Маңғыстау – киелі мекенім


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Маңғыстау - киелі мекенім»
Орындаған: Ист-21 топ студенті Сатыбалдыев А. Б.
Тексерген: аға оқытушы Бақтығұлова Б. Н.
Орал, 2017
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
I-ТАРАУ. Маңғыстау облысы 4-6
1. 1 Маңғыстау этимологиясы және тарихы 6-41
1. 2 Маңғыстау - тарихи орындарға бай өлке 41-43
1. 3 Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 43-45
ҚОРЫТЫНДЫ 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47
КІРІСПЕ
Осы бір Ұлы теңіздің қолтығын мекендеп жатқан Маңғыстау жері туралы талай - талай саяхатшылар, ғұлама тарихшылар өз еңбектерінде, сапарнамаларында таңдайын қаға, тамсана жазып өткен. Өйткені, түбек төрінде күні бүгінге дейін өткен - кеткенді өзінің айшықты архитектурасымен қызықтыратын ескерткіштер де, тілін тауып сөйлете білсең, әріден сыр шертер тау-тасы да өзінің бастауын тым әріден, сонау есте қалмас ықылым замандардан бастайды. Бүкіл қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштердің жартысына жуығының осы жерде сақталуы, әсіресе күні бүгінге дейін міні құрымаған жер асты мешіттері, соңғы археологиялық қазбалар арқылы табылған біздің дәуірімізге дейінгі ғибадатханалар, көне үйіктер тарихына үңілсек болды, олар бір-бірімен жалғасып, өтіп кеткен елдер, халықтар жөнінде хабар береді.
"Маңғыстаудағы алғашқы қауым ескерткіштерінің авторлары ешқайдан көшіп келмеген, олар Маңғыстау мен Үстіртте неолит заманынан бұрынырақта өмір сүрген. Алғашқы қауым әуелі теңіз жағасын, тау баурайын мекендеген. Қалғаны далалық аймаққа қолдарына бұрынғыдан гөрі жетілген қару түскен соң аяқ басқан. Қару неғұрлым жетіліңкірей түскен сайын, олар алғашқы мекендерінен соғұрлым алысқа ұзап шыға бастаған" (Ә. Кекілбаев. Ұйқыдағы арудың оянуы. 1973. 107-бет)
Каспий мен Арал теңіздері аралығында жатқан дала аймағының едәуір бөлігін екі кең үстіртті - қыратты өңір - Маңғыстау мен Үстірт алып жатыр, олардың біріншісі Каспийдің солтүстік - шығыс жағалауында, шығысырақта орналасқан, екіншісі Арал жағалауында ұштасады. Қазақ тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі осы жерлерді, Орта Азияны мекен еткен сақ тайпалары дейді. Сақ тайпалары туралы деректер сол замандағы парсы жөне грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды "азиялық скифтер" десе, парсы тарихшылары "сақ" деп атаған.
Ежелгі грек деректермелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, комар, асқата, исседон, асси немесе аримасп, сармат, каспий және тағы басқалар.
Ортағасырларда Маңғыстау жері Оғыз, Хорезм, Моңғол билеушілері, Әбілқайыр хандығы, содан барып Қазақ хандығыың құрамына кірген болатын.
Тек 1731 жылы ғана Әбілқайыр билігі патшалық Ресей билігін мойындаған болатын.
Маңғыстау тарих сахнасында көп зерттелмеген өңірлердің бірі. Тарих - халық зердесi. Халқымыздың ғасырлар бойғы басынан өткерген тарихын бiлгеніміз жөн.
I-ТАРАУ. Маңғыстау облысы
Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е. Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е. Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді.
Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай "құбыжықтарға" қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдаһар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпа-лардың арасында "салыр" руы болған, бүгінгі түрікмен ұлтының құрамында "салор" ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдаһар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.
Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып ай-даұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады.
Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік әкімшілік бірлігі.
Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.
Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
Маңғыстау жері - бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі, оларға тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан сиынушылар үздіксіз ағылуда.
Мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойымен Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын монғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді. Маңғыстау көп ғасырларға ойкуменаның ең шегіне қарай ығыстырылды және еуразиялық қатынастар үшін шешуші маңызға ие болуын тоқтатты. Оның үстімен құрғақ жел соғып өтіп, күн күйдіріп, түбекті мекендеген көшпелілердің өмірін тіршілік үшін тоқтаусыз арпалысқа айналдырды.
Бүгінде Маңғыстауды қазыналы түбек, тарихи ескерткіштер мен мыңдаған жолдар өлкесі деп атайды. Бұл жолдар теңіз жағасында пайда болған қала - Ақтауға, Қазақстан Республикасындағы ең жас орталықтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысына апарады. Ұлы геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі Қ. И. Сәтбаев бірде түбекті ұшақпен айналып ұшқанда, оның құм пердесімен жабылған әйелдің кескініне ұқсайтынын байқап, оны «ұйқыдағы ару» деп атаған.
Түбекті геологтар оятты. Олар 1950-ші жылдардың басында Маңғыстау қойнауынан уран мен жер бетінде сирек кездесетін элементтердің, мұнай мен газдың кен көздерін тапты. Картада жаңа қалалар мен поселкелер пайда болды: теңіз жағалауындағы Ақтау, далалық жерден биікке көтерілген Жаңаөзен қаласы, мұнайшылардың поселкелері Жетібай, Қаламқас пен Қаражанбас.
Маңғыстауда 5 мұражай жұмыс істейді, олардың қорларында өңірдің бір кезде ежелгі еуразиялық өркениеттің орны болғандығын дәлелдейтін археологиялық және палентологи-ялық олжалар бар. Жергілікті тұрғындар сол ерте уақыттың куәларын көздің қарашығындай сақтауда. Маңғышылақта ежелгі заман мен қазіргі заман үйлесім тапқан.
Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ақын-жыраулар мен көптеген басқа да ұлттық рухтың данышпандары арттарына өте бай мұра қалдырды. Бұл мәдени дәстүрлер біздің талантты замандастарымыздың шығармашылығында да өз жалғасын табуда.
Маңғыстаудың архитектуралық өнері өзінің гүлдену кезіне жеткен кезде, 19 ғасырдағы халық сәулетшілерінің біртума шығармалары өз бойына шеберлердің бірнеше ұрпағы-мен жасалған барлық көпғасырлық тәжірибені жинақтаған. Безендірілуі бойынша өте бай кесенелер тап сол дәуірмен даталанады. Олардың сымбатты пішіндері, сирек ою-өрнектің әсемдігі, түрлі-түсті бояумен әшекейленген ішкі қабырғалары ең міншіл көрерменнің өзін де таң қалдыруға тұрарлықтай. 1980 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы құрылды. Облыста 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Қорықтың қара-мағында мемлекеттің қорғауына алынған 139 нысан бар. Олардың ішінен 20-ы республикалық маңызға ие. 12000 мыңнан аса ескерткіштер ғылыми тұрғыдан зерттелген және өңделген. Олар Каспий жағалауындағы халықтардың мәдени және діни дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
Ең қастер тұтылатын және халық көп келетін Маңғыстау ескерткіштерінің бірі - Оғыландыдағы (Оңтүстік Үстірт) Бекет-Ата мешіті. Мешіт Шопан-Атадан 100 шақырым жерде орналасқан. Мешіттің ең түбіндегі сағанада Бекет-Ата өзі жерленген. Бекет Мырзағұлұлы - қазақ халқының философы және ағартушысы. Жас күнінде оның батыл және тамаша сарбаз бен қолбасшы ретінде атағы шыққан. Өз елінде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың орнауын армандай отырып, өмірінің ортасына қарай дінге жүгініп, ислам дінінің сопылық ілімінің жолын қуушы болады. Ол маусымды қоныстанған жерлерінде мешіт-медреселер ұйымдастырып, адамдар арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді және тақуа өмір салтын насихаттайды, балалардың сауатын ашу үшін оқу ұйымдастырады. Өз өмірінде ол бірнеше жерасты мешіттерін салды. Олар Ембі өзенінің сағаларында, Аралдың жағасында, ескі Бейнеу құдығының маңында және Оғыланды жерінде орналасқан.
1. 1 Маңғыстау тарихы
Ежелгі Византия мен Таврия, Кавказ бен Хазария, Еділ Бұлғариясы мен орыс мемлекетінің Хорезммен, Орта Азиямен, Қытаймен, Үндістанмен, Таяу Шығыс елдерімен үзбей сауда жасап тұрғаны тарихтан белгілі. Шығыс тарихшысы әл-Истахридің 930 - 933 жылдары шамасында жазылған «Китап масалик әл-мамалик» атты кітабында мұсылман елдері мен Хазарлар елі арасындағы сауда жолы өтетін Каспий теңізі маңындағы бірден-бір үлкен елді мекен Сиях-Кух (парсы тілінде - Қаратау, парсы географиялық тарихи әдебиеттерінде Маңғыстау түбегі осылай аталады) түбегі екендігі айтылады. Түбекте бұлақтар, ағаш, ну шалғын өскен оазистер бары және сол араға түрік тайпаларының бірінің қоныс тепкені, олардың желге ығып кетіп, апатқа ұшыраған сауда кемелерін тонап кәсіп ететіні де айтылады. Ал одан екі ғасыр кейін өмір сүрген тарихшы Мұхаммед ибн Наджиб Бекран Хорезмшах Текешке арнаған «Джеханнаме» кітабында Маңғыстауды жайлайтын түріктердің өз ханы бар екенін жазады. Текештің әкесі Атсыз Маңғыстауды Хорезмге бағындырды. Тарихшы ибн әл-Асир (1160 - 1234) «Ал камил фи-т-тарих» кітабында Атсыз сол жорығында Маңғышлақ деген қамалды алды деп көрсетеді. 13 ғасырдың басында қайтыс болған парсы тарихшысы Якут: «Маңғышлақ Хорезмнің ең батыс шекарасындағы, орыс мемлекеті Саксин және Хорезммен шектес арадағы мықты бекініс қамал», - деп мәлімдейді. Бұған Атсыздың Маңғыстау жорығы тұсында Мерв билеушісі Санжардың мұсылман дүниесінің ең терістік шебіндегі бекіністерге қол салдың, өз мұсылмандарыңды өзің қырдың дейтін наразылығы мен сол тұста Хорезмде тұрған араб ақынының Атсызды бас имей, тізе бүкпей қойған маңғыстаулықтардың төбесіне жай ойнаттың деп жазған мақтау дастанын қоссақ, аталмыш жорықтың өз тұсындағы саяси өмірде елеулі құбылыс, аты шулы оқиға болғанын аңғарамыз. Акад. В. В. Бартольд кейін осы деректерге сүйене отырып, Маңғыстау маңызды сауда пунктіне 12 ғасырдан бастап айналған деген қорытынды жасайды. Ал шығыс зерттеушісі, археолог П. С. Савельев Маңғыстаудың бір кезде Хорезм мен Итиль арасындағы маңызды қатынас нүктесі болғанын, онда сол дәуірдің ескерткіштері тас қамалдар мен сарайлардың ұзақ уақытқа дейін сақталып келгендігін айғақтайды. Шығыс тарихшысы Масуди «Китаб эт-Тенбиг» атты еңбегінде әр алуан бұйымдар тиелген үлкен Хорезм кемелерінің Еділді бойлап, Итильге дейін жүзіп баратынын мәлімдеді. Олай болса, Маңғыстаудың маңызды сауда жолына айналуы 12 ғасырдан әріректе. Өйткені Хазария астанасы Дағыстаннан Итильге 764 жылы хорезмдік қолбасшы Рас-Тархан (ас-Тархан) бастаған хазар әскері Тбилисиді алғаннан кейін ауысқан-ды. Ал сол тұста қалыптасқан Хазар - Хорезм одағына Маңғыстау өлкесі де кірген болатын.
Ал Хазария - Еуразияның саяси өмірінде зор маңыз атқарған іргелі мемлекеттер. Византиямен, Араб халифатымен, Орта Азия елдерімен сауда жасап тұрды. Хазария ықпалы Еділ бойына, Дон саласына, Терістік Кавказға түгелдей тарады. Алайда 13 ғасырдың аяғынан бастап Хазарияның саяси, экономикалық ықпалы әлсірей бастады. Оған 790 жылы Хазарияның ең соңғы пұтқа табынушы қағаны қайтыс болғаннан кейін таққа отырған ұлы Обадияның иудей дінін қабылдағаны шешуші әсер етті. Шығыс Кавказ, Қырым, Ирандағы еврейлер енді Хазарияға ағыла бастады. Олар үшін Хазар қалаларында синагога ашылып, халық арасында Мишна, Талмуд, еврей дінінің барша 24 киелі кітабы кеңінен насихатталды. Обадия осы арқылы көршілес Византия мен Араб халифатының және өз еліндегі пұтқа табынушылықтың діни ықпалынан құтылып, қол астындағы шашыраңқы мемлекетті жаңа идеол. негізде біріктіруді көздеді. Бірақ жаңа дін елді біріктірмеді, халық арасында алауыздық туғызды. Қаған бастаған Итиль ақсүйектері кірген иудей дінін шет аймақтағы ақсүйектер қабылдамады. Ел ішінде бүлік шықты. Қырым іргесін бөліп, Византияның қол астына қарап кетті. Қанағат жеріне шығыстан көшпелі венгр, печенег ордалары килікті. Арабтар венгрлерді баджгард-башқұрттар деп атады. Олар Күнгей Оралдан шығып, Қара теңіздің теріскей жағалауына мекен тепті. Хазар қағанына риза болмағандар венгрлердің арасына барып сіңісетін болды. Сол кезде Терістік Хазарияға печенег тайпалары баса көктей кірді. Хазарлар оғыздармен одақтасып, печенегтерді атамекенінен қуып шықты. Қоныссыз қалған печенегтер еркектері жорыққа аттанып, елде бала-шағалары ғана қалған венгрлердің ұлан-байтақ қонысын тартып алды. Венгрлер 10 ғасырдың басында қазіргі отырған жеріне барып ірге тепті. Бірақ Хазарияның жағдайы жақсара қоймады. Оларға бір жағынан Хорезмге, Каспий мен Қара теңізге шығуды көздеген орыстар, екінші жағынан, жаңа өріске ұмтылған оғыздар қысым көрсете бастады. Святослав оғыздармен одақ жасасты. Мұндай қиын-қыстау жағдайда Хазария қағаны Хорезмнен көмек сұрауға мәжбүр болды. Көне Шығыс тарихшысы ибн Мискавейх пен ибн әл-Әсір көшпелі түрік тайпаларының шапқыншылығына ұшыраған Хазария Хорезмге елші жібергенін жазса, ибн Хаукал ол елшілік Маңғыстау түбегінен келіп шықты деп көрсетеді.
Сол кездегі орыс шежірешісі; «6473 (965) жылы Святослав хазарларға жорыққа аттанды. Хазарлар оны естіп, Қаған бастаған әскер шығарып, шайқасқа түсті. Шайқаста Святослав хазарларды жеңіп, Белая Вежа деген қалаларын алды, ястар мен касогтарды да жеңіліске ұшыратты», - деп жазды (Толстов С. П. По следам древнехорезмской цивилизации, 1978) . Ол жорық туралы ибн Хаукал: «Орыстар бәрін қиратып бақты, Итиль өзені бойындағы хазарларға, болгарларға, бұртастарға жататын елдердің иелігіндегі нәрселерді талан-таражға салып, тартып алды. Орыстар елді жайлап алған соң, Итиль жұрты баспана іздеп, Баб-ал-Абваб аралына барып бекінді, кейбіреулері қорыққандықтан Сиях-Кух (Маңғыстау түбегі) аралына барып мекендеді», - дейді. Демек, 10 ғасырда Орыс-оғыз одағы Хазарияға қарсы соғыс ашқан тұста да Маңғыстау Хазар - Хорезм одағындағы өлке.
10 ғасырдың 70-жылдарында хазарлар Итильге қайтып оралды. Мұқаддасидің айтуынша, «Хазар (Итиль) қаласының тұрғындары бұл кезде иудейлер емес, мұсылман болып алған еді». Көмек сұрай келген хазарлардан Хорезм мұсылман дініне өтуді талап етті; қара халықты былай қойғанда, Қағанның өзі мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр болды. Бұл жылдары Хазар - Хорезм арақатынасында Маңғыстау маңызды қызмет атқарды.
Археолог Толстовтың аталған кітабында «8 ғасырдың орта шеніндегі Хазар - Хорезм метрополиясының орталықтары» деген картада Итиль - Үргеніш керуен жолы Маңғыстаудағы Қарағантүп түбегінің үстімен өтетіндігі көрсетілген. Мұның бәрі Маңғыстаудың В. В. Бартольд айтқандай, 10 ғасырға дейін сауда жолынан тысқары жатпағанын, қайта сонау 8 ғасырдың өзінде маңызды сауда пункті болғандығын айғақтайды. Толстовтың Хорезм өлкесіндегі археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде, ежелгі Қаңға (Хорезм ерте кезде Каспийден Тянь-Шаньға дейін созылып жатқан Кангой (Қаңға) мемлекетінің қол астына қараған) мәдениеті сонау б. з. б. 4 - б. з. 1 ғасырларға дейінгі Қара теңізі жағалауындағы елдерге де елеулі ықпал еткені айқындалып отыр. Маңғыстау ол тұстағы мәдени, сауда байланыстарынан да шеткері қалмапты.
Бұл пікірді кейінгі жылдардағы зерттеулер де құптайды. Тарихшы А. Н. Зелинскийдің жасаған сұлбасы бойынша Ұлы Жібек жолының далалық тармағы б. з. 1 ғасырнда Маңғыстау арқылы өткен. Ал тарихшы Л. Н. Гумилев Каспий теңізі деңгейінің ауытқуларын зерттей отырып, 1 - 3 ғасырлардан 10 ғасырға дейінгі аралықта Жайық өзенінің суы мен Еділ өзенінің суынан құралатын көлшіктер бір-бірімен қосылмай екі бөлек жатқан; аралары кішкене ғана бүғаз арқылы байланысып тұрған; ол тұста Шығыс керуендері Хорезм, Маңғыстау арқылы қазіргі Бозащы түбегінің тұсындағы әлгі кішкене бұғаздан өтіп, Еділ бойына көтерілетін болған; ол жол кейін Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, бұрынғы екі көлшік бірігіп кеткен тұста су астында қалған деген болжам айтылады. Мұның бәрі Маңғыстау арқылы өтетін сауда жолының ежелден белгілі жол екендігін байқатады. Бірақ оның аталмыш аймақтағы елдердің экономикалық қарым-қатынасына жасаған ықпалы әрдайым бір қалыпта болмаған; белгілі бір тұстарда ол ең басты магистральға айналса, екінші бір тұстарда ондай шешуші ықпалынан айрылып отырған. Оның себептері Орта Азия, Кавказ, Еділ бойы мемлекеттерінің саяси ауа райындағы өзгерістермен тығыз байланысты еді. В. В. Бартольд айтқан 12 ғасыр Маңғыстаудың Азия мен Еуропа арасындағы сауда сахнасында көрінуінің басы емес, ол арқылы өтетін жолдардың маңызы айрықша көтерілген тұс еді. Хазар - Хорезм, кейін Бұлғар - Хорезм саудасы тұсында ерекше маңызға ие болған Маңғыстаудың 12 ғасырда қадірі тіптен артты. Ол тұста Еділ бойына орыс мемлекетінің ықпалы арта бастады. Хорезм бұл жаңа жағдайда аталмыш аймақтағы шешуші ықпалынан айрылып қалғысы келмеді. Хорезмшах Атсыз 1152 жылы Шығыс Еуропа мен Азия сауда қатынасында маңызды қызмет атқаратын Маңғыстау мен Үстіртте әлсіреп бара жатқан өз ықпалын қайтадан қалпына келтіру үшін жорыққа аттанды. Хорезм өз ықпалын тек Маңғыстау, Үстіртпен ғана шектемей, Еділ бойына да жүргізбекші еді. Олардың бұл ниетін жүзеге асыруға Азияның саяси өміріндегі соны өзгерістер мүмкіндік бермеді. Шартарапқа түгел кезенген Хорезм көп ұзамай өзі шапқыншылыққа ұшырады. Тарим бассейнінде жаңа бой көтерген моңғолдардың басшысы Шыңғыс хан Мұхаммедшахқа дос болайық, дүниені екі бөліп алып, екеуміз билейік деп елші жіберді. Жазған хатында шахқа «балам» депті. Онысы менің вассалымсың дегені еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz