Қазақ тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі



1. Қазақ тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі
2. Компьютерлік технологияны қолдану
Елбасымыз жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті –2010 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» - деген болатын. [1,2 б] Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Әсіресе, орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қатысы бар деп санаймын. Себебі 2007-2008 оқу жылындағы 11 орыс сыныптарының мемлекеттік тілден ҰБТ, 9 орыс сыныптары МАБ тапсырады. Бұл ұстаз алдындағы үлкен жауапкершілік.
Бүгінгі таңда мектептерде оқитын шәкірттердің білім деңгейі неліктен ала-құла? Неге 11 сыныптардың кей оқушылары емтихан тапсырады... Бұның себебі неде?
Қазақ тілі – мемлекеттік мәртебемізді, ұлттық келбетімізді танытатын басты белгі.Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан - ғасырға жалғастырып келе жатыр. Мемлекеттік тіл тағдыры – қазақ ұлтының да тағдыры, сондықтан біздің мақсатымыз – қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгерту, үйрету. Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек.
Сабақ- өте күрделі, сан қырлы.Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:
- оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;
- сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;
- көрнекті құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу;
- балалармен ынтымақтастықта болу;
- сабақтың өмірмен байланысын нығайту;
- мұғалімнің сабаққа жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.
- Мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінеді.
Өзімнің 27жылдан астам уақыт ішіндегі педагогтық тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным:
- тақырыпты нақты жоспарлауға;
- сабақтың типін,әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу;
- сабақты өмірмен байланыстыру;
- қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру.
Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбіне мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты.Ол үшін көп тер төгіп ізденіс жасау қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы», «Егемен Қазақстан» газеті, 7 ақпан, 2008 жыл, 2 бет
2. «Н.Ә.Назарбаевтың мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзі», «Мектеп директоры» журналы, №3, 2005 жыл, 16 бет
3. Ш.А.Амонашвили «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 жыл, 5 наурыз, 6 бет
4. Ә. Қабдешова. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Алматы, 2006 жыл
5. Кан-Калик, В.А.Никануров, Н.Д.Педагогическое творчество. М.«Педагогика», 1990 жыл
6. Ж. Қараев «Оқытудың педагогикалық технологиясы»
7. А. Ғұмарова «Сын тұрғысынан ойлау тәсілі» Қазақ тілі мен әдебиеті №5, 2001 жыл
8. Т.С. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері» А, 1993 жыл

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Елбасымыз жаңа Жолдауында: Білім беру саласының басты міндеті –2010
жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай
отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту - деген болатын.
[1,2 б] Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың
жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып
үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Әсіресе,
орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қатысы бар
деп санаймын. Себебі 2007-2008 оқу жылындағы 11 орыс сыныптарының
мемлекеттік тілден ҰБТ, 9 орыс сыныптары МАБ тапсырады. Бұл ұстаз алдындағы
үлкен жауапкершілік.
Бүгінгі таңда мектептерде оқитын шәкірттердің білім деңгейі неліктен
ала-құла? Неге 11 сыныптардың кей оқушылары емтихан тапсырады... Бұның
себебі неде?
Қазақ тілі – мемлекеттік мәртебемізді, ұлттық келбетімізді танытатын
басты белгі.Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын
ғасырдан - ғасырға жалғастырып келе жатыр. Мемлекеттік тіл тағдыры – қазақ
ұлтының да тағдыры, сондықтан біздің мақсатымыз – қазақ тілін басқа ұлт
өкілдеріне меңгерту, үйрету. Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек.
Сабақ- өте күрделі, сан қырлы.Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:
- оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;
- сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;
- көрнекті құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу;
- балалармен ынтымақтастықта болу;
- сабақтың өмірмен байланысын нығайту;
- мұғалімнің сабаққа жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.
- Мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар үнемі шәкірттерінен қолдау
тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінеді.
Өзімнің 27жылдан астам уақыт ішіндегі педагогтық тәжірибемдегі әрбір
сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар
аударатыным:
- тақырыпты нақты жоспарлауға;
- сабақтың типін,әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу
туғызу;
- сабақты өмірмен байланыстыру;
- қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып оны
сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру.
Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды.
Еңбектің жемісті болуы көбіне мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне,
іскерлігіне байланысты.Ол үшін көп тер төгіп ізденіс жасау қажет.
Ізденіс- табыс кілті. Ізденген мұғалім:
- пәннің төңірегінде ғылыми жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады;
- оқушылардың шығармашылқпен жұмыс істеп ізденуіне бағыт береді.
Менің ойымша, проблемалық оқу-әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы-
оқушыға проблемалық- логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешкізу. Ол-
оқушыны ойландыра отырып есте сақтау ынтасын арттырады. Ондай сұрақтарды
көбіне мен жаңа сабақты бастамас бұрын, жаңа материалды баяндап болғаннан
кейін, үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асырып отырамын.
Дәстүрлі педагогика болып өткен істің байыбымен барып, ол туралы
ойлауды мұғалімнен де, оқушыдан да талап еткен жоқ деуге болады. Оның
орнына мұғалім арнайы әзірленген тапсырмалар арқылы білім алушылардың жаңа
ақпаратты қалай меңгергенін анықтау, алған білімді пысықтау мен бекіту
мақсатындағы жұмыстар жүргізетін. Сабақты қорытындылауды өзінің міндеті
санайтын. Бұл жадай бірнеше ұрпақтың өзіне сын көзбен қарап баға бере алу
сияқты қабілеттерінің төмен болуына әкелді. Соның көрінісі ретінде
біліктілікті арттыру курстарына келген тыңдаушылармен жүргізген сауал-
сұрақтарға жауап бергендердің 80 пайызы өздерін қандай мәселелердің
қиналдырып жүргенін, одан шығудың қандай жолдары бар екенін дөп басып айта
алмайды, өз сабақтарына өзіндік талдау жасауға шорқақ келеді.
Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып
жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді
ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Педагогикалық технология дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің
Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу
тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде
жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу
жобасы. Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты
мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі
педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық
жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім
беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология
оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ
съезінде сөйлеген сөзінде. [2, 16 б] Ал, белгілі педагог Ш.А. Амонашвили:
Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды
жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан
соң содан бастау керек, деген.[3,6 б]
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің
деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа
бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің
біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның
болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне
байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерден меңгеруіне ықпал
ететін жаңаша білім мазмұнын құру -жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін
оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
2. Ұжымдық іс- әрекетті ортақ қарым- қатыныс құралы ету;
3. Деңгейіне қарап саралып, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын дамыта оқыту жүйесі даму заңдылықтарын
ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған жақын даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Биология сабақтарында бейнетаспаларды қолданудың мүмкіндіктері
Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Пәндер