Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері



КІРІСПЕ

1 КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

1.1 Криминлогия ғылымының түсінігі, пәні мен жүйесі
1.2 Криминология ғылымының даму тарихы, оның Қазақстанда қалыптасу кезеңдері
1.3 Қылмыстылықтың себептерімен жағдайларын, қылмыскердің жеке басын зерделеу, оның әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қылмыспен күрестің негізгі бағыттарының бірі оның алдын алу. Қазіргі уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-жақты ойластырылған кешенді (қаржылық-материалдық, ғылыми, кадрлық, идеологиялық, нормативтік-құқықтық және т.б. қамтамасыз етілген) бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас, салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап етеді.
Ата заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Сондықтанда мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау, қылмыстың алдын алу және қылмыстың шығу себептерін анықтау, қылмыстың алдын алу мәселесін шешу үшін арнайы шаралар әзірлеу керектігі.
Қылмыстың алдын алу мен тосқауыл қоюдың қазіргі жағдайдағы тиімді жолдарын анықтап белгілеудің, құқықтық тетіктерін нығайтудың маңызы зор. Өйткені, біздің өміріміздің жаңа кезеңі бұл мәселенің мүлде тосын қырларын ашып беруде. Экономикада өрлеп дамыған сайын, қылмыс сипатыныңда өзгеріп, етек алуы заңды құбылыс болып табылады. Сол себепті қазіргі таңда ғалымдардың пікірлері бойынша қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді деп санайды. Олар: 1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2) детерминацияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3) қылмыстылықпен күресудің жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине, тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық базасын қалыптастыруды қажет екендігін түсіндіреді.
Қазірі таңдағы Қазақстандығы кримнологиялық яғни қылмыстың алдын алу бойынша ойлардың даму деңгейі. Қазақстан криминологтары қылмыстылықтың алдын алу бойынша қосқан үлестері. Қылмыстылықтың алдын алуды жан-жақты объективті түрде қарастыру. Сонымен қатар халықаралық мол тәжірибелерді пайдалана отырып Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық конференциялардағы ой тұжырымдары.
Жұмыстың мақсатына тоқталар болсақ Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттарының мазмұнын теориялық қайар көздердің кешенді саралау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды. Қазақстандағы криминологиялық ойлардың даму проццесін зерделеу.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
2 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2030»
3 ҚР Президенттің жарлығы «110 туралы» 21,12,1995ж
4 ҚР Президенттің жарлығы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту шаралары және қылмыстық топпен күресуді қатаңдату және пара алумен күресу. 12.11.1997ж
5 Қазақстан Республикасындағы 2000-2005 жылдар ішіндегі қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер //Астана: ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық және арнайы есептер жөніндегі комитеті, 2006. – 145-б.
6 Назарбаев Н.Ә., «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі», ҚР Президентінің ҚР Конституциясының бес жылдығына арналған сөзі.
7 Әбдіров Н.М «Қазіргі жағдайдағы қылмыстылықтың алдын алу» жайында Заң газетіне берген сұхбаты. 2010 жыл 11 маусым.
8 Бегалиев К. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. Алма-Ата: Казахстан, 1981.
9 Каиржанов Е.И. Понятие, структура и виды профилактики преступлений. /Лекция. Караганда: КВШ МВД , 1986.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

1. Криминлогия ғылымының түсінігі, пәні мен жүйесі
2. Криминология ғылымының даму тарихы, оның Қазақстанда қалыптасу
кезеңдері
3. Қылмыстылықтың себептерімен жағдайларын, қылмыскердің жеке басын
зерделеу, оның әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қылмыспен күрестің негізгі бағыттарының бірі оның алдын алу. Қазіргі
уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер
ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-
жақты ойластырылған кешенді (қаржылық-материалдық, ғылыми, кадрлық,
идеологиялық, нормативтік-құқықтық және т.б. қамтамасыз етілген)
бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі
қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас,
салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап
етеді.
Ата заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында
көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Сондықтанда
мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
қылмыстарды болдырмау, қылмыстың алдын алу және қылмыстың шығу себептерін
анықтау, қылмыстың алдын алу мәселесін шешу үшін арнайы шаралар әзірлеу
керектігі.
Қылмыстың алдын алу мен тосқауыл қоюдың қазіргі жағдайдағы тиімді
жолдарын анықтап белгілеудің, құқықтық тетіктерін нығайтудың маңызы зор.
Өйткені, біздің өміріміздің жаңа кезеңі бұл мәселенің мүлде тосын қырларын
ашып беруде. Экономикада өрлеп дамыған сайын, қылмыс сипатыныңда өзгеріп,
етек алуы заңды құбылыс болып табылады. Сол себепті қазіргі таңда
ғалымдардың пікірлері бойынша қылмыстылықтың алдын алуды тиімді
ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді деп
санайды. Олар: 1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2)
детерминацияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3)
қылмыстылықпен күресудің жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине,
тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық
базасын қалыптастыруды қажет екендігін түсіндіреді.
Қазірі таңдағы Қазақстандығы кримнологиялық яғни қылмыстың алдын алу
бойынша ойлардың даму деңгейі. Қазақстан криминологтары қылмыстылықтың
алдын алу бойынша қосқан үлестері. Қылмыстылықтың алдын алуды жан-жақты
объективті түрде қарастыру. Сонымен қатар халықаралық мол тәжірибелерді
пайдалана отырып Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық
конференциялардағы ой тұжырымдары.
Жұмыстың мақсатына тоқталар болсақ Қазақстан Республикасындағы
криминология ғылымының негізгі даму бағыттарының мазмұнын теориялық қайар
көздердің кешенді саралау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі
міндеттер қойылды. Қазақстандағы криминологиялық ойлардың даму проццесін
зерделеу.

1 Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері.
1. Криминология ғылымының түсінігі, пәні мен жүйесі.

Егер сөзбе-сөз ұғынсақ криминология дегенiмiз кылмыскерлiк жайындағы
iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ криминология ғылымының нақты
мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана
емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын
зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген
адам, неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? -
деген cұрақтарға жауап бередi.
Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді.
Криминологияның айрықша пәні – заңдылықтар; а) қылмыскерліктің барлық
көріністері; ә) кылмыскерлiктiң, детерминациялары мен себептiлiгi; б)
кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырайтындығы.
Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе
жеке қылмыстық әрекет; кылмыскерлiктiң әр түрлі негіздер бойыншабөлiнiп
алынатын жекелеген түрлерi (экономикалық, мемлекеттiк, кәмелетке
толмағандардың, әйелдердiң және т.б); мемлекеттiң белгiлi бiр аймағындағы,
мемлекеттегi адамзат коғамының әр түрлi кезеңiндегi қылмыскерлiк[1].
Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік -
адамзат тарихында бұрын болған және қазiргi бар қоғамдардың барлығының да
ажырамас бөлiгi.
Криминология кылмыскерлiктi орын мен уақыттың нақты жағдайында
зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бiр жағынан, қылмыскерлік арқылы,
кылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлiк, оның себептерi жане
онымен күрес - криминологияға негiзгi керектiлер осылар. Қылмыскерлiктен
бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның
алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да
кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi
көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы,
өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат
пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.
Нақты өмiрде қылмыскерлiк пен басқа келеңсiз әлеуметтiк ауытқулар
(алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелi экономия жене т.б.)
арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы,
жасанды болып шығады.
Қолданыстағы заң қылмыскерлiктiң шекарасын көрсетедi, бiрақ
криминологиялық зерттеулердiң шекарасы одан бiршама кең. Қоғам мен заң
өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгередi. Криминолог
белгiлi бiр iс-ерекеттердi криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс
деп тану) және криминалға жатқызбау (тиiстi iс-әрекеттердi заң бойынша
қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау)
туралы меселеге өз үлесiн қосады. Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе
криминологтар мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың
қоғамға қауiптi әрекеттерi өз нысанын өзгертедi екен, ал бұл нысанның
өзгеруiнен сол әрекет екенiн қоғамға қауiптiлiк сипатын жоғалтудың орнына,
кейде бұрынғыдан да бетер қауiптi болады екен. Мұндай жағдайда қылмыстық
заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу керек. Заңның криминологиялық
келiсiмдiлiгiн, оның қоғамға аса қауiптiлiк келтiретiн жаңа шындыққа
сәйкестiгiн осы криминологтар қамтамасыз етедi. Қылмыстық құқық саласындағы
мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауiптi әрекет нысанының өзгеретiндiгi
жайында толықтай деректер болмайды.
Сонымен криминолог қылмыскерлiк пен келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың
өзге нысандарының өзара байланысындағы, олардың қоғамға қауiптi әрекетке
айналуындағы заңдылықты зерттейдi.
Профессор Г.М. Минковский бейнелеп айтқандай, криминологтердiң назар
аударатын объектiлерi қалайда фондық құбылыстар болуға тиiс. Бiрақ
криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен
байланысын ғана зерттейдi.
К,ылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жалпы алғанда,
к,ылмыскерлiктiн. к.огамда туындау процесi (елеуметтік детерминация) жене
сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк).
Қылмыскерлiк детерминациясымен себептiлiгi, жалпы, қoғaмдағы,
мемлекеттегi, аймақтағы қылмыскерлiктiң, белгiлi бiр әлеуметтiк топ
өкiлдерiнiң қылмыскерлiгiнiң, қылмыскерлiктiң кейбiр түрлерiнiң, жеке
қылмыстық әрекеттiң қандай да бiр кезеңде дамуын зерттейдi.
Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлiкке ғана емес, сонымен қатар
қылмыскерлiктiң қоғам өмірінің әр түрлi жақтарына ықпал ету процесi де
талданады.
Кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырау заңдылығын талдағанда алдында
қылмыскерлiкпен күрестің неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру мақсаты тұрады.
Қылмыскерлiкпен күрес - күрделi, көп аспектiлi к.ызмет, ол
қылмыскерлiктiң өзiне және оның себептерiне, жағдайға ықпал етудi қамтиды.
Бұл қызмет қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерлiктiң
алдын алуды да, құқық қоргау қызметiн де қамтиды. Егер алғашқы eкi меселе,
негiзiнен, криминолгтердiң назарын аударатын басты объектiлер болып келсе,
ал құқық қорғау қызмeтi - оның жүйелiлiriн қамтамасыз ету жене
криминологиялық келiсiм тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызментінің кейбiр
бағыттарын қылмыстық процесс, жеделіздестіру қызметi бойынша мамандар және
басқалар анықтайды.
Криминолог - жан- жақты экономикалық саяси, әлеуметтiк, құқықтық және
басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің
экономикалық саяси жене басқа да салаларын, құқықтың әр түрлi салаларындағы
мәселелердi тереңiрек талдаған сайын ол алғашында басқа мамандармен
ынтымақтастықта болады, кейiннен эстафета таяғын олардың қолына ұстатады,
содан кейін барып олар қылмыскерлiктi тудыратын себептермен жағдайларды
жоюдың нақты жолдарын анықтайды.
Бұл ретте криминологте оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады:
тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен
процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп
алу. Ол өзi алған нәтижелер жайында экономистердi, саясаткерлердi,
социологтердi, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттiк органдарды,
жұртшылықты хабардар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай
жұмыссыздық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз
қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес. Ол жұмыссыз аза­мaтrapдың
қандай бөлiгi кедейлiк сатысынын ең төменгi баспалдaғына тұрғандығын, сол
себептi олардың қылмыс жасайтындығын ашып көрсетyi тиiс. Бiрақ ондай
адамдардың iшiнде қылмыс жасамайтындар да бар. Тиiсiнше, кейбiр тұрақты
тepic құбылыстарды тез жою жөнiнде меселе көтермесе де, криминолог өз
ақпаратымен олардың криминогендiк әpeкeттepін бейтараптандыруға, оң
факторлармен өзара қатынасын камтамасыз етуге көмектесе алады (қapттapғa,
мүгедектерге экономикалық көмек; еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа
орналастару; қылмыспен келген табысты жуып-шаюға жол бермеу және т.б.).
Сонымен қатар криминолог қылмыскерлiктi азайтуға ықпалын тигiзетiн
құбылыстарды назаpға алады - ол тек криминогендiк қана емес (кылмыскерлiктi
туындататын), сонымен қатар антикриминогендiк (туындауға тосқауыл болатын)
мән-жайларға да баса көнiл аударады.
Оның антикриминогендiк процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлiкпен
күресте батымды шара қабылдауға көмектеседі.
Сонымен, бiрiншiден, криминология өмiрдегi барлық жағдайға жан-жақты
ұсыныс беретiн әмбебап ғылым емес, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес
проблемасын орын мен yaқыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын
ұстанады.
Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтiк қайта өзгеру процесiнде қолданысқа
алынады, солай болуға тиiс те, бiрақ криминолог пен революционердi,
криминолог пен билiк басындағылардың жауын ажырата бiлу керек.
Криминолог ic жүзiнде әрқашан қоғамғa оның денесiндегi сыздауықты,
әлеуметтiк басқарудағы қателiктердi көpceтeтін сыншы рөлiн атқарады, себебi
қылмыскерлiк оң жетiстiктерден, жақсы өмiрден туындамайды. Ал, оның ұсынысы
болмаса қылмыскерлiктiң тасасында тұрған, кейде қоғамға қылмыскерлiк
арқылы карағанда ғана көрінетін тepic құбылыстардан арылу мүмкін емес.
1.2 Криминология ғылымының даму тарихы, оның Қазақстанда қалыптасу
кезеңдері.

Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы
көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ
пайда болған.
Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды,
жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға
да ене бастады.
19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына
зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2)
статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар
арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау
жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық [4].
Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы креминолог Галль болатын.
Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға бөлдi, қылмыскерлердi
биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны
бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь
(немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. Қылмыскер болып туады- дедi ол
өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi
ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін
мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны
қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi.
19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр
қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо
теориясын сынады[5].
Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу
aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында
сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар
аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да
бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .
Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль
Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк
факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық
мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi,
мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан
өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques),
қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe
speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы
адамзат тұқымының бiр түрінен қорғанысы ретiнде қарады.
Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде
П.Н. Тарановскийдiң Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа
авторлардың жұмыстары антропологиялық бағытқа жақын болды.
Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - Кылмыскерлiктiң экономикалық
факторының авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: Ламброзонның еңбегi
сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және
батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз
шәкiрттерiне қалдырды.
Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпетью қылмыскерлiк
жайында жинакталған деректерге арнаулы статистикалық зерттеулер жүргiздi.
Олардың қылмыскерлiктегi заңдылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды
екендiгiн бельгиялық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi.
1836 жылы А.Кетленiң Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық
физика тәжiрибесi атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды:
Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сандар соншалықты тұрақты
қайталанады, ол жағдайға назар аудармасқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi
бiр түрлерiнiң жыл сайын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн
жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп
отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен оларды өзiмнiң әр түрлi
шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық
делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот
бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек.
Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен,
бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы
бар жаппай әлеуметтiк құбылыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге
қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi
өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.
Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ
көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және
басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк факторлармен статистикалық
байланысын көрсетті.
1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс Англиядағы жұмысшы табының
жағдайы атты кiтап жазды, онда Өз байқауым және шын көздер бойынша деген
тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету
факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк
мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. Әлеуметтiк тәртiптi сыйламау
өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны
моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегiден гөpi күштiрек,
жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық
күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады [6] -
деп жазды Ф .Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc
табуы, Энгельс айтқандай, әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне
қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян
келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi.
Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып,
етек алып барады; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi
лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл
барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариатқа қарсы соғысы
бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп
жүзеге асуы болып табылады.
Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жалпы келеңсiз
әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн
негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi,
жеке меншiгi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Криминология пәнінің түсінігі
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы туралы
Мамандықтың пәндер каталогы
Қылмыскердің тұлғасының ұғымы және қылмыстық мінез – құлықтың ерекшеліктері
Қылмыстылық
Пәндер