Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)


Жоспар
Кіріспе
1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ. )
2. Хандықтың негізін қалаушылар - Жәнібек пен Керей
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1-ширегіне дейін өмір сүрді . Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты . Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік -шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай-ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді.
Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып келді.
Ақ Орда хандары мынандай ретпен билік құрды: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен Мүбарак, Шымтай, Орыс, Қойыршық және Барақ. XIV ғасырдың басында Сыр өзені бойындағы қалалар мен Жетісу аймағы үшін Орда Ежен мен Шағатайлықтар арасында күрес басталды. Біртіндеп Оңтүстік Қазақстан аймағын бағындырған Ақ Орда хандары Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы-егіншілік оазистерінде Талас, Шу өзендері мен ұлытау далаларында шаруашылық-мәдени өмірді қалпына келтіре бастады. Мысалы, Ерзен хан Сығанақ қаласын "гүлдендіріп", Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларында бірқатар құрылыстарды қайтадан салдырды. XIV ғасырдағы Ақ Орда хандары теңгелерді тек өздерінің аттарымен шығарды.
Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374-1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы-Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды . Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. ¤йткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды.
Ақ Орда хандары Жошы ұлысы (шығыс және батыс бөлігі) жерлерін бір тудың астына жинастыруды алдарына мақсат етіп қойды. Бұл істі Әмір Темірдің көмегімен билікке келген Тоқтамыс одан әрі жалғастырды. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін Мамаймен күреске түскен Тоқтамыс Куликов даласында (1380 ж. ) Дмитрий Донскойдың көмегімен шыңғыстық емес ханды(Шыңғыс ұрпағы емес) жеңді . Жеңілген Мамай Польшаға кетуге мәжбүр болды. Алайда Алтын Орда уақытша ғана қалпына келтірілген еді. Мауераннахр билеушісі Әмір Темір өз ықпалына көнгісі келмеген Тоқтамысқа қарсы күресті бастады. 1395 жылы Әмір Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірді паналады.
XV ғасырдың басында, бір жағы Әмір Темірмен күресте, екінші жағы ішкі күресте Ақ Орда мемлекеті әлсіреді. Тек 1423-1424 жылдары билікке келген Орыс ханның немересі Барақ сұлтан аз уақытқа жағдайды жақсарта алды. Ол өз қарсыластарын құрту арқылы біртұтас билік орната алды. Алайда Әмір Темірдің жорығынан кейін Сыр бойы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласымен қоса Темір әулеті мемлекеті құрамына өткен еді.
Барақ ханның билік еткен кезі Әмір Темірдің өлімінен кейін, Мауереннахрда билікке келген ұлықбек басқарған уақытқа сай келді. Қытайға жорыққа дайындалып жатқан Әмір Темір аяқ астынан 1405 жылы Отырар қаласында қайтыс болады. Күшті, әрі абырой сүйгіш Барақ ұлықбекпен болған шайқаста оны жеңіп, Сыр бойындағы ата-бабасының жерін кері қайтарып алды. 1428 жылы Барақ қайтыс болғаннан кейін Дешті Қыпшақта билік Шейбан әулетінің өкілі Әбілқайырға көшті.
Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж. ) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды . Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".
Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады
1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ. )
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ. ) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж. ) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж. ) . Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж. ) . Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх - Хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж. ) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. . Қасым ханның (1511-1523 жж. ) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым ханның қасқа жолы" деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Сонымен, жерімізде өмір сүрген ру-тайпалардың шаруашылық жағынан ұқсастығы олардың экономикалық дамуы жағынан да бірбіріне туыс екендігін көрсетті. Осындай ұқсастықтар олардың біртұтас мемлекет болуына да үлкен әсерін тигізген.
2. Хандықтың негізін қалаушылар - Жәнібек пен Керей
Хандықтың негізін қалаушылар - Жәнібек пен Керей. Алдыңғы параграфтарда айтылып кеткендей, қазақ жерін мекендеген рутайпалардың этникалық және саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Бұл жағдайдың пісіп жетілуі, қазақ халқының құрылуына ықпал етіп, үш жүздің қалыптасуына негіз болды. қазақ халқының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы, әлеуметтік 'қатынастардың нығаюы, қазақ мемлекетті гінің пайда болуын туғызған басты себептер болды. Ал қазақ хандығының негізін қалаушылар Ақ Орданың билеушісі Үрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек болды. Бұлар Әбілқайыр ханға қарсы ел ішіндегі наразылықтарды пайдалана отырып, Ақ Орда хандары (аталарының) әулетінің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізіп отырды. Күрес ашық майданда емес, жабық түрде, Шайбани әулеті не қарсы ру-тайпаларды өз жақтарына тарту болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz