Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І . БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ...12
ІІ . БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі ... 14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІІ . БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ..24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ... ... ...24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .37

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
Алматы «Экономика»-2000ж
6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
7. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
11. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат -1996ж
12. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
13. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
14. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
15. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
16. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
17. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
18. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
19. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
20. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
21. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
22. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
23. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ...12
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі ... 14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ..24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ... ... ...24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы,
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .37
КІРІСПЕ
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық
кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған
СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің
субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 –
наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау
туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
➢ Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,
өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына
жұмсау;
➢ Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге
деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де
болмағаны;
➢ Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге
бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен
байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы,
әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең
алдымен кәсіпорын.
Курстық жұмысымның тақырыбы Кәсіпкерлік орта. Курстық жұмыс 3
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, бұл бөлімде
кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің
түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты Кәсіпкерлік бәсекелестік. Бұл бөлімде бәсекелестік,
оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия,
франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Үшінші бөлім Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу. Бұл бөлімде
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік
ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы
баяндалған.
Курстық жұмысымның басты мақсаты Кәсіпкерлік орта деген тақырыпты
ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы
барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің
өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы
тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек,
кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті
мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада
пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен
шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде
экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды
адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап
етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін
болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның
көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам
тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды
тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын
мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық
табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар:
фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар,
инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге
қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы
байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте
қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар
кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар,
қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы.
Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну
тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін
тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді.
Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл
финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар
өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді,
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын
білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін
тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің
серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары
жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шығын-
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық
ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды
жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске
қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар
еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық
тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы
бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші
фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне
еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік
пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші,
білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы
қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз
елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер
азаматтар болуы керек.
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай
бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды,
сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және
ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі,
онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады
және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз
жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер
шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді.
Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал
қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау
пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс
мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының
бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер
құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға
керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру.
Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше
өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері
серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе
бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері
мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің
үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы
жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық
кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы
кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік іс туралы
заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның
ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне
негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:
кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге
сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі;
сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің
жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен
байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі
және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы.
Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей
ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта
өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның
төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы,
қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем
қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды
қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент
ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының
өзгеруімен байланысты.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді
неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының
ықпалдарын айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар,
немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді,
материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз
себептермен болған жағдайда.
3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты:
төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша
салықтар т.б.
4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін
қалатын болса пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам
өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел
келтіретін жағдайлар.
6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің
бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі,
төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының
тұрақсыздығы т.б.
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе
жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді
тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы
өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына
байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды.
Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты
болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға,
еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды
азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар
өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-
техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған
кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу,
өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі –
акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу
өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке
қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға
тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін
бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп
шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың
табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып
орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады,
әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия –
сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық
бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ.
Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2)
сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист
нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте
алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары,
сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары,
метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар
мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң
бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас
тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен
роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис
жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды.
Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім
жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің
мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде
қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік
және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан
қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік,
экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және
монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын,
шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады.
Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар
жасақтау және оны іске асыру;
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау
жасақтау;
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда
монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы
болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті
жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме
жасақтау;
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын
ортаны өзгерту;
- шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
- экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.
Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-
әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.
1 – сурет. Билік органдары мен шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-
әрекеттер.
Фирма, кәсіпорындардың жұмысы мәліметтерді құпиялауға заңды правосы
бар, оны жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда
сақтауға құқылы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, ғылыми-зерттеу жұмысының
қортындысы, жоба—конструкторлық технологиялық зерттеулер және өндірісте
пайда болатын жеке қосалқы міндеттер шешімі. Бұл сонымен бір арнайы
техникалық шешімдер, нақты экономикалық процесті басқару әдістеріне жататын
жұмыстар.
Кәсіпорындар туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет
бермеуге құқықтары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен
бірге кәсіпорын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік статистикалық
мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.
Өкіметтің қаулысы бойынша коммерциялық құпияға жатпайтын мәліметтер
тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу құжаттары, тіркеу анықтамасы,
патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін есептер, ол
салықтың дұрыс есептеліп төленуін бақылау үшін және бюджетке түсетін
түсімдер туралы мәліметтер, қызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы
қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау,
т.б. мәліметтер жатады.
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі
Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде,
жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең
өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг келісім XIX ғасырда тігін
машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші
дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық
бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда
маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді.
Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі
күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді
пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның
франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі –
тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс,
сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма,
өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға
береді.
2. Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату
құқығын франчайзиға береді.
3. Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын
франчайзи фирмасына береді.
Маркетингтік көмектің мәні – бұл франчайзи тарапынан франчайзердің
жақсы танылған және айтарлықтай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы
мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың
алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер
фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті
басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай
арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана
отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан
табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесі
Франчайзингтік қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің
құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін
жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің
сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, ноу-хау және т.б. пайдалану
құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер
франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның
капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе
франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда
франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер
әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады.
Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға,
еңбек ақы төлеуге кететін шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен
құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына
тәуелді.
Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы
болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші
факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете
алады.
Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл әлемде
бизнесті ұйымдастырудың толық құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне
соңғы жылдары оның одан әрі қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан
1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым
көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны
ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі
сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған
сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің
саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет
елде 35000 франчайзилері бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс
Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың
интернационализациясы туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы
жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған
елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті жоғары
нарықтарды жаулап алып, ол жерде өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс
франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг
ұстанатын факторларға шетелге шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде
франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс
табу деңгейі бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық
франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан басқа көбінесе
халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа
мемлекеттер тарапынан белгіленген заңды тосқауылдар жатады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен
біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік
деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске
асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы
Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз.
Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті
мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым,
саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат
ұтымды факторлар бола алар еді.
Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы
мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес.
Отбасылық бизнестің көбісі – шабын, бірақ отбасылық бизнестің ірі
кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде
аз кездеспейді.
Кез келген отбасылық бизнес – бұл отбасы мен бизнестің симбюзы.
Отбасының мақсаты – балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау.
Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп
пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ
ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп
келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының
мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез-келген қиыншылықтарға
қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі.
Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек
ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары
әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық
бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық
бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда
жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.
Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері
мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының
бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:
1) толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
2) Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.
3) Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.
Франчайзингтік қарым-қатынастардың терминологиясы
№ Термин Анықтама
1 Франчайзинг Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін
(сауда маркасын, технология, ноухоу өнімдерін
және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі
төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің
жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым-қатынас
жүйесі.
2 Франчайз Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды
алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы
келісімде ескерілетін құқықтар.
3 Франчайзи Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын
кәсіпорын.
4 Франчайзер Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын.
5 Франчайзингтік Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат.
шарты
6 Франчайзингтік Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға
өнім және сауда беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы
маркасы
7 Бизнестің Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет
Франчайзингтік көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес
моделі концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін
келісім.
8 Бөлшек ФранчайзингІрі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын
басқа фирмаға (франчайзи) беруі.
9 Франчайз сатылымы Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру
бойынша қызмет және оларға франчайзингтік операциялар құқығын
беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер
атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен
айналысатын фирма немесе жеке агенттер.
10 Мультифранчайзи Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден
тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың
жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда
болады.
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық
реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В.
Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады.
Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу.
Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша
реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру
мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік-дейді.
Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің
уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты
реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген
атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық
қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан
шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті
реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық
ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді
пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді
іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса
халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс
ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап
етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық
массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы
ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы
реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс
елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл
елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел
және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып
өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді
бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды.
Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік
бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың
қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда
бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін,
қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік
экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек
қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы
бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы
керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел
төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз
жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне
жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын,
кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін
т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер
көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын
реттейді.
2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның
нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай
алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады:
қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз
құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты
әсер етеді.
3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол
үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы
ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс,
инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі
т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен
әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық
және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол
кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы,
егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын
берекетсіздендіреді.
- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол
төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс
төмендейді, жұмыссыздық өседі;
- валютаны алып-сатушылық басталады;
- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және
жалпы бағаның өсуіне әкеледі;
- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;
- инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның
мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік
және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз
етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету;
инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау
т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды
күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік –
негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында
прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске
енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге
ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес
жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал
монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл
жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық
күресі деуге болады.
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден
болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына
жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік
шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция,
жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің
жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің
жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-
ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал
жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында
мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны
бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция,
жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға
араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық
бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи
деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық
өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық
деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл
экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын
процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке
баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте
қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам
үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен
қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны
тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды.
Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі
бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл
ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция
онан да тез өседі.
Инфляцияға ұарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне
байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және
ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік
дәрісі бар.
3. Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық
болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында
бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай
қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш
кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды
елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты
реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті
даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген
мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын
дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Бәрімізге мәлім, өндірістің
негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне
әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі
кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының
ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да
экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды
мемлекеттік міндеттер қатарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz