Кеңестік сот жүйесі



Жоспар

Кіріспе
КСРО.ның 20.30 жылдардағы жазалау саясаты
1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары
2 Кеңес Одағында жазалау лагерлернің қалыптасуы және дамуы
3 Тұтқындау лагерлерін басқару құрылымының негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Ғұмыры жетпіс жылға созылған ХХ ғ. әлемдегі ең ірі мемлекет – КСРО тарихының бүгінгі күнге дейін толық ашылмай келе жатқан ақтаңдақ беттерінің барлығы белгілі. Құрылу мақсаты, қызметі ұзақ уақыт аралығында құпия сақталынып келген Сталиндік тәртіптің ең үлкен қатыгез «жетістігі» ГУЛАГ (Лагерлердің Бас Басқармасы) тарихы болып табылады.
Бірінші дүние жүзілік соғысынан соң, Еуропаның барлық елдеріне дерлік әр түрлі бағыттағы социализм құрылысы ене бастады. Жай социализм, христиандық социализм және ұлттық социализм пайда болды. Заңмен қорғалған және барлық жүйеде жылдан жылға саны өсе түскен жұмысшы тобы мемлекеттік құқық алған маңызды әлеуметтік күшке ие болды. Орыс революциясы басынан бастап, өзінің көп санды халықтарының жағдайын Орталық және Батыс Еуропалық халықтардың әл-ауқаты деңгейіне дейін шаруашылық және әлеуметтік іс-шаралары арқылы жеткізу міндетін о бастан алдына қойған болатын. Жаңа Экономикалық Саясатты да осы бағыттағы әрекеті деп түсіну керек. 1924 жылдан бастап Сталин билік басына келуімен барлық мемлекеттік саясатта өзгерістер орын алды. Шаруашылық, әскери және идеологиялық майданда қарулану басталды. Егер Кеңес азаматтары Еуропа тұрғындары сияқты әлеуметтік құқықтарға ие болғанда, Сталин еш уақытта өзінің мақсаттарына жете алмаған болар еді. Сталиннің ұраны- қаржыны мейлінше аз жұмсау арқылы шаруашылық жоспарларын орындау болды. Өндіріс заттарының бағасын түсіруге мүкіндік болмағандықтан, Сталиндік басшылық жұмысшы еңбегіне төленетін ақыны төмендетті. Міне осы кезде Египеттік пирамидаларын салу кезеңінен бері қарай адамзат тарихы білмеген заманауи құлдық еңбек жүйесінің құрылуына алып келді.
Мақсат қаржыны ақтайтындығы белгілі, жер бетінде «пролетарлық жұмақ» жасау үшін миллиондаған сол пролетариаттардың өздері құлдық еңбек ету барысында құрбан болды. Бір жағынан,Сталиннің практикалық ақ-ойына, тапқырлығына жоғары баға беруге болады: тұтқындалғандар мен сотталғандарды қоғамнан бөлек ұстап асыраудың орнына, мемелекеттік шығын жасамай-ақ олардың физикалық күштерін өз мүддесі үшін пайдалана білді.
Өлген тұтқындардың қатарын толықтырып отыру мақсатында, соттарға «әлеуметтік қайта тәрбиеленуді қажетсінетін» кадрларды даярлау тапсырылған болатын. Жаппай тұтқындау арқылы Сталиндік «пролетарлық жұмақ» құру үшін тегін құлдардың миллиондық армиясы құрылды.
Кеңестік коцентрациялық лагерлер жүйесі Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше өрлеу кезеңіне жеткен болатын. Бұл уақытта миллиондаған әскри тұтқындар коммунизмнің жергілікті құрбандарымен бірге тегін жұмыс күшін толықтырды.
1945 жылы және кейінгі жылдары КСРО территориясында және олар оккупациялаған Шығыс және Орталық Европа елдерінде концентрациялық лагерьлердің кеңестік жүйесі ерекше гүлденуге қол жеткізді. Осы уақытта Кеңес Одағы ІІ дүниежүзілік соғыс барысында жаулап алынған сансыз көп әскери тұтқындардың таусылмас тегін құл еңбегінің ауқымды ағынына ие болды. Кеңес Одағы өздерінің жеке заңдары негізінде әскери тұтқындарды соттау және оларды ұзақ мерзім бойына қамау құқығына ие болды. Бұл құқықты кең түрде және жан-жақты пайдалана отырып, Кеңес Одағы миллиондаған әскери тұтқындарды тегін жұмысшы күшіне айналдырды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иванов-Разумник Р.В Писательские судьбы. Нью-Йорк
2. Иванов-Разумник Р.В Тюрьмы и ссылки. Изд. им. Чехова. Нью-Йорк, 1953
3. Менделеев Д.К. К познанию России. Буэнос-Айрес
4. Карден В. Демократический суд в советском концлагере. Нью-Йорк-Париж
5. Солженицын А.С. Архипелаг ГУЛАГ. М.,
6. Бередихин А. Цена одной дороги. Мюнхен
7. Георгиев П. На стройке социализма (Севжелдрострой). Нью-Йорк
8. Грачев Д. Спецуказания. Мюнхен
9. Варанцов Л. Побег. Мюнхен
10. Марголин Ю.И. Путешествие в страну Зе-Ка. Нью-Йорк

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
КСРО-ның 20-30 жылдардағы жазалау саясаты
1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары
2 Кеңес Одағында жазалау лагерлернің қалыптасуы және дамуы
3 Тұтқындау лагерлерін басқару құрылымының негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғұмыры жетпіс жылға созылған ХХ ғ. әлемдегі ең ірі мемлекет –
КСРО тарихының бүгінгі күнге дейін толық ашылмай келе жатқан ақтаңдақ
беттерінің барлығы белгілі. Құрылу мақсаты, қызметі ұзақ уақыт аралығында
құпия сақталынып келген Сталиндік тәртіптің ең үлкен қатыгез жетістігі
ГУЛАГ (Лагерлердің Бас Басқармасы) тарихы болып табылады.
Бірінші дүние жүзілік соғысынан соң, Еуропаның барлық елдеріне дерлік
әр түрлі бағыттағы социализм құрылысы ене бастады. Жай социализм,
христиандық социализм және ұлттық социализм пайда болды. Заңмен қорғалған
және барлық жүйеде жылдан жылға саны өсе түскен жұмысшы тобы мемлекеттік
құқық алған маңызды әлеуметтік күшке ие болды. Орыс революциясы басынан
бастап, өзінің көп санды халықтарының жағдайын Орталық және Батыс
Еуропалық халықтардың әл-ауқаты деңгейіне дейін шаруашылық және әлеуметтік
іс-шаралары арқылы жеткізу міндетін о бастан алдына қойған болатын. Жаңа
Экономикалық Саясатты да осы бағыттағы әрекеті деп түсіну керек. 1924
жылдан бастап Сталин билік басына келуімен барлық мемлекеттік саясатта
өзгерістер орын алды. Шаруашылық, әскери және идеологиялық майданда
қарулану басталды. Егер Кеңес азаматтары Еуропа тұрғындары сияқты
әлеуметтік құқықтарға ие болғанда, Сталин еш уақытта өзінің мақсаттарына
жете алмаған болар еді. Сталиннің ұраны- қаржыны мейлінше аз жұмсау арқылы
шаруашылық жоспарларын орындау болды. Өндіріс заттарының бағасын түсіруге
мүкіндік болмағандықтан, Сталиндік басшылық жұмысшы еңбегіне төленетін
ақыны төмендетті. Міне осы кезде Египеттік пирамидаларын салу кезеңінен
бері қарай адамзат тарихы білмеген заманауи құлдық еңбек жүйесінің
құрылуына алып келді.
Мақсат қаржыны ақтайтындығы белгілі, жер бетінде пролетарлық жұмақ
жасау үшін миллиондаған сол пролетариаттардың өздері құлдық еңбек ету
барысында құрбан болды. Бір жағынан,Сталиннің практикалық ақ-ойына,
тапқырлығына жоғары баға беруге болады: тұтқындалғандар мен сотталғандарды
қоғамнан бөлек ұстап асыраудың орнына, мемелекеттік шығын жасамай-ақ
олардың физикалық күштерін өз мүддесі үшін пайдалана білді.
Өлген тұтқындардың қатарын толықтырып отыру мақсатында, соттарға
әлеуметтік қайта тәрбиеленуді қажетсінетін кадрларды даярлау тапсырылған
болатын. Жаппай тұтқындау арқылы Сталиндік пролетарлық жұмақ құру үшін
тегін құлдардың миллиондық армиясы құрылды.
Кеңестік коцентрациялық лагерлер жүйесі Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше
өрлеу кезеңіне жеткен болатын. Бұл уақытта миллиондаған әскри тұтқындар
коммунизмнің жергілікті құрбандарымен бірге тегін жұмыс күшін толықтырды.
1945 жылы және кейінгі жылдары КСРО территориясында және олар
оккупациялаған Шығыс және Орталық Европа елдерінде концентрациялық
лагерьлердің кеңестік жүйесі ерекше гүлденуге қол жеткізді. Осы уақытта
Кеңес Одағы ІІ дүниежүзілік соғыс барысында жаулап алынған сансыз көп
әскери тұтқындардың таусылмас тегін құл еңбегінің ауқымды ағынына ие болды.
Кеңес Одағы өздерінің жеке заңдары негізінде әскери тұтқындарды соттау және
оларды ұзақ мерзім бойына қамау құқығына ие болды. Бұл құқықты кең түрде
және жан-жақты пайдалана отырып, Кеңес Одағы миллиондаған әскери
тұтқындарды тегін жұмысшы күшіне айналдырды.
1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары

Кеңестік қылмыстық құқық ерікті демократиялық әлем елдерінің
қылмыстық құқығынан принциптік негізде ерекшелінеді. Ерікті демократиялық
әлем елдерінің қылмыстық құқығының негізгі принципі (ереже) заң болып
табылады: тек тікелей заңмен тыйым салынған ережелерді бұзғандар ғана
қылмысты болып саналады, ал кеңестік қылмыстық құқық бойынша – үкмет рұқсат
еткенді ғана жасауға рұқсат, ал рұқсат етілмесе онда оған тыйым салынған
деп есептелінеді де, бұйрықты бұзғандар қылмысты болып табылады. Осы
принципті бұзғандар заң негізінде жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық
кодекстегі ұқсастық (аналогия) жайында 16-шы бапта айтылды:
Егер белгілі бір немесе басқа бір қоғамдық-қауіпті әрекет осы кодексте
тікелей қарастырылмаса, онда ол үшін жауапкершілік негізі мен шегі, қылмыс
түрлерінің ұқсастығын қарастыратын басқа баптарға сәйкес анықталады.
Осы баптың негізінде Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан кеңес азаматының
немесе шетелдік азаматтың кез келген әрекеті немесе әрекетсіздігі, кеңестік
кодекстің қылмыстық баптарына сәйкес тікелей қарастырылмағандығына
қарамастан, кеңестік заңмен, қоғамдық-қауіпті деп саналып, қылмысқа
айналды.
Кеңестік қылмыстық кодекстің сипаттамасы толық болуы үшін, қылмыстық
кодекстің “баптық материал” бөліміне енгізілген, тағы 7-бап пен оның
талдауына баса назар аудару қажет. Бап мәтінінен әлеуметтік қорғау
шараларының тек қоғамдық-қауіп әрекетін жасаған адамдарға қатысты ғана
емес, сонымен қатар өзінің қылмысты ортасымен байланыстылығы бойынша немесе
өзінің өткен (бұрынғы) қызметі бойынша қауіп-қатер төндіргендерге қатысты
да қолданылуы мүмкін екендігін байқауға болады. Демек, кез келген адам,
оның нақтылы кінәсын анықтмастан, тек әлеуметтік-қауіпті саналуы негізінде
айыпталды. Шындығында, жоғарыда аталған (осы) адамдарға қолданылатын “тек
жер аудару немесе жер аударту” осы бапты түсіндіру немесе талдау шарасын
шектейді. Бірақ, бұл тек қана соттарға қатысты айтылды: әкімшілік органдары
өзінің шешімдерінде мұндай талдаулармен шектелмеген.
30-жылдары Қылмыстық Кодекстің 35 бабы негізінде (жезөкшелік, бұрын
қандай да бір қылмыс жасап, жазалау мерзімін өтеп шыққан, белгілі бір
қызметі жоқ адамдар) жүз мыңдаған адамдарды “әлеуметтік-қауіпті элемент”
ретінде лагерлерге жер аудартқан, милицияның барлық облыстық
басқармаларының ішінде құрылған “милиция үштігі” жұмыс істеді. Онда аталған
сәттегі жасаған қылмысы емес, өткендегі тәртібі басты орында тұрды. Бұл
категориядағы (бас бостандығынан айырылған) сотқа тартылғандардың басым
көпшілігі ұжымдастырудан қашқан және құжатсыз қалаға көшкен шаруалар болды.

Осындай принциптермен басшылық ете отырып, ОГПУ коллегиясы әрекет
жасады. Ал, кейіннен, дәл солай “контрреволюциялық элементті” ғана
соттайтын “милиция үштігінен” өзгеше Ішкі Істер Министрлігінің “Ерекше
кеңесі” айналысты.
КСРО-ғы қылмыстық заң нормаларын бұзған адамдарға ықпал ету
шараларын қолдану эволюциясын бақылау зерттеушінің қызығушылығын туғызады.
Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес Одағының өмірде, КСРО-да жаза жоқ,
тек қана Кеңестік мемлекетті кездейсоқ қылмыстық жолға түскен сенімсіз
(тұрақсыз) элементтерден әлеуметтік қорғау шаралары бар, оларды жазалаудың
керегі жоқ, қайта тәрбиелеу жолымен түзеу керектігін білдіретін принцип
жүргізілді. Осыған сәйкес РСФСР-ң Қылмыстық кодексінің 4-ші бөлімінде
(1922, 1926жж редакцияда) құқық бұзуды жүзеге асырған адамдарға қатысты
қолданылатын жаза емес, тек әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтылды.
“Қылмыс” сөзінің өзі жойылады. Сол уақытта түрмелер еңбекпен түзеу үйлері
деп атаулары қайта өзгертілді. Тұтқынға алу орындарында бостандығынан
айырылғандарды ұстау тәртібін реттейтін арнайы еңбекпен-түзеу кодексі
жарияланды. Оның статьяларына сәйкес, тұтқындарға еңбек туралы заңдар
кодексі бойынша еңбекшілерге берілген барлық дерлік құқықтарды кеңейтті. (8
сағаттық жұмыс күні, еңбегі үшін жалақы, демалыс беру және т.с.с). Осы
кодекстік заң бойынша жақсы тәртіп (мінез-құлық) көрсеткен жағдайда
тұтқындарға отбасымен кездесуге үшін үйіне демалыс беріліді, шаруаларды
өнімдерін жинау үшін елдеріне уақытша жіберді және т.б.
Жаза емес, керісінше еңбекпен түзеу бұл жүйенің өзіндік дамуына ЖЭС
соңына жетті. 26 наурызда 28-ші статьясына өзгерістер енгізілді. Бір
уақытта соттарға 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды
қарастыратын барлық баптар бойынша бас бостандығынан айыруды, еңбекпен-
түзеу жұмыстарына ауыстыру ұсынылды. Бұл жаза емес, тәрбиелеу принципін
жүзеге асырудың шарықтау шегіне жеткендігіболатын. Оған қоса ереже бойынша
сотталғандар еңбекпен-түзеу жұмыстарын жұмыс орны бойынша өтеп шығулары
қажет болды, тек сол жағдайда, егер бұл ерекше сотпен ескертілсе, еңбекпен-
түзеу жұмыстарын өтеу, еңбекпен-түзеу мекемелері органдарының нұсқаумен
жүргізілгендігін атаған жөн. Жұмыс орны бойынша еңбекпен-түзеу жұмыстарын
өтеп шығушы адамдардан олардың әдетте еңбек ақысының 20-25 пайызынан
шегерілді. Осы кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босату өте кең
қолданылды.; сотталғандар әдетте үкіммен айқындалған мерзімнің жартысынан
азын, кейде тек 13 немесе тіптен ¼ мерзімін өтеп шықты. Босату келесідей
жүзеге асырылды: Алдымен, жоспарды артығымен орындау шарты негізінде жұмыс
күні есептелді, тұтқындағы 2 күн мерзімі ішінде, есептеу нәтижесәнде,
тұтқында өтеп шығу мерзімі үкім мерзімінің жартысына жеткен кезде,
тұтқындар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
1930 жылдан бастап, жағдай біртіндеп, өзгере бастады. Соттармен
анықталған, Қылмыстық кодекстің статьяларымен жиі іске асырылған жаза
мерзімдері бірден өсті. Соттар, жоғарғы соттың құпия нұсқауы бойынша
Қылмыстық кодекстің Статьяларымен қарастырылуы бойынша көп жаза мерзімдерін
қолдана бастады. Сайып келгенде, “7 тамыз 1932 жылғы заң ” сияқты әйгілі
жаңа заң жарияланды. Бұл заң бойынша қарапайым ұрлық үшін екі жылға дейін
бас бостандығынан айырылу мерзіміне тартылса, енді ату жазасына бұйырылды,
тек қана жұмсарту жағдайында сот 10 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыруды
жүзеге асыра алады. Шын мәнінде, қылмыстық іс бұл заңдарменғ саяси қылмыс
ретінде топтастырылды.
КСРО-ғы ЦИК(ОАК) және СНК 8 мамыр 1934 жылдағы қаулыдан ьастап,
“Әлеуметтік қорғау шарасы” терминінің орнына “жаза” терминін қолданады. Дәл
осы 1934 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босату және оны іске асырған 56-
шы статья жойылды. Бұдан кейін тұтқындар үкіммен анықталған бүкіл мерзімді
өтеп шығады және тек амнистия немесе істі қайта қарау барысында босатылуы
мүмкін. Осындай шаралар нәтижесінде тұтқындар саны заң министрлігі
басқаруында болған еңбекпен-түзеу колонияларында 800 мыңға дейін жетеді.
(бұл мәліметтер ресми түрде 1934ж. Басында одақтық Прокуратура циркулярында
айтылған) “ОГПУ концентрациялық лагерлерде тұтқындардың саны қаншалықты
болғандығы бұл циркулярда айтылмайды, бірақ ол еңбекпен-түзеу колонияларына
қарағанда көп болғандығында сөз жоқ ”.
1932 жылдан 1934 жылға дейінгі уақыт ішінде кеңестік жазалау саясаты
біржолата тәрбиелеу принципінен бас тартып, жаза тәсіліне өтті. Соттарда
қылмыстық-іс жүргізу кодексі және еңбекпен түзеу кодексінің нормалардың
қолданылуы тоқтатылды. Тұтқынға алу орындарында толық зорлық-зомбылық
басталды. Тұтқындарға қатысты әлі үкім заң күшіне енбестен, бірден
концентрациялық лагерлерге жөнелтілді. Сотталғандар, бірақ кейін жоғарғы
сотпен анықталған, босатуға жататын сотталғанды іздеу концентрациялық
лагерлер бойынша 1-2 жыл, қалыпты жағдайда айналады.

2 Кеңес Одағында жазалау лагерлернің қалыптасуы және дамуы

КСРО-да жазалау лагерлерінің қалыптасуы мен дамуын мынадай кезеңдерге
бөліп қарастыруға болады:
1. Пайда болуы және лагерлік жүйенің дами бастауы (1918-1927);
2. Жаңа ірі құрылыстарды қамтамасыз еткен тұтқындау лагерлерін құру
кезеңі (1928-1934)
3. Қатаң (аяусыз) репрессиямен аяқталған саяси тұтқындар жағдайының
нашарлаған кезеңі (1934-1938)
4. Тұтқындау лагерлеріндегі соғыс алдындағы жылдар (1939-1940).
5. ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқындау лагерлері (1941-1945)
6. Соғыстан кейінгі қамау лагерлері (1945-1954)
1919 жылы 15 сәуірде жалпы Ресейлік Орталық Атқару Комитеті
жетекші М.И.Калининнің қол қоюмен мәжбүрлі жұмыс лагерлері туралы декрет
жарияланды. Бұл декрет екі жағдайды заңдастырды, олар Кеңес республикасының
18 айлық қалыптасуына сәйкес келді. Атап айтқанда: а) лагерлік жүйені
бекіту және б) мәжбүрлі еңбекті қабылдау. Декретте Губерниялық Атқару
Комитеті Басқарма бөлімдері жанында мәжбүрлі жұмыс лагерлерін ұйымдастыру
жағдайы қаншалықты түрде қарастырғанын байқауға болады. Осыдан кейін бүкіл
губерниялық комитеттер лагерлер құруға міндетті болды. Лагерлерді
ұйымдастыру және меңгеру губерниялық төтенше комиссияға жүктелді. (ГТК);
уездердегі лагерлер ІІХК-ның рұқсатымен ашылды.
Осы аталмыш лагерлер туралы алғашқы қаулының өзінде, олардан қашу
ең қатаң жазаға тартылатындығы алдын ала қарастырылды. Әйтсе де, 15 сәуір
1919 жылғы декрет мәтіні жеткіліксіз болды және 17 мамыр 1919ж
Жалпыресейлік Орталық Атқару Комитетінің председателі В.Ванесова қол қойған
“мәжбүрге еңбек лагерлері туралы” жаңа кеңейтілген декрет жарияланды.
Декрет өте толық жіті зерттелді, келесідей бөлімдері болды: а) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы
1978-ші жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен салыстырмалы зерттеу
Қазақстан – президенттік Республика: ерекшелігі
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Қылмыстық процестің субъектілері
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Пәндер