Мемлекеттік функцияның түсінігі



Мазмұны




Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Мемлекеттік функцияның түсінігі және даму тарихы
1.1 Мемлекеттік функцияның түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттік функцияларынының жіктелуі және түрлері ... ... ... ... ...10

2 Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік функциясы
2.1 Қазақстанның әлеуметтік функциясына жалпы сипаттама ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстанның әлеуметтік функциясын жүзеге асыру нысандары ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе

Мемлекеттің міндеттері және функциялары деген өзара ажырамас ұғымдар. Сондықтан құқықтық ғылым мемлекеттің міндетері мен функцияларын құрамдас өзара байланысты , бірақ бір мағыналы емес аралас категория ретінде толық негізде қарастырады. Мемлекет және қоғам алдында белгілі міндеттерді қою осыған сәйкес функцияларды жүзеге асыру қажеттілігін тудырады. Мемлекеттің міндеттері – обьективтік фактор, олар оның мақсатымен байланысты болатын мемлекет типі, оның мәнімен және әлеуметтік тағайындалуымен негізделеді.
Мемлекеттің міндеттері – қоғамның түбегейлі мәселелері, яғни мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру арқылы ұмтылатын ең соңғы мақсаттары.
Сөйтіп, Казақстанның міндеттері Қазақтан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халқына жолдауында нақты анықталған.
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің алдында тұрған міндеттерін шешуде оның әлеуметтік мәнін өрнектейтін мемлекет қызметтерінің негізгі бағыттары. Функциялар - бұл мемлекет айналысатын істер.
Сонымен қатар, мемлекет функциясын зерттеу мемлекеттану ғылымы сұрақтар қатарына жатады. Осы мәселелерді толық білмейінше басқа да аралас ғылымдардың мәселесін шешу күрделі болады.
Қоғамның тарихи дамуы нәтижесінде мемлекет функциясы да өзгеріп тұрады. Қоғамдағы экомикалық, әлеуметтік және рухани процесстердің күрделенуі функцияның молаюына әкеп соқтырады. Жекелеп айтқанда, олардың ішіндегі ең ірі функциялар қоғамдық қатынас пен әлеуметтік байланыстарың жіктелуіне байланысты жеке жеке негізделген өзіндік дара функциялардың туындауына себеп болады. Әр функция бөлек құрылымнан тұрады, оның көлемі, нақты бағыты анықталады және оның жүзеге асырылу нысаны белгіленеді.
Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеттілігі өте үлкен сапалық өзгеріске ұшырады, тәуелсіздікке ие бола отырып, өзінің даму бағытын таңдады, жаңа мақсат және жаңа міндеттерді алдына жүктеді. Сонымен қоса мемлекет мақсаты мен мазмұнын да өзгеріс болды. Қазақстан мемлекеті әлемдік мемлекеттер корпусына толыққанды мүше мемлекет болу арқылы халықаралық сұрақтар бойынша және мемлекеттің сыртқы істері бойынша жаңа көзқарастар ұстанып, оларды белсенді іске асыра бастады. Осының негізінде мемлекеттің функциясына үлкен өзгерістер болды, оның сипаты, көрініс табу нысаны және жүзеге асыру әдістері де өзгеріске ұшырады. Бұл айтылғандар тақырыптың өзектілігін танытады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Хропонюк В.Н. Теория государства и права: Учебное пособие. 3-е изд. М.: ИКФ Омега-Л; Интерстиль, 2006. 62-64 б.
2. Нуртаев Р.Т. Социально-интегративная роль государства в условиях перехода к рыночным отношениям, создания основ правового государства и формирования гражданского общества в Республики Казахстан. //«Әділеттің» ғылыми еңбектері. №1(11), 2002. 21-22 б.
3. Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функции государства //Правовая реформа в Казахстане, 2001 год, №4(12). 59-61 б.
4. Дюков Л.В. О функциях государства. //«Әділеттің» ғылыми еңбектері. № 1 (11), 2002. 113-116 б.
5. Енин Р.В. К вопросу о классификации функций современного государства. //ҚазМУ хабаршысы. Заң сериасы. №3 (16), 2000 жыл. 14-16 б.
6. Баймаханов М.Т. Функции государства в современный период: понятие, содержание, классификация //«Әділеттің» ғылыми еңбектері. №1(11), 2002. 44-46 б.
7. Теория государства и права: Курс лекции /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. М.: Юрист, 2001 год. 46-49 б.
8. Шестаев Н.Т. Функции и структура государства. М.,т 1992. 25б.
9. Грани глобализации: Трудные вопросы современного развития. М.: Альпина Паблишер, 2003 год. 53б.
10. Теория государства и права. В двух томах: Хрестоматия / М.Н. Марченко. Т. 1, Государство. М.: Городец, 2004. 46 б.
11. Булекбаев С. Проблемы государственной активности в экономике //Право и государство, 2001 год, №4 (23). 54 б.
12. Алексеев С.В., Каламанов В.А., Черненко А.Г. Идиологические ориентиры Росии. – М., 1998 год, Т.1. 31б
13. Баялимова А. Эволюция экологической функции в процессе становления государства // Право и государство, 2000 год, №3 (18). 22 б.
14. Ибраева А.С. Идиологическая функция государства. //«Әділеттің» ғылыми еңбектері. №1(11), 2002. 30 б.
15. Теория государства и права: Учебник /под ред. В.К. Бабаева. М.: Юристъ, 1999. 55 б.
16. Морозова Л.А. Теория государства и права: Учебник, М.: Юристъ, 2003.
17. Теория государства и права: Хрестоматия. В двух томах. Т 1 /В.В. Лазарева, С.В. Липень. М.: Юрист, 2001. 30б
18. Теория государства и права. Учебное пособие. Конспект лекции в схемах и определениях. //под ред. доцента Л.В. Смирнова. М.: Книжный мир, 2004.
54 б.
19. Тлембаева Ж.О. Теория государства и права.Алматы: КазГЮУ, 2005. 21б.
20. Бачило И.Л. Функции органов управления (правовые проблемы оформления и реализации). М.: Юридическая литература. 1976. 54б.
21. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Учебник для юридических вузов. М.; Новый юрист, 1998. 60 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Мемлекеттік функцияның түсінігі және даму тарихы
1.1 Мемлекеттік функцияның түсінігі мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.2 Мемлекеттік функцияларынының жіктелуі және
түрлері ... ... ... ... ...10

2 Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік функциясы
2.1 Қазақстанның әлеуметтік функциясына жалпы
сипаттама ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстанның әлеуметтік функциясын жүзеге асыру нысандары ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .28

Кіріспе

Мемлекеттің міндеттері және функциялары деген өзара ажырамас ұғымдар.
Сондықтан құқықтық ғылым мемлекеттің міндетері мен функцияларын құрамдас
өзара байланысты , бірақ бір мағыналы емес аралас категория ретінде толық
негізде қарастырады. Мемлекет және қоғам алдында белгілі міндеттерді қою
осыған сәйкес функцияларды жүзеге асыру қажеттілігін тудырады.
Мемлекеттің міндеттері – обьективтік фактор, олар оның мақсатымен
байланысты болатын мемлекет типі, оның мәнімен және әлеуметтік
тағайындалуымен негізделеді.
Мемлекеттің міндеттері – қоғамның түбегейлі мәселелері, яғни мемлекет
өз функцияларын жүзеге асыру арқылы ұмтылатын ең соңғы мақсаттары.
Сөйтіп, Казақстанның міндеттері Қазақтан Республикасы
Конституциясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан – 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы халқына жолдауында нақты анықталған.
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің алдында тұрған міндеттерін
шешуде оның әлеуметтік мәнін өрнектейтін мемлекет қызметтерінің негізгі
бағыттары. Функциялар - бұл мемлекет айналысатын істер.
Сонымен қатар, мемлекет функциясын зерттеу мемлекеттану ғылымы
сұрақтар қатарына жатады. Осы мәселелерді толық білмейінше басқа да аралас
ғылымдардың мәселесін шешу күрделі болады.
Қоғамның тарихи дамуы нәтижесінде мемлекет функциясы да өзгеріп
тұрады. Қоғамдағы экомикалық, әлеуметтік және рухани процесстердің
күрделенуі функцияның молаюына әкеп соқтырады. Жекелеп айтқанда, олардың
ішіндегі ең ірі функциялар қоғамдық қатынас пен әлеуметтік байланыстарың
жіктелуіне байланысты жеке жеке негізделген өзіндік дара функциялардың
туындауына себеп болады. Әр функция бөлек құрылымнан тұрады, оның көлемі,
нақты бағыты анықталады және оның жүзеге асырылу нысаны белгіленеді.
Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеттілігі өте үлкен сапалық өзгеріске
ұшырады, тәуелсіздікке ие бола отырып, өзінің даму бағытын таңдады, жаңа
мақсат және жаңа міндеттерді алдына жүктеді. Сонымен қоса мемлекет мақсаты
мен мазмұнын да өзгеріс болды. Қазақстан мемлекеті әлемдік мемлекеттер
корпусына толыққанды мүше мемлекет болу арқылы халықаралық сұрақтар бойынша
және мемлекеттің сыртқы істері бойынша жаңа көзқарастар ұстанып, оларды
белсенді іске асыра бастады. Осының негізінде мемлекеттің функциясына үлкен
өзгерістер болды, оның сипаты, көрініс табу нысаны және жүзеге асыру
әдістері де өзгеріске ұшырады. Бұл айтылғандар тақырыптың өзектілігін
танытады.
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін
ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының
тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік
жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап
отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы
өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде
қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының
негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері
қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем
елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі -
әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың
қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай
дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз
не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды
мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде
пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген
билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату
мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші
жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы
Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын
экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі,
бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік
мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік
мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық
келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы
ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке
өтуін көрсетеді.

1. Мемлекеттік функцияның түсінігі және даму тарихы
1.1. Мемлекеттік функцияның түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің функциялары – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін
мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдыңдағы тұрған міндеттерді
шешуге арналған мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары болып табылады.
Мемлекеттің функциялары объективті болып келеді. Өйткені олардың
қалыптасуы, өмір сүруі қоғам өмірінде маңызды салаларды реттеуінің
қажеттілігіне байланысты болады.
Мемлекет өзінің әлеуметтік жағында белсенді қызмет етеді, яғни қоғам
өмірінің маңызды жақтарының істерінің жағдайларына белгілі түрде анықталған
(басқарушылық, үйлестіруші, бақылаушылық, ретеушілік) ықпал етеді. Осыған
байланысты мемлекетке үлкен ұйымдастырушылық, адамдық, материалды-
техникалық, саяси-идеологиялық және басқа да мүмкіншіліктер және әдіс-
тәсілдер бар. Бұндай қызмет етудің біршама тұрақты және бірқатар дербес
бағыттары мемлекеттің функцияларын құрайды. Мемлекеттануда оларды
мемлекеттік қызметтің ондағы оның көзделген қарым-қатынастың тәртібін
орнатуы және оның алдына қойған мақсаттарға жетудегі оның ниетінде
көрінеді.
Әрбір бұндай мемлекет қызметтің негізгі бағыттары нақты бір құрайды:
онда міндетті түрде оны мемлекеттің жеке функциясына шығаратын
компоненттердің минималды жиынтығы қатысады.
Мемлекеттің функциялары – жалпы мемлекеттің мәнін көрсететін оның
қызметінің негізгі нысаны болып табылады.
Сонымен қатар теорияда мемлекеттің функцияларына басқа да түсінік
берілген, онда бастапқы алғышарттары мемлекеттің қызметін алмай, оның
формаларын қарастырады. Солай, В. Нерсесянцтың түсінігінше, мемлекетке
функционалдық тәсіл, оның функцияларын жіктелуі, және мазмұны, және т.с.с.
мемлекетті органикалық сипатында оған қатысты функциялардың болуымен тірі
организм ретінде қарастырады. Аталған мемлекеттің функциялары туралы
тұжырым өмір сүруін оның формаларымен ара-байланысын анықтауын қажет етеді.
Оларды бірдей мемлекеттің функциялары деген түсінікке енгізу (осындай
байланыста) мүмкіндігі туралы сұрақ туындайды. Осы сұрақ бойынша В.С.
Нерсесянцтың позициясын түсіну үшін оның көзқарасына қайта жүгінуіміз
қажет. Профессор М.Т. Баймаханов өзінің ғылыми еңбектерінде бұған қатысты
өзінің пікірін білдіреді: Бір жағынан автор аталған сұрақты қарастыру
барысында әрекет, қызмет, мемлекеттің ішкі мәнін әрекетеуші –
мазмұндық көрінісі түсініктерді пайдаланбай тұра алмайды, ал екінші
жағынан – мәселені мемлекеттік ықпал ету формалармен байланыстырғысы
келетіні сезінеді. Бұндай пайымдау екі жақтылықты және келіспеушілікті
тудырады, осы сұрақ бойынша автордың ұстанымда өз бетінше көрініс табады.
Екеуінің бірі: біз мемлекеттік функцияларды түсінігінен қоғам өмірінің
(немесе қоғамдық қатынастарға мақсатты түрде ықпал етуі) белгілі ортадағы
оның қызметінен түсінеміз. Біздің көзқарасымыз бойынша осы екі нұсқаны бір
көз қарасқа әкеп бірлестірген жөн.
Мемлекеттің функцияларын оның қызметінің бағыттары ретінде түсінумен
қатар, сонымен бірге куәландыра отырып, осындай түсінік мемлекеттің ықпал
ету формаларын бірден анықтай алмайды, ол оған қатысты өзіндік орынды
белгілейді. Басқаша айтқанда, бұл контексте мемлекеттік қызметтің формалары
туралы сұрақ мемлекеттің функциялары сұрақтың тек бір бөлігі болып
табылады[1].
Біздің ойымызша, мемлекеттің функциялары туралы айтқанда, мемлекет
қоғамдық қатынастардың жүйесінде сәйкестелген тәртіпті орнатуды және
қолдануды анық мүдделілікті көрсететіндігін; осы өзінің мүдделіліктің іске
асыруына белсенді күш салады, жалпы ереже бойынша жігерлі, мақсатты және
мақсатқа бағытталған әрекет етуге талпынады, неге көңіл бөлу қажет екендігі
анықталады. Сонымен қатар әр функция жеке өзі қоғам өмірінің белгілі бір
аясын қамтиды, немесе онымен біртектес байланысты белгілі бір топты
қамтиды. Ол кешенді, жинақтаушы сипатқа ие, мемлекеттің шешуші, басты
бағытталған ішкі немесе сыртқы қызметінің біреуінде ғана өз күштерін
жатқызуын іске асырады.
Қазіргі кезде теорияда мемлекеттің функциясының түсінігіне қатысты
терминологиялық дисскусиялар (пікірталастар) орын алады: мемлекеттің
функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің формасы немесе мемлекеттің қоғам
өмірінің сол немесе басқа аясындағы қызметінің өзі. funсtion латын
термині барлық тілдерінде аударылуы бойынша қызметі, жұмысы, міндеті,
жүзеге асырылуы, ролі дегендерді білдіреді, және мақсаттары немесе
бағыты түсініктермен ешбір байланысы жоқ.
Заңи әдебиеттерінде мемлекеттің функцияларына көптеген анықтамалар
беріледі. Солай, профессор В.В. Лазарев мемлекеттің функцияларын оның
әлеуметтік мәнін сипаттайтын мемлекеттік қызметтерінің негізгі бағыттары
деп анықтайды.
Профессор А.Ф. Черданцевтың пікірінше ... мемлекеттің функциялары-
бұл мемлекеттік қызметтің басты бағыттары, қоғам істерін басқарудағы оның
мәнің және әлеуметтік мазмұның көрсетеді. Профессор В.М. Карельский
осындай анықтама береді: ... мемлекеттің функциялары – бұл қоғамды оған
белгілі формаларда және оған белгілі әдістермен басқарудағы мемлекеттің
мәнін және әлеуметтік мазмұның, мақсаттарын және міндеттерін көрсететін
қызметтің басты бағыты болып табылады.
Зерттеушілердің барлығы мемлекеттің функциялардың мәселесін шешу үшін
осындай дисскусиялардың жақтаушылары емес. Р.З. Лившин белгілейді: Біз
терминология туралы даулардан шығуымызға тырыстық, мәні бойынша жылжуынна
тырыстық. Түсінуіміз бойынша, мемлекеттің функциясын ашудағы ең бастысы –
олардың мазмұндық жағы....
Солай, алға басу мемлекеттің функциялардың кешенді мәселені
мазмұндық жағынан зерттеуді айтады. Ал бұл өз кезегінде бізді мемлекеттік-
құқықтық зертеулердің әдістемесінің атрибуты ретінде мемлекеттік-
ұйымдастырушылық әлеумет деңгейінде стратегиялық ойлауды қажеттілігін
тануға шығарады.
Мемлекеттің функциялары - бұл оның қызметінің негізгі бағыттары, онда
мемлекеттің қоғамды басқарудағы мәні және әлеуметтік мазмұнында көрініс
табады. А.Ю. Тихомировтың көзқарасы бойынша мемлекеттің функциялары
түсінігі көп жағдайларда қоғамның өмір сүруіне қосарланады - шаруашылық-
ұйымдастырушылық, немесе экономикалық, не мәдени-тәрбиелік, не діни
функциялары және т.б. Бірақ функцияларды мемлекеттік жұмыстың бағыттары мен
мазмұны ретінде, сол немесе басқа аясындағы мемлекетік істердің көлемі
ретінде шығару маңыздырақ. Бұл - нормативті-реттеуші, лигализационды-
тіркеушілік, қорғаушылық, бағдарламалық-бағыттаушы, ресурсты функциялар.
Біздің көзқарасымыз бойынша ғылыми-әдістемелік жағдайында мемлекеттің
функциялары туралы сұрақ – мемлекеттің функциялану мәселенің бір жартысы
ғана. Мемлекеттің функциялануы оның барлық қызметінің түрлерін өзінде
қамтиды: басты және екінші деңгейлі, өзіндік және қосарланған, тұрақты және
уақытша, құқықтық формада және өзге, қоғамдық, коллективті, жеке және т.б.
Мемлекетің функциялары болса, олар осының барлығы емес, тек оның қызметінің
бірқатар ғана түрлері.[2]
Өзінің құқықтық қалыптасқан түрде функция, функциялау және т.б.
түсінігі құқыққа және мемлекетке қатысты олардың әрекеттерін, қызметін,
адамдарға және олардың қатынастарға реттеушілік-орнатушылық ықпал ету
формаларын білдіреді. Құқық функциялайды, мемлекет функциялайды деп
айту құқық әрекет етеді, мемлекет әрекет етеді айтуымен бірдей.
Мемлекеттің функциялары – бұл тұрақты, құрылған, оның қызметінің
бағыттары қалыптасқан, басқа бағыттардан шығып оқшауланған. Мемлекеттің
барлық қызметті осы анықтамаға кіреді.
Мемлекет қоғам өмірінің басты субъектісі бола тұрып көп функционалды
бола алмайды, ол өзінің әлеуметік арнауы бойынша, атқаратын ролі, қоғам
өмірінің аясына өзінің ықпал ету шеңбері бойынша, белгілері мен сипаты
бойынша, әрқашан полифункционалды (көпфункционалды) болып келеді.
Мемлекеттің бұл ерекшелігі оның қоғам өмірімен әрқарай қиындауымен, олардың
жаңа түрлерінің пайда болуымен, жаңадан пайда болған және бұрынғы
қатынастардың арақатынасының өзгеруі бойынша өзі кең дәлелдеуін және тануын
табады. Мемлекет өзінің функциялары арқылы қоғамның өсіп келе жатқан
қажеттіліктерін қаңағаттандыруы тиіс, және де объективті түрде қалыптасып
жатқан әртүрлі міндеттер мен мақсаттарын тұрақты және ұзақ уақыт негізінді
атқаруы тиіс деп бейімделеген. Оларды мемлекет бір және де өте маңызды
функциямен қамтамассыз ете алмайды. Ол функция жүйесінің кең түріне
бейімделуге мәжбүр. Сонымен қатар мемлекетің полифункциялаулық (көп
функциялаулық) оның функциялардың нақтыланған динамикалық дамуын айтады.
Мемлекет өмірінде орын алған өзгертулер негізінде бірқатар функциялар пайда
болады, ал кейбіреулер түседі.
Қазіргі кездегі мемлекеттің функциялардың эволюцияның басты бағыты –
бұл әрбіреуінің шеңберіндегі өзгерулер болып табылады. Даму барысында әрбір
функцияның өрісі, масштабы, көлемі не ұлғаяды, не қысқарады. Бірге оның
сипаттамасы, анатомиясы, формасы және іске асыру әдіс-тәсілі, нақты бағыты
өзгеріс табады.
Мемлекетің функциялау теориясы және оның функциялары:
а) мемлекеттің қызмет етуші жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму
перспиктиваны ашады, басқа жақтармен арабайланысын анықтайды;
б) мемлекеттің оның бағыттары бойынша белгілеуге мүмкіндік береді;
в) олардың қажеттілігі, мәні тәжірибелік нәтижесі бойынша
соңғыларды
бағалауға жәрдемдеседі, оларды іске асыру кезігі туралы қорытынды жасайды.
Мемлекеттің функцияларда мемлекеттің қоғамдық – саяси табиғаты және
сипаты, оның мәні және әлеуметтік арнауы орын алады. Мемлекет өзінің
функцияларын іске асыруы қамтамассыз етпесе немесе олардың тәжірибелік
қолдануына өз мүдделерін көрсетпесе, өзінді сыртқа көрсете алмайды және де,
әрине, ол туралы айту қиынға соғады, қайта функциялайтын мемлекет туралы
тез арада ой қалыптастыру бірден мүмкін.
Бұл бойынша мемлекеттің функциялауы мәселенің және оның функциялардың
теориялық және тәжірибелік өзектілігі айқындалады. Онымен, сонымен қатар,
мемлекетке функцияналдық әдістеменің маңыздылығы түсіндіріледі. Сонғысы,
қоғамдағы мемлекеттің функциялаудың табиғатын мен сипатын ашуды, оны
мемлекеттің, оның органдарының және де лауазымды тұлғалардың функцияларын
іске асырудың арақатынасын анықтауды, мазмұның, мемлекеттің функцияларын
іске асырудың құқықтық формалары мен әдіс-тәсілдерін ашуды мақсат тұтады.
Мемлекеттің функционалдық анализі оның қызметтік жағын толық түсінуге
мүмкіндік жасайды, ол бойынша қазіргі уақытта мемлекеттің концепциясын
бірқатар салмақты болып келуі мүмкін, яғни тәжірибеде қолданатын және іске
асыратын болады.
Мемлекеттің функциялары – бұл қоғам өміріндегі оның іске асыратын
ролінің нақты көрсеткіші болып табылады.
Мемлекеттік функция мен мемлекеттік органдардың функциясы деген заңды
екі ұғым бар. Оларды жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік функция мазмұны
және көлемі жағынан күрделі, барлық қоғам бойынша атқарылатын қызмет.
Мемлекеттік органдардың функциясы өздерінің көлемінде атқарылатын қызмет.
Мемлекеттік функция түсінігінің басты компоненті болып оның мазмұны
құрайды, яғни мемлекеттің қоғам өмірінің нақты аясына, не анықталған
қоғамдық қатынастарға белсенді және мақсатты ықпал етуі. Бұл қызмет нақты
мақсаттарға бағынышты, қоғам өмірінің бұл аясында немесе қатынастар
жүйесіндегі істердің жүруі мемлекеттің және қоғамның мүдделеріне сәйкес
келуіне қамтамассыз етуіне бағытталған.
Мемлекет өзінің функциялау процессі кезінде бір қоғамдық қатынастарды,
бір адамдардың өмір сүруінің формасын бекітуді, дамуды және жетілдіруге
тырысады, ал кейбір басқаларды болдырмауды немесе жоюды қалайды,
үшіншілердің пайда болуына жәрдемдеседі. Бұл қиын және көпжақты мемлекеттің
оның мазмұның құрайтын әртүрлі экономика, саясат, идеология, мәдени, әскери
іс, тұрмыс және т.с.с. қоғамдық қатынастарға ықпал ету процессі болып
табылады Олардың сипатын, ролін, бағытталуын және қажеттілікті анықтайды.
Мемлекеттің ықпал өтудің объектілері болып табылатын қоғамдық қатынастар
бір функцияны басқадан ажырататын белгілер ретінде анықталады. Мемлекетттік
функцияларды жүзеге асыру кезінде қоғамдық өмірінің мемлекеттің ықпал
етудің объектісі ретінде шығатын аялары сәйкестелген өзгерістерге әкелуі
мүмкін. Осы өзгерістердің бірқатары бұл функция бағытталған қоғам өмірінің
аяларына жақсы ықпал етуі мүмкін, ал басқалары кері ықпал етуі мүмкін.[3]
Мемлекетік функцияның мазмұны – мемлекет не әрекет етеді, белгілі бір
аясында қандай басқарушылық іс-әрекеттерді қолданады, нақты немен оның
органдары қызмет етуде.
Л.А. Морозованың тұжырымдауы бойынша: Әрбір мемлекеттің функциясы
белгілі бір мазмұнға ие, өйткені белгілі бір қоғамдық өмір аясында қызмет
ететіндігін айқындайды. Функцияның мазмұны мемлекет не істеп тұрғаның, оның
органы немен айналысады, және де олар қандай сұрақтарды шешетіндігін
көрсетеді. Әрбір негізгі функциялардың мазмұны және іске асырудың
ұйымдастырушылық – құқықтық формалары және әдіс-тәсілдері өздерінің
тұтастығымен функциялардың мөлшерін құрайды.
Мемлекеттің ықпал етуі өзі әртүрлі функцияларға қатысты өзінің
белсенділігімен ерекшеленеді, ол мемлекеттің әр біреуіне қолданылатын
энергетикадан байланысты. Әрбір функция өзінің өзгерістердің шамалармен
ерекшелінеді. Мемлекеттің функциялау процессі кезіндегі ықпал етуі әрқашан
әртүрлі.
Мемлекеттік функциялардың мазмұнына ықпал етуші факторлар:
1. мемлекеттің әлеуметтік тірегі (базасы);
2. халықтың қажеттіліктері және мүдделері;
3. қоғамның экономикалық жүйесінің даму деңгейі;
4. қоғамның адамгершілігі және мәдени деңгейі;
5. мемлекеттегі ұлттық қатынастардың сипаттамасы;
6. ғылыми-техникалық прогресс;
7. экология, геополитика және қоғамды ақпараттандыру;
8. басқалар.
Мемлекеттің функцияның мазмұнның сипаттауы белсенділіктің және оның
қоғам өмірінің сол немесе басқа аясына немесе қандай да бір қатынастың
түріне оның ықпал етудің тереңдігі. Сонымен қатар, адамдардың өмір сүрудің
сипаттамасындағы онымен әкелінген өзгерістер бұл мемлекеттің қандай қалыпта
(жағдайда) болғанынан көп байланысты.
Мысал ретінде мемлекетті қорғау функциясын алып келтіруге болады. Ол
өз кезегінде құлиеленуші мемлекеттерге де тән болды, бірақ іс жүзінде
қазіргі таңдағы демократиялық мемлекеттерде орын алған бұл функцияның
мазмұны сәйкес келмейді. Оның атауы бір болғанымен мемлекеттік билікті,
мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру тәсілдері бір бірімен сәйкес келмейді.
Солай да, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттердің функциялары
тоталитарлы мемлекеттің функциялармен сәйкестендіру мүмкін емес.
Мемлекеттік функциялардың мазмұны қоғам дамуының кезеңдерге де
байланысты. ХІХ ғ. Либералды капитализм кезіндегі мемлекеттің экономикалық
функцияның мазмұны бір болып, ал нарықтық экономикаға бағытталған
жағдайдағы қазіргі таңдағы капиталистік мемлекеттің аталған функцияның мәні
өзгеше сипатқа ие екенін көруге болады.
Енді мемлекеттік функциялары белгілеріне тоқталып өтуге болады.
Өзінің мәні, бағыты бойынша мемлекеттің функциялары ешқашан әлеуметтік
бейтарап болмайды. Олар әрқашан да нақты мемлекеттің әлеуметтік класстардың
мәнің және мазмұның көрсетеді және айқындайды. Оларда әрдайым мемлекеттің
экономика, қоғам және мемлекеттің өзінің дамуы мәселелерін шешу процессінде
атқаратын нақты әлеуметтік айқындалған және бағдаршы ролін айқын көрінеді.
Мемлекеттік функцияларда тек әлеуметтік-класстық мәнімен және
мемлекеттің мазмұнымен ғана емес, сонымен қатар тікелей оның алдында тұрған
дамуын сол немесе басқа кезеңінің негізгі мақсаттары және міндеттірімен
тікелей байланысты. Мемлекеттің қалыптасуы белгілі бір мақсатқа жетумен
байланысты. Егер де осындай мақсат жоқ болса, және де ол барлық қоғамның
одан күткені ақталмаса, сонда мемлекет өзінің мүдделерін көздеріп атқарады.
Сондай мемлекет бұндай жағдайда қоғамдық түсініктегі мемлекет болып
табылмай мемлекет – корпорация болады. Бұл жерде мемлекеттің негізгі
қызметінің бағыттары ретінде мемлекеттің функцияларын оның қызметімен
ұқсастырады.
Оның белгілері мынандай:
- қоғамдық өмірінің басты сферасындағы тұрақты қалыптасқан
мемлекеттің қызметі;
- мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағыттарының арасындағы
тікелей байланыстығы;
- қоғам дамуының тарихы кезеңдердегі пайда болатын ірі нақтылы
міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметің
бағыттылығы;
- билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір
нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.

1.2 Мемлекеттік функцияларынының жіктелуі және түрлері
Қазіргі кездегі мемлекеттің негізгі белгісі болып оның функциялардың
көптүрлігі және көптігінен келеді. Қоғамның дифференциация процессі
негізінде оның аясында функциялауға бөлінуі кезінде мемлекеттің
функциялардың сандық өсуі әрі қарай дамиды. Осыған кері процесс кезінде,
яғни қоғам өміріндегі әртүрлі аялардың бірігу, нығаю, интеграция кезінде,
олардың сандық жағынан төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мемлекет өмірі
кезіндегі қоғамдық процесстердің дамуы, өзгеруі кезінде мемлекеттің
функциялардың да сандық жағынан өзгеруіне әкелетіні сөссіз.
Айта кететін бір жайт, қазіргі кездегі мемлекеттерде орын алып отырған
функциялар қажетті. Бірақ, әрбіреуінің қажеттілігі әртүрлі. Бұл бірқатар
жағдайларға байланысты: мемлекеттік функциялардың қоғамдық жүйесіндегі
орны, оның реттеу және ықпал ету объектіде, жүзеге асырудың нәтижесімен,
тәжірибелік маңыздылығынан және т.б.[4]
Әрбір мемлекеттік функция жеке дара болып келеді. Тек өзіне ғана
жүктелген ролін атқарады, өзінің жеке орны бар. Ешбір функция өзімен басқа
функциялардың қызметін атқара алмайды, олар бір бірін ауыстыра аламайды.
Мемлекеттің функциялары бір бірімен тең бола алады немесе жеке бір
бірінен тәуелді болып келеді. Белгілі бір функциялар мүлдем бір бірімен
байланысыз болады. Олар әрқайсысы өз қызметін жеке атқарады. Кейбір
мемлекеттік функциялар бірбірімен белгілі бір байланыста болады. Қоғамның
бір жеке аясында қызмет етеді. Кейбір функциялар басқа бөлек функциялардың
пайда болуына жағдай жасайды. Біреуі басты, біреуі қосарланған функция
болып келеді .
Ғылыми әдебиеттерден біз мемлекеттік функцияларды әртүрлі негіздер
бойынша жіктеуге болатының көреміз. Ғалымдар арасында жіктеудің негізі
туралы біріңғай ой қалыптаспаған.
Мемлекеттік функциялар өз кезегінде объективтік шындықты айқындайтын
болса да, олардың жіктелуі субъективті түрде жүзеге асырылады. Бұл
негізінен ғалымдардың өздері таңдап қолданылатын әртүрлі негіздеуінен
болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, функцияларды бүкіл таңыған жіктеу болып
қоғам өмірі қамтыған аяларына байланыстысы болып табылады. Егер осы аяларды
қалыптасқан түрде алатын болсақ, онда осы жағдайда мемлекеттің барлық
функцияларын ішкі және сыртқы болып жіктеуге болатынына көз жеткіземіз.
Мемлекеттік функцияларды әртүрлі және оларды әртүрлі негіздер бойынша
жіктеуге болады:
Біріншіден, қоғамдық өмірдің қандай аясында жүзеге асыруына
байланысты: ішкі және сыртқы. Қазіргі кездегі қоғам өмірі, негізінен екі
ортада өтеді: елдің ішінде және халықаралық аренада.
Екеншіден, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру формаларына
байланысты: құқықшығармашылық; құқыққорғаушылық; құқыққолданушылық.
Үшіншіден, қызмет ету мерзіміне қарай: тұрақты, уақытша. Тұрақты
функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады. Уақытша
функция өзіне белгіленіп берілген жұмысты орындағаннан кейін өз жұмысын
бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады.
Төртіншіден, әрекет ету және іске асыру аяларына байланысты: саяси,
идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық.
Бесіншіден, мемлекеттің құрылымына байланысты: федеральді және
федерацияның субъектілердің; конфедерацияның және конфедерация мүшелерінің.
Алтыншысынан, билік бөлу қағидасына байланысты: заңшығарушылық,
атқарушылық және соттық.
Сонымен қатар, жалпы сипаттағы функциялар және табиғаты сол немесе
басқа мемлекеттің тарихи типіне байланысты анықталған функциялар. Жалпы
сипаттағы функциялар әлеуметтік бейтарап болып келеді. Табиғаты анықталған
функциялар қатарына, мысал ретінде, социалистік меншекті қорғау функциясын
келтіруге олады. Ол солай тоталитарлы социализм мемлекеттердің құжаттарында
көрсетілген. Ол тек аталған мемлекеттерде өмір сүреді, басқа типтегі
мемлекеттерде жүзеге асырылмайды. Мысалы, феодалды типтегі мемлекеттерде.
Бұндай мемлекеттің функциялардың жіктелуі қатыстылық сипатқа ие.
Олардың арасында тура бөлініс орнатуға мүмкін емес, өйткені олар бір
бірімен тығыз байланыста. Мемлекеттің функциялары негізгі және елеулі емес
деп жіктеуге болады. Басты және минималды функциялар, негізгі және туынды
функциялар деп бөлінеді. Мысалы, негізгі функция – сыртқы, ол сонымен қатар
туынды функцияларға ие – мемлекетті қорғау; негізгі мемлекеттік
экономикалық функция туынды функцияға ие – тұтынушылық функция. Сол немесе
басқа топқа жататын функциялардың тізімі өзгертіліп отыруы мүмкін. Көп
жағдайларда ол мемлекеттің ол мемлекеттердің міндеттерімен айқындалады.
Мемлекеттің мақсатынан шығатын болсақ функциялар олардың сол немесе басқа
мемлекеттің типтеріне жататындығына байланысты жіктеледі (қанаушылық,
демократиялық, әлеуметтік).[5]
Мемлекеттік функцияларды топ топтарға жіктеу кезінде оларға жататын
функциялар тізбесі тұрақты болып қала бермейді. Жіктеу шартты сипатқа ие.
Бір функция басты, тұрақты, әлеуметтік бейтарап және т.б. болуы мүмкін.
Мысал ретінде, мемлекетті қорғау функциясы. Басқасы уақытша болып
мемлекеттің ішінде іске асырылса да сыртқы-саяси мақсаттарға ие болуы
мүмкін. Мемлекеттің экологиялық функциясы – ішкі функциялар қатарына жатып
бүкіл әлем үшін маңызды аспектілерді де қамтиды.
Бірақ та, мемлекеттік функцияларды жіктеу маңыздылығын атап кетуі жөн.
Ол мемлекеттің сол немесе басқа функцияларды жүзеге асыру кезінде
мемлекеттік басқаруды сәйкес формаларды және тәсілдерді алуға жәрдемдеседі.
Мысалы, негізгі әлеуметтік бейтарап функцияларды іске асыру үшін
қолданылатын әдістер бір бөлек, ал нақты әлеуметтік мақсатқа бағытталған
уақытша функциялар басқа жүзеге асыру әдістер болады.
Барлық белгілі орыстың революцияға дейінгі заңгерлер –
мемлекеттанушылар ғалымдар бірдауыстап мемлекеттік функциялары ретінде оның
құқықшығармашылық, атқарушылық және сот қызметін танытады.
Солай, Н.М. Коркунов мемлекеттік биліктің және оның органдарының
функцияларын құқықтық нормаларын бекіту және олады бұзғаны үшін
жазалаушылық, сонымен қатар құқықтарды қалпына келтіруді танытады. Жалпы
белгілі құқықтың психологиялық теориясының негізіне қалаушысы Л.И.
Петражицкий нақты анықтаумен мемлекеттің үш функцисы – заң шығарушылық,
соттық және атқарушылық туралық туралы жазған. Құқықтанушы – теориятик В.М.
Хвостов таныды: қазіргі уақыттағы жоғарғы биліктің үш функциясын –
заңшығарушы, сот және басқарушылықты ажырату орын алған.
В.К. Лазарев өзінің еңбегінде төрт негізгі функцияларды көрсетеді:
экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық. Олар кез келген мемлекетпен
жүзеге асырылады деген пікірді ұстанады.
Мемлекет барлық қоғамның мүдделерін мен қажеттіліктерін көрсету үшін
және тек қана өзінің қажеттіліктерін қамтамассыз етуге мүмкіндігі болмас
үшін, мемлекетінде оны әлеуметтік, құқықтық және демократиялық жағынан
сипаттайтын функцияларын қарастырамыз.
Ішкі функциялар:
саяси-демократиялық; қоғамды құрудағы, халықтың биліктің әртүрлі
нысандарын қамтамассыз етудегі мемлекеттік мтратегиялық бағыттарын іске
асыру маңызды болып табылады. Әсіресе, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті,
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлт аралық келіспеушілікті
жою, т.б. бағыттары;
экономикалық – елдің экономикалық дамудың жоспарын жасау, мемлекеттік
бюджетті қалыптастыру және орындауын бақылау, салық жүйелерін тағайындау,
баға саясатын нақтылау,монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б.;
әлеуметтік – халықты әлеуметік қорғау, зейнетақымен қамтамассыз ету,
денсаулықты сақтауға, білімге, жол құрылысына, коғамдық көлікті дамытуға,
байланыс құралдарына қажетті қаражатты бөлу және т.б.;
Мемлекет және құқық теориясы бойынша ғылыми зертеулерде және оқытуда
жоғарыда көрсетілген мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары туралы, оның
қызметінің бағыттары мен міндеттері оның функцияларымен аралыстырған
сталиндік концепциясын таңдауға немесе керісінше әлемде және ресейлік
мемлекеттанудың ғылымын да жалпы таныған мемлекеттің үш функцияға бөліп
қарастыруға – құқықшығармашылық, атқарушылық және соттық, қайта оралып
зерттелуі керек екнін мәселе болып қарастырылады.
Мемлекеттік ішкі функциялары – бұл қоғамның ішкі өмірін реттеуге
бағытталған мемлекеттің негізгі бағыттары болып табылады. Ішкі
функциялардың жіктелуі мемлекеттің қызмет етудің аяларына байланысты жүзеге
асырылады.[6]
Мемлекеттің ішкі функциялар жоғарыда көрсетілгендей халықаралық
элементке ие бола алады. Мысалы, экономикалық функция.
Ішкі функцияларды жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне байланысты
болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанына, не болмаса мемлекет
құрылымына қарамай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, күзет және
бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. Сонымен бірге, қазіргі кезде, барлық
мемлекеттердің алдында тұрған маңызды мәселеге қоршаған ортаны қорғау
жатады.
Адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша мемлекеттің функциясы. Біздің
дәуірімізде, әлемнің барлық аймағындағы мемлекеттердің бәрі дерлік адам
құқықтарын сақтау (бұзбау) туралы қағидаларды ұстанатындықтарын жария
етуде. Үкіметтер ішкі және сыртқы күштердің қысым етуімен осы қағидаларға
сай әрекет етуге мәжбүр болуда. Бүгінгі таңда адам құқықтарын өрескел бұзу
айыпталып та жатыр.
Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің
аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың
құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы
жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ, аралас мәртебесі бар халықтар санаты
да болуы мүмкін, яғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады.
2. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік функциясы

2.1. Қазақстанның әлеуметтік функциясына жалпы сипаттама
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекеттің әлеуметтік функцияның
негізгі мақсаты болып – адамның әлеуметтік құқықтарын қорғау механизмін
құру табылады. Әлеуметтік функцияны атқаратын мемлекет өзінің, осы
мемлекетке тән әлеуметтік аясын құрайды, қалыптастырады. Әлеуметтік аясы
қоғам өмірінің төрт негізгі (экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани)
бөлшектерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік аясы өзінің өмірін сүруіне
байланысты адамдардың қызметінің тұрақты аясы ретінде көрініс табады. Өз
кезегінде әлеуметтік аясы, сонымен қатар әлеуметтік функциясын да атқарады.
Әлеуметтік аясы мемлекетпен әлеуметтік функциясын іске асыруы бойынша
қалыптасады. Бұл қиын механизм құқықтық бекітілуі негізі бойынша жүзеге
асырылады.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер өзінді әлеуметтік мемлекет ретінде
таниды. Бұл, мемлекеттің әлеуметтік функциясы мемлекетпен іске асыратын
басты функцияларының бірі екенің дәлелдейді.
Әлеуметтік мемлекет – азаматтардың әлеуметтік хал-жағдайлары мен
олардың тұрмыс тіршіліктерінің әрдайым жақсы болуын бағыт етіп ұстанған,
олардың өмір сүру деңгейін қамтамассыз етуді борыш деп білдірген мемлекет.
Оның тек өзіне тән сипаттамалары бар. Ең алдымен, әлеуметтік мемлекет
жекелеген топтарға (таптарға) немесе ұлыстарға емес, қоғам мен адамға тұтас
қызмет етіледі. Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға
мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды
да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады.
Мемлекеттің әлеуметтік сипатын мемлекеттің қолдауына кепілдік берілген
білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық,
еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстарды төмен тұрғындар
тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалрдан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет
адам мен азаматтың күнкөріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын
қамтамассыз етуді талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам
өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселесі де кіреді. Бұл үшін әлеуметтік
мемлекеттік жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдармалар жасап, жүзеге
асырылады. Қоғам мен азаматтарының нақты бір категорияларының мүддесі үшін
күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді.
Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай ғана әлеуметтік
қамқорлықтарды өз міндетіне алады және бұл ретте азаматтардың еңбек пен
кәсіпкерлік белсенділігі төмендеп, иек артушылық, теңгермелік көңіл күй
бастау алатын объективті межені уыстан шығармайды.[7]
Егер де, мемлекет әлеуметтік болып табылатыны туралы конституцияда
бекітілмесе, онда бұл мемлекет әлеуметтік функцияны жүзеге асырмайтынын
айтпайды.
Әлеуметтік функцияның мазмұны мемлекеттің функциялаудың нақты тарихи
жағдайына байланысты әртүрлі болады.
Мемлекет әлеуметтік функцияны тиімді іске асыру мақсатында әлеуметтік
саясатты қалыптастырады. Мемлекетттің әлеуметтік саясаттың бағыты болып
әлеуметтік теңдікті қамтамассыз ету табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік функция өзінде әлеуметтік теңдік, әлеуметтік
әділеттілік, әлеуметтік бостандық, әлеуметтік қорғау негізі элементтерін
қамтиды. Олардың барлығы бір-бірімен әлеуметтік тең тұлғалар тобы үшін
қатысты, мысалы, зейнеткерлер, мүгедектер.
Конституциялық құрылысты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қорғау,
мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамассыз ету функциясы.
Конституциялық құрылысты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қорғау,
мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясы –
мемлекеттің негізгі функциялардың бірі болып табылады. Негізінен қоғамдағы
тәртіп жалпы алғанда қоғамның, сонымен қатар мемлекеттің де дұрыс өмір
сүруіне және дамуына тікелей жағдайы ретінде шығады.
Бұл функцияны мемлекет құқықтық нормалар арқылы іске асырады.
Функцияны іске асыру үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Олар
құқықшығармашылық және құқыққолданушылық.
Адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті
қорғаумен қатар, аталған функция, сонымен қатар қоғамдық тәртіп және
қауіпсіздікті, конституциялық құрылысты және аумақтық біртұтастығын
қорғалады, және де қылмыстардың және әкімшіліқ құқық бұзушылықтың алдын
алуы. Мемлекеттің қорғаушылық функциясы үшін оның іске асырудың құқықтық
формасы негізгі мәнге ие болады.
Бірқатар құқықтанушылар осы функцияға жоғарыда аталған міндеттерге
қоса қоғамның экологиялық, экономикалық және саяси қауіпсіздігін қорғауын
да атайды. Бірқатар қайнар көздер адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
жеке функцияға шығарады.
Қазіргі кездегі мемлекеттерде құқыққорғаушылық қызметке ерекше көңіл
бөлінеді. Өйткені оның тиімділігі – демократиялық мемлекеттің
әрекетқабілеттілігінің басты шектері болып табылады.
Әлеуметтік функциясының ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық
арасында әділеттілік қағиддасы негізінде бөлініп беру болып табылады.
Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік
топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп көрстілген:
1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнет ақысының ең
төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,
асыраушысынан айрырылған жағдайда және өзге де заңды негіздер де
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша
нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. [8]
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы
отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға
көмек көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар мемлкеттің әлеуметтік
функциясының ең бастапқа міндеттерінің бірі кедейлілікпен, жұмыссыздықпен
күресу болып табылады.
Қазіргі таңдағы мемлекеттердің ерекшелігі болып олардың функциялардың
көптігінде көрініс табады. Қоғамның дифференциация процессі кезінде, онда
тоның функциялайтын аяларының бөлшектеніп кетуінің арқасында мемлекеттік
функциялардың одан да санның арттыруына әкеп соғуы мүмкін. Осыған кері
болып келетін басқа процесс те орын алуы да ықтимал. Ол қоғам өмірсүрудің
әртүрлі қызметтерін бір ортаға біріктіру, бекіту, интеграциялау процессі.
Сондықтан да қоғам дамуының бірқатар кезеңдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Құқық функциялары
Мемлекет функциялары
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Қарулы Күштердің құрылысы
Туынды. Элементар фунциялардың туындысы, геометриялық және механикалық мағынасы
Пәндер