Криминологияда социологиялық әдістерді қолдану


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Криминологияда социологиялық әдістерді қолдану

Нақты-социологиялық әдістер, яғни әлеуметгік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақгы көрініс табуында зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдістер кешені мыналарды камтиды:

Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүргізгенде әртүрлі құжаттарды зерттеуге тура келеді, олар: статистикалык есептер, істердің материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама орталығының, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтік-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелері, кылмыскерлікке және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және басқа да құжатгар зерттеледі.

Қылмыстық істерді немесе өзге құжаттарды зерттеудің бағ-дарламасы жасалынады. Зерттеудің тиісті нәтижелері өнделеді және олардың негізінде қандай да бір зандылықтың бар екеңдігі туралы тұжырым жасалады.

Сауалнама не сырттай (анкета арқылы), не бетпе-бет (сұхбат арқылы) жүргізіледі. Бірінші жағдайда сұрақтар көрсетілген анкета жасалынады. Егер сұрақтарда «жабық» сипат болса, онда оларға «иә», «жоқ» немесе «білмеймін» деген жауаптар беріледі. Ал «ашық» түрдегі сұрактарға кез келген формада жауап беріледі. Мұндай сұрак-жауаптарды ондеуде қиындыктуындайды. Оларды негізінен зерттеудің алғашқы кезеңінде, жауаптардың кандай болатындығын алдын ала болжау қиын болған жағдайда пайдаланады, онда алдымен жауаптардың болуы мүмкін варианттарын анықтау және анкетаның «жұмыс кабілеттілігін» тексеру үшін: сұрақтар түсінікті ме, оларға жауап берілген бе, әлде жалтарып кеткен бе, және т. б. анықтау үшін «пилотажный» деп аталатын сүрақ-жауап жүргізіледі. Немесе «ашық» сұрақтарға берілуі мүмкін жауаптар «тізбегі» ұсынылып, «еске салудан» қашу керек болған жағдайда қойылады. Мысалы, кейбір сотталғандарға сұрақ қойылғанда, егер мәселе ашығынан болса, олар моральдын көпшілік кабылдаған нормаларына оздерінің теріс көзқараста екендігін ашық айтқан. Егер жауаптардың «тізбегі» берілсе, оңда олар «дұрысырақ» жауап беруге тырысады. Бірақ барлығы оңдай емес.

Ұсынылған жауаптар «тізбегінің» артында жауаптың ұсыныл-ғаннан басқа нұсқасын тандау керек болса және ол нұсқаны ай-қындауға өтініш болса, онда жауаптар «тізбегі» «ашык» болады. «Жабық тізбекте» жауап нүсқаларының барлығы түгел беріледі.

Анкетада бірін-бірі толыктыратын қосымша сұрактар болады. Сол себепті кейде «ашық» және «жабық» сүрақтар жиынтығы пайдаланылады.

Әдетте криминологиялық зерттеулерде сұралатын адамның аты-жоні мен мекенжайы кәрсетілмейтін анонимдік деп атала-тын сұраулар да болады. Бүл анкетада «шағын төлқұжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сұрақтардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да мәліметтердің болуы мүмкін.

Анкетаны кұрастырғанда, оның артынан ЭЕМ-де өндслетінін ескеру керек. Сұхбаттасу дегеніміз - қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе кұкык қорғау органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ басқа адамдармен әңгімелесу.

Криминологиялык зерттеулерде сотталғанмен жеке сұхбатта-су, анкеталық сұрақтарға қарағанда, толығырақ нәтиже береді, қылмыстық іс-әрекеттің себептері мен мақсатын, оның тәрбиесі мен өмір салтын аныктауға мүмкіндік береді. Сонымен катар, сұра-лушы өзінің жеке ұстанымын жария еткісі келмесе, оны анкета аркылы білуге болады. «Үжымдық сұхбат» деген де өзін жақсы жағынан көрсетті, мысалы, онда бірнеше, әдетте оннан көп емес адаммен кездесу болады, оларға зерттеуші өздері байқап жүрген кылмыскерліктіңжайы, ондағы өзгерістер. кабылданған шаралар-дың нәтижелілігі, қылмыскерліктің есу немесе азаю себептері жайында айтуды өтінеді. Мысалы, мұндай сұхбат кандай да бір ұйымның бір топ кьізметкерлерімен немесе белгілі бір ауданның немесс үйдің бір топ түрғыңдарымен немесе колониядағы сотталғандармен немесе прокуратуранын, полиция бөлімшесінін қызметкерлерімен жүргізіледі. Егер зерттеуші алдын ала сұрақтарды күрастырып, оларды кандай ретпен қою керектігін жоспарласа ғана ондай сұхбатган жақсы нәтиже күтуге болады. Ол сұрақтар оқылмайды, еркін әңгімелесу арқылы беріледі. Сұхбат нәтижелері әдеттс артынан жазылып алынады, сонан соң өнделеді.

Байқаудың бірнеше түрі бар.

Социологиялық зерттеулердегі байқауларға карағанда, кри-минологияда байкау өрісінің және оның нүсқаларыныңбіршама ерекшеліктері бар.

Мысалы, байкаудын үш негізгі рөлін бөліп алуға болады:

1) байкаушы - кандай да бір қызметке катысушы (қызметті және оған ка-тысушыларды байкап жүреді) ;

2) шындығында байкаушы (ол өзінін қызметін байқауы тиіс субъектілермен қатынаста байкаушы ретінде сезінеді) ;

3) камтылған байкаушы (жүмысқа орналасады не озін бакылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді, бақылауы тиіс қызметке катыспайды, бакылауды сырттай жүргізеді) .

Қылмыстық қызметті алатын болсак, онда кылмыстықтопқа, үйымға кірген криминологты көзге елестету керек. Бірак мұндай топқа кіру қылмыс жасауға міндетті түрде қатысумен байланысты. Қатыспаған жағдайда зерттеуші әшкереленіп, одан ауыр зардап шегуі мүмкін. Зад криминолог-зерттеушіні қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды қарастырмайды. Зерттеу тиісті іс-әрекетті қылмыс деп танымау үшін де негіз бола алмайды, мысалы, аса қажеттілік және кажетті қорғаныс жағдайларында.

Жаза етеу орыңдарында қамтылған байқау, көбіне көрсетілген киындықтармен, сондай-ақ сотталған адам мәртебесін жасырын алу қиындықтарымен байланысты.

Қамтылған байқауда кұкық қорғау органдарынын оперативтік қызметкері, тергеуші, прокурор, судья, адвокат, еңбекпен түзеу мекемесініңқызметкері ретінде болған пайдалы. Бұл тұрғыдан алғанда криминолог үшін оның қүқық корғау органдарында, соттарда жұмыс істеуден алған тәжірибесінін маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Криминологияда нақты-социологиялық әдістерді қолдану
Криминология пәнінің түсінігі
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz