Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер



КІРІСПЕ 34
I.ТАРАУ. Батыс Қазақстандағы мәдени.тарихи ескерткіштер 4.6
1.1 Батыс Қазақстан облысы өлкесінің тарихи.мәдени мұралары және олардың қорғалуы 7.11
1.2 Шопан.ата жер асты мешіті. Қараман.ата ескерткіші 11.13
1.3 “Қырық оба” және т.б Жайық өңірінің археологиялық ескерткіштері 13.17
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19
Батыс Қазақстан өңіріне Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы кіреді. Бұл өңірдегі мәдени-тарихи ескерткіштер өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
2. http://kk.wikipedia.org
3. http://archcentr.kz
4. http://madenimura.kz
5. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997.
6. “Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер




Орындаған: Ист-21 топ студенті Сатыбалдыев А.Б.
Тексерген: аға оқытушы Бақтығұлова Б.Н.

Орал, 2017
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 34
I-ТАРАУ. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер 4-6
1.1 Батыс Қазақстан облысы өлкесінің тарихи-мәдени мұралары және олардың қорғалуы 7-11
1.2 Шопан-ата жер асты мешіті. Қараман-ата ескерткіші 11-13
1.3 "Қырық оба" және т.б Жайық өңірінің археологиялық ескерткіштері 13-17
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19

КІРІСПЕ
Батыс Қазақстан өңіріне Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы кіреді. Бұл өңірдегі мәдени-тарихи ескерткіштер өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.

I-ТАРАУ. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман - Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман - Ата Шопан - Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман - Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман - Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты. Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі - ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған. Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең - байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен, ірі тарихи - мәдени аймақтар қалыптасты.
Батыс және Орталық Қазақстан аумағында палеолит кезеңінде, көптеп табылған жебе тәрізді заттардан көрінетіндей, аңшылыққа бейімделген біртұтас материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит дәуірінің тұрақты өзендік және көлдік типті болып келеді. Бұл кезең мәдениетінің Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан және Арал маңы мәдениеттерімен ұқсас тұстары да бар, оның басты ерекшелігі - көшпелі тұрмыс кешкен дала аңшыларының әдениетімен сипатталады.
Аңшылар мен балықшылардың тығыз мәдени - шаруашылық байланыстары, әсіресе кельтминар мәдени қауымдастығын айқын байқалады, олар Батыс Қазақстан аумағында бедерлі қолөнер түрінде ( шапақ тас құралдары мен ерекше пішін оюланаған қыш ыдыстар) ұшырасады. Батыс Қазақстан облысындағы көне мәдени ошақтарының арасында барынша зерттелгені - кельтминар археологиялық мәдениеті неолитте пайда болып, қола дауірінің ортасына дейін созылды. Бұл мемлекет өзін шектен тыс тұрақтылығымен ерешеленеді,, археологиялық деректердің материалдық тұрмыстары бірнеше мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды. Кельтминар археологиялық мәдениеті Жайық өңірінде, өздерінің теңізге жағасына таралды. Бұл, алдымен, аулаушылар - терімшілер болды, кейін құғақ жерлерді игеруге орай аулаушылар - терімшілер мәдениетіне ұласты. Бұл мәдениет өкілдері мүмкін алғашқы ұсақ жануарларды қолға үйрете бастаған болар, бірақ кельтминалықтар жалпы алғанда "неолит төңкерісі" - өндіруші шаруашылықтың пайда болуына қатысқан жоқ. Кельтминар археологиялық мәдениетінің ескерткіштері Ақтөбе облыс аумағында барынша зерттелді. Батыс Қазақстан облысындағы "Солянка" (тасқала маңы) қоныстарында материалдарын зерттеуші ғалымдар осы археологиялық мәдениетке жатқызып жүр.
Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық Жайық бойы аумағы б.з.б. ғасырдың басына дейін қола мәдени - тарихи қаудастығына кіргеннін көрсетті. "Кресты" қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр - 2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік архиология мәдениеті өрісіне кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме - дәл осы жерінде қима мәдениеті жергілікті варианты - ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою - нақышы, жер ғұрпы - Дон бойы мен Еділ жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.
Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағында "Қырықоба" атты ескерткіш 19 - ғасырдан ғалымдарға белгілі, 1883 жылы Кастаньенің тізбесінде "Қараоба" деген жергілікті атаумен енген, Еуразиядағы ең улкен қорғандар кешенінің бірі қима мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан - жақты зерттелген мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна бөлінеді, атап айтқанда - а) Прохоровтық (ерте сарматтық) - б.з.б. 4 ғ. - б.з.б. 2 ғ.; ә) Сусловтық (орта сарматтық) - б.з.б. 2 ғ. - 2 ғ.; 3 ( соңғы сарматтық - 2 ғ. - 4ғ. Соңғы археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі зерттеу барысында олар б.з. 4 - 5 ғасырларындағы ғұндар заманына жатқызылады.
Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б.з.б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы кезеңді зерттеуші К.Ф.Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б.з.б. 8 ғасырда савромат ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін жасаушы тайпалар еді.
Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару - жарақты жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі - ірі жануарлар қаңқаралымен бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте қызғылықты ескерткіштердің бірі - Володарка селосы маңындағы фалларлы жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк - фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол уақытты сипаттайтындай сан - алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ,ына баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар, үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық мәдениеттің сыртқы бет - бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі қорымдардан тұрады. Көптеген қару - жарақ - ұғымалы қола және және мыс жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар ерте заманда - ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет алған көшке қосылды.
Б.з.б. 6-4 ғасырларда Еділ - Жайық бойы даласының ұлан - ғайыр аумағын бір - бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ - Жайық өзендері аралығында археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс - Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған, Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде, Жайықтың сол жағалауында кездеседі.

1.1 Батыс Қазақстан облысы өлкесінің тарихи-мәдени мұралары және олардың қорғалуы

Байырғы Сақ, Ғұн, Түркі, Қыпшақ тайпаларының ұйытқысы, әрі қасиетті мекені болған Қазақ жері талай тарихи кезеңді басынан өткерді. Соның ішінде жылдар, ғасырлар, мыңжылдықтардың тілсіз куәсі бола білген Батыс өңір, Ақ Жайық даласы қатпары қалың, қыртысы мол тарихты қойнына бүгіп жатыр. Алтайдан Атырауға дейін көсілген аймақты мекен еткен ата-бабаларымыз өз жерін көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалды. Сырын ішіне бүккен екі алып мемлекеттің қыспағында қалған кезде данышпан бабаларымыз көрегендік таныта білді. Тағылымды даналықты бойына сіңірген аталарымыздың өсиетін ұмыт қалдырмай, өткен дәуір елестерінен сыр шертетін көненің көзі ескерткіштер қашан да бүгінгі буынның жанашыр қамқорлығына алынуы қажет-ақ. Талай дүбір мен дүрмекті бастан өткерген қазақ даласының бір бөлігі - киелі Ақжайық өңірі де сан тарихты ішке бүккен тілсіз куәгер. Төлеген мен Жібек секілді арманда кеткен ғашықтардың мекені, адамзат баласының арғы-бергі тарихындағы зұлмат соғыстың шеткері майданы мен тылы бола білген осы өңір тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштеріне бай облыстардың біріне жатады. Олар дала төсіндегі археологиялық ескерткіштер мен 400 жылдық тарихы бар көне Орал шаһарының сәулет ескерткіштері.
Алғашқы іргетасы осыдан төрт ғасырға жуық уақыт бұрын қаланған Орал қаласы бүгінде Қазақстанның батыс қақпасы болып есептелді. Ол Еуропа мен Азия сынды екі алып құрлықтың шекарасын бөліп жатқан Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Демек, екі мәдениет пен екі этносты ортақ еншілеген Орал қаласының қойнауы тарихи оқиғаларға толы екендігіне таңдануға болмайды.
Әрине, қай аймақтың да өз ерекшелігі, өзіндік кескін-келбеті болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысының бақ-таланы басқа облыстармен салыстырғанда айтарлықтай айрықша. Ол Ресей Федерациясының бес бірдей облысымен шектесіп жатыр.
Жалпы Батыс Қазақстан облысы қайталанбас ерекше тарихи және мәдени ескерткіштерге бай аймақ. Соңғы он жыл ішінде бұл ескерткіштерді зерттеу ерекше қарқынмен жүргізілді. Нәтижесінде облыс териториясында 6 мыңнан астам қорғандар мен қоныстар, қала орындары мен қорымдар кешені есепке алынды. Олардың 200-дейі тас ғасырына, 4 мыңнан астамы сақтар мен сармат-савромат дәуірін қамтитын қола және ерте темір ғасырына, 2 мыңға тарта ескерткіштер түркі кезеңінен бастап XV-XVI ғасырларға дейінгі кезеңге тиесілі. Осы ескерткіштердің ішінде Бөрлі ауданындағы Қырықоба патшалар қорымы кешені мен Жайық қалашығы деген шартты атаулы қала орнының шоқтығы биік. Зерттеулер Батыс Қазақстан жері қуатты да белсенді саяси және экономикалық орталық мекені болғанын айғақтайды.
Тарих және сәулет ескерткіштері мен монументалдық өнер ескерткіштерін зерттеу, есепке алу, қорғау және қайта өңдеу жұмыстарын ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Қазақ КСР Мәдениет Министрлігі органдары жүзеге асыра бастады.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Кеңес Одағының басқа елдеріндегідей сияқты Қазақстанда да тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау органдары әр облыс бойынша ескерткіштер тізімін дайындау үшін жаңа бірыңғай есеп карточкалары мен паспорттары негізінде тарихи объектілерді паспортизациялау жұмыстарына кірісіп кетті.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Қазпроектреставрация институты облыстық ескерткіштерді қорғау органдарымен бірлесе отырып Орал облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу мақсатында экспедиция ұйымдастырды. Сондай-ақ институт Орал қаласының даму тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ағаш қолөнерінің ескерткіштері, тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, мавзолей, тарихи ескерткіштердің тіркеу құжаттары дайындалды.
Орал қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі саналады. Қаланың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері саналатын тарихи бөлігін ашық аспан астындағы музей деп те атауға болады.
Батыс Қазақстан облысы территориясында 6 мыңнан астам археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументтік өнер ескерткіштері бар. Қазіргі кезде жергілікті маңызға ие 2 153 және республикалық маңызы бар 14 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Жергілікті маңызды 2 153 ескерткіштің ішінде 173-і тарих, сәулет және монументтік өнер ескерткіші болса, 1 966-сы археология ескерткіші саналады.
Барлық ескерткіштер ҚР Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңының 5-статьясына сәйкес тарихи, ғылыми құндылығы бар тарихи-мәдени мұра ретінде құқықтық статусқа ие.
Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау бойынша мемлекеттік инспекция мемлекеттік мекемесі облыс әкімінің шешімімен 1996 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ескерткіштерді қорғау бөлімі негізінде құрылды. 1999 жылы мемлекеттік мекеме ретінде заңды статусқа ие болды.
Мелекеттік инспекцияның басты мақсаты тарихи-мәдени мұраны қорғау мен дамытуды қамтамасыз тетеін қоғамдық қатынастарды реттеу саналады:
- тарихи-мәдени мұраны түсінігін анықтау, оны қорғау және пайдалану;
- тарихи-мәдени мұра объектілерінің құқықтық статусын бекіту;
- тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін есепке алу, тіркеу, қорғау.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлкеттік мекеме мынадай бағытта жұмыс атқарып келеді:
- тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады және бағдарлама жасап шығарады;
- тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталу және пайдалану тәртібін, сондай-ақ оларды жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады және ескерткіштерді қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды;
- облыс территориясындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын және пайдалану ережелерін ұстануды қамтамасыз етеді;
- ҚР Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңының орындалуын қадағалайды;
- Республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізімін дайындап, ҚР Үкіметіне жібереді және облыстық әкімдікке жергілікті маңызы бар ескерткіштердіңтізімін ұсынады;
- Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында ғылыми зерттеулер негізінде тарихи-деректі кітаптар, қолжазбалар, ғылыми жинақтар, альбом және буклеттер дайындап, баспадан шығарады.
ҚР Президентінің Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты Жолдауына байланысты БҚО тарихи-мәдени мұрасын қорғау бойынша инспекция мен облыстық тарих және археология орталығыескерткіштерді зерттеу, қайта қалпына келтіру және сақтау мақсатында жұмыстар атқарды. Мәдениет және ақпарат Министрлігінің тапсырмасымен ескерткіштер тізімі жаңартылып, толықтырылды және олардың паспорт, ескепке алу карточкалары, фото-альбомдары жасалды. 2008 жылы 82 тарих және сәулет өнерінің ескерткіштері және 1 646 археология ескерткшітері Мәдениет және ақпарат Министрлігінің сараптау комиссиясынан өтіп, жергілікті маңызды мемлекеттік тізімге енгізілді.
Бөкей Орда тарихи-музей кешені территориясындағы Хан сарайы ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары қадағаланып отыр.
Мемлекеттік инспекция БҚО тарихи-мәдени мұрасын қайта жандандыру және сақтау бағдарламасын орындауға атсалысты. Жеңістің 65-жылдығына арналған бағдарлама аясында облыс территориясындағы ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштердің тізімі жасалынып, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.
Орал қаласындағы Жол картасы бағдарламасы шеңберінде В.Чапаев, М.Маметова, А.Пушкин ескерткіштеріне, Ж.Молдағалиев, Ғ.Құрманғалиев ескерткіш-бюсттеріне және Даңқ мемориалдық кешені мен Бауырластар зиратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңының 18-бабында жергілікті өкілет органдарының құзыреті айқындалған. Заң бойынша жергілікті өкілет органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, сондай-ақ оларды өз бюджеттерінің есебінен қаржыландырып отыруы тиіс.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және сақтау жұмыстары бойынша шараларды жүргізуге қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық мәдениет орталықтары, Көне Орал шаһары атты қоғамдық мәдени-ағарту қоры және Батыс қазақстан облысының туристік имиджін қалыптастыру мақсатында облыстық туризм және спорт басқармасы атсалысты.
2009 жылы Мемлекеттік инспекция Орал қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе отырып, қаланың тарихи бөлігін қалпына келтіру бағдарламасын дайындады.
ҚР Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңын сақтау мақсатында 34-статьяға (Тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу, қалпына келтіру және консервациялау) сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жобасы жасалынды.
Байырғының куәсі саналатын қаладағы кейбір сәулет ескертікштері, бұрын жазылып келген тізімнен алынуда. Оған олардың жойылуы немесе идеологиялық мәнінен айрылуы, яғни Кеңес кезінде әспеттеліп, қазір мағынасынан жұрдай болған ескерткіштер жатады. Қазір мемлекет қорғауына алынған ескерткіштердің көбі күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғимараттардың сыртқы және ішкі көркі әрленіп, әсемделгенімен, олардың құрылысына толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Тек соңғы уақытта ғана, ескеткіштерді күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту ісі мемлекет тарыпынан қолға алына бастады.
Тарихи-мәдени мұра халықтың тарихи тағдырының куәсі, оның бүгіні мен болашақ дамуының ажырамас шарты, адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде қашан да зерттеуді, зерделеуді және қорғауды талап етеді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен құрылысының маңызды бағдарламаларының бірі болып 2000 жылдан бастап республикалық, облыстық қаржы және инвестиция есебінен тарихи объектілерді қалпына келтіру жұмыстары саналады. Көптеген тарихи ғимараттар архитектуралық, декоративтік элементтерін сақтай отырып, ерекше келбетке ие болды. Шаһарымыздағы сәулет ескерткіштері талай мәрте сыртқы кейпін алмастырса да, олардың архитектуралық құрылысы әрқашан сақталып отырған. Мәселен, мемлекет қорғауындағы 1859-жылы тұрғызылған Островский тетрының өзі сол уақыттан бері 4 мәрте өзгеріске түсті. Бірақ, өлке тарихы үшін маңызы зор саналатын көптеген тарихи, археологиялық, архитектуралық объектілер қауіпті жағдайда тұр және тез арада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Олардың ішінде Әулие Покров шіркеуі, Ф.Шаляпин тоқтаған бұрынғы қонақүй, Жалпақтал ауылындағы Овчинниковтардың тұрғын үйі, Орда ауылындағы С.Меңдешевтің үйі секілді бірегей ескерткіштер де бар.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде де тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде музей қорында 100 000-ға жуық жәдігер сақталуда.
Музей мамандары Мәдени мұра өңірлік-салалық бағдарламасы аясында жасақталған Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары құжаттарының электронды ақпараттық базасы бағдарламасын меңгеруді жүзеге асыру мақсатында қорда сақталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің ғылыми құжаттарын бағдарламаға енгізу бойынша жұмыстануда. Орталық музейден арнайы маман шақыртылып, музей қызметкрелері Музеолог ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Қазақстанның археологиялық мәдениеті
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі
Пәндер