Көп жылдық дәрілік өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   



Тақырып: Көп жылдық дәрілік өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері

Жоспар:

  1. Көп жылдық дәрілік өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдеріКанада сары раушан -Solidago canadensisL. Латенттік кезең - тұқымның тыныштық күйіӨскіндік тіршілік күйі (р) . Ювенильдік тіршілік күйі (j) . Имматүрлік тіршілік күйі (іm) . Генеративтіккезең (g) . Кәдімгі цикорий -Cichorium intybusL. Латенттік кезең - тұқымның тыныштық күйіӨскіндік тіршілік күйі (р) . Ювенильдік тіршілік күйі (j) . Имматүрлік тіршілік күйі (іm) . Генеративтіккезең (g) .

Канада сары раушан - Solidago canadensis L. - Золотарник канадский

Канада сары раушан Asteraceae тұқымдасы - астра трибасының өкілі, вегетативті жылжымалы тамыр сабақты, көпжылдық шөптесін өсімдік.

Латенттік кезең - тұқымның тыныштық күйі. Тұқымшасы жұмыр пішінді, қырлы, түкті, қоңыр түсті. Тұқымшаның орташа ұзындығы 3, 52±0, 39 мм, ені 1, 79 ± 0, 14мм, ал олардың 1000 данасының салмағы 0, 83±0, 47 г. Тұқымның пісіп жетілуі олардыңөздігінен түсуімен шашылуымен анықталды. Себуге біріңғай және сырты тегіс, сапалы тұқымдар пайдаланылды. Тәжірибе алдында тұқымдар 15-20 мин бойы 0, 5 % маргенец қышқылы калийдің ерііндісінде өңделді. Зертханалық жағдайда тұқымдар тұрақты жарық және ылғал жеткілікті, шығыс жақтағы терезе алдында 40 см қашықтықта +20+22ºС температурада, дымқыл сорғыш қағазда өндірілді. Себілген тұқымдардың алғашқыы өнуі 4-12 күндер аралығында байқалды. Канада сары раушан тұқымдарының зертханалық өнгіштігі туралы мәлімет бойынша ол 51%, ал олардың 4 күні өну қуаты 23% болды. сондай-ақ тұқымдардың зертханалық өнгішігі мен өну қуаты олардың егістік жағдайы мен сәйкес еместігі анықталды. Іс жүзінде тұқымның өнуінің кідіруі мен өскіндердің шығуының біркелкі еместігі байқалды. Осыған байланысты тұқымның себу мөлшерін анықтау үшін, зертханалық зерттеуден басқа далалық немесе ашық топырақта олардың өнгіштігі мен өну қуаты қарастырылады. Бір шаршы метр жерге себілген тұқым мөлшері күні бұрын есептелгенде ол орташа 800 данаға тең болады. Далалық тәжірибеде көктемгі себу стратификацияланған тұқымдармен жүргізіледі. Тұқымдарды стратификациялау 0°С температурадағы ылғал ағаш үгіндісінде 30 минк бойына жүргізілді. Тұқымдарды себу кезіндегі тәуліктік орташа температура20-22°С болды. тұқмды себу уақытысындағы топырақ ылғалдылығы қолайлы, ол мамыр айында 5 см тереңдікте, 30% төмен болан жоқ. Канада сары раушан тұқымның далалық өнгіштігі 35%, 9 күні өну қуаты 16% болды. Осы кезеңде негізгі тамыр топыраққа 8 -9 см тереңдікке енеді де, алғашқы жанама тамырлардың бірінші қатарын береді. Бірінші реттік жанама тамырлар ұзындығы 0, 3 -0, 4 см.

Өскіндік тіршілік күйі (р) . Егілгеннен кейін тұқымда алғашқы ақшыл түсті ұрық тамыр пайда болады, сонан соң иілген гипокотельдің белсенді өсуінің нәтижесінде тұқымжарнақ топырақтың бетіне шығады, яғни тұқымның өнуі жер үсті типті. Гипокоельдің жоғарғы жағы ашқыл жасыл, өскіннің ұрық тамыры сарғыш түсті, тік бағытта өсіп, топыраққа 3, 17 ±1, 24 см тереңдікке енеді. Тамыр мойнының диаметрі 0, 1-0, 4 см. Өсімдіктің өскіндік тіршілік күйі ұзақтығы 30 -35 күн.

Ювенильдік тіршілік күйі (j) . Бұл тіршілік күйінде өсімдіктің тұқымжарнақтың жасыл түсі сақталады да, 2 - 5 нағыз жапырақтарының көлемі өсіп жұмыртқа тәрізді немесе сопақ эллипс пішінді болады. Нағыз жапырақтарының ұзындығы 3, 96 ± 0, 42 см, ені 2, 67 ± 1, 64 см, сағағы төменгісі сарғыш түсті, жұмыр пішінді, ұзындығы 0, 27 ± 0, 11 см, диаметрі 0, 21 ± 0, 17 см. Өскін жасыл түсті майда екі тұқымдарнақты, олар жұмыр пішінді. Жиектері егіс. Тұқымжарнақ ұзындығы 0, 65 ± 0, 39 см, ені 0, 37 ± 0, 54 см. 0, 3 - 1, 5 см аралығында. Оның ювенильдік тіршілік күйі 26 - 32 күнге созылады.

Генеративтіккезең (g) .

Табиғи фитоценоздар жағдайында SolidagoCanadensisL. Табиғи жағдайда өсімдіктердің толық гүлдеп жеміс беретін генеративтік особьтарының биіктігі 85 см. Кіндік тамыры жіңішкеріп жіп тәрізді болады да, топыраққа 137 см тереңдікке дейін енеді. Табиғи фитоценоздар жағдайында Solidago Canadensis L. жанама тамырлары төртінші қатарына дейін бұтақтанады. Жанама тамырлардың бірінші қатарының үзындығы 35 см, екінші қатарының ұзындығы 8 см, үшінші қатарының ұзындығы 3 см, ал төртінші қатарының ұзындығы 0, 1-0, 4 см -ден аспайды.

Сонымен, Solidago Canadensis L. бірінші жылы - өскіндік, ювенильдік, имматурлік, виргинильдік тіршілік күйлерінен, екінші жылы жас және орташа генеративтік тіршілік күйлерінен өтеді. Өскімдік тіршілік күйінің ұзақтығы 30-35 күн, ювенильдік 26-32 күн, имматурлік 25-30 күн, виргинильдік 35-40 күн, ал екінші жылғы генеративтік тіршілік күйі 55-68 күнге созылады. Өсімдіктің өскіндік тіршілік күйінде оның ұрық тамыры біршама баяу өседі, оның ұзындығы бар болғаны 3 см, топырақтың бетіне жақын орналасады, бүйірлік тамыры қалыптаспаған. Solidago Canadensis L. Ювенильдік тіршілік күйіндегі ұрық тамырының дамуы сол баяу күйінде жалғасады да, топыраққа 8-9 см тереңдікке ғана енеді. Алғашқы реттік тамыры жанама тамырлары әлсіз, жіңішке, ұзындығы 0, 3-1, 5 см. Өсімдіктің имматүрлік тіршілік күйіндегі негізгі тамырының дамуы біршама үдейеді де, топыраққа 35-42 см тереңдейді. Оның бірінші реттік жанама тамырларында жақсы тарамдалып, кейбіреулерінің ұзындығы 10-24 аралығында болады, ал екінші реттегілері нашар қалыптасқан 0, 1-0, 5 см ғана. Оның вергинильдік тіршілік күйіндегі, яғни бірінші жылдың соңындағы негізгі тамырының дамуы едәуір ұзарып, топыраққа 85-97 см тереңдікке енеді. Одан таралған жанама тамырлардың бірінші реттіктерінің ұзындығы 30-42 см, ал екінші 0, 5-3см.

Solidago Canadensis L. - Ювенильдік кезеңіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері.

Solidago Canadensis L. Ювениьдік күйіндегі жапырағының типі дорзовентральді типті. Жоғарғы эпидермис клеткалары сыртқы және ішкі қабырғалары шығыңқы, томпайған, жұқа қабықшалы, сопақ пішінді, устицесі жоқ, түксіз. Жоғары эпидермис клеткаларының қалыңдығы 23, 14+- 0, 56 мкм, ал төменгі эпидермис 2163+-2, 01 мкм. Мезофиль клеткаларының қалыңдығы 196, 28+-1, 49 мкм. Бағаналы мезофилі 1-2 қатарлы, клеткалары барынша ауытқыған төртбұрышты, клеткааралықтары айқын. Борпылдақ мезофильге өтуі айқын, оның клеткалары әртүрлі формалы, негізінен көлбей орналасқан, клеткааралықтары аэринхима типті. Төменгі эпидермис клеткалары салыстырмалы майда, сопақ пішінді, устьицелі, түксіз.

Solidago Canadensis L. Дарағының ювенильдік тіршілік күйіндегі тамыр кесіндісі анатомиялық алғашқы құрылымды көрсетеді. Тамыр сыртындағы клеткалары жарым-жартылай деформацияланған экзодермамен жабылған. Қабықтық паренхима біршама көлемді, 5-6 қатарлы, клеткалары көпбұрышты пішінді, әлсіз клеткааралықты. Эндодерма клеткалары нашар дамыған. Ұрық тамырдың орталық цилиндр диаметрі 409, 51+-0, 21 мкм, ал қабық қалыңдығы 137, 48+-1, 32 мкм. Орталық шеңбер мейлінше тар көлемді, алғашқы ксилема мен флоэма элементтері бар болғаны 3-4 клеткалы ғана.

Solidago Canadensis L. - Генеративтік кезеңіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері. Solidago Canadensis L. Сабағының кесіндісі көпжылдық шөптесін өсімдіктерге тән, үзілмелі шоқты, анатомиялық алғашқы құрылымды. Алғашқы қабық қалыңдығы 269, 24+-1, 28 мкм, сүрек қалыңдығы 475, 18+-0, 87мкм. Сабақжұмыр пішінді. Эпидермис клеткалары дөңгелек немесе сопақпішінді, кутинді, сыртқы және өзара түйіскен қабырғалары қалыңдаған, түксіз, устицасы жоқ. Эпидермис астында1-2 қатарлы колленхима орналасқан. Қабық паренхимасы тар көлемді, клеткалары 4-5 қатарлы. Крахмалды қынапша клеткалары айқын, олардың өзара түйіскен қабырғалары қалыңдаған. Сабақтың орталық шеңбері үзілмелі, коллатеральды ашық талшықты өткізгіш шоқты болады. Олардың сабақ диаметрі бойынша жалпы саны 16-18. Жекелеген өткізгішшоқтар эндодерма жағынан 3-7 қатарлы склеринхималық қынапшамен көмкерілген де, ал қайсыбір өткізгіш шоқтарда бұл құрылым жоқ.

Solidago Canadensis L. жапырағының кесіндісі айқын дорзовентральды типті. Эпидермистің беткі жағы кутинді, түксіз. Жоғары эпидерис клеткалары өзара бүйірлік түйіскен, үстіңгі жағының қабырғалары қалыңдаған, жоғарғы және төменгі жағы шығыңқы, әлсіз сопақ пішінді. Жоғарғы эпидермис 31, 64-0, 57мм, ал төменгі эпидермис 20, 18-1, 42мм.

Таралыуы: Канада сары раушаны бақтар мен парктерде жиі кездеседі.

Химиялық құрамы: Дәрілік әсері бар биологиялық белсенді заттары:аминқышқылы, хлорофилл, қант, липофильді заттар, дитерпиндер, оксикорлы қышқыл және көп мөлшерде тритерпинді сапониндер. Сонымен қатар тамырында биологиялықактивті флаваноидтардың қосындылары бар.

Халықтық және ресми медицинада қолданылуы: Марелин препаратының құрамына кептірілген экстратты қосылған, бұл препартапен нефроуролитиаза ауруын емдейді.

Кәдімгі цикорий
- Cichorium intybus L.

Шашыратқы (лат. Cichorium ) - астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі[3] . Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8 - 10 түрі белгілі.

Кәдімгі шашыратқы - тамыры етті, сабағы тіп-тік, биіктігі 30-120 см, болып келетін, күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жақсы бал береді. Шірнесі мен тозаңы мол. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірден Алтайға дейін, Орта Азияда, Кавказда таралған. Азық-түліктік өсімдік ретінде қолдан өсіріледі. Жабайы өсетін шашыратқы нәрсуының микробты өлтіретін, жара бетін бырыстыратын және тыныштандырушылық қасиеті бар. Гүлшоғыры мен тамырының тұнбасы орталық жүйке жүйесін тыныштандырады және жүректің жұмысын жақсартады. Авиценна шашыратқыны безгекте, асқазан-ішек жұмысы бұзылғанда, жүрек айну, көз қабынуында пайдаланылған. Тамыр нәрсуына шыланған дәкені тұз байланған кезде буындарға және сарышаян, ара, жылан мен кесіртке шаққан жерге таңуға көмектеседі

Латентті кезең-тұқымның тыныштық күй.

Жемісі құрғақ, бір ұялы, паракарпты гинецеядан қалыптасқан, бір тұқымды тұқымша, жеміс серігі біршама тығыз. Тұқымшаның орташа ұзындығы 3, 14-0, 27мм, ені 1, 96-0, 82мм, ал олардың 1000 данасының салмағы 1, 89-0, 78г. Кері жұмыртқа немесе бұрыс сына пішінді, айқындалмаған 2-5 қырлы, сарғыш, ақшыл-қоңыр немесе кейде, тіпті, қара түсті. Өсімдіктің тұқымшалары орташа 7 жылға дейін қзінің өну қабілетін сақтайды. Тұқым айдаршасы қабыршақты тісті, тұқымшадан 8-10 есе қысқа.

Зерттеу нәтижелері бойынша:лабораториялық жағдайда себілген әрбір жүз тұқымның орташа 86пайызы, ал ашық жерде 63 пайыз өнді. Ал тұқымның өсу қарқындылығы лабораториялық жағдайда себілген әрбір жүз тұқымның орташа 4 күн ішінде 40 пайыз, ал ашық жерде 17 күн өткен соң, оның бар болғаны 29 пайызы өнді. Бұл ашық грунтта тұқымның өну өабілеттілігі мен өсу қарқындылығының лаб-қ жағдайымен салыстырғанда көп төмендігін көрсетеді. Лаб-қ жағдайда өскіннің өсу қабілеттілігі 30 күн бойына бақыланды. Бақылаудың 2-3 күні тұқымшаның ұрық тамыры байқалады, ол ақшыл сарғыш түсті, ұшы ұһүшкір, ұзындығы 1-2мм, ал бесінші күні оның гипокотилінің ұзындығы 4-5мм болды. Тұқымжарнақтың тұқым серігінен біртіндеп ажырауы 8-10 күндері байқалады. Он бірінші күні өскін тұқымжарнағының ұзындығы 5, 64-0, 19мм, ені 2, 21-0, 89мм, гипокотилі 5-7мм, ұрық тамыры 17-20мм жетеді. Зерттеуге алынған кәдімгі цикорий тұқымын 2001 жылы наурыз айының 30 жұлдызында ҚазҰУ Ғылыми өндірістік кешені ЭКОС жағдайында алдын-ала дайындалып жерге 0, 5-1 см тереңдікке мына жобамен жүйектің ұзындығы 5м, ал жүйек аралықтары 60см етіп септік. Агрономияда тұқымды сепкенде жүйектің аралықтарын 60см етіп қалдыру, кең қатарлы себу тәсілі деп аталынады.

Бұл тәсіл мал азықтық және дәрілік өсімдіктерді табиғи жағдайдан мәдени жағдайға ендіргенде жиі пайдаланылады. иСебілген тұқымдар теңіз деңгейінен 1347 м биіктіктегі Терісбұтақ шатқалындағы қыраттың оңтүстік беткейңндегі әр түрлі шөпті өсімдіктер қауымдастығынан жиналған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей тұқымның алғашқы ұрық тамырының тұқым қабығын жарып шығуы себілгеннен кейін 5-6 күні байқалды да, ал өскіннің топырақтың бетіне шығуы 10-11 күннен соң байқалды.

Өскіндік тіршілік күйі

Өскіннің гипокотилінің белсенді өсуінің нәтижесінде оның тұқым жарнағы топырақтың бетіне шығады, яғни тұқымның өнуі жерүсті типті. Гипокотильдің жоғарғы жағы ақшыл, төменгісі сарғыш түсті, жұмыр пішінді, ұзындығы 0, 37-0, 67см, диметрі 0, 13-0, 74мм, Гипокотильдің көлденең кесіндісі екі бүйірі шығыңқы, сопақ пішінді. Өскін екі тұқым жарнақты, жасыл түсті, жұмыртқа пішінді, жиектері тегіс, ұзындығы 0-72-1, 02см, ені 0, 34-0, 78см. Өскіннің алғашқы нағыз жапырағы 26-28 күндері байқалады. Оның ұзындығы 1, 86-0, 12см, ені 0, 61-0, 87см, түсі жасыл, 41-45 күндері екінші нағыз жапырақ пайда болады. Өскін кезінде оның ұқықтан дамыған кіндік тамырын ғана аңғарамыз. Өскіннің ұрық тамыры сарғыш түсті, тік бағытта өсіп, топыраққа 5-7см тереңдікке енеді. Бұл кіндік тамырдан жанама тамырлар қалыптаса қоймайды, тек олардың алғашқы нышаны ғана байқалады. Өскінің тіршілік күйінің ұзақтығы 37-42 күн.

Ювенильдік тіршілік күйі

Бұл тіршілік күйінде тұқымжарнақтың жасыл түсі сақталды да, 3-4 нағыз жапырақтарының көлемі өсіп, бүтін тақталы, кең жұмыртқа тәрізді немесе сопақ эллипс пішіндіге дейін өалыптасады, олар әлсіз ойық жиекті болады. Бұл тіршілік күйде өсімдік жапырағының ұзындығы 4, 75-0, 69см, ені 1, 82-0, 57см болады. Ұрық тамыры жіңішке, сарғыш ақшыл түсті, тік өседі де, топыраққа 14-18см тереңдікке енеді. Бұл кездегі бірінші реттік жанама тамырлар 4-6мейлінше жіңішке, орташа ұзындығы 1-3см. Сабақтың алғашқы буыны мен жіңішке негізігі тамырының аралығы әлсіз бунақты. Кіндік тамырдан жанама тамырдар оның ювенильдік кезеңінен бастап қалыптасады. Бірақ олардың саны өте аз және нашар жетілген. Ювенильдік тіршілік күйі 28-32 күнге созылады.

Имматурлық тіршілік күйі

Өсімдікте 4-6 жапырақ болады. Жапырақ жүйкеленуі қауырсынды, жиектері ойық болады. Жарырақ тақтасының ұзындығы 10-12см, ені 1-3см. Кіндік тамыр топыраққа 57см тереңдікке енеді. Одан жанама тамырлардың бірінші және екінші қатарлы дамиды. Олар әдетте аса сирек орналасады және нашар жетілген. Жанама тамырлардың бірінші қатарының ұзындығы 7-16см, екнішісі 2-5см-ден аспайды. Имматурлық тіршілік күйінің ұзақтығы 27-29 күн шамасында.

Виргинильдік тіршілік күйі

Өсімдіктің ювенильдік және имматурлық күйлерінің аралығындағы дамыған жапырақтары сақталады. Жапырақ саны артып, 8-9 жетеді де, ұзындығы 14-17см, ені 4-6см. Жапырақ жиектері терең ойықталған, жасыл түсті болады. Бірінші жылы өсімдіңтің дамуы виргинильдік кезеңмен аяқталады және оның негізгі тамыры топыраққа 147см тереңдікке дейін енеді. Тамыр мойынының диаметрі 0, 8-1 см-ге дейін жетеді. Кәдімгі цикорий тамыр жүйесі бірінші жылы жанама тамырлардың екінші қатарына дейін дамиды. Жанама тамырлардың бірінші қатарының қзындығы см екіншісінікі см-ден аспайды. Виргинильдік тіршілік күйінің ұзақтығы 34-38күн.

Генеративтік кезең

Өсімдік 3 тіршілік күйге бөлінеді: Жас, орта жас, кәрі генеративтік тіршілік күйі. Бірінші тіршілік күйінді өсімдік гүлдеп, жас генеративтік өсімдікке айналады. Екінші тіршілік күйінде генеративтік өркендері бір-бір жарым есе артады. Сабағы тік, пәрменді бұтақтанған, үлкенді-кішілі, әлсіз, сырты көкшіл сұр, қылшықты немесе қылшықты түкті, кейде жылтыр, көп қырлы болады. Сабақтың төменгі буынаралықтардағы жапырақтары ірі, ұзындығы 15-24 см, ені 5-6см, осьті жартылай ораған, қондырмалы:жай тақталы ойық-қауырсынды тілімденген, оның бүйірлік бөліктері үшбұрышты немесе өзара тең емсе тісті болады.

Генеративтік кезең (g) .

Табиғи фитоценоздар жағдайында. Табиғи жағдайда цикорий Іле Алатауының теңіз деңгейінен 1347 м биіктіктен алынды. Топырақ қазбасы осы белдеудегі Терісбұтақ шатқалынан алынды. Бұл экспозицияның топырағы таудың қарашіріндісі мол қара топырақты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Аурулар мен зиянкестерге өсімдік иммунитеті
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері
Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz