Қазақстан және Қытай арасындағы саяси байланыстар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.7
1. Қазақстан және Қытай арасындағы саяси байланыстар ... ... ..8.38
2. Қазақстан және Қытай арасындағы экономикалық
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... 39.47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48.51
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52.54
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55.57
Қосымша

Жұмыстың өзектілігі. Еліміздің сыртқы саясатында Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасқа ерекше маңыз берілген. Бұған айтылар себептер аз емес. КСРО кезеңіндегі арадағы болып өткен әскери қақтығыстар қарым-қатынас орнатуға кедергі болғанмен барлық келеңсіз оқиғаларды артқа тастап алғашқы қадамды Қазақстан жасады. Болып өткен кедергілерге қарамай Қазақстан Қытаймен арадағы көршілік дипломатиялық қатынастарды реттеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алды. Шекаралық дау-дамайды да шешіп, қарым-қатынас реттелді. Мұндай оң нәтижелерге жету үшін көптеген қиындықтарға кезігіп отырдық. өйткені 1992 жылы көтерілген шекара мәселесіне 2002 жылы араға он жыл салып барып соңғы нүкте қойылды. Тек қана шекара мәселесі ғана шешіліп қойылмай, көптеген саяси –экономиклық салаларда да оң өзгерістер байқала түсті. Яғни, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар жақсарып, өз жемісін беріп жатыр. Алайда, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық жетістіктер Қазақстанның болашақтағы қауіпсіздігіне кепіл бола ала ма? Мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ Қытайға алаңдатушылық білдіріп отырғанда, иық тіресіп отырған Қазақстанның алаңдауы керек-ақ.
АҚШ, Ресей, Жапония сияқты алып елдерді Қытайдың экономикалық өсуі ғана емес, сонымен қатар Қорғаныс саласына құйылған қаржы көлемі десек қателеспейміз. 2004 жылы Қорғанысқа 26 млрд доллар бөлген Қытай 2005 жылы 54 млрд доллар бөліп отыр. Мұндай көрсеткіштер ең алдымен АҚШ-ты қатты сескендірді. өйткені ең көп әскер ұстайтын АҚШ қорғанысқа жылына 100 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі .

1. Тоқаев.Қ Қазақстан Республикасының дипломатиясы, Алматы 2002 – 568 бет
2. Султанов.К Пробуждение гиганта, Алматы 1999 -315с
3. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана. Между прошлым и будущим, Алматы “Жеті жарғы” 1999 – 416с
4. Назарбаев.Н. Тарих толқынында, Алматы “Атамұра” 2003 – 288 бет
5. Назарбаев.Н Сындарлы он жыл, Алматы “Атамұра” 2003 – 240 бет
6. Султанов.К. Реформа в Казахстане и Китае. Особенности. Сходства. Различие. Успехи. Проблемы. Астана “Елорда” 2000 -245 с
7. Китай в мировой политике, Москва РОСС ПЭН 2001 – 351 с
8. Қазақстан – 2030, Алматы 2001 – 59 бет
9. Танирбергенов.Е. Казахстан и Китай: добросовестно и взаимодействие //Саясат, Алматы 2004, №3. 24-29 с
10. Колахметова А. Региональные интересы Китая в Казахстане //Аль Пари 2002 №1.14-19 с
11. Ермекбаев Н. Китай: стратегие и тактика экономическая роста //Казахстанская правда 2003 3 июнь, стр 3.
12. Әліпбай С. Қазақстан мен Қытай – стратегиялық әріптестер //Егемен Қазақстан 2005, 5 шілде.
13. Тоқаев Қ. Сындарлы сыртқы саясат – ел қауіпсізігінің кепілі //Егемен Қазақстан 2005, 30 желтоқсан.
14. Ху Цзинь Тао. Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуметі //Егемен Қазақстан 2005 ж, 2 шілде.
15. Қуанбай Ә. Қытай мен ынтымақтастық нығая түседі //Егемен Қазақстан 2004ж. 8 мамыр.
16. Қуанбай Ә. Тарихи сапар //Егемен Қазақстан 2004 ж, 21 мамыр.
17. Игнатов Ф. Халықтардың тату-көршілігі мен еңбекқорлығы //Егемен Қазақстан 1997 ж, 22 ақпан.
18. Қадырбаев С, Сыроежкин К. Қытай және Орталық Азия //Ақиқат 1997 ж, № 2.
19. Султанов К. Некоторые особенности политических реформ Казахстане и Китае //Евроазийское сообщество 2000 г, № 2.
20. Қазақстан – Қытай. Тату-көршілік және іскерлік қатынастар жолымен 5 жыл. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1992-1997 жыл, 15 бет.
21. Еженеделник “Азия” 1994, 3 май, 92 бет.
22. Даудың үлкені – жер дауы. Қытаймен шекара тураы келісім. Ол қалай шешілді? //Егемен Қазақстан 2000 ж, 21 сәуір.
23. Сұлтанов Қ. Елімді ел таныса //Егемен Қазақстан 2000 ж, 24 ақпан.
24. Шекара //Егемен Қазақстан 2000 ж, 31 мамыр.
25. Збигнев Бженский, Великая шахматная доска. 1999 г.
26. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюлетені, 2000 ж. № 4.
27. Жандәулетов, Устремленное будущее сотрудничество //Промыщленность Казахстана, 2004 г, № 3.
28. Қазақстан сандарда, Алматы 2002 ж.
29. Ежегодник ,Казахстан в цифрах, Алматы 2005 -510с
30. Мачевич.И.А.Внимание Китай Минск 2001-345с
31. Оразалиев.Е.Н.Шанхайская Организация Сотрудничества:основы формирования, проблемы и перспективы Алматы 2005-26 с
32. ШОС:Становление и перспективы развития Алматы ИМЭП 2005-196 с
33. Политика и интересы мировых держав в Казахстане Алматы Дайк Пресс 2002- 238 с
34. Токаев.К.Преодоление:Дипломатические очерки Алматы 2003 – 656 с
35. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бюллетені 2000 №4
36. Сђлтанов.Қ .Мџдделер тоғысы Астана 2003 – 256 бет
37. Жалилов .А Шанхай Ынтымақтастық Ђйымы – бейбіт љмір кепілі //Егемен Қазақстан 2002 18 маусым 8-9бет
38. Сағымбаева.А.Қытай жѕне Орта Азия // Қазақстан ZAMAN 2002 15маусым 6-7бет
39. Куликов В.С Китайцы о себе М; 1989 - 254 с
40. Бутирманов В.Ф и др Осоветско – китайской границе;М;1984 – 80
41. Сейдін Н.Н Қазақстан мен ҚХР арасындағы шекара мѕселесінің шешілуі // Ақиқат 2004 №4 16-20беттер
42. Токаев К.Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации Алматы 2003 – 339 с
43. Токаев .К Под стягом независимости Алматы 2003 – 330 с
44. Абдултаттаев .С.Қазақстан – Қытай қарым – қатынастары // Ақиқат №8 - беттер 12 -15 беттер
45. http :\\www.kisi.kz
46. Яndex:казах...

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-7
. Қазақстан және Қытай арасындағы саяси байланыстар ... ... ..8-38
2. Қазақстан және Қытай арасындағы экономикалық
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39-47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 8-51
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52-54
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55- 57
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан –Қытай ғасырлар тоғысындағы саяси –экономикалық байланыстар
Жұмыстың өзектілігі. Еліміздің сыртқы саясатында Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасқа ерекше маңыз берілген. Бұған айтылар себептер аз емес. КСРО кезеңіндегі арадағы болып өткен әскери қақтығыстар қарым-қатынас орнатуға кедергі болғанмен барлық келеңсіз оқиғаларды артқа тастап алғашқы қадамды Қазақстан жасады. Болып өткен кедергілерге қарамай Қазақстан Қытаймен арадағы көршілік дипломатиялық қатынастарды реттеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алды. Шекаралық дау-дамайды да шешіп, қарым-қатынас реттелді. Мұндай оң нәтижелерге жету үшін көптеген қиындықтарға кезігіп отырдық. өйткені 1992 жылы көтерілген шекара мәселесіне 2002 жылы араға он жыл салып барып соңғы нүкте қойылды. Тек қана шекара мәселесі ғана шешіліп қойылмай, көптеген саяси –экономиклық салаларда да оң өзгерістер байқала түсті. Яғни, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар жақсарып, өз жемісін беріп жатыр. Алайда, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық жетістіктер Қазақстанның болашақтағы қауіпсіздігіне кепіл бола ала ма? Мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ Қытайға алаңдатушылық білдіріп отырғанда, иық тіресіп отырған Қазақстанның алаңдауы керек-ақ.
АҚШ, Ресей, Жапония сияқты алып елдерді Қытайдың экономикалық өсуі ғана емес, сонымен қатар Қорғаныс саласына құйылған қаржы көлемі десек қателеспейміз. 2004 жылы Қорғанысқа 26 млрд доллар бөлген Қытай 2005 жылы 54 млрд доллар бөліп отыр. Мұндай көрсеткіштер ең алдымен АҚШ-ты қатты сескендірді. өйткені ең көп әскер ұстайтын АҚШ қорғанысқа жылына 100 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі .
Әлемнің алып елдері сескене қараған Қытаймен көрші орналасу Қазақстанның бағы ма,әлде соры ма? Десек те,жоғары да саралап өткен екі ел арасындағы тату-тәтті көршілік қатынастар, дипломатиялық жетістіктер, саяси тұрақтылықпен бейбіт қарым-қатынасты реттейтін құжаттардың көңілге медеу екені рас. Сондықтанда Қытай Халық Республикасы Қазақстанның мемлекетік қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына әсер етуші негізгі сыртқы факторлардың бірі болып қана қоймай, Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктеріне айналды.
Дегенмен, Қазақстан мен Қытай арасындағы қауіпсіздік,саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің талаптарына сай дамып отыр ма деген өзекті сұрақ туындайды.
Зерттелу деңгейі. Қытай Халық Республикасының соңғы кездегі даму көрсеткіштері дүниені дүр сілкіндіріп жатқанда, бұл тақырыпта қазақстандық саясаткерлер мен экономистер аз толғанып жатқан жоқ. Жђмыстың тарихнамасын екі топқа бљліп қарастыруға болады.
Алдымен отандық зерттеушілерге тоқталатын болсақ:
Осы саланың білікті маманы саналатын іскер, саясаткер дипломат Қ.Ж.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” еңбегі Қазақстанның халықаралық қатынастарының қазіргі күндегі жай –күйімен танысуға мүмкіндік берді. Қ.Сұлтановтың “Пробуждение гиганта”, “Реформы в Казахстане и Китае. Особенности. Сходства. Различия. Успехи. Проблемы” атты еңбектері мен бірқатар баспасөздерде жарияланған мақалалары көптеген деректер бере алды. Ал елбасы Н.Назарбаевтың “Тарих толқынында”, “Сындарлы он жыл” атты еңбектерінің Қазақстанның стратегиялық даму бағыттары жайлы сілтеме беруде пайдаланылды. Дерек ретінде Қазақстан –Қытай тату көршілік және іскерлік қатынастар жолымен 5 жыл. Құжаттар мен материалдар жинағы.1992-1997 ж.ж; Қазақстан сандарда статистикалық жинақ қолданылды.
Шетелдік зерттеушілерге тоқталатын болсам, алдымен Фу Чжен Кун еңбегі Қытайды тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Еңбек “Геополитика Казахстана; Между прошлым и будущим” деп аталады. Ресейлік зерттеушілердің “Китай в мировой политике” атты ұжымдық еңбек пен З.Бжезинскийдің Великая шахматная доска атты еңбектер пайдаланылды.
Осы тақырыпқа байланысты туындаған көптеген сұрақтарға жауапты баспасөз мақалаларынан ала алдым. Ең көп деректер Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Независимая газета, Правда газеттері мен Саясат, Ақиқат, Аль Пари, Транзитная экономика, Эхо планеты, Экономика и жизнь, За рубежом, Международная жизнь, Новое время журналдары.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастар туралы деректер мен ақпараттардың дені интернет желісінен де алынған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Еліміздің геосаяси жағдайын ескере отырып,Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытайдың алатын орнын айқындау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер туындайды:
Қазақстан мен Қытай арасындағы алғашқы дипломатиялық қатынастардың маңызын ашу
Саяси кездесулердің маңызы мен дѕрежесін айқындау
Шекаралық мәселесінің шешім табуы
Екі жақты экономикалық келісім-шарттар барысына тоқталу
Қытай инвестицияларының салынуы
Екі жақты сауда байланыстарының жүргізілуі
Біріккен кәсіпорындарының салынуы
Жұмыстың хронологиялық шеңбері Жұмыстың зерттеліну хронологиясы Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен басталып, күні бүгінге дейінгі саяси-экономикалық мәселелер қамтылған. Нақты жылдық шеңбері ХХ ғасыр мен ХХI ғасыр тоғысының 1991- 2005 жылдары қарастырылған. Яғни 14жылдық дипломатиялық қарым-қатынастарға шолу жасалып, ұсыныстар келтірілген.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды жѕне қосымша, сілтемелер, деректер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі, кіріспеде жұмыстың өзектілігі анықталған. Және де мақсаты айқындалып, міндеттер қойылған. Жұмыстың зерттелу дәрежесіне тоқталып, тарихнамасы сөз етілген. Жалпы осы уақытқа дейін бұл тақырып бойынша кімдер зерттеу жүргізген, қандай деректер мен еңбектер жазылған және қандай әдебиеттер пайдаланыған. Және зерттелініп жатқан жұмыстың қамтитын хронологиялық шеңбері анықталып, кіріспеде осы ақпараттар берілген.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген. Бірінші тарауда алғашқы дипломатиялық қарым- қатынастардың орнауы және осы жолдағы кездескен қарама- қайшылықтар барысына тоқталған. Екі жақты саяси кездесулердің жүргізілуі және нәтижелері мен дәрежесі. Шекаралық дау-дамай және мәселенің шешілуі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық және қауіпсіздік шаралары. Саяси ұйымдарға мүше болуы және сол ұйымдардың қызметіне тоқталу сияқты мәліметтер қарастырылған.
Ал, екінші тарауда екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар, екі жақты сауда байланыстары мен сауда айналымдары сөз етілген. Осы мәселелерге байланысты статистикалық ақпараттар ұсынылған. Және де Қазақстан экономикасының дамуындағы Қытай ықпалының зиянды және пайдалы жақтары. Қазақстанға ағылып келе жатқан Қытай инвестицияларының ең көп еніп жатқан салалары. Жалпы екі ел арасындағы қаржы мәселелеріне тоқталып өтілген.
‡шінші бөлімде тақырыптың шын мәнінде өзекті мәселе екендігі дәлелденеді. Жалпы жұмыстың мақсаты мен міндеті орындалады. Осы тақырып бойынша ұсыныстар келтірілген. Жұмысқа қорытынды ой айтылып, түйін келтірілген.
Жұмыста келтірілген сілтемелер тізімі мен пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі соңғы беттерде келтірілген.
Осы жұмыстың мазмұнын ашатын көрнекіліктер, кестелер, диаграммалар қосымшада берілген.
I-тарау Қазақстан және Қытай арасындағы саяси байланыстар
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан басшылығының алдында Қытай сияқты ір әрі көп жағдайда бірегей мемлекетпен жаңа қарым-қатынастар орнатудың байсалды міндеті тұрды. Әңгіме шынында да өзара қарым-қатынастың жаңа үлгісі туралы еді, өйткені оның алдындағы Кеңестер одағы мен Қытай арасындағы теке-тірес ұзақ жылдарға созылған еді. Бұл орайда Даманский аралы мен Жалаңашкөл көліндегі қарулы қақтығыстардан кейін екі неғұрлым күшті социалистік мемлекеттер ядролық қару қолданылуы мүмкін ауқымды соғыс алдында болып қайтқаны тарихтан белгілі. Ендігі кезекте жас дербес мемлекет Қазақстанның нығаюы үшін сырттан қолдау қажеттігі айқын сезілді. Ең алдымен көршілес мемлекеттермен қарым - қатынасқа үлкен мән берілді. Сыртқы саясатта бірінші орында Ресей мемлекеті тұрса, екінші кезекте Қытай тұрды.
Қытай Халық Республикасы –Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына әсер етуші негізгі сыртқы факторларлардың бірі болып қана қоймай, Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктерінің бірі болып табылады. Бұған бірнеше себептерді атап көрсетуге болады.
Қытай - Қазақстанның Тынық мұхит аймағына өтетін,ондағы елдермен байланыс орнататын “көпірі” тәрізді, өйткені, ҚХР Қазақстан тауарын өткізетін үлкен сауда аймағы ғана емес, Қазақстанның әлемнің тез дамып келе жатқан аймағы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияға шығатын “шығыс қақпасы” болып табылады. Саяси және экономикалық жағынан ҚХР үкіметі Қазақстанды “батысқа қақпа” деп атайды.1
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатилық қатынас 1992 жылы 3 қаңтарда орнады. Біріккен мазмұндамада былай делінген: “Екі ел халықтарының мүдделері мен армандарына сәйкес ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі екі мемлекет арасында 1992 жылдың 3 қаңтарынан бастап елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым- қатынас орнатуды ұйғарды.
Екі ел үкіметтері егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу,бір-бірінің ішкі істеріне араласпау,теңдік және өзара тиімлілік,сондай-ақ,бейбіт қатар өмір сүру принцптері негізінде екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамытуға келісілді”2.
жылы ақпанда Қытай Халық Республикасы Алматыда, Қазақстан Республикасы Пекинде өз елшіліктерін ашты.Қытайға елшілік қызметпен Мђрат Ѕуезав жіберілді.Ал 1995 жылы Қуаныш Сђлтанов осы қызметке тағайындалған болатын.Қазіргі кџнде Ж. Карибжанов Қытайда елшілік қызмет атқаруда.Ал Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сиюнь.
жылы дипломатикалық қарым-қатынас орнатылған соң,Қазақстан мен Қытай екі жақты қарым-қатынастардың құқықтық базасын құру мақсатында нақты дипломатиялық іс-қимылға кірісті.
жылы Премьер-министр С.Терещенко ҚХР-ға ресми сапармен келді.Келіссөздер нәтижесінде Пекинде бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
Сауда - экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны құру туралы келісім.
Қызмет бабындағы істер бойынша сапарға жүретін, барлық түрдегі паспорттардың иегерлері үшін визасыз режимді көздейтін азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім(кейінірек өзара сапарлардың визасыз режимі дипломатиялық және қызмметтік паспорттардың иегерлері үшін ғана сақталды).
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерін ашу туралы келісім (Қорғас (Қазақстан) –Хоргос (ҚХР), “Достық” (Қазақстан)-“Алашанькоу” (ҚХР), “Бахты” (Қазақстан) –“Покиту” (ҚХР) өткізу пунктеріне халықаралық мәртебе берілді).3
1992 жылы сыртқы істер министрлері өзара сапарлар алмасты. Тиісті келіссөздер қорытындысы ретінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге тамызда қол қойылды (1994 жылы 18 тамызда бекітілгеннен кейін күшіне енді). Тараптар өзара инвестициялардың шарттары, принцптері, режимі және туындайтын дауларды шешудің тәртібі туралы уағдаласты.
Бірақ тараптар жоғары деңгейдегі диалогты жалғастыруға мұқтаж еді. 1993жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХР-ға сапары болды. Сол сапрадың барысында Н.Назарбаев және Цзян Цзэмин екі мемлекеттің өзара қатынастарының принцптерін айқындайтын тұңғыш ресми құжатқа - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қатынастардың негіздері туралы бірлескен деклорацияға қол қойды.
Тараптар барлық даулы мәселелер бейбіт жолдармен шешілетінін,екінші тараптың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш қолдану қаупінен тартынатынын, қандайда бір іс-қимыл қолданбайтынын қуаттады.Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа қарсы бағытталған қандайда бір әскери-саяси одаққа қатысудан,екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандайда бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді. Деклорацияда Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ерекше мән берілетіні атап өтілді. Шекаралық мәселелер бойынша кеңес-қытай келіссөздерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды қуаттаудың принцпі маңызды болды.4
өзара қабылдауға болатын,әділетті және ұтымды шешім үшін жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес екі ел арасындағы қазіргі шекара туралы шарттардың негізінде шешілмеген мәселелерді талқылауды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Н.Назарбаев 1994жылдың өзінде шекараны құқықтық тұрғыдан сипаттау туралы келісімге қол қоюды ұсынды,екі келісілмеген учаске кейінгі келіссөздерде қаралатын болып шешілді.
Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді қабылдамайтыны туралы, сондай-ақ Тайвань аралының Қытайға тиесілігіне қатысты біздің еліміздің принципті көзқарасы туралы Н.Назарбаевтың ашық мәлімдемесі екі жақты қатынастарды дамытуда оң сипатты рөл ойнады. Бұл Пекинде ынтымақтастықты дамытудағы шынайы мүдделілік ретінде қабылданды.
Сонымен бірге Президент Лобнорда жалғасып отырған ядролық жарылыстар Қазақстан тарапынан алаңдаушылық туғызбай қоймайтындығы туралы мәселе көтерді және Лобнор мен Семей ядролық сынақ алаңдарын зерттеу үшін бірлескен сарапшылар тобын құруды ұсынды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Пэн 1994 жылғы сәуірде Орталық Азия мемлекеттеріне сапарға шықты, ол өзінің Ташкенттегі сөйлеген сөзінде ҚХР мен осы елдер арасындағы қарым-қатынастардың принциптерін баяндады. Ол Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастар тату көршілік пен бейбіт қатар өмір сүру, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жане ортақ гүлденуге жәрдемдесу; әрбір ел халқының таңдауын құрмет тұту және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау; егемендікті сыйлау және аймақта тұрақтылықты қолдау принциптері негізінде құрылуы керек деп атап көрсетті.5
Алматыда болған келіссөздердің нәтижесінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойды, олардың ішінде ҚР мен ҚХР арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісім де бар. Бұл құжат жалпы көлемі 900 шаршы километр Сары-Шілде өзені ауданындағы және Шаған-Оба жеріндегі екі учаскені қоспағанда, шекараның бүкіл өн бойында шекара сызығының өтуін айқындады. Осы арқылы өзара аумақтық талаптар қою негізінде жанжалдардың туындау мүмкіндігі мейлінше азайтылды. Тараптар жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес, тең құқықты консультациялардың, өзара түсіністік пен өзара ымыраға келу рухында келісілмеген учаскелерде мемлекеттік шекара сызығының өтуі туралы мәселелерді шешу үшін келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.
Сол жылы “Шығыс Түркістанды азат ету майданы” деп аталатын іс-әрекеттің жандануына байланысты Синьцзянда шиеленісе түскен ішкі саяси жағдай Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасына байланысты күнтәртібіне тағы бір күрделі проблеманы - этникалық сеператизм проблемасын шығарды. Осы тенденциядан ұлттық қауіпсіздікке қатер төнетінін әділетті түрде байқаған Қытай үшін Орталық Азия мемлекеттері тарапынан, бірінші кезекте Қазақстан тарапынан сепаратизмді ықтимал қолдауға қатысты бөлікте ҚХР-дың ішкі істеріне араласпау туралы сенімді кепілдіктер алу аса маңызды болатын.Осындай саяси жағдайда жоғары деңгейде кезекті Қазақстан-Қытай кездесуі болды. 1995жылғы қыркүйекте Пекинде болған келіссөздер екі жақты ынтымақтастық перспективасына қатысты барлық мәселелерге байланысты көзқарастардың толық сәйкес келетінін паш етті. Тайвань, сондай-ақ ұлттық сепаратизм сияқты мәселелерде Қазақстанның кезқарасы өзгермейтіндігі және дәйекті болатындығы туралы Пекинге хабарланды. Н.Назарбаев Қазақстанда Қытаймен өзара тату көршілік қарым-қатынасқа айрықша маңыз беретіндігін мәлімдеді.
өз кезегіндегі жауап тәртібімен Қытай басшылығы Қазақстанның ішкі істеріне араласпайтындығын, біздің еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келетін қандаи да бір іс-әрекет жасамайтындығын мәлімдеді және сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтындығын қуаттады. Барлық осы маңызды ережелер Бірлескен Декларацияда көрініс тапты.
1996 жылғы 4-6 шілдеде Қазақстан-Қытай қатынасында тұңғыш рет ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің Алматыға ресми сапары болды. Екі мемлекет басшылары қабылдаған бірлескен декларацияда XXI ғасырға бағдарланған өзара қарым-қатынастардың принциптері белгіленді. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын өзара іс-қимыл жасау және әріптестік деңгейіне көтеруге бекем бел байлап отырғандарын мәлімдеді, мұның өзі “екі елдің халықтарының түбірлі мүдделеріне жауап беріп қана коймайды, сонымен бірге Азиядағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және дамуға қолайлы жағдай туғызады”.6 Оның үстіне тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімді қатаң түрде сақтай отырып, ықтимал қысқа мерзімдерде демаркациялық жұмыстарға кірісуге және шешілмеген шекаралық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға міндеттеме алды. Екі елдің басшылары тұрақты саяси диалог пен түрлі деңгейлердегі консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.
Цзян Цзэминь Қазақстан қауіпсіздігінің кепілдіктері туралы Қытай үкіметінің мәлімдемесін қуаттады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті, аумақтық тұтастықты қорғау, саяси тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканы дамыту үшін қолға алатын барлық күш-жігеріне қолдау жасайтынын білдірді.
Қытай басшысының сөздерінің астары түсінікті болатын: Қытай он бес жылға созылған реформалардан кейін күшейіп шықты, қайта жаңғырды және қазір осы заманғы әлемде айрықша орынды иемденеді. Н.Назарбаевпен болған келіссөздер кезінде Қытай армиясы Тайвань шығанағында өткізген жаттығуға Цзян Цзэминь сілтеме жасады. Оның сөзінен осы ауқымды әскери акция аралмен арадағы шиеленісті одан әрі тереңдетпеудің және тіпті соғыстың алдын алуға жағдай жасады, өйткені Тайвань тәуелсіздігін жариялауға күш салып жүрген саясатшыларды тәубесіне түсірген көрінеді. Қытай басшысы сондай-ақ Пекин Қазақстанды тең құқықты және перспективалық әріптес ретінде қарайтындығын атап көрсетті.
Жоғары деңгейдегі жиі кездесулер ынтымақтастықты дамытудағы екі жақты мүдделілікті қуаттады.
Цзян Цзэминнің (1996 жылғы шілде) және Ли Пэннің (1997 жылғы ақпан) және Н. Балғымбаевтың (1997 жылғы мамыр) Пекинге қарымта сапарлары, сосын Цзян Цзэминнің Алматыға (1997жылғы қыркүйек) қайталанған сапары өзара түсіністікті тереңдетуге және екі жақты қатынастарды жаңа шептерге ілгерілетуге елеулі деңгейде жағдай жасады.7
2000 жылғы шілдеде Қытай Төрағасының орынбасары Ху Цзинтао Қазақстанға ресми сапармен келді, оны көп жағдайда Цзян Цзэминнің мұрагері деп атайды. Жүргізілген келіссөздер ынтымақтастықтың даму тұрақтылығын әйгіледі.
Екі жақты қарым-қатынастардағы шетін тақырып - Қытайда тұрып жатқан қазақтардың жағдайы. Қытайда 1,5 миллионға жуық қазақтардың бар екендігі белгілі. Қазақстан басшылығы оларды жаппай көшіріп әкелуді өзіне мақсат етіп отырған жоқ. Ондай саяси да, практикалық та қажеттілік жоқ. Әңгіме олардың құқықтарын қамтамасыз ету, тілін, мәдениетін сақтау туралы болып отыр. Қазақтардың тарихи отанына қайтып оралғысы келетін тілегіне қатысты айтсақ, бұл мәселе екі елдің заңдарын құрмет тұту тұрғысынан қаралуы тиіс. Жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында осындай көзқарас басшылыққа алынды. Аталған мәселе бойынша Н.Назарбаевтың бірнеше рет әңгімелесуінің нәтижесінде Пекин мынадай көзқарасқа тоқтады: Қытай үкіметі кім өз еркімен Қазақстанға оралғысы келсе оларға кедергі келтірмейтін болды.8
Трансшекаралық өзендер мен су айдындарының су ресурстарын ұтымды пайдаланудың проблемасы бүкіл әлемде айрықша жылдамдықпен күрделеніп келеді және көп жағдайда мемлекеттер арасындағы шиеленіске себепші болып жүр. Осы мәселедегі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына келетін болсақ, отандык, дипломатияның күш-жігерінің нәтижесінде Іле және Ертіс өзендерінің суын ұтымды пайдалану проблемасы шиеленістің тақырыбына айналған жоқ; бірақ оны екі жақты қарым-қатынаста әлі де басы ашық мәселе деп қарауға болады.
Әңгіме мынада, Ертіс өзенінің алабындағы су шаруашылық және экологиялық жағдайды сарапшылар алаңдаушылық туғызатынын жағдай деп бағалайды. өзеннің экономикалық маңызы бүгінгі күні елеулі түрде өсті. Ертіс алабының Қазақстан шегінде ғана 2,5 млн. адам тұрады, бұл аймақта - өскемен, Семей, Павлодар сияқты ірі өнеркәсіптік орталықтар орналасқан. Осы аймақтағы энергетиканың, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы аталған өзен ресурстарын пайдалануға тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның болашақтағы экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі көзқарасы тұрғысынан Қытаймен су қатынастарын реттеу аса маңызды болып табылады. Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелерінде Қытаймен ортақ ұстаным әзірлеу басты міндет екені сөзсіз.
Қазақстан ‡кіметі екі жақты қарым-қатынастарды жолға қоя бастаған кездің өзінде трансшекаралық өзендердің проблемасын көтерді. 1992 жылы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп әрі ұтымды пайдалану принциптерін құқықтық сипатта бекітуге қатысты ұсыныстар Қытай тарапына берілді. 1994 жылы шекаралық өзендерде кеме қатынасын іске қосуды қоса алғанда, осы саладағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жобасының қазақстандық нұсқасы Пекинге тапсырылды. Осындай жолмен бірқатар жылдар бойы қазақстандық тарап қытайлық тарапты осы проблема бойынша келіссөздер процесін бастауға шақырды, өйткені Шыңжаң-¦йғыр автономды ауданының мұнай-газ орталығы (Ш¦АА) - Қарамай қаласына қарай Қара Ертістен тартылатын каналдың құрылысын бастау туралы Пекиннің жоспары белгілі болатын. Бұл объектіні іске қосу Қытай тарапының суды алуын ұлғайтар еді, демек Ертіс су балансы елеулі түрде өзгереді.
1997 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей трансшекаралық өзендердің мәселелері бойынша өздерінің ортақ жазбасын қытайлық тарапқа жолдады. Мәскеу мен Бішкек бұл проблемадан тысқары қала алмайтын, өйткені Ертіс Объ өзенінің маңызды салаларының бірі болып табылады, ал Қырғызстан аумағында Ш¦АА-ның Тарим ойпатының 75 пайызын нәрлендіретін Сарыжас өзенінің суы қалыптасады. Қытай тарапы бастапқы кезеңде екі жақты негізде келіссөздер жүргізу ниеті туралы мәлімдеді.
Трансшекаралық өзендердің мәселесі Қазақстан мен Қытай басшыларының арасында жоғары деңгейде тұрақты түрде талқыланды. 1997 жылғы қыркүйектегі келіссөздер негізінде Президент Н.Назарбаев және Төраға Цзян Цзэминь екі елдің сыртқы саяси ведомстволарына сарапшылардың жұмыс топтарын құруға және келіссөздерге кірісуге тапсырма берді. "Қытай Қазақстанға нұқсан келтіретін ештеңені де ешқашан істемейді" деген Қытай басшысының мәлімдемесі дәтке қуат болғандай еді.9
1999 жылғы наурызда Н.Назарбаев Цзян Цзэминьге жеке жолдау жіберді, онда екі елдін, кең ауқымды ынтымақтастығы шеңберінде оның экологиялық аспектілері, атап айтқанда, Іле және Ертіс өзендерін қорғау және тиімді пайдалану мәселесі айрықша маңызға ие болып отырғаны атап көрсетілді. Ол Қытай басшысын трансшекаралық өзендердің төңірегіндегі жағдайды реттеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, келіссөздерге дереу кірісуге шақырды. Келіссөздердің нәтижесі осы саладағы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол коюды көздейтіндігі белгілі.
Қытай тарапы Президент Н.Назарбаевтың жолдауына қарымта ретінде сарапшылардың қазақстандық тобын консультациялардың бірінші раундына қатысу үшін ҚХР-ға келіп қайтуға шақырды. Сарапшылардың кездесуі Пекинде 1999 жылғы мамырда өтті. Қытай тарабы да халықаралық құқық негізінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын әділетті және ұтымды пайдалануды, өзара мүдделерді ескеруді, бір-біріне және қоршаған ортаға зиян келтірмеуді жақтайтынын мәлімдеді. Ш¦АА-да су каналы құрылысының салу фактісін растап, Пекин оның құрылысы кезінде Қазақстанның мүдделері толық деңгейде ескерілгендігіне сендірді.
Сонымен Қазақстанның табанды күш-жігерінің нәтижесінде келіссөздер процесі дегенмен басталды. 1999 жылғы қарашада Алматыда өткен консультациялардың екінші раунды барысында Қытай тарабы ҚР мен ҚХР ‡кіметтері арасындағы Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға принципті түрдегі дайындығын қуаттады. Тараптар трансшекаралық Іле және Ертіс өзендерінің су шаруашылық объектілері туралы, сондай-ақ көрсетілген су құйылыстарының су ресурстарының жәй-күйі туралы тұрақты түрде ақпарат алмасуға уағдаласты.10
2000 жылғы мамырда Пекинде консультациялардың үшінші раунды өтті. Қытай делегациясы су ресурстарын техникалық пайдалану кезінде Қазақстанның мүдделерін мейлінше есепке алу туралы уағдаластықты дәйекті түрде ұстанатынын атап көрсетті. Тараптар трансшекаралық өзендерге қатысты сарапшылардың бірлескен Қазақстан-Қытай жұмыс тобы туралы ережені бекітті. Аталған құжат трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдаланудың және оларды ластану мен сарқылудан қорғау жөніндегі зерттеулерге және схематикалық әзірлемелерге негізделген бірлескен мониторингті өткізудің принциптерін реттейді. Екі жақты консультациялардың барысындағы уағдаластықтарды ескере отырып, трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану сияқты күрделі проблеманы шешуде елеулі прогреске қол жеткізілгендігін атап айтуға болады. Сонымен бірге халықаралық құқықтық көзқарас тұрғысынан осы мәселені шекаралық-аумақтық проблематикамен байланыстыру қажеттігі туралы ұсыныс мүлде негізсіз болып табылады. Егер қазақстандық дипломатия осындай жолмен жүргенде сәтсіздікке ұшырар еді.
1999 жылғы 23-27 қарашада Президент Н.Назарбаевтың Қытайға ресми сапары болды, оның нәтижесінде үшінші мыңжылдық қарсаңында екі елдің саяси және экономикалық өзара іс-қимылының басымдықтары бекітілді. Мемлекеттер басшылары көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге екі жақты мүдделілікті білдірді және өз елдерінің үкіметтеріне барлық туындайтын проблемаларды уақытылы шешуді тапсырды. Екі жақты қарым-қатынастарда бар ізгілік пен өзара түсіністіктің ахуалын Қытай басшысының төмендегідей мәлімдемесінен байқауға болады: "Халықаралық жағдай қандай љзгеріске түссе де Қытай барлық уақытта Қазақстанның сенімді досы және ізгі көршісі болады".11
Келіссөздер барысында шекаралық мәселелерді реттеудегі екі елдің арасындағы жетістік Қазақстан мен Қытайдың ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі мемлекет аралық проблемаларды жемісті түрде шешудің үлгісі болып табылатындығы атап өтілді. Н.Назарбаев пен Цзян Цзэминь трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ымыраға қол жеткізуде байқалған оң сипаттағы тенденцияларды атап көрсетті, сондай-ақ жүк тасымалдау, автомобиль қатынастары саласындағы, мұнай саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді жақтап пікір білдірді.
2001 жылғы 12-13 қыркүйекте болған ҚХР Мемкеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің Қазақстанға ресми сапары сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану және қазіргі бар проблемаларды шешу көзқарасынан туындады.12 Келіссөздер кезінде тараптар екі жақты катынастардың қазіргі жай-күйіне кешенді түрде талдау жүргізді, тауар айналымының құрылымын жетілдіруге және оның көлемін ұлғайтуға, өзекті проблемалар бойынша келіссөздер тетігін дамытуға бағытталған бұдан былайғы іс-қимылды белгіледі. Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің басшылары бірқатар келісімдерге қол қойды, оның ішінде Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп ұтымды пайдалану жөніндегі комиссияны құру туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық (ауылшар дәнді дақылдарының карантині) туралы келісімдер бар. Премьер-министрлер қол қойған бірлескен мәлімдемеде 1993, 1995, 1996, 1997 жылдары қол қойылған, Ынтымақтастық және әріптестік туралы декларациялардың ережелеріне сәйкес, тең құқылық негіздегі тату көршілік пен өзара тиімділік рухында тараптардың өзара іс-қимыл жасауға ұмтылысы қуатталды.
Сондықтан қазақстандық дипломатияны ынтымақтастықты ұлғайтудың қосымша мүмкіндіктерін іздестіру сияқты үлкен жұмыс күтіп отыр.
Қазақстан-Қытай қатынастарына тән сенім білдіру мен әріптестікті екі жақты күш-жігер жұмсаудың маңызды нәтижесі десе болады. Аспан астындағы алып елге дәстүрлі түрде күдікпен қарау психологиясы еңсерілді, бұл жерде Қытайға осындай көзқарастың тегінен тегін қалыптаспағаны түсінікті болса керек. 1994 жылғы сәуірде Н.Назарбаевпен кездесуі кезінде Ли Пэннің мойындауы бойынша бүкіл әлемде үлкен айдаћар сияқты Қытайға сақтықпен қарайды, оның кез келген қозғалысы қорқыныш ұялатады.13
Бірақ мемлекетаралық қатынастардың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғанындай өзара күмән келтіру және сенімсіздік білдіру, айналып келгенде, халықтардың қауіпсіздігі мен игілігі үшін теріс салдары болатын тікетіреске бастайды. Мұндай саясат Қытай сияқты алыпқа қатысты тіпті қауіпті болар еді.
Көршілерді таңдамайды, оларды Табиғаттың өзі анықтайды. Қазақ және қытай тілдерінде айнымастай ұқсас мәтелдің болуы да кездейсоқ емес. Әлгі мәтелде: “Жақын көршің алыс ағайыннан артық” деген уағыз айтылады. Сондықтан шынайы тату көршілік, тең құқықтық және өзара тиімділік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау көршілес мемлекеттерге қатысты анағұрлым оңтайлы саясат екені дау тудырмайды. Қазақстан Президенті Қытайға қатысты тап осындай саясатты жүргізіп келеді.
Қытай бағыты отандық дипломатияда лайықты орын алатыны қуантады. Басқаша іс-қимыл жасау Қазақстанның ұлттық мүдделеріне қысым жасағанмен бірдей, өйткені Қытаймен тұрақты және достық қарым-қатынастар болмаса, біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаты толыққанды болуы екі талай.
Сонымен бірге кез келген екі жақты қарым-қатынастардағы сияқты Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығында елеулі мәселелер, тіпті қиындықтар туындады, олар алдағы уақытта да туындауы мүмкін. Бұл табиғи нәрсе. Мұндай қиындықтарды шиеленістіруге болмайды. Керісінше, біздің мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделеріне нұқсан келтірместен тиісті проблемаларды шешу үшін табанды күш-жігер жұмсау қажет.
Жоғарыда айтып өткен екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастардың нәтижелі болуына шекара мәселесі аз кедергі болған жоқ. өйткені жас тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттігінің негізін айқындайтын белгілерінің бірі –мемлекеттік шекараны көршілес мемлекеттермен бейбіт дипломатиялық жолмен шешу Қазақстан үшін маңызды шаралардың бірі болды. Қазақ-қытай шекарасы мәселесінде Кеңес Одағынан мұра болып қалған кейбір таласты жерлер мәселесін көрші мемлекетпен достық қарым-қатынас орната отырып шешудің мемлекет үшін маңызы зор болды.
1964 жылдан бері Қытай үкіметі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы белгіленген шекаралық сызықты нақты емес деп есептеді, яғни ол Кытай әлсіз, Рссей мықты держава кезінде жүргізілді, сондықтан да ҚХР-дің қазіргі үкіметі оны қайта қарауға тырысқан болатын. Нәтижесінде алғаннан кемін жалпы көлемі 34000 шаршы шақырым болатын 19 учаскеде бұрынғы Кеңес республикалары —Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай арасында территориялық таластар туды.14
Көлемі 2235 шаршы шақырым болатын 11 учаске шекараның қазақ-қытай бөлігіне, көлемі 3728 шаршы шақырым 5 учаске қытай-кырғыз бөлігіне және көлемі 28430 шаршы шақырым 3 учаске кытай-тәжік бөлігіне келді. Қытайдың қол астында 19 учаске оның ішінде шекаралық қазақ-қытай бөлігінде көлемі 200 шаршы шақырым 1 учаске болды. Қырғызстан мен Тәжікстанның бақылауында көлемі 230 шаршы шақырым жөне 2800 шаршы шақырым бір-бір учаске болды. Бұдап өзге 11 учаскеге екі жақтың да адамдары кіре алатын, оның 8 учаскесі қытай-қазақ шекарасында.15
1994 жылы сәуірде Қытай премьерінің Қазақстанға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн қазақ-қытай мемлекеттік шекарасы жөнінде келісімге қол қойды. Бұл құжат күрделі мәселені шешудің ең алғашқы қадамы болды. Шекаралық мәселелерді шешу Президент Н.Назарбаевтың 1993 жылы қазанда К.ХР-ға жасалған бірінші ресми сапарының негізінде әңгіме болған.16
Президент Н.Назарбаев 1994 жылдың өзінде-ақ шекараны заңдастыратын екі жақты келісімге кол коюды, ал келісілмеген екі аймақты кейінгі келіссөздерге қалдыруды ұсынған болатын. Н.Назарбаев қарулы күштерді қысқарту мен шекара аймағында сенімділікті нығайту шаралары жөнінде келіссөздер жүргізуге жақсы баға берді: “Қазақстан Қытайға ұлы держава ретінде қарайды”, —деп атап көрсетті президент.17 өз кезегінде: “Қазақстан мен Қытай —Азияда елеулі орын алатын мемлекеттер”, - деп отырып, ҚХР төрағасы Цзянь Цземинь Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға барлық мүмкіндіктерді жасайтынын мәлімдеді.18
Цзянь Шеминь Н.Назарбаевтың шекараны заңды бекіту туралы ұсынысын қуаттады. “Қытайдың, —Қазақстанға ешкандай территориялық талабы жоқ шекаралық мәселелер бізге тарихтан қалған. Оларды келіссөздер арқылы шешуге болады”, —деп атап көрсетті ҚХР басшысы.19
Ел басшыларының бұл пікірлері Пекинде 1993 жылы 18 қазанда қол қойылған “өзара достық қатынастар негіздері туралы” ҚР мен ҚХР-дың бірлескен декларациясының 13-бабындағы: “Тараптар шекара мәселелері жөніндегі бұрынырақ кеңес-қытай келіссөздерінде қол жеткен уағдаластықтарды мақұлдайды және екі елдің арасындағы қазіргі шекара туралы шарттар негізінде халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларына сәйкес, тең құқықты кеңесулер, өзара түсіністік және өзара қабылдауға боларлықтай, әділ және тиімді шешімін табатындай өзара төзушіпік рухында шешілмеген мәселелерді талқылауды жалғастыра береді” деген қағидаға негізделген еді .20
1994 жылғы құжат бойынша шекара сызығы түгелдей анықталды, тек екі кішігірім учаске —Алматы облысының Алакөл ауданындағы Сарышілде өзенінің аңғарында көлемі 315 шаршы шақырым учаске мен Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Шоған-Оба мен Баймырза сулары ауданындағы көлемі 629 шаршы шақырым учаске қалғанын Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев мәлімдеген болатын.21
Енді осы шешілмеген мәселелер жөнінде жұмыс жүргізіле бастады. Осы арада ҚХР-дың Қазақстанға қауіпсіздік кепілдемесін беруі екі ел арасындағы тату көршілік жағдайды нығайта түсті. Елбасы Н.Назарбасвтың 1995 жылғы 9 ақпанда осыған орай жіберген жауап хатында былай делінген: “ҚХР басшылығының бұл қадамы Қытайдың ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жоғары жауапкершілігіне куә болып отыр, біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достық пен өзара түсіністіктің айқын мысалы болып табылады”.22
1995 жылы қыркүйекте Н.Назарбаевтың ҚХР-ға сапары кезінде қол қойылған ҚР мен ҚХР арасындағы өзара достық қатынастарды одан әрі дамыту мен тереңдету туралы бірлескен декларацияның І‡ бабында: “ҚР мен ҚХР арасындағы мемлскеттік шекара туралы 1994 жылы 26 сәуірде қол қойылған келісімді қатаң сақтау, тез арада шекараны белгілеуге кірісу, қалнан мәселелерді талқылауды жалғастыру”, жөнінде айтылған.
1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары әскери сала бойынша шекара маңындағы сенімді нығайту туралы бес мемлекеттің тарихи келісімін қабылдады. Келісім бойынша осы келісімге қол қойған мемлекеттерде шекара бойында ірі әскери жаттығулар өткізуге 100 шақырым аймақта артиллерия мен басқа да ұшырғыш құралдарды қолдануға тыйым салынды. Келісімде оның үшінші елдерге қарсы бағытталмағаны, әскери одақтың жаңа түрі емес екендігі, бар болғаны қырғи-қабақ соғыстан кейін аймақтағы бейбітшілік жағдайын сақтау мақсатындағы әлемдегі жаңа тәртіпті орнатудың моделі екені атап көрсетілген. Кейіннен бекітілген келісім ҚХР мен ҚР арасындағы шекаралық мәселелерді шешуде позитивті рөл ойнады.
Шанхай келісімі жөнінде ҚР президенті Н.Назарбаев: “Әскери сала бойынша шекара маңындағы сенімді нығайту туралы бес мемлекетті басшылары қол қойған бүгінгі келісім Азия-Тынық мұхит аймағындағы мұндай әскери-саяси денгейдегі және географиялық масштабтағы тұңғыш құжат болып табылады. Мұндай мазмұндағы акт Азия-Тынық мұхит аймағыидағы және тұтастай алғанда бүкіл планетадағы бейбітшілікті нығайту ісіне оң әсер етеді”, —деп мәлімдеген болатын.23
Шекара мәселелері 1996 жылы шілдеде Цзянь Цземиньнің Алматыға сапары кезінде де назардан тыс қалмады. Бірлескен декларацияның 3-бабында: “Тараптар Қазакстан мен Қытай арасындағы 1994 жылғы 26 сәуірде қол койылған мемлекеттік шекара туралы келісімді катаң сақтай отырып, барынша қысқа мерзімдер ішінде жоғарыда аталған келісімде көзделген шекарадағы демаркациялық жұмыстарға кіріседі және басқа да қалған шекаралық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға әзірлігін білдіреді” —делінген.
ҚХР төрағасы Қазақстан парламентінде сөйлеген сөзінде бұл мәселеге тағы да тоқталды. “Кытай мен Қазақстан жағы қазірдің өзінде Қытай мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараны белгілеу жұмыстарын жүзеге асыруға әзірленіп жатқанын ерекше атап өту керек. Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге қол қойылуы арқылы, сондай-ақ, шекара аудандарындағы әскери күштерді қыскарту жөніндегі келіссөздерде оң ілгерілеу болғанына қарай біздің шекарамыз бейбітшілік пен тыныштық достық пен ынтымақтастық шекарасы болды. Бұл біздің ортақ тарихи жеңісіміз”. - деп Шанхай келісімінің маңыздылығын тағы бір атап өтті.24
Қазақ-қытай шекарасы мәселесін шешу ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Ли Пэннің 1997 жылы 24 қыркүйекте Қазақстанға екінші сапары кезінде жалғасын тапты. Бірқатар құжаттармен қатар Ы.Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы бірінші қосымша келісімге қол койды. Бұл - 1994 жылғы келісімінің жалғасы болды. Шекара мәселелері жөнінде 10 раундты келіссөзден кейін 1997 жылдың қыркүйегінде барлық мәселелердің шешілмегенін екі жақта мойындады. Мысалы: әлі екі учаске талас жағдайында болатын.
Істеліп жатқан шараларға қосымша ретінде шекараны демаркациялауды жалғастыру жөнінде шешім қабылданды, яғни 502 жаңа шекара белгісін орнату белгіленіп, оның 248-ін Қазақстан, 254-ін Қытай қоюға тиіс болды. Шекараны демаркациялау қажеттігі жүз жыл бұрын белгіленген шекараның кейбір тұсы піспеушілік туғызатындығынан, ал кей жерлерде қателіктер кеткендіктен туындаған еді. Оның үстіне шекара аз зерттелген әрі қиын территорияда жүргізілген, ортақ шекараның 60 пайыздан көбі таулы жерлермен өтеді, көптеген белгілер уақыттың ұзақтығынан қазіргі кезде жоғалған, кейбір учаскелерде табиғи өзгерістер болған. Оның үстіне азамат соғысынан кейін кеңес үкіметіне орны жоқ шекараны қорғауға тура келді, нәтижесінде көптеген учаскелерде шекара өзгерген.
жылы 4 шілдеде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы жөнінде ұзаққа созылған келіссөз пpoцеci аяқталды. ҚХР төрағасы Цзянь Цзэминьнің Қазақстанға келген екі күндік сапары кезінде екі ел басшылары шекараны түпкілікті белгілеген және ортақ шекарадағы екі таласты учаске жөнінде мәселені шешкен тарихи келісімге қол қойды.25
Ал енді таласты шекаралар кайдан пайда болғанына тоқталып өтейік. Бұған ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың 1998 жылғы 15 шілдедегі “Казахстанская правда” және 1999 жылғы 15 наурыздағы “Новое поколение” газеттеріне берген сұхбаттары жауап береді.
1917-1922 жылдар аралығында тарихи жағдайлардың күшімен мемлекеттік шекара қараусыз қалды. Көптеген шекара бағандары жойылды, сондықтан Кеңес өкіметіне белгісі жоқ шекараны қорғауға алуға тура келді. Мысалы: Мақаншы мен Алакөл аудандарында жиырмадан астам шекара белгілері жоғалса, Жаркент ауданында Қорғас өзенінің бас жағы мен Алакөл ауданында (Сарышілде өзені маңында) шекара Қытайға қарай 10-15 шақырымға дейін жылжыған. Тағы бір мысал: Текеалған төбесінен Қорғас өзенінің сағасына дейінгі учаскеде (Алматы облысы ¦йғыр ауданы) 1911-1914 жылдары Ресей шекарашылары ағаш бағандарды тас бағандарға ауыстырғанда шекараны Қытайға қарай 2 шақырымға жылжытқан.
“Таласты” деп танылған учаскелер 1987 жылы КСРО мен Қытай арасындағы келіссөздер басталғаннан кейін анықталған болатын. Жалпы көлемі 34000 шаршы шақырым территория карталар алмастырғанда сәйкес келмеді.26
Қазақстан территориясына Кеңес Одағынан мұрагерлікке ондай учаскелердің екеуі қалды. Біріншісі —Алматы облысының Алакөл ауданындағы Сарышілде өзені ауданындағы учаскенің жалпы көлемі 315 шаршы шақырым болатын биіктігі 1800-ден 3600 метрге дейінгі таулы мекен. Оңтүстік-Шығыс бөлігінде шабындықтар мен жеке орман шоғырлары бар, тұрғылықты халқы жоқ жер. Шолақ асуынан Сарышілде өзеніне дейінгі учаске бөлігін Қазақстан жағы шөп дайындау мен маусымдық мал ұстауға пайдаланып келген.
Бұл учаскедегі шекара 1864 жылғы Шәуешек хаттамасының 3-бабымен белгіленген: “Алтан-Тэбиш тауының шығыс сілемдерінен шекараны батысқа қарай жалпы атпен Алатау деп аталатын, Алтан-Тэбиш. Со-даба тағы басқа таулардың үлкен қыратымен шекара сызығын жүргізу. Осы аймақтың өзендері оңтүстікке ағатын барлық жерлер Қытайға тиесілі”.27
Келіссөз протоколында шекара оңтүстікке ағып жатқан Сарышілде өзенін кесіп өткені жайлы ештеме айтылмаған. Кеңес карталарында шекара сызығы ең негізгі: келіссөз құжатымен салыстырғанда Қытай жағына 15 шақырым жылжыған, яғни, Жоңғар Алатауының ортаңғы басты су айырығынан емес, оңтүстік сілемінен жүргізіліп, Сарышілде өзенін кесіп өтеді. Бұны 1982-1984 жылдары КХР-мен шекара сызығын тексеру жөніндегі кеңес үкіметінің комиссиясы мойындаған болатын.
Екінші учаске—Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Шоғаноба және Баймырза асуларындағы көлемі 629 шаршы шақырым учаске. Учаске жері 1800-2500 метр.биіктіктегі тау жотасы, Шоғаноба және Керегетас өзендерінің салаларымен тілімденген. Учаскенің негізгі бөлігі жайылымдардан тұрады, Шығыс бөлігінде орман шоғырлары бар, территорияда екі шекара заставасы мен орманшылар мекені бар, тұрғылықты мекен жоқ.
Бұл учаскедегі шекара да 1864 жылғы Шәуешек хаттамасының 2-бабында былай айқындалған: “...шекараны Сауыр тауларына тіреп, одан әрі алдымен оңтүстік батысқа қарай, сосын Тарбағатай жотасымен жүргізу...”.28
Шекара сызығының өтуіне дау туғызып отырған жайт: Сауыр жотасы шекара сызығы бұрылғаннан кейін Қазақстан территориясына қарай созылып жатыр да, Тарбағатай қыратына 34 шаршы шақырым жетпейді. Екі қыраттың ортасында Шоғаноба өзені салаларымен қалып қояды. Шәуешек хаттамасы бұл жерде су айырығы бойынша шекараны нақты көрсетпеген, ал Хабарасу хаттамасы (1870 ж.) бойынша орысша және манчжурша текстерде айырма бар. Орыс тіліндегі текст,бойынша Шоғаноба өзенінің су айырығы бойынша Шоғаноба Керегетас, Баймырза асуларында үш шекара белгісін қою көрсетілген, ал манчжур тіліндегі тексте батысқа қарай шекараның жалпы бағыты көрсетіледі де, шекаралық белгілерді асуда емес, аттас шатқалдарда орнату жөнінде-айтылады. Кеңес уақытында шекара негізсіз түзетіліп, су айырығынан қытай жағына 1 шақырым кіріп кеткен. Оңтүстік-батыс бөлігін 1979 жылдан бастап КСРО үкіметінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz