Конфуций іліміндегі этикалық ойлар



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Конфуций іліміндегі этикалық ойлар
2. Конфуцийдің шығармалары
3. Конфуцийдің идеялары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға қоятын адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы – Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун - ұстаз.Конфуций б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен – ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт - дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы – ата – бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида – оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам — халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз «цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз.
1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
4. «Қазақ Энциклопедиясы» 11 - том

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Конфуций іліміндегі этикалық ойлар
2. Конфуцийдің шығармалары
3. Конфуцийдің идеялары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі
абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман
кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций
кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара
жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу
пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз
кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций
этикасы қайырымдылық, кішіпейілділік, адамды сүю тура жолмен жүру
сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы
әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға қоятын адам мен
өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық
образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы
адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері
құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.

1. Конфуций іліміндегі этикалық ойлар

Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы – Конфуций ілімі болып
саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун - ұстаз.Конфуций б.з.б.
551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен – ақ білімге өте құштар
болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт - дәстүрлерді
өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген
Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең
алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін
дұрыс жолға қоюдың басты жолы – ата – бабалар дәстүрлері мен зандарына,
көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты
жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-
өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды
мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді
жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида – оның этикалық-әлеуметтік
бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына
ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ,
бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде Суждения и
беседы деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой
толғаулары Ұстаз былай деген екен деп басталады. Бұл баға жетпес құнды
еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек
болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен
үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып Жетілген адамның
(цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол
жетілген адамның бойында, негізінен екі қасиет болуы қажет, олар:
адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: Мемлекетті басқаратын адам
— халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт.
Нағыз цзюнь цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол
үшін тағы да басты қасиет — парыз сезімі керек. Парыз — бұл моральдық
міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы
принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей
байланысты болып келеді. Осы орайда Конфуций Қайырымды ердің бейнесін
жасап, оны қасиетсіз ерлерге (сяо жень) қарама-қарсы қойды. Қайырымды
ер өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай
орындайды, ол қасиетсіз ер болса тек өз қара басының құлы ғана, бас
пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі
басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп
тапсыруға бо-лады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен
қуанышқа ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және
қандай құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған
қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. Қайырымды ер үш нәрседен
қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал
қасиетсіз ер көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың
сөзін ескерусіз қалдырады.
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай
қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде
де берік орныға түсті. Б.з.б. III ғасырда және б.з. III ғасырларында оның
ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тіпті жоғары
мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы үстаздың ілімін терең игеру
талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы орын алған
түбегейлі терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бүл
ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда, өткенге құрметпен қарау,
үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық сипат алып,
жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни
ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына
байланысты тұрақты ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса
бастады. Бұл заңды қағидалар қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің
әрбір жағдайына байланысты барлық адамдар үшін міндетті түрде орындалуға
тиісті тәртіп ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ережелер бойынша адам
қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстауы керек, ішкі жан-сезімдерін
ақылға билеттіруі қажет. Демек, адамның еркі қалыптасқан ережелерге тәуелді
болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуцийдің ілімі бойынша, әрбір
адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет. Адамдар өз құқын, өзіне
тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана
қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық-
әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде
өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай қоғамы жоғарыдағылар және
төмендегілер болып екіге бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару істерімен
шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдайда
болулары тиіс болды. Қоғамды жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке
бөлудегі басты өлшем тек қана байлық қана емес, сонымен қатар қытай
азаматгарының цзюнь-цзы идеалдарына жақындығы және оған жан-тәнімен
берілгендігі болып саналады. Формалды түрде бұл жағдай кез келген
қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол ашқанымен, шын мәнісінде, мүлде олай
емес еді, өйткені шенеуіктер сословиесі қарапайым халықтан алынбас қамалмен
бөлінген болатын. Ол қамал — сауаттылық, яғни иероглифтер қамалы болатын.
Қытай елінің бүкіл тарихында адамның қоғамда алатын орны мен оның
әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгендігін еске алсақ және
қарапайым халықтың бүл межеге шыға бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан
жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік аламыз.
’’Конфуций ел басқарудың басты мақсаты’’ — халықтың мүддесі деп
жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отьірып, ұлы уағызгердің ізбасарлары
мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі —
халық, екіншісі — құдай, үшіншісі — әмірші-патша. Бірақ, халықты бірінші
орынға қоя отырып конфуцийшілдер қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де
түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде
өмір сүре алмайды деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты
қағидаларының бірі — үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел
иелері, олай болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап, еркіне бағыну —
мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді.
Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар,
Конфуцийдің Мемлекет дегеніміз — үлкен отбасы, ал отбасы — кіші мемлекет
деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп
отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және
үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып
табылады. Отбасылық — мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршеңдігін
1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекинде) студенттер қозғалысының
жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер
мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік
даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады.
Ата-бабаларға табыну — ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны
тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін
ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты
әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына
айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген Сяо —
яғни Балалар құрметі ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, сяо
— адамгершіліктің негізі болып саналады. Сяо ережелері — ата-анаға
қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды ли дәстүрімен жерлеуді және дәл осы
тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап
етеді. Сяо тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры
немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы
шарт.
Уақыт өткен сайын сяоның ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік
қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне
бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата-анаға қарым-
қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал: Сегіз
жасар бала маса өзін қанша шақса да, әке-шешесін мазаламайын деген оймен
оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші
мысал: Аштық жылында әбден әлсіреген әкесінің өмірін сақтап қалу үшін
үлгілі бала өз етінен ет кесіп әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал-
әңгімелерден қытайлықтардың өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, әке-шеше
үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін
байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың
қатал да, талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме екен
деген сияқты ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс-
әрекеттерін бақылайды деп түсінген.
Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері
қытайлықтарды отбасын ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы —
қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың
мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жәй ғана
сезімдік құбылыс деп санап, оны отбасы мүддесінен төмен алып қарады. Жас
жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының
тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың
қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір
кедергі жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай
мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасыларының саны
өсіп, ал өз кезегінде, бұл жағдай халық санының күрт өсуіне себепкер
болған. Бір атап өтетін жәйт, Қытайда үлкен отбасылар өте көп болған.
Олардың құрамында ағайындылардың отбасыларымен қатар, ағайынды адамдардың
туған-туысқандары, немерелері де болған. Мұндай отбасылардың іргесі,
әдетте, әкесі қайтыс болған жағдайда ғана бөлінетін болған. Әкесі қазаға
ұшыраса үлкен ұлы отбасының бүкіл билігін қолына алған, әкеден қалған
мұраның үлкен үлесі де үлкен баланың еншісіне тиген, ал қалған дүние-
мүліктер басқа отбасылар арасында тепе-тең бөлінген. Өз кезегінде, жаңадан
бөлініп шыққан отбасылар көп уақытқа дейін үлкен ағасына тәуелді болып,
оның айтқандарын мүлтіксіз орындап отыруға тиісті болған. Отбасылық берік
тәртіп және ынтымақ пен бірлік үстемдік еткен мұндай шаңырақтар қиын
жағдайларда бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесіп отырған. Мұндай туысқан
отбасылар топтары көп жағдайларда үлкен ауылдар түрғындарының басым
көпшілігін құраған. Олардың күші мен беделінің жоғары болғандығы соншалық,
туысқандар топтарының пікірлерімен өкімет орындары да санасып отыруға
мәжбүр болған. Ағайындар тобының өздерінің жеке меншіктерінде рулық
храмдары және жерлері болған. Оларды өкімет тарапынан озбырлық жасап,
тартып алуға қатаң тыйым салынған. Рулық храмдарда мейрам күндері жүздеген
ағайын туысқандар бас қосып, мәжіліс құрған. Бұл бас қосуларда тұрмыс-
тіршілікке қатысты көптеген мәселелер шешіліп отырған.
Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм
мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты. Бірақ, Конфуций
ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай
болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып
үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем болып, қытай қоғамында ерекше орынға
ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға
мүлде болмайды, олай болатын себебі бүл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны
басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты
бағыныштылықта ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуіктер аппараты
осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал
ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз
билік берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса,
немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөйтіп өзінің сүреңсіз
іс-әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын
еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған
императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып
қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына
да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім қытай қоғамының сан-саласын жан-
жақты қамтып қана қоймай, бүкіл қытай халқының ұлттық мәдениетінің
қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар бүл ілім дінге
қарағанда мемлекеттік идеологияға және мемлекеттік адамгершілік заңдар
жүйесіне өте жақын екендігін ерекше атап өткенді жөн көрдік.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең
философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар
ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған
дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Адамзат
баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында
болуы — қытай өнерінің негізгі арнасы болды. Басқаны былай қойғанда,
қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді
игеру басқа мөдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда
латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де
Шығыс Азия мемлекеттерінде дәл сондай дәрежеге көтерілді, вьетнамдықтар мен
корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иероглифтерін кеңінен
пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып
келеді. Қытайлықтар иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның
сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген. Шығыс мәдениетінде
иероглифтер — көркемдік шығармалар моделінің идеалды түрі болып
есептелінеді. Иероглифтік жазудың ықпа- лын сәулет өнері, қолданбалы өнер
туындыларынан айқын аңғаруға болады. Тіпті табиғаттағы ағаш бұтақтарының
өзара орналасуы мен өсімдіктер дүниесінің өзі де қытай иероглифтерін
еріксіз еске түсіреді.
Каллиграфиялық белгіні қабылдау — дәстүрлі қытай мәдениетінде
эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде
қарастырылады. Қытайлықтар иероглиф белгілердің каллиграфиясына (қалай
жазылуына қарай) қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде
болғандығын, оны жазған адамның мінез-құлқын анықтайтын болған.
Каллиграфияға осынша мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те
қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігі — оның пластикалық
элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі
орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға
үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен теңестіру өнер адамдарының
байқампаздығын, талғампаздығын байқататын сияқты. Өйткені мұз айдынындағы
билердің өзі де мұз каллиграфиясына, яғни бишілердің мұз айдынындағы
іздері арқылы бағаланады ғой. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары
талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты
сияқты. Міне, сондықтан да болар еуропалық мәдениет бүгінгі таңда
экологиялық апаттың алғашқы зардаптарын бастан кешіру жағдайында дүниені
мәдениет пен өнер арқылы басқаша қабылдаудың түрлі жолдарын қарастыруда.
Осы орайда әсем гүлдер мен құстарға, жұпар иісті шөптер мен жан-жануарлар
дүниесіне толы табиғаттың эстетикалық бағын сақтап, оның қайталанбас
табиғи сүлулығын, әсемдігін одан әрі арттыру, — яғни табиғатты аялау,
мәдени дамудың асқаралы міндеті екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Оған
дәлел — Қытай елі, Қытай мәдениеті. Қытай — әсем де, нәзік гүлдер мен
құстардың, шөптер мен жәндіктердің отаны. Осы бір табиғаттың құдіреті
Қытай елінде өнер саласындағы гүлдер мен құстар жанрының туындауына
қолайлы жағдайлар туғызды. IX ғасырда өмірге келген бұл жанрдың басты
ерекшелігі — өмірге деген көзқарастың жан-жақтылығын да, табиғат пен
өмірдің кез келген құбылыстарына эстетикалық көзқараспен қарауда, табиғилық
пен әсемдікті терең сезіне білуде. Осы аталған қасиеттерді өз бойына сіңіре
білген әрбір өнер адамының шығармашылық тойымсыздығының болуы да осы бір
ерекшеліктерге тығыз байланысты болса керек.
Көне заманда жазылған Слово о живописи из Сада с горчичное
зерно деп аталатын трактатта осы жанрға тікелей қатысты көркемдік
шығармаларды бейнелеу және орындау әдістерінің үлгілері тамаша көрсетілген,
бірақ олар, негізінен, даосизм философиясына тән космологиялық принциптерді
де өз бойына сіңіре білген. Бұл стильдегі өнер туындаларында бізді қоршаған
дүние гүлдер мен ағаштар арқылы бейнеленеді. Гүлдер Күнді бейнелеп, ол ян
принципі бойынша құрылса, ал ағаштың өзі, оның бұтақтары мен жапырақтары
Жерді, оның құпия күші иньді бейнеледі. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің
мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай
қағида келген: Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне
жылылығы жоқ адам — хайуан. Демек, адам гүлдің қожайыны емес, оның
қызметшісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Социология
Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ
Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Будда философиясы
Дана философ Конфуций туралы
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
Пәндер