Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра: Вет-сан сараптау және гигиена
Тақырыбы: Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Орындаған: Омархан Динара
Оқу тобы: ВМ-201
Қабылдаған: Барахов Б. Б
Алматы 2015ж.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Тұрмыстық жағдайдағы кездейсоқ оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек
- Алғашқы көмек аптечкасы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Күнделікті өмірде орындалатын да, орындалмайтын да оқиғалар жиі кездеседі. Таңертең тұрып терезеден далаға қарасақ, далада күн ашық болуы да, бұлтты болуы да, жаңбыр жаууы да, қар жаууы да мүмкін. Бұлардың бәрінің орындалу мүмкіндіктері тең. Мұнда бірі орындалса, басқалары орындалмайтын жағдай бар. Және олар кездейсоқ оқиға болып табылады.
Кездейсоқ жағдайлар адам өмірінде кез-келген сәтте, минутта, секундта орын алуы мүмкін. Кездейсоқ жағдайлар қуанышты болумен қатар қайғылы, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осы кезде адам болсын, я немесе жануар болсын аз уақыт ішінде өмірін сақтап қалу өте маңызды. Осы жағдайда қолымыздан келетін көмек - алғашқы медициналық көмек.
Кездейсоқ қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы - өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация) . Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де - қан айналымы мен тыныс алуын - кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады.
Негізгі бөлім
Алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады. Мұндағы ең басты мақсат - жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды (Күн өту мақаласын қара) көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде - таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару (Суга бату мақаласын қараңыз) ; токқа түскенді одан ажырату (Заңымдану мақаласын қараңыз) ; өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру т. б. Екінші міндет - қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет - дереу жедел жәрдем көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп, сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн. Жәрдем көрсетілетін адамды екі кісі қолын айқастыра ұстап көтеруге де, қолма-қол жасалған зембілге жайғастырыл жеткізуге де болады. Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықліа маңызы бар. Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне тазабинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды. Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу маңдағы дәрігерлік мекемелерге жеткізеді. Онда жарақаттанған жер дәріленеді, тігіл еді, сіреспе не құтыру ауруына қарсы егіледі. Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын, картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды. Егер сүйегі аман болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда тек айқастыра таңыл тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі.
туралы Көру мақаласынан оқуға болады) . Ауру адам кенеттен есінен танғанда, оны бір қырынан не шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұрып қояды (бұлай етпеген жағдайда, ол лоқси қалса, құсығы тыныс жолдарына кетіп, тұншығып өліп кетуі мүмкін), омырауын ағытыл, таза ауа келуін қамтамасыз етеді (терезені ашады т. б. ) . Аяқ астынан іш бүріп қатты ауырғанда, аурулы жатқызып, ішіне мұз не салқын су басады; мұндайда асқазанды шаюға, іш жүргізетін дәрі-дәрмектер беруге болмайды (Соқырішек мақаласын қараңыз) . Үйде, машинада, туристік жорықта жүргенде медициналық жәрдем көрсету үшін аптечка қамдап қойған жөн Үй аптечкасы мақаласын қараңыз), онда отбасы мүшелерінің, жорыққа қатысқандардың т. б. ескі сырқатына қарай алынған дәрі-дәрмектер де болуы тиіс.
Тұрмыстық күйіктер кезіндегі алғашқы көмек. Белгілері: І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.
ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды.
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.
ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.
Сенің әрекеттерің: - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру) . Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су берген жөн.
Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "жедел жәрдем" шақыру керек. Ақыр соңында, барлығы біршама тынышталды. Адамдар, шамалары келгенше ас дайындап, шай әзірледі. Кешкі тамақ ішіп, жылынуға әрекет жасады. Бірақ қозғалған жүйке әлі де қалпына келер емес. Мосқал ер адам, енді кепкен печеньемен, ол бағына қарай "дабыл сумкасында" болған, шай іше бастағанда кенеттен тұншыға бастады.
Иістен улану.
Иіс - газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.
Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
Электр тогынан жарақаттану.
Электрден жарақаттану - ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Жүрек қызметінің тоқтауы. Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау. Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі:
- Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу.
- семсер тәріздес талшықты саусақпен сипалау;
- қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қойып, мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды басу керек; келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс;
- қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсіріп, күш созылған қолдар арқылы берілетін болуы керек. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет) ; Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет) .
Бұл әдіс-тәсіл тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!
- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қойып.
- Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.
Жәндіктердің шағуы кезіндегі алғашқы көмек. Араның, сонаның, есек араның шағуы. Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды) . Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады) . - Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.
Аллергиялық естен тану дамыған кезде белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану. Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағытып, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету қажет. Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды. Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде "ауызға - ауыз" әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау қажет.
Кененің шағуы кезінде белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды. Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып тастау керек, егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүртеді. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды.
Жылынның шағуы кезінде
әсер ету механизмі бойынша барлық жыландардың у түрі 3 топқа бөлінеді.
1. Жүйке жүйесіне әсер ететін, бұлшық еттердің сал болып қалуына әкеп соғатын, тыныс алуға және жүрек қызметіне әсер ететін у (кобра уы, тропикалық теңіз жағалауындағы су жыландары) .
2. Қанды ұйытатын, тіндердің құруын және орындарының ісінуін туғызатын улар (порза уы, эфа, щитомордник, кәдімгі улы жылан ) .
3. Жүйке жүйесіне әсер ететін, қанды ұйытатын, орындарының ісінуін және тіндердің құруын туғызатын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтар) .
Жылан шаққанда кешіктірмей ауызбен уды сорып тастйды. Егер ауызда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қояды. Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қояды. Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып тастайды. Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су) . Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткізеді. Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!
Қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады. Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:
капиллярлық - сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;
күре тамырлық - терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;
артериялық - терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;
аралас - жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.
Қан ағу (құйылу) орньгаа байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін.
Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары - күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.
Артериалды қан кету кезіндегі жәрдем
Саусақпен басу. Қан кетуді тез тоқтату үшін саусақпен артерияны сүйекке басу қажет немесе егер жамбас артериясы болса - онда жұмырдықпен басу қажет. Бірақ Сізге осылай саусақпен ұзақ басып тұра алмайсыз, сондықтан Сіз артерияны саусақпен ұстап тұрған кезде, біреу резеңке артериалды жгут, мәрлі және мақтаны әкелуі тиіс.
Артериалды жгут салу.
Саусақпен басқан жерге астына мәрлі мен мақтаны салып, артериалды жгуттардың бірнеше турын салуға болады. Жгутты дұрыс салу туралы жарадан қан кетуінің тоқтауы куәландырады (тартылған жгуттың бірінші турынан кейін) және жгут салған орыннан төменгі жерде тамыр соғуының болмауы. Әлсіз салынған жгут қан кетуін күшейтеді.
Егер Сіз жгутпен ұйқы артериясын бассаңыз, онда жгуттың астына пациентті тұншықтырмау үшін және трахеяны баспау міндетті түрде азылмаған бинтті салыңыз.
Жгут жаздың күні 2 сағаттан артық емес, ал қыста 1 сағаттан артық емес салыну керек, сондықтан жгут салған уақыт көрсетілген хатты салу қажет.
Осыдан кейін пациентті ауруханаға жеткізу керек, сондай-ақ жгут салынған дене бөлігі киіммен жабылған болуы тиіс.
Аяқ-қолды бүгу тәсілі, егер артериалды қан кетуі ачқ-қолдың сынығынан болмаса қолданылады. Қол мен иық маңының ішкі жағынан қан кеткен кезде бинт салады, қолды білек буынына дейін бұрады және оны бинт арқылы осындай жағдайда иыққа байлап қояды. Иық және қолтық маңынан қан кеткенде қолды барынша арқаға апарады және білек буынында бүгеді. Қол-аяқты бинт арқылы қатайтады. Аяқтан қан кеткен кезде бинтті тізенің астына салып, аяқты тізеге дейін бүгеді және оны жамбасқа бекітеді. Жамбастан қан кеткен кезде аяқты бүгеді және тізі мен жамбас буындарында да бүгеді. Шап аумағында мақтадан немесе киімнен үлкен және тығыз кесек салады.
Күретамырдан қан кету белгілері
Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған. Ірі күре тамырдан қан кетуі (жамбас, бұғана астыр, бұғау) қанды тез жоғалтудан науқас өміріне қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына келтіреді. Тамырлардың жарақатынан басқа күретамырдан қан кетуі мұрынның шырышты қабыршағында қан тамырларының жарылуынан немесе аяқтың варикоз тамырларының жарылуынан мүмкін. Асперинді ішкеннен және артериалды қысымның жоғарлауынан мұрыннан қан кетуі ұзақ уақыт тоқтамауы мүмкін немесе науқасты ауруханаға жеткізуді талап етеді. Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді.
Күретамырдан қан кету кезіндегі көмек
Басып тұратын таңбаны салу және суықпен әсер ету. Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады, өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі. Осындай басып тұратын таңба бірнеше сстерильденген мәрліден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады. Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтауы, бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы куәландырады. Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырыған грелканы салу қажет. 30-40 минуттан кейін суықты 10 минутқа алып тастауды ұмытпаңыз, өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қжает. Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет. Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек, алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3 % малынған мақтаны салу қажет. Мұрын қырына немесе желкеге 3-4 минутқа арасында 3-4 минут үзіліспен қан тоқтағанша дейін суық басыңыз. Басты артқа қоюдың қажеті жоқ, сондықтан қан өңештің атрқы қабырғасынан ағады.
Капиллярлық қан кету белгілері
Жараның барлық жерінен ақырын қан кетуі - капиллярлық қан кетудің көрсеткіші. Осындай кішкентай жара кезінде, бұндай қанды тоқтау, егер науқас қанының дұрыс ұйымауынан (гемофилия) үлкен қиындық тудырады.
Капиллярлық қан кету кезінде көмек
Басып тұратын таңбаны салыңыз. Егер Сіздің қобдишаңызда губка болса, оны жараға салу қажет, одан кейін басып тұратын таңбаны жасау керек. Егер ондай губка болмаса, онда жараға бірнеше қабат мәрліні салады, ол басып тұратын таңбаны қадағалайды.
Егер жара аяқ-қолда болған жағдайда, оған жоғары жағдай жасау керек және қалыпты жағдай мен суықты (мұзбен) қамтамасыз ету қажет.
Мұрыннан қан кету кезіндегі алғашқы көмек:
- Зардап шегушіні орындыққа отырғызып, басын сәл еңкейтіңіз, танауын 10-15 минуттай қысыңқырап, ауызбен тыныс алуын өтініңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz