Буаз саулықтарды азықтандыру



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Жалпы буаз сиырларды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... .3
2.2. Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .4
2.3. Биені азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.4. Мегежінді азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.5. Суалған сиырларды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.6. Сауын сиырларды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.7. Қой төлдерін азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады. Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады.
Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты – шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем – шөп мөлшерін белгілеу.
Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Жалпы буаз сиырларды азықтандыру
Буаз саулықты азықтандырудың ең жауапы кезеңі –буаздығының екінші жартысы. Бұл іштегі төлдің өте қарқынды өсуіне байланысты және қозы емізетін кезінде күйін төмендетпес үшін қоректік заттар жеткілікті болуы керек. Сондықтан буаз саулыққа азықтандыру нормасын жасағанда оның жасын, күйін, салмағын және буаздық мерзімін ескереді. Егер қоздайтын тұсақ болса, оның азықтандыру нормасын 20-25 арттырады, ол оның өсуі үшін қажет. Элита класындағы жүнді бағыттағы саулықтар үшін норманы 10-12 артық жасайды.
1. Алексеев А.В. Мал өсіру негіздері.-Алматы, 1974.
2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә. Мал өсіру және
3. Ірі қара шаруашылығы: Оқулық / А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримов
4. Мал азықтандыру ІІ: Оқулық, ЕгеубаевА.Ә., Құсаинов Қ.Қ., Оңғарбаев Т.А., т.б.
5. Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Клиникалық ветеринарлық мединица кафедрасы

Тақырыбы: Буаз саулықтарды азықтандыру

Қабылдаған: Ахметова М.С.
Орындаған: Бимырза З.Ә.
Тобы: ВМ-207

Алматы 2016жыл
Жоспар
І.Кіріспе__________________________ _______________________________3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Жалпы буаз сиырларды азықтандыру________________________ _____3
2.2. Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері______________________ ___4
2.3. Биені азықтандыру ерекшеліктері______________________ __________5
2.4. Мегежінді азықтандыру________________________ ________________5
2.5. Суалған сиырларды азықтандыру________________________ ________6
2.6. Сауын сиырларды азықтандыру________________________ _________7
2.7. Қой төлдерін азықтандыру._______________________ ______________9
ІІІ.Қорытынды______________________ ____________________________13
IV.Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ____________15

І.Кіріспе
Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады. Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады.
Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем - шөп мөлшерін белгілеу.
Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Жалпы буаз сиырларды азықтандыру
Буаз саулықты азықтандырудың ең жауапы кезеңі - буаздығының екінші жартысы. Бұл іштегі төлдің өте қарқынды өсуіне байланысты және қозы емізетін кезінде күйін төмендетпес үшін қоректік заттар жеткілікті болуы керек. Сондықтан буаз саулыққа азықтандыру нормасын жасағанда оның жасын, күйін, салмағын және буаздық мерзімін ескереді. Егер қоздайтын тұсақ болса, оның азықтандыру нормасын 20-25 арттырады, ол оның өсуі үшін қажет. Элита класындағы жүнді бағыттағы саулықтар үшін норманы 10-12 артық жасайды.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда буаз саулыққа тәулігіне 0,6-0,8кг пішен, 0,5-0,6кг сабан, 2,5-3,0кг сүрлем және 100-105г жем береді. Егер саулық қысқа күйлі күйге түссе оған сапалы пішен, сүрлем жеткілікті болса жем бермеуге де болады.
Жүнді және жүнді-етті бағыттағы саулықтарға екінші жартысында, тәулігіне 1,5-1,7кг дала пішенін, 0,3-0,5кг беде пішенін, 2,5-3,0кг сүрлем берсе жеткілікті. Жемді рационға сабан қосылғанда береді.
Раманов қойының тұқымының саулықтарына буаздығының екінші жартысында 3-4кг сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасының сүрлемін, 0,5кг қызылша, 1,0-1,5кг жоңышқа пішенін, 200-400г жем береді.
Буаз қой рационының құнарсыз болуы, төлдің әлсіз болып, жетілмей тууына, саулықтың ақсыз қоздауына жүн түсімі аз болып, оның сапасы да нашар болуына әкеліп соғады.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс.
2.2. Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері
Дер кезінде ұрықтанып,мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет.
Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру қажет.
Буаз саулықтарды мейілінше жайылымда жайып, тірі салмағы 50-60 кг саулықтарға тәулігіне 2-3 кг ірі азық, 1-2 кг шырынды азық беріп, буаздығының аяққы кезеңінде құнарлы жемшөп мөлшерін 400-500 г дейін көбейтеді.
2.3. Биені азықтандыру ерекшеліктері.
Биеге қажетті қоректік заттар мөлшері олардың физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Буаздықтың 4-5 - ші айларынан бастап, құлындағанша олардың организмдегі зат алмасу барысы күшейіп, ұрықтың дамуына жұмсалатын шығындарды қамтамасыз ету үшін жылулық өнімі өседі.
Биелерді жеңіл жұмысқа пайдаланғанда азықтандыру нормасы 30 пайызға ұлғайтылады.
Буаздықтың аяғына қарай (10 шақты күн қалғнда), ірі азықтар көлемін 4-6 кг-ға дейін азайтып, бұршақ тұқымдастар пішенін мүлдем алып тастайды.Жемді ұнтақтап, быламық түрінде берген жөн. Құлындауға екі-үш тәулік қалғанда рациондағы азық мөлшерін 13 дейін азайтады. Құлындауды жеңілдету үшін жылы суға 500г бидай кебегін салып ішкізеді. Жаңа құлындаған биеге жылы суға араластырып, бидай кебегі мен зығыр күнжарасының ұнтағын ішкізеді. Құлындаған биелердің рационын, әсіресе, сауатын болса жіті қадағалаған жөн.
2.4. Мегежінді азықтандыру.
Мегежіндерді жасына (сақа болып 2 жас саналады), тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі) қарай азықтандыру белгіленген.
Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылға рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе, буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары боуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосуы керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организіміндегі энергетикалық алмасу 25-45 пайызға жоғарылап, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп - жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.
Торайларын емізетін кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі.Үшінші аптада тәуліктік сүттілігі 5-7 кг - ға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді сапалы қорытылатын протеинмен, минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек.
2.5. Суалған сиырларды азықтандыру
Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады.
Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге , бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет.
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады.
Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады.
Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс.
Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буаз саулық қойларды азықтандыру
Буаз саулықтардың зоогигиенасы
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Буаз саулық азықтандыру
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі жайлы
Қозылы қойды азықтандыру
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Төлдерді өсіру әдістері
Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Пәндер