Сал серілердің өлеңдеріндегі қыз сипаты


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сал серілердің өлеңдеріндегі қыз сипаты

ХІХ ғасырда қазақәдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең - қазақтың төл әдебиетінің көш басшысы - жыраулар поэзиясының шырқау биікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең - ақын, сал, сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы.

Халқымыздың асыл қазынасының бірі - әнші - ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ақындық пен әншілік өнерді бойына тоғыстырған айрықша талант иелері пайда болды. Олар - әншілік пен ақындықтан басқа сазгершілік, актерлік, күйшілік, спорт өнерлерін де қоса меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жандар болған.

Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден- дәуір өткізіп бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың(слайдта көрсетіледі) Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естайлардың сазгерлік, әншілік өнерлерінің алдында тұрғаны - өнер атаулының патшасы -сөз өнері, ақындық өнер. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе - назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Ән мен әуеннің, әншінің бірлігінің артықшылығы - оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді іліп алып, ел боп жырлады. Атадан бала үйреніп, өнер керуені бүгінгі күнге жетті.

Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. Артистерше жарқ-жарқ әшекейлену, ерекше көз тартатын кескінмен жүріп-тұру, халқына еркелеу - әнші-ақындардың негізгі салты болған.

Әдетте сал-серілер шығармашылықтарында махаббат, сүйіспеншілік туралы, сұлулар, ғашықтықтың сыры мен сипаты, психологиясы жайында жырланатын болған. Тақырыптарымен, мағыналы мазмұндарымен ерекшеленетін халық әндерінің поэтикалық тексі, мәтіні төңірегінде айтар болсақ, бүгінгі қазақ лирикалық поэзиясындағы мазмұн мен түрге тікелей қатысты жетістіктерге олардың негіз болғанын айтпай тұра алмаймыз. Мәтіндерінде бір ауыз артық сөзі жоқ, бәрі өлең идеясы мен мазмұнына бағындырылған, тіпті қысқа қайырмаларының өзі кейінгі кәсіби жазба әдебиетіміздегі лирикалық өлеңдерге буын, бунақ ерекшеліктері күйінде сіңісіп кеткен. Иманжүсіп Құтпанұлы өнерінің бағасы мен бәсінің жоғары болатынын осы бағыттан бір бағамдап қоюға болады. Иманжүсіптің ән өлеңдерінің мәтіні - ақындық поэзияға қойылатын қандай талаптың болса да үдесінен шығатындай көркем, өнерпаз талғамының биіктігін дәлелдейтін шынайы туындылар. Оның «Қазақ поэзиясының антологиясындағы» өлеңдері - жеке тұрып та көркемдігіне қамшы салдырмайтын, әдеби-эстетикалық тұрғыдан бүтін бітімге ие шығармалар. Өлең құрылысы жағынан қара өлең үлгісімен шығарылған, а-а-б-а ұйқасымен беріледі. Бұл түр яғни 11 буынды қара өлең ұйқасымен дүниеге келетін шығармалар қазақ поэзиясы үшін дәстүрлі, Біржан сал, Ақан сері ән-өлеңдерінің дені осы түрмен шығарылған. Балуан Шолақтың атақты «Ғалиясы» да осы түрге, осы ұйқасқа құрылған.

Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бір-бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.

Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні

Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні

Смағұл РАХЫМБЕК, журналист.

…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” - деп, тебіренді ақын жаны. Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын сағынғаны бұл.

- Шіркін бір дүние кең едің,
Біраз күн алдап бөгедің.
Өкпеледім, дүние-ай,
Жолдас едің демедің.
Арғын, Найман ұлынан,
Талайдан сарқыт жеп едім.
Жетпістен асқан шағымда,
Сақал, мұртым қуарып,
Тамыр біткен суалып,
Неліктен мұнша жүдедім.

- Қария, баракқа қайтқаныңыз жөн болар. Түсіңіз қашып кетіпті, - деді ағаш дайындап жатқан алаңда балтасын құлаштай сілтеп, құлатылған қайыңдарды бұтақ­тарынан арылтып жүрген башқұрт жігіті. - Бүгінгі нормаңызды біз-ақ орындармыз.

Айналайындар! Бұның әндерін кешкілік бараққа жиналып, темір пешті паналаған сәттерінде елти, құмарта тыңдайтын тұтқындағылар жетпістен асып кеткен қарт ақынды әрі аяйтын, әрі сыйлайтын. Ыбырайдың осында келгелі қарағайдан қиып жасап алған домбырасы ақынның екпіні, тегеуіріні қайта бастаған дауысын демеп отырар еді. Сұрапыл аяздан қатып қалған орман қоянын тауып алып, темір пешке жібітіп, етін елге беріп, тоқ шегін бабына келтіре илеп, домбырасына таққан ақын оның үнінің қоңырлап шығар қаз дауысын ұнатқан. Салалы саусақтарын аспабының шанағына тигізуі мұң екен, өзгеше бір сазды қаузай жөнелетін тұтқындағы домбыра да. Үкілі Ыбырайдың есіне сері інілері Сәкенмен, Сәбитпен жүздескен айбоз күндері оралды.

Бұл - 1927 жылдың шыбынсыз жазы болатын. Жер бөлісі деген айқай-ұйқайы көп шаруа шыққан ел ішінде. Жайлаудың шұрайлысын, шабындықтың құнарлысын, егістіктің майлы топырақтысын нешеме жылдар малына азық еткен байлардан кедейлер еншісіне жаңа үкімет жер алып бере бастаған. Болыстыққа өз адамдарын отырғызып, биліктен әлі де тастай қатып ажырағысы жоқ ауқаттылар жер бөлісіне келгенде қандай қулық-сұмдықтарға бармады десеңізші. Сіңірі шыққан, сауатсыз кедейлерді бойтаса етіп, “жер де, мал да соныкі, мендегі мынау ғана” деген көзбояушылыққа дейін баратын олар. Бірақ, Сәкендей сауатты, Сәбиттей талапты жастарды ақиқаттан адастыру оңай емес. Сол науқанның қарбалас бір күндерінде Сәкен Сейфуллин 71-ге иек артқан Үкілі Ыбырайды алдырды. Ақынның алысқа кеткен даңқына тәнті екендіктерін айтысты. Сәбит Мұқан баласы екеуі еңсегей бойлы ер мінезді ақын Ыбырай мақпал бешпентінің жез түймелерін жарқыратып, Оқжетпестей тұлғасын тік ұстады. Дауысы да кең тыныс, ерек екпінінен жаңылмағандай көрінді Сәкенге.

- Ыбекеңді Оқжетпестің түбінде отырып тыңдайық, - деді, Сәкен Сейфуллин қасына ерген бозбала жігіт Мұқанның Сәбитіне, мұнартқан көгілдір Көкшенің жасыл жоталары қоршап жатқан шыңды иегімен меңзеп. Үкілі сусар бөркін желкесіне жылжытып, құндыз жағасы күнмен шағылысып құлпырған шапанын желең жамылып, тізерлеп отыра қалған ақын күмбірлеген тынысты домбырасын толғап-толғап, шырқай жөнелді.

Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сыйынбаған.

Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.

Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уа, шіркін!.

Ақын дауысы қиянға шырқап, Оқжетпестің ұшар басына қанат қақты. Айдын көлдің беті жел тұрмай, әннің екпінімен толқып, толып алды. Ақ қайыңның көлеңкесіне жайылған текеметте қисайып жатқан Сәкен ән орындалып біткенде орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына барып, тізерлеп отыра кетті.

- Айналайын, ағатай-ай! Не деген құдіретті едіңіз. Япыр-ай, мұндай да көркем, биік дауыс болады екен ғой - деп, тамсанды Сәкен ақ жүзі алабұртып, аса бір ризашылық пейілмен. Ғажайып әннің әсері Арқаның самал желіндей көңілді желпіп, жанды жадыратқаннан соңғы тыныстан кейін ақын Сәкен де қанаттанып жырдан шашу шашты.

Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылған талай әсем ән мен жыры.

Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы,
Сауықтың жан думаны, болған пірі.
Ақырып арыстандай ән салады,
Ыбырай жүйрік тарлан, әлі тірі.

Ақан сері, Балуан Шолақ, Біржан сал секілді қазақтың небір саңлақ ардагерлерін шабыттана жырына қосқан Сәкен Үкілі Ыбырайға да өз бейіл, бағасын осылай берді.

- Ыбырай жүйрік тарлан, әлі тірі, - деп күбірледі ақын, сол бір думанды күндерді көз алдына елестеткендей, тайганың аязы ақырған ауасымен тұншыға тыныстап.

Енді бір уақ қазанның қара дауылы тал, теректерін ерекше теңселткен Қызылжар­дағы базарлы, думанды күндер келді көлбеңдеп көз алдына. Қазақтың ардақты перзенттері Құлымбетов пен Сейфуллин қатысқан 1924 жылдың соңындағы сол бір жастар кешінде Ыбырай ақын айрықша шабытпен, зор дауыспен өзінің “Қалдыр­ған” әнін тамылжыта айтып берген жиналғандарға. Ақынның шау тартса да, қуатынан таймағаны талайды тамсантқан сол жылы.

Суаты құмдақ көл қайда,
Жағалай қонған ел қайда.
Қыз-бозбала бас қосса,
Ыбырай ақын сен қайда.

Жан-жаққа гүлің балбырап,
Қызықты дүние сен едің.
Орта жүзді қыдырған,
Жалғыз да бұлбұл мен едім.

- Жас кезімде жазық далада шырқаған әнім жеті шақырым жерге жететін, - деген Үкілі Ыбырайдың жан сырларына жұрт имандай сенетін. Расы да солай еді-ау. Кең тынысты кеудесін жүрегінен нәр тарта жарып шығатын дауысының шалқар аясы мен құс қанатын көтерердей қуатына елінің қуана қол соғатыны, риза пейілдері, еркелеткен қамқорлықтары күш қосатын.

Осы 1931 жылдың Қиыр Шығысқа айдалып келген алғашқы айларының бірінде жетпістен асқан Үкілі Ыбырай сонау бала кезіндегі, сегіз жасындағы ғажайып түсін өзгеше мазмұнмен қайталап көрді де, өмірінің соңғы сәттері жақындағанын ақындық бір ерекше түйсікпен, көріпкелдікпен сезінді. Сезінді де ендігі халде алаң көңілінің ақ желкенін жайып, күндіз ағаш кескендерден бөлініп, тайга кезіп кететінді шығарды. Сол түсі қандай еді.

Ауылы аясына көз жеткісіз шалқар көлдің жағасына қонған екен. Айдынның аққу-қаздары сұңқылдап, шағалалары шаңқай түстің шұғыласына аппақ қанаттары шағылысып, аунап-төңкеріліп еркелей ұшып жүр. Жағалауда ақ боз ат мініп тұрған бұл көлдің арғы бетіне жанарын тіктеді. Бір сәтте көзіне көкжиектен бері ойысқан ақ киімді, ақ сақалды қария шалынды. Қолында үкілі домбыра. Сол қолындағы аса таяғымен бұл отырған жақты нұсқап, әлденені айтқандай, дауыстағандай болады абыз. Көл толқынын белден кешіп арғы бетке жақындап барған Ыбырайға әлгі абыз қарт: “Шырағым, мына домбыраны бала күніңде саған сыйлап едім, енді өзім қайыра алдым, сен ренжіме”, - деді.

…Азынаған суық барақтағы темір кереуетте жатқан қария қалтырап, шошып оянған сол жолы.

…Тайганың тасты талқан етер сұмдық аязынан күңірене қарс айырылған манағы алып қарағай құшағын жая құлап жатыр. “Менің де тамырым сенікіндей тереңде еді, қарағай! Құламастай, еш пенде құлата алмастай көруші едім өзімді, дариға!” Қарт ақынның жаны сыздап қоя берді. Жастығының жалаулы, жеңісті күндеріндегі ғашығы Кәкимә келді көлбеңдеп көз алдына. Не деп еді, сонда. Қалай-қалай төгілтіп еді ақын жаны жырларын жастығының сол жазираларында.

Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым,
Ән салып, талай елдің дәмін таттым.
Жетсін деп осы дауысым Гәккуіме,
“Гәккуді” қоңыр қаздай қаңқылдаттым.

Түрлентіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.

…Барактың өлеусіреген май шамының болар-болмас жарығымен қағазға сонау бір жылдары бастаған “Тотының тоқсан толғауын” мұңдана жаза бастады ақын. Арабша сауатқа зирек Үкілі Ыбырайдың айдауда жүріп бастаған күнделік дәптеріне 75 жастан асқан жанның елді сағынған, қиналған сәттерінің жанды сыздатқан сырлары тайганың аппақ қарының бетіндегі әлдебір жұмбақ іздердей өзгеше өрнек салып түсіп жатты.

Мына бір дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Қара бура қартайып,
Жар басы

Мұхит Мералыұлы

Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап - скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен - ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан - жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық - дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын - жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той - думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру - апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады. ” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі - « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» - үлкен, жылы жүректен шыққан ән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Эстетика туралы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
«Біржантану» арнаулы курстың мазмұны
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Біржан сал және оның ақындық айналасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz