Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті
- Тарихи деректер
- Қоздырушысы. Химиялық құрамы.
- Төзімділігі. Антигендік қасиеті
- Балау әдістері. Вирустардың индикациясы
- Иммунитет және арнамалы дауалау.
- Аурудың алдын алу шаралары
- Індеттік ерекшеліктері
- Патогенезі
- Өтуі мен симптомдары
- Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Аденовирустар тұқымдастығы - Adenoviridae (грек aden-без) .
Бұл тұқымдастықтың алғашқы өкілі . 1953 жылы Роу және оның қызметтестері, аденоид тоқымасы мен жас балалар миндалинінен латентті вирус түрінде клетка себіндісін әзірлеу үстінде бөліп алды. Кейіннен бұл вирустарды - маймыл, ит, ірі қара, кеміргіш және құстардан бөліп ала бастады.
Аденовирустар жас төлдерде жіті өтетін респираторлы ауруды шақырса, ал ересек малдарда - латентті індетті қоздырады. Бұлар икасаэдрлы, қарапайым ДНҚ-лы бар вирустар, эфир мен қышқыл әсеріне төзімді.
Жіктелуі. Аденовирустар тұқымдастығы 2 туыстықтан тұрады: Mastadenovirus және Aviadenovirus. Көптеген серотипі бар. Мысалы:мастоаденовирустарда - 90-ға жуық, ал авиаденовирустарда 14 серотип бар. Адамнан -41, ірі қарадан -10, қойдан-5жылқыдан -1, шошқадан -4, иттен -1, тауықтан - 9, қаздан - 3 серотиптері ажыратылды. Барлық аденовирустардың топқа тән комплементті байланыстыратын антиген бар, олардың серотиптері түрге тән антиденемен ажыратылады.
Аденовирустардың құрылымы
ІІ. Негізгі бөлім.
Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті / орыс. инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота, лат . Rhinotraheitis infectiosa bovum / -қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы - өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. Бұзаудың жіті өтетін жұқпалы ауруы, ол тыныс алу, асқорыту мүшелерінің зақымдануымен сипатталады. Көбінесе, бұл аурумен бұзаулар ауырады, ал ересек малдар латентті вирустардың тасымалдаушылары болып табылады, оларда ауру клиникалық белгілерісіз өтеді. Қызба, жоғары тыныс жолдары, көздің, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарының қабынуы және орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын аса жұғымтал вирус тудыратын ауру. Жасы мен жынысына қарамастан барлық ірі қара мал бейім. Бордақылаудағы мал жиі шалдығады. Ауру қоздырушы тікелей жанасқанда (ұрықтану кезінде) және ауа арқылы беріледі.
Тарихи деректер. Бұл ауру АҚШ-та белгілі болған. Бастапқыда ол екі дербес ауру ретінде қарастырылды: бірі - жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагенит, екіншісі - тыныс жолдарын қамтитын ринотрахеит. 1958 ж. J. Gillespic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді. 1960 ж. бұл вирустың ересек сиырдың іш тастауының, ал бұзауда менингоэнцефалиттің себепкері болаттындығы анықталды. Осыдан кейін бұл аурулардың барлығы бір нозологиялық бірлікке біріктіріліп, жұқпалы ринотрахеит аталды да, әртүрлі органдардың зақымдануы осы аурудың клиникалық түрлері ретінде қарастырылатын болды.
Қоздырушысы . Bovid (alpha) herpesvirus герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады. Құрамында ДНҚ бар, бір ғана антигендік типтен тұрады, әртүрлі ағзаларға түскенде, соларға бейімделіп, жоғарғы тыныс жолдарын, жыныс мүшелерін, жүйкені, көздің кілегейлі қабығын зақымдайтын қасиетке ие болады. Бәрінен де тыныс алу және жыныс ағзаларының торшаларына басымырақ бейімделеді.
ІҚ аденовирусы ең алғашқы рет 1959 жылы АҚШ-да бөлініп алынады. Бұл қарапайым, сыртқы қабығы жоқ, вирионның мөлшері 70-90 нм, капсид симметриясы куб тарізді, құрамында 252 капсомерлері бар, капсомерлер 6-дан орналасады, оларды «гексон» деп атайды. Әр куб 20 үшбұрыштардың төбесінде 12 капсомерден бар, олардың әрқайсысы бес капсомермен қоршалған, оны «пептон» деп атайды. Икосоэдраның әрбір ұшынан (төбесінен ) жіпті талшықтар шығады, оларды «фибралар»деп атайды. Аденовирустардың геномы екі-жіпті сызықшалы ДНҚ -лы.
Химиялық құрамы . Аденовирустар 13% ДНҚ-нан және 87%белоктан тұрады. Липидті мембранасы жоқ, сондықтан да эфир мен этанолға төзімді келеді. Гексоны мен пептоны әртүрлі полипептидтерден тұрады.
Төзімділігі . 56 0 С -та қыздырғанда 20 мин., 37 0 С-та 4-10 тәулік, 22 0 С-та 50 күн өткенде өледі. Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Леофильді кептіргенде уыттылығы өзгермейді, ал алма кезек мұздатып жібіткенде зардаптылығы мен иммуногендік қасиеті төмендейді. Дезинфектанттар әдеттегі ертінді күйінде зарарсыздандырады.
Аденовирустар сыртқы ортаға, әртүрлі химиялық-физикалық әсерлерге - эфир, трипсин, этил спиртіне, рН 3 - тен 9-ға дейінгі ортаға өте төзімді келеді Аденовирустардың белсенділігі температураның 56С-да, УК-сәулесінің әсеріне төмендейді, ал 4С-та 6 айға дейін сақталады.
Антигендік қасиеті. Вирион құрамында 3 түрлі антиген бар:А, В және С . Гексон құрамында А-антиген бар, ол топқа тәнді болып табылады. Бұл мал организмінде комплемент байланыстырушы, преципитиндеуші антиденелер синтезін стимулдейді. Пентон құрамында В-антигені, улы антиген бар, ол торшада цитопатикалық өзгерістерді тудырады-клеткалар домалақтанады. С-антиген фибралар құрамында болады, ол түрге тән, мал организмінде тек қана түрге тән антидененің түзілуіне жауапты.
Гемагглютиндік қасиеті. Аденавирустар тыныс жолдары, бронх, альвеол, ішектің кілегейлі қабықтарының эпителиінде өсіп-өніп көбейеді. Вирустар өздерінің фибраларының көмегімен клетканың арнайы рецепторларына жабысып, эндоцитоз арқылы клеткаға өтеді, сөйтіп цитоплазмада шешінуі басталып, ядрода аяқталады. Ядрода вирус бөлшектерінің құрастырылуы жүреді - алғашқыда капсомерде полипептидтер жиналады, сосын гексондар, пептондар, олардан капсидтер, ең соңынан жетілмеген вирустар-провириондар құрастырылады. Әрбір клеткада миллионға жуық вирус бөлшектері болуы мүмкін, олардың бір бөлігі клеткадан шығады, ал қалған ядрода қалып ядролық қосындылары түзейді.
Балау әдістері:
1. Эпизоотологиялық-көбінесе 2 аптадан 4 айға дейінгі жастағы бұзаулар ауруға шалдығады, оларға індет тыныс алу және алиментарлы жолмен жұғады. Мал өлімі 60%-ке дейін жетеді.
2. Клиникалық - бұзауларда температура 41, 5С-қа дейін көтеріледі, мұрыннан іріңді -кілегейлі сұйық ағады, тыныс алуы қиындайды, жөтел, іші өтеді, әлсірейді, тәбеті төмендейді.
3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер-геморагиялық катаральды гастроэнтериттің белгілері байқалады.
Зертханалық балау -бұлүшін мұрын қуысының кілегейлі қабығы, тік ішек, конъюктива, қан сынамасы, нәжістен алынған сығындылар патологиялық материал ретінде пайдаланылады.
Вирустардың индикациясы
1) клетка өсіндісінде (бүйрек, талақ, және ірі қараның эмбрионынан алынған) жүргізіледі.
2) жағындыда немесе гистопрепаратта арнайы вирус-денешіктер анықталады. Ядролық арқылы көруге болады
Вирустардың серологиялық идентификациясы КБР, ИФР, ДПР, РТГА, ГР және т. б әдістермен іске асады.
Ретроспективтік балау-КБР, ДПР, ГАТР, БР және т. б реакцияларда ауру малдың қан сарысуындағы антиденелер анықталады.
Ажыратып балау мақсатымен зертханалық зерттеулер парагрипке, вирустық диареяға, аденовирустық және респираторлық-синцитиялық инфекцияларға қатар жүргізіледі.
Иммунитет және арнамалы дауалау.
Ауырып жазылған және егілген бұзаулар ағзаларында иммунитет пайда болады. Арнамалы дауалау үшін тірі әлсіретілген және инактивтелген вакциналар қолданылады.
Емі. Ауру малды гипериммунды қан сарысуымен емдейді. Сонымен бірге симптоматикалық (аурудың сыртқы белгілеріне қарай) ем жүргізіледі.
Аурудың алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияларда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет болған жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т. б. ) жүргізіледі.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, әлде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі.
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине, бұл шаралардың бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары болады.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда тек қана ІҚМ ауырады. Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұқымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше сезімтал, вирустың әсерінен тез өледі де буаз мал іш тастайды.
Ауру қоздырушысының бастауы-ауырған және ауырып жазылған мал. Сауыққан жануар 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан сорамен, көздің жасымен, жыныс мүшелерінен бөлінген сұйықтықпен, сүтпен, несеппен, нәжіспен, шәуетпен шығады. Вируспен ластанған ауа, су, жемшөп, төсеніш, сүт, шәует, күту саймандары, көлік жабдықтар қоздырушының берілу факторлары, ал ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адамдар оның механикалық тасымалдаушылары болады. Әдеттегі жағдайда вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады. Ауру көбінесе өндірістік кешендерде шоғырланған малда байқалады, өйткені оның шығуына жануарлардың тығыз орналасуы, күтімнің нашарлығы, микроклиматтың жайсыздығы ықпал етеді. Әр жерден әкелінген, иммунитеті әртүрлі деңгейдегі жануарлар ауруға тез шалдығады. Сонымен қатар көп малдың арасында вирус тез тарап, жануарлар денесінде қайта-қайта пассажтан өтіп зардаптылығын барған сайын күшейтіп, індеттің тез өшуіне жағдай жасалады. Вирус денеге аэрогендік жолмен енгенде негізінен аурудың респираторлық түрі, ал жыныс жолдарымен жұққанда генитальдік түрі дамиды. Бұрын сау шаруашылықта алғаш рет байқалған инфекция мал басын тұтастай қамтыған жаппай індет түрінде өтсе, бара-бара екпіні бәсеңдеп өшкін түрде, бірең-сараң спорадия ретінде байқалады. Жұқпалы ринотрахеит жылдың қай мезгілінде болсын байқалады, дегенмен ауа райы қолайсыз күз, қыс, көктем айларында жиірек кездеседі.
... жалғасыПатогенезі. Тыныс және жыныс жолдарының кілегейлі кабығына түскен вирус эпителий торшаларына енеді де, онда көбейіп, торшалардың тіршілігін жойып, сыдырьлып түсуіне әкеліп соктырады. Бұдан кабыну реакциясы туындап, кілегейлі кабықтың бетінде бастапкыда ұсақ, кейіннен недәуір өліеттенген телімдер пайда болады. Вирус лейкоциттерге жабысып, канға өтеді де, вирусемияның нәтижесінде жануардың күйі нашарлап, ыстығы көтеріледі. Вирус плацентарлык, гематоэнцефальдік тосқауьлдардан өтіп кеткенде ми, жатыр және ондағы төл закымданады. 2-6 айлык бұзауларда энцефалиг байқалуы мүмкін, ал буаз сиырлар іш тастайды. Іштегі төлге вирустың өтуі буаздықтың екінші жартысында да, эмбриогенездің бірінші кезеңінің соңында да болуы мүмкін. Іштегі төл вирустың әсерінен тез өледі, соның нәтижесінде мал іш тастайды. Іш тастаған сиырдың канында антиденелер болады да, вирусты негізінен тастанды төлден бөліп алады. Вирустың титрі бәрінен де катиледондарда жоғары болады, онда тастанды төлден вирус бөлінбеген жағдайда да табуға болады. Плацентада да вирус мол болады, тіпті көзге түсер өзгерістер байқалмаған жағдайда да коздырушыны бөліп алу мүмкін.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-4 күн. Клиникалық байқалуы коздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялык жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп 40-42°С жетеді, бейжай күйге түсіп, жемшөптен калады, тез арықтап, сауын сиырдың сүті кайтады.
Аурудың бірнеше клиникалық түрі болады: тыныс мүшелері закымданады (ринотрахеит), жыныс жолдары қолдырап бөртеді, көзі зақымданады /коньюнктивит, кератоконьюнктивит/. Жалпы алғанда осының бәрі аурудың негізгі респираторлық және генитальдік екі клиникалык түріне саяды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz