Балұстаұлы Есбай
Музыканың тілі - дыбыс. Әрине, жай ғана дыбыстар жиынтығы емес, белгілі бір әлеуметтік ортаның талғам-танымында реттеліп, жүйеленген дыбыс, әуен-сазға айналған дыбыс. Олай болса, әсіресе, дәстүрлі музыканың мән-мағынасын (семантикасын) жоруда сол музыкалық мұраны дүниеге келтірген әлеуметтік ортаның талғам-танымы түпнұсқалық баға болып табылады. Ал, туасы бөлек былайғы жұрттың бағасында, сөз жоқ, субьективтілік бел алып жатады. Демек, музыканың тілі ортақ деп келетін алып-қашпа пікір ұшқарылау айтылған. Бір ұлттың (этностың) сөйлеу тілін екінші бір ұлт өкілінің түсіне бермейтіні сияқты, белгілі бір ұлт музыкасының «тілі» де өзгелер үшін бар бол мысы мен ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт өкілінің мүлде басқаша жорулар айтатыны әлемдік музыка тарихында жиі кездесетін құбылыс. Мұның негізгі сыр-себебі музыканың да этникалық тілінің болатындығында.
Сөйте тұра, белгілі бір ұлттың шын мәніндегі мазмұнды музыкасы өзгені де бейтарап қалдырмайтыны шындық. Нағыз шедевр музыканың эстетикалық-эмоциялық әсері этникалық шекараларды көктей өтіп, әрбір тыңдаушының талғам-танымымен тіл табысып жатады. Ал, әрбір тыңдаушының талғам-танымын қалыптастыратын әлеуметтік орта, түптеп келгенде, белгілі бір этникалық төлтүмалықпен сабақтас. Демек, өнер болмысында ғана емес, өнерді танып-түсінушінің де болмысында этникалық қасиет бел алып жатады. Себебі, кез-келген басы жұмыр пенде әкесі мен шешесінің перзенті болумен бірге, белгілі бір этностың да мүшесі болып табылады.
Сөз жоқ, этникалық шекараларды көктей өтіп, әр түрлі ұлт өкілдерінің талғамына татыған музыкалық шығарманың айтары айқын, тілі бай. Ондай музыканың өнбойынан әркім өзіне керегін тауып, рухына ләззат алып, сол музыкамен өзінің тағдырын сабақтастыра алады...
Осынау ойдың жосығы қазақтың әйгілі күйші-композиторы Балұстаұлы Есбайдың (1842-1910) музыкалық мұрасына ден қойғанда айқындала түседі.

БАЛҰСТАҰЛЫ ЕСБАЙ
Музыканың тілі - дыбыс. Әрине, жай ғана дыбыстар жиынтығы емес, белгілі
бір әлеуметтік ортаның талғам-танымында реттеліп, жүйеленген дыбыс, әуен-
сазға айналған дыбыс. Олай болса, әсіресе, дәстүрлі музыканың мән-мағынасын
(семантикасын) жоруда сол музыкалық мұраны дүниеге келтірген әлеуметтік
ортаның талғам-танымы түпнұсқалық баға болып табылады. Ал, туасы бөлек
былайғы жұрттың бағасында, сөз жоқ, субьективтілік бел алып жатады. Демек,
музыканың тілі ортақ деп келетін алып-қашпа пікір ұшқарылау айтылған. Бір
ұлттың (этностың) сөйлеу тілін екінші бір ұлт өкілінің түсіне бермейтіні
сияқты, белгілі бір ұлт музыкасының тілі де өзгелер үшін бар бол мысы мен
ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт
өкілінің мүлде басқаша жорулар айтатыны әлемдік музыка тарихында жиі
кездесетін құбылыс. Мұның негізгі сыр-себебі музыканың да этникалық тілінің
болатындығында.
Сөйте тұра, белгілі бір ұлттың шын мәніндегі мазмұнды музыкасы өзгені
де бейтарап қалдырмайтыны шындық. Нағыз шедевр музыканың эстетикалық-
эмоциялық әсері этникалық шекараларды көктей өтіп, әрбір тыңдаушының талғам-
танымымен тіл табысып жатады. Ал, әрбір тыңдаушының талғам-танымын
қалыптастыратын әлеуметтік орта, түптеп келгенде, белгілі бір этникалық
төлтүмалықпен сабақтас. Демек, өнер болмысында ғана емес, өнерді танып-
түсінушінің де болмысында этникалық қасиет бел алып жатады. Себебі, кез-
келген басы жұмыр пенде әкесі мен шешесінің перзенті болумен бірге, белгілі
бір этностың да мүшесі болып табылады.
Сөз жоқ, этникалық шекараларды көктей өтіп, әр түрлі ұлт өкілдерінің
талғамына татыған музыкалық шығарманың айтары айқын, тілі бай. Ондай
музыканың өнбойынан әркім өзіне керегін тауып, рухына ләззат алып, сол
музыкамен өзінің тағдырын сабақтастыра алады...
Осынау ойдың жосығы қазақтың әйгілі күйші-композиторы Балұстаұлы
Есбайдың (1842-1910) музыкалық мұрасына ден қойғанда айқындала түседі.
Есбай күйлерінің әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай жеткізуші білікті
домбырашылардың бірі Алым Жаңбыршин былай дейді: Күй танығыш қазақ
домбырада әркім өз мінезін тартады деген. Мұндай сөздің қисыны Есбайға
жүрмейді. Есбай өзін емес, өмірді күйге қосып өткен адам. Сондықтан да,
оның күйлерінің түбі жеткізбейді. Қаншалықты ішіне түсіп, бойлап тартсаң,
сонша тереңдеп кете береді. Жер мен көктің арасындағыны жазбай танып,
жаңылмай біліп тұрған бір керемет. Бәрін біліп, бәрін сезетін дана көкірек.
Ол қуанса шалқып кетпейді, қайғырса күйреп қалмайды. Күйшінің маңғазы ғой
сабаз.
Бұл — Есбаймен жаралған топырағы бір, күйді дәстүрлі табиғатымен
түсінетін жанның лебізі.
Ал, жаралған топырағы шалғай, таным-талғамы бөлек А.В. Затаевич Есбай
күйлері туралы былай дейді: Керек десеңіз, мен мынандай ойдың үшығын
шығарудан да жасқанбаймын, мәселен, Өтті-кетті күйінің бастауына ден
қояйық - кейбір тұстары, әрі-беріден соң, Бетховеннің классикалық
симфониясынан да құдіреттілеу (А. В. Затаевич. 500 казахских песен и
кюиев. Алматы. 1931. 8-бет).
Мұнан әрі былай дейді: Арттағы алыс өмірдің тілсіз аңыз-әңгімесі
сияқты осынау мәнді күйлердің басым көпшілігі, сөз жоқ, түз тыңдаушыларының
психологиясында нағыз симфонизмнің жаңғырығы сияқты қатталып жатады. Ал,
біз сияқты мәдениетті концерт тыңдаушыларына оны бажайлап түсіну үшін жүз
басты оркестр аппараты қажет болар! Айтары жоқ, өз басым мұны талай рет жан-
жүрегіммен сезіндім және осынау ғажап құбылысқа Абыл, Нарату, Өтті-
кетті сияқты тегеурінді, өршіл күйлерді тындау арқылы көз жеткіздім (А.
В. Затаевич. Көрсетілген еңбек. 7-бет).
Тағы да былай дейді: Жалпы, бұл күй (Өтті-кетті — А. С.) — қазақ
музыкасындағы (Орал өңірі) шоқтықты биіктердің бірі. Сондықтан да, бұл
күйді жазып алу барысында біраз қиындық көрсем де, менің әрі музыканттық,
әрі коллекционерлік сезімімді жігерлендіріп, көңілімді насаттандырды.
Бұл күйді тарту барысында октаваны қосарлап жүргізсе, оның көркі одан
сайын құлпыра түседі. Нақтылап айтар болсақ, күйдің жусар алдындағы
интермеццо бітімдес бөлігі (маңғаз да асқақ) мейілінше қызықты. Бұл жерде
А. Г. Рубинштейннің (!?) болмысымен үндес... ақыл-ойға сыймайтын тәсілге
тап боламыз. (Сұңқылдатып сүйрете қаққандағы (триоль) күй тілі көзіңді
қарықтыра жалын шашқан қалпы бір ырғақпен лекілдеп келіп түйінделеді) (А.
В. Затаевич. Көрсетілген еңбек. 296—297-беттер).
Міне, таным-түсініктері екі басқа қайнардан бастау алған кісілердің бір
Есбай туралы ой-толғамдары осындай. Дәстүрлі таным-түсінікті тұғыр еткен
Алым Жаңбыршин Есбайдың күйлерін экосистемамен шендестіріп елестетеді. Оның
түйсінуінде Есбай жер мен көктің арасындағы ахуалды біртұтас құбылыс
ретінде күй тіліне түсіреді. Яғни, күйдің айтары жалғыз сәттің немесе жалқы
бастың ахуалы емес, уақыт пен кеңістіктің, жалқы мен жалпының біртұтас
тағдыр-талайы. Сондықтан да, Алым Жаңбыршиннің жоруында Есбай күйлері
өмірдің өзіндей байтақ, уақыттың өзіндей шексіз.
Есбай күйлерінің осынау қасиетін А. В. Затаевич те түйсінеді. Бірақ, ол
өзінің таным-табиғаты тұрғысынан жориды. Оның жоруында Есбай күйлеріндегі
тегеурін, асқақтық, маңғаздық сияқты қасиеттер жеке тұлғаның болмысы
ретінде қабылданады. Яғни, күйдің табиғаты — индивид болмысының аясындағы
құбылыс. Содан да болар, тыңдаушы ретінде А. В. Затаевичтің эстетикалық-
эмоциялық әсері индивидуалистік ой-тұжырым (концепция) ретінде қабылданады.
Қалай болғанда да, бір шындықтың басы ашық, күйші композитор Есбай
қандай тыңдаушы болса да құрқол қайтармайды. Әрбір тыңдаушы одан іздегенін
табады, қалағанын алады. Жәнеден іздеушінің де, қалаушының да қоржыны орта
болып кетпейді. Бәлкім, Есбайдың эпикасы, Есбайдың феномені дейтініміз осы
болар. Міне, тағдырдың жазуымен Еуразияның жапсарында дүниеге келген, содан
оң құлағын өмір құбылыстарына еліктегіш Еуропа музыкасына түріп өскен, сол
құлағын өмір құбылыстары туралы ой толғағыш Азия музыкасына түріп өскен
Есбай күйлерінің болмысы осындай.
Балұстаұлы Есбай Гурьев уезіне қарасты Қарабау болысының (қазіргі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы) жеріндегі Сарыкөл деген айдынның маңайында
1842 жылы дүниеге келіп, 68 жасында 1910 жылы дүние салған. Мұндай нақтылы
мағлұматқа ел ішінен жинақталған деректер мен хатқа түскен деректерді
салғастыру барысында көз жеткізуге болады. Ең басты мәнді дерек Ақтау
қаласында тұрып, 1975 жылы 81 жасында дүние салған Жанай Саламатұлы деген
ақсақалдан алынды. Жанай ақсақалдың елі Кіші жүздің Байұлы тайпасы, оның
ішінде Адай, оның ішінде Мұңал, оның ішінде Бәйімбет атасы болып келеді.
Бұл кісі 1903 жылы Қаналы төре әкесіне ас бергендө Мұңал НұрымныңТауаны
деген байдың шұбар атына мініп бәйгеге шапқанын айтады. Бұл деректен Кіші
жүзге аты мәлім Қаналы төре берген астың 1903 жылы болғанын білеміз.
Енді осы деректі толықтыратын, нақтылай түсетін әңгімені Есбай күйлерін
жеткізуші Мұрат Өскенбаев, Алым Жаңбыршин, Сақтап Қазтуғанов, Сағын
Жалмышев сияқты күйші-домбырашылар айтады. Бұл кісілер бір ауыздан ғасырдың
бас кезінде, қоян жылы Қаналы төренің әкесіне ас бергенін, осы аста арнайы
бәйге тігіп, Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы, Байұлы және Жетіру күйшілерін
айтыстырғанын сөз етеді. Осы айтыста Жетіру Науша қыздың 18 жаста, Әлім
Тоғызбайдың 40 жаста, Байұлы Есбайдың аттай 61 мүшеліндс екені айтылады.
Әрине, мұндай деректен кейін Есбайдыңтуған жылын шығару қиын емес. Қаналы
төренің әкесінің асы қоян жылы берілсе, бұл 1903 жыл болады. Ал, 1903 жылғы
күй сайысына Есбай 61 мүшелінде қатысты десе, онда 1842 жылы туған болып
шығады.
Бұл деректің қисынға келетінін тағы да бірер мысалмен орнықтыруға
болады, Күй өнерінің тарихында әйгілі күйшілер Абыл Тарақұлының 1820 жылы
туғаны, Есір Айшуақұлының 1840 жылы туғаны белгілі. Осы күйшілердің күйін
тартып өмірбаянын білетін кез-келген домбырашы Есбайға Абылдың ұстаз
болғанын, ал Есірдіңжасы шамалас болғанын әңгіме етіп отырады. Яғни, ұстаз
Абылдың Есбайдан 22 жас үлкен болуы да, жастары шамалас Есір мен Есбайдың 2-
ақ жас айырмашылығының болуы да қисынға келіп-ақ тұр. Демек, осынау
деректерге ден қоя отырып, Есбайдың 1842 жылы туғанына табан тіреуге
болады.
Ал, енді, Есбайдың 1910 жылы дүние салғанына келетін болсақ, бұл дерек
те далалық ауызша тарихнама (ДАТ) арқылы жеткен. Бірі Есбайдың көзін
көрген, енді бірі көзін көргендердің сөзін естіген Атанғұл, Шаңғұл, Сақтап,
Жүзбай сияқты зерделі домбырашылардың айтуында әйгілі күйші ит жылы қайтыс
болған. Яғни, 1910 жыл. Бұл деректі музыкалық фольклордың білікті маманы
Тымат Мерғалиев те қуаттайды (Т. Мерғалиев. Домбыра сазы. Алматы. 1972.289-
бет). Сондай-ақ, осынау деректің қисыны А. В. Затаевич жазбаларына ден
қойғанда да орныға түседі. Есбай күйші осыдан жиырма жыл бұрын орта жасқа
келген кезінде қайтыс болды — дейді А. В. Затаевич. (А.В.Затаевич.
Көрсетілген еңбек. 296-бет). Бұл деректі Александр Викторович қазақтың ән-
күйін жинаумен айналысқан 1920-1936 жылдар аралығында жазған. Яғни, Есбай
күйлерін жиырмасыншы жылдардың соңын ала нотаға түсіріп, күйшінің өлген
кезі туралы мағлұматқа да мән бере кеткен. Осы деректе орта жасқа келген
кезінде қайтыс болды деген сөздің аңғартары мол. Әдетте, орта жас деп
алпыстың ішін айтады. Демек, Есбайдың 1842 жылы туып, 68 жасында 1910 жылы
дүние салғаны күмән келтірмесе керек.
Есбайдың шыққан тегі Кіші жүздің Байұлы тайпасы, оның ішінде Есентемір
атасы болып келеді. Ел ішінде Есбайды Тазбала деп те атаған. Көнекөз
қарттардың айтуында Есбай таз болмаған. Бала кезінде аттан құлап, шекесін
жаралап алады да, сол жараланған жеріне ақ шаш шықса керек. Осыған орай
нағашысы Өтеқұл Есбайды жиенсініп Тазбала деп атап кетеді. Болашақ
күйшінің өскен шаңырағы малға кедей болса да, сұлулықтың парқын біліп,
өнерді тәу еткен. Есбайдың әкесі Балұста он саусағынан өнері төгілген ұста-
зергер, көкірегі күйге жұбанған домбырашы болған. Әкеге қарап ұл өсер
дегендей Есбайдың бала кезінен домбыраға бауыр басып, күйге көңіл қойып
өсуіне әкесінің ықпалы айрықша болған.
Бірақ, бәрі де жазудан ғой, Есбай 10-11 жасқа іліккенде араларына жыл
салмай әке-шешесі қайтыс болады. Болашақ күйшіні үлкен әкесі Ерназар қолына
алады. Ол кезде, өзі кедей болса, өзі жетім болса, ондай балалардың
пешенесіне қозы жаю, одан әрі қой жаю жазылған. Тағдырдың мұндай
сыбағасынан Есбай да қашып құтыла алмайды. Ертелі-кеш қой соңында жүріп
домбырамен мұңдасады. Бұғанасы қатпай жатып тәлкекке түскен тағдырына
налып, домбырасына мұңын шағады. Бара-бара домбыра жан серігіне айналып,
шер тарқатар сырласындай болып кетеді. Түс әлетіндегі қойдың жусауында,
айлы түндегі қотан шетінде Есбайдың домбыраны сұңқылдатып, егіле тартатын
әдеті төңірегіне аңыз болып тарайды.
Осының бәрін бір сыр етіп көкірегіне түйіп жүрген Ерназар қарт бірде
немересі Есбайды шақырып алып, батасын береді: Шырағым, Есбай, -дейді, —
Тәңірім саған тыншымас жүрек беріп, көкірегінді күйге толтырған сыңайы бар.
Қойды екінің бірі жаяды. Күйді дыбыстың пірі шалады. Мұнан әрі бағыңцы
байламаймын. Жолың ашық, бірдің малын баққанша, мыңның бабын тап, бірыңғай
күйіңмен бол. Артыңа алаңдама. Елдің ішін арала, өнерлімен бастас бол.
Бағың ашылсын!.
Ерназар қарттың батасы қабыл болып, Есбай бар өмірін күйге арнады.
Өмірбойы домбырасын құшақтап ел алдында күй тартуды жалғыз ғана мұрат
тұтып, жанұя құрмастан соқа басы күңіреніп өтті. Халық арасына Тазбала
деген атпен белгілі болған Есбай Еділ, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз бойында,
Маңқыстау мен Үстірт алабында, Орынбор, Саратов, Самара, Астрахань
қалаларында армансыз күй төгіп, көптің алғысын арқалап баққан. Халықтың
ықыласы оған не ішем, не кием дегізбеген. Қай ауылға келсе де төрден орын
тиіп, төңірегіне жұрт үйіріліп, оның сұңғыла күйлерін сағынышпен тыңдайтын
болған.
Әрине, Есбайдай дәулескер домбырашы ел ішін текке араламайды. Асыл
өнерге дұғадай ұйып, арқалы сарынды көкірегіне құйып, бойындағы Құдай
берген қабілетті шыңдаумен болады. Ол өзінің алдындағы Боғда, Махамбет,
Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл сияқты ұлы күйшілердің мұрасына құмарта ден
қояды. Өзімен қатар Арал, Есір, Алтынай сияқты күйшілермен өнер
өрелестіреді. Ал Өскенбай, Қоңыр, Кұлшар сияқты өкше басар ұрпаққа
бойындағы мол мұраны аманат етіп, қол жалғайды.
Есбай қазақ даласымен жапсарласып жатқан орыс қалаларын да көп аралап,
ондағы сауыққой орталарда өзінің қос ішекті домбырасын балалайка, скрипка,
сырнай сияқты аспаптармен талай өрелестірген. Ақыл — ауыс, ырыс —жұғыс
дегендей, сырт елдің музыкасы да Есбайды бейтарап қалдырмаған. Арқалы әуен,
сазды сарын оны ұдайы қанаттандырып, шабытын жанып отырған.
Күйші-композитор ретінде Есбайға айырықша ықпал еткен адам -Абыл
Тарақұлы. Кеңаяда пайымдар болсақ, Маңқыстаудыңкүйшілікдәсгүрінің, накхылап
зерделер болсақ, Абылдың күйшілік мектебінің табы Есбай күйлерінің
өнбойында сайрап жатыр. Жалпы, Маңқыстау күйлерінің сырты сабырлы
көрінгенімен, іші алабұртып, дөңбекшіп, тереңнен тепсініп жатады. Маңқыстау
күйлері жалқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға үйір емес, жалпының арман-
аңсары туралы ой толғайды. Былайша айтқанда, бірдің емес, көптің сөзін
сөйлеп, жақыннан емес, алыстан толғап, бір ғана сәттің емес, мәңгілікті
зерделеп, содан философиялық ой түйеді. Маңқыстаудың көкжиекпен ұласқан
құлансауыр даласы, әжімді бел-белестері, шыңырау шатқалдары, шаңытып
тұратын ақ мұнар ауасы, бейне бір дыбысқа айналып, эпикалық қарымды күй
болып төгілген сияқты. Осы дәстүрдің ұлы тұлғасы Абыл екені ден қойдырады.
Ал, Абылдың асқақ мұратын аласартпай, ізін суытпай ілгері алып жүрген
мұрагері — Есбай.
Абыл — алпыс екі тармақты Ақжеленді қақтап сауғандай етіп тауысып
тартқан күйші. Сонымен бірге, Ақжелеңдердің салтанатты көшін ұзартып, өз
жанынан небір терең толғанымды күйлер шығарған. Есбайдың Абылға лайықты
ізбасар болатыны, ең алдымен, осы дәстүрді игеріп, осы мектепті меңгерген.
Ол да алпыс екі тармақты Ақжелеңді тауысып тартқан. Оның да Ақжелең,
Түйдек Ақжелең, Ілме Ақжелең, Шидемелі Ақжелең, Шілтерлі Ақжелең,
Кербез Ақжелең, Қыз Ақжелең, Сылаң Ақжелең, Бұлбұл Ақжелең деген
күйлері осынау ұлы дәстүрдің салтанатты көшін одан әрі ұзартқан. Және мұның
бәрі де жай еліктеу, жайдақ қайталау емес. Есбай дарынының ішкі сұранысынан
туған, барша конондық үлгілерді сақтай отырып тіленіп шыққан тегеурінді
туындылар. Содан да болар, Маңғыстаудың кәріқұлақ талғампаз тыңдаушылары
Есбайды өздерінің Абылынан, Есірінен, Өскенбайынан, Аралынан, Қартбайынан
әсте кем көрмейді. Мұның жарқын дәлелі, Есбай күйлерін көкірегіне ең мол
сақтап, бүгінгі күнімізге жеткізген — Маңғыстау домбырашылары. Бұл ретте
Есбай күйлерін қолдан түсірмей жалғастырған әрідегі Назар, Арал, Сәулебай,
Қисық, Кәуен (Жұмағали) сияқты домбырашылардың, берідегі Лұқман Мұхитов,
Мұрат Өскенбаев, Сақтап Қазтуғанов, Шамғұл Ибрагимов, Бекен Атанқұлов
сияқты домбырашылардың, одан да берідегі Сағын Жалмышев, Ізбасар Шыртанов,
Сержан Шәкіратов, Айтжан Есенұлы, Әлдеш Жәлекеев, Айтбай Қалдиев, Құмар
Хасенов, Жеңіс Қырымов, Қарағұл Қонаршиев, Бәтіш Дәненова, Қажымұрат
Қыдырбайұлы сияқты домбырашылардың есімін құрметпен атап өткен абзал.
Демек, Есбай мұрасының ізі суыған жоқ. Есбай күйлері халыққа рухани қызмет
көрсетуде деп айтута негіз мол.
Ел арасында Абылдан сөз қалмаған, Есбайдан күй қалмаған деген сөз бар
(бұл мәтелде ауызға алынып отырған күйші Абыл емес, ақын Абыл Өтембетұлы).
Бар өмірін күйге арнаған Есбай, ең алдымен, халық жадында ғасырлар бойы
қатталған рухани мұраның түпсіз білгірі болған. Таңды таңға ұрып тарататын
көшелі күйлерді былай қойғанда, Есбай ел ішіндегі ақын жыраулардың төл
саздарын күйге бергісіз етіп тартқан. Көнекөз қарттардың естелігінде
Қашағанның той бастар сазы, Дүйсенбай жыршының сазы, Ақтан-Нұрым
сазы, Түмен сазы, Өришаның жыр сазы, Әлдидің сазы, Қарабай бақсының
сазы сияқты әуен-саздарды Есбай ет асым уақыт тартқанда таусылмайды екен.
Ал күйге тұяқ іліктіргенде арқаланып, алапат-айбыны асып кететін болған. Ол
күйді жан ләззаты емес, ел мен жердің дыбысқа айналған киелі рухы деп
білген. Содан да болар, кәріқұлақ қарттардың айтуында, Есбай әулиелі
орындарға жиі түнеп, оларға тауап етіп, оңашада күй төгетін болған. Ол
көшпелілердің байырғы наным-сенімі бойынша күйді Тәңірдің тілдесі деп
түсінген. Күйді неғұрлым егіліп тартса, арнайы мінәжат етіп тартса,
солғұрлым аруақ риза болады деп білген. Маңқыстаудағы Қараман-ата, Масат-
ата, Шопан-ата, Сейсем-ата, Қырыққыз-әулие, Әжі-баба, Шақпақ-ата, Сұлтан-
ене, Қаңға-баба, Қошқар-ата сияқты әулиелі орындарды, ондағы үңгір-
оқаптарды, сағана-сынтастарды Есбайдың күйлері талай-талай жаңғыртқан. А,
В. Затаевич жинаған деректерінде Есбай бейіт-қорымдарды, үңгір-оқаптарды
мекен етіп, ағыл-тегіл күй тартатын болған деп жазатыны сондықтан (А. В.
Затаевич. Көрсетілген еңбек. 296-бет).
Алайда, мұндай деректерге қарап Есбай да тақуалық ғұмыр кешкен деп
қорытынды жасауға болмайды. Ол небір алқалы жиындарда ел ішінің даңқты
адамдарымен бастас болған. Маңқыстаудың жеті қайқысы атанған Мұңал Досат,
Қаржау Тұрсын, Майлан Шолтамен, Жаманадай Тастемір, Жанай Өскенбай, Кенже
Әділ, Медет Жылкелді сияқты сал-серілердің ортасында небір қызықты күндерді
бастан кешкен. Ауыл-елдің, ру-атаның намысы сынға түсетін алқалы күй
сайыстарына қатысып, талай рет жеңіс туын желбіреткен. Соның бәрінде Есбай
көптің құрметіне бөленіп, өзімен мұң-сыры ортақ достар тауып отырған.
Есбайдың Ел айырған, Бөгелек деп аталатын күйлерінің әйгілі Боғдаға
арналуы, Бегімсалы күйінің жан досы Аралға арналуы, сондай-ақ, Шажда
қыз күйінің Алтынайға арналып тартылуы оның азаматтық болмыс-тұлғасына
айғақ болса керек.
Бүгінгі күнімізге Есбайдың көзіндей болып оның домбырасы жетті.
Балұстаның кенжесі, Есбайдың туған інісі Ізбасар — үш ұл, үш қыз сүйген
адам. Сол Ізбасардың кіші қызы Кенже (Қайырша) Есбайдың домбырасын
бойтұмардай сақтап келген. Музыкалық фольклор зерттеуші, білікті азамат
Қажымұрат Қыдырбайұлы 1985 жылы Есбайдың домбырасын қалап алып, 1989 жылы
Алматыдағы Қазақтың республикалық халық саз аспаптары музейіне тапсырды.
Тұтас ағаштан қашалып, сүйектелген қоңыр домбыра асылдың көзіндей болып
музей төрінде тұр. Бір сәт бейнелі сөзге ерік берер болсақ, Есбай
домбырасының тұрған орны музей төрі ғана емес, халық жүрегінің төрі де.
ДЕРЕК: Балұстаұлы Есбайдың күйлері: Ақжелең, Ақілме, Айда бұлбұл,
Айкербез, Айша кербез, Алшаң кер, Әлейлім жалған (екі түрі бар),
Әңкі-тәңкі, Әулиенің ақ күйі, Бес қыздың бел шешпесі, Бұлбұл (екі
түрі бар), Бөгелек (екі түрі бар), Бозтөбе,
18 жасар Науша қыз жетеді. Күйшілерге Қаналы төренің өзі сарапшы
болады.
Уа, ағайын! —деп, Қаналы төре сөз бастайды. — Үш ананың бетке шығар
күйшілері алдымызда отыр. Бұрынғы-соңғының дәстүрімен бұларды қара
тартысқа, қала берді, түре тартысқа салсақ, онда апталап тыңдауға тура
келеді. Сондықтан, бір-бірден күйлерін тыңдап, Теңіз дәмі тамшыдан
белгілі дегендей, төрелігімізді айтайық.
Отырғандар Қаналы төреніңуәжін қабыл алады. Сол жерде, жолы жіңішке
деп, бірінші күй тарту кезегі Науша қызға беріледі. Ол кезде тартар күйінің
бөгернайын танытып, мән-жайын айтып алатын дәстүр бар. Бұл күйдің шығуына
себепші оқиға өз басымнан өтіп еді, — дейді Науша қыз. — Бірде, айлы түнде
ауылдың қыз-бозбаласымен бірге ақсүйек ойнап жүріп, етігімнің өкшесін
тайдырып алдым. Сонда ақсүйекті бірге іздесіп жүрген жанымдағы жігіт
етігімнің өкшесін ай жарығына қаратып отырып, шимен шегелеп бергені. Сол
жігіттің өнеріне риза болғаннан шығарған күйім еді.
Науша қыз осылай дейді де, Шилеме-шегелеме деген күйін тартып шығады.
Келесі кезекті атасының жолы үлкен деп, Тоғызбайға береді. Менің
күйіме де өз басымнан өткен бір оқиға себепші болып еді, - дейді Тоғызбай.
— Жапсар ауылда Мамыт деген қыз болды. Әзіліміз жарасып, сөзіміз үйлескен
жандар едік, ертелі-кеш бара қалсам Қызылқайың деген иті күрпілдеп үріп
алдымнан шығады. Қабаған ит қызды ауылға жолатпай діңкемді құртты. Содан
бір күні қолыма таяқ ұстап, сайланып шықтым. Әдеттегідей алдымнан үріп
шыққан итті қатты жасқап едім, жайына кетті. Мен мұратыма жеттім. Сонда
көңілім өсіп қайтқан соң шығарған күйім еді.
Тоғызбай жорғадай сыдыртып күйін тартып шығады. Мұнан әрі күйдің кезегі
Есбайға тиеді. Сонда Есбай: Бұлар күйді оң қақты ғой, қайталау болмасын,
мен теріс қағайын деп, сол жерде Терісқақпай деген күйді шығарып
тартады.
Күй біткен кезде тыңдаушылар ду ете қалады: Ойпырмай-ай, бұл Есбайға
дауа жоқ екен... Түрткені де, шерткеніде күй ғой... Табан астында тыңнан
шығарып тартты-ау деседі. Көптің қолдауына Қаналы төре де қосылып,
Бәйгенің иесі Есбай деп айтып салады.
Сол жерде Науша қыз уәж айтады: Қадірлі ағалар, - дейді, - кезек тосын
тиген соң, қолым үйренген күйді тартқаным рас еді. Болмаса, шығарып тарту
біздің де қолымыздан келеді. Маған бәйгенің де, байрақтың да керегі жоқ.
Осынау асқа құрқол келмейін деп, құлағын шығарып келген жаңа күйім бар еді.
Өзіммен бірге кетпесін, рұқсат болса, сол күйімді тартып берейін.
Науша қыздың уәжін Қаналы төре бастаған жұрт қабыл алады. Іле Науша
сарыны тың, қағысы бір күйді лекілдете жөнеледі. Отырғандар жаңа күйге
сүттей ұйып, құлақ түреді. Әсіресе, Қаналы төренің Күнтай атты бәйбішесі
ұмсына түсіп, құлақ түргенде жаулығы сырылып, шашының көрініп қалғанын
аңғармайды. Күй делебе қоздыра құлдыраңдап барып бітеді. Күнтай бәйбіше
апыл-ғұпыл жаулығын түзейді. Мұны байқап қалған науша қыз күліп: Менің
күйіме ең беріліп тыңдаған адам Күнтай апамыз сияқты, сондықтан, бұл күйдің
аты Күнтай болсын — дейді. Ақылды қыздың қылығына риза болған Қаналы
іөре қабақ серпіп, Науша қыздың алдына зер бұйымыңды салып жүр деп күміс
сандықша қойдыртады.
Осы кезде Есбай отырып тіл қатады: Апыр-ай, менен кейін күй
гартылмаушы еді, дәуренім өтейін деген екен-ау! деп, сол жерде Өттің,
дүние! деген күйін тартады. Күй тереңнен толғап, күңірене дөңбекшіп,
отырғандардың ойын сан-саққа жүгіртеді.
Сонда Тоғызбай күйші: Сабыр, Есаға, сабыр! Өлмейтін өнердің алды-
артында дүбірі қалың болмайтын ба еді. Мұндайда шүкірлік еткен жарасар —
деп, сол жерде Әләйлім жалған деген күйін шертеді.
Күй біткен кезде аңтарылған жұрттың ішінен біреу сез бастайды: Ау,
ағайын, осы біз мына Байұлының қолын олай-бұлай сермегеніне алданып қалған
жоқпыз ба? дейді. Бірінен-бірі өткен күйдің әсері суымай отырған жұрт
дабыр-дүбыр болып қалады. Бірі — Наушаның қолы шебер екен, келесісі —
Жоқ, Тоғызбайдың сарыны сұңғыла болды деседі.
Өршіп бара жатқан дауға Қаналы төре басу айтады: Жә, ағайын, - дейді,
— бұл бір айта жүретін өнер сайысы болды. Осы жерде тегін тартылған күй
жоқ, бәрі де кісіліктің сойылын соғып, жон-жобасымен тартылады. Олжаның
үлкені сол болса керек. Дегенмен, кесім айтылып қойды. Енді мені екі
сөйлетпей-ақ қойындар. Жеңіс Есбайдікі, құрмет туын көтеріндер! Ал, Науша
мен Тоғызбай болса, олар да сый-құрметке әбден лайық екен. Риза етіп
аттандыру мойнымызда болсын.
Кейін осынау күй сайысында тартылған күйлер ел ішінде Үш ананың күйі
деген атпен тарайды. Қазіргі домбырашылар Күнтай күйін Бұлбұл деп,
Өттің, дүние! күйін Өтті-кетті деп тартып жүр. Бұл да уақыттың оз
дегенін болдыртпай қоймайтын бір өктемдігі болса керек.
Бұлды құс
Атыраудағы Тайсойған құмының ішінде Ақкөл деп аталатын ботакөз айдын
бар. Ақкөлдің жағасы шүйгін, қамыс-құрағы бітік, шаруаға қолайлы. Осы көлді
Рабай, Әбіт есімді екі кісі қатар жайлап жүреді. Қоңсылас болған соң, бір-
біріне деген сый-құрметтен де кенде болмайды.
Төрт түлік малдың тісіне ілесіп күн көру ата кәсіп болғанмен, Әбіттің
құс салатын да өнері бар екен. Бір-екі рет сәті түсіп, Әбіттіңжанына еріп,
лашынның құс ілген өнерін көрген Рабай қатты қызығады. Шіркін-ай, осындай
бір құсым болса ғой деп армандайды. Алайда, құрғақ арман құс бола ма, бір
күні Рабай тәуекел деп Әбітке қолқа салады: Әй, Әбіт, сен құстың тілін
білесің ғой, құрқол болмассың, мына құсыңды маған бер, мен де қызықтайын.
Қарымтасына бір үйір жылқым дайын! дейді.
Бұл сәзге Әбіт күліп: Әй, Рабай-ай, қызықсың-ау, лашынды құсқа бір
салғаным бір үйір жылқы емес пе! деп кете береді. Әбіттің бұл сөзін Рабай
кеңіліне алып, қап, мынау мені келеке қылды-ау деп іштей қамығады. Осыдан
кейін Әбіт пен Рабайдың арасы салқын тартады.
Күндердің күнінде бұл оқиға Есбайдың құлағына шалынады. Есбай Әбітпен
де, Рабаймен де көңіл жарастырған дос болса керек, қап, бұлары жарамаған
екен дейді де, бір орайлы кезде Ақкөлге келеді. Сол жерде Әбіт пен
Рабайдың басын қосып отырып бір уәж айтады: Бірің құсты сұрап ала алмай,
бірің бұлдап бере алмай жүргендеріңді естідім. Құс қанша бұлды болса да,
бар болғаны екі қанат, бір құйрық қана. Мал өлер, дүние тозар, мен сендерге
өлмейтін, тозбайтын бір күй әкелдім. Мына фәни жалғандағы достығымыздың бір
белгісі болсын — деп күйін тартады.
Әбіт пен Рабай күйді тыңдап, көздеріне жас алады. Өткінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz