КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
1. 1 КСРО-дағы ішкі саяси дағдарыстың қалыптасуы . . . 5
1. 2 КСРО-ның толық ыдырауы және елдегі жалпы саяси жағдай . . . 9
2 ТМД-ның құрылуы
2. 1. ТМД-ның бастапқы жағдайы және құрылу принциптері . . . 13
2. 2 ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның рөлі . . . 26
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Қайта құру кезеңінде КСРО-ның сыртқы саясатында күрделі өзгерістер болды. Халықаралық аренада КСРО басшылығы жаңа бағыт ұстанып, өздерінің қауіпсіздігі басқа елдердің қауіпсіздігі мен мүдделеріне байланысты екенін байқата бастады. М. Горбачев өзінің көптеген сөздерінде Кеңес Одағының сыртқы саясатындағы жаңа принціптерімен таныстырды.
Ол бойынша КСРО дүние жүзіндегі барлық мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды дамыту қажетгілігі ашық көрсетілді. Сонымен катар бұрынғы сыртқы саясаттағы жіберілген қателіктер, оның ішінде Югославия және Қытайға байланысты мойындалып, аймақтық жанжалдарды бейбіт түрде шешу керектігі дәлелденді. Осыған орай әскери шығын азайтылып, кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару туралы мәлімдемелер жасалды. 1988 жылдың желтоқсаи айында М. Горбачев БҰҰ-ң бас Ассамблеясындағы баяндамасында КСРО сыртқы саясатының жаңа концепциясымен таныстырды. Ол бойынша таптық позициядан гөрі, жалпы адамзаттың мүддесі бірінші орында болатындығы көрсетілді жәие мемлекеттер арасындагы қатынастарға идеологиялық айырмашылықтар кедергі жасамау керектігі айтылды. Бұл концепцияны іске асырушылардың бірі - 1985 жылы КСРО сырткы істер министрі кызметіне тағайындалған Э. Шеварнадзе болды. Осы кездегі Кеңес үкіметінің халықаралық аренадағы жүргізе бастаған саясаты мемлекеттердің араларындағы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешіп тұруды және «қырғи-қабақ согысты» тоқтатуды көздеді.
ТМД кеңістігіндегі бастапқы жағдай 70 жыл бойы букіл әлемді өзіне қаратқан Кеңес Одағы ыдырай бастаған кезде кеңес халықтары олардың саяси қайраткерлері, тіпті халықаралық қауымдастық съездерінің алаңдаушылықтарын байқата бастады. Бұған көптеген себептер де болды. Кеңес Одағы көпұлтты, экономикалық және әскери потенциалы зор держава болуына байланысты ол саяси жағынан бүтін бір социалистік системаны кұрып, оны басқарып, бүкіл әлемде өзінің ықпалын мол көрсетіп отырды. Бүкіл дүние жүзінде социалистік қоғамды орнатқысы келген Кеңес Одағы ерекше қаруланған милитаристік пиғылдағы ядролық держава ретінде танылды.
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылған бұрынғы кеңестік жоспарлы экономика тығырыққа тіреліп, өзінің шешімін таба алмаған түрінде жаңадан құрылған 15 мемлекеттің үлесіне тиді. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан территорияларында орналасқан дүние жүзіндегі ең күшті ядролық потенциал басқарусыз қалып бүкіл әлем халықтарын және көптеген мемлекеттерді үрейлендіре бастады.
Бұрынғы КСРО басшыларының солақай саясатына байланысты өрши түскен ұлтаралык дау-жанжалдар ерекше қауіпті жағдайды қалыптастырды. Бұның өзі 300 миллион халқы бар әлемнің алтыншы бөлігінде азамат соғысы қаупін төндірді. Осы кезеңде барлық бұрынғы одақтас республикаларда азаттық қозғалыс жоғарғы деңгейге жетіп, саяси-экономикалык жағдайды басқару жергілікті ұлттардың саяси элитасының қолына көшті. Бірақ республикалардағы ұлттық күштер әртүрлі саяси бағытта болды. Олардың ішінде тек саясатты алға қойған бірақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жөнді білмейтін топтар немесе Ресейге сүйеніп бұрынғыша екінші рөлде болғысы келгендер, бұрынғы КСРО кеңістігінен толық бөлініп, тез арада таза этникалық мемлекет құрғысы келген радикалдық ұлттық топтар және қалыптасқан жағдайға салқын қандылықпен қарап, тәуелсіз мемлекеттерінің іргетасын байсалды және көрегендікпен қалай бастаған саяси күштер де болды.
Ең бастысы, жаңадан пайда болған мемлекеттер алдында шешілмейтіндей көптеген проблемалар шықты. Бұрынғы біртұтас экономиканы, өнеркәсібі орталығын бөліп, олардағы жұмысты ұйымдастыру, көпұлтты ресиубликаларда саяси тұрақтылықты сақтап қалу, шекараларды делимитациялау, транспорт, авиа және байланыс жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, толық істен шыққан бұрынғы қаржы системасының проблемаларын шешу т. б. болды.
Сонымен қатар Кеңес Одағының тез арада ыдырап кеткенін әртүрлі пиғылды қабылдаған көптеген шетел мемлекеттерімен оның ішінде ірі державалармем қалай қарым-қатынас орнату және оны қандай дәрежеде және бағытта дамыту мәселесі бірқатар жаңа тәуелсіздік алған елдің басшылары алдына өте қиын жағдай туғызды. Солардың бірі 14 мемлекетке бөлінген орыстар проблемасы болды. Бір кезеңде Рссей империясының билеушілері кейін КСРО басшылары отарлау саясатына байланысты бағындырған ұлттық територияларда миллиондаған орыс халқының өкілдерін орналастырып, «орыс форпостарын» жасаған. Ал енді ТМД құрылынуына байланысты 20 миллионға жуық орыстар бірден «шетел» мемлекеттерінің территорияларында қалып қойды. Олардың көпшілігі қалыптасқан жағдайды дұрыс түсінсе де, кейбір топтары жаңа мемлекеттерге сенімсіздікпен қарап, тарихи отаны Ресейге кете бастады. Осындай жағдайды пайдаланып Ресейдегі кейбір шовинистік, ұлы державалық позицияны ұстанған қайраткерлер «бөлініп кеткен орыс жерлері» және «қысым көріп жатқан орыстар» проблемасын қозғауға кірісті. Әрине, олардың мұндай пиғылдары бүкіл ТМД кеңістігінде өте кауіпті саяси ахуал калыптастырды.
1 КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы.
1. 1 КСРО-дағы ішкі саяси дағдарыстың қалыптасуы
1985 жылы Женевада және 1986 жылы Рейкьявикте М. Горбачев пен Р. Рейган кенес-американ келіс сөздерін жүргізіп, сондағы қабылданган маңызды құжаттарда «ядролық соғысқа тосқауыл қою керек, өйткеиі онда жеңімпаздар болмайды» деген шешімге келді. Осы кездесулерде екі державаның араларындағы саяси-экономикалық қатынастарды кеңейту туралы келісімдерге қол қойылды.
Жаңа саясатгың белгісі ретінде Кеңес үкіметі ядролық каруды сынауға мораторий жариялады. Сонымен қатар КСРО-ң Еуропалық территориясында орта радиусты ракеталарды орналасыру тоқтатылды. Шығыс Еуропадан кеңестік әскери техниканың бір бөлігі шығарылып, ондагы әскерлердің саны 500 мыңға азайтылды. Ал әскери өндірісте конверсия басталып, қорғаныс саласындагы кәсіпорындар бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Халықаралық аренада жэне Біріккен Ұлттар Ұйымында қатты сынға ұшыраған Кеңес үкіметі Ауғанстандағы соғысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл соғыста кеңес әскерлерінің 15 мыңнан астамы қаза тауып, 37 мыңға жуығы жарияланды. 1979 жылдың аяғында Кеңес Одағы өзінің әскерлерін Ауғанстаннан толық шығарды.
Сыртқы саясаттағы жаңа концепцияны іске асыру КСРО-ң ішкі мәселелерін шешуге белгілі дәрежеде әсер етті. Өйткені жанталаса қарулану шектеліп, әскери-өнеркәсіп комплексіке (ВПК) қаржы бөлу азайтылды. М. Горбачев пен Э. Шеварднадзенің осы қадамдары халықаралық аренада толық қолдау тапты. Кеңес халықтарының да көпшілігі бұл саясатқа түсіністікпен қарады. Бірак әскери және сыртқы саясат ведомстваларыидағы көптегең қайраткерлер жаңа бағытты қолдағысы келмей бүрынғы «кырғи-қабақ соғысты » жалғастыруға шақырды. Бұл қайраткерлер бейбітшілік саясатын түсінгісі келмей, халықаралық аренадағы мәселелерді тек әскердің күшімен игеруге болады деген позицияларынан қайтпай реакциялық күштердіц қатарына қосылды. Осы кезеңде КСРО жэне Шығыс Еуропа мемлекеттерінің саяси-экономикалық қатынастарында күрделі өзгерістер болып жаггы. Шығыс Еуропа мемлекетгеріндегі экономикалық және саяси дағдарыс, билеуші коммунистік партиялардың дәрменсіздігі бұл елдерде оппозицияның күшеюіне әкеп соқты. Кеңес Одағындағы жағдай және «социализмді жаңарту» бағыты, оппозициялық күштердің белсенділігін күшейтіп, олардың үкіметке қарсы саясатын айқындай түсті. М. Горбачев билікке келсімен КСРО-ң Варшава шартына кіретін одақтастарының ішкі жағдайына араласпай олардың тәуелсіздігін сақтайтын саясат жүргізеді деген бірқатар мәлімдемелер жасады. Осыған байланысты КСРО басшылығы Шығыс Еуропа мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды «қайта құру» саясатының жаңа бағыттарына сәйкес жүргізуге тырысты. Бұрынғыдай Мәскеуден міндетті түрде орындалатын «нұсқау» беру тоқтатылды. Бірақ «кеңестік социализм» моделі бомынша өздерінде тоталитарлық тәртіпті орнатып алған кейбір Шыгыс Еуропа мемлекеттерінің басшылары Кеңес Одағындағы «қайта құру» және демократияландыру үрдістерін түсінгісі келмеді. Өйткені олардың ен басты мақсаттары, оздерінің бір кезде Мэскеудің көмегімен алған коммунистік билігін сақтап қалу және сол елдердегі демократиялық қозғалыстарды басып тастау болды. 1989 жылы Варшава шартына кіретін мемлекеттерде коммунистердің билігіне карсы бағытталған «Барқыт революциясы» басталды. Соның нәтижесінде Польша еңбекшілерінің «Ынтымакгыстық» кәсіп одағының басқаруымен коммунистер үкіметі құлатылып, билікке демократиялық күштер келді.
Осыдан кейін ГДР, Болгария, Румыния жэне Чехословакиядағы демократиялык қозғалыстар коммунистер билігіне қарсы күреске шықты. Осы қозғалыстың ықпалымен Югославия, Венгрия жэне Албанияда үкімет басына жаңа күштер келді. 1989-1990 жылдардағы Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясының» нәтижесінде осындағы коммунистік үкіметтер бейбіт түрде (Румыниядагы кақтығыстар-ды есептемегенде) биліктен кетуге мәжбүр болды. Олардың орнына демократиялық күштердің өкілдері келді. Осыған байланысты бұл мемлекеттерде көптеген жаңадан құрылған партиялар мен саяси ұйымдардың қатысуымен демократиялық үкімет органдары кұрылып, жаңа саяси ахуал калыптасты, экономикада нарықгык қатынастарға жол ашылды.
1990 жылы көп уақыт бойы КСРО басшылыгының жасаған кедергілеріне карамай неміс халқының бірлікке деген ұмтылысы өте манызды нәтиже берді. 1961 жылы «социализм бастионы» ретінде орнатылған «Берлин қабырғасы» қиратылып, Батыс және Шығыс Германия өкілдері бірігу туралы шешім қабылдады. Осы кезде Югославия басшыларының «үлы сербтік» шовинистік саясатына байланысты федерацияда ұлт-азаттық козғалыс баста-лып, Югославияның ыдырауына жол ашты. Шыгыс Еуропа мемлекетгерінің парламенттік демократияға көшуі социалистік Достастықтың ыдырауына әкеп соқты. Осыған байланысты Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі мен Варшава Шартының үйымы жүмыстарын толық тоқтатты. Кеңсс Одағының Шығыс Еуропа мемлекеттерімен саяси, экономикалық жэне мәдени қатынастары әлсірей бастады. КСРО-ның Шығыс Еуропадағы позициясынан айырылуы жэне Германияның бірігуі Кеңес Одағының сыртқы саясаттағы жаңа бағытын колдаушылар мен оған карсы шыққандардың араларындағы саяси күресті ушықтыра түсті. Басқа мемлекеттермен қатынастар 1987 жылдың 8 желтоқсанында М. Горбачев пен Американың жаңа президенті Дж. Буш екі державаның Еуропадағы орташа жэне кіші қашықтықтағы ядролық ракетала-рын жою туралы келісімге қол қойды. 1991 жылы шілде айында Мәскеу қаласында стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарт (ОСНВ-1) қабылданды. Әрине, бүл шарт туралы екі мемлекетге де әртүрлі қозғалыстар болды. Әсіресе, әскери комплекотіні өкіддері өздерінің наразылықтарын ашық көрсете бастағысы кезеңде Кеңес Одағы Еуропа Экономикалык Қауымдастығымен әртүрлі қатынастарды дамыту саясатын жүргізді. Әсіресе экономикалык байланыстарды жаңа деңгейге көтеру үшіи бірқатар келісім шартқа қол қойды. Осыған байланысты КСРО Халықаралық валюта қорына мүше ретінде қабылданды. Сонымеи қатар Солтүстік Еуропа мемлекеттері Норвегия, Швеция және Финляндия үкіметтерімен саяси-экономикалық байланыстарды нығайту туралы бірқатар шешімдерге келді.
Солардың ішінде Балтық, Баренц теңіздерініи табиғи байлығын бірлесіп игеру жөнінде қабылданган құжаттар экономикалык қатынастарды дамыта түсті. Сыртқы саясапагы жаңа бағытка байланысты Кеңес Одағы мем лекеті Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерімсн саяси-экономикалық қатынастар қалпына келтірілді. Монголия мен Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуы Қытай Халық Республикасымен әртүрлі деңгейдегі катынастарды жалғастыруға мумкіндік берді. 1989 жылғы М. Горбачевтің Қытайға сапары кезінде екі мемлекетгің араларындагы даулы мәселелер шешіліп, мемлекетаралык байланыстар қайтадан қалпына келтірілді.
Осы кезде КСРО Оңтүстік Кореямен мемлекетаралық шартқа қол койды, ол бойьшша екі мемлекет Сібір мен Қиыр Шығыстың табиғи байлығын бірлесіп игеру туралы келісті. Кеңес Одағының басшылары бұрынғы «революцияны экспорттау» саясатынан бас тартып, Оңтүстік Африкадағы, Парсы шығанагындағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Таяу Шығыстагы аймақтық жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді қолдап, дипломатиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар Жапония, Индия, Индонезия, Пәкістан, Иран, Бразилия, Канада сияқты ірі мемлекеттермен саяси-экономикалық катынастарды дамыта түсті. Осы кезде Кеңес үкіметі «Адам кұқыгының жалпы Декларациясын» мойындап, соған сәйкестіре халықаралық катынастардағы адам құқығын қорғайтын бірнеше заңдар қабылдады. Соған байланысты адамдардың КСРО-дан шетелге шығу немесе қайтып келу мәселелері шешімін тапты. Осыған орай бір кезде әртүрлі жағдаймен Кеңес Одағынан кеткен адамдар Отанына қайтуға мүмкіндік алды.
Ал Кеңес Одағынан бір кезде көп көмек алған экстремистік I пиғылдағы Ирак басшылары 1990 жылы көрші Кувейт мемлекетіне агрессия жасаған уақытта Кеңес үкіметі өзінің нақты позия ұстанды. Сондыктан Біріккеи Ұлттар Үйымының Иракты әшкерелеген резолюциясын қолдап шыкгы. Осы қадамымсн КСРО басшылары революциялық демагогияга» берілген кейбір билеушілері қолдамайтынын ашық көрсетті. 1990 жылы М. Горбачевке халықаралық аренадағы бейбітшілік саясаты үшін Нобель сыйлығы берілді.
«Қайта кұру» жылдарындағы КСРО-ң сыртқы саясаттагы жаңа багыты коптен бері дүние жүзін мазалаған жәнс кауіптендірген «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуына зор әсер етті. Осыған байлаиысты Кеңес Одағының халықаралық қауымдастықпен орнатқан қарым-қатынастары жоғарғы деңгейге жетті.
1922 жылы федералдық мемлекет ретінде құрылган Кеңес Одағы іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. 80 жж. орта кезінде 270 млн. адам тұратын КСРО-да 15 одақтас республикалар болды. Олар: Армения, Әзсрбайжан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдавия, Ресей федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ук-раина жэне Эстония болды. КСРО-ғы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде да-мыды. Сөйтіп, бір кездегі И. Сталиннің «автономияландыру» жоспары іске асырылды. КОКП-ң саясатындағы басты принціптердің бірі «интернационализм» іс жүзінде кеңестендіру және орыстандыру багытында іске асырылды. Ал интернационалдық «тәрбие» арқылы көптеген ұлттар өздерінің: тілінен, дінінен, дәстүрінен жэне ділінен айырыла бастады. Федерациядан шығу құқы болса да бірде-бір республика осыны пайдаланбады. Өйткені ондай идеяны көтерген адамдар немесе ұйымдар қуғынға түсіп, соңында жойылып отырды. Басқарушы партия өзінің жүргізіп отырған империялық және шовинистік саясатын «интернационализм» ұғымымен бүркемелеп, тұрақгы түрде «ұлтшылдыкқа» қарсы күресумен болды. Республикалардағы құрлыстар «» деп жарияланып, оларға әртүрлі жеңілдіктер жасалып, орыс немесе славян халықгарының өкілдері жіберіліп, ал жергілікті ұдт өкілдері көбінесе сол жұмыстарға тартылмады. Бұл жағдай, әсіресе, Қазақстап мен Орта Азия, Сібір және Қиыр Шығықа тән болды. Сонымен қатар ұлттық республикаларды немесе олардың аймақтарын басқаруға Мәскеудің шешімімен «партия наместниктері» жіберіліп отырды. Олар, әрине, орталыктың нұсқауымен орындаушылар болды. Барлық саяси, әлеуметтік-экоиомикалық мәселелерін ұлттық республика басшылары тек Мәскеуде қабылданған шешімге сәйкес орындайтыи болды. Ұлттык аймақтардың экономикасық, дамыту үшін жүмсалатыи қаржы Орталықтан бөлініп тұрды. Тоталитарлык жүйе негізінде билік жүргізген КСРО бас-шыльны ұлттық республикалардың онда тұратын халықтардың мүддесімсн есептеспеді. Оның орнына «жаңа тарихи қауым-кеңес халқы» калыптасты, соғап байланысты толық шешілді деген жалған мәлімдемелердеи тағылды.
Сондықтан Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты қалыптасқан саяси, экономикалық, әлсуметгік және экологиялық (Чернобыль, Арал) дағдарыстар ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болды. 1986 жылғы 16 Желтоқсанда бұрынғы дәстүр бойынша КСРО басшылығы көп жыл Қазақстанды басқарған Д. Қонаевтің орнына Рессейден алып келген Д. Колбинді тағайындады. Орталықтың осындай озбырлығына байланысты Желтоқсанның 16-19 күндерінде Алматыда 20 мыңнан астам Қазақ жастары мен интелегенцияның ашық наразылығы болды. Осындай наразылық Республиканың барлық аймақтарында орын алды. Бірақ бейбіт түрде наразылық білдірушілерге қарсы КСРО басшылығы арнайы әскерлер жұмсап, жазалау операциясын жүргізді. Нәтижесінде бірне мың адам ауыр соққыға жығылып, жүздеген жастар оқудан шығарылып, 99 студент сотталды. Осындай жазалау шаралары барлық облыстарнда өткізілді. Осыдан кейін КОКП Қазақ ұлтшылдығы туралы арнайы қаулы қабылдап. Ақпарат құралдары арқылы Қазақ халқын бүкіл әлемге жағымсыз этнос ретінде көрсетті. Соған қарамастан көптеген шетел мемлекеттерінің халқы Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасын татаритарлық жүйеге қарсы бағытталған азаттық күрес деп бағалап, оған түсіністікпен қарады. Сондықтан Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасын көптеген халқтардың ұлттық сана сезімін оятып, қызыл империядағы азаттық күрестің басталуына зор әсер еткен тарихи оқиға деп қарау керек. Өйткені Желтоқсан жаңғырығы тез арада бүкіл Кеңес Одағында байқала бастады. Көптеген одақтас Республикаларда Мәскеуге қарсы оппазициялық күштерді біріктіретін майдандар, ұйымдар, партиялар және қозғалыстар пайда болды. 1988 жылы Әзірбайжанның құрамындағы халқының басым көпшілігі Армияндардан тұратын Таулы Қарабах автономиялық Республикасы Арменияға қосылу туралы шешім туралы, Армения мен Әзірбайжан араларында қарула қақтығысқа әкеп соқты осындай ұл аралық қақтығыстар Өзбекстанның Ферғаны облысында және Қазақстанның Жаңаөзен қаласында болып өтті. Бірақ осы оқиғалар кезінде КСРО басшылығы өзінің толық дәрменсіздігін көрсетті. 1988 жылдың сәуірінде Тбилиси қаласының ортылық алаңында «Грузияға тәуелсіздік, Рессей империясы жойылсын» деген ұрандарман мыңдаған адам қатысқан метинг өте бастады. Осы мәселені бейбіт түрде шешудің орнына Кеңес үкіметі 8 сәуірде Тбилисиге әскер кіргізіп, метингке қатысушыларға қарсы жазалау операциясын жүргізді. Нәтижесінде онлаған кісі қаза тауып жүздеген адам жараланды. Бұл қанды оқиға Грузин және басқа Кавказ халықтарының тәуелсіздікке деген ұмтылысын нығайта түсті.
1. 2 КСРО-ның толық ыдырауы және елдегі жалпы саяси жағдай
Бүкіл елде егемендік дамып жаткан кезде 1991 жылдың сәуір-мамыр айларында КСРО президентінің резиденциясы Ново-Огоревада М. Горбачев тоғыз одақтас республикаларының басшыларымен жаңа одақтық шарт жасау туралы келіс сөздер жүргізді. Осы кез-десуге қатысқандар жаңа приниціптерде құрылатын Одақты құру идеясын қолдады. Ол бойынша егемен мемлекеттердің Одағы құрылып, ол кеңестік егемен республикаларының демократиялық федерациясына айналатын болды. Осыган байланысты жаңа мемлекетті басқару жүйесіне өзгеріс еңгізіліп, жаңа Конституция қабылдау, сайлау системасын өзгерту белгіленді. Ново-Огарево келіс сөзіне қатысқандар жаңа Одақтық шартқа 1991 жылдың 20 та-мызында қол коятын болды.
29 шілде күні Ново-Огарево резиденциясында М. Горбачев ресей президенті болып сайланған Б. Ельцин және Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың кездесуі болып, онда Одақтық шартқа қабылданғаннан кейін жаңа мемлекет басшылығында өзгерістер еңгізу, нақты премьер-министр В. Павловты, қорғаныс министрі Д. Язовты, ішкі істер министрі Б. Пугоны және мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В. Крючковты қызметтерінен босату туралы сөз болған. 2 тамызда М. Горбачев жаңа Одақтың кұрылатың туралы теледидардан хабарлап, өзінің Қырымда жаңа салыған саяжайы Фороска демалысқа кетті.
Өздерінің қызметтерінен босатылатынын біліп қойған жоғарыда аталған министрлер және ұлы державалық, шовинистік пиғылдағы партия, кеңес және әскери басшылар осы кезде Одақтық шартқа қол койғызбау жоспарын дайындады, Кейін олар өздерінің КСРО-ң тұтастығын қорғағандары туралы даурықты. Ал іс жүзінде бұл адамдар қара бастарының қамын ойлап, өздерінің жоғарғы қызметтерін қорғап, заңды үкіметке қарсы бүлік үйымдастырды.
19 тамызда тәнертең аталған топтың адамдары ақпарат құралдары арқылы М. Горбачевтың денсаулығына байланысты кызметін атқара алмайтындығын хабарлап, оның қызметі вице-президент Г. Янаевке көшкені туралы мәлімдеді. Осыған байланысты Мәскеуге әскерлер кіргізіліп, бүкіл елде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар шерулер, митингтер және ереуілдерге қатаң тиым салынды. Арнайы пресс-конференцияда Төтенше жагдай бойынша Мемлекеттік Комитет (ГКЧП) кұрылғаны туралы жарияланды. Оның қүрамына: Г. Янаев, В. Павлов, В. Крючков, Д. Язов, О. Бакланов, Б. Пуго, В. Стародубцев, А. Тизяков кірді. ГКЧП-ге кірген бү-лікшілер Кеңес Одағындағы саяси, экономикалық жағдайдағы және ұлтаралық қатынастардағы дағдарысты тоқтату үшін әртүрлі шаралар қолданатынын жариялады. Шын мәнінде, бүлікшілердің ең басты мақсаты 1985 жылға дейін КСРО-да болған тотаритарлык системаны қалпына келтіру болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz