Қазақстан президенттік Республика


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан президенттік республика

Қазақстан (Қазақстан Республикасы) - Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ншы орында. Жер көлемі - 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.

Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресей Федерациясымен - 6 467 км, оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км республикаларымен, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. [1] .

Республика жерінің қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е. ) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е. ) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Батыс шеті (46 27 ш. б. ) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі 87 20 ш. б. Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Республиканың географиялық орналасуы оның табиғат жағдайларын анықтайды.

Қазақстан Республикасының халқы 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[2] . Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 63, 1%, орыстар - 23, 7%, өзбектер - 2, 9%, украиндар - 2, 1%, ұйғырлар - 1, 4%, татарлар - 1, 3%, немістер - 1, 1%, кәрістер - 0, 6%, түріктер - 0, 6% [3] .

Елордасы - Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Байқоңыр) бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, орыс тілі ресми тіл қызметін атқарады.

Діні

Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

Мемлекеттік құрылысы

Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш. -аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болып табылады. Жергілікті мемл. басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Саяси жағдайы

Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Сыртқы саясат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттік республиканың ерекшеліктері
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Президенттік басқару жүйесі
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz