Когурёде» өз билігін орнатқан əскер басшысы Ван Гон қолға алды. Ол шаруалардың бұрынғы салықтарын жойды. Сонымен қатар Ван Гон Силла королімен келісімге келді. Сол «еңбегі» үшін Коре (Когуренің қысқартылған аты) король деген атақ алды. Сол жылдан бері жарты арал «Корея» деп атала бастады.
935 жылы ол Силланы, 936 жылы «Екінші Пэкчені» бағындырып алды. Қайтадан бірігіп, қалпына келген мемлекет «Корё» деп аталды /осы атымен қазір де аталады/. Оның астанасы Сонгдо /қазіргі Кэсон/ қаласы болды. Ван-Гон шаруаларға арқа сүйей отырып, табысқа жетті. Ол жаңа жерді басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздарынан босатып, салық мөлшерін уақытша азайтты.
Корёнің жер жүйесі негізінен тандық жүйеге еліктеді. Жер барлық адамдарға берілді. Əркім қызметіне қарай үлес алып отыр- ды. Ол чонсиква деп аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар үлесті 20 жасқа толған соң алатын, 60 жасқа толған соң қайтарып беретін. Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғастырса, үлес қала беретін. Баласы жоқ адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол «кубунчжон» деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік үлесті оның əйелі алатын.
Сонымен қатар марапат (награда) ретінде де үлес берілетін. Ол үлес «конымчжонси» деп аталды. 16 жаста кəмелетке толған деп саналды, ал 60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды. Зейнеткерлер салықтардан да босатылатын. Үлес иелері əрбір кёл- ден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.) салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 1/10-інен аспады.

1. История Кореи (с древнейших времен до наших дней). – Сеул, 1995.
2. История Востока. Т. 2: Восток в средние века. – М.: Восточная литература РАН, 1995. – 174 – 180 бб.
3. Очерк Корейской истории. Книга 1. – Пхеньян, 1992.
4. Васильев Л.С. История Востока: В 2 т. Т. 1. – М.: Высшая школа, 1998. – 430 – 431 бб.
5. Васильев Л. С. История Востока: в 2 т. Т. 1.— М.: Высшая школа, 1998.— 427—428 бб.
6. История Востока. Т. 2. Восток в средние века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 83—89 бб.
7. История Кореи (с древнейших времен до наших дней).— Сеул, 1995.
8. Очерк Корейской истории. Книга 1.— Пхеньян, 1992.
9. http://rikonti-khalsivar.narod.ru/Korea18.html
10. https://ru.wikipedia.org/wiki/Корё

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: "X-XV ғ. феодалдық Корея "
Орындаған: Ист-21 топ студенті Сатыбалдыев А.Б.
Тексерген: оқытушы магистр Мырзабаева Б.М.
Орал, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КОРЕЙ ТАРИХЫ.
1.1 Коре мемлекетінің құрылуы 4-6
1.2 Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы 6-9
1.3 Кореяда моңғолдар билігінің орнауы және құлауы 10-11
1.4 Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі 12-13
II-ТАРАУ. КОРЕ ДИНАСТИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ КОРЕЯ МӘДЕНИЕТІ.
2.1 Коре мемлекеті кезіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер 14-16
2.2 Коре мемлекетінде тарихи шығармалар, әдебиет және білім алу 17-19
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Жарты арал тұрғындарының, яғни Коре мемлекетінің негізгі қоғамдық өмірде саяси дамуы өте күрделі мемлекеттердің бірі. Мұндағы жұмыстың негізгі өзектілігі осы мемлекет жағдайы, көптеген соғыстарды жүргізе отырып, көптеген қиыншылық кезеңдерді бастан өткере білген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттың мықтылығын баяндау.
Жұмыстың мақсаты: Орта ғасырдағы Корей жарты аралындағы Коре мемлекетінің тарих сахнасында алатын орны ерекше, сондықтан осы мемлекет тарихын оқып үйрету ең басты мақсат.
Жұмыстың міндеті:
Ортағасырдағы Коре мемлекет тарихын оқып үйрену;
Халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталу;
Мәдениеті мен өркениетін баяндау;
Жұмыстың хронологиясы:
Жұмыстың құрылымы: Х-ХҮ.ғ. Коре мемлекеті өзіндік жұмысы кіріспе, екі үлкен тараудан оның өзі алты тақырыпшалардан және де қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
I-ТАРАУ. КОРЕ МЕМЛЕКЕТІ
1.1 Құрылуы, әлеуметтік-экономикалық дамуы.
ІХ ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар Х ғасырдың басында тыйылып, жарты аралда мемлекеттік бірлік орнай бастады. Үш мемлекетті біріктіруді 918 жылы Екінші Когурёде өз билігін орнатқан əскер басшысы Ван Гон қолға алды. Ол шаруалардың бұрынғы салықтарын жойды. Сонымен қатар Ван Гон Силла королімен келісімге келді. Сол еңбегі үшін Коре (Когуренің қысқартылған аты) король деген атақ алды. Сол жылдан бері жарты арал Корея деп атала бастады.
935 жылы ол Силланы, 936 жылы Екінші Пэкчені бағындырып алды. Қайтадан бірігіп, қалпына келген мемлекет Корё деп аталды осы атымен қазір де аталады. Оның астанасы Сонгдо қазіргі Кэсон қаласы болды. Ван-Гон шаруаларға арқа сүйей отырып, табысқа жетті. Ол жаңа жерді басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздарынан босатып, салық мөлшерін уақытша азайтты.
Корёнің жер жүйесі негізінен тандық жүйеге еліктеді. Жер барлық адамдарға берілді. Əркім қызметіне қарай үлес алып отыр- ды. Ол чонсиква деп аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар үлесті 20 жасқа толған соң алатын, 60 жасқа толған соң қайтарып беретін. Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғастырса, үлес қала беретін. Баласы жоқ адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол кубунчжон деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік үлесті оның əйелі алатын.
Сонымен қатар марапат (награда) ретінде де үлес берілетін. Ол үлес конымчжонси деп аталды. 16 жаста кəмелетке толған деп саналды, ал 60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды. Зейнеткерлер салықтардан да босатылатын. Үлес иелері əрбір кёл- ден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.) салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 110-інен аспады.
Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке мемлекет басшылары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін күресіп бақты. Корё үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы Сун империясына бағыт ұстады. Қытаймен одақтасу кидандар қаупіне байланысты болды. Кидандар Корёнің ішкі талас-тартысын пайдаланып, оны басып алуға тырысты.
993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойта- рыс тауып, кейін қайтты. 1009 ж. Корё өкіметінің басшысы Ван Мок Чонды əскерлер тақтан түсірді. 1010 ж. кидандар əскері Амноккан (Ялуцзян) өзінен өтіп, Корёге басып кірді. 1011 ж. қаңтарда олар Корё астанасы Кэгёнді (Кэсон) басып алып, талқандады, талан-таражға салды. 1011 жылғы 28 қаңтардағы шайқаста Корё əскерінің басшы- сы Ян Гю қаза тапты. Бірақ кəріс халқы шет елдік басқыншыларға қарсы аянбай күрес жүргізді. Үш айдан кейін Кан Гам Чхан басқарған кəріс əскері кидандарды шегінуге мəжбүр етті.
1013 -- 1014 жж. кидандар Тончжо мен Хынхвачжин аудан- дарында Корёге екі рет басып кірді. Бірақ сəтсіздікке ұшырап, кейін қуылды. 1014 ж. Корёдегі өкімет билігін əскерилер басып алды. Хынхвачжиндегі шайқастан кейін олар Кэгёнге бет алды. Бірақ біраз шайқастарда жеңіліс тапқан соң кейін шегіне бастады. 1019 ж. қаңтарда Корё əскері кидандарды Куджда тасталқан етіп жеңді. Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан (Ялуцзы) өзені осы кезден бастап Кореяның шекарасы болып белгіленді.
Корёнің гүлденуі Мунджон (1047 -- 1082) корольдің билігі кезінде басталды. Бұл кезде өте тиімді əкімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе 2,5 ғасыр өмір сүрді. Бұл орталықтандырылған өкімет билігінің күшеюі, мемлекеттің жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен қатар Х -- ХІІ ғғ. ірі жеке меншіктік жер үлестерінің өсуімен сипат- талады. Көптеген ірі жер иелері өздерінің қарулы күштерін ұстады. Осы кезде бекініс-қала Намгён (қазіргі Сеул) салынды, Ол 1394 ж. Корёнің астанасына айналды.
Корёнің бейқуат тыныштық өмірі ХІІ ғасырға қарай қайта бұзылды. Осы ғасырдың басында Корёге Қытайдың солтүстік- шығысын мекендейтін тунгустық чжурчжендер тайпасының шапқыншылығы жиіледі. 1104 ж. Чонпхён қамалындағы шайқаста кəрістер жеңілді. 1107 ж. чжурчжендер жаңа шабуыл бастап, қатты тойтарыс алды. 1125 ж. Корё Қытайдағы чжурчжендердің Цзинь им- периясына вассалдық тəуелділігін мойындады. Бұл кезде Корёда будда шіркеуінің ықпалы өсе түсті. Ол үкімет беделінің өсуіне көмектесті. Бірақ жеке феодалдар шіркеу иелігінің өсе түсуіне наразы болды. Шіркеу мен феодалдар арасындағы қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Əсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды.
1126 ж. Ли Ча Гём басқарған Кэгёндегі бүлік бұрқ ете түсті. Ли Ча Гём (Ли Джагём) Инджон ванның қайын атасы болатын. Ол əскердегі билікті жəне чиндер (қызмет) министрлігін өз қолында ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске жетіп, Инджонды қамап қойды. Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы өлтіріп кетті.
1135 ж. Согёнде будда монағы Мё Чхон басқарған бүлік шықты. Бұл кэгёндік жəне сэгёндік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер арасындағы билік үшін күрес еді. Мё Чхон басқарған феодал- дар тобы елдің Солтүстік-Батыс облыстарының жеке мемлекетке бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті мемлекет қайраткері Ким Бусик басқарған өкімет əскері 1136 ж. көктемде Согёнді штурммен алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды жақтаушылардың жеңісі болды.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында Қытай ықпалына қарсы күрес тоқтамады. 1170 ж. Ыйджон ванның билігіне наразы феодалдар тобы төңкеріс жасап, билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған дінбасылары таққа құлатылған ванның інісі Мёнджонды отырғыз- ды. Іс жүзінде өкімет билігі əскерилердің қолында қалды.
Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Əсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. Көтерілістер 1162, 1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы басталды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен нобилер -- мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық қалаларды басып алды: 1177 ж. көтерілістің оңтүстіктегі негізгі ошақтарын басқаннан кейін көтерілістер солтүстік-батыс аудандарға тарай бастады. Көтеріліс тек 1178 жылдың аяғында ғана толық басылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі көтерілістер Кёнсан провинциясында 1193 -- 1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің басшылығымен болды.
1196 ж. іс жүзіндегі өкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына көшті. Сөйтіп, 1258 жылғы моңғол жаулап алушылығына дейін елде екі əулеттің билігі қатар орнады. Осындай феодалдық өзара қырқысулар Корёні əлсіретіп, оны басқа мелекеттердің жаулап алуын жеңілдетті.
1.2 Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Х ғасырдың басында Корей жартылай аралында жекеленген шағын мемлекеттер қалыптаса бастағанын алдында келтірілген ақпараттардан білеміз. 901 жылы Кунье Хубэкче мемлекетінің негізін салды. 904 жылы бұл мемлекет Маджин деп аталып кетті. 911жылы, яғни кейіннен Тхэбон деген атауға ие болды. Куньеның жақтастарының ішінен ерекше көзге түскен, ауқатты ортадан шыққан Ван Гон Силла мемлекетінің иеліктерін меншіктеген негізгі тұлғалардың бірі болды. Ван Гон есімі тарихта Х ғасырда пайда болған келесі мемлекеттің пайда болуына ықпал еткен. Сондықтан жаңадан қалыптасқан Ван Гонның құрған Корё мемлекетінің астанасы Сонака деп белгіленді. Бірақта кейіннен астананың аты Кэгён(қазіргі кездегі атауы Кэсон) деп өзгертілді. Корё мемлекетінде сепаратистермен күрес жүргізу қырық жылға жуық уақытқа созылып, мемлекеттің әкімшілік жүйесін дұрыс жолға қоюға тек осы уақытта мүмкіндік болды. 946 жылы кидандық Ляо империясы Солтүстік Қытайды жаулап алып, Корё мемлекетінің шекарасына қауіп төндіреді. Корё мемлекетінің билеушілері, қолбасшылары қорғану саясатын жүзеге асыру мақсатында жаңадан қамалдар мен горнизондар тұрғызуға кірісті. Корё мемлекеті қидандар мен қытайлықтар арасында болып жатқан қақтығысқа араласпай, бейтарап саясат сақтауға тырысып бақты. Бірақта 993 жылы Корё мемлекетінің территориясына қидандықтар баса көктеп кіріп келді. Корё әскерлерінің қақтығысна кездескен қидандықтар мемлекеттің оңтүстігіндегі аймақтарда келісім шарттар жасасуға бел буды. 1009 жылы ван Мокчон қолбасшылардың сатқындығы салдарынан өлтірілді.
Мемлекет ішіндегі өзара тартыс пайдаланбақ болған қидандықтар 1010 жылы тағыда Корё мемлекетіне шабуыл жасады. 1011 жылы қидандықтар корёнің астанасы Кэгёнды талқандады. Жаулап алынған территорияларда қидандықтар жергілікті халықтың қақтығыстарына тап болды. Үстемдікке иойын ұсынбаған корё халқының қарсылығын баса алмаған қидандықтарға шегінуге тура келді. 1014 жылы Корё мемлекетін тағы да қолбасшылардан құралған топ басып алды. 1018 жылы қидандықтар үшінші рет мемлекетке тарпа бас салады. Хынхванджина аралығында болған қақтығыстан кейін Кэгёге қарай бет алады. Онда сәтсіздікке ұшырайды. Шегіністен кейін Куджу түбінде толықтай жеңіліске ұшырайды. Үнемі сәтсіздіктен жалғаса бергендіктен қидандықтар шарасыздан Корё мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатуға мәжбүр болады.
ХІ ғасыр Корё мемлекетінің гүлдену кезеңі болып табылады. Мемлекет билеуші ван Мунджоне 1047-1082 ж.ж. аралығында билік етіп, екі ғасырлық тарихы бар мемлекетті басқарудың әкімщілік жүйесін қалыптастырады. Мемлекет үшін бұл кезең жерге деген жеке меншіктің орталықтанған мемлекеттік меншік түріне айналуына принципиальды түрде жағдай туғызған кезең болды. Әр мемлекеттің гүлдену және күйреу кезеңі болады деген сиқты, ХІІ ғасырдың бас кезінде мемлекеттің ішкі бытыраңқылығы , жер қорының азаюы елдің прогрессивті дамуына кедергеі туғызды. Жерді үлестіру саясатындағы әлеуметтік теңсіздік үстем етуші таптар арасындағы өзара түсініспеушіліктің қалыптасуына әкеп соқты. Сонымен қатар әскери және жергілікті азаматтар арасында да өзара келіспеушілік пайда болды. Салықтың шектен тыс енгізілуі, шаруалардың шектен тыс қанауға түсуі мемлекет ішіндегі жағдайды шиеленісе түсірді. Мемлекет ішінде қарапайым халық арасынан шыққан ауқатты адамдардың қатары көбейе бастады және олар саяси дәрежеге көтеріле бастады. Көптеген жерлер монастырлардың иелігінде болды. ХІ-ХІІ ғ.ғ. аралығында ірі жереге деген жеке меншігі бар топтар қалыптаса бастады. Ірі жериеленушілердің қатарын әскери адамдар құрды. vpХІІ ғасырдың басында Корё мемлекеті чжурчжэндықтармен қақтығысады. 1104 жылы Чонпхён қамалының түбінде болған шайқаста корёлық әскер жеңіліске ұшырайды. 1107 жылы чжурчжэндықтар екінші мәрте шабуыл жасайды, бірақта сәтсіздікке ұшырайды. Корё мемлекетінің әскерлері қарсылас жаулардың территориясын баса көктеп кіреді, шамасы тек екі жыл ғана созылады. Кейіннен Қытайда чжэндық Цзинь империясы құрылғаннан соң Корё мемлекеті вассалдықты қабылдады. Мемлкеттегі үстемдік ету құзыры Ли Джагемудың қолына шоғырланды. Ли ван Инджонды өзінің екі қызына үйлендіріп, мемлекетті екі жақты билеудің жеңіл жолын шешіп алды. Әскери министр иен шенеуліктер министрі таза өз құзырында болды. 1126 жылы Ван Инджон оны биліктен аластатуға тырысып бақты, бірақта ақыр соңында өзі бостандығынан айырылып қала жаздады. Тек қана бір жылдан соң Согён сановниктері мен буддистік монах Мёчхонның қолдауымен Инджон Лиді мемлекеттегі биліктен толықтай аластатады. Мемлекеттің астанасын Согён қаласына алмастыру қажет деген шешім қабылдады. 1135 жылы Согён қаласында бүлікшілер бас көтере бастады. Оның ұйымдастырушысы Мёчхон болды. 1136 жылы мемлекеттік қайраткер Ким Бусиктің арқасында Согёндегі бүлік толықтай басып- жаншылды.
ХІІ ғасырда қарама-қарсы топтар арасында қақтығыс үдей түсті. 1170 жылы вн Ыйджон әскери төңкеріс нәтижесінде тақтан құлатылады. Чон Джунбу бастаған қолбасшылардың көмегімен билікке Мёнджон келеді. Мемлекетте басқару жұмысын қадағалап отыратын Чунбан атты әскери орган жүргізіп отырды.
ХІІ ғасырдың ортасынан 1162 жылы және 1166 жылдар аралығында шаруалар көтерілісі үдей түсті. 1176 жылы Мани атты шаруаның басқаруымен шаруалар соғысы кеңінен етек алды. Көтеріліске қатысушылардың құрамы ноби атты мемлекеттің шаруалардан және өзге де шаруалардан тұрды. Шаруалар елуге жуық қалалы аймақтарды жаулап алды. Тек қана 1178 жылы шаруалар соғысы жеңіліске ұшырап, оның жетекшісі Мани қатаң жазаға тартылды. 1193-1194 ж.ж. Кёнсан провинциясында Ким сами, Хё Сима және т.б. өкілдердің жетекшілігімен ірі шаруалар көтеріліс болды.
1196 жылы мемлекеттің билігі қолбасшы Чхве Чхунхонның қолына өтеді. 1258 жылғы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықта мемлекет осы қолбасшының өзі және оның ұрпақтары билігін жүргізді. Чхве Чхунхон мемлекеттің дамуы мүддесінде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген еңбектер атқарды. 1198 жылы мемлекеттің солтүстік- шығысында шаруалар көтеріліс тағы да бас көтереді. 1200 жылы Кёнсан провинциясында мемлекеттік шаруалар ноби мен шаруалар көтеріліс бұрқ етті. 1201 жылы көтеріліс басып жаншылды. 1203 жылғы аруалар көтеріліс ұзақ уақытқа созылып кетті.
ХІІІ ғасырдың басында Корё мемлекетіне қидандықтармен келесі кезекте қақтығысуға тура келді. 1216-1218 жылдары болған бірнеше соқтығысулар мемлекетті тағы да күйзелтті. Ендігі кезекте Корё мемлекетіне қауіп төндіруші монғолдар болды. Қай уақытта болсын азаптан құтылмаған халыққа тағы бір рет ең мықты бақаталстарымен күш сынастыруға тура келді.
Корё мемлекетінің әкімшілік жүйесі екі жақты жүйе бойынша, біріншісі- тхэбондық, ал екіншісі - силлалық дәстүр негізінде қалыптасты. Корё мемле кетіндегі шенеулік жүйесінің принципиальды жаңалығы болмады. Тіпті шенеулік дәрежелері болмады деп айтуға да болады. Қытайдағы тоғыз рангктық жүйе енгізілді. Қоғамда белгілі бір дәрежеге ие болу мансапқа айналды. Әр мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун- ерекше үлестері үшін берілетін атақ, чак - құрметке ие тұлғалар, мунсанге - қызметке аралас пайтын азаматтық шенеуліктер, мусанге-қызметке араласпайтын әскери шенеуліктер.
Орталық басқару аппараты әртүрлі бөлімдерден құралған; жоғары өкіметтік бөлім, жекеленген министрліктер, негізгі ғылыми-оқу және басқа да басқару бөлімдері -си, кеңсе бөлімі- со, қоймалар- чхан, ко, сарайлық бөлім меңгеру шілері тогамдар деп аталды. Корё мемлекетінің тарихындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар жылдар өте өз алдына маңызды мәселерді мақсат етіп қойған.
ХІ ғасырдың ортасында 1047-1082 жылдары аралығында әкімшілік жүйеде түбегейлі өзгерістер жасаланды. Шенеулік аппарат құрылыды, жекеленген штататр бір жүйеге келтірілді. Ммелекеттегі барлық шенеуліктердің дәрежелері күні бұрын белгіленіп қойылған. Ванның кезіндегі кеңесетін органның атауы Тобёнмаса деп белгіленді. Корё орталық аппаратында 150-170 астам бөлімше лерден құралған. 500 ден аса қызметте 2.5 мыңнана аса шенеуліктер қызмет еткен.
Корё мемлекетінің әкімшілік - территориялық бөлігі провинциялардан тұрған, оны то деп атаған. То ұсақ әкімшілік бөліктерден құралған. Провинциялардың саны тұрақсыз болған. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Солтүстік және Оңтүстік шекаралық аймқтардан, ал олардың әрқайсысы екі провинциядан құралған. Ірі провинциялардың қатарына жататындар; Пхеньян (Когурёның бұрынғы астанасы), Кёнджу (Силланың бұрынғы астанасы) және Янджу (Пэкченің бұрынғы астанасы), олардың атауы Согён, Тонгён және Намгён (солтүстік, шығыс, оңтүстік астаналары). Провинцияларды басқаратын арнаулы органдар бар.
Корё армиясын басқаратын және штатты ұйымдастырушы чангун болды. Мемлекетті жалпылама басқаратын коллегиалды орган - Чунбан, ол ірі командирлер мен оның орынбасрларынан құралды. Әскери шенеуліктердің қатары 4 мыңнан аса болды. Корёде шенеуліктердің саны жалпы 10 мың адамнан тұрды. 1076 жылы еңбегң ақы төлеу бидай ретінде жүзеге асырылды.
Корёдегі шенеуліктер, яғни янбандар билеуші тап болып есептелді. Мемлекеттік шенеулік қызметке адамдарды мемлекеттік маңызы бар емтихан дарды тапсырған уақытта ғана берілді. Тіпті 958 жылдары емтихандарға қарапайым шаруалар да қатысу құқығына ие болған. Корёде Силла мемлекетіндегі сияқты пайда табудың негізгі көзі шаруалардың еңбегін қанау. Еңбеке жарамды барлық шаруалар әскери қызметке тартылған. Көпестік әрекеттілік мемлекеттің қазына толтыру мақсатында жұмыс жасады. Негізгі көзі бай, ауқатты шаруалар. Деректер сүйенсек көпестердің мансабы шаруа лардың жағдайына қарағанда төмен дәрежеде тұрды. Керісінше шаруалардың кәсібі жоғары мәртебеде болды. Тұрмысына деген қажеттілікті қанағаттан дыруға тырысқан ауқатты шаруалар өз көрсеткіштерін одан ары жоғарылатуға тырысып бақты.
Корё мемлекетіндегі жағдайдың тұрақтануы жерге деген жеке меншікті қалпына келтіріп, оны жоғары дәрежеде ұстап қалуды ұстанды. Чонсиква бөліктері мемлекеттік салық жинаумен айналысты. Кон, ху, пэк, нам және ча титулын ұстанған тұлғалар үшін сигып тағайндалды. Сыйға тартылатын жер - саджон, мұрагерлік жолмен ұрпақтан- ұрпаққа берілді. Мараптталған жерлер- конымджонси. Шаруалардың жері - минджон, шаруаның құзырында болғанымен, мемлекеттік меншікте болды. Шаруалардың қанаудың көзі жер салығы болды. Ван Гонның кезінде жер салығы астықтың 110 бөлігін құрады. Х ғасырда салықтың көлемі төрт еселенді. Корё мемлекетінде жерге деген меншікке салынған салықтан басқа, кіріптарлық болды. Оның құны еңбекпен және әскери міндетпен алынып отырды.
1.3 Кореяда моңғолдар билігінің орнауы және құлауы.
ХІІІ ғасыр тарихта талй шайқастар мен шапқыншылықтар толастаған ғасыр болып табылады. Бұл шапқыншылықтардың Қиыр Шығыс пен Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне де тиген кесірі де бар. 1218 жылы моңғолдар қидандықтарды талқандаймыз деп Корё мемлекетінің территориясына баса көктеп кіреді. Корё мемлекетінің ваны моңғолдармен достық байланыс жасауға мәжбүр болады. Достық байланыс жасау моңғолдардың вассалына айналды деген мағынаны білдірді. 1225 жылы моңғол елшілерінің біреуі өлтірілген соң вассалдықтан құтылдық деп үміт артқан корёлықтардың қуанышы ұзаққа бармады. 1231 жылы моңғолдар қытай мемлекетіне қарсы шапқыншылыққа шығады. Ал біз аталып өткен деректерден білеміз, қытай мемлекеті корё мемлекетінің территорясын өзіне кепілдікке алғаннын, бұл дегеніміз қытайға төнген қауіп, корё мемлекетіне төнген қауіппен бірдей болды. Моңғол қолбасшыларының бірі Сарытай моңғол әскерлерімен Амноккан өзенінен қарай бойлай Хамчинсонды басып алады. Куджуды қоршау бір айға жуық уақытқа созылды.
1231 жылыдың жазында Корёге моңғолдар кезекті шабуылға шықты. Корё мемлекетінің Сохэ провинциясы моңғолдарға тойтара қарсылық көрсетті. 1231 жылдың соңғы кезеңдерңнде моңғолдар Корё мемлекетінің астанасын басып алады. Сөйтіп мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу туралы мәселе қозғала бастайды. Корейдің Корёса атты деректерінің бірінде былай деп айтылған; Талқандалмаған ешбір жер қалмады, моңғолдар жолында кезедескеннің барлығын күл- талқан етті.
1232 жылы Корё мемлекеті мен моңғолдар арасында келісімге қол қойылады. Келісім шартының мәні бойынша корёлықтар моңғолдарға көп мөлшерде салық төледі. Бірнеше айдан соң Корё мемлекетінің шенеуліктер екі ел арасында жасалынған келісім шартты бұзуға бел байлайды. Моңғол өкілдері территориядан қуылды. 1232 жылдың жазында моңғолдар екінші мәрте жорыққа шығады. Өкінішке орай сәтсіздікпен аяқталады. Моңғолдардың шегінуіне тура келді.
1235 жылы моңғолдардың құрылтай жиналысында қабылданған шешім; Батысқа, Орталық Азияға, Қытайды және Корё мемлекетін бағындыруға байланысты әскери қимылдардың жоспарын жасақтау. 1236 жылы Корё мемлекетіне моңғолдар тағы да шабуыл жасады. 1239 жылы моңғолдар мен корёлықтар арасында тағы да бір келісім шар жасалынды. Келісім бойынша жасалынған шартты корёлықтьар орындауға мойын ұсынбады. 1247 жылы моңғолдар Корё мемлекетіне төртінші рет шабуыл жасайды. 1254 жылдарға дейін моңңолдар корёлықтарға тыныштық бермеді. 1257 жылы моңғолдар өздерінің барлық күшін Корё территориясына кезекті қауіп төндірумен жалғастырды. 1258 жылы Корё мемлекеті моңғолдардың билігін толықтай мойындауға мәжбүр болды. Жаңа ван Вонджно моңғолдардың үстемдігіне бас иеді. 1260 жылы Хубилай өзін ұлы ван деп жариялайды. Астанасы Пекин қаласы болды. Әскери жорықтардың негізгі көзі - қытай армиясы мен теңіз флоты.
Моңғол императорларының бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz