XVIII - XX ғ. басындағы Орыс метрологиясы



КІРІСПЕ 3
I.ТАРАУ. XVIII . XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОРЫС МЕТРОЛОГИЯСЫ.
1.1 Біріңғай өлшемдердің енгізілуі(1835ж.) 4
1.2 Ұзындық өлшемдері 5.6
1.3 Аудан өлшемдері 6.7
1.4 Салмақ өлшемдері 7.9
II.ТАРАУ. МЕТРИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІ.
2.1 Маманданған мемлекеттік метрология қызметкерлерінің пайда болуы 10
2.2 Метрикалық жүйе және оның Ресейге енгізілуі 12.15
ҚОРЫТЫНДЫ 16.17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 18
Жұмыстың өзектілігі: XVIII-XX ғасырдағы орыс метрологиясы маңызды кезеңдердің бірі болып есептеледі. Мұндағы жұмыстың негізгі өзектілігі кейінгі ортағасыр кезеңіндегі орыс метрологиясының дәстүрлі өлшеу жүйесінен буржуазиялық Францияда қабылданған метрикалық(ондық) жүйенің енуі кезеңіндегі өзгерістерді баяндау.
Жұмыстың мақсаты: Ортағасырдағы Ресей метрология жүйесінің тарихи дамуын оқып үйрету.
Жұмыстың міндеті:
1) Ортағасырдағы Ресей метрологиясындағы біріңғай өлшемдердің енгізілуіне тоқталу;
2) Ортағасырлық орыс метрология жүйесіне сипаттама беру;
3) Метрология қызметкерлерінің пайда болуына тоқталу;
4) Метрикалық жүйенің пайда болуына тоқталу;
5) Метрикалық жүйенің енгізілун баяндау;
Жұмыстың хронологиясы: «XVIII-XX ғ. орыс метрологиясы» өзіндік жұмысы 1835 жылы біріңғай өлшемдердің енгізілуінен бастап, XX ғасырдың басына дейінгі, яғни КСРО-да метрикалық жүйенің орнауына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы: «XVIII-XX ғ. орыс метрологиясы» өзіндік жұмысы кіріспе, екі үлкен тараудан оның өзі алты тақырыпшалардан және де қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
1. Шевцов В.В. Историческая метрология России: Учебное пособие. – Томск: “ТМЛ-Пресс”, 2007. – 280 б.
2. Большаков А.М. Вспомагательные исторические дисциплины. – Л., 1924.
3. Каменцева Е.И Историческая метрология. – М., 1978.
4. Каменцева Е.И., Устюгов Н.В. Русская метрология. – М., 1965.
5. Леонтьева Г.А., Шорин П.А., Кобрин В.Б. Ключи к тайнам Клио: Палеография, метрология, хронология, геральдика, нумизматика, ономастика, генеология. – М., 1994.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: "XVIII - XX ғ. басындағы Орыс метрологиясы"

Орындаған: Ист-21 топ студенті Сатыбалдыев А.Б.
Қабылдаған: оқытушы магистр Мырзабаева Б.М.

Орал, 2017

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. XVIII - XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОРЫС МЕТРОЛОГИЯСЫ.
1.1 Біріңғай өлшемдердің енгізілуі(1835ж.) 4
1.2 Ұзындық өлшемдері 5-6
1.3 Аудан өлшемдері 6-7
1.4 Салмақ өлшемдері 7-9
II-ТАРАУ. МЕТРИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІ.
2.1 Маманданған мемлекеттік метрология қызметкерлерінің пайда болуы 10
2.2 Метрикалық жүйе және оның Ресейге енгізілуі 12-15
ҚОРЫТЫНДЫ 16-17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 18

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: XVIII-XX ғасырдағы орыс метрологиясы маңызды кезеңдердің бірі болып есептеледі. Мұндағы жұмыстың негізгі өзектілігі кейінгі ортағасыр кезеңіндегі орыс метрологиясының дәстүрлі өлшеу жүйесінен буржуазиялық Францияда қабылданған метрикалық(ондық) жүйенің енуі кезеңіндегі өзгерістерді баяндау.
Жұмыстың мақсаты: Ортағасырдағы Ресей метрология жүйесінің тарихи дамуын оқып үйрету.
Жұмыстың міндеті:
Ортағасырдағы Ресей метрологиясындағы біріңғай өлшемдердің енгізілуіне тоқталу;
Ортағасырлық орыс метрология жүйесіне сипаттама беру;
Метрология қызметкерлерінің пайда болуына тоқталу;
Метрикалық жүйенің пайда болуына тоқталу;
Метрикалық жүйенің енгізілун баяндау;
Жұмыстың хронологиясы: XVIII-XX ғ. орыс метрологиясы өзіндік жұмысы 1835 жылы біріңғай өлшемдердің енгізілуінен бастап, XX ғасырдың басына дейінгі, яғни КСРО-да метрикалық жүйенің орнауына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы: XVIII-XX ғ. орыс метрологиясы өзіндік жұмысы кіріспе, екі үлкен тараудан оның өзі алты тақырыпшалардан және де қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.

I-ТАРАУ. XVIII - XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОРЫС МЕТРОЛОГИЯСЫ.

1.1 Біріңғай өлшемдердің енгізілуі(1835ж.)
Өлшеу жүйесін реформалау мақсатында 1736 жылы Өлшеу және өлшем бірліктер комиссиясы құрылды. Оның басшылығында граф М.Г.Головкин тұрды(канцлер Г.И.Головкиннің баласы). Бұл комиссияның құрылу себебі - біріңғай өлшеу жүйесінің жоқтығы. Комиссия алдына қойған негізгі мақсаты - бүкілресейлік өлшеу жүйесін енгізу және оны қадағалау.
Комиссия орыс мемлекетінің біркелкі өлшем бірліктері үшін жасаған эталондары 11 қазан 1835 жылы жасалған орыс метрология жүйесіне негіз болды. Бұл жүйе 1845 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. 1835 жылғы жарлықтан кейін Комиссияға әртүрлі жерлердегі халықтардың өздері қолданатын өлшеу бірліктері түсе бастады. 1840 жылы А.Я.Купфер бұл өлшем бірліктерді салыстыратын кесте құрды.
1842 жылы 4 маусымында "Өлшеу және өлшем бірліктер жағдайы" атты еңбек жарық көрді, онда Ресей империясында қолданылатын өлшем бірліктер қатары болды. Ұзындық және салмақ эталондары Санкт-Петербургтегі монеталық ғимарат және Мәскеудегі Қару палатасында сақталды. Осы кезден бастап губернияларға өлшем эталондары жөнелтілді.
Осылайша, Николай I билігі кезінде метрология жүйесін реформалау заңды түрде аяқталды. Ғылыми қалыптасқан өлшеу жүйесі 1927 жылы метрикалық жүйе енгізуге дейін қолданылды. Орыс метрологиясын біріңғай жүйеге келтіру теоретикалық және практикалық метрология білімдерін дамыту, ішкі тауар қатынасының кеңейтілуімен, мемлекет экономикасының өсуіне байланысты болды. Ресей мемлекетінің өлшеу жүйесі дамыған Франция және Ұлыбритания өлшеу жүйесіне ұқсау мақсатында жұмыс істеді.
Орыс өлшеу жүйесін ағылшын өлшеу жүйесінің ығыстыруы Ресей мемлекетінің осы дамыған мемлекетпен сауда және өнеркәсіп байланысына байланысты болды. Басқа мемлекеттерге қарағанда, "Шеберхана әлемі" елдерінің өлшеу жүйесі Ресей мемлекетінде нақты өз орнын таба білді, себебі олардың арасында тарихи қатынас бар еді. Петр I ежелгі орыс метрологиясының дамуын тоқтатып, орнына ағылшынның фут және дюйм өлшем бірліктерін енгізді. 7-футтық сажень және 28-дюймдық аршынды экономика және ғылыми зерттеулерді маңызды өлшем ретінде қолданды. XVIII ғасырда артықшылықтары көп Жаңа француздық жүйе Ресей мемлекетінде қабылданбауы мүмкін емес-ті.

1.2 Ұзындық өлшемдері
XVII ғасырда қалыптасқан ұзындық өлшемі XVIII ғасырға дейін өзгермеді, бірақ ағылшынның фут және дюйм өлшемдерімен толықтырылды.
Ағылшындық фут (ағыл. foot - "табан", "аяқ" ) 12 дюйм немесе 30,48 сантиметрге тең болды. Дюйм (гол. duim - "үлкен саусақ") 2,54 сантиметрге тең болды.
Аршын заманауи метрикалық жүйе бойынша 71,12 сантиметрге (28 ағылшын дюймі) тең болды.
Үш аршынды құраған сажень 7 ағылшын футына тең болды, ол 213,36 сантиметрді құрады.
Аршын және саженьнің 1%-ке кемуіне байланысты басқа өлшем бірліктер де кеміді. Четверть метрикалық жүйеде 18 сантиметрден 17,78 сантиметрге дейін кеміді. Вершок әдеттегідей 4,5 сантиметрге емес 4,45 сантиметрге тең болды.
Осылайша, сажень = 3 аршынға = 7 ағылшын футына = 12 червертьке = 48 вершокке = 84 дюймге = 213,36 сантиметрге.
Орыс өлшемдері аршын және саженнің ағылшынның өлшемдеріне теңестіруне екі түрлі көзқарас қалыптасты. Н.А.Шостьин дәлелдемесі бойынша, бұл құбылыс Петр I кезінде қалыптасты. Мысал ретінде ол 7-футтыұ саженьді кеме құрастыру, әскери топографиялық сипаттау, арифметика және жер өлшеу ісі бойынша қолданған дейді. Академик А.Я.Купфер айтуы бойынша: "Ұлы Петр бұйрығы бойынша Ресей мемлекетінде ағылшынның сызықтық өлшемі қабылданды. Жеті ағылшын футы саженьді құрайды... осылайша, аршын 28 ағылшын дюймына тең болды" - дейді. Бірақ бұл өзгерістер жайлы бұйрықтар табылмаған, бұған 1831 жылдары алғашқы орыс метрологиясын зерттеушілердің бірі Ф.И.Петрушевский көңіл аударды.
Н.В.Устюгов және Е.И.Каменцева дәлелдемелері бойынша, 7-футтық сажень 1810 жылы ағылшындық Р.Гайнам зерттеулерінен кейін және аршын эталондары шығу кезінде енгізілген.
Орыс метрологиясында ағылшын футы мен дюймының пайда болуы XVIII-XIX жылдары аралығында екі өлшеу жүйесінің сажень - аршын - вершок және сажень - фут - дюйм қолданылуына алып келді. Бұл жүйелер әр салада қолданыла алды, кейде бірге қолданылды, осы жағдай өлшеу жүйесіне үлкен келеңсіздіктер туғызды. Сондықтан кей өлшемдер тек вершок арқылы көрсетілсе, кейбірі фут және дюйм арқылы берілді. Тігін өнеркәсібінде аршын және вершок қолданылса, кеме құрастыруда - фут және дюйм қолданылды. Металл өндірісінде аршын және фут бірге қолданылды. Ғылыми зерттеулерде орыс қара маңында жүрген шет ел ғалымдары орыс өлшемдерімен қатар еуропалық өлшемлерді қолданған. Мысалы, географиялық мили өлшемін қолданды, ол жер меридианының 115 бөлігін құрады, 6,9569 верстқа тең болды (миля шамамен 7 верстқа тең болды).
1 жолдық верст = 500 саженге = 1 500 аршынға =3 500 ағылшын фунтына = 1066,80метрге = 1 км 67м.
1 аралық верст = 2 жолдық верст = 1000 сажень = 3000 аршынға = 7000 ағылшын футы = 2133,60 метрге = 2км. 134м.
Сібірде және оңтүстік аймақтарда қолданылған 1000 сажендік верста уақыт өтуімен қолданыстан шығып қалды. 1721-1722 жылдары оларды "ескі версталар" ретінде қараған.
Ұлы Петр кезеңінен бастап маңызды жолдарда, жолдық верста аралығына версттік бағандар рната бастады. XIX ғасырдан бастап бағаналарды қара-ақ түске боянды.
Осы уақыт аралығында айналымға ағылшын ұзындық өлшемдері енді. Бұлар сызық және нүкте, олар дюймге қатысты өлшенді.
1 сызық = 110 дюймге = 0,254 см = 2,54мм.
1 нүкте = 1100 дюймге = 0,0254 см = 0,254 мм.
Сызықпен Ресей мемлекетінде керосиналы шамдарға арналған айналарды және мылтық калибрлерін есептеуге қолданылған. Мысалы, 1897 жылы қолданысқа енгізілген С.И.Мосин винтовкасының калибр трехлинейка атауын алды (7,62 мм). Сызықтар ғылыми зерттеулерде қолданылды. Нүктелер тек алтын және күміс монеталарын өлшеу мақсатында қолданылған.
XVIII ғасырларда ұзындық өлшемі ретінде 20, 30, 40 саженді өлшеуіш арқандар қолданылды. Нақты ұзындықты анықтау үшін 5 саженнен 10 саженге жететін темір шынжыр қолданылды. Жұмыстық сажендер ағаштан жасалды, онда фут және дюйм шегелермен белгіленген.
XIX ғасырда шынжыр қолданыла берді. Металдан жасалған аршын және сажендер ағаштан жасалған өлшеуіш құралдарды қолданыстан шығарды. Жаңа өлшеу құрылғыларын қолдану әсерінен, өлшеу нақтырақ боды. Путилов зауытында жасалған приборлар XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап 0,01 мм дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік берді. Сызықтық өлшеуде XIX ғасыр соңынан бастап метрикалық өлшемдер қолданыла бастады.

1.3 Аудан өлшемдері
Жер ауданын өлшеуде маңызды өлшем бірлік ретінде десятина болып қала берді. Қазыналық саженнің 7ағылшын футымен теңестірілуі(213.36 см) оның мағынасын өзгертті.
Қазыналық десятина =2 400 сажень кв.=1 925,40 м кв.=1, 092 га =1,09 га.
Қиғаш десятина =3 200 сажень кв. = 1,46 га.
Четверть деятинаның жартысы ретінде XVIII ғасырда қолданыстан шықты. Оның орнына деятина жартысы қолданылды: 2 жарты десятина, 4 деятина және 8 десятина. Мұндай десятиналық бөлініс 1754 және 1766 жылдары аралығында қолданылды.
XVIII ғасырдан бастап ғылыми айналымда квадраттық аудан өлшемдері қолданыла бастады. Н.Г.Кургановтың "Генералды геометрия" атты еңбегінде квадраттық сажень 49 квадраттық футқа теңестірілді. Этнограф, географ, академик И.И.Георги "Ресей империялық Астана қаласы Санкт-Петербургты сипаттау" атты еңбегінде, "десятина 2400 квадраттық сажень, немесе 117 600 ресейлік және ағылшындық квадраттық футқа тең" - деді.
Квадраттық өлшем бірліктер келесі жүйені құрады:
1 квадраттық верста = 250000кв. сажень = 1,1381 кв. км;
1 кв. сажень = 9 кв. аршын = 49 кв. футқа = 4,552 м кв.;
1 кв. аршын = 256 кв. вершок = 784 кв. дюйм = 0,5058 м кв.;
1 кв. фут = 144 кв. дюйм = 929 см кв.;
1 кв. вершок = 19,685 см кв.;
Квадраттық сажендер және квадраттық аршындар қалалық жер аумақтарын, қалалардығы алаңдарды өлшеуге қолданылды. 1786 жылы Г.Д.Крафт Ресейдегі верстқа дейінгі аудан өлшем бірлігі табылды - 16 041 290 квадраттық верст.
"Положение о мерах и весах" 1899 жылы метрикалық квадраттық өлшемдерді қолдануды қолдады. "Сравнительные таблицы русских, метрических и английских мер" 1902 жылы орыс квадраттық өлшемін метрикалық өлшемдермен біріктірді. 1916 жылы мына метрикалық өлшемдер заңдастырылды: километр квадрат, метр квадрат, дециметр квадрат, сантиметр квадрат және миллиметр квадрат, ал жер өлшеу бірліктеріне - ар және гектар енгізілді.


1.4 Салмақ өлшемдері
XVIII-XIX ғасырлар аралығында Ресейде контаря, безмена, поча, пирог бірліктерінен басқа Мәскеулік Русьте қолданылған салмақ өлшем бірліктері қолданылды. XVIII ғасыр екінші жартысында орыс өлшеу жүйесіне неміс салмақ өлшем бірлігі - лот енгізілді. Лот - фунттың 132 бөлігіне тең болды, немесе 3 золотникке тең болды.
Осы уақыт аралығындағы қолданылған салмақ өлшем бірліктері келесідей болды:
1 золотник = 96 доля = 4,266 г.
1 лот = 3 золотник = 12,797 г. Лот әтірлерді, жартылай қымбат тастарды өлшеу үшін қолданылды.
1 фунт = 32 лот = 96 золотник = 409,512241 г.
1 пуд = 40 фунт = 16,38 кг.
1 берковец = 40 пуд = 163,8 кг.
XVIII ғасырда салмақ өлшейтін құралдар түрлері өзгерді. Әртүрлі жаңа құрылғылар пайда бола бастады.
XX ғасыр басына дейін өлшеу ретніде пуд және фунт кеңінен қолданылды. "Российский разновес" (1782) өлшемдердің үш түрін бөліп көрсетті, олар: пудтық, фунттық және золотниктік.
Пудтық өлшем: 2 гір, 1, 12, 14, пуд, 5 гір, 3, 2, 1 фунт.
Фунттық өлшем: 1 гір, 12, 14, фунт, 12,6,3,2,1 золотник.
Золотниктік өлшем: 1 гір, 12, 14 золотник, 12,6,3,2,1 гір.
Павел I билігі кезінде Александровск зеңбірек зауытының директоры К.К.Гаскони "сауда" өлшемдерінің жаңа қатынастары орнатылды: 1 пуд, 1 фунт және 1 золотникпен толыққан гірлер 2 пуд, 27, 9 және 3 фунт және 81,27,9 және 3 золотник. Мұндай шешімнің қабылдану себебі, өлшеу кезінде үлкен салмақтарды аз қолдану болды.
1832 жылы өлшемдер жайлы Комиссия пластикалық гір түріндегі орыс фунтының эталонын жасады. Оның мәні 25,019 ағылшын дюйм кубына тең болды. "Положение о мерах и весах" 1842 жылы бұл фунтты салмақ өлшем бірлігінің эталоны ретінде заңдастырды. "Положение о мерах и весах" 1899 жылы Д.И.Менделеев жасаған фунт прототипін жасады. Оның мәні метрикалық жүйеде 0,40951241 килограммға тең болды. "Положение" бойынша қолданылуға тиісті салмақ өлшемдері 3, 2 және 1 пуд; 20, 10, 5, 3, 2 және 1 фунт; 48, 24, 12, 6, 3, 2 және 1 золотник; 48, 24, 12, 6, 3, 2 және 1 доля. Сонымен қатар гір материалымен формасы да қарастырылды.
XVIII ғасырдан бастап қолданысқа дәріханалық салмақ өлшеу бірлігі енді, оны XII ғасырда Италияда Салерн медициналық мектебі жасап шығарған болатын.
Бұл өлшем жүйесінің бірлігі ретінде аптекарлық фунт қолданылды, оның негізі 84 золотникке (358,344г) тең рим либрасы жатты.
Аптекарлық фунт кіші бөліктерге бөлінді, олар:
Фунт = 12 унция; 1 унция = 29,9 г.
Унция = 8 драхма; 1 драхма = 3,7 г.
Драхма = 3 скрупул; 1 скрупул = 1,2 г.
Скрупул = 20 гран; 1 гран= 0,06 г.
Аптекарлық салмақ өлшем бірліктері дәрі және порох дайындауда, физико-химиялық зерттеулерде қолданылды. Метрикалық жүйенің тарауына байланысты аптекарлық өлшем бірліктерін салмақ өлшем бірліктері грамм және миллиграмм алмастырды.
Аптекарлық салмақ өлшеуден басқа артиллериялық және пробирлы салмақ өлшеулері қолданылды. Пробирлы салмақтарды көмір өнеркәсібінде және монета сарайларында қолданды. 1873 жылы "Пробирный устав" бойынша пробирлі фунтқа, салмағын 768, 1 152 және 1 536 есе азайта тұра әртүрлі мән беруге болаты болды.
Артиллериялық салмақты ("нюрнбергтік салмақ") Навигацк мектебінің негізін салушы, артиллерист және астроном Я.В.Брюс енгізді. Бұл салмақтың пайда болуы Германияда зеңбірек оқтарының диаметрін өлшеу мақсатында қолданған. Я.В.Брюстің дерегі бойынша артиллериялық салмақ 115 золотникке тең деп есептелінді. Осының негізінде Я.В.Брюс зеңбірек оғының диаметрімен салмағының қатынасын сипаттайтын артиллериялық шкаланы дайындап шықты.Артиллериялық салмақ тек дөңгелек оқтарға ғана қолданылды. XIX ғасырдың 70-жылдары қолданыстан шыға бастады.
Бұл жүйе біздің кезімізде аңшылық қаруларда қолданылады. Мысалы, 12 калибр фунтынан 12 оқ дайындауға болатынын, ал 16 калибрден - 16 оқ дайындауға болатынын білдіреді.
1916 жылы "Положение о мерах и весах" құжаты бойынша дәстүрлі орыс салмақ өлшемдерімен қатар метрикалық жүйеде қолданылды. Қарапайым өмірде динамометрикалық типтегі безмен (кантырь) қолданылды.
II-ТАРАУ. XVIII-XX Ғ. ӨЛШЕМДЕРДІ БАҚЫЛАУ.

2.1 Маманданған мемлекеттік метрология қызметкерлерінің пайда болуы
Ғылыми жасалған өлшеу эталондарына қарамастан, олар ұзақ уақыт бойы бүкіл мемлекетке керек өлшеу бірліктерінің санын қолдана алмады. Олардың көптеп шығарылуына сапалы шикізат жетімпеді және зауыттарға қиын түсті.
Ұзындық және көлем өлшемдерін қажет ететін сала - сауда саласы. Қалаларда сауда тоқтамаған, саудагерлер сословиесі өздері өлшеу бірліктерін, әсіресе бұрынғы өлшем бірліктерді қолданды. Осы жағдайға байланысты XVI-XVII ғасырларда заңды өлшем бірліктер орнына басқа өлшем бірліктер қолданылуына байланысты, өлшеу жүйесі өзгеріске ұшырады.
Жаңа өндіріс салаларының пайда болуына байланысты, тұрақты әскердің ұсталуына байланысты, елдің метрологиялық саласы кеңейе түсті. Жаңа пайда болған өндіріс салалары өздерін қажетті өлшем бірліктермен қамтамасыз етуі тиіс болды. Коммерц-коллегия сауда саласындағы өлшеу жүйесімен айналысты. Адмиралтейство приборлардың теңіз саласында қолданылу процесімен айналысты. Берг-коллегия тау зауыттарындағы, монеталық сарайлардағы өлшеу жүйесімен айналысты. Міне осылайша, бұрынғыдағыдай XVIII ғасырда да өлшеу эталондарын біріңғай метрологиялық жүйе қалыптаспады.
Бұрынғы кезеңдегідей, сауда саласы өлшеу жүйесін тексеруде орталықтан мамандарды шақыртты. Бұл мамандардың арнайы білімі болмады. Шенеуністер тек қана өлшеу жүйесінің өзгермеуін қадағалап отырды. Бірақ өлшемдерді бақылау жүйесі тек орыс қалаларында тарады, олар орыс ауылдармен басқа да аудандарды қадағаламады.
XVIII ғаыр басында Мәскеу қаласында қалалық реформа болып, Буристерлік палата құрылды (кейін Ратуша аталған), ал басқа қалаларда бурмистрлер сайлау посттары салынды. 1723-1724 жылдары үлкен қалаларда басшылығында көпестік ратмандар тұратын, қалалық магистраттар құрылды. Міне осы мекемелерге өлшеу жүйесін бақылау тапсырылды.
1700 жылы Ұлы Петр жарлығы бойынша бурмистрлерге Архангельск аймағындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метрология ұғымы
Метрология- өлшем туралы ғылым
Қазақтың тарихи метрологиясы
Палеография
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Өлшем бірліктерінің теориясы
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
Орыс философиялық ойлары
Ұлыстың билеушісі - сұлтан
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Пәндер